Монография өиделіп, толықтырылган бесінші басылымы



жүктеу 53.85 Kb.

бет1/22
Дата08.01.2017
өлшемі53.85 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

-
ミ'.、
V,
^
 
'

З е й н о л л а  
Қ А Б / \ 〇Л 〇В
Ө Ж Е Р І
О Қ У Л Ы ІІ-  МОНОГРАФИЯ
Өиделіп,  толықтырылган 
бесінші басылымы
Алматы
2002

Б БК  83.3 
<5
Каз)
Қ13
КАЗАХСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ   Б ІЛ ІМ   ЖЭНЕ 
ҒЫЛЫМ  МИНИСТРШГІНІН БАҒДАРЛАМАСЫ 
Б О Й Ы Н Ш А   Ш Ы ҒАРЫ ЛЫ П  ОТЫР
К /і
А К Л Ш
\ЗАКСТАИ  РЕСПУБЛИКАСЫ  ҮЛТТЬҒҚ FblÂUÀ 
ЕМИЯСЫНЫҢ Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ВШ НШ І 
ДӘРЕЖЕЛІ  СЫЙЛЫҒЫН АЛҒАИ a m


қ і з
К^бдолов З е й н о л л а .—
 

Сөз  өнері. 

  Алматы:  “ С а н а т '  2002. 

  360  бет, 
ISBN   5-7090-0335-2
“ Сөз анерінде^ өдебиет теориясының» шыпармяшылык  психо- 
логиясының  жәңе  жазушы  шеберлшнің  өзекті  мәселелері  өзара 
сабақтаотырыла тарихп тургьщан жан-жақты байыпталып, бай әрІ 
багалы  деректер  негіэінде  нускллы,  н ө зік  һәм  терек талданады.
Алгашқу нүсклсы 4,Мектепм баспасынан  1970 жылы, енделіп, 
толыктырылган  нүсқасы  “ Санат” баслйсынан  1991  жылы  жарыіс 
көрген бүл монография  келе-келе студенттер мен аспиранггардың 
қолынан  туспейтін  күнды  оқулыкка  айналып  кеггі-
Окулык-монография  бүл  жолы  кзлың оқырманның сүраны- 
сына  орай  жаналан  басылып 

 ыгып  отыр.
li 
С

Торай^ыроз
卿 如
 
- >
ISBN  5-7090-0335-¥b lH fla rW  
化 _ 货  Ж Ш С   “ Санлт”  баспасы,  2002

СѲЗ  БАСЫ
I
К д з а қ т о п ы р а ғ ы н д а ғ ы   ө д е б и е т т у р а л ы   г ы л ы м   т у у

к д л ы п -  
тасу дәуірінен  өлдекдшан  етті,  Бүл  ғылым  бүгінде  күрделі 
(әрі  қи ы н 3  әрі  қы зы қ)  даму  一   өсу,  өркендеу  кезендерін 
бастан  кеш іріп  отыр,
Атап  айтсақ,  қазақ өдебиетінің тарихын түгендеу  бағы- 
тында  жаңа  дәуірге  сай  біршама  батыл  адымдар  жасалды. 
Орта мектепке, жоғары оку орындарына арналған окулыкгар 
мен оку күралдары,  эр алуан арнаулы зерттеулер мен моног- 
рафиялар,  әсіресе  44Ақтандактар  ақикдтына”   байланысты 
толғаныстар  мен  талдаулар 

  осының  айғағы.
Әдеби  сынымызда да  әжептәуір 
а ж а р  
бар.  Көркем  шы- 
ғармашылыкгың қандай  келелі мөселелері мен нә зік қубы- 
лыстары  болсын,  кдзіргі  әдеби  сын  талдап-тексеруге  де, 
барлап -6айыптауға да  өзір.
Осы  регген  алып  кдрағанда,  біздің  әдебиеггануда  күні 
кешеге дейін кенже кдлып келген сала — өдебиет теориясы.
Сөз ж о қ,  мүны  сокз тимеген  ты ң десек,  ағат  болар  еді. 
Әдебиеггің тарихы мен сыны оның теориясымен тығыз бай­
ланысты  екенін  ескерсек,  бедгілі  кдаақ  әдебиетшілерінің 
адй-қайсысы  болса  да  өздерінің  ірі,  іргелі  зерггеулері  мен 
сын  еңбекгерінде  әдебиет  теориясын  орағытып  өтпегені, 
оның бір жайы болмаса бір жайын қозгап-байк^ганы даусыз.
Әдебиет теориясын  зерттеу ici  кенжелеу жатты дегенде 
біз  бұл  ш ындыккд  көз жүма  кдраудан  аулақпыз.
Сөйте  тұра,  республикамыздың  жоғары  о ку  орындары 
үшін  әдебиет теориясынан алпысыншы жылдардың аягына 
дейін  ("Свз өнерінің” бірінш і басылымы  1970 жылы шықгы) 
қззақша  о кул ы к жазылмай  келгенін  айтпауға  болмайды.
192b  жылы  Ахмет  Байтүрсынов  өзінің   “ Әдебиет таныт- 
кьіш ы н”   кітап  кьіп   бастырып  шығарды,  Бүл  біздің  жыл

санауымыздан  үіи  ғасырдан  астам  бұрын  Эллада  елінле 
ж а р ы қ  көрген  А ристотельлің  “ П о эти ка сы ”  тәрізді  сөз 
өнерінің  болмысы  мен  бітім ін  жүйелі  байьштайтын  казак 
қогамындагы  түш ъіш   теориялык зерттеу  еді.
Аралары  бір-бірінен  тым  алиіак жаткднына  қарамастан 
бұл екі кітапты озара салыстыра,  қатар атауымыздың мәнісі 
— екеуі де:  бірі грек әдебиетінің,екінш ісі  клзак әдебистінін 
алгашқы  “ әліп-билері” . Асылы, үздік кдсиеттер бір-бірінен 
кднша  ерекше  болса,  бір-біріне  сонша  үксас  болады...
Бірақ,  амал  не,  Ахаң  “ тағдыр  тәлкегіне”   түскен  тұста 
"Әдебиет таны тқы ш ” та автормен біргс жойылып  кетті.  Бұл 
еңбекпен пайдалану былай тұрсын,  оның атын  атаудың өзі 
қылмы с  боп  есептелді.  Ахаң  ашқан  әдеби  терминдерді 
қолданган  Есмағамбет  Ысмайылов  пен  Зейін  Ш а ш ки н н ің  
жазбалары да  “ Әдебиет таны ткы ш ты ң”  аяғын  қүшты.
Сонымен,ж е тп ісін ш і  жылдарға  ш екті  стулент-фило- 
логгар мен журналистердің қолынла жүрген бірден-бір құрал 

  Кджым  Жүмачиевтің  орта  мектепке  арналган  к%
Әдебиет 
теориясы”  ғана  болғаиы  мәлім.
Әрине

Қ.Жұмалиев  кітабының  кдзақ  әдебиеттаиуын- 
дағы  орнын  да,  тек  мектеп  окушылары  гана  емес.  кдлын 
көпш ш іктің эстетикалы қ  талгамын қвлыптастыруда оңдаған 
жылдар бойы  аткдрған  ролін де еиікім  жокхд  шығармайды. 
Алайда  бүл  әдебиет  теориясының  түбірлі,  түбегейлі  мәсе- 
лелерін кеңірек және тереңірек зерттеу міндетін күн тәртібі- 
нен  түсірген  ж оқ,  кдйта  бізді  сол  әрекетке  мегзей  берді.
1961  жылы  біз тұңгыш   рет  мемлекеттік  ушіверситеттер 
мен  педагогика л ы қ  институттерге  ариап  “ Әдебиеттану 
негіздерінен”  багдарлама жасадық.  Ол  бірнеше мәрте басы­
лып  шыкты.  Бірақ ұстазлар үшін де,  шәкірттер үшін де тек 
багдарлама  гана  емес,  сол  программалык  проблемаларды 
байсалды иайымдайтын, сөйтіп жогарыда кѳрсетілген олқы- 
лы кты ң орнын толтыратын  арнаулы  еңбек  жазу  кажеттігін 
ѳмірдін  ѳзі талап  етті.
Қолыңыздагы  кітап,  міне,  дәл  осы  мүадеден  туды.
Әдебиет  теориясынан  жазьығап  монографиялар,  оку- 
лықтар  орыс тілінде  бірқыдыру.  Жоғары  оку орындарында 
осы  кезде  пайдаланылып жүрген  оку қүралдары,  негізінен, 
Г.Л.Абрамович  пен Л.И.Тимофеевтің*  кітаптары.  Бұларлан 
баскд  Ф .М .Головенченконы ң,  H .A .Гуляевтік,  Г.Н.Поспе- 
ловтын,  Л.В.Щ епилованын  және  баскдлардың  кітаптарын
• 
ГЛ.Абрамович  Введение в литературовеленис.  M  ,  “ Просвещение,,

Х915.Л.И. Тимофеев. Основы теории литературы.  М.. “ Просвсшсние” ,1971

атап айтуға болады. Ал А.М .Горький атындағы дүниежүзшік 
әдебиет  институтінің  гылыми  кызметкерлері  дайындап, 
ж ары қка  ш ы гарған  үш   то м д ы қ  “ Әдебиет  те ор и я сы ” * 
айтыл.мыш саладағы ірі адым,  іргелі еңбек.  Бүл үш  кітаптагы 
көптеген  нақты   тарауларда  галым  авторлар  теориялық 
проблемаларды тексерудегі тарихи көзкарастың (историзм- 
нің) маңызын іс жүзінде үтымды таныталы; бірқатар батыл, 
тың  және  қы зы к  теориялық  толғамдар  ұсыналы;  бай  әрі 
бапілы  әдеби  деректер  негізінде  нүскдлы  талдаулар  жасап

 
дәлелді түйінлер шығарады. Осы айтьиіғандардың өзі аталған 
томдардың,толып  жаткдн  даулы  түстарына  кдрамастан, 
әдебиеттанудың  ке ң е с тік  кезеңіндегі  әж ептә уір   әдемі 
құбылыс  екенін  аңгартса  керек.
Тегінде  әдебиет  теориясынан  жоғары  оку  орындарына 
арналып жазылган кітаптардың әркдйсысы эр сипатта болып 
келеді.  Айталы қ,  Г.Л.Абрамовичтің  “ Әдебиеттануға  к і-  
ріспесінде”  әдебиет теориясының алгы  шарттары  мен тұң- 
гыш  түсініктері,  ең  кджетті  детальдары  мен  қарапайым 
жайлары  сараланса,  Л.И.Тимофеевтің  “ Әдебиет  теория- 
сынын негіздері”  ең алдымен көркем туындыларды,  стиль- 
дерді, ағымдар мен жалпы әдеби  процесті талдап-тексерудің 
принцинтері  мен  методикасын  кдрастырады;  ал  авторлар 
ко.тлективі жазыгг игыгарған үш томдық ^Әдебиет теориясьГ' 
жалпы  әдеби  дамудың  тарихи  заңдьшығын  іздеп  табуды 
көздейді.
Демек,  әдебиет  теориясынан  жазылып,  ж ары қ  көрген 
әр  кітаптың тек  өзіне  ғана тән  осындай  ерекшеліктері  бар. 
Бүл  заңды  да:  бірінен-бірі  аумай  түратын  егізлің  сыңа- 
рындай,  біртектес,  бірін-бірі  кдйталай  беретін  бір  типті 
“ Әдебиет теориясын”   жасау шарт емес.  М үн ы ң  ѳзі,  зерттеу 
оСѴьектіміз бір болган ына кдрамастан, біз де әдебиет теория- 
сының өзекті мәселелерін тек өзімізше баиыптауымыз кджет 
екенін  аңғартады.  Бүл 

  бір.
Екіншіден,  орыс тілінде жазылып,  ж ары қ көріп  жүрген 
теориялык зерттеулер мен окулыктардың әркдйсысындағы 
әр тарап  пікірлерді,  өзара айтыскз түсіп

бір-Ьіріне  кереғар 
келіп отыратын түрліше үғымдар мен түсініктерді оз алдына 
қойғанда,  қазіргі  теориялық окулықтарға  айтылып  жатқан 
сындар  мен  ескертпелер де  әр  алуан.
Сынаушылардың  біркдтары,  әсіресе’  әдеби  теориялық 
үгымдардағы  схоластикалы қ,  ф орм алистік  сипаттарга
• 
Теория литературы. Основные проблемы в историческом 
освещении• 
в трех томах. 
М.,  АН 
СССР.  î962-1965.

көбірек  назар  аударып  жүр.  Айталык,  жазушы  С.Алтонов 
профессор  Л.Тимофеевтін  редакдиясымен  шыкхдн  эдеби 
терминдердің  кыскдша  сѳздігіндсгі*  байланыс  (завязка), 
шарыктау (кульминация),  ілешім (развязка) туралы түсінік- 
терді сынға ала келіп,  оны Аристотельлің  %
к...бүтіннің басы, 
ортасы  жэне  аягы  болатыны” **  туралы  тым  клрапайымдау 
кдгидаларымен  салыстыралы да.  біздің жыл  санауымыздан 
бұрынғы  IV   ғасырдың  Аристотелі  мен  екі  арамызда  сан 
ыклым  дәуір  өткенмен  әлгі  бір  ежіктеуден  әлі  ұзай  алмай 
жүрген  “ біздің  әдебиеттанудың  алга  жылжуы  каплай  баяу 
еді?” … деп  күйзеле  таңыркдйды.
Бұл  сынды,  әрине,даусыз түжырым,  үзілді-кесиіді үкім 
ретінде кдбылдауға болмайды.  Мәселен,  С.Аіггонов мысалға 
келтірген А.Чеховтың “ И т жетелеген әйелінде”  шешім жок., 
И .Буниннің "Антонов алмаларында'' байланыс  га,  шарыктау 
да, шешім де атымен  ж о қ  екен деп,  жалпы әдеби шыгарма- 
лардың  сюжеттік  желісінде  мүіідай  кезендер  болатынын 
ж окхз  шығару ағат.  Сөйте түра,  әлебиеттің теориясы  оның 
бүгінгі тірі  практикалы қ процесімен тығыз байланыста  бо­
луын  талап  еТкен  игі  ниетке,  занды  ты екке  таласудың  да 
кджеті  жок.
Әдебиеттің теориясын оны н практикасымен  байланыс- 
тыру  —  КЛЫННЫҢ  клы ны.  Эсіресе  дэл  осы  байланыстьщ 
ж ѳні  мен  тэсілін  табу  қиы н.  Дегенмен  Л е ни н нін   *'атал 
айтқанда  теория  практикага  айналатын,  практика  аркылы 
жанданатын,  практика аркылы түзелетін,  практика арқылы 
тексерілетін  тарихи  кезең  туып  отырғанын” … *  айрықша 
ескерткен  парасатты  байлауына  сүйенсек,  әдебиет теория- 
сын кѳркем әдебиеттің кдзіргі практикалык жай-жагдайынан 
айыра  кдрамауымыз  шарт.
Бұдан  шығатын  екін ш і  түйін  —  әдебиеттіц  теориялык 
мәселелерін  бірыңғай  қисыига ғана айналдырып,  оны әлле- 
бір  қасаң  ереже,  кейде,  тіпті,  қатал  заң  ретінлс  үсынбаи, 
теориялықтолғамдарымызды жазушылык шебсрлік мәселе- 
сімен,  кджет  жағдайда  кдламгерлік  өнсрдің  кд ы н  иірімде- 
рімен ұштастыра, коркем творчествоиын психологиясымсп 
байланыстыра  жүйслеп  отыруымыз  керек.

JI. Тимофеев  и  Н. Вен герое.  Краткий  словарь  литературоведческих 
терминов.  М..  Учпедгиз,  1958.
**  Ариститсіь.  Поэтика. 
М.,  ГИХЛ,  1957,  стр.  62
• "   С.Антонов.  Письма о рассказе.  М  ,  ''Советский  писатель” .  1964, 
стр.  185.
***•  В.И.Ленин.  Шыгармалар  толық жннагы.  Алматы,  “ Клзақстян
”,
 
35-том,  216-бет.

Осынау егіз-кдтар екі талап түрғысыпан әдебиет теория- 
сы ны ң  негіздері  болып  табылатын  өзекті  мәселелерді 
өзімізше  байыптап-байкдгымыз  келеді.
10.011970
Кезінле осылай аяқталған  "Сөз басына,
,тағы бір шағын 
бап  (§)  косы п,ойымызды  одан  әрі  тұжырымдай  түсу  шарт 
секиілі.
Неге?
Бұл сауалдьщ жауабы:  "Сөз онері”  әдебиет теориясының 
негіздерін  толгайты н  монография,  талдайтын  о қу л ы к 
ретіііде  алғаш рет жеке  кітап  боп  жарыккд  шыкхдлы  (1970) 
отыз екі жыл өтіпті.  Содан бері заман,заманга тәуелді алам, 
аламнан жаралатын әдебиет, өдебиеттен туатын әдебиеггану 
кдпдай  кү іі  кеш кені  әмбеге  аян.
Соңғы  он  жьиі  мегдарывдағы  заман  жаңа,  дәуір  тың. 
КчОгамлык жүйе де  озгерді.  Ксшегі  Кецес  Одагына  шогыр- 
ланған  он  бес  республика бүгінде жан-жак>сд тарап,  әрқай- 
сысы  өз  алдына  дербес  мемлекет  болып  кетті.  Соларлың 
бірі  Кдзақстан  да  қазір  ешкімге  тәуелсіз  егемен  Ел 

  азат 
Кдзақ мемлекеті.
Омірлегі осы ѳзгерістер өнерге

оның ішінде сѳз өнеріне 
де өз ѳрнегін тѳгіп,  өз әсерін тигізбей, өз ықпалын жүргізбей 
коймайды.
Дәл осы арада әдеби ортадағы бір ж аңсақтүсінікті айтпай 
кетуге  болмас.  Э сте ти ка л ы қ  сауатьт  ш а гы н  біреулер, 
мәселен,  Кеңес дәуірі өтті,“ Кеңес әдебиеті”  сонымен бірге 
кетті,  өйткені ол  жалған  әдебиет еді деп  ойлайды да  “ шын 
әлебиет енді  басталады”   деп  жазалы.  Ағат  үгым!
Адам  баласының  ар-ожданына,  ақыл-ойына,  сыр-сезі- 
міне суарылған  көркем  әдебиет яки  әр  халықтың автопор­
трет!,  ұлтты қ  ке скін -ке лб е ті,  тағдыры  мен  т ір ш іл ігін ің  
кѳркем  шежіресі  болып  табылатын  сѳз  өнері  әрқашан  өз 
орнында, тапжьиімайды, өзінің түбегейлі тарихи миссиясын 
атқару  абыройында  кала  береді.
Әр дәуірдің әдебиеті — сол дәуірдің айнасы.  Сөз өнерінің 
өмір шындыган “ шындап”  кдна коймай, келешекке 

 келер 
үрпақтан  үриаккд  “ шегелеп”  кдлдыратын  күдіретті  күш і де 
осы  арада  жатыр.

Сол  эдебиет  пен  әдебиеттану  бүгіндс  тоталитарлық 
тәртіптің  түсауынан  босанын,  творчестволык.  еркіндікке 
шыкты.  Әдебиеттің  таптыгы,  партиялылығы  деген  идео- 
логиялы қ қондырмалар ла  кері  шегінді.  Кеңес  әдебиетіиің 
бірден-бір көркемдік әдісі ретінде кдлыгітаскдн социалистік 
реализмді шыгармашылыккд салынған шідер деп біліп, одан 
да  ат-тонымызды  ала  кдшып  жатырмыз.  Бірақ,турасын 
айтсақ,  Кеңес  кезіндегі  әдеби  көркем  ренессанс  та  жаңа 
қогамлагы  эконом икалы қ  және  мәдени  хал-ахуал  тәрізді 
түйы қка  тіреліп,токырауға  ұшырағанын  мойындамасқа 
шара  жоқ.
Мұхтар Әуезовтің бүкіл лүние жүзіне әйгілі 

Абай жолы” 
эпопеясы  —
— XX  ғасырдагы  Кдзақ  көркем  сөзінің  Абайдан 
кейінгі даму тарихында қилы -кллы  қиындыктар мсн кедер- 
гілерге  кдрамай ѳрбіп,  ѳсіп,  өркендей  келе шыркдп  шыідсін 
mыңы.  Ренессанс  деп  отырғанымыз да  —  осы!  Кѳркемдік- 
кемеңгерлік келбеті  күллі  парасат әлемін тандандырған бүл 
гасырлық туынлы  — мәңгілік кітап жазушылык шеберліктің 
кешегі,  бүгінгі және ертенгі ең б и ік деңгейін белгілеп берді.
Әуезов шыңына шыгу. әрине. киын. Десек те колына калам 
^стағандардьщ  бір  де  бірі  колынан  келгенше  Жсѵне  жеткеѵі 
жеріне  дейін  бүл  суреткерлік  биікке  оз  жолыи  тауып,  өз 
ерекшелігімен өрлемесе, кері шегінуге клқы жок,  Кдзіргі клзақ 
жазушыларының ең таіанттььпары осы  міндетті орыидаганда 
ғана  біз  әлгі  айтылған түйы қ пен  токыраудан  шыға  аламыз.
Жаңа басталган X X I  гасырдагы  одеби дамудыц ең үлкен 
максаты  мен  мүддесі,  дәлірек  айтканла,  қазақ  әдебиет- 
шілерінің алдында тұрған ең басты  кдрыз бен  парыз — осы!
оірақ бұл аз уақытта аткдрыла  қалатын  шаруа емес.  Бүл 
үш ін  кдламгерлің  іш тей、сырттай  біршама  творчестволық 
түлеуі кджет, яки  әдебиет әлемінде эстетикалық талгам  мен 
талапты  тезден  өткізетін  кәдімгілей  метаморфоза  керек. 
Әдебиетшінің  дүниетанымында,  шынлыккд  козкдрасында 
әртүрлі  жаңғырулар,  жаңарулар  болуы  шарт.
Әлгіде біз жазушылар *'творчестволык еркіндікке шы кты” 
дедік. Осының ѳзі шартты нәрсе. Жә, жазушы “ тоталитарлык 
тәртіптің түсауынан бЬсанды”  делік, бірақол ѳзіне өэі қоятын 
б и ік  талап  пен  терең  талғам  тәртібінен,  керек  десеңіз

 
жазылмаган  заңынан  еиікдшан  босана  алмайлы.  Асылы, 
дѳуірлік  талап  пен  омірлік  талғам  ж о к  жерде  дені  дұрыс 
эдебиет те  ж о к   Бүл  акикдт естен  шыклауға  тиіс.
Айталық.  әдебиеттің таптыгы.  Мүнын. озі  кезінде дәуір 
рсЕояѵовдялы ѵч  т г л г т г н   т у ғ а н   л г н д ы я ы қ . 
Қогамда  тапты қ  жіктелу  болмаса,  таитардың  өзара  ымы-

расыз  тартысы  болмаса,  революциялық  күрес  те  болмаған 
болар сді.  Ал  революциялық төңкеріс  нәтижесінде орнаған 
таптық коғамда таптан тыс өдебиет болуы мүмкін емес. Десе 
ле,осы  “ зандылыіс”  келе-келе  зансыздыкхд  айналды  да 
көркем 
гв о р ч с с тв о и ы ң  
өзіне  тән  табипі  даму  заңын  тас- 
талкдн  етгі.  Пролетариат диктатурасының түсында төменгі 
таптың  сойылын  сокпаган,  жоғаргы  тапты  жактаған,  я 
болмаса барлык тапкд бірдей ісараған эдебиет те,  әдебиетші 
дс  куғын-сүргінге  үшырап,  арадан  аласталып  кетті.
Сонлай-ақ,  мәселен,әдебиеттін  партиялылыгы.  Бүл  — 
Ленин  талап  еткен,  Ленин  партиясы  қалаған  кджеттілік. 
Бүл  да  бүкіл  пролетариат  әдебиеті  үш ін  катал  қагидаға, 
булжымас  заңга  айналды.  Бүл  заңды  да  күллі  кеңес  жазу- 
иіылары түгел  мойындап,  бір  ғасыр  боны  осы  ұранның ас- 
тында жүрді;  Владимир  Маяковскийлен  Хамит  Ерғалиевке 
дейін  осы  заңмен  өмір  сүрді:
Явившись
в  Це  Ка  Ка
идущих
светлых лет.
над бандой
поэтических
рвачей  и  иыжиг
я  подыму,
кгік  большевистский  партбилет,
исс сто томов 
моих
партийных  книжек.
Е/. Маяковский.
Біз дс^  бүгін  пахталамыз  уш  ссс 
一 
Лісыиларлыц  шамы түнде соибсйді.
Ж ырнммз ла  —  партияныи  мүшссі:
Партиялык поэзия  сөйлейді!
Х.Ерғишсв.
Әдебиеттің  партиялылыгы  дәуірлеп,  үстемдік  құрган 
түста  әдеби  ш ы гарманы ң  кө р ке м д ігін е н   гөрі  идеялық 
жағына  көп  көніл  бөлінлі.  Жазушылар  когамның  сарап- 
шысы,  ұлттың  жэне  сол  аркылы  бүкіл  ел-жүрттың  көсемі 
болудың  орнына  озінен  өзі  ш өжіп,  билік  басыидагы  бір 
ғана “ партияның к(змекшілерінем айналды.  “ Партия адамы” 
— партиялык. әдебиетгіц бас  кейіпкері  болды.  Коммунист 
парти ясы н、Кецес  ш ы нд ы ғы н  ж ы рлаган  шығармалар 
көбінесе  жалаң  үгітке,  жалацаш  үранга  күрылды.

Сол секілді.  мысалы,  социалистік реализм.  Бул  — социа- 
листік  жуйені  ныгайту  талабынан  туган  эдеби  эдіс.  Сѳз 
өнерінің  ғасырлар  бойгы  даму лаңгылы  —  егіз-кдтар  екі  оліс 
романтизм  мен  реализм  десек,  бүлардык  бірінлегі  сыриіьиі- 
д ы қтан,е кін ш ісінл егі  сыншылдыктан  сактанып.  екеуін 
біріктіру,  бірлікхе  кошіру  әрекетінен  атышулы  социалисгік 
реализм пайда боллы.  Бұдан шыккян нәтиже ягни бүл арадағы 
жол  айырығы 

  принцип:  сыншыл  реализм  өз  кезіндегі 
қоғамдык жүйепі әлсіретуге кызмет етсе, социалистік реаіизм, 
керісінше,  күшейтуге  кызмет  ететінін  зандандыру.  Бүл 
принцигітің  негіздері  жаңа  әдістің үш  түрлі  “ ерекшелігінде” 
жатты: біріншілен,  шынлыісгы, тек кана шыьиіыкты суреттеу; 
екіншіден,  шындыкхы  тарихи  накты  суретгеу;  үшіншціен, 
шындыкты  революциялық даму үстінле суреттеу.
Бұлардың  алғашкьі  екеуінде  ешкдндай  ерекшелік  жок
,:
 
ш ы нды кты   суреттеу  ж эне  оны  тарихи  нақты   суреттеу 
реализм  атаулының табиги  болмысы  мен  б ітім і,кашаннан 
солай  жэне солай  болып  кдла  береді.  Ерекшелік  үшіншіле: 
“ ш ы нды қты   революциялык.  даму  үстінде  суреттеу” 
一  
суреткер  м үм кіидігін  шектеу.  оиы  сыншыллық  сипаттан 
айыру,  ешкдйда  бұрылтпау,  когамдагы  ке м ш іл ікті  емес 
жетістікті,  тек  алға  басуды,  ілгерілеуді,дамуды  гана бейне- 
леу...  Партия  меи үкімет кенес жазуіиьиіарын осы  принцип- 
ке  багындырып,  олардың  әр  саладағы  және  әр  жанрдагы 
керкем   туы нды лары н  идеялы қ  ж ағы нан  осы  талапқа 
икемдеп,  тізеге  салып  иіп  әкеле  берлі.  М үны ң  өзі  Кеңес 
дәуірінлегі  эдебиет  пем  оиергс  кері  әсерін  тигізгені даусыз.
Осьиіардың бәрі халкдіімьгздьщ откен  гасырлағы  коркем 
дамуында  болган  аклкдт  шынлық.  Бүған  ешнәрсе  қосуға 
да, бүдан ешнәрсе алуға да болмайды.  Бүларды тарих бетінен 
сызып  тастау тіпті  де  мумкін  емес.
Демек,  бізге  кдлған  бугінгі  міндет 

  осы  тарихтың 
байыбына  тереидеп  бара  түсу,  гасырлан  гасырға  көшігі 
отыратын  әдеби  дамудың  кезең-кезеңдерінлеіі  мұншалық 
күрделі  күбылыстарды  ж ан-ж акты   пайымлау.  адам  мен 
коғам,  өмір  мен  өнер  арасындағы  кдрым-катынаста  әр 
дәуірдің  идеологиясына  байланысты  бол май  коймайтын 
мүндай  тірі  процестердің  мағынасы  мен  м әнін,  сыры  мен 
сипатын  зерттей  келе  олардың  туу  себептері  мен  қүру 
салдарын  зерделеу,  сайып  келгенде,  халықтың кдзіргі  жаңа 
замандагы  көркем  дамуына  ауадай  клжет  түиіндер  түйіп, 
түжырымдар  жасау,  корытындылар  шығару.
10.01.2002
ю

Бірінші тарау 
СОЗ  О Н ЕРІ  ТУРАЛЫ   CG3
I
Не  нәрсенің  болса  да  теориясын  пайымдамас  бүрын, 
аллымен,  онын  ѳзіи  аны к танып,  біліп  алган  жѳн.
Біз әдебиеттің теориясын толгамаклыз.  Ал  осы  эдебиет 
дегеннің  ѳзі  не  нэрсе?
Эрине,ана  тіліміздегі  сх)ебиет деген  сөздің  түп  төркіні 
арапша  ( o  Çv 

/  ) (ітаудан  ш ы кхзны н —
— сөз,  а сш  сөз деген 
мағынасы  öap  екенін,  орысша  литература  деген  атаудын 
латын созі (Littera) акенін 

  әріп’  жазу-сызу 
мағынада 
колданылганын  бьіу  онша  қиы н  емес.  Коркем   эдебиет 
легеннін байыбына  бара  түсу керектігін  айткднда,біз  жүрт 
алдына муншаііықжадағай, әріпшіл талап  қоюдан аулақпыз.
Бірак. мынаған  назар  аудармаскд  бола  ма?
Университет  аудиториясында  смтихан  жүріп  жатыр.  Әдсбиет 
тарихынан  сабақ беретін тәжірибелі  үстаз алдында жас  шәкірт отыр. 
Лрада 

  стол  үстіндс  бір  жапырак билет:  бірінш і  сауал 

  Ғабидсн 
Мүстафиннің  "Караганды''  романы.
Үстаз тыңдайды,  щәкірт сөйлейді.
Обалы  не  керек.  шәкірт  сөзгс  кенде  кісінің  түрі  смес.  орагыта 
жосылтып,  сілтеп  отыр*

•  Қараганды”  

  Караганды  туралы 
ж а з ы л г а н  
шыгарма. 
Караганды  болганда,  ол  жерден  өткен  гасырда  Апақ дегеннің  алгаш 
рет  к о м ір  т а у ы п  
алганын Ғабит Мүсірепов өзінің “ Оянган өлкесііше" 
аитып  откеи  болатын.  Ал  мына  кітапта  Мустафин  жолда с  сол 
Кзрагандынын біздіц дэуірімше кдлай ѳсіп-ѳрксндсгенін, онын бүкіл 
одак каасміндегі орасан зор комір алыбына кдлай айнатганын жазады. 
Онлірісте маман кадрлар коллективі үйымдасып, оның кѳмір өндірісін 
оллн әрі өркендстксніи айтады.  Бүрынгы ѳндіріс күралдары: атбарабан, 
колбүран,  тәшкс  болса,  ксйін  техникамың  врубмашина

электровоз

 
көмір  комбайны  сиякты  күрдслі  түрлері  шыгып,  кол  жүмысы 
байндайдЫ- Өндірістс 6\рын-со»ды баімаган ашык шахта 
калай  пайда  болганыИ  сөз стеді...

Үстаз  шәкіртті  үзак тыңдады,  үлксн төзіммен тыңдады  Сырттай 
Караганда,о н ы ң  айты п  оты рганы   ө т ір ік  емес:  “ Караганды ”  романында 
осындай  мдеялык  мақсат  бар  екені  рас.  Ала>ша  дэл  осы  идея  капай 
көрсетітді, кдндай коркемдік шсшім тапты7 Бүган әдеби-эстетикаіык. 
сауатты  жауап  жок.  Сондыктан  үстаз  шәкіртті  амалсыз боліп:

  Жә,осы  шындык роѵсанла  кдлай  жинакгпиган? 

 леді.
Шәкірт  аңыра токтады:
— Жинактаіған?

  Иә,  жинакталган...  Обобщение деген  магынпда  ғой.

  Обобщение?
Енді  үстаз тгиціана бастады:

  Озіц  обобщение,  яки  жинактау  дегенді  түсінбей  отырганнан 
саумысың?
一 ?

 Сенің әлгі айтқандарың —  көркем шыгарма емес, техникалык 
кітаптарда  жазылатын  жайлар.  Әдеби  туындыларда  бүл  шынлык 
юінакгау 
аркылы 
кѳрінѵте тиіс.  Мен  соны сүрап  отырмын.
Шәкіртге  үн  жок.
— Шырагым,  —  дсді  үстаз  амалсыз  клбақ  шытыгі, 

  сен  өзің 
көркем  олебиет дегеннін  не  екенін  анык білесің бе?
Шәкірт шамданды:

  Түу,агай  неге білмейін...

 
Білсең.  айта 
қойшы. 
өдебиет деген  не?
— Е,оның не  айтатыны  бар? Әдебиет дсген 

  эдебиет
Енді екеуі де  үнсіз еді...
Амал  не,  жағдай  осындай.  Бірсыпыра  жүрт осы  шәкірт 
сскіл д і,  әдебиет  д е ге н н ің   не  екем ін,  о и ы ң   өзіне  тән 
ерекшелігі  (спецификасы)  кдндай  екенін  жете  білмейді. 
О ны ң  эстетикалы қ   табиғатын,  квркемдік  критерийлерін 
н ә зік  түсіибейді.  С онды ктан  олар  әнш ейін  долбармен 
жүреді.  Олардың жазушыга  кояр талабы  — жалаң идеялық 
TcLian  кдна.  Ш ығарманы  талдау орнына  мазмұнын  айтады. 
Онда да,әлгі  ш әкірт тәрізді,шығарма  шындыгын  адамдар 
тағдырына  байланыстыра  кдрамаііды,  шаруашылық шара- 
ларына  тслиді:  кітаптаи  іздейтіні  —  көмірш і  емес,  көмір; 
мұнайшы  емес,  мүнай...
Ж оқ,  бүган  төзуге  болмайды.  Бүларға  әдебисттің  сыр- 
сипатын,  болм ы с-бітімін  аныктап,  талдап  түсіндіру  кз- 
жет-ақ.
Ж ә,  сонымен,  эдебиет  дегенім із  не:  от  па,  су  ма? 
Ш ынында да  “ поэзияны  біреу — су десе,  біреу 

 от дейлі” 
(Белинский).


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал