Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/12
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

9.5 Жеке стил әрекеті
Музыка   мұғалімінің   өзіндік   қызметі   мен   стилі   -  сапалылық,
қаблеттілік,   икемділік   әрекетіндегі   тез   танылатын   және
қайталамайтыны тұлғалық тұтастығы. 
50

Мұғалімнің   стилі   туралы   айтар   болсақ   оның   ұнамды   жақтары,
ерекше   кешені,   есте   қалатындай,   музыкалық-педагогикалық
шығармашылық түрлілерінің әрекеттілігі. Ал, студентті, болашақ музыка
мұғалімін жеке кәсіби стилде тәрбиелеуге бола ма? Бұл өзіндік жегерлілігі,
кәсіби сапасының қажеттілігі, қаблеттілігі және тұлғалық дарындылығы,
балалармен жұмыс істеу тәжірибесі және әртүрлі музыка мұғалімдерінің
жеке стилінің әрекетімен танысуы.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.   Музыка   мұғалімнің   конструктивті   кәсіби   әрекетінің   мәнін
айтыңдар. 
2.   Музыка   мұғалімнің   музыкалық-орындаушылық   әрекетінің
мазмұнын ашыңдар.
3.   Оқушыны   музыканы   орындауға   дайындау   кезіндегі   мұғалімнің
әрекетіне сипаттама беріңдер.
4. Музыка мұғалімнің коммуникатив-ұйымдастырушылық әрекетінің
маңызы неде? 
5.   Музыка   мұғалімнің   ізденіс   әрекеті   мазмұнының   сипатын
айтыңдар.
6.   Музыкалық   –   пластикалық   әрекетте   музыка   мұғалімі   қандай
бағыттарды қояды? 
7. Музыка мұғалімнің жеке стилінің мәні қандай.
8. Оқушыға музыканың атртерапевтік әсерінің шамасы барма?
9. Музыка мұғалімнің жеке стилі неде, қалай білдіреді?
X ТАРАУ 
МУЗЫКА   МҰҒАЛІМІНІҢ   ЖЕКЕ   ТҰЛҒАСЫ   ЖӘНЕ   ОНЫҢ
ПРИОРИТЕТТІ КӘСІБИ САПАСЫ
51

10.1 Музыка мұғалімі және оның қоғамдағы статусы
Музыка мұғалімі – музыкантқа да, педагогқа да ең қажетті тұлғалық
қасиеттерді талап ететін қиын да әрқырлы мамандық иесі.
Көптеген   танымал   музыканттар   педагогикалық   қызметтен   бас
тартатыны   да   шыңдық.   Ал   кейбір   музыканттар   өз   мүмкіншіліктерін
педагогикалық   әрекеттер   арқылы   толық   ашуға   мүмкіндік   алуда.   Олар
балалардың   музыкаға   деген   махаббатын   оятып,   оларға   музыканың
сұлулығын   бағалауға,   құндылықтарын   сезіне   білуге,   оқушыларды
музыкалық шығармашылық қаблетін дамытуға тәрбиелей отырып өздері де
шығармашылық шабытпен дамып өседі.
Үкімет алдындағы маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі – музыка
мұғалімінің   қоғамдағы  статусын  көтеру.   Өкінішке   орай,   күні   бүгінге
дейін педагогика мен білім беру жүйесінде гуманитарлық пәндерді соның
ішінде   жалпы   білім   беру   процесіндегі   музыкаға   деген   көзқарас   кейінгі
орынға   шегіріліп   келеді.   Осыдан   келіп   музыка   мұғалімінің   қоғамдағы
орыны да төмен деңгейде.
10.2 Музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби спалақ деңгейі
Бұған   жататындар:   музыкалылық,   эмпатийліқ,   кәсіби   ойлау   және
өзіндік сана, креативтілік, әртістілік, жеке кәсіби позициясы.
Музыкалық қаблет
Музыкалылық   музыка   мұғаліміне   өнердегі   жаңалықтарды   бірігей
қабылдауға,   қоғамдық   қабылдауға   түспеген   әлі   де   болса   даулы,   қызық
шығармаларды бағалауға көмектеседі.
Музыка   мұғалімінің   маңызды   музыкалық   көрсеткішінің   бірі   –
музыкалық   мәнерлілік.  Дамыған   музыкалық   мәнеліліктің   болуы   –
балаларды музыкалық мәдениетіне қалыптастырудың бірден-бір жоғарғы
жетістігі болып табылады.
Музыка   мұғалімінің   музыкалық   қаблеті   оның   педагогикалық
қызметінің барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда: вокалды және
аспаптық   орындашылықта,   жеке   музыкалы-пластикалық   әрекетінде,
балалардың   аспаптық   орындаушылығына   басшылық   жасауда,   өзінің   ән
шығаруында,   драмаларды,   мюзиклдарды   ұйымдастыруды,   сабаққа
музыкалық шығармаларды таңдағанда т.б.
Мына   мәселені   есте   сақтаған   жөн,   муғалімнің   музыкалық-
педагогикалық   қызметі   әр   түрлі   психикалық   процестерді   жандандыра
отырып,   музыка   мұғалімінің   музыкалық   қаблетінің   дамуына   жағдай
жасайды. Ең маңыздысы – музыка мұғалімінің жадын дамытады.
Музыкалық   жадтың   -   есту-бейнелілік,   эмоциялық,   құрылымды-
логикалық, қару және қозғалыс-маторлы түрлері бар.
Эмпатийлік
52

Музыка   мұғалімінің   эмпатийлік   дамуы   оқушылармен   жандүниелік
және   рухани   «туысқандық»   принципіне,   қарым-қатынас   жасауына
мүмкіншілік   туғызады.   Оқушылардың   әр   қайсысын   қалыптасып   келе
жатқан   тұлға   ретінде   көре   білуге,   музыкалық   білім   берудегі   оған   деген
өзінің қатысын сезуге қалыптастырады.
Музыка мұғалімінің эмпатийлік даму тәсілдеріне жатқызады:
- ассоциативті тәсіл;
- музыкалық шығарма бейнесімен рөлдік бірігу;
- олармен музыка сабағында тұлғалық, субьективтік өмір сүру.
Педагог   және   психолог   Ш.А.Амонашвили   мұғалімнің   тұлғалық
сапасын былай анықтайды:
Біріншіден,   біз   -   жанымыз   жайсаң   адамдар   болуымыз   керек   және
балаларды сүйе болуімыз керек.
Екіншіден, біз - балаларды түсіне болуіміз керек.
Үшіншіден,   оптимист   болуымыз   керек.   Өзіміздің   педагогикаға
сенуіміз керек,тәрбиенің өзгертушілік күшіне сенуіміз керек.
Төртіншіден, біз - болашақ музыка мұғалімі олардың бойындағы бар
жақсылықты көре біледі және олардың кемшіліктерін жоюға көмектеседі.
Бұған эмпатийлік көмекке келеді.
Кәсіптіге ойлау және сана-сезім
Музыка мұғалімінің кәсіптік ойлауы дегеніміз – музыкалық ойлау.
Психологиялық   көзғарас   тұрғысынан   алып   қарағанда   музыка
мұғалімінің музыкалық ойлауы оның эмоциясы болып табылады.
Музыка мұғалімінің кәсіби ойлау дамуының бағыты - оның кәсіби
сана-сезімінің дамуы дегенді білдіреді.
Кәсіптік   сана-сезім   негізінде   кәсіби   рефлексия   жатыр,   яғни
сәулелендіруді, талдау жасауды, ойлауды, өзінің музыкалық-педагогикалық
әрекетін бағалай білуге қаблеттілігі.
Т.А.Калышева оның мынадай негізгі аспектілерін бөліп көрсетеді:
- музыкалық-педагогикалық, шығармашылық сипаттағы мәселелерге
қызығушылық;
- оның негізінде жатқан қарама-қарсылықтарды табу, ой қорыту және
бағалау;
- өзінің педагог-музыкант ретіндегі жинақтаған тәжірибесімен және
жеке кәсіби білімімен кемшіліктерді жоюдың варианттарын табу т.б.
Әртістік шеберлік
Музыка   мұғалімінің   әртістік   шеберлігі   көркемдік-коммуникативтік
әрекетін   эмоционалды   -   экспресивті,   көркемдік   -   интеллектуалдың,
көркемдік - операциялық жағынан интеграциялайды.
53

Бұл   біріншіден,   мұғалім   өзінің   іс-әрекеті   шеберлігінің   арқасында
балалармен   тен   рухани   сенімді,   өнегелі   қарым-қатынасын   одан   әрі
жалғастыру үшін жоғары-эмоционалды сипатта жұмыс істейді.
Екіншіден,   музыканы   әртістік   өнегелігімен   оқушыларды   өнерді
өздігінен тануына жол ашады.
Үшіншіден,   музыканы   әртістік   шеберлікпен   ойнау   арқылы
оқушылардың   сенімдік   әрекетіне   әсер   етіп,   жаңа   мінез-құлық
қалыптастырады. Балалардың музыкаға деген қызығушылығы артады.
Мұғалім-музыканттың әртістік шеберлігінің бір-бірімен байланысты
мынадай   компоненттері   бар:   психофизиологиялық,   эмоционалды-
эстетикалық, көркемдік-логикалық.
Психофизологиялық компонентті құрайтындар, ең алдымен, әр түрлі
психикалық   процестер   (елестету,   қапер,   аффектілік,   жад,   күш-жігерлілік
т.б.), екінші жағынан, дауыс, дикция, мимика, пантомима жатады.
Әртістік   шеберліктің  эмоционалды-эстетикалық  компоненті   ең
алдымен,   музыкант-педагогтың   сенсорлық   (сезіммен   байланысты)
тәжірибесімен байланысты болады.
Әртістік   шеберліктің  көркемдік-логикалық  компоненті   музыка
мұғалімінің   сабақта   көркемдік-комуникативтік   әрекет   жүйелерін
логикалық түрде құра білуіне байланысты.
Болашақ   музыка   мұғалімінің   әртістік   шеберлігін  дамытуға  әсер
ететіндер   мыналар:   музыкалық-комуникатівті   треннинг,   музыкант-
педагогтың материалды сезімді-бейнелік тұрғыда көрсете алуы, музыкалы-
педагогикалық жағдайды үлгілеу т.б.
Креативтілік
Музыка мұғалімінің креативтік әрекеті сипатын екі аспектіде қарауға
болады: музыкалық білім беру мазмұнына қатысты және музыкалық білім
беру процесіне қатысты.
Музыкалық   білім   беру   мазмұнына   қатысты   музыкант-педагогтың
кәсіби қызығушылығы, білімнің молдығы, жұмыс тәжірибесінің көптігі, өз
қызметінде жаңашылдыққа ұмтылуы сияқты сипаттарымен анықталады.
Музыка пәні мұғалімінің музыкалық білім беру процесіне қатысты
креативтік сипаты ең алдымен, ұйымдастырушылық және комуникативті
әрекетінен көрінеді.
Жеке кәсіби ұстаным
Музыка мұғалімінің кәсіби ұстанымы музыкалық білім берудің өзге
де   компоненттері   сияқты   оқушылардың   музыкалық   білім   сапасының
деңгейімен өлшеніп анықталады.
Бұл ұстаным төмендегідей бағытта жүреді:
-   музыкалық   білім   беру   саласына   қатысты   педагогиканың   негізгі
теориялы-әдістемелік заңдылықтарын зерттеу;
54

- осы негіздегі ең қажетті концепцияны таңдап алу;
- өзінің педагогикалық жаңалықтарын оқушылармен тәжірибешілік
жұмыс жүргізу арқылы апробациялап (мақұлдап) өңдеу.
Жеке   кәсіби   ұстаным-педагогикалық   қызметіне   жан-жақты   әсер
ететін және оның шеберлігін шыңдай түсетін негізгі де қажетті бөлігі.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.   Қоғамдағы   музыка   мұғалімнің   әлеуметтік   статусының
сипаттамасы.
2.   Музыкалық   білім   беру   процесіндегі   музыка   мұғалімінің
дүниетанымдық көзғарасы қандай?
3. Тұлға ретіндегі музыка мұғалімнің музыкалық қаблеттің маңызын
ашыңдар.
4. Музыка мұғалімнің музыкант екенін қалай түсінуге болады?
5.   Эмпатийліқті   музыка   мұғалімнің   тұлғалығын   сапасы   ретінде
сипаттаңыз.
6. Музыка мұғалімінің креативтілігі неде көрінеді?
7. Музыка–педагогикалық интуиция – музыка мұғалімнің тұлғалық
сапасының маңыздылығы.
8. Әрістілік – музыка мұғалім тұлғалығының сапалы ретінде көрінуі.
9. Музыка мұғалімінің тұлға кәсібилігінің позициясы қандай?
10.   Ш.А.Амонашвили   мұғалім   сапасының   қандай   қасиеттерін
айтады?
Ұсынатын әдебиеттер
Негізгі
Абдуллин Э.Б. Музыка // Российская педагогическая энциклопедия. –
М., 1993.
55

Абдуллин   Э.Б.   Теория   и   методика   преподавания   музыки   //
Музыкальное   обозрение:   Методолого-методическая   подготовка   учителя
музыки. – (Сер «Педагогический университет»). – М., 2000.
Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей (от детского
сада – к начальной школе). – Воронеж, 1998.
Алиев Ю.Б.  Настолная  книга школьного  учителя-музыканта.  – М.,
2000.
Анисимов   П.В.   Методика   преподавания   музыки:   проблемы
становления   профессионального   стиля   //   Методолого-методическая
подготовка   учителя   музыки:   Материалы  VII  международной   научно-
практической конференции / Отв. Ред. Э.Б.Абдуллин, Е.В.Николаева. – М.,
2002.
Безбородова   Л.А.   Сушность   теории   музыкального   образования   //
Безбородова   Л.А.,   Алиев   Ю.Б.   Методика   преподавания   музыки   в
общеобразовательных   учреждениях:   Учеб.   пособие   для   студентов
музыкальных факультетов педвузов. – М., 2000.
Безбородова   Л.А.,   Алиев   Ю.Б.   Методика   преподавания   музыки   в
обшеобразавательных учреждениях. – М., 2002.
Бонфельд   М.Ш.   Музыка   как   искусство.   Основные   проблемы
музыкальной эстетики // Бонфельд М.Ш. Введение в музыкознание. – М.,
2001.
Живов В.Л. Хоровое исполнительство: Теория. Методика. Практика.
– М., 2003. 
Кабалевский   Д.Б.   Основные   принципы   и   методы   программы   по
музыке   для   обшеобразовательной   школы   //   Программно-методические
материалы. Музыка. Начальная школа. – М., 2001.
Катунян   М.И.   Эдуарт   Артёмьев:   «Музыка   –   это   канал   связи   со
Вселенной» (интервью) // Музыка в школе. – 2002. - № 4.
Красильников   И.В.,   Крюков   М.А.   Музыкальное   искусство   и
педагогика завтра // Музыка в школе. – 2000. - № 3.
Красильников   И.М.   Интонационная   концепция   музыкальности   и
модель дополнительного музыкального образования // Искусство в школе.
– 2000. - №1.
Красильников   М.С.,   Критская   Е.Д.   Методы   музыкального
образования // Музыкальное образование в школе: Учеб. пособие / Под ред.
Л.В.Школяр. – М., 2001.
Красильников   М.С.   Программа   «К   вершинам   музыкального
искусства» // Искусство в школе. – 2002. - № 6.
Медушевский   В.В.   Духовно-нравственное   воспитание   средствами
музыки // Преподаватель (Спецвыпуск «Музыкант-педагог»). – 2001. - № 6.
Медушевский   В.В.   Содержательный   анализ   инструментальных
сочинений на уроках музыки в школе. – М., 1998.
56

Мелик – Пашаев А.А. О прошлом, настоящем и возможном будущем
нашей педагогики искусства // Искусство в школе. – 1999. - № 4.
Музыкальное   образование   в   школе:   Учеб.   пособие   /   Под   ред.
Л.В.Школяра. – М., 2001.
Майковская Л.С. Артистизм учителя музыки: Учеб. пособие / Под.
ред.   Э.Б.Абдуллина.   –   М.,   1998.   Надирова   Л.Л.   Струны   обшности:
теоритеческие   основы   развития   эпатии   у   студентов   музыкально-
педагогических факультетов: монография. – Владимир, 1999.
Назайкинский   Е.В.   Стиль   в   музыке.   Жанр   в   музыке   //
Методолотческая культура педагога-музыканта / Под ред. Э.Б.Абдуллина. –
М., 2002.
Николаева   А.И.   Стилевой   подход   в   фортепианно-исполнительском
классе как фактор формирования личности учителя-музыканта. – М., 2003.
Надирова  Л.Л.  Струны  обшности:   Теоретические   основы  развития
эмпатии у студентов музыкально-педагогического факультета. – М., 1999.
Психология   музыкальной   деятельности:   Теория   и   практика:   Учеб.
пособие / Под ред. Г.М.Цыпина. – М., 2003.
Програмно-методические   материалы.   Музыка.   Начальная   школа   /
Сост. Е.О.Яременко. – М., 2001.
Программно-методические   материалы.   Примерные   программы
основного обшего образования. Музыка / Сост. А.М.Водянский, Н.Н.Гара.
– М., 2001.
Петрушин В.И. Музыкальная психотерапия: Теория и практика. – М.,
1999.
Старчеус М.С. Слух музыканта. – М., 2003.
Соколов А.С. Музыка вокруг нас. – М., 2000.
Суслов   Н.В.,   Подуровский   В.М.   Психологическая   коррекция
музыкально-педагогической деятельности. – М., 2000.
Стулова Г.П. Теория и практика работы с детским хором. – М., 2002.
Старобинский С.Л. Урок музыки – урок искусства // Музыка в школе.
– 2003. - № 2.
Старчеус М.С. Слух музыканта. – М., 2003.
Теория   и   методика   музыкального   образования   детей:   Научно-
методическое пособие / Л.В.Школяр, М.С.Красильникова, Е.Д.Критская и
др. – М., 1998.
Теория   и   практика   хорового   исполнительства:   Певческое   развитие
ребенка / Сост. И.В.Калиш, науч. ред. Л.П.Дуганова. – М., 1999.
Фалетрова   О.М.   Развитие   эмоциональной   сферы   девиантных
подростков   средсвами   музыки   //   Методологическая   культура   педагога-
музыканта: Учеб. пособие / Под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 2002.
Холопова Л.В. Этнографическая парадигма школьного музыкального
образования:   от   «этнографии   слуха»   к   музыке   мира   //   Преподаватель
(Спецвыпуск «Музыкант-педагог»). – 2001. - № 6.
57

Хох И. Принципы урока музыки и их взоимосвязь с мотивационно-
потребности сферы школьника // Музыка в школе. – 2000. - № 2.
Халабузарь   П.В.,   Попов   В.С.   Теория   и   методика   музыкального
воспитания: Учеб. пособие. – 2-е изд. – СПб., 2000.
Цельников   Б.М.   Мировозренческие   убеждения   педагога-музыканта
(Поиск их смысла в диалоге с наукой, с искусством и с самим собой). Учеб.
пособие / Под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 1999.
Цыпин   Г.М.   Музыкально-исполнительское   искусство:   Теория   и
практика. – М., 2001.
Щербакова   А.И.   Аксиология   музыкально-педагогического
образования / Под ред. Э.Б.Абдуллина. – М., 2001.
Қосымша
Берілген қосымшалар студенттердің өзіндік жұмысына ұсынылады.
Ұсынған   мақалалар,   жұмыстар,   нұсқаулар   оқулықта   көптеген   берілген
сұрақтарына   жауап   бере   алады.   Оқулықтың   әрбір   тараулар   соңында
берілген   сұрақтар   мен   тапсырмаларға   қосымшадағы   нақты   нұсқаулар
58

берілген жоқ, сондықтан студенттер өздері қосымша ізденіспен жауабын
табады деген ойдамыз.
А.Жұбанов
ЖАС БУЫНҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРЕЙІК
...Болашақ   буынға   эстетикалық   тәрбие   беру   жұмысына   аса   назар
аударып,   бұл   салада   бұрын-соңды   болмаган   жаңа   бағытқа   жол   сілтеді.
59

Эстетикалық   тәрбиенің   коммунистік   құрылыста   үлкен   орыны   бар
екендігін айқындады.
Міне   осы   жөнінде   біздің   республика   жастарынын,   алдында
көптеген   келелі   мәселелер   түр.   Әрине   ол   мәселелерді   тек   жастардың
өздері болып шешу қиын. Бұл жұмысқа көпшілік болып ат салысу  керек.
Осы   кездегі   әрбір   қалалардағы,   колхоздардағы,   өндірістердегі  ашылып
жатқан   халық   университеттері,   халықтық   театрлар,   музыка,  сүгірет
мектептері   және   басқа   шаралар   игілікті   бастамалар.   Ал  осылармен
қатар   орта,   жоғары   мектептердегі   көркемөнер   үйірмелеріне  көп   коңіл
бөлмей   болмайды.   Өйткені   осы   уақытқа   шейін   біздің  мектептеріміз,
орта, жоғары оқу орындарымыз көркемөнер үйірмелеріне жеткілікті көңіл
бөлмей   келді.   Сондықтан   да   болар,   бірнеше   рет   өткен  олимпиадаларға
қатысқан қазақ жастарының  әлі де жетіспей жатқан  жактары   көп   екені
байқалып   та   жүр.   Әсіресе,   олар   нота   сауатынан   жүрдай.   1957   жылы
республикалық фестивальға келген 23 халық  аспаптары оркестрлерінің
ішіндс   бір   де   бірі   нота   сауатьш   білмейді.  Оларды   басқарып   келген
дирижерлер де солай. Ал мұның бәрі репертуар  жағынан коллективті тар
қауыздан  щығармай  кояды.   Орындаушылық  мәденңетті   көтеруге   кесел
жасайды.   Жақсы   үлгі   ретінде   айтып   кететін  нәрсе   Гурьевтің   (Атырау)
мұнайшылар   халық   оркестрі.   Бұл   оркестр   өткен  жылдың   желтоқсан
айында   Москвада   болган   қазақтың   өнер   мен  әдебиеті   онкүндігіне
қатысты.   Онда   оркестр   жатқа   күйлер   орындаумен  қатар,   ноталы
шығармадар   да   орындады.   Өйткені   олар   ұйымдаса   бастағанда-ақ
күйлермен қатар  нота  сауатын  меңгеруді  де игерген.  Ал  осы кезде сол
оркестрдің мүшелері әрқайсысы өздері әрбір аудан орталығында, колхозда
оркестр ұйымдастырып, оларға өз білгендерінше нота үйретіп жатса керек.
Оркестр   басқарушы   Құрманғазы   атындағы  Алматы   мемлекетгік
консерваториясын бітіріп шыққан Сейілхан  Қүсайынов  қазірде Гурьев
(Атырау)   қаласында   тұрақты   үлкен   оркестр  ұйымдастырып   жатыр.
Әрине   оның   бәрі   де   тек   оркестр   басқарушының  іждағатымен   ғана
шықпайды.   Жергілікті   партия,   комсомол  ұйымдарынын,   жәрдемімен
болады. Бүл жағынан гурьевтіктердің қадамдарын құттықтауға болады.
Осы сияқты көптеген хор коллективтері де бар. Олардьщ ішінде де
орындаушылық  сатынын  жоғарысына  тырмысып   бара  жатқандары  да  аз
емес.   Оған   дәлел   -   онкүндікке   қатысқан   Қарағанды,   Солтүстік
Қазақстан   облысының   және   Алматыдағы   Еңбек   резервінің   хорлары.
Бірақ   осы   сияқты   хорлар   әлі   де   аз.   Оларды   көбейте   түсу   керек.   Хор
мәселесі   Қазақстан   үшін   аса   маңызды.   Өйткені   ғасырлар   бойы   жалғыз
дауысты   музыкамен   келе   жатқан   қазақ   халқының   көп   дауысты   музыка
мәдениетін   шұғыл   көтеру   керек.   Осы   бағытта   біздің   республикада   Хор
қоғамын ашу мәселесі орнынан неге мызғымай қойғаны тіпті түсініксіз.
Мәдеңиет   министрлігі   бұл   жұмысты   жедел   қолға   алуы   керек.   Басқа
республикаларда   Хор   қоғамы   жұмысқа   кіріскелі   көп   болды.   Алматыда
60

және   басқа   облыс   орталықтарында   балалар   хор   мектебін   ашу   кезі   де
келді. Бұл жұмысқа Оқу министрлігінің араласуы керек.
Біздің   республикада   көркем  тәрбие   жағынан   төрт   аяғынан   бірдей
ақсап   келе   жатқан   -   жас   суретшілер   дайындау   жұмысы.   Ислам   дінінің
кеселімен сурет өнері қазақта дамымай келді. Бұл салада тек өрнек, ою
өнері   болмаса   басқа   жағы   дамыған   жоқ.   Жанды   нәрсенің,   әсіресе
адамның   суретін   салсаң,   о   дүниеде   құдай   оған   жан   тауып   бер   деп
қысады   дегенге   нанған   қазақ   бұл   өнерден   махрұм   қалып   қойды.   Ал
біріндіген   бұл   саладағы   қазақ   мамандарымыз   сурет   өнерін   көтеруде
аздық   етеді.   Оның   үстіне   біздің   мектептеріміздің   жанында   сурет
үйірмелері  жоқтың  қасы. Өнердің бұл саласын  дамыту  біздің  ардақты
борышымыздың бірі. Осы кезде Алматыда сурет өнерін  кәсіби дәрежеде
үйрететін   жоғары   мектеп   те   жоқ.   Сондықтан  драмалық   үйірмелерді
басқаратын,   халық   театрларын   басқаратын  режиссерлер   бөлімінің
ашылғаны   сияқты,   Құрманғазы   атындағы   Алматы  мемлекеттік
консерваториясы   жанынан   сурет   (ИЗО)   бөлімін   ашу   дұрыс  болар   еді.
Сондай-ақ   би   қоюшылар   (балетмейстер)   бөлімін   ашу   да   осы  кезде
орынды болар деп санаймыз.
Ресей,   Украина   қалаларында,   аудандарында,   колхоздарында
симфониялық   өнерпаздар   оркестрлері   бар.   Олардың       үйірмелерінде
опералар,   балеттер   қойылады.   Міне,   бұл   салада   да   біздің
олқылықтарымыз   көп.   Мектептер,   клубтар,   өндірістер   жандарында
симфониялық   оркестр   аспаптарына   үйрететін   үйірмелер,   сол   сиякты
опералык, үйірмелер ашу керек. Бұл тұргыда Талдықорған облысындағы
колхозда  "Ер Тарғын" спектаклін  қоюы үлгі аларлық бастама. Әрине,
бұл   іске   мәдениет   қызметкерлері,   өнер   қайраткерлері   аянбай   ат
салысулары қажет. Сонда ғана бұл айтылғандар орындалады.
Әрине   біздің   шындығында   да   жақсы   үлгілеріміз   жоқ   емес.
Мысалы,   Ауыл   шаруашылык   институтында   домбыра   оркестрі   бар
(басқарушы   Құрманғазы   атындағы   оркестрдің   домбырашысы
С.Андарбаев).   Онда   Ыслам   Жәйнабылов,   Жүніс   Оспанов,   Алпысбай
Айныбеков,   Мүсратұлла   Табиров,   Сұлтан   Насыров,   Қайрақ   Тілемісов
сияқты   студенттер   институтқа   түскен   күннен   бастап   осы   жұмысқа
қатысады. Осы сияқты оркестр Абай атындағы педагогика институтында
(басқарушы   Құрмангазы   атындағы   оркестр   домбырашысы,
консерватория   білімі   бар   -   М.Елемесов),   Әйелдер   институтында
(басқарушы   Құрманғазы   атындағы   оркестр   домбырашысы,
консерваториялық   білімі   бар   -   Ғ.Ысмағұлов),   ...мемлекеттік
университетте (басқарушы - фестиваль лауреаты, консерватория бітірген
Ә.Есқалиев) бар.
Мұнымен   қатар   осы   айтылған   оқу   орындарында   айта   қалғандай
дауысты   әншілер   бар.   Олардың   орындаулары   өте   шебер.   Егер   дұрыс
басқарушылар болса олар ән орындау мәдениетін бұдан әрі де өрбіткен
61

болар   еді.   Гүлжаһан   Ырысова,   Қабыл   Аблазов   (Ауыл   шаруашылық
институты),   Рахимаш   Нәзкенова,   Арыстанбекова   (Педагогика
институты),   Нариман   Қаражігітов,   Маркс   Тұскеев,   Николай   Цимбалист
(Зоовет институты) деген студенттер ән орындауда өз аудиторияларында
аса   құрметті.   Тамара   Жевалина,   (Ауыл   шаруашылық   институты),
Шәрбану   Құмарова   (унив.)   сияқты   әншілерді   қала   көрушілері   жақсы
біледі.  Жогары оқу орындарында драма үйірмесі де жақсы дамуда деуге
болады.   Оған   қатысушылар   жоғарыда   айтылған   Гүлжаһан   Ырысова,
Ж.Тұрсынбеков,   (Ауыл   шаруашылық   институты),   Бегімбетова,
Батыргереева,   Тоққожин   (Зоовет),   Рахимаш   Нәзкенова   (КазПИ)
бірнеше   спектакльдерде   рольдер   ойнағаңдар.   Ал   Лидия   Самсонова,
Анатолий   Дворниченко   (Зоовет)   сияқты   көркем   сөз   оқушы,
конферансье, Михаил Эксперсон (Ауыл шаруашылық институты) сияқты
пианистер   де  бар.   Дәрігерлік   институтындағы   Елубай   Абдыхалықов,
К.Жұманбаев,   Есекин,   Окас   Шайхиев   сияқты   студенттер   халық
оркестрінің   активтері.   Ауыл   шаруашылық   институтының  үрлеп
ойнайтын оркестрі (кұрамы 18 кісі) күннен-күнге репертуарын байытып
келеді   (басқарушы   электр   күшін   өндіру   және  бөлу   кафедрасының
лаборанты   И.Ф.Лебедко).   Оркестр   мүшелерінің   қабілеттілерінен
Мирошниченко,   Митрофаненко,   Қонаев,   Жүнісов   сияқтыларды   айтуға
болады.   Осы   институттың   студенті   Тоқтарбай   Тұрсынов   "Студенттер
күйі" деген шығармасын ездерінің кешінде орындаған.
Бұл   сияқты   мысалдарды   көбейте   түсуге   болар   еді.   Бірақ   осы
көрсетідгендердің  өзі,  егерде  жұмысты  дұрыстап  қолға  алса,   көркем
тәрбие   жөнінде   көп   жұмыс   істеуге   болатынын   дәлелдейді.   Жас   буын
арасында   эстетикалық   тәрбие   жұмысын   күшейту   -   көпшілікті
көркемөнер   саласына   тартады.   Драма,   опера   театрларымыздың,
филармониямыздың   өнерпаздықтан   бастап   қадам   құрғанын,   содан
барып кәсібилік жолға түскенін біз ұмытпауымыз керек.  Өнерпаздықты
көтеру,   эстетикалық   тәрбие   беру   -   бүгін   тандағы  ардақты   халықтық
борыш.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал