Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



жүктеу 5.01 Kb.

бет3/12
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4.2 Музыкалық білім берудің принциптері
Музыкалық   білім   берудің  мақсаты   мен   міндеттерінің   мәні,
мазмұны   мен   үрдісінің   маңызын  ашып   көрсететін   маңызды
компоненттерінің бірі – музыкалық білім берудің принциптері.
Музыкалық білім беру принциптері музыка мұғалімі ұстанымының
төмендегідей бағыттарын белгілеп береді: 
1.   Музыкалық   білім   берудегі  гуманистік,   эстетикалық,   өнегелі
бағыттары мынадай принциптермен іске асады:
-   рухани   өмірдегі   музыкалық   өнердің   көпқырлы   байланыстарын
айқындау;
- музыканың эстетикалық құндылықтарын ашу;
-   музыканың   баланы   эстетикалық,   өнегелік,   көркемдік   тұрғыдан
дамытатын ерекше мүмкіншіліктерін мойындау;
-   музыкалық   өнерді   жалпы   тарихи   контексте   және   өнердің   басқа
түрлерімен байланыстыра зерттеу;
- музыка өнерінің жоғарғы көркемдік үлгілеріне бағытталу;
-   баланың   өнермен   қарым-қатынасындағы   өзіндік   құндылығын
мойындау.
2. Музыкалық білім берудегі музыкатану бағытының принциптері:
- оқушылармен музыка өнерін халықтық, академиялық (классикалық
және қазіргі жаңа), рухани (діни) музыкаларымен бірлікте, біртұтас өнер
ретіне сүйене отырып оқыту;
-   музыканы   зерттеуінде,   оның   дыбыс   ырғағына,   жанрына   және
стилдік ерекшеліктеріне сүйену;
-   оқушылар   музыканы   тыңдау,   орындау   және   музыка   шығару
әрекетінде олардың музыка өнерімен бірге тыныстап, «өмір сүріп» жатқан
сезімін ашып көрсету.
3Музыкалық-психологиялық бағыттың принциптері:
- музыкалық білім беру процесін оқушының тұлғалық қалыптасуына,
музыкалық қаблетін дамытуға жұмылдыру;
- оқушыларды музыкалық қызметтің әр түрін меңгеруге бағыттау;
- балада музыкалық шығармашылықтың түрлі көріністерінің пайда
бола бастауын көре білу;
-   музыкадағы   және   музыкалық   білім   берудегі   арттерапевтік
мүмкіншіліктерді қолдану.
4. Педагогикалық бағыттың принциптері:
21

-   оқушыларды   музыкаға   тәрбиелеу,   оқыту   және   дамытудың
біртұтастығы;
-   музыкалық   сабақты   ұйымдастырудың   қызықтырушылығы,
бірізділігі, жүйелілігі, ғылымилығы;
-   музыкалы-педагогикалық   мақсат-міндеттердің   диалектикалық
байланысы;
- музыкалық-шығармашылық процесіндегі  музыкалық сабақтардың
сипаттық ұқсастыруы.
Д.Б.Кабалевскийдің музыкалық-педагогикалық концепциялық негізгі
принциптері мынандай:
1. Музыкалық сабаққа балалардың қызығушылығын қалыптастыру;
2. Музыкалық сабақты баланың рухани дамуына қарай бағыттау;
3.   Музыкалық   білім   беру   үрдісінде  музыка   мен   өмірді
байланыстыру;
4. Балаларды үлкен музыкалық өнер әлеміне бойлату;
5. Тақырыптық бағдарлама жүйесі;
6. Сауаттылықтың мағынасы;
7. Музыканы баланың шығармашылық дамуына бағыттау.
8.  Негізі   ретіндегі   музыкалық   шығармашылықтың   барлық   түрі
мен музыкалық тәрбие - музыканы қабылдау негізі екенін түсіну.
Л.В.Горюнованың еңбектерінде екі принцип ұсынады:
1. Біртұтастылық принциті;
2. Бейнелілік принципі.
Л.В.Школярдің   жетекшілігімен   жасалған   музыка   пәнінің   оқу
бағдарламасында төменгідей принциптер ұсынылады:
1. Музыканы мектепте тірі көркем өнер ретінде оқыту;
2.  Баланы   өнердің   философиялық-эстетикалық   мәніне   дейін
жоғарлату;
3Өнердің табиғаты мен оның заңдылықтарына бойлай ену;
4. Көркем-шығармашылық үрдісін өңдеу;
5. Өнерді шығармашылықпен меңгеру.
Г.П.Сергеева   жетекшілігімен   жасалған   музыка   пәнінің
бағдарламасында келесі принциптерді атайды:
1. Әуестілік;
2.  Композитор   –   орындаушы   –   тыңдаушы   іс-әрекетінің
тұтастылығы;
3. Теңдігі мен қарама-қарсылығы;
4. Дауыс ырғақтылығы;
5Отандық музыка мәдениетіне сүйену. 
Ю.Б.Алиевтің   балаларға   музыкалық   тәрбие   беру   концепциясы
негізіндегі ұсынған принциптері:
1. Тәрбиелеп оқыту;
2. Музыкалық сабақтың өмірмен байланысы;
22

3. Музыкалық білім берудегі сезімдік және танымдық бірлік;
4.  Музыкалық   білімберудегі   көркемдік   және   техникалық
тұтастық;
5. Негізгі дидактикалық принциптер.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Оқушының музыкалық мәдениеттілігі – музыкалық білім берудің
мақсаты екендігін сипаттаңыз.
2. Музыкалық білім берудің негізгі мақсаттарын атаңыз.
3. Музыкалық білім берудің қандай міндеттері бар?
4.   Музыкалық   білім   берудің   Д.Б.Кабалевскийдің   тұжырымдамасы
қандай?
5. Музыкалық білім берудің негізгі принциптерін атаңыз.
6. Д.Б.Кабалевскийдің еңгізген концепциясын атаңыз.
23

V ТАРАУ 
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ НЕГІЗГІ 
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
5.1 Оқушылардың музыкалық өнерге деген эмоциялды -    
құндылықтық қатынастығының тәжірибесі
Оқушылардың   музыкалық   өнерге   деген   сезімдік-құндылықты
қатынасы   оларды   музыканы   таңдауы,   қызығушылығы,   музыкаға   немесе
музыкалық   басқа   әрекеттерді   ұнатуы   негізінде   пайда   болады.   Негізінен
мұндай   сезімдік-құндылықтар   музыкалық   тәжірибе   жинауда,   яғни
музыкамен   айналысу,   оны   тыңдау,   орындау   барысында   біртендеп   іске
асады.   Бұл   әрекет   неғұрлым   сәтті   жүрсе,   баланың   эмпатийлік   және
музыкалық   дамуы   жоғары   болады.   Сезімдік-құндылықты   тәжірибенің
жинақталуына музыкалық білім берудің мазмұны басты рөл атқаратынын
есте ұстау керек.
Музыкалық туындыларды қабылдау негізіндегі сезімнің қалыптасуы
эстетикалық әсерленушілік процесі арқылы жүзеге асады.
Музыкалық   әсерленушілік  –   континуальді,   яғни   үздіксіз,
бөлінбейтін процесс, бұл тек қана рухани сусындау емес, сондай-ақ, жан-
ләззәтіне бөлейтін процесс.
Қазіргі   таңда,   музыкалық-педагогикалық   ортада,   музыкалық
әсерленушіліктің   оқушыны   музыка   өнеріне   бейімдеудегі   сезімдік-
құндылықтардың  тәжірибелік қатынасы  арқылы іске  асатынын  дәлелдеп
көрсетеді.
Оқушының музыкаға деген сезімдік құндылықтарының қалыптасуы
кезінде, музыка өнерінің тұлғалық дамуына психологиялық, соның ішінде
арттерапевтік әсер ететін мүмкіндігін жоғары екенін ұмытпаған жөн.
5.2 Музыкалық білім
Музыкалық білім беру үрдісінде жинақтаған білімді екі топқа бөлуге
болады: музыканың өзі туралы білім, музыка туралы білімі.
Музыканың өзі туралы білімі
Балаға музыкалық білім бергенде ұстанатын ең бірінші мәселе - сол
музыканың   өзін   таныту.   Баланың   музыкалық   білімі   бар   ма   соған   ден
қойған дұрыс. Оның музыкалық әсер ету қоры ұлғайған сайын, соғұрлым
музыка   әлеміне   жақындай   түседі.   Сондықтан   оқушының   дабыстық-есту
қорына  халықтық,   академиялық,  рухани,  қазіргі   жаңа   үлгідегі
музыкалырдың барлығы кіргені жөн.
Музыка туралы білім
24

Музыка туралы білім баланың музыка әлеміне енуі үшін өте қажет
және   де   ол   музыканы   танытатын   бірден-бір   құралы   болып   табылады.
Музыка   туралы   білімнің   ішіндегі   ең   бастысы   –  музыка   теориясының
білімі.  Бұл   негізінен   дыбыстық,   жанрлық,   музыка   өнерінің   стилдін
негіздерін қоса қамтиды.
Музыка   өнеріндегі  дыбыс   ырғағы   табиғатын   білу  –   оқушының
музыкалық   білім   алудағы   басты   және   негізгі   білімі   болып   табылады.
Музыкалық   дыбыс   ырғағын   айқындаушы,   бейнелеуші   болуы   мүмкін;
сөйлеу   ырғағымен   ортақтағы   және   айырмашылық   қасиеті   де   бар;   онда
шығарманың   өн   бойындағы   сезімдік-бейнелеушілік   (эмоционально-
художественный) сәулеленуі де көрініс береді.
Музыкалық жанр туралы білім оқушыларды музыканың әлеуметтік
мәнін   және   оның   қоғамда   өмір   сүру   формаларын   танып-білуге
қалыптастырады. Музыка жанрларын оқыту ауқымына ән, би, марш және
күй, опера, балет, симфония, концерт, соната, романс, прелюдия, ноктюрн,
баллада,   сюита   және   тағы   басқа   музыка   өнерінің,   халықтық   музыка
өнерінің негізгі жанрлары түгел қамтылады. Баланың әртүрлі жанрларды
біліп-тануы музыка өнері мен оның жеке өмірлік тәжірибесі арасындағы
байланысты нығайтады, жандандырады.
5.3 Музыкалық икемділік пен дағдылар
Қазіргі кезде музыкалық білім беру педагогикасында икемділік пен
дағды   арасында   көптеген   айырмашылықтар   бар   дейтін   көзқарастар
үстемдік етуде.
Музыкалық икемділік
Музыкалық   икемділік   музыка   туралы   білімге   сүйенеді   және   де   ол
музыканы тірідей қабылдау процесінде қалыптасады. Яғни бұл жағдайда,
музыкалық сабақ үстінде икемділіктің екі тобы қалыптасады.
Оның біріншісі – нақты бір музыкалық қызметтің түріне тән және
оның табиғатына сай келетін икемділік:
а) Тыңдау (қабылдау) әрекетінің икемділігі:
-   музыкалық   дыбыс   ырғағын   қабылдау,   тыңдаған   шығарманың
мазмұнына сезіммен үн қосу;
-   музыканы   тыңдағаннан   кейін   туындаған   өзінің   көңіл-күйіне,
сезіміне, жасын ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістерге сипаттама беру;
- тыңдаған шығармаға вербальді (ауызша, сөзбен) немесе вербальсіз
(сурет,   пластика   т.б.)   сипаттама   беру,  яғни   шығарманың   бейнелі-
сезімдік   мазмұнына,   музыкалық   айшықтылығына,   олардың   өзара
байланысына,   музыкалық   драмасының   даму   үрдісіне,   оның   дыбыстық
ырғағына, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сиаттама;
25

-   тыңдаған   шығарманың   және   сол   автордың   басқа   да   музыкалық
шығармаларының,   өзге   композиторлар   туындыларының,   өнердің   басқа
түрлерінің бір-бірімен ұқсастығын және өзгешелігін табу.
ә)  Музыкалық   орындаушылық   әрекетінде  жоғарыда   айтылған
икемділіктердің барлығы өз ерекшеліктерін сақтайды, сонымен қатар, сол
тыңдаған   шығарманы   өз   орындауында   іске   асыру   барысында  (әнмен,
музыкалық   аспаптарда   ойнағанда,   би   қимылымен)   басқа   да   жаңа
икемділіктер пайда болады. Оған жататындар:
- шығарманы өзінің орындауымен (жеке дауыста ән салғанда, бимен,
музыкалық   аспапта)   түсіндіру   әрекетінде   ең   алдымен   интуитивті,   содан
кейін белгілі бір жағдайда түсініп орындау керек;
-   бір   шығарманың   өзі   ұсынған   әр   түрлі   нұсқаларын   (варианты)
орындау керек;
- әр түрлі музыкалық  талдауларды  салыстырып  ішіндегі ең жақсы
нұсқасын таңдау керек;
- таңдаған нұсқаның сапасын өз орындауында көрсете білу керек.
б)  Музыкалық-копозициалық   шығармашылықтағы  икемділік   –
ұсынған параметр бойынша ырғақты, әуез-ырғақты, синтаксистік, жанрлы-
стильдік,   фактуралық   және   тағы   басқа   үлгілер   арқылы   музыка   шығару
(жазу).
Екінші топқа жататын икемділік - өзіне жақын немесе жан-дүниесіне
қарама-қарсы   музыканың   әсерімен   бұрынғы   алған   арнайы   білімінің
арқасында   және   рефлективті   (сыртқы   әсер   арқылы   пайда   болатын)
тәжірибесі негізінде өзінің психологиялық хал-күйін реттеу.
Бұл икемділік музыкалық білім беру теориясында алғаш рет еңгізіліп
отыр. Сондықтан да, оның әлі де болса қалыптасып, дамуына біраз уақыт
қажет.
Музыкалық дағдылар
Музыкалық білім мен икемділіктерге сүйенетін музыкалық дағдылар,
ең   алдымен,   белгілі   бір   дайындықты   қажет   ететін   және
психофизиологиялық   аппаратты   дамытатын  музыкалық-орындаушылық
әрекеттің қажетті техникалық базасы болып табылады.
Орындаушылық әрекеттегі дағды ең алдымен техниканы меңгеруге
байланысты.
а)   Ән   салу   әрекетіндегі   негізгі   вокалді-хорлы   дағдыларға
жататындар:   әншілік   орындаушылық   дағдыны   қалыптастыру,
дыбысшығарушылық, әншілік тынысты дағдыландыру, дыбыс шығарудағы
сөйлеу мүшелерінің әрекетін дағдыландыру, хорлы қатар мен ансамбль (ән
салу   кезінде   сүйемелдеумен   және   сүйемелдеусіз)   дағдысы,   ән   салатын
үннің   басты   ерекшеліктеріне   қарай   дыбыстау   аппараттарының   қызметін
үйлестіру   (айқын,   шарықтау)   дағдысы,   дирижердің   нүсқауын   түсіну
дағдысы.
26

ә)  Тыңдаушылық   әрекетінде  ең   алдымен   жекелеген   музыка
арқауының (ткань) (регистр, тембр, жоғары дыбыстық, метроритмикалық
және   ладтың   ерекшеліктер:   үйлесім,   көпүнділік,   фактура,   форма
құрушылық т.б.) құрылымдық бөлшектерінің естілуімен байланысты.
б) Музыкалық-композициалық шығармашылықта берілген әуеннің
нұсқалық қайталаулары, ұсынылған модельдер бойынша ырғақты суреттер
жасау дағдылары қалыптасады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.   Сезімдік-құндылық   қатынастың   музыкалық   өнердегі   маңызын
ашып беріңіз.
2.   Музыкалық   білім   берудегі   музыка   туралы   білімнің   әр   түрлі
категорияларына сипаттама беріңіз.
3. Музыкалық білім берудегі икемділіктерді сипаттаңыз.
4.   Музыкалық   білім   білім   беру   процесіндегі   оқушылардың
музыкалық дағдыны қабылдауын қалай түсінесіз?
5. Музыкалық  икемділік пен дағдылардың  ортақтығы,  ұқсастығы
және айырмашылығын сипаттаңыз.
6.   Оқушының   музыкалық-шығармашылық   әрекеті   немен
сипатталады?
7.   Музыкалық   шығармалардан   мысал   келтіре   отырып:   әуенділік,
бишілік, жедел ырғақ ұғымдарын ән, би, марш, күй сөздерімен салыстыра
отырып, олардың айырмашылықтары неде екеніне түсінік беріңіз. 
27

VI ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ
6.1 Музыкалық әрекет түрлерінің жалпы сипаттамасы
Отандық   музыкалық   білім   беру   педагогикасы   оқушылардың
музыкалық әрекеттің түрлеріне мыналарды жатқызады: музыка тыңдау,
хормен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка әуенімен қимылдау,
балалардың музыка шығаруы (балалардың музыкалық шығармашылығы).
Бұл   аталғандар   дәстүрлі   музыкалық   әрекеттер   делініп   жүр.   Сондықтан
болар бұл әрекеттерді балаларды музыкаға жақындатудың формалары деп
шартты түрде белгілейді.
Соңғы   жылдары   қалыптаса   бастаған   көзқарас   бойынша   шынайы
музыкалық әрекеттерге композитордың, орындаушының, тыңдаушының
әрекеттерін жатқызады.
Қазіргі кезде әбден сұрыпталған бырақ әлі де талқылауларды қажет
ететін оқушылардың төмендегідей музыкалық әрекеттерін атауға болады:
- Ең алдымен, бұған жататыны, әрине: музыка тыңдау; оны орындау:
вокалды,   хормен,   жеке   дауыста,   музыкалық   аспаптарда;   музыка   жазу
сияқты барлық түрлерін қамтитын оқушының жеке музыкалық әрекеті;
Музыкалық-теориялық әрекеті;
-   Өткен,   қазіргі   музыкалырдың   жай-күйінен   мағлұмат   беретін,
оқушылардың   музыка   туралы   білімінің   танымдық   жағын   арттыратын
музыкалық-тарихи әрекеті;
- Музыкалық хабарлар (білімпаз) көпбейнелі әрекеті;
Жинама түрдегі музыкалық әрекет.
6.2 Жеке музыкалық әрекет
Музыка   тыңдаудың  негізгі   мақсаты   оқушының   музыканы   тыңдай
білу,   қабылдау   мәдениетін   қалыптастыру.   Бұл   деп   отырғанымыз   ең
алдымен:
а) Жинақталған тәжірибе бойынша халықтық, классикалық, қазіргі
отандық   және   шетелдік   көркемдігі   жоғары   музыка   үлгілерімен   қатынас
орнату.
ә)   Музыка   өнерінің   жанры,   стилі,   формасы   жайында   бұрыннан
жинақталған   білімге   сүйене   отырып   музыканың   мағаналы-көркемдік
мазмұнына терең бойлап, сезіммен қабылдай білу керек.
б)   Тыңдаушылық   әрекетке   қажеттілік   туғызу   немесе   осы   әрекетке
деген сұраным.
Оқушылардың   тыңдаушылық   мәдениетін   ұйымдастыру   кезінде
музыка  өнерінің   мәні   мен   мазмұнын   түсіндіретін  әртүрлі   жолдары
болатынын ескеру керек.
28

1 – түсінік, музыканы ақиқаттың бейнелі формада сәулеленуді деп
қарау.
2 – түсінікмузыкалық мән-мағанасы сол музыканың өзінен көрінуі
тиіс.
3   –   түсінік,   әрбір   бала   музыканы   тыңдай   отырып,  оны   өзінше
қабылдайды.  Қабылдау   нысанына   тыңдап   отырған   шығарманың
эмоциогендік  ырғағы кіреді. Эмоциогендік ырғақ  деп отырғанымыз  - өз
сезімін жеткізе білетін, композитордың көңіл-күйі және ерік-жігері сияқты
экспрессивтік маңызды мәселелер.
Қорыта   келгенде,   оқушылардың   музыкалық   мәдениетін
қалыптастырудағы   тыңдаушылық   әрекеті   дегенде   ең   алдымен   оның
танымдық әрекетін айтуымыз керек. Бұл баланы музыкалық білім алуының
негізінде   жалпы   танымдық   әрекетін   дамыту   арқылы   музыка   өнеріне,
музыка әлеміне еркін енуіне жағдай жасайды. Музыка туралы білім алу
үрдісінде музыканы басқа да әрекеттері кең түрде қамтылады. Бұл кезде
музыканың ырғақтық-бейнелі табиғаты туралы білім, музыкалың жанрлық-
стилдік   көпқырлығы,   сондай-ақ,   музыкалық   шығармалар   туралы   нақты
білім, композиторлар, орындаушылар туралы жалпы жинақталған тағы да
көптеген   музыка   жайындағы   таным-түсініктерді   оқушыларға   танытып
оларға музыканың бай мүмкіншілігі туралы білім беріледі.
Музыкалық орындаушылық әрекет
Орындаушылық   әрекет   музыка   сабағының   ажырамас   бөлігі   болып
табылады.   Ол   балаға   музыканың   орындаушылық   табиғатын   ашуға,
музыкамен   айналысқан   сәтте   оны   танып,   біле   алатын   музыкант   ретінде
сезінуге   көмектеседі.   «Музыкалық   туындының   өмір   сүруі   –   оның
орындалуында яғни оның мәнін дыбыс ырғақтары арқылы ашқанда ғана
музыкалық шынды өмір сүреді» - дейді Б.В.Асафьев (Музыкальная форма
как прогресс. – Л., 1971. – С. 264.).
Оқушылардың   орындаушылық   мәдениетінің  төмендегідей   негізгі
көрсеткіштері бар:
-   арнайы   бір   орындаушылық   әрекеттің   түріне   ғана   қажеттілік,
қызығушылық, ынта таныту;
-   орындаушылыққа шығармашылық әрекеті ретінде қарау;
- туындының әуендік, орындаушылық сапасына өзіндік көзқарасын
білдіру;
-  шығарманың жанрын, стилін, мазмұнын қамтитын орындаушылық
білім, икемділік, дағдыларды игере білу.
Музыка   сабақтарындағы   орындаушылық   әрекет:   хормен,   жеке,
ансамбльмен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты негізгі түрлері
арқылы іске асады.
Вокал – хор әрекеті
29

Бұл   әрекет   оқушы   тұлғасын   қалыптастырудағы   жалпы   музыкалық
мәдениеттің маңызды бір бөлігі болып саналады.
Вокалды-хорлы   оқыту   мен   тәрбиелеудің   мазмұнына   кіретіндер:
әншілік дауыс ырғағымен оны сақтауды, қорғауды білу жөніндегі арнайы
жүйелер; хордағы ән салу тәртібі, вокалды-хорлы икемділік пен дағдылар,
оқушыларды   музыкалық-шығармашылыққа   оқыту   тәжірибесі,   музыкаға
және қоршаған ортаға деген сезімдік-эстетикалық тәжірибе және т.б.
Оқушылардың   вокалды-хорлы   мәдениетін   қалыптастыруда,
халықтық, классикалық және қазіргі музыкалырды қамтитын ұжымдық хор
репертуарын дұрыс қоя білу де үлкен рол атқарады.
Вокалды-хорлы жұмыстар мазмұнына әуенділікті, әншілік қаблетін,
вокалды-хорлы   техникаларды   дамытуға   бағытталған  жаттығулар   мен
шынықтырулар жүйесі жатады.
Вокалды-хорлы орындаудың екі формасы бар:
-
сүйемелдеусіз ән салу;
-
сүйемелдеумен ән салу.
Мұғалімнің   қызметіндегі   маңызды   бағыттың   бірі   -   балаларды
көпүділік ән салуға үйрету. Балаға көпдауысты ән салудың икемдіктері мен
дағдыларын   игертуде   көптеген   музыкант-педагогтар   бірінші   кезеңде
үйрету   керек   деген   көзқарасты   жақтайды.   Кейбір   педагогтар
көпдауыстылық   ән   салуға   үйретуді   конондық   негіздерге   сүйенсе,   енді
біреулері қосалқы дауысқа сүйенеді.
Вокалды-хорлы   жұмыстарды   ұйымдастырған   кезде   балалардың
әншілік дауысының негізгі даму кезеңдеріне көңіл қою керек.
7 - 10 жас – бастауыш мектеп жасындағылар: балалық дауыс кезеңі;
10   –   12   жас   –   дауыс   өзгерісі   алдындағы   кезең   (организмде
биологиялық, физиологиялық өзгерістер жүре бастайды);
13 – 15 жас -  өзгерістік кезең;
16 – 18 жас - өзгерістен кейінгі кезең.
Бұл   балалардың   физиологиялық   ерекшелігіне   қарай   әр   балада   әр
түрлі бірақ міндетті түрде жүретін биологиялық даму процесі. Музыка пәні
мұғалімі   осы   кезеңдерді   жақсы   біліп,   балалардың   физиологиялық   даму
барысында мұқият болғаны жөн.
Вокалды-хорлы   жұмыс   барысында  оқушының   әншілік   дауысына
ерекше   көңіл   аударылады.   Оның   негізгі   қасиеттеріне   жататындар:
дыбыстық және динамикалық диапазон, тембірдің сапасы, дикция.
Отандық ғалымдардың еңбектерінде бала дауысы өзгерісінің әр түрлі
кезеңдерінде әншілік дауыс үнінің сапалық жағы артады. Бірақ бұл кезде
дауыс аппараттарының гигиенасын сақтай отырып әншілік орындаушылық
сабақты өткізгенде аса қатты жүктемелі режимде өткізбеген дұрыс дейді
көптеген ғалымдар.
Өзгермелі   кезеңнің   алғашқы   сатысында   дауыс   диапазонының
жоғарғы   шеткі   дыбысы  жоғалады.   Ұл   балаларда   кіші   октава
30

дыбыстарының пайда болуымен қатар диапазонның ұлғайюы байқалады.
Ән   айтқан   кезде   қырылдау,   аздап   жөтелу,   сырылдау   сияқты   дыбыстар
пайда   болады.   Дауыс   үнділігі,   жеңілділігі   жоғала   бастайды   да   жуандай
түседі.
Өзгерістік кезеңде осы айтылғандар үдей түседі. Қырылдаған дауыс
күшейеді. Сәбилік үннің жұмыс диапазоны жіңішкереді. Балалар өте сақ
және   баяу   түрде   ән   сала   бастайды,   тез   шаршайды.   Ұлдардың   дауысы
«сына» бастайды. Олар екі дауыста төменгі сәбилік үнмен және еркектін
дауысқа жақын ән салғандай болады.
Ал қыз балалардағы өзгеріс жеңіл түрде өтеді. Қыздардың дауысы
жуандап, орталық диапазонда дыбыс күшінің төмендеуімен сипатталады.
Өзгерістен   кейінгі   кезеңде  дыбыстау   аппараттарының   жұмысы
қалыпқа   түсе   бастайды.   Бала   өзінің   жаңа   дауысына   үйреніп,   соған
бейімделе   түседі.   Зерттеушілердің   айтуынша   бұл   кезде   жасөспірімдер
жеңіл дауыспен ән салғаны дұрыс.
Вокалды-хорлы   жұмыстың   енді   бір   маңызды   бағыты   –   балаларды
нотамен   ән   салуға  үйрету.   Осылай   ән   салу   оқушылардың   музыкалы-
тыңдау (көріп отырмын – естіп отырмын - ән салып тұрмын) елестетуін
қалыптастырады. Яғни көзбен көріп, құлақпен естіп, өзі ән сала отырып
үш триадамен біріктіріп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.
Нотамен орындау екі түрлі тапсырма бар:
-
абсалюттік сольмизацияға негізделген нотамен ән салу;
-
абсалюттік сольмизацияға өту үшін релятивтік сольмизацияға
сүйеніп нотамен ән салу.
Хорлы   әрекеттің   психологиялық   стресті,   тұтықпалықты   жоятын
арттерапевтік әсері де бар. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал