Монографияның басты жаңалығы, біріншіден, қазақ топонимдерінің



жүктеу 4.65 Mb.

бет1/41
Дата25.02.2017
өлшемі4.65 Mb.
түріМонография
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

1

Кіріспе

БЕРДІБЕК БИЯРОВ 

ЖЕР-СУ АТТАРЫНЫ  

С ЗЖАСАМДЫ   ЛГІЛЕРІ

(монография)

Алматы 2012


2

Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері

Монографияның  басты  жаңалығы,  біріншіден,  қазақ  топонимдерінің 

барлық сөзжасамдық үлгілерін алғаш қамтып жазуы, екіншіден, берілген 

үлгілерге сүйеніп, кірме, саяси, жасанды атаулар мен антротопонимдерді 

ауыстырудың тиімді жолдарын атап көрсетуі болып табылады. Онда табиғи 

нысанның тарихи аты табылып жатса, заңды орнына қайтару жолы; кірме 

атауды калька арқылы аударып, бұрынғы түркілік қалпына келтіру жолы; 

тарихи  аты  сақталмаған  табиғи  нысанның  ерекше  бір  белгісін  анықтау 

арқылы  уəждеп,  берілген  сөзжасамдық  үлгілердің  біріне  сүйеніп  барып 

тың  атау  беру  жолдары  теориялық  жақтан  жан-жақты  қарастырылған. 

Еңбек сөзжасамның ішінен шығатын терминжасаммен тең дəрежелі топо-

нимжасам саласын алғаш қалыптастыруды мақсат еткен. 

Ғылыми  еңбек  əр  облыстағы  Ономастикалық  бөлімдер  қызметкер-

леріне, тіл мамандарына, жер-су аттары қызықтыратын көпшілік қауымға 

арналған.

Пікір жазғандар: 

Ф.Ш. Оразбаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. 

Г.Б. Мəдиева – филология ғылымдарының докторы, профессор.

Бас редактор: Б.С. Қапалбеков,  филология ғылымдарының кандидаты, 

Мемлекеттік тілді дамыту институтының бас директоры.



Бияров Б.

Б 61 



Жер - су  аттарының  сөзжасамдық  үлгілері:  монография 

Б. Бияров. - Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 460 бет. 

ISBN: 978-601-7206-35-2



С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан 

мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған 

(№6 хаттама, 2011 жыл 27 желтоқсан).

© Бердібек Бияров, 2012

© Мемлекеттік тілді дамыту 

 институты, 2012

УДК 811.512.122’373,21

ББК81.2 Қаз-3

УДК  811.512.122’373,21

ББК  81.2 Қаз-3

Б 61


ISBN:  978-601-7206-35-2

3

Кіріспе

КІРІСПЕ

Бүгінде топонимдер еліміздің тыныс-тіршілігіне қажетті бағыт-бағдар 

беретін  таңбалық  қызметінен  басқа  үлкен  қоғамдық-саяси  маңызға  ие 

болып, ұлттық, танымдық сипаттары алдыңғы орынға шықты. Өйткені 

жер-су аттары адамзат қоғамында ғана пайда болып, өмір сүріп, қызмет 

ететіндіктен, сол қоғамда болып жататын өзгерістерден тыс қала алмайды. 

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы өзгерістердің бір бағыты – мемлекеттік 

Тіл  саясаты  болса,  қазақ  ономастикасы  оның  құрамдас  бөлімі  ретінде 

республикалық мəселелер қатарына жатқызылады.

Алайда  ұлттық  топожүйені  мемлекеттік  Тіл  саясатының  құрамына 

алып қарағанмен, ойластырылған шаралар жүйелі түрде жүзеге аспады. 

Тоқсаныншы жылдары қауырт көтеріліп, науқандық сипат алған баста-

малар  тез  басылып,  тоқырауға  ұшырады.  Республика  көлемінде  өтіп 

жататын  ғылыми-практикалық  конференцияларға  қатысып  жүргенде, 

Қазақстан топонимикалық кеңістігін ғылыми тұрғыдан реттеу қажеттілігі 

айқындала түсті. Себебі – топонимдерді ауыстыруда, жаңғыртуда жəне 

тыңнан  атау  жасау  кезінде,  бейберекеттік  пен  сауатсыздық  орын  алды. 

Ол үшін, топонимдер жасаудың типологиялық модельдерін анықтап алу 

қажеттілігі туды.

Сонымен қатар, қазіргі кезде аяқталып болған аймақтық зерттеулер-

де  жеке-жеке  қаралғаны  болмаса,  қазақ  топонимдерін  түгел  қамтыған 

типологиялық  топтастыру  жасалған  жоқ.  Тіл  білімінің  барлық  са-

ласы  сияқты  топонимика  да – қалыптасқан  жүйе.  Жүйе  болған  соң, 

топонимдерді  типтендіруге,  сол  арқылы  топонимжасам  модельдерін 

жасауға мүмкіндіктер бар.

Жұмыстың  негізгі  зерттеу  нысанына  Қазақстанның  əртүрлі  карта-

ларында,  топонимикалық  сөздіктерде  ресми  түрде  тіркелген  (славян 

тілді  атаулардан  басқа)  біршама  тұтас  қамтылған  топонимдер  жүйесі 

жатады.  Ал  мақсаты  тілімізде  бар  сөзжасам,  терминжасам  модельдері 

сияқты,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  түркі  (қазақ)  топонимдерінің 

ұлттық сөзжасамдық типтерін айқындап алу жəне сол типтерге сүйеніп, 

туындап  отырған  қажеттілікке  байланысты,  тың  топонимдер  жасаудың 

үлгілерін  көрсету  болып  табылады.  Атап  айтқанда,  сөзжасамның 

лексика-семантикалық  тəсілі  арқылы  жасалған  түбір  топонимдердің, 

аналитика-семантикалық тəсілі арқылы жасалған күрделі топонимдердің, 

синтетика-семантикалық тəсілі арқылы жасалған туынды топонимдердің 

барлық типтік модельдері ұсынылды.

Зерттеудің  дереккөздеріне  автордың  жоғары  оқу  орнын  бітіргенде 

жазған  бітіру  жұмысы  мен  кандидаттық  диссертация  жазу  барысында 

жинаған жеке топонимдер картотекасын; əртүрлі топонимдік сөздіктерді 

(«Словарь  географических  названий  СССР»  М.:  Недра, 1983.-296с.; 


4

Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері

«Қазақстан  Республикасының  топонимдері»  Алматы:  КазгосИНТИ, 

2001.-426 б.; «Қазақстан Республикасының географиялық атауларының 

мемлекеттік каталогы» 1,2,3,4 томдар. Алматы, 2002 – 2005.); «Мəдени 

мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған «Жеріңнің аты 

– Еліңнің хаты» атты энциклопедиялық анықтамалық (Алматы: «Аруа-

на Ltd», 2006. – 808 б.); Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын 

Басқару  жөніндегі  Агенттігі  жарыққа  шығарған  əр  облыстың  қазақша 

топографиялық  картасы.  Алматы, 2001. (1:1 000 000 масш.)  жəне 

сөзжасам тақырыбына жазылған ғылыми еңбектерді жатқызуға болады.

Зерттеу еңбегінің теориялық маңыздылығына келсек, қазақ тіліндегі 

топонимжасам  үлгілерінің  барлық  түрін  анықтау  жəне  сол  үлгілерге 

сүйеніп,  жаңа  атаулар  жасау  жолдарының  теориялық  негізі  алғаш  рет 

қаланды. Қалыптасқан ғылыми-теориялық тұжырымдар тіл білімінің тіл 

теориясы,  ономастика  жəне  сөзжасам  салаларын  теориялық  тұрғыдан 

байыта  түседі.  Топонимжасамның  теориялық  базасы  тек  қазақ  оно-

мастикасына  ғана  емес,  басқа  түркі  тілдерінің  ономастикалық  жəне 

сөзжасамдық мəселелерін шешуге жолнұсқау бола алады.

Монографияның практикалық мəнділігі де жоғары: ғылыми ізденістің 

нəтижелерін,  айқындалған  үлгілерді  қазақ  топожүйесін  реттеу-

ге, атап айтқанда кірме атауларды ауыстыруда, жаңалауда, тыңнан атау 

жасауда тұрақты түрде пайдалануға болады. Бұл – жұмыстың ең басты 

практикалық мəнділігі. Сонымен қатар кітапта қаралған топонимжасам 

үлгілері қазақ топонимиясының толық сөздігін жасауға, топонимикалық 

атлас жасауға, мемлекеттік əртүрлі карталар түзуге көмектеседі. Қол жет-

кен ғылыми нəтижелерді тіл білімінің лексикология жəне сөзжасам сала-

ларына қолданысқа енгізуге жарайды.

Монографияның  жарық  көруіне  демеушілік  жасаған  Алматы

қаласының  сауда-өнеркəсіп  палатасы  президиумының  төрағасы 

Бияров  Мұқтарханға  жəне  «Мемлекеттік  тілді  дамыту  институты»

жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің  директоры  Қапалбеков 

Бижомартқа авторлық алғысымды айтамын. 



5

Топонимжасам жəне ондағы географиялық нысанның алатын орны

1 ТОПОНИМЖАСАМ ЖƏНЕ ОНДАҒЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ 

НЫСАННЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

 

 1.1 Топонимжасам – сөзжасамның құрамдас бір бөлігі

Қазақ тіл білімінде сөзжасам кеш болса да (1989 жылдардан бастала-

ды) жеке сала болып бөлініп шықты. Аз уақыттың ішінде “қазақ тілінің 

сөзжасамы – негізгі зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті айқындалған, 

зерттеу тəсілі мен əдістері бар, тіл білімінің бір жүйелі саласы” болып 

қалыптасып  үлгерді [1; 6]. Қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесін  негіздеген 

алғашқы монографияда: “… Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөз жа-

сау  процесімен  байланысты  барлық  құбылыстар  мен  заңдылықтарды 

зерттейді, ” – деген тұжырым жасалған еді [2; 8]. “Қазақ грамматикасы” 

атты академиялық жинақта: “Сөзжасам тіл білімінің басқа салаларының 

ешқайсысы атқара алмайтын қызметті жүзеге асырады. Ол – сөзжасамның 

туынды сөз, жаңа сөз жасау қызметі”, - деп атап көрсетеді [3; 191]. 

Қазақ тілінің қайта өрлеу кезеңі басталғаннан бері, ең алдымен тер-

минжасам мəселесі қауырт көтерілді. Терминдерді ұлттық тілде сөйлету 

– уақыт талабынан туған жəне əлі де өзекті болып отырған міндет. Бұл 

салада  бірнеше  іргелі  ғылыми  еңбектер  жазылды.  Терминжасам  кірме 

терминдерді  ауыстыруда,  жаңа  терминдер  тудыруда  сөзжасамдық  əдіс-

тəсілдерге  сүйенгені  анық.  Өйткені: «Терминолог  пен  ономатологтың 

жұмыс  істеу  мəнері  бірдей.  Біріншісі,  терминоэлементтерді  анықтаса,

екіншісі, атау үлгілеріндегі толықтауыш-лексемаларды анықтайды. Екеуі де

сөзжасамдық құралдарды талдайды, бірақ терминолог терминоэлемент-

терді  ұғыммен,  ал  ономатолог  топо  жəне  антроэлементтерді  нысанмен 

байланыстырады» [4; 13]. 

Дəл  осы  кезден (1990-шы  жылдардан)  бастап,  ономастикалық 

мəселелер,  оның  ішінде  жер-су  аттарын  ауыстыру,  жаңғырту,  жаңадан 

жасау жұмыстары да, белсенді жүргізілгені белгілі. Алайда егемендіктің 

екпінімен, буырқанған сезіммен жасалған істерде асығыстық, ретсіздік 

болмай қоймады. Ақырында ұлттық оянудың алғашқы кезеңі аяқталып, 

мемлекеттік  тіл  мəселесі,  өзінің  терминдік,  ономастикалық  салала-

рымен  қоса,  дағдарысқа  ұшырады.  Кемерінен  асып  төгілген  сезімнің, 

эмоцияның ұлы істерге дəрменсіз екені тағы да анықталды. 

Ұлттық оянудың алғашқы сатысында міндетті түрде болатын “сезімге бой 

алдыру” үрдісі қазір сабасына түсті. Енді саналы түрде салмақты зерттеулер 

жүргізу қажеттілігі туды. Қазақ тілін, оның ішінде ономастикалық кеңістігін 

де,  Гераклдың  Авдий  ат  қорасын  тазалағаны  сияқты,  Кемал  Ататүріктің 

түрік  тілін  араб-парсы  элементтерінен  аршығаны  сияқты  сүзгіден  өткізу 

міндеті  алдымыздан  шықты.  Осы  бағытта  жасалған  бағдарлама,  жоспар-

ларда  лексикамызды  тазалау  ұлттық  тілде  термин  жасау,  топоним  жасау 


6

Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері

жұмыстарымен қатар жүргізілуге тиіс. Ғылымға эмоция мен саясатты ара-

ластырмау керек екені мəлім, бірақ қазіргі қазақ тілінің лексикасын “емдеу” 

үшін, саяси бағдарламалар құруға тура келеді.

Осындай  алғы  шарттар  мен  талаптардың  пісіп  жетілуі  топонимжа-

сам деп аталатын тың саланы ашуға мəжбүр етті. Топонимжасам – тер-

минжасам сияқты сөзжасамның ішінен шығады (1-сызба). 

Сґзжасам

Терминжасам

Топонимжасам

Сґзжасам


Терминжасам

Топонимжасам

1-сызба. Топонимжасамның сөзжасам ішіндегі орны

 Əрине, жер-су аттары ғасырлар бойы жасалып, лингвомəдени сипат-

та  болып  келетіндіктен,  тіліміздегі  мақал-мəтел,  тұрақты  тіркес  тəрізді 

даяр күйінде жеткен тілдік бірлік, оны тыңнан жасау қалай болады де-

ген заңды сұрақ туады? Қазір ұлттық топожүйемізде тыңнан топоним 

жасауға деген зəрулік бар жəне бола береді де. Оны ғылыми тұрғыдан 

жүйелеп,  бір  жолға  қою  қажеттілігі  уақыт  өткен  сайын  айқындалып 

келеді.  Негізгі  себептер  мыналар:  Біріншіден,  кірме  атаулардың  ор-

нын басатын топонимдердің табылмауы. Мəселен, қазіргі кезде Шығыс 

Қазақстан  облысында  ресми  тіркелген 20 000 атаудың 3 000-ы  славян 

тілдерінен енгені анықталып отыр. Ол 3 000 атаудың бұрынғы түркілік 

немесе моңғолдық түпнұсқалары ешқайда сақталмаған. Өйткені славян 

тілді атаулардың оларды ығыстырып шығарғанына 300 жыл уақыт өтіп 

кеткен. Енді оларды қалайша жаңғырту керек? Тек жаңа атаулар жасау 

арқылы ғана. Тың атаулар жасаудың жолын білмегендіктен, атсыз қалған 

нысаналарға Ақмарал, Береке, Бейбітшілік, Махаббат тауы, Өркениет, 

Ынталы,  Бақыт,  Шаттық  тəрізді  жер  бедеріне  қатысы  жоқ  атаулар 

беріле  бастады.  Бейілсіз  байлар  мен  белгісіз  батырлардың  есімдерінен 

жасалған антротопонимдер қаптап кетті. Бұны жақсы үрдіс деп атау қиын. 

Жер мен су – атымен, затымен қоса – сол жерді мекендеген халықтың бай-

лығы екенін ескерсек, ондай бейберекеттікке жол беруге болмайды.

  Екіншіден,  кезінде  “Веда”  атты  көне  кітаптың  тілін  түсінбеген 

үнділер  сияқты, “Одиссеяның”  тілін  түсінбеген  гректер  сияқты  көне 

топонимдерді түсінбеген қазіргі ұрпақ аса құнды архитопонимдерді кез 



7

Топонимжасам жəне ондағы географиялық нысанның алатын орны

келген басқа атаумен жөнсіз ауыстыруға кірісті. Мəселен, Катонқарағай 

ауданындағы Парк ойконимі Ұра деген тарихи атауы бола тұра, Ақмарал 

деп атала бастады. Березовка ойконимін Ошағанды деген тарихи атауын 

ескермей, Қайыңды деп атады. Ал Ұра, Ошағанды атаулары сол жердің 

ерекше белгілерін айқындап беретін еді: Ұра – тау арасындағы шұңқыр 

жерге  берілген  топоним  болса,  Ошағанды – “малға  жайсыз,  ошағаны 

көп” деген ескерту беріп тұратын атау. Былайша қарағанда, қайың мен 

ошағанның түбі бір фитоним ғой, айырмашылығы шамалы деуге бола-

ды.  Алайда,  көшпелі  мал  шаруашылығымен  айналысқан  қазақ  ол  жер 

үшін  маңызды  белгі  ошаған  деп  тапқан.  Екі  атау  да  ономастикалық 

концептілерге бай болып келеді. Осы бағытта кете беретін болсақ, жер 

бедерін  білдіруге  қабілетсіз  мыңдаған  атаулар  қолданысқа  еніп  кетуі 

мүмкін. 


Үшіншіден,  қазақ  халқы  ежелден  көшпелі  өмір  сүргендіктен, 

жер-су  аттары  ерекше  маңызды  факторға  айналған.  Əр  атауда  ұлттық 

дүниетаным, психология, салт-дəстүрдің кумулятивті түрде жинақталып 

жатуы өз алдына, əр атау жер бедерін өте жоғарғы дəлдікпен белгілеуді 

мақсат еткен. Атау сол жердің ерекше бір белгісін білдірмесе, көш ада-

сып,  мал  арып,  шаруашылық  күйзелуі  мүмкін  болған.  Мəселен,  Бөрілі 

топонимі  “бұл  жер – бөрі  жасырынатын  бұта-қарағаны  мол,  соқпалы 

жер”  деген  ескерту-концептісін  білдіріп  тұруы  қажет  еді.  Құлынембес 

атауы  “оты  (құлынембес  шөбі),  суы  мол  жер,  тойынған  құлын  енесін 

ембейді” деген ақпарат-концептісін беріп тұрғаны айқын. 

Ал  бүгінгі  ұрпақ  көшпелі  өмірді  мүлде  ұмытқан  десе  де  болады. 

Антрополог-ғалым А.М.Хазановтың айтуынша «ХХ ғасырдың 1920-1930 

жылдары  Орта  Азия  мен  Қазақстан  номадтары  күшпен  отырықшылық 

өмірге  көшірілген»[5;44].  Отырықшылыққа  көшкен  соң,  бүгінгі  буын 

өкілдеріндегі  көшпеліге  тəн  нышандар  да  жоғалды.  Олардың  жер-суға 

адам есімдерін, қайдағы бір дерексіз ұғым беретін əсіреқызыл сөздерді 

қоя  бастағаны  сондықтан  деп  ұққан  жөн.  Мəселен,  үнемі  жел  соғып, 

қарды  ұшырып  əкететін,  мал  тебініне  жайлы  Қаражер  деген  қыстауға 

жаңа  типті  мал  қорасы  салынған  соң,  Стандарт  деген  атау  пайда  бо-

лып, заңды атауын ығыстырып шығарғанын көзімізбен көрдік. Біз үшін 

көне, алғашқы топоним қымбат, өйткені ол – таза ментальді-когнитивтік 

сипаттағы  топоним.  Оның  үстіне  «халықтың  мəдениеті  неғұрлым 

жұпынылау  болса,  ол  өзіндік  этнографиялық  бейнесін  соғұрлым  мол 

сақтайды  жəне  оның  жалқы  есімдері  тұрмыс  пен  дəстүрге  соғұрлым 

берік байланған болып келеді» деген пікір де бар [4; 15]. 

Топонимжасамның негізгі міндеті қазақы атауларды сақтап қалу ғана 

емес,  ғаламдасу  кезінде  ұлттық  бейнені  танытатындай  ұлттық  топо-

нимдер жасау болып табылады. Қазақстан жеке ел болып, тілін өміріне 



8

Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері

арқау  етуді  алға  қойып  отырғанда,  енді  осыдан  былай  сəтсіз  жасалған 

атаулардың, кірме атаулардың топожүйемізге енуіне жол беруге болмай-

ды. Еліміздің баға жетпес қазыналарының біріне жататын топонимдерді 

қалай болса солай қолдану, саудаға салу орын алып келген болса, ендігі 

кезекте белгілі жүйеге енгізіп, дəстүрлі модельдер арқылы саналы түрде 

атаулар жасауға көшуге болады демекпіз. 

1.2  Топонимжасамның негізгі құралы – сөз 

“Сөз – заттың,  құбылыстың,  олардың  өзіндік  қасиеттерінің  аталуы 

ретінде  қолданылатын  тілдің  негізгі  бірлігі”, - деген  анықтамаға  (тағы 

басқа  толып  жатқан  анықтамалар  да  осыған  үндес)  сүйенсек,  сөздің 

негізгі қызметі атау болу (номинативті) қызмет болып табылады екен [6; 

345]. Сөз – сөзжасамның да зерттеу нысаны бола алады: “Сөзжасамның 

негізгі нысаны – туынды сөздің мағыналық құрылымын талдау, оның жа-

салуын, негізделуін, атау сөз ретінде қалыптасу сипатын айқындау” [1; 

10].Тіл білімінің сөзді зерттемейтін саласы жоқ десе де болады. Дыбыс 

– буын – сөз – сөз тіркесі – сөйлем сияқты тіл элементтерінің ішіндегі 

ең  маңыздысы  сөйлем  деген  пікір  қалыптасқан.  Алайда  адамзаттың  ең 

үлкен жетістігі сөз болса керек. Сөз пайда болған соң, оларды бір-бірімен 

тіркестіріп сөйлем құрау қиын болмаған. 

Сонымен  тілдегі  төргі  орынды  сөзге  бергенде,  оның  екі  жағы 

ескеріледі: “біріншіден,  ол  заттар  мен  құбылыстардың  атауы  болудың 

негізгі құралы болу арқылы, адамның шындық дүниемен, басқа адамдар-

мен байланысын орнатуды, яғни пікір білдірудің ең басты элементі бо-

лып табылады; екіншіден, сөз тілдік жүйенің барлық бірліктерін (фоне-

ма, морфема, сөз тіркесі, сөйлем) байланыстырушы да болады” [7; 191]. 

Жалпы  тіл  білімінің  көрнекті  классигі  В.фон  Гумбольдт  тілдің 

таңбалық сипатын алғаш ашқан ғалымдардың бірі екені мəлім. “Сөз, – 

дейді В.фон Гумбольдт, - жекелеген ұғымның таңбасы. Оның құрамында 

үнемі  екі  жақты  бірлік – дыбыс  пен  ұғым – болады.  Сөздің  дыбыстық 

жамылғышы заттың, қатынастың, сыртқы əлемнің байланысының шарт-

ты өкілі ретінде көрінеді. Сөздің мағынасы заттың атауына негіз болған 

ерекше белгісімен уəжденіп, тілдік табиғатпен бекітілген’’ [8; 74]. 

Тілдің  таңбалық  сипатын  біржолата  қалыптастырған  тағы  бір 

көрнекті ғалым Ф. де Соссюрдің пікірінше: “Тілдік таңба өзара қарама-

қарсылықта болатын екі жақты психикалық мəнде болады: таңбалаушы 

(акустикалық бейне) жəне таңбаланушы (ұғым). Тілдік таңбалар – адам 

миында болатын шындықтар. Тіл механизміндегі орталық таңба сөз бо-

лып табылады ” [9; 66; 68].

Жоғарыда келтірілген пікірлердің барлығы сөздің бойындағы мазмұн 

мен тұлға (таңбаланушы мен таңбалаушы) өз бетімен, қалай болса солай 



9

Топонимжасам жəне ондағы географиялық нысанның алатын орны

тоғыса бермейтінін көрсетеді. Олар қажеттіліктен туып, өзара сəйкесіп 

жатады, сондықтан тілдің табиғи қалпында көптеген сөздер уəжделген 

болып  келеді.  Мəселен,  А.А.Гируцкий  орыс  тілі  сөздіктеріндегі 

сөздердің 90%-ы  уəжденген  деп  есептейді [7;175]. Тілдік  таңбаның 

негізінде жатқан уəжденген нышан барлық тілдерге тəн. Мысалы, қазақ 

тілі  лексикасындағы  бор  сөзінің  негізінде  боз  сөзі,  яғни  «ақшыл,  сұр 

түс» мазмұны жатқанын байқау қиын емес. Тек тұлғасындағы ротоцизм 

құбылысын ескерсе болғаны (р~з дыбыс алмасуы), бор сөзіндегі негізгі 

уəж (ол затың ерекше бір белгісі де) “ақ түс” екені анықталады. 

Тілші-ғалымдардың  сөзді  негізгі  таңба  деп  есептеулерінің  тағы  бір 

себебі, сөзге когнитивтік сипаттың тəн болуында. Сөз əуел бастан тари-

хи  тəжірибеден  жинақталған  мəліметтерден  тұратыны  белгілі.  Қазіргі 

заманғы  биолог-ғалымдар  адам  ДНК-сының  өз  ата-бабасы  туралы 

барлық  мəлімет  жазылған  компьютердің  жады  сияқты  екенін  анықтап 

жатса,  сөз  өз  бойына  ұлттық  тілдің  барлық  ақпаратын  жинақтаған 

компьютердің  жады  сияқты  деуге  болады.  Бастауын  психолингвистер-

ден  алатын  когнитивті  тіл  білімі  қазіргі  кезде  өркендеу  дəуірін  бастан 

кешуде. Ал оның алғашқы дəнін В.фон Гумбольдт: “Тіл халық рухының 

сыртқы көрінісі сияқты: халықтың тілі – оның рухы, халықтың рухы – 

оның тілі – бұдан артық тепе-теңдікті елестету қиын”, - деген пікірмен-ақ 

егіп кеткен еді [8; 25].

Когнитивті  тіл  білімінің  негізгі  мақсаты – “тілде  бекітілген  жəне 

сөйлеуде  байқалатын  адамдық  білімдер  жүйесін  табу” [10;274]. Сонда 

когнитивті  тіл  білімі  көнеден  келе  жатқан  “тіл – болмыстың  көрінісі” 

(Гераклит) деген дəстүрлі тіл білімінің негізгі мəселесіне қайтып орала-

ды. Шынында да: “Қазіргі тіл білімінің барлық бағыты дерлік бұрынғы 

дəуірлерде айтылып кеткен теориялардың біріне барып тіреледі. Көпшілігі 

мұраға қалған тілдік дəстүрлерді айқындап, түсіндіріп, толықтырып қана 

жатады” екен [7; 3-4].

Когнитивті  тіл  білімі  қазақ  тіл  білімінде  де  кеңінен  тарап  келеді. 

“Когнитив”  терминін  тілдің  кез  келген  саласына  орынсыз  тықпалауды 

ескермегенде,  біршама  құнды  ғылыми  еңбектер  мен  оқулықтар  жарық 

көрді. Тілдің когнитивтік белгісі, негізінен, лексика мен сөзжасамда анық 

байқалады.  Лексикадағы  əр  сөздің  бойында  шығу  тарихынан  бастап, 

күні бүгінге дейінгі “өмірбаяны”, семантикасындағы ұлттық белгі, салт-

дəстүр – барлығы кумулятивті түрде сақталып жатады. Айырмашылығы: 

бір  сөздің  когнитивтік  мағынасын  ашуға  болады,  енді  бірін  тап  басып 

анықтау қиынға соғады. Бұл тарихи принцип байырғы сөздер мен кірме 

сөздерге бірдей тəн болып келеді. Мысалы, көне түріктер Қытайдан он 

екі  циклдік  жыл  санауды  қабылдағанда,  айдаһарды,  амал  жоқ,  ұлуға 

ұқсастырып,  жыл  атын  бергені  мəлім.  Бұрын  елеусіз  болып  келген 



10

Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері

жəндік жылды иемденіп қана қоймай, қытай тіліндегі лү ‘’айдаһар’’ атын 

да қабылдады. Лү қолдану барысында ұлу-ға айналды. 

Когнитивизм жалқы есімдер табиғатына ерекше сай келеді. Көптеген 

кəдімгі  сөздер  өздері  таңбалайтын  нысанды  жоғалтып  алса,  жалқы 

есімдер,  əсіресе  топонимдер,  таңбалайтын  нысандар  жер  бетінде  сай-

рап  жатыр.  Қазақстан  топожүйесін  зерттеу  барысында,  Морты  де-

ген  шағын  қабақтың  аты  көп  толғандырған  еді.  Кейін  сол  жердің  қарт 

тұрғындарымен  сөйлескенде,  ертеректе  қабақтың  астынан  əк  тастарын 

алып пайдаланғандары мəлім болды. Осы белгі Морты атауының Борты 



> Борлы “əк тасы (бор) бар жер” екенін анықтап берді. Мұндағы м-б, т-л 

дыбыс алмасулары тіліміздің тарихында бар құбылыс екені белгілі. Со-

нымен жалқы есім мен сөздің қасиеттері бірдей деуге болады. 

Р.А.Будаговтың  айтуынша: “Сөздің  қарапайым  айқындылығы  оңай 

байқалатын  секілді  көрінгенмен,  сөз  туралы  түсініктің  өзі  күні  бүгінге 

дейін тіл біліміндегі аса күрделі мəселелердің бірі болып отыр» [11; 57]. 

Тіл  білімі  тарихында  сөздің 70-тен  астам  анықтамасы  кездеседі  екен. 

Солардың  ішінде  А.А.Реформатский,  Д.Н.Шмелевтер  сөздің  атаулық 

(номинативті) қызметін бірінші орынға қояды: “Сөздер болмыстағы зат-

тар  мен  құбылыстарды  атауы  мүмкін:  бұл  номинативтік  қызметі,  атау 

қызметі; таза осы қызметті атқаратын сөздер – жалқы есімдер… ”, - дейді 

А.А.Реформатский [12; 36].

Тіл  тарихындағы  “Мəскеу  мектебінің”  өкілі  А.Х.Востоков  тілдегі 

сөздердің  бəрін  “бірінші  класты”  жəне  “екінші  класты”  деп  бөліп 

қарағаны  мəлім.  Бірінші  топқа  адамды,  оның  дене  мүшелерінің  атын, 

туыстық атауларын, табиғаттың негізгі нысандарын (аспан, жер, су т.б.) 

білдіретін  сапалық,  сандық  атаулар,  есімдік,  жалғаулар,  етістіктер  мен 

одағай сөздер (көбінесе зат есімдер мен сын есімдер) жататынын айтады. 

Бұл сөздер əр тілдің ең көне, негізгі қабатын құрайды да, əртүрлі тілдегі 

осындай сөздер сəйкес келсе, олардың туыстығын дəлелдейтін деректер 

бола алады. Екінші топқа еңбек құралдарының атын, кəсіптік сөздерді, 

өнер т.б. салаларға тəн сөздерді жатқызады. “Бұлар бір тілден екіншісіне 

жиі ауысып отыратындықтан, салыстырып отырған тілдердің туыстығын 

дəлелдеуге жарамайды”, - дейді [13;36].

А.Х.Востоков жалқы есімдерді “бірінші класты” сөздерге жатқызғанда, 

адамдардың өздерін-өздері ажырату үшін, кеңістікте бағыт-бағдар жасау 

үшін, қажеттіліктен туды деп есептеген болуы керек. Бұл өте дұрыс пікір 

жəне, тіпті, адамның дене мүшелерінің аты мен туыстық атаулардан 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал