Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/12
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Аспаптық әрекет
Жалпы   білім   беру   мекемелерде   балалардың   аспаптық   әрекеті
қарапайым   музыкалық   аспаптарда   ойнауы  арқылы   жүзеге   асады.
Баланың аспаптық орындаушылық әрекет – орындаушы, аспапта орындай
алатынын   сезуі.   Алғаш   рет   оқушылар   шулы   аспаптарда   орындайды   да
келесі   кезеңі   пернелі   (клавишные),   үрмелі   аспаптарда   (металлофон,
ксилофон, блокфлейта,балалар күйсандығы т.б.) орындайды.
Аспапта   ойнауда   біреулері   музыкамен   шұғылданады,   екіншілері   –
өздерінің шығармашылық қаблеттерін көрсетеді, үшіншілері – уақыт өткізу
үшін келеді.
Аспаптық әрекетінің негізгі түрлері:
-
аспаптық үлгілерді жеке, топтасып, ұжымды түрде орындау;
-
үйренетін,   орындалатын   әндеріне,   шығармаларға   сүйемелдеу
барысын орындау;
-
импровизациялау,   аспаптық   және   вокалды-аспаптық
копозицияларды орындау.
31

Аспаптық   әрекет   процесінде   балалардың   музыкалық   есту   қаблетін
дамытады   (дыбысбиіктілігінің,   әуенділігінің,   саздылығының,
бояулығының,   динамикалығының,   үндестілігінің,   полифониялығының
және т.б.). Аспапта ойнау балаларды нотаны меңеруіне жағдай жасайды.
Импровизациялау және ән шығару
Импровизациялау   және   ән   шығаруды   балалардың  музыкалық-
композициялық   шығармашылық  деп   аталады.   (Н.А.Терентьева
импровизацияны   балалардың   көркем   шығармашылығының   алғаш   басы
дейді).
Импровизация   -  жаңа   музыкалық   материалды   дірден   шығару
процесі. Ән шығару – балалар алдында мақсат қою барысындағы музыка
мұғалімімен   бірігіп   музыкалық   композицияны   шығару   шығармашылық
процесі.
Оқушыларға арналған композиция-шығармашылық тапсырманың екі
түрі бар:
-
берілген тақырыпты дамыту;
-
өзіндік тақырыпты шығару және оны дамытуы.
Л.В.Школяр концепциясында: «әрбір бала – суретші және міндетті
түрде талантты».
6.3 Музыкалы - теориялық әрекет
Музыкалы-теориялық әрекет оқушылардың музыкалық мәдениетінің
дамуына   бағытталған.   Бұл   –   біріншіден   кең   мағынадағы   ұғым   –
оқушылардың   музыкалық   сауаттылығы,   екіншіден   –   тар   мағынадағы   –
нота сауатын білу.
Теориялық білімге жататындар:
-
музыка   өнерінің,   оның   табиғатының   заңдылықтары
(интонация, жанр, образ, драматургия, стил және т.б.);
-
музыка   формасының   өмір   сүруі,   копозиторлар,
орындаушылар,  тыңдармандар   туралы,  оркестрлер,   хорлар,   жеке
орындаушылар туралы білімі және т.б.
-
музыкалық теория негіздерін, оның ішінде нота саутын білу.
Музыка   табиғатының   интонациясы,   музыкалы-теориялық   әрекетті
ұймдастыру   барысында   оқушылардың   жаңа   білім   алуында   бірнеше
кезеңдер бар: 
1. Баланы ең алғаш музыкалы-теориялық ұғымдармен таныстыру.
2.   Балаларға   қарапайым   формадағы   жаңа   ұғымдарды   музыка-
теориялық талдауларды меңгеру.
3.   Оқушылардың   музыка   әлеміне   жаңа   музыкалық   білім   мен
ұғымдарды пайдалана білуі.
6.4 Музыкалық – тарихи әрекет
32

Оқушылардың музыкалық – тарихи әрекеті түрлі тарихи кезеңдердің
музыкасын   білу,   музыкалық   –   тарихи   стилін,   ертедегі   мен   қазіргі
композиторлардың   шығармашылығын   және   алған   дағдылары   мен
икемділіктерін түрлі музыкалық қызметінде пайдалана білу.
Дыбыс   ырғағы   мен   есту   қаблетінің   тәжірибесі,   әртүрлі   жанрлар
шығармаларын  салыстыра  білу, көне, бүгінгі  музыканың ерекшелігі мен
жалпылығы, дәстүрлі музыка мен халақ музыкасын, дәстүрлі музыка мен
кәсіби   музыкаларын   айыра   білу,   фольклор   мен   халық   әндерін,   күйлерін
айыра білу, музыкалық өнердің заңдылықтарын білу. 
Осының   бәрі   музыка   тыңдау,   орындаушылық   әрекет,   музыкалық   –
композиция   шығармашылық   процесінде   қалыптасады,   тұрақтайды,
кемелденеді. 
6.5 Музыкалық жартылай көркемдік бағыттағы әрекет
Бұл әрекет екі не одан көп түрлі көркем әрекетінің тұтастығы.
Өзінің жартылай көркемдік табиғат әрекетінде музыка мен бейнелеу өнері,
музыка мен әдебиет, музыка мен пластика өнері, музыка мен театр және
т.с.   өнердің   бірлігі.   В.В.Мендушевский   бірінші   кезеңге   оның   жалпы
тақырыбын   -   өнерге   өмірдің   сұранысын   көрсетеді:   әлем,   адам,   табиғат,
тарихи оқиғалар және қазіргі кезең.
Әртүрлі өнердің байланысы әртүр болуы мүмкін. Мысалы: 
-
музыкалы-пластикалық   әрекетінің   екі   түрі:  қосымша-
дидактикалық және көркемдік-образды.
Қосымша-дидактикалық 
музыкалы-пластикалы   әрекетіне
оқушылардың   музыкалық-есту   елестетуін   дамыту   барысында   келесі
әректтерді қарастырады:
-
дыбысбиіктілік,   ырғақтылық,   динамикалық   және   басқадай
қатынасты модульдеу, музыканы жүріс жүйесімен білдіру;
-
тактілеу;
-
оқу барысында әтүрлі дауыс ымдауын (К.Орфтың айтуынша)
қолдану (шапалақтау, адымдау, сыртылдау (щелчков) және т.б.
Көркемдік – образды   музыкалы-пластикалы әрекет – музыкалық
мазмұны,   формасы,   образы,   көркем   мәнерлеу   құралдары   арқылы
байланысты оқушылардың таба білуі. Оған жататындар:
-
музыканы   қабылдау   барысында   музыкалы-пластикалық
композиция құру;
-
плстикалық   мәнерлеу   құралдары   арқылы   үйренген   әндерді
сахналау;
-
дирижерлау.
Музыка   мен   пластика   өнерінің   байланысы   ұжымды   әрекетіндегі
баланың жеке тұлғалығын музыкалық дамуында байқауға болады.
6.6 Музыкалық қатысымдылық әрекет
33

Музыкалық   көріністің   өмір   мен   көркемдік   контекстің   ашуын,
қалыптасуын  білдіреді. Д.Б.Кабалевский  мақсаттын басынан асыру және
музыкалық  білім  беру  педагогикасының  басты  принципі  деп  белгілейді:
«Музыка   және   өмір   –   бұл   басты   тақырып,   мектептегі   музыка
сабағының   басту   мақсаты...   Музыка   тіршілігімізге   терең   бойлап,
онымен   тығыз   араласады,   біздің   рухани   өміріміздің   ажырамас
бөлігіндей, жалпы өміріміз неден құрылса сондайлық табиғи жарасым
тауып отырады». 
Дүниенің әсемдік тұтастылығын оқушы сезіне білуі керек. 
Нақты   музыкалық   шығарманың   үш   негізгі   деңгейі   бар   деп
музыкалық қатысымдылық әрекеті дәлелдейді:
- музыкалық нұсқаның жекешілігі ретінде;
-   дәстүрлік,   халықтық,   діни   мәденитеінің   музыкалық
мәдениетінің бөлігі ретінде;
- жалпы музыкалық мұраның бөлігі ретінде. 
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
«Музыкалық әрекет түрлері» терминнің мәнін сипаттаңыз.
2.
Оқушыларды   музыкалық   орындаушылық   әрекетінің
мазмұнына сипаттама беріңіз.
3.
Орындаушылық формасы мен орындаушылық мәдениеті және
орындаудың түрлері.
4.
Мектеп бағдарламасындағы вокалді-хорды оқытуы мен тәрбие
мақсаттарын салыстыру.
5.
Оқушыны   импровизациялау   мен   шығармашылығы
бағытындағы мұғалімнің дайындық жұмысы.
6.
Оқушыны музыкалық білім мазмұндағы музыкалық-теориялық
білімінің шеңберіне сипаттама беру.
7.
Оқушылардың   бастауыш   және   орта   мектепте   музыкалық-
тарихи біліміне сипаттама.
8.
Оқушылардың   музыкалық   білім   мазмұнына   қандай   тарихи
білім алуға не қосуға болады (қазіргі уақыт, заман талабына).
9.
Музыкалық-пластикалық   әрекетінің   түрлері,   деңгейі,
компоненті т.б.
10.
 Музыкалық қатысымдылық әрекетінің мәні туралы.
34

VII ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕРІ
Музыкалық білім беру педагогикасында  әдіс  сөзін  кең мағынасы  –
музыкалық   білім   берудің   мазмұнын   игеруге   және   тапсырмалардың
жиынтығы ретінде қарастырылады.
Ал   тар  мағынасында   –   музыкаға   деген   сезімділік-құндылық
қатынастарды, дамытуға сезім мәдениетін, музыкалық білімдерді игеруге,
икемділік   пен   дағдыларды   қалыптастыруға,   жалпы   музыкалық
мүмкіншіліктерді: жады, ойлау, елестетуді дамытуға бағытталған тәсілдер.
Музыкалық   білім   беру   әдістерінің   ішінен   жалпы   дидактикалық
әдістің орны ерекше.
7.1   Музыкалық   сабақтарында   жалпы   дидактикалық   әдістерді
қолдану ерекшеліктері
Жалпы   педагогикада  әдістердің:   білім   көздеріне   байланысты
(ауызша,   көрнекіліктермен),   міндетіне   қарай   (білім   беру,   икемділік   пен
дағдыларды   қалыптастыру),   танымдық   әрекетінің   сипатына   қарай
(түсіндірмелі-иллюстративті, эвристикалық т.б), дидактикалық мақсатына
(алғашқы   материалдарды   игеріп,   меңгеру)   қарай   жіктеу   бар.   Осының
барлығы музыкалық білім беру педагогикасында да қолданылады.
Салыстыру әдісі музыкалық білім беруде кеңінен қолданылады. Ол
мынадай музыкалық материалдарды: тактінің әлді және әлсіз үлесі,  forte
мен piano, әртүрлі екпін, тембрледі салыстыруда көп көмегін тигізеді.
Салыстыру әдісінің түрлері: 
- ұқсастықтар мен айырмашылытарды ажырата білу әдісі;
- ұқсастыру әдісі, мәселен таныс әуенді басқа туындалардан табу;
- қайта таңбалау (перекодирование) әдісі, музыкалық бейнені әртүрлі
би қимылдарымен жеткізу және т.б.
Тыңдау-көркемдік   тәсілдері  белгілі   бір   музыкалық   туындыны
тыңдай отырып, өзінің орындауында  көрсететін  орындаушылық  әрекетті
дамытатын әдістің бірі.
Ауызша тісіл  арқылы оқығанда оқушылар біріншіден есту арқылы
музыкалық білімін сөз формалары арқылы жеткізуге тырысады, екіншіден
өз саналарында жалпы музыкалық терминдерді бекітуге көмектеседі.
7.2 Музыкалық білім берудің өзіндік, арнайы әдістері
Мұнда   оқушының   алатын   музыкалық   білімінің   әр  түрлі   жақтарын
қамтиды.
Музыка сабағындағы сезімдік драматургия әдісі  (Д.Б.Кабалевский,
Э.Б.Абдуллин).
35

Сезімдік   драматургия   тәсілі   музыка   сабағында   мынадай
драматургиялық мәселелерді шешуге бағытталады:
- барлық сабақтың эмоциялық векторын айқындайтын интродукция;
-   сипаты   жағынан   әр   түрлі   музыкалық   туындылардың   қарама-
қарсылықтары мен ұқсастықтарын шектей отырып үйлестіретін, балалар
мен   мұғалімнің   орындауындағы   оқушының   музыкалық   әрекетінің
түрлеріне,   жұмыс   формаларына,   музыкалық   шығармаларға   композиция
құру;
-   оқушылардың   өздері   айқын   да   ашық   музыкалық   туындыларды
тыңдауы   не   орындауымен   байланысты   сабақтың   сезімдік-эстетикалық
шарықтау шегінің (кульминация) көрінуі;
- сабақ мақсатының алдын-ала орындаулуы, оның сипаты мен көңіл -
күйі, жалпы сабақтың музыкалық композициясының логикалық аяқталуы.
«Оза   шолу»   мен   жан   толғанысы   деңгейінде   өткенге   жаңа
деңгейде   «оралу»   әдісі   (Д.Б.Кабалевский)  не   барлық   білім   беру
үрдісіндегі, кейбір сабақтарда, музыкалық сабақ кезіндегі перспективалы
(болашақтағы), ретроспективтік (өткенді шолатын) әдістер (Э.Б.Абдуллин).
Немесе   бұл   әдіс   Д.Б.Кабалевскийдің   айтуынша:   «алға   қарай»   жүре
отырып өткен сабаққа жаңа деңгейде қайтып «оралу» әдісі.  Бұл әдіс,
негізінен   нақты   музыкалық   шығармалармен,   қалыптасып   келе   жатқан
икемділіктер   мен   дағдылармен,   музыкалық-шығармашылық   әрекеттің
тәжірибесімен   тақырыптың   жоспарлар   арасындағы   әр   түрлі
байланыстарды анықтауға бағытталған.
Музыкалық   талдап-қорыту   әдісі  (Э.Б.Абдуллин)   –   жоспарлық
тақырыпта   келісілген   және   музыкалық   ойлауды   дамытуға   бағытталған
негізгі білімді оқушыларға игертуді көздейді. 
Бұл әдістің ілеспелі бірнеше өзіндік әректі бар:
Бірінші әрекет – алдағы оқитын тақырыптың негізін қабылдау үшін
оқушылардың музыкалық өмірлік тәжірибесін жандандыруды мақсат етеді.
Екінші   әрекет   –   балаларға   музыка   өнерінің   қандай   да   бір
заңдылықтарын,   олардың   басқа   өнер   түрлерімен   және   өмірдің   өзімен
байланысын ашатын жаңа тақырыппен таныстыруды мақсат етеді.
Үшінші   әрекет   –   оқушының   әр   түрлі   музыкалық   әрекеті   негізінде
алған жаңа білімінің түсінігін бекітумен байланысты.
Музыка туралы толғану әдісі. Д.Б.Кабалевский осы әдіс туралы өз
ойын   былай   жеткізеді:   «Жаңадан   туындаған   сұрақтарды   шешу   үшін
мұғалімнің оқушымен қысқаша әңгіме жүргізуі маңызды. Әрбір әңгімелесу
кезінде  бір-бірімен  байланысты  үш  негізгі  сәттің   сезілуі   тиіс:  бірінші  –
мұғалімнің нақты ұйымдастырған тапсырмасы; екінші – оқушымен бірлесе
отырып   осы   тапсырманы   біртіндеп   орындау;   үшінші   –   оқушының   өзі
айтатын соңғы қорытынды».
Компазиция құру әдісі  (Л.В.Горюнова)  –  негізінен бір шығарманы
орындағанда оны музыкалық әрекеттің әр түрімен (мызыка тыңдау, хормен
36

және жеке ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка арқылы қимыл-
әрекет жасау т.б.) байланыстыруға боғытталған.
Көркемдік   контекст   құру   әдісі  (Л.В.Горюнова)   –   оқушылардың
музыкалық   мәдениетінің   «сыртқа»   шығуы,   басқа   өнер   түрлерімен
байланысы, ұқсастылығы мен айырмашылығы және тарихи байланысы бар
екенін сезінуі.
Интонация   негізінде   көркемдік   және   техникалық   өзара
байланысты  орнату әдісі  (Е.В.Николаева). Берілген әдіс Б.В.Асафьевтің
теориясын дәлелдейді – «интонацияның» көп мағыналығы: музыка мәнінің
көркемдік түрі және музыкалық мәнерлігінің дыбыс ырғағының тазалығы
(дәлдігі). Н.Л.Гродзенская осы әдістің  «сонаттық аллегро»  деп аталатын
төрт кезеңін атайды:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (вступление);
2.   Мұғалімнің   өз   орындауындағы   немесе   жазбадағы   (экспозиция)
туындыны тыңдау;
3. Шығарманы талдау (разработка);
4.   Жоғарғы   танымдық   және   сезімдік   деңгейде   ығарманы   тыңдау
(реприза);
5. Музыканы қайталау, есте сақтау (кода).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Музыкалық білім беру әдісі мен мақсатының байланысы неде?
2. Музыкалық  білім беру әдісі мен мазмұнының байланысын қалай
түсінесіз?
3. Музыкалық   білім   берудің   жалпыдидактикалық   әдісті   қолдану
ерекшелігін сипаттаңыз.
4. Музыкалық   білім   беруде   қолданылатын   жалпыдидактикалық
әдістердің түрлерін атаңыз.
5. Музыкалық білім берудегі салыстыру әдісін сипаттаңыз.
6. Музыка   сабақтарындағы   сезімдік-драматургия   әдісінің   мазмұнын
ашыңыз.
7. «Алға қарай» жүре отырып өткен сабаққа  жаңа деңгейде қайтып
«оралу» әдісі.
8. Музыкалық жинақтау әдісінің мәні.
9. Музыка туралы толғаныс әдісін түсіндіріңіз.
10. Интонация негізінде көркемдік және техникалық өзара байланысты
орнату әдісін түсіндіріңіз.
37

VIII ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФОРМАЛАРЫ
8.1   Музыка   сабағы   жалпы   музыкалық   білім   беру   жүйесінің
негізгі формасы екендігі
Мектептердің   оқу   жоспарында   міндетті   пән   ретінде   бекітілген,
«Музыка» сабағы 1 – 4 сыныптарда аптасында 1,5 сағат, жалдық жүктеме
бойынша 51 сағат  (204 сағат) көлемінде жүргізіледі.  8 - 11 сыныптарда
жыл бойына «Өнер» сабағы ретінде 17 сағат бөлінген. Сондықтан да соңғы
кездері музыка өнерінің қайраткерлері жалпы білім беретін мекемелердегі
«өнер»   сабағы   сағаттық   жүктеменің   төмендігіне   наразылықтарын
білдіреді. Олар, әсіресе бастауыш сыныптарда музыка сабағын көбейтуді,
барлық мектептердігі музыка сабағына және мұғалімдеріне жағдай жасау
керектігін айтып жүр.  
Қазіргі   кезде   білім   беру   Мемлекеттік   стандарт   бойынша   бастауыш
және   жалпы   білім   беретін   мектептерде   «Музыка   өнері»   пәнін   оқыту
бекітілген.   Төмендегі   берілген   мәтіндер   (қысқартылып   алынды   –   Н.Д.)
негізгі   нормативтік   құжат   болып   есептелуі.   Осы   бойынша   жұмыс
жоспарларын,   әдістемелік   ұсыныстар,   тәжірибешілік   сабақты
ұйымдастыруға бағытталуға болады. 
 Өнер туралы жалпы бастауыш білім беру стандарты
Жалпы   білім   беру   жүйесінің   бастауыш   басқышында   музыканы
оқытуда төмендегі мақсатқа жетуге бағыттайды:
-
музыка мәдениеті негізін қалыптастыру;
-
музыкаға   және   музыкалық   сабақтарға   қызығушылықты,
музыкалық есту қаблетті, әншілік дауысты, музыкалық жадты, көркемдік
ойлауды, елестетуді дамыту;
-
ән   салу,   музыка   тыңдау,   музыкалық   аспаптарда   ойнау,
музыкалық   ырғақты   қозғалыстарды   және   суырыпсалмалықты   т.б.
музыкалы-шығармашылық әрекеттерді игеру;
-
музыкалық   сезіну   дәмін,   өнегелік   және   эстатикалық   сезімді,
адамға, Отанға және халқына деген сүйіспеншілікті, әлемнің әр елдерінің
музыкасын, дәстүрін, мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.
-
адамгершілік   –   эстетикалық   қасиеттерге
 тәрбиелеу,
эмоциясын, қиялын, музыка тыңдау кезіндегі алған әсерлерін бейнелеу;
-
эстетикалық   талғамын
 дамыту, 
музыкаға   деген
қызығушылығы мен махаббатын арттыру;
-
  басқа өнер түрлерімен және халықтың өмірі мен тұрмыспен
байланыстыра   отырып,   балаларға   негізгі  дәстүрлік   музыкалық
мәдениетті таныстыру;
-
бастапқы музыканы мәнерлеу құралдарымен танысып, музыка
сауатын ашу туралы мәлімет беру;
38

-
балалардың   музыкалық   әрекетін   қалыптастыру   (музыкамен
айналысуға қызығушылық пен біліктілік), шығармашылық белсенділігі.
Негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы
 
Музыка өнерінің негіздері
Музыка   туралы   түсінік.  Музыка   өнерінің   бейнелілік   табиғаты.
Музыканы   сезім-күйдің,   адам   мінез-құлқының,   оның   табиғатқа,   өмірге
қарым - қатынасының көрінуі.
Халықтық   және   кәсіби   музыка.   Композитор   –   орындаушы   –
тыңдарман. Қазақстан халық музыкасы, музыка фольклоры, туған өлкенің
халықтық-музыкалық дәстүрі. Кәсіби композиторлардың туындылары.
Музыкадағы даму мен интонация. Музыкалық мәнерліліктің негізгі
құралдары (әуез, ырғақ, екпін, бояу, динамика, саз-лад т.б.).
Музыканың   түрлері:   вокалді,   аспаптық,   жеке   әншілік,   хорлық,
оркестрлік. Музыкалық жанрлар (ән, би, марш, күй және олардың түрлері;
опера,   балет,   симфониялық   музыканың   ілгілері,     мюзикл   т.б)   және
формалары (1-2-3 бөлімдік, вариация, рондо). 
Нота элементтерін сауатты меңгеру.
Әншілік   дауыстар:   баланың,   әйел   адамның,   ер   адамның.   Хорлар:
балалар,   әйелдер,   ерлер,   аралас.   Музыкалық   аспаптар.   Оркестрлер:
халықтық   аспаптық,   фольклорлық   ансамбль,   үрлемелі,   симфониялық,
балалар және шулы - соқпалы аспаптық т.б.
Ел өміріндегі музыка өнері
Мемлекеттік   әнұран.   Туған   өлкенің   әншілік,   күйшілік,   жыршылық
дәстүрлері.   Музыкалық   өмірдің   маңызды   сәттері:   конкурстар,
фестивальдар, сайыстар, айтыстар, радио, теледидар музыкасы.
Музыкалық – шығармашылық әрекеттің тәжірибесі
Әртүрлі   музыкалық   әрекеттерде   практикалық   бейімдіктер   мен
дағдыларды игеру және музыкалық қабылдауды дамыту.
Музыка  тыңдау.  Музыкалық  мәнерлеу  құралдар арқылы әр  алуан
мінез, мазмұндағы музыкамен жеке әсерленгіш эмоционалды – бейнелік
қатынас;   музыканың   түрі,   жанрлар,   формаларының   әр   түрлілігі,
музыканың дыбыс ырғағының табиғаты жайында түсіну.
Отандық  және шетелдік музыка классиктерін білу. Қазіргі  балалар
композоторларының шығармалары.
Ән   салу.  Нотаға   сүйене   отырып   бір   дауыста,   екі   дауыста,
сүйемелдеумен, сүйемелдеусіз жеке және хормен ән салу.
Аспапта ойнау.  Музыкалық туындыларды аспапта жеке өзі немесе
ұжымдық   (А.Райымбергеновтің   жүйесі)   түрде   ойнап,   шығармашылық
әрекетке дағдылану.
39

Музыкалық   қимыл   –   қозғалыс.  Музыканы   әр   түрлі   қимыл-
қозғалыстарға бейімдеп, оның әр ырғағына сай немесе ұжымдық би өнері
арқылы музыканың құдіретін сезіну.
Музыкалық
 
шығармаларды
 
драмалау.
 Музыканы
театрландырылған музыкалы-шығармашылық оқыту іс-әректімен көрсету:
ән – билерді сахналау.
Бастауыш   сынып   бітіретін   түлектерді   дайындау   деңгейінің
талаптары
Музыканы оқу барысында оқушы білуге тиіс:
-
Әнұранның сөзі мен әуенін;
-
«Композитор»,   «орындаушы»,   «тыңдарман»   сөздерінің
мағынасын білу;
-
Музыканың жанр, формаларының аттарын;
-
Халықтық   әндерді,   туған   өлкесінің   музыкалық   дәстүрлерін
(мейрам, салт-дәстүрлер);
-
Үйренген музыкалық шығармалар мен олардың авторларын;
-
Музыкалық жанрларды есту қаблеті арқылы ажыратуға тиіс;
-
Вокалды   шығармаларды   сүйемелдеу   арқылы   және
сүйемелдеусіз орындауға тиіс;
-
Бірнеше   халықтық   және   композиторлар   әндерін   орындауға
тиіс;
-
Қазақтың   дәстүрлі   музыкасының   негізгі   жанрларын:   салт-
дәстүр әндерді (жарапазан, жар-жар, тойбастар, беташар, сынсу, жоқтау),
халықтық лирика-тұрмыстық стиліндегі әндерді (қара өлең) есту арқылы
тани білу;
-
Белгілі   аңыз-күйлерді   білу:   «Ақсақ   құлан»,   «Нар   идірген»,
«Елім-ай», «Жел мая», «Аққу».
-
Аңыздарды айта білу, қүйлердің үзінділерін тану;
-
Еуропалық дәстүрлік кәсіби жанрларды: симфониялық музыка,
опера, балет т.б. үлгілерін есту арқылы тани білу;
-
Халықтық-аспаптық   және   халықтық-әншілік   өнердің
әлеуметтік маңызын;
-
Үйренген және естілген музыкалық шығармаларды тану;
-
Қарапайым музыкалық шығарма шығарып-жаза білу т.б.
Жиған   білімдерін   тәжірибеде   және   күнделікті   өмірде  қолдануы
қажет:
-
халықтық,   қлассикалық   және   қазіргі   көркем   үлгілерді
орындауы қажет;
-
таныс әуендерді орындауы қажет;
-
ұжымдық ән салуға қатысуы қажет;
-
қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауы қажет;
40

-
музыкалық әрекетін платикалық, би қимылдарымен орындауы
қажет.
Музыкалық – шығармашылық әрекетінің тәжірибесі
Музыкалық   қызметінің   музыкалық   қабылдаудың   дамуы   және
дағдылар мен икемділік тәжірибесінің қалыптасуы.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал