Қму гәФ журналистика мамандығының



жүктеу 70.04 Kb.

Дата29.01.2017
өлшемі70.04 Kb.

c

m

y

k

+

c

m

y

k

+

+

+

3

ТҰЛҒА


3

БЖ

АҚПАН,  2015 ЖЫЛ



Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ,  

ҚМУ ГӘФ журналистика

мамандығының

1 курс студенті

Қорқыт  ата  атындағы 

Қызылорда 

мемлекеттік 

университетінің 

педаго-


гы, ақын, ғалым Серік Ыды-

рысов 


А.Байтұрсынов 

атындағы  ҚМУ-дың  жур-

налистика  мамандығының 

1-ші  және  2-ші  курс 

студенттерімен 

кездесті. 

Студенттермен  емін-еркін 

өткізілген  бұл  бас  қосу, 

ешқашан естен кетпесі анық. 

Себебі,  Серік  Ыдырысов 

бәрімізге  тәлім-тәрбиемен 

қоса,  керемет  сөздерімен 

рухани  азық,  мол  байлық 

бере  білді.  Сонымен  қатар, 

әдемі әңгімелері мен бастан 

кешкен  қызық  оқиғаларын 

тілге  тиек  етті.  Студент-

тер  тарапынан  қойылған 

сұрақтарға  мүлтіксіз  жау-

ап берді. Оған дәлел, мына 

бір  сұрақтың  жауабы  бол-

сын:  «Жастардың  бойынан 

қандай  кемшіліктерді  көп 

көресіз?  –  Мен  жастардың 

бойынан  кемшілік  көрмей-

мін.  Себебі,  заманына  сай 

адамы  деген.  Жастарды 

жамандыққа 

қимаймын, 

кінәламаймын.  Бәрі  де  ата-

ананың  берген  тәрбиесіне 

байланысты.  Адам  ең  ал-

дымен  өзіне  қарауы  керек. 

Мен қандаймын? Менің бой-

ымда  қандай  кемшілігім 

бар  деп  ойлауы  керек 

деп  есептеймін».  Йә,  сөз 

тапқанға қолқа жоқ. 

Бұл  кісінің  ерекшелігі, 

жарыққа  шыққан  ешбір 

еңбегінің жоқтығы. Себебін 

сұрағанымызда,  керемет 

бір жауапқа қанық болдық: 

«Мен  абыройды  қағаз 

(кітап)  арқылы жинағаннан  

гөрі,  халықтан  жинағанды 

артық  көремін».  Бұдан 

кейін не сұрайсыз?!  Сөздің 

майын  тамызатын  бұл 

кісінің  аузынан  шыққан 

әрбір  сөзі  әсерлі  ғой, 

шіркін.  Жаныңды  жадыра-

тып,  жүрегіңді  елжіретіп 

жібереді.    Тыңдай  бергің 

келеді, тыңдай бергің...

Сөз 


соңында 

ыстық 


ықыласы мен ізгі лебізін ке-

ремет батамен білдірді:

Байтұрсынов Ахмет,

Сырдан келген ақын еді.

Жолықтырған сіздерге,

Ақылбек пен Нағашыбай 

Ағамызға рахмет!

Мынау тұрған қыздардың,

Бойына Алла нақыл ек.

Мына тұрған ұлдардың,

Бойына Алла ақыл ек.

Шеттерінен барлығын,

Әлемге мәлім батыр ет.

Осы айтылған тілекті,

Әр уақытта қабыл ет.

Барлығыңа балаларым,

Тыңдағаның үшін рахмет! 

Тура  жолды    дәріптеп, 

адалдықты  бойтұмар  ет-

кен  Серік  Ыдырысовтың 

қайталанбас  жан  екеніне 

куә  болдық.  Сөз  сапта-

мы  мен  ұстамдылығы 

үлгі  боларлық.  Басынан 

өткерген  қызық  оқиғалары 

да  айрықша.  Домбыра-

ны  күмбірлетіп  әуелетіп 

ән  салатын  қыры  тағы 

бар.  «Жақсы  екен»  атты 

авторлық термесін шырқап 

бергені  осы  сөзіме  дәлел 

болар.  Міне,  сегіз  қырлы, 

бір  сырлы  ел  азаматының 

тағылымы  мол  тәрбиесіне 

дәл осылай сусындадық. 

Серік Ыдырысов: 

«Мен абыройды қағаз арқылы 

жинағаннан гөрі, халықтан 

жинағанды артық көремін»

Әзірлеген: 

Гүлнұр САДУАҚАСОВА

Әлeмдe  сазды  әуeнмeн 

сан  мың  ақпарат  тарата-

тын толқын көп болғанымeн 

мeрeкeнің 

атап 


өтілe 

бастағанына  нeбәрі  3-ақ 

жыл  болды.  Қазіргі  күннің 

өзінде  мұны  бірі  білсе,  бірі 

біле  бермейді.  Сол  себепті 

де  дүниежүзілік  радио  күні 

туралы  шағын  ақпарат 

ұсынуды  жөн  көрдік.  Осы-

дан  69  жыл  бұрын  дәл  осы 

күні «БҰҰ Радиосы» эфиргe 

шықты.  Дүниежүзілік  ра-

дио  күні  -  жаңа  мереке,  ол 

алғаш  рет  2012  жылы  атап 

өтілді.  Ал  оны  бекіту  тура-

лы  шешімді  ЮНЕСКО  2011 

жылы  қабылдады.  Әуе 

толқындар  арқылы  хабар-

ларды аса шалғайға сымсыз 

әдісімен  жеткізіп  отырған 

радио  бүгінгі  күнде  зор 

сұранысқа ие болып отыр.   

Ең  алғаш  1888  ж.  орыс 

ғалымы  Александр  Сергее-

вич  Попов  электромагниттік 

толқындар  арқылы  алыс 

қашықтықтарға 

сигнал 

жеткізудің  ғылыми  бол-



жамын 

ұсынады. 

Бұл 

проблеманың  практикалық 



шешімін  ол  1896  ж.  тапқан. 

Сол  жылы  Ресейдің  фи-

зика-химия 

қоғамының 

мәжі лісінде  A.С.  Попов 

әлемде бірінші рет 250 метр 

қашықтыққа  сымсыз  радио-

грамма арқылы Генрих Герц 

деген екі сөзді жеткізеді.  

Өзіміздің  Қазақ радиосы 

–  Қазақстан  тұрғындарына, 

ТМД  елдерінде  және  шет 

елдерде  тұратын  қазақ 

тыңдармандарына хабар та-

рататын  радио  желі.  Қазақ 

радиосы  хабарлары  Аста-

на мен Алматыдан берілетін 

радио хабарынан және об-

лыс  орталықтары  хаба-

рынан  тұрады.  Хабарлар 

ұзын,  орта,  қысқа  және 

ультрақысқа толқындарда 

жұмыс  істейтін  радио 

станциялары  арқылы  та-

ратылады.  Қазақ  ради-

осы  қазақ,  орыс,  неміс, 

ұйғыр, 

Әзірбайжан, 



түрік, 

Корей,татар 

тілдерінде  хабар  береді. 

Республикалық 

ра-

дио  хабары  1931  жылы 



4  мамырында  өлкелік 

“Еңбекші  қазақ”,  “Совет-

ская  степь”  газеттерінің 

алғашқы 


нөмірлерінің 

мақа ла ларын 

берумен 

басталды.  Ал  Қостанай 

өңі рін де  ең  танымал 

радиобайланыстарының 

бірі ретінде «КН» радиосы 

қызмет  етуде.  Аталмыш 

БАҚ-ң қызметі туралы ра-

дио қызметкерінің өз аузы-

нан білсек.  

Асем 

Мырхайдаро-

ва, 

КН 

радиосының 

тілші-жүргізушісі:  «Бүгінгі 

қоғамдағы  радионың  ор-

ны  бөлек.    Радио  хабар 

таратудың басты ерешелігі- 

жеделдігі. Радиожурналист 

оқиға  ортасында  жүріп, 

көрген-білгенін 

тікелей 


эфирге  шығып  баяндай 

алады. Төтенше жағдайлар 

болсын,  спорт  жарыста-

ры  болсын,  радиотілші 

ақпаратын 

жеткізу 


мақсатында  орталық  сту-

дия  арқылы  байланысқа 

қосылып,  тікелей  эфир-

де  жұмыс  істейді.  (мыса-

лы:  біздің  радиоарнаның 

тікелей  эфирінде  қыста 

мектеп 

оқушыларының 



са бағы 

болмайтындығы 

жайлы,  немесе  жол  көлік 

оқиғасына  байланысты  по-

лиция  қызметіне  көмек 

көрсету  үшін  таратылатын 

ақпараттар 

баяндалып, 

жергілікті  «Тобыл»  футбол 

клубының ойындары тарты-

лады).    Радиоарнамыздың  

«Ақпараттық 

қызметі» 

жергілікті  халықты  көбіне 

облыс  көлемінде  болып 

жатқан жаңалықтардан дер 

кезінде  құлағдар  етуге  ты-

рысады. 


Жаңалықтарды 

тыңдау 


үшін 

арнайы 


уақыт  бөлудің  қажеті  жоқ. 

Тыңдармандар  үй  шару-

асымен  айналыса  жүріп 

те,  жұмыс  уақытында  да, 

тамақтанып  отырып  та, 

автокөлікте  келе  жатып 

та  радионы  еш  кедергісіз 

тыңдап, ел мен өңірдегі ба-

сты жаңалықтардан хабар-

дар болады. 

Көп радиостанциялар му-

зыкалы, ойын-сауықтық фор-

матта  жұмыс  істейді  және 

ол  заңды  да.  Радио  көбіне 

жеңіл ақпаратпен көтеріңкі 

көңіл 


күй 

сыйлайды, 

сөйтіп,  тыңдармандардың 

демалуға деген сұранысын 

қ а н а ғ а т т а н д ы р а д ы . 

Біздің 


радиоарнадағы 

о й ы н - с а у ы қ  

бағдарламаларының орны 

ерекше.  Осы  мақсатта 

түрлі  ойындар  ойналады, 

жүлделер үшін сұраққа жа-

уап  беріледі,  музыкалық 

жұмбақтар 

шешіледі, 

т ы ң д а р м а н д а р д ы ң  

құттықтау,  лебіз  хат-

тары  тікелей  эфирде 

оқылып, күлдіргі әңгімелер 

айтылып, 

тікелей 

желіге 


хабарласқан 

тыңдармандар  өміріндегі 

қызықты 

жайларын 

әңгімелейді.  Сол  сияқты 

түрлі  музыкалық  кештер 

мен  концерттерден  жазы-

лып  алынған  хабарлар 

әуе  толқынына  да  жол-

дама  алады.  Хабарлардың 

ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға 

құрылады,  түрлі  әңгімелер 

мен  актерлік  көріністер  сөз 

арқылы сомдалады.  

 Жарнама берушілер де 

өз  клиенттерін  радионың 

арқасында  табады  де-

сек  те  қате  емес.  Бүгінде 

жұмысбасты 

азамат-


тар  біраз  уақытын  жолда 

өткізеді.  Радионы  көбіне 

көлікте келе жатқан адам-

дар  тыңдайтындығымен 

келісерсіздер.  Міне,  осы 

кісілер- жарнама берушінің 

әлеуетті клиенттері. 

Жоғарыда  айтылғанның 

бәрін  қорытындылай  келе,  

радио  міндеттерінің  сан 

қырлы  екендігін  байқауға 

болады.  Бүгінгі  радионың 

эстетикалық  табиғаты  да 

шексіз, 


шығармашылық 

мүмкіндіктері де мол». 



13 ақпан – Дүниeжүзілік радио күні

Арайлым ҚҰЛТАЕВА,  

ҚМУ ГӘФ журналистика 

мамандығының 1 курс студенті

Өткен  ғасырдың  басындағы 

қазақтың  жаңа  заманға  лайықты 

дамуы  мен  тәуелсіздігі  үшін  ағарту 

жолында  «Оян,  қазақ!»  деп  атқа 

қонған  Алаш  ардақтыларының 

ішінде  азаматтығымен,  адалды-

ғы мен,  ұлтына  деген  шексіз  сүйіс-

пеншілігімен  ерекшеленген  тұлға 

–  Ахмет  Байтұрсынұлы  болған. 

Ол  «Ұлт  ұстазы»  атанып,  қазақ 

қоғамы  мен  мәдениетінің  ілгерілей 

дамуына  орасан  зор  үлес  қосқан 

көсемдеріміздің бірі де бірегейі еді. 

Ақын, 

публицист, 



педагог, 

қоғам  қайраткері    Ахмет  Бай-

тұрсынұлының  туылған  күні  ту-

ралы  әлі  күнге  дейін  нақты  пікір 

қалыптаспаған.  Көптеген  деректер-

де  1873  жылдың  5  қыркүйегінде 

туған  десе,  енді  бір  ақпарат 

көздерінде  28  қаңтарда  дүниеге 

келген  деп  жазады.  Туылған 

күні  28  қаңтар  деген  мәліметті 

негізге  ала  отырып,  айтулы  күннің 

құрметіне  орай    оқу  ордамызда 

ақын-жазушылардың бас қосуымен 

дөңгелек  үстел  мәжілісі  өткізілді. 

Бұл  шараға  қатысушылар  Ахмет 

Байтұрсынұлының 

ескерткішінің 

алдына  жыл  сайынғы  үрдіспен  ар-

найы  гүл шоқтарын қойып, рухына 

тағзым  етті.  Дәстүрлі  іс-шара  осы-

лай  бастау  тапты.  Мәжілісте  алаш 

қайраткерінің өмірі, азаматтық бол-

мысы мен шығармашылығы жайын-

да әңгіме өрбіді. 

«Ахмет  Байтұрсынов  –  поэ-

зия дағы  публицистиканы  қалып-

тастырушы.  Ол  публицистиканы 

«көсемсөз» деп аударғанын» таны-

мал  ақын  Ақылбек 

Қожаұлы 


тілге 

тиек  етті.  Филосо-

фия  кафедрасының 

п р о ф е с с о р ы 

Қалқаман 

Жақып 


Ахаңның  әлеуметтік 

м ә с е л е л е р г е 

қ а т ы с т ы 

к ө з қ а р а с ы н а 

т о қ т а л д ы . 

А.Байтұрсынұлының 

ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы 

туралы 


1992-2010 

жылға  дейін  21  дис-

сертация, ал қоғам қайраткерлігі ту-

ралы  25  кандидаттық  диссертация 

қорғалғанын айтты.  

«Ахаңның 

әкесі 

Байтұрсын 



«Ұлтыңа  жаның  ашыса  оқы»  деп 

өсиет  қалдырған.  Ахмет  Бай-

тұрсынов  сол  өсиетті  орындады»,-

деп  ой  толғады    Қазақстанның 

халық ақыны Әсия Беркенова. 

Сонымен  қатар  студенттеріміз 

өлең  жолдарын  оқып,  күмбірлетіп 

күй де шертті. Ұлт ұстазын ұлықтау 

мақсатында  өткізілген  бұл  бас 

қосудан  алған  үлгі-өнегеміз  бен, 

сезіміміз  айрықша.  Сөзбен  жеткізу 

мүмкін емес!

Адамдық  диқаншысы  қырға 

шықтым,


Көл  жоқ,  көгалы  жоқ  -  қорға 

шықтым.


Тұқымын  адамдықтың  шаштым, 

ектім,


Көңілін көгертуге құл халықтың.

А.  Байтұрсынұлының  осы  өлең 

жолдары оның бүкіл өмірінің эпигра-

фы  іспеттес.  Оның  бүкіл  еңбегінің 

мәнін  бір  ауыз  сөзге  сыйғызып 

айтар  болсақ,  ол  бас    әріппен  

жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.

Ұ Л Т   Ұ С Т А З Ы Н   Ұ Л Ы Қ Т А У

2015  жылдың  23  ақпанында  А.Байтұрсынов 

атындағы  ҚМУ  №2  ғимаратында  жоғарғы  оқу 

орнымыздың  факультеттері  арасында  қазақ 

хандығының  құрылғанына  550-жыл  толуы-

на  арналған  интеллектуалдық  ойын  өткізілді. 

Интеллектуалдық  ойын  А.Байтұрсынов  атындағы 

ҚМУ 


қызметкерлері 

мен 


оқушыларының 

кәсіподақтық ұйымының қолдауымен экономикалық 

факультеттің  «Спарта»  интеллектуалдық  клубы 

ұйымдастырыды.

Ойында  өз  білімін  келесі  факультеттердің 

студенттері 

көрсетті: 

аграрлы-биологиялық, 

инженерлік-техникалық, 

тарих 


және 

құқық, 


ветеринарлық және мал шаруашылық технология-

сы, экономикалық.

Ойынның ерекше қонағы Қостанай қалалық Жа-

стар  бастамасы  орталығының  интеллектуалдық 

клубының  директоры  Тамара  Ивановна  Давыден-

ко болды.

Үш  турдың  нәтижесі  бойынша  экономикалық 

факультеттің «Империя» тобы жеңіске жетті, екінші 

орынды  ветеринарлық  және  мал  шаруашылығы 

технологиясы  факультетінің  «Ақ  орда»  тобы 

иеленді. Үздік ойыншы атағын және кинога 2 билетті 

инженерлік-техникалық  факультеттің  студенті  Ме-

дет Кудайбергенов иеленді. Сонымен қатар ойынның 

барлық  ойыншылары  мақтау  қағаздарымен  мара-



патталды.  

Интеллектуалдық ойын өтті




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал