Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/12
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Н.С. Дүкенбай
Ә.Д. Әміренов
Музыкалық білім беру теориясы
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»
мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
Павлодар 
Кереку
2009
1

УДК 372.878
ББК  74.266.7
Д  86 (на каз)
 
         Дүкенбай
 
Н.С., Әміренов Ә.Д.
Д 86 Музыкалық білім беру теориясы: Жоғарғы педагогикалық оқу      
         орындарының студенттерінің оқулығы / Н.С.Дүкенбай,      
         Ә.Д.Әміренов. ПМУ баспасы, 2009. - 138 бет.
ISBN    9965-802-13-0
Құрастырып аударған С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті Н.С.Дүкенбай
және ПМПИ доценті, ф.ғ.к. Ә.Д.Әміренов.
Оқулықта   жалпы   білім   беру   мекемелері   жүзеге     асыратын
музыкалық білім беру негіздері мазмұндалады. Музыкалық білім беру
теориясы   педагогика   ғылым   саласы   ретінде   музыкалық   білімге
қатысты   қарастырады.   Білім   процесіндегі   музыка   өнеріне,   баланың
тұлға     ретінде     дамуына,   музыкалық   білім   беру   негізгі
компоненттеріне,   жеке   тұлғаға,   музыка     мұғалімінің     әрекетіне
арнайы көңіл аударылады.
Оқулықтың   барлық     бөлімдері   оқу   мақсаттарына   байланысты
және   де   студенттің   кәсіби   ой-өрісінің   дамуына,   тұлғалық
позициясының   қалыптасуына   бағытталып,   арнайы   тапсырмалармен
бірлікте  берілген.
Оқулық арнайы музыкалық білім беретін жоғарғы оқу орындары
мен музыкалық колледждердің студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне
және   музыкалық   білім   беру   мәселелері   қызықтыратын   жалпы
оқырмандарға арналады. 
ISBN    9965-802-13-0
2

© Н.Дүкенбай, Ә.Әміренов, 2009
© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009
КІРІСПЕ
Музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылымы саласының  бір
бөлігіне жатады. Білім процесінде музыкалық өнерге деген арнайы зейін
түрлері, музыка жүйесіндегі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, музыкалық
білім беру компоненттері мен музыка мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері
мен іс-әрекеттері өте  маңызды. Музыкалық білім беру бір  елде дамуына,
әр дәуір, әр уақытта болған музыкалық тәрбие мен білімнің қалыптасуы,
даму   тарихы,   белгілі   ғалым-педагогтардың,   музыканттардың   осы
бағыттардағы ізденістеріне байланысты.
Әр түрлі мемлекеттерде музыкалық білімнің пайдалану өрісі, өсуі,
дамуы,   тарихы,   әдісі,   әдіснамасы   өзара     байланыста   қаралады.   Оның
ішінде   Қазақстан   Республикасының   музыкалық   білім   беру   дамуына
ғалымдар   тарапынан   зерттеген:   М.Жұмабаев,   Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,   Б.Ғизатов,   С.А.Ұзақпаева,   Ө.Байділдаев,   П.М.Момынов,
Р.Р.Жәрдемәлиева, А.Райымбергенов, М.Х.Балтабаев, Ш.Құлманова т.б.
Музыкалық   білім   беру   теориясы   төмендегідей   мәселелерді
қарастырады:
- музыканы   оқыту   теориясы   мен  музыка   тарихын   пән   ретінде
оқыту;
- білім процесіндегі музыкалық өнердің орны;
- музыкалық   білім   беру   жүйесіндегі   баланың   тұлға   ретінде
қалыптасуы;
- музыкалық білім берудің мақсаттары, талабы, принциптері;
- музыкалық білім берудің негізгі мазмұнының элементтері;
- музыкалық   іс-әрекеттердің   түрлері,   музыкалық   білім   беру
әдістері; 
- музыкалық білім беру формасы;
- музыка мұғалімінің музыка-педагогикалық іс-әрекеттері;
- музыка мұғалімінің тұлғалылығы, кәсіби сапасы мен сипаты.
Осы   мәселелермен   бірге   баланың   жас   ерекшелігі,   музыкалық
икемділігі   мен   дағдылары,   іс-әрекеттерінің   түрлері,   музыка   сабағы,
сыныптан-мектептен   тыс   жұмыстары,   тарихы,   вокалды,   аспапты   іс-
әрекеттері,   музыка   бағдарламаларына   шолу,   репертуар,   тыңдау,
орындаушылық шеберлігі, ізденіс ретінде іс-әрекеттері т.б.
3

І ТАРАУ 
ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 
ТЕОРИЯСЫ
1.1 Музыкалық білім беру теориясының мәні
Болашақта өз ісінің білікті маманы болғысы келетін музыка пәнінің
мұғалімі  музыкалық білім беру теориясын  жете меңгеруі тиіс, онысыз
кәсіби шеберлікке жету мүмкін емес.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегі мәселелерді қарастырады:
- оқушыларды   оқытып,   дамытуда   музыкалық   тәрбие   берудегі
өнер   мен   педагогиканың   қағида,   заңдылықтарын   ашып
көрсетуге мүмкіндік жасайды;
- балаға музыкалық білім берудің субьектісі ретінде қарайды;
- маман   ретіндегі   музыка   пәні   мұғалімінің   өзіндік   сапалық
тұлғасын қалыптастырады;
- музыкалық білім берудің біртұтас жүйелі үлгісін көрсетеді;
- музыка   пәні   мұғалімі   кәсіби   қызметінің   мәнін,   түрлері   мен
ерекшеліктерін айқындайды.
Музыкалық білім беру теориясын меңгеру үшін музыка пәні мұғалімі
мына тезаурус яғни пәнге қатысты терминдерді білуі тиіс.
Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, музыкалық бейімдеу,
ынтасы сияқты т.б. ұғымдардың бірлігі,тұтастығы.
Музыкалық  тәрбие беру  термині екі мағынада  қолданылады: тар
мағынада   психологиялық   ұғымды   –   оқушының   белгілі   бір   жекелеген
сапалық   қасиетін,   тұлғалық   ерекшелігін   арттыру;   кең   мағынада   –
адамгершілікке, әсемдікке баулу.
Музыкалық оқыту термині де екі мағынада көрінеді: тар мағынада
– оқушыларды музыкалық білімге, икемділікке, бейімділікке үйрету; кең
мағынада   –   музыкалық   бейімділігі,   икемділігімен   қатар   оқушылардың
шығармашылық әрекетіндегі сезімдік – құндылық қасиеттерін дамыту. 
Оқушылардың   музыкалық   біліммен   дамуы  –   музыкалық
қызығушылығын, сезімін, қажеттілігін дамыту; музыкалық зейінін, жадым
музыкалық   шығармашылық   ерекшелігін,   орындаушылық,   тыңдаушылық,
тіпті компазоторлық қабілет әрекетін жан-жақты дамыту болып табылады.
Музыкалық   білім   беру   педагогикасы,   соның   ішіндегі   музыкалық
білім   беру   теориясы   оқушыларды   тек   музыка   мәдениетіне   баулып   қана
қоймайды,   сонымен   қатар   музыка   өнерін   тұтастай   меңгеретін,   соның
әсерін, қызметін зерттейді. 
4

Сол себептен де жалпы мектептерге арналған оқулықтар талқылауға
түскен   кезде   Д.Б.Кабалевский   «Музыка»   атауына   жіті   көңіл   қойып
тоқталғанда,   ол   негізінен   музыка   өнерін   емес,   жалпы   музыкалық
мәдениетті айтқан болатын.
Сондықтан   да   қазір   Мемлекеттік   стандарт   бойынша   «Музыка
сабағы» делініп жүр.
1.2 Музыка пәні мұғалімін кәсіптік ғылыми-әдістемелік негізде
дайындауға музыкалық білім беру теориясының орны
Жоғарғы   оқу   орындарының   бағдарламаларында   музыка   мұғалімін
даярлауда мынадай пәндерге көңіл қояды:
- музыкалық білім беру теориясы;
- музыкалық білім беру әдістемесі;
- музыкалық білім беру тарихы;
- музыкалық   психология   және   музыкалық   іс-әркетінің
психологиясы; 
- музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамасы;
- музыкалық – педагогикалық жаттықтыру;
- тәжірибешілік.
Музыкалық   білім   беру   әдісі  –   музыка   мұғаліміне   теориялық
заңдылықтарды   меңгерту   барысында,   танымдық   және   шығармашылық
қаблетін   дамыту   үшін,   әртүрлі   музыкалық   мектептердің   бағдарламарын
зерттей   отырып,   музыкалық   білім   берудің   ұйымдастырушылық   әдіс-
тәсілдерін тәжірибешілікпен дамыту.
Музыка – педагогикалық тәжірибешілік – мұғалімнің музыканың
барлық   түрімен   айналысатын   оқушыларға   білім   берудегі   педагогикалық
ұйымдастырушылық әрекеттерінің тәжірибешілікпен ұштасатын бірлігі.
Музыкалық білім беру тарихы – музыкалық білім берудің әр түрлі
жақтарын   бүгінгі   күн   тұрғысынан   әлемнің   тарихы   негізде   жүйелеп
қарастырады.
Музыкалық   психология   және   музыкалық   іс-әрекетінің
психологиясы  –   музыкалық   білімді   жоғарғы   кәсіби   деңгейге   көтеру
мақсатында   психологиялық   аспектіні   білім   берудің   негізгі   ірге   тасы
негізінде пайдалану.
Музыкалық білім берудің педагогикалық әдіснамасы  – болашақ
мамандығын музыкант - педагог ретіндегі мұғалімнің ары қарайғы ізденіс
іс-әрекетін ретке келтіріп, таныстыруды мақсат етеді.
Тәжірибешілік  –   мектепте   өтетін   музыка   пәндерін,   әсіресе
«Музыкалық білім беру теориясын» меңгертудің әдіс-тәсілдерін пайдалана
отырып   оқушыға   жеткізу,   болашақ   музыка   мұғалімінің   тәжірибесіне
негізделеді.
5

Музыкалық білім беру – музыкалық қызметіне, іс-әрекетіне қажетті
білімді жинақтаудағы дағды, машық, сондай-ақ, оқы барысында меңгерген
білімнің жиынтық нәтижесі.
Музыкалық тәрбие – музыкалық мәдениетінің жүйелілігі, адамның
музыкаға қаблеттілігі, көңіл-күйінің музыкаға деген сезімі, жан-дүниесінің
музыкаға берілуі т.б. музыкалық тәрбие арқылы жатады.
Музыкалық   тәрбие  –   болашақ   ұрпаққа   музыкалық   іс-әрекетінің
қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланысып бірлікте жеткізе білу.
...   Музыкалық   тәрбиенің   басты   теориясы   –   музыкалық   қабылдау,
түйсін мен музыкалық қаблеттіліктің өзектілігі болып табылады.
Музыкалық   қабылдау  (тыңдай   білу,   түсіне   білу,   бағалай   білу,
әсерлену   іс-әрекеттері)   –   музыканы   тыңдаушының   санасына   музыкалық
образ   туғызатын   адам   психологиясының   (сана-сезімінің)   сезімдігі   және
рациональды-логикалық әрекеттерінің күрделі бірлігі. 
Музыкалық   тәрбие   арқылы   жеке   тұлға   музыкалық   мәдени   ортаға
бейімделеді.
Музыкалық   тәрбие   беру   теориясында   музыкалық   қаблеттілілігінің
қалыптасуын жалпы психикалық (сана-сезімдік) заңдылықтардың әрекетін
дамыту негізінде қарастырылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
«Музыкалық білім беру теориясы» пәнінің негізгі мазмұнына
сипаттама беріңдер.
2.
Оқылатын курстың негізгі мақсаттарын ашыңдар.
3.
“Музыкалық білім беру ” терминінің қазіргі түсінігінің сипаты
және оның негізгі түрлерін көрсетіңдер.
4.
“Жалпы   музыкалық   білім   беру   ”   терминінің   мазмұнын
ашыңдар.
5.
“Қосымша   музыкалық   білім   беру   ”   терминінің   мазмұнын
ашыңдар.
6.
“Кәсіби   музыкалық   білім   беру   ”   терминінің   мазмұнын
ашыңдар.
7.
“Музыкалық тәрбие” терминінің мағынасын түсіндіріңдер.
8.
“Музыкалық   оқу”   терминін   кең   және   тар   мағынасында
сипаттау.
9.
Мектепте   пәнді   “Музыка”   не   “Музыкалық   өнер”   деп
аталуының қайсысы дұрыс.
10.
  Музыкалық   білім   беру   мен   музыкалық-педагогикалық   білім
терминдерінің айырмашылығын көрсетіңдер.
6

ІІ ТАРАУ
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МУЗЫКА ӨНЕРІ
Музыка - өнердің ішіндегі ең ерекше орын алатын өнер. Өнердің ең
сезімтал түрі де осы өнер. Адам музыканы тек жан дүниесімен қабылдап
сезінеді, оны тілмен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да балаға музыканы
сезіндіру арқылы қабылдатып, музыка өнерінің құдыретін жеткізе аламыз.
Өйткені,   музыкалық   шығарманың   басқа   өнерден   айырмашылығы   оның
мәнерлілігінде.   Сол   себептен   музыканы   балаға   жай   сөзбен   емес,   өнер
тілімен ғана ұғындарып бере аламыз (А.А.Мелик- Пашиев). 
Музыкалық білім берудің қоғамдағы педагогика философиясында әр
түрлі   пікірлер   бар:   алғашқылары,   музыканы   жеке   тұлғаның   көркемдік,
әсемдік,   құндылықтың   дамуына   әсер   ететін   құрал   ретінде   қараса,   енді
біреулері, музыкалық білім беруде жеке тұлғаны ең алдымен музыкалық өз
құндылықтарын түсіндіру негізінде тәрбиелеу керек дейді.
Сондықтан да, бүгінгі таңда музыкалық білім процесінде музыканы
жалпы   қоғамдағы   жеке   тұлғаның   жан-жақты   дамуына   мүмкіншілік
туғызатын ерекшелік ретінде қарастырады.
2.1   Музыкалық   білім   беруді   жүзеге   асырудағы   музыкалық
өнердің қызметі
Сәби алғаш дүниеге келгеннен бастап музыканың сиқырлы күшіне
бөленеді, ол оның ішкі жан-дүниесіне бойлай еніп, әсер етеді.
Музыкамен   қарым-қатынас   жасау,   бір   жағынан   жеке   тұлғаның
рухани   дамуын,   өзіндік   өрістеуін   жақсартса,   екіншіден,   музыкалық
қызметтің   ұжымдық   түрі   (хормен   және   ансамбль   құрамында   ән   айту,
бірлескен   музыкалық   ансамбльде   ойнау   т.б.)   оқушылардың   музыкалық-
шығармашылық қызметінің дамып, қалыптасуын қамтамасыз етеді, оларды
музыканы ұжымдық түрде сезініп, жақындастыра түседі.
Музыкалық   білім   беру   жүйесі   (тәрбие,   оқыту,   дамыту)   оқушының
эстетикалық сезімін, көркемділікті, әсемдікті сезініп, түйсінуін өнер мен
қоршаған ортаның бір-бірімен үйлесімділігін арқылы эстетикалық ләззат
алуына жағдай жасайды.
Музыка   өнерінің   өзіне   тән   қоғамдық   қызметі   бар.   Ол   қызмет   жас
ұрпаққа музыкалық тәрбие беріп, оқыту барысында анықталады.
В.Н.Холопова   ол   қызметтерді   былайша   жіктеп   көрсетеді:
коммуникативтік   қызмет,   ақиқат   болымыстың   бейнелену   қызметі,
7

этикалық,   эстетикалық,   қағидалық   (каноническую),   эвристикалық,
танымдық-ағартушылық және қоғамдық-өзгертушілік.
Музыкалық   білім   беруде   бұл   қызметтер   бір   жағынан   өзге   де
қоғамдық   қызметтермен   бірлесе   әрекет   етсе,   екіншіден   орардың   өзіндік
бағыт-бағдарымен ерекшеліктері бар.
Коммуникативтік қызметі
Д.Д.Шостаковичтің  сөзімен айтқанда:  «Суреткер  бір адамның ішкі
сезімін миллиондаған адамға жеткізе алады және де бүкіл адамзаттың жан
дүниесін бір адам ашып бере алады». Бұдан музыканың коммуникативтік
қызметі   мүмкіншілігінің   жоғары   деңгейін   көреміз.   Өкінішке   орай,   осы
қызметтің бар мүмкіншілігі педагогикалық практикада толық қолданылмай
келеді (В.Н.Холопова).
Ақиқат болмыстың бейнелеу қызметі
В.Н.Холопова  музыкадағы  ақиқат   болымысты  бейнелеу  қызметінің
үш аспектісін ашып көрсетеді: идеялардың бейнелеуі, сезімнің бейнелеуі,
заттар әлемінің бейнелеуі.
Білім   беру   процесінде   бұлардың   барлығы   біртұтас   мазмұнда
көрінеді.   Әсіресе,   оқышылардың   жас   ерекшеліктері   мен   қабілеттерін
ескере отырып, музыка сабақтарында өнердегі ақиқат болымысты бейнелеу
қызметіне ерекше көңіл бөлініп, түсіндіріледі.
Бастауыш   сыныптардағы   оқушылар   ең   алдымен   музыкада
бейнеленген   адамның   ішкі   сезімін   және   өздерін   қоршаған   ортаның
бейнесін   сезуі   керек.   Ал   жоғарғы   сыныптарда   музыкадағы   көркемдік
идеялардың бейнелеуін ашып көрсетуі тиіс.
Этикалық қызметі
Бұны А.С.Пушкин мына бір қанатты сөзінен көреміз: «... ақындық
асқақ шабытпен, оятатын әсем сезімді». Бұл сөзді музыкант – педагогтар:
«Әсемдік жақсылықты туғызады», - деп қоштайды. Музыканың этикалық
қызметін осыдан-ақ байқаймыз.
Эстетикалық қызметі
В.Н.Холопова   музыканың   эстетикалық   қызметін   «әдемілік»   және
«үйлесімділік»   категорияларын   түсіндіреді.   Оның   айтуынша:   «Әсемдік,
әдемілік,   үйлесімділік   әрдайым   музыкалық   туындының   ең   басты
көрсеткіштері болып келеді».
А.Г.Бутниктің зерттеунше, музыка өнеріндегі эстетикалық қатынасқа
жататындар:   эстетикалық   қабылдау,   сезіне   білу   және   бағалау.   Автордың
айтуынша,   бұл   қатынастар   музыкалық   өнердің   ерекшеліктеріне
байланысты   айқындалады.   Зертейшінің   пікірінше,   эстетикалық
қатынастың басты белгілеріне: музыкалық кемелділікті әсемдік көзқарасы
8

тұрғысында бағалау; әр жанрдағы туындыларды қанағаттанарлық сезімде
қабылдау;   қабылдаудың   әржақтылығы;   сезімнің   нақтылығы;   музыкалық
туындылардың мазмұнына бағалаудың сәйкестігі жатады.
Канондық және эвристикалық қызметі
В.Н.Холопова   өнердің   канондық   және   эвристикалық   қызметтерін
сипаттай отырып, оларды бір-біріне қарама-қарсы диалектикалық жұп деп
қарастырады.  Канондықты   мәдени  сабақтастық,  ал  эвристикалық  дәстүр
жалғастығы,   яғни   мәдени   дәстүрдің   сабақтастығы   мен   жаңашылдығы
ретінде   бағалайды.   Сондықтан   да   әрбір   музыкалық   туындыны   оқытқан
кезде оның тарихилық принципі сақталу керек. 
Қоғамдық - өзгертушілік қызметі
В.Н.Холопованың   ұсынысы  бойынша, музыка   өнерінің қоғамдық  -
өзгертушілік қызметі оның басқа қызметтерімен тұтастай, бірлікте әрекет
етеді.
Тұлғалық - өзгертушілік қызметі
  Музыка   өнерінің   тұлғалық   -   өзгертушілік   қызметін   мынадан
көрінеді:   оқышының   қандай   музыкалық   шығармашылықпен
айналысқанына қарамастан, оның шығармашылық мінезінің қалыптасуына
ықпал   етіп,   тұлға   ретінде   дамытады.   Музыкамен   шұғылдана   отырып
оқушы   сезімдік,   ерік-жігерлік,   интелектуалдық   қасиеттерді   бойына
жинайды, мінез-құлқында өзгерістер жүреді.
2.2 Қазіргі әлеуметтік–мәдени білім беру жүйесіндегі музыкалық
өнердің орны
Социолог   мамандардың   зертеуінше,   қазіргі   таңда   музыкаға   деген
сұраныс жастар арасында алдынғы қатарда тұр. Бірақ та, мына мәселеге
көңіл   бөлу   керек:   поп   музыкалар   кең   қанат   жаюға,   ал,   классикалық,
халықтық үлгідегі шығармалар аз сұранысқа ие болып отыр.
Сондықтан да музыка мұғаліміне қойылатын талап та жоғары:
Біреншіден,  оқушыларды   алғашқы   сабақтан,   бірінші   сыныптан
бастап   отандық   және   әлемдік   музыка   мәдениетімен   таныстырып,   осы
құндылықтарды   олардың   бойына,   эстетикалық   ләззатану   арқылы
музыкалық ой-өрісін кеңейте отырып тәрбиелеп, оқыту керек.
Екіншіден, мұғалімнің өзі де поп музыкалардың ең озық үлгілерінің
жанрлық, стильдік бағыттарын зерттеп, сабақта халықтық, классиакалық
музыкалармен бірге салыстырып оқушыларға түсіндіре білуі керек.
Адамзат техникалық ойлауға көшіп отырған XXI ғасырда, көркемдік
ойлау   жүйесін   дамытуға   деген   сұраныс   өзінен-өзі   туындайды.   Өйткені
9

адамдық негізінің ең басты критерийінің өзі – көркемдік ойлау, көркемдік
түйсіну,   қабылдау   екені   ақиқат.   Сондықтан   да,   адамды   көркемдік,
әсемдікке   бауылып,   айналадағы   дүниені,   құбылысты   көркемдік   ойлау
арқылы таныстыратын өнер – музыка өнері.
Кез-келген адам, соның ішінде жас сәби музыканы өзінше сезініп,
қабылдайды. «Мектептегі музыканың ерекшелігі, тек бір өнер саласымен
шектелмейді, - дейді Д.Б.Кабалевский, - Сондай-ақ, әдебиет пен бейнелеу
өнері сияқты музыка өнері де оқушының тәрбиесі мен біліміне әсер етіп,
жан-жақты қалыптастырады, рухани әлемін кеңейтеді».
Музыканың   негізгі   мазмұнын   құрайтын   –   сұлулық,   ал   сұлулық-
қуаныштың, шаттықтың белгісі.
Музыканың   адам   көңіл-күйін   жақсартып,   тұлғалық   дамуындағы
сезімдік ой-өрісін дамытып, күш-жігеріне әсер етіп, бүтіндей жан-дүниесін
ретке келтіретін арттерапевтік қасиетін де жоққа шығаруға болмайды.
Музыкалық   психотерапияның   табиғатын   әр   түрлі   мектептер   мен
бағыттардың   негізінде   талдап,   зерттеген   В.И.Петрушин   музыканы
психотерапевтік   мақсатта   қолданудың   төмендегідей   мүмкіндіктерін
көрсетеді:
-
емханалық ортаны әсемдік пен үйлесімділікке бөлеу;
-
коммуникативтік  (қатынас) актілерінің дамуына жағдай жасау;
-
шығармашылық елес пен қиялды дамыту;
-
сезімдік ортаның дамуы мен кеңейуі;
-
ұжымдық сана-сезімнің дамуы;
-
эстетикалық қажеттіліктердің дамуы;
-
психологиялық тонустың жақсаруы.
Жалпы,   қорытындылай   келе   айтпағымыз:   Музыканың   ізгі   әсерін
оқушыларға сезіндіру үшін оларды музыканы сүйе білуге, түсінуге үйрете
отырып,   музыкалық   қажеттіліктерін   қалыптастыру   керек.   Ал   ол   үшін
мынадай педагогикалық шарттар орындалуы тиіс: 
-
оқушыларға   сыныпта   және   сыныптан   тыс   жағдайларда
музыкамен   мүмкіндігінше   көбірек   қарым-қатынас   жасауға   жағдайлар
жасау керек;
-
оқушының музыкаға деген эмоциялық-жауап беру әсерін жан-
жақты дамыту қажет;
-
оларды   музыка   өнерінің   ырғақтық   (интонация)   табиғатын
түсінуге және музыканың мазмұндық мәнін таба білуге үйрету керек;
-
бұрыннан   таныс   халақтық   және   классикалық   үлгідегі
музыкалармен   қатар   әр   түрлі   шығармашылық   бағыттар   мен   стиль,
мектептердің   музыкаларын   қалыптастыра   отырып   оқушылардың
музыкалық   есту   қаблеті   қорын   мақсатты   түрде   және   біртіндеп   кеңейтіп
дамыту қажет;
10

-
«дөрекілікке   қарсы   иммунитетті»   (Д.Б.Кабалевский)   күшейту
мақсатында   оқушыларға   әр   түрлі   бағыттағы   қазіргі   попмузыкаларды   ең
үздік туындыларымен таныстыру керек;
-
оқушылардың музыкалық білім алуын кеңейтіп және сол алған
білімдерін әр түрлі музыкалық шығармашылыққа қолдана білуіне ықпал
ету керек;
-
музыкалық сабақтарда әр оқушының музыкамен тілдескендей
күй кешіп, оның мәні-мағынасына жете үңіліп шығармашылық шаттыққа
бөленуіне жағдай жасау қажет;
-
әр   мұғалім   өзінің   жұмыс   жоспарын   музыка   балалармен
күнделікті   өмірде   бірге   жасасып,   тіршіліктің   ажырамас   бір   бөлігіндей
қажеттілік тудыратын жағдайда құруы керек.
-
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.   Музыкалық-педагогтік   процестің   коммуникативтік   қызметі
ерекшелігі неде?
2.   Музыка   мен   өмір   шындығының   байланысы   неде,   оның   музыка
сабақтарында жүзеге асырылуы қандай?
3.   Музыка   өнеріндегі   этикалық   қызметті   сипаттаңыз,   және   оның
музыкалық білім берудің орнын көрсетіңіз.
4. Қалай ойлайсыз, музыка  адам жанын түзете  ме, әлде керісінше
бұза ма? Өзіңіздің көзқарасыңыз қандай?
5.   Музыкалық   өнер   мен   музыкалық   білім   берудің   эстетикалық
бағытты қалай түсінесіз?
6.   Музыка   өнеріндегі   канондық   және   эвристикалық   (дәстүр   мен
жаңашылдық) қызметтердің мәнін ашып беріңіз.
7. Танымдық-ағартушылық қызметтің музыка өнері мен музыкалық
білім берудегі ортақ сипатын атаңыз.
8.   Музыка   өнердегі   қоғам-өзгертеушілік   қызметінің   интеграциясы
музыка сабақтарында қалай көрінеді.
9. Тұлға-өзгертушілік қызметтің музыка сабақтарындағы ерекшелігі.
10. Қандай музыкалық үлгілер балалардың жан-дүниесіне әсер етеді,
сіз музыка сабақтарында сондай үлгілерді ұсына аласыз ба?
11. Әр түрлі көзқарастағы пікірлерді ескере отырып, оқушылардың
мінез-құлқын   тәрбиелейтінмузыка   өнерінің   мүмкіншіліктерін   ашып
беріңіз.
12.   Оқушыларды   әсемдікке   баулып,   білім   берудегі   музыкалық
өнердің қандай ерекшеліктері бар?
13.   Адамға   психотерапевтік   әсер   ететін   музыканың   қасиетін
сипаттаңыз.
11


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал