Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



жүктеу 5.01 Kb.

бет5/12
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Музыка   тыңдау.
 Тұлғалық-безендіруші   эмоциялық-образды
қабылдау және бағалау: халықтық музыкалық шығармашылық үлгілерін;
түрлі тарихи дәурі мен стилінің кәсіби музыкалық өнерін; орындаушылық
нұсқауларын салыстыруы. Музыканың басқа өнерімен, тарихимен, өмірмен
байланысын анықтау.
Ән   салу.  Хормен,   ансамбльмен   және   жеке   ән   салу.   Классикалық
вокалды   музыка,   халықтық   және   қазіргі   әндер   үлгілерін   сүйемелдеу,
сүйемелдеусіз,   бір   дауыста   және   екі   дауыста   орындау.   Аспаптық
шығармаларының тақырыптарын әндету. Музыкалық ойды орындаушылық
нұсқаулар   арқылы   жүзеге   асыру.   Вокалды   импровизациялау   тәжірибесін
байыту.
Музыкалық-пластикалық   жүрісі.
 Музыкалық   образды
пластикалық - бишілік құралдарымен жеткізу және тұлға бойына байыту.
Аспапта ойнау.  Қарапайым аспаптарда  музыкалық орындаушылық
әрекет   тәжірибесін   кеңейту.   Аспаптық   импровизация.   Вокалдық   және
аспаптық шығармаларының таныс әуендерінен компазиция құрастыру.
Музыкалық   шығармаларды   драмалау.  Музыканың   эмоция-
образын   сахналық   құралдармен   көркем   ойын   жеткізіп,   құрастыру   және
сахналық нұсқауларын ізденуі.
Музыка   және   қазіргі   технологиялар.
 Ақпараттық   –
коммуникативтік технология арқылы музыкалық шығармаларды қабылдау,
түсіру, әрлеу және құру. 
Шәкірттерді дайындау деңгейіне қойлатын талаптар
Музыканы үйрену кезінде оқушы білуі қажет:
түсініп – білу:
-
музыканы өнер ретінде ерекшелігін;
-
көркем   мәдениетіндегі   музыканың   маңызы   мен
шығарамашылық синтетикалық түрлеріндегі оның ролін;
-
өмір проблемаларының музыкалық өнердің сәулеленуін;
-
кәсіби және халықтық музыкасының негізгі жанрларын;
-
музыкалық образдардың көптігі мен оның даму тәсілдерін;
-
музыканың негізгі формаларын;
-
халықтық,   отандық,   орыс   және   шетелдік   композиторлардың
шығармашылығын;
-
оркестрлердің түрлерін, негізгі аспаптардың аттарын;
41

-
көрнекті   композиторлар   мен   атақты   музыкант-
орындаушылардың аттарын;
меңгеру:
-
музыкалық   шығармаларды   эмоционалды-образды   қабылдау
және сипаттау;
-
халық шығармашылығын, орыс, шетел және қазіргі музыканы
есту арқылы тани білу;
-
мәнерлеп жеке орындау (сүйемелдеу мен сүймелдеусіз);
-
хорда екі дауысты шығармаларда өзінің партиясын орындау;
-
музыкалық   шығармаларда   салыстыру   кезінде   жалпы   және
оның ерекшелігін (музыканың табиғи дыбыс ырғағы, музыка  жанрлары,
стилінің бағыты, музыканың образын, музыкалық драмалығы);
-
аспаптық   және   вокалдық   жанрлардағы   таныс   әуендерді   есту
арқылы танып, орындау;
-
түрлі   музыкалық   аспаптардың,   ходың,   оркестрдің   үнін   айра
білу;
күнделікті   өмірде   және   тәжірибелік   әрекетінде   алған   білімі   мен
икемділігін қолдана білу:
-
үйде   вокалдық,   аспаптық   музыкалауда,   жора-жолдастарының
арасында,   сыныптан   тыс,   мектептен   тыс   музыкалық   сабақтарда,   мектеп
мерекелерінде;
-
музыка   туралы   ойлары   мен   талдауы,   тыңдаған,   орындалған
шығармаларға өзінің пікірі;
-
музыкалық  өз-өзіндік білім алуы: музыка  туралы әдебиетпен
танысу,   концерттерге   бару,   музыкалық   спектаклдерге,   радио-теледидар
хабарларын тыңдау; бүгінгі күнгі музыкалық құбылысына өзінің қатынасы.
Музыка   сабақтарында   қойылатын   жалпыпедагогикалық
талаптар
-
тырбие,   оқыту,   дамутышылық  мәселелерді   шешуге
бағытталған;
-
оқушылармен  ұжымдық,   топтық   және   жеке   сабақ
формаларын жүргізеді;
-
сабақ   мазмұны  бағдарлама   бойынша   анықталғанымен  де
оқушыны   дамытып,   музыкалық   өнерді   жан-жақты   игерту   мақсатында
мұғалімнің шығармашылық әрекеті де пайдалынылады;
-
әр   сабақта   оқушылардың  музыкаға   бейімділігі  (тәжірибе
жинау,   жаңа   материалдарды   қайталау,   бекіту,   тыңдау,   орындаушылық
икемділігін дамыту т.б.).
-
оқушының жалпы музыкалық дамуына педагогикалық бақылау
жасау.
42

Музыка сабағының өнер сабағы ретіндегі ерекшелігі
-
мұғалім   мен   оқушының   музыканың  тірі   де   бейнелі   әуеніне
мән беріледі;
-
музыканы   баланың  рухани  әлеміне,  дүниетанымына,
көзқарасына әсері;
-
баланың   психологиясына,   дамуына   кемістігі   бар   балаларға
музыканың арттерапевтік, коррекциялық әсері;
-
түрлі   бағыттағы   сабақтың
 музыкалық-шығармашылық
тойымы;
-
балалардың   музыкалық   жағынан   жан-жақты   дамуына  білгір
музыкант ретіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық ерекшелігі;
-
оқушы   өзін  орындаушы,   тыңдарман,   композитор  ретінде
сезіне алуы;
-
мұғалімнің музыка  сабағын  өнер заңы бойынша құра және
ұйымдастыра білуі.
«Музыка» пәнінің мазмұны және оқу процесін ұйымдастыру
Музыка   сабағының   мазмұны   мен   оны   ұйымдастыру   осы   пәннің
бағдарламасымен   анықталады.  Кез   келген   бағдарлама   оқу   пәнінің
жалпы сипаттамасын беретін және мақсаты мен міндеттерін айқындайтын
түсіндірме   бөлімінен,  жылдық   оқыту   тақырыптарын   ашып   көрсететін,
музыкалық   репертуарды,   оқушылардың   музыкалық   дамуын  талап   ететін
бағдарламаның негізгі мазмұнын құрайтын бөлімнен тұрады.
Музыка пәні бойынша қазіргі кезде бірнеше бағдарлама бар (Қазіргі
қолданып   жүрген   Ш.Құлманованың   бағдарламасы,   «Мұрагер»   -
А.Райымбергеновтің,   «Елім-ай»   -   М.Х.Балтабаевтің   бағдарламары   т.б.).
Олар педагогикалық тәжірибешіліктен өтіп, жалпы білім беру мекемелерге
арнап Білім және ғылым министрлігі бекіткен.
Осылардың   ішінде   музыкалық   білім   берудің   барлық   бағытын
қамтитын, және музыка  саласының  бір бөлігі ғана тереңдетіп  оқытатын
(мәселен,   халықтық   музыка)   бағдарламалар   бар.   (Д.Б.Кабалевскийдің
«тақырыптық» принципінде қолдануы мүмкін).
Бұл бағдарламардың ішінен халықтық музыкаға жақындары қазіргі
таңда   көптеген   республикаларда,   соның   ішінде   Қазақстан
Республикасында жиі қолданылады.
Көптген   жылдар   бойы   музыка   теориясын   оқытуда  музыка
сабағының біртұтастығы мәселесі пікірталас туғызып жүр.
Д.Б.Кабалевскийдің   пікірінше:   «музыка   сабағы   әруақытта   біртұтас
болу керек, музыка, музыкалық өнер деген ұғым бір ғана түсінікте болғаны
жөн...».
Сабақтың біртұтастығы көбіне мұғалімге байланысты. Оның кәсіби
шеберлігі, білімділігі бір-бірімен байланыста болып, тәжірибеде іске асып
жатады.
43

Сабақтың   мақсаты   жалпы   оқу   бағдарламасының  тақырыбымен
және жеке сабақтың тақырыбымен анықталады. 
Түйіндейтін   болсақ,   сабақтың   біртұтастылығы   –   музыкалық   білім
мазмұнын,   мақсатын,   әдіс-тәсілдерін,   тәрбиелілігін   т.б.   жинақтығын
ұжымды пайдалана білу.
Музыканы   оқыту   теориясында   әлі   де   өзінің   шешімін   таппай   келе
жатқан мәселе – музыка сабағының типологиясы. Музыкалық білім беру
педагогикасында   сабақ   типтерінің   әр   түрлі   тұжырымдары   кездеседі.
Мәселен,   нақты   бір   монографиялық   тақырыпқа   арналған   сабақ
(«П.И.Чайковский   музыкасы»);   музыка   өнерінің   қандай-да   бір
заңдылықтарын   зетртеу   («Интонация»,   «Марш»,   «Күй»,   «Халықтың
дәстүрлі   музыкасы»   т.б.);   музыканың   басқа   да   өнермен   байланысы
(«Музыканы   біз   көзбен   қалай   көреміз»   т.б.);   музыканың   адамға   әсері
(«Музыканың   өзгертішулік   күші»);   музыканың   қоршаған   ортамен
байланыстық танымы («Музыкадағы табиғат» т.б.).
Музыка   сабағаның   мазмұнында   және   оны   ұйымдастыруда
кететін әдеттегі кемшіліктерге жататындар:
-
тірі   орындауда   оқушыларды   музыканың   өзімен
байластырғанның   орнына   көп   сөзділікпен   музыка   туралы   түсіндіруге
әрекеттену;
-
әртүрлі орындаушылық репертуарға бағытталған жұмыстардың
болмауы;
-
мұғалімде хормейстрлік икемділік пен дағдының әлсіздігі;
-
оқышыларды   вокалды-хорлы   мәдениетіне   үнемі   дайындап,
дамытпаудың жетімсіздігі;
-
музыкалық-пластикалық әрекетке және музыкалық аспаптарда
ойнауға икемдік, дағдыларды әлсіздігі, жетпейушілігі. 
8.2   Оқушылармен   сыныптан   және   мектптен   тыс   музыкалық
жұмыстар
Музыкалық білім бері жүйесінде музыкадан міндетті білім беру мен
қатар  ерікті  принципке   негізделген   сыныптан   және   мектептен   тыс
оқушылар мен жұмыстар жүргізіледі. Негізгі мақсат – мектеп, мектептен
тыс мекемелер әр баланың музыкалық қызығушулуғын жоғары деңгейге
жеткізу.
Барлық мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда хор, оркестрлік
ұжым,   ансамбль,   музыка   сыныптары,   студия,   оқушылардың   түрлі
музыкалық   клубтары,   музыкалық   театрлар   сияқты   т.б.  тұрақты
формалары бар.
Көптеген   осындай   музыкалық   сабақ   формалары   кәсіби   дәрежеге
жеткен.   Оларда   сабақтар   жүйелі   түрде   жүргізіледі.   Бірнеше   жылға
бағытталған арнайы оқу бағдарламалыры да бар.
44

Сыныптан тыс және сыныптағы музыкалық жұмыстардың тағы бір
формасы – жалпыға бірдей музыкалық-ағартушылық формалар. Бұл -
әр алуан музыкалық мейрамдар, дәрістік-концерттер, музыкалық ойындар
т.б. Олардың мектептен тыс өтетін жұмыстардан басты айырмашылығы –
балалардың   барлығына   бірлей   арналған   жұмыстар.   Онда   балалардың
музыкаға   қаблеті,   қаблетсіздігі   туралы   сөз   мұлде   жоқ   десе   де   болады.
Негізігі   мақсат   –  барлық   балаға   бірдей   музыка   өнерін   таныту,   қалай   да
болса музыканың сырлы да сиқырлы күшін бала жүрегіне жеткізу.
Мектептен   және   сыныптан   тыс   жұмыстар   жүйесінде   негізгі   орын
алатын   –  балалардың  музыкалық   мектептері.   Балалардың   музыкалық
мектептері   екі   бағытта   жұмыс   істейді:   ең   алдымен   балаларға   жалпы
музыкалық   білім   беруді   көздесе,   екіншіден   ең   талапты,   дарынды
балаларды кәсіби музыкант деңгейінде дайындайды.
Қорыта   айтқанда   –   жалпы   сыныптан,   мектептен   тыс   музыкалық
жұмыстар музыка сабағымен байланысты болады.
8.3 Оқушылардың өздігінен білім алуы
Оқушылардың   өздігінен   алатын   білімі   өз   бетімен,   жеке
шығармашылық жұмысы болып табылады.
Оқушылардың музыкалық өздігінен білім алуы екі аспектіде жүзеге
асырылады:
-
пән мұғалімі жетекшілігімен музыкалық сабақтарда өткізілген
материалдарды өздігінен игеруге бағытталған жұмыс;
-
педагог-музыканттың   жетекшілігімен   іске   асырылатын
мазмұны   белгілі     музыка   сабағының   шеңберінен   асып   түсіп   жатқан
сабақтарды игеруге бағытталған жұмыстар.
Оқушылардың өздігінен білім алуы мынадай бағыттарда жүргізіледі:
-
оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін музыкалық әр түрлі
бұлақтарды   (музыка   жайлы   кітаптар,   анықтамалықтар,   газет-журналдар
т.б.) қолдана білуі керек;
-
үнтаспа,   үн   жазбалық   құралдарды   тиімді   пайдалану   әдіс-
тәсілдерін оқыту;
-
оқушылардың   әр   түрлі   формадағы   музыкалық   іс-әрекеттері
ынталандырылып отыруы тиіс;
-
оқушылардың   музыкалық   әсерін,   көңіл-күйіне   үнемі   ата-ана
тарапынан   болсын,   мұғалімдер   тарапынан   болсын   қолдау   көрсетіліп,
құптап отырған дұрыс;
-
оқушылардың музыкалық және музыка-ағартушылық қызметін
көрсете алатынына жағдай жасау;
-
мұғалімдер   мен   оқушылар   арасында   өзіндік   музыкалық
әсерімен пікірлесу. 
Сұрақтар мен тапсырмалар
45

1. Мемлекеттік   стандарттағы   жалпы   бастауыш   музыкалық   білімінің
мазмұнын ашыңдар.
2. Мемлекеттік   стандарттағы   жалпы   негізгі   музыкалық   білімнің
мазмұнын ашыңдар.
3. «Дидактикалық   көркемділік»,   «педагогика   көркемділігі»,   «өнер
педагогикасы» трактовкалырының мәнін ашыңдар (Л.В.Школяр).
4. Музыка сабағының өнер сабағы ретінде сипаттама беріңдер.
5. Музыкалық - шығармашылық әрекетінің тәжірибесі неде?
6. Шәкірттерді   дайындау   деңгейіне   қойылатын   талаптарын   ата:   а)
түсініп – білуі; ә) меңгеруі; б) қолдана білуі.
7. Музыка   сабағының   жалпыдидактикалық   позициясына   сипаттама
беріңдер.
8. Қазіргі   уақыттқа   сай   музыка   сабағына   қойылатын   талаптарды
атаңдар.
9. Музыканы   қабылдау   мен   музыканы   тыңдау   мағынасын   ашып
беріңдер.
10.Музыка сабағының біртұтастылығы дегеніміз не?
11.Музыка   сабағындағы   баға   қою   мен   бағалаудың   айырмашылығын
түсіндіріңдер.
12.  Бүгінгі музыка сабағындағы  мұғалімде кездесетін  қиыншылықтар
бар ма?.
13.Оқушылардың   сыныптан   тыс   жұмыстарының   формаларына
сипаттама бер.
14.Мектептен тыс жұмыстарының формаларын ата.
15.Музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстардың өзара байланысын
ашып көрсет.
16.Оқушылардың   өзіндк   білімділігінің   негізгі   бағыты,   формасы,
аспектісі және ерекшелігі.
ІX ТАРАУ
МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ МУЗЫКА 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
46

Музыка   пәні   мұғалімінің   қызметі   негізінен   әлеуметтік   мәнге   ие.
Өйткені оның әрекеті оқушы тұлғасын жалпы адамзаттық құндылықтарға
музыка   өнері   арқылы   тәрбиелеп,   баланың   шағырмашылық   мүкіншілігін
барынша ашуға бағытталағ.
Музыка мәдениетінің қызметкері ретіндегі мұғалімнің миссиясы да
өте жоғары, оның бұл әрекеті музыкалық-педагогикалық қызметпен нақты
көрінеді.
Музыка мұғалімнің негізгі кәсіби қызметтерін қарастырайық.
9.1 Конструктивтік кәсіби қызмет
Музыка пәні мұғалімінің бұл әрекеті жеке сабақты, сабақ блоктарын
құруға,   белгілі   бір   идея,ойларды   дамытуға   бағытталаған   көркемдік-
педагогикалық тәсілдердің бірі.
Конструктивтік   қызмет   әрбір   сыныпқа   қолданатын   оқытушының
арнайы   бағдарламасы   болуын   талап   етумен   қатар,   төмендегідей
педагогикалық процестің  жағдайлары мен ерекшеліктерін көрсетеді:
-
оқушылардың   қаблеттілігі,   қызығушылығы,   музыкалық
тәжірибешілігі сияқты олардың  жалпы музыкалық деңгейінің дамуы;
-
сабақ өткізудің шарттарымен;
-
оқушылардың   кез-келген   оқу   материалдарын   игеру
жылдамдығымен, олардың әр түрлі музыкалық әрекеттерді меңгеруі мен; 
-
жалпы мектеп жұмысының бағыттылығы
-
музыка   мектептерінде   көркем-гуманитарлық   және   басқа   да
пәндердің өту ерекшеліктерімен.
9.2 Музыкалық – орындаушылық әрекет
Музыкант-мұғалім оқушыларға музыкадан тек теориялық білім беру
қана, сол берген білімді тәжірибеде көрсетіп, музыкалық туындыларды өз
орындауында оқушыларға теориямен ұштастыра жеткізе білуі тиіс. Бұған
тағы да қосатынымыз – мұғалімнің еркін әншілік дауысы болуы керек. 
Музыка мұғалімінің музыка –орындаушылық қызметі педагогикалық
негізгі бағыт-бағдары төиендегідей  болуы тиіс:
-
балалар аудиториясына бейімделуі;
-
өз музыкалық орындауында балаларды музыкаға тарта білуі;
-
оқушыларды бірігіп орындаушылық әрекетке тарту;
-
балалардың ойлау, елестеу сияқты шығармашылық қаблеттерін
ояту т.б.
Мұғалімнің жеке ән салуы 
Музыка   пәні   мұғалімінің   сабақтағы   әрекетінің   бірі   –   балалардың
музыканы   таңдап   одан   әрі   жаттап   алуы   үшін   сол   шығарманы   өз
орындауында, жеке әншілік әрекетімен жеткізгені жөн. Бұл сүйемелдеумен
47

баланы жеке опысызда орындалатын классикалық, халықтық, қазіргі, діни
шығармалар   болуы   мүмкін.   Осы   кезде   мұғалім   өзінің   сезімділігін,
музыкалылығын, шеберлігін жеке орындаудағы бейімділігі мен дағдысын
көрсете   білу   керек.   Сол   орындап   отырған   туындың   стилін,   дәуірлік
ерекшелігін, композитордың өзіндік стилін бәрін сақтай отырып жеткізсе
бұл   мұғалімнің   білімділігімен   қатар,   тәжірибесі   мол   шеберлігін   де
танытады.
Мұғалімнің балалармен қосылып ансамблде ән айтуы
Бұл әрекеттің негізінде «жүргізуші – жүруші» принципіне сүйенген
мұғалім   мен   оқушының   әншілік   әрекеті   жатыр.   Әрекеттің   мазмұны
мұғалімнің орындаушылық және педагогтын қойған мақсатынан көрінеді.
Музыкалық аспапта ойнау
Музыка сабағында мұғалім музыкалық аспаптың орындаушылықтың
әр  түрлі   меңгерген   аспапта  –   орындаушы   ретінде   көрінеді.   Аспаптық
орындаушылық   түрлері:   шығарманы   жеке   орындау;   оқушыларды
музыкалық аспаппен сүйемелдеу; балалармен бірге ансамблде ойнау.
Дирижерлық ету
Музыка   сабағындағы   музыкалық   орындаушылықтың   негізгі   түріне
хормен,   оркестрмен,   музыкалы-плсатикалық   композициялар   мен
дирижерлік жасау жатады.
Дирижерлік   ету   кезінде   мұғалім   ең   алдымен   мына  мәселелерді
шешуге тырысады:
- шығарманың көркемдік, орындаушылық түпкі ойын нақтылы
көрсетуде оқышылардың іс-әрекетін анықтау;
- сол шығарманы орындау кезінде оқушының эмоционалдық
жағдайын қадағалап отыру.
Сондай-ақ,   мұғалім   дирижерлік   еткенде   оған   оның   мимикасы,
басымен   қимыл   жасау,   дем   алғандағы   әрекеттері   сияқты   т.б.   қосалқы
басқару әдістері де көмек береді. 
Хорға жетекшілік жасау әрекеті
Музыка   пәні   мұғалімі,   біріншіден,
 хормейстірдің   хорда
орындайтын  партияларды   үйрету,   дикция,   ансамбль,   үн   шығаруы,   үн
жүргізуі сияқты т.б. қызметтерді сақтайды.
Екіншіден, музыка мұғалімі – хормейстердің  қызметі оқушылардың
музыкалық  есту  қаблетін,  жадын, ойлауын,  елестетуін,  әншілік дауысын
дамытуда,   олардың   вокалды-хорлы   икемдіктері   мен   дағдыларын
қалыптастырудағы  музыкалы-педагогтық   мәселелер   мен   де   үздіксіз
байланыста болады.
48

Оқушыларды оркестрде ойнауға дайындау
Оқушылапды оркестрде ойнауға дайындау да хомейстірдің қызметі
сияқты   педагогикалық   мәселелерді   –   музыкалық   қаблеттіліктерді,
икемділік, дағдыларды дамытумен байланысты.
Музыкалық-пластикалық әрекет
Қазіргі   кездегі   кеңінен   жетілдірген   музыка   мұғалімінің   әрекетінің
бірі   –  балаларды   музыкалық-пластикалық   әрекетіне   дайындау.  Бұл
музыка мен жүріс өнерінің байланысы. Музыка мұғалімі жұмысында үш
бағыт қойылады:
-   балаларға   мұғалімінің   музыкалық-пластикалық   әрекетін   жасауға
дайындау;
-   балалардың   музыкалық-пластикалық   әрекет   жасауын
ынталандыруы;
- барлық не жеке оқушылардың музыкалық-пластикалық қызметтің
орындалуын қадағалау, бағалау.
Оқушыларды музыкалық шығармаларды сахналауға дайындау
Бұл жұмыс әнді драмалаудан бастап мюзикл қоюға дейінгі әр түрлі
формаларды қамтиды:
-
дайын   композицияны   таңдауда   не   болмаса   қандай   да   бір
музыкалық   шығарма   негізінде   жаңа   композиция   жасауда   мұғалім   мен
балалардың бірлесе жұмыс жасауы;
-
әрбір   орындаушы   –   оқушының   мүмкіндігіне   қарай   ролдерді
таңдау;
-
әр ролді жаттап алу;
-
сахналық костюмдерді дайындау;
-
декорация және реквизиттер жасау; әртістік қаблеттікті дамыту.
9.3 Кәсіби коммуникативтік – ұйымдастырушылық әрекет
Музыка   мұғалімінің   бұл   әрекеті   мынандай   негізгі   мәселелерді
шешуге бағытталған:
-   музыкалық   сабақтарды   жүргізу   процесін   педагогикалық
басшылыққа   алу   және   мұғалімнің   алдында   тұрған   музыкалық   әрекеттің
барлық түрін ұымдастыруға байланысты жоспарларды орындау;
- оқушы мен мұғалім арасындағы сезімдік-рухани қатынасты орнату,
олармен арадағы талапкершілік, кешірімшілдік қаситтерді дамыта нығайту.
Осы   мәселелерді   шешуде   мұғалімнің   ұйымдастырушылық
жұмыстары төмендегідей:
-
музыкалы-теориялық және музыкалы тарихи әрекет;
-
жалпылай көркемдік музыкалы бейімдеу әрекеті;
-
музыкалы жанама түрдегі әрекет.
49

Мұғалімнің   музыка   сабағын   ұйымдастыру   және
коммуникативтік әрекетінің сипаттамасы әр түрлі және ол мынаған
байланысты:
-
музыка   мұғалімінің   жеке   басының   ерекшеліктері,
қажырлылығы, балалармен қарым-қатынас жасау тәсілі;
-
мектепке алынған балалардың мінез-құлқын қадағалау стилі;
-
нақты бір сынып балаларының тәрбиелік деңгейіне; 
-
олардың өзін-өзі дамытушы ұйымдастыра білу қаблеті; 
-
бір   іс-әрекеттің   екіншісіне   көше   білуі   сияқты   т.б.   жұмыстар
жүргізу.
Ерекше   айта   кететін   бір   жағдай,   осы   айтып   отырған   әрекет   яғни
музыка   сабағын   ұйымдастыру  белгілі   бір   дайын   үлгіге   көне   бермейді.
Сабақты ұйымдастыру әрекеттері міндетті түрде варианттылықты талап
етеді.
Музыка   мұғалімінің   коммуникативтік   -   ұйымдастырушылық
әрекетінің педагогикалық талаптарының өнімділігі мынада:
-
мұғалімнің балалардың нақты мүмкіншіліктерін білуі;
-
музыкалық   сабақтарда   мұғалім   мен   оқушылар   арасындағы
ашық әңгімелесу;
-
оқып отырған музыкалық материалдардың қиындық деңгейіне
қарай сабақты жеңіл әрі тартымды өткізу тәсілдерін қарастыру т.б.
 9.4 Зерттеушілік әрекеті 
Әрбір музыка пәні мұғалім өз жандүниесінде – зерттеуші. Оқушынаң
қаблеттілігін,   бейімділігін,   дағдысын,   қажеттілігін,   қызығушылығын,
музыкалық   жағынан   дамуын   қалыптастыруда   мұғалім   осының   бәрін   де
ізденіп,   зерттеуші   ретінде   көрінеді.   Музыка   мұғалімінің   зерттеушілік
әрекеті төмендегі мәселелерді шешуге бағытталады:
-   музыкалық   білім   беру   процесінде   оқушының   шығармашылық
тұлғасының қалыптасуын және іс-әрекетін зерттеу;
- музыкалық тәрбие беру, оқыту, дамытудың мазмұнын жетілдіру;
- өзін - өзі кәсіби шыңдау.
Болашақ музыка пәні мұғалімінің зерттеушілік әрекеті оның кәсіби
деңгейінің,   шығармашылық   жетілуінің   жеке   жалпы   тұлғалық
қалыптасуының әсер ететінін ерекше айтуымыз керек.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал