Молдабаева Ұлдана Еділбайқызы



жүктеу 10.82 Kb.

бет1/20
Дата12.06.2017
өлшемі10.82 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1
                          
Молдабаева Ұлдана Еділбайқызы
Замана сыры

2
3
УАҚЫТ  ШЕЖІРЕСІ.  
400 беттік қолжазбаны оқып шығып, ойландым. 
Бұл шығарманы əдебиеттің немесе журналистиканың 
қандай жанрына жатқызу керек екендігін ойландым. 
Ендігі бір сəтте: «осы туындыны оқырманға ұсыну 
қажет пе, қажет емес пе?» деген сауал туындады. 
Бірақ, қолжазбаны оқыған сайын оның басты кейіпкері 
де, баяндаушысы да Ұлдана Молдабаевамен бірге за-
ман шежіресіне тереңдеп ене бересіз. Кітапта бір 
ғана əулеттің шежіресі, нақтылап айтқанда, тарихы 
жазылған. Қолжазбаны оқи отырып қай заман болма-
сын адам саясаттан тыс қалмайтындығын түсінесің. 
Мұнда да солай.  XIX-XX ғасырлардың тарихынан елес 
беретін деректер мен дəйектер көз алдыңызға келеді. 
Ашаршылық та, соғыс та, колхоздастыру да, саяси 
қуғын-сүргін де, бір сөзбен айтқанда, бұл кітапта қазақ 
халқы  басынан өткізген тарих бар. Сонымен бірге, ав-
тор сол заманның көріністерін суреттей отырып өзінің 
де көзқарасын білдіретін сəттер кездеседі. Сондықтан 
да «бұл туынды керек пе, керек емес пе?» деген сауалға 
тарихын, өткен күндердің оқиғасын білгісі келетін 
адамдарға, заман шежіресінен қорытынды жасап, ой 
түйетін, ата-анасын, əулетін құрметтейтін кез-келген 
азамат үшін қажет. «Оның жанры қандай?- деп сау-
ал қоюдың  да қажеті жоқ. Бір сөзбен айтқанда, осы 
шығарманы оқыған кез-келген адам қоғамнан тыс 
қалмайтындығын түсінеді. Ол қоғамдық қатынасты 
дамытуға өзінің үлес қоса алатындығын біледі.  
Мұнда əулет шежіресі бар. Ол қарапайым, күнделікті 
ауызекі сөзде айтыла беретін тіркестерді пайдалана 
УДК  94(574) 
ББК  63.3 (5каз)
     М  66
М 66    «Замана сыры»  Молдабаева Ұ.Е.   - Тараз: «Формат-
Принт», 2014.- 507бет.
ISВN  978-601-7173-83-8
Бұл кітаптың авторы халқымыздың басынан кешкен небір 
қиын-қыстау кезеңдерді бір əулет, бір аймақ азаматтарының 
тауқыметтер мен қуаныш, қайғысы кезектескен өмір тари-
хын, олар айтқан шежірелі əңгімелерді, мұрағат деректерін 
келтіре отырып баяндайды. Халқымыздың басынан өткен та-
рихи оқиғаларды өзінше өрнектейді.
Осыдан да кітаптың туған елінің, өлкесінің шынайы та-
рихын білгісі келгендерге, жалпы оқырман қауымға берер 
танымдық деректері мол.
 
 
УДК  94(574) 
 
 
 
 
  ББК  63.3 (5каз)
ІSВN  978-601-7173-83-8                  Ұ.Е. Молдабаева
 
,
 2014ж.

4
5
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТАҒДЫРЛАР ТОЛҒАУЫ
(Алғысөз орнына)
Соңғы жылдары ұлтымыздың тарихын жүйелеу, 
түгендеу, келер ұрпаққа хатталып жетуіне қол жеткізу 
жайлы аз айтылып, жазылып жатқан жоқ. Ал, ел тари-
хы - өлке, облыс, аудан, ауыл тарихынан бастау алаты-
ны  əркімге белгілі ақиқат. Демек, шынайы шындықты 
арқау еткен қандай жазбалардың болмасын  тарихы-
мызды тануға, талдап, таразылауға тигізер көмегі зор.
Қолдарыңызға тиіп отырған  кітаптың  басты 
ерекшелігі де осында, өмірден өткен үш жалғыз—бір-
бір атаның соңғы ұрпақтары əжесі, əкесі, анасының, 
естеліктерін жаңғыртып,  олар араласқан туған 
аулының  адамдарының бастан кешкен  оқиғаларын 
халқымыздың өткен, кеткенімен байланыстырып, 
мұрағат деректерімен дəйектеп    түзе алғанында. Онда 
да  он тоғызыншы ғасырдың соңынан бастап, жиыр-
масыншы ғасырды түгел алғандағы  халқымыздың  
тағдырына əсерін тигізген ең маңызды, ірі оқиғаларды 
қамтыған. Санамалар болсақ, қазақ халқының қаймағы 
əлі бұзыла қоймаған патша заманынан бастап, 
Кеңес дəуірі басталғандағы аумалы-төкпелі кезең, 
кəмпеске науқаны, отызыншы жылдардағы қолдан 
ұйымдастырылған ашаршылық пен нəубет, яғни халық 
жауы деп бас  көтерер азаматтарды  жазалау, екінші 
дүниежүзілік соғыс  қасіреті, одан кейінгі бейбіт 
жылдардағы Қызыл империяның жүргізген саясатының 
зардаптары, ел тəуелсіздігінің алғашқы кезеңіндегі 
қиыншылықтар өрнектелген.
Кітапта  есімі айтылған  адамдардың қай-қайсының 
отырып баяндалады. Ең бастысы - оқырман түсінеді. 
Бұл кез-келген шығарманың басты қазығы болса керек. 
Сонымен бірге, оқырман кітап желісімен бірге бірде за-
ман тұңғиығына сүңгісе, енді бірде бүгінгі көріністерді 
көз алдынан өткізеді. Тағы бір ерекше айтатын мəселе-
ұмыт бола бастаған дəстүрлеріміз бен сөзіміз мұнда 
жақсы айшықталған. Сондықтан да болса керек ол 
сіздің жаныңызға жақын, көңіліңізге нұр құяды, ойлан-
дырады, толғандырады. 
Автор жазушы да, журналист та, тарихшы да 
емес. Кейбір ой орамдарында, сөз тіркестерінде 
кемшіліктер көрініп тұрады. Бірақ, бұл жағдайлар 
күнделікті өмірімізде, сөйлеген сөзімізде, айтар ойы-
мызда кездесетіндіктен, тіпті, өмірлік нормамызға ай-
налып кеткендіктен оны «кемшілік»-деп айту да қиын. 
Ең бастысы, айтар ойы түсінікті. Оқисыз, түсінесіз, 
тұшынасыз, одан кейін ойланасыз. Сіздің де əулетіңізде, 
сіздің де жеке басыңызда осындай оқиғалар болған. 
Сіздің тарихыңыз да тереңде. Тарихын білген, оны 
саралап, ой қорыта алған азамат өмірде қателіктерге 
өте сирек бой ұратындығы белгілі. Қолжазбаны оқи 
отырып, мен автордың тілі таза, көңілі пəк, ойы терең 
екендігін аңғарғандаймын. Ондай адамнан өзгелердің 
көңіліне жететін туынды шығатынына сенемін. 
Əулет тарихы-уақыт тамыршысы, шежіресі. Əулет 
шежіресі біздің өмірбаянымыз. Ешкім өмірбаянын сы-
зып тастай алмайды. Оның жақсы да, жаман да жағы-
Сіздің өміріңіз. Бір сөзбен айтқанда, шығарма-адам 
өмірі, оның қоғамдағы орны, көзқарасы.  
Мақұлбек Рысдəулет, 
Қазақстан Республикасының 
Құрметті журналисі. 

6
7
нан,  атақты ақын  Өзібек Ақжолұлының қолында  
өскен) үйіне   айттап барғанда көршілерін, солардың 
ішінен  Бүбішайым  əжемізді, Əсілхан жеңгемізді  жəне 
кішкентай қыздарды да көретінмін. Ұзақ əңгімелесуші 
еді-ау ақ жаулықты апалар. Ал, біз екі бөленің ауладағы  
ойыны да таусылмайтын. Сол  алаңсыз, қамсыз балалық 
шағымызда  қазіргідей емес, бəрі тапшы, қат болса да 
адамдар кеңпейіл,  əсіресе, ауыл əйелдерінің  қолы 
ашық еді. 
Əлі есімде,  Қымқап апамыздың зікіріне  қатысуға 
өзге абысындары сияқты  апам күнібұрын,  қатты 
дайындалушы еді. Ең таза киімдерін киетін. Айт сай-
ын Қымқап апамыз  ауылды аралап, біздің үйге де 
соғып,  аруақтарға бағыштап,  құран оқып кететін. 
Шаруашылықтағы ең қарт коммунист  əкем де, колхоз-
шы   анам да намаз оқыды. 
«Құс та өз тағдырымен ұшады» делінген 
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадистерінде. Біздің ауыл 
адамдарының қай-қайсы болмасын өзгеге ұқсамайтын 
өз тағдыры болды. Кейбірінікі  өте  қайғылы  да еді.
Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының орта 
тұсында  Горбачев билік еткен,    жариялылық зама-
ны туған кезеңде  мұрағаттарда  құпия ұсталып келген 
құжаттарға  қолым жетіп,  нəубет құрбандары жайлы та-
лай мақала жаздым. Бірі --  МТС директоры қызметінде 
жүргенде  тұтқындалып,  «халық жауы» деп айыпталған   
қазақ елінің  арыстарымен бірге Шымкентте атылған 
Жақаш Мамыров туралы болатын.
Қыз бала болғандықтан болар кітап авторы 
 
Мамыровтың  кімнің көрсетуімен ұсталғанын аңдата  
тұра, оны    айыптау сөздеріне бармаған. Алайда,  
болсын өмір тарихы өз алдына бір шығармаға  арқау  
боларлық. Нешетүрлі  қиындықты, қиянатты, азап пен 
итқорлықты көрсе де алда жарқын күндер барына сен-
ген, Жаратқаннан бар тілегі  ұрпағының амандығы ғана 
болған, ауыр еңбектен жұбаныш тапқан қайран біздің 
аталарымыз, əкелеріміз, əжелеріміз бен апаларымыз! 
Соғыстан соң туған ұрпақ өкілі мен  осы кітапта атта-
ры аталғандардың көбін дерлік көзбен  көрдім десем 
де болады. Айталық, солардың бірі  Игенбай атамыз  
қайтыс болғаннан кейін оның  əйелі Əлия жалғыз қызы 
Сарқыттың, менің қайын енемнің  қолында,  Түймекент 
аулында тұрды. Балажандығы керемет еді. Жиен қызы 
Дина  əлі күнге өзін Сəмбет Игенбайдың қызымын деп  
атайды.
Үш ауылдан тұратын шаруашылық тарихынан да 
кітапта біраз  дерек келтірілген. Іріленген 1950 жыл-
дан бастап, ширек ғасырдан астам уақыт колхозда 
екі адам ғана басқарма төрағасы болғаны да көп жай-
ды аңғартады ғой. Мұның сыры  əрине, аға ұрпақтың   
ынтымақшыл, еңбекқор, дау-шар дегенді білмейтін, 
жұмсаған жаққа жүре беретін  көнбіс табиғатында жа-
тыр. Сондай еңбек торыларының   бірі  Еділбай ағамыз 
еді. Негізінен мал шаруашылығында жүргендіктен  ау-
ылда көп бола бермейтін. Əсілхан жеңгеміз де есімде. 
Қай жылы екені есімде жоқ, облыстық газет редак-
циясына алғаш келгенінде Ұлдананың Еділдің қызы 
екенін  анасынан айнымаған  көз жанарынан бірден 
танығанмын.
Бала кезде көргендерің- тасқа қашалған жазудай ғой, 
қалай ұмытылар!  Ізтілеу Мінəрбековтің  апасының  
(бұл кісі менің анам Таразы екеуі  Ақыртөбе ауылы-

8
9
соң ақталды» деген  атпен жариялаған  мақаламды 
оқыған  Орынбек Тілеубаев ағамыз беделін салып 
жүріп елу үш жыл бойы  қазақтарды қынадай қырған 
Фрунзенің атында болып келген ауыл атауын өзгертуге 
қол жеткізді. Облыс əкімі Өмірбек Байгелдінің 
1992 жылдың 6 шілдесіндегі №60 шешімімен туған 
аулымызға Ж.Мамыров есімі беріліп, содан бері 
«Жақаш аулы» атанып келеді. Бұған да, тəубе! 
Жалпы,  Ұлы бабамыз Сəмбеттің өзі қаздырған 
тоғанының бойын жағалай отырған ауылдардағы 
ұрпақтарының  замана зейілімен  көрмеген азабы, 
бармаған қиыры,  көтермеген сынағы  жоқ . Əріге 
бармай-ақ кешегі күндей күркіреп өткен екінші 
дүниежүзілік соғыста ауылдан аттанған аталарымыз 
бен ағаларымыз барлық майданда дерлік шайқасты. 
Бресте соғыстың алғашқы оғы атылғанына куə болған 
Иманқұл Жақсығұлов, кейін партизандар сапында 
шайқасты. Атақты Сталинград шайқасында  менің əкем 
Толқынбай Бəйсейітов оң қолынан жараланып оралды. 
Қылышбай Ұшанаев –Ленинградты қорғаса, Сапарəлі 
Сабырұлы мен Түгелбай Артықбаев Берлинге дейін  
жорықпен барды. Қожағұл Əкетаев жауынгерлік Даңқ 
орденін Жапонияға қарсы   ұрыстарда  көзге түсіп алды. 
Бұл тізімді жалғастыра беруге болады.
Сол сұрапыл соғыста  Сəмбет ұрпақтарынан тұратын 
үш ауылдан 144 боздақ майдан даласында қаза тапты.
Қолдарыңызға тиген  мына кітапта да  сол соғыс 
қасіреті, талай шаңыраққа қайғы əкелгені  туралы да 
жазылған.
Рас, Ұлдана  қалыптасқан жазушы не болмаса 
төселген журналист емес. Сондықтан да  қаламгерлік 
ақиқатын айту керек, Əулиеата НКВД-сын басқарған 
Капустин мен оның «досы»   Əбдіқадыр Асаубековтің  
дəурені жүріп тұрған   сол отызыншы жылдары аудандық 
партия комитетінің бірінші хатшысы Əділ Сəттібаев, 
Ново-Ивановка  (қазіргі Жетібай аулы)  МТС-інің  ди-
ректоры Жақаш Мамыров, оның орынбасары Ақзен 
Иманов, колхоздарды  басқарған Сүйінбай Сүмбілов, 
Рахманқұл Бұқарбаев, тағы басқалар бар  талай аза-
маттар жазықсыз жазалауға ұшыратылды. Тіпті, басшы 
азаматтар ғана емес, қарапайым еңбек адамдарын да 
аямаған. Сəмбет Байқондының кенжесі Тəймөңке, оның 
ішінде Дамылша аталығынан  шыққан Наурызбек бидің 
баласы Əліпбайды ауылда мұрап болып істеп жүрген 
жерінен тоған басынан ұстап əкеткен. Сонда  қызы 
Күлхан  əкпеміз жас бала екендігіне қарамай артынан 
іздеп барып, жолығып, тілдесіп қалған. Арада көп жыл 
өткеннен  кейін Алматыда  оқып жүргенімде  кей дема-
лыста  табиғаты əсем өңірдегі Қарғалы кентінде тұрған  
əкпеміздің үйіне баратынмын. Күйеуі Фахреддин  Ах-
метов екеуі ұзақ жыл Жамбыл, Алматы облыстарын-
да ұстаздық еткен,  ұл-қыздары арасынан ғалымдар 
шыққан əкпеміз  бірде  елуінші жылдары Буденовка  
(қазіргі Түймекент) мектебінде де сабақ бергендерін,  
бір күні  Əбдіқадір Асаубековтің кешірім сұрап келгенін 
де айтқан. Сонда   қолы селкілдеген   пендеге  мұндай  
жазаны   Құдай бергеніне   сенгендіктен тіс жарып  
үндемеген. 
Ал,  «Рысқұловтың құйыршығы» деген жаламен 
жазықсыз жазаланған   Жақаш  Мамыров   туралы 1988 
жылғы 18 қарашада   «Еңбек туы» (бүгінгі «Ақ жол») 
газетінде мұрағат деректері негізінде «Қайтыс болған 

10
11
КІРІСПЕ.
Осыдан тура бір жыл бұрын, дəл осы жиырма екінші 
қаңтар, жексенбі күні бастаған бұл еңбегімді бір-екі 
күннен кейін мүлде тастадым...
Бұл күнде кітап түгіл газет-журнал бетін ашып 
оқымайтын замандастардың, жастардың салғырттығы 
түңілдіргендей...
Ондайлар тек теледидар бағдарламасы мен 
жұлдыздар өмірінен бірер мəлімет алса болды. Тарих, 
əдебиет деген мүлде қызықтырмайды. 
Жазушы болмасам да қаншама уақытымды жұмсап, 
өткен екі ғасыр оқиғаларын жадымнан қайта өткізіп 
жазып шыққанда соны оқитын жан болар ма?! Оқып 
қана қоймай сонау сөрелерінің бір шетіне қойып сақтай 
ма?  Əлде ең бір жаман жерде жата ма? - деген сұрақтар 
жеңіп қолға алмай қойған ем...
Жоқ мүмкін емес! Бəрі бірдей ондай емес! Өткенді 
ойлап, бүгінгі күнге тəжірибе жинақтайтын, жиған-
тергенін келешекке жұмсайтын жастар аз емес!- деген 
үміт жеңіп қолыма қайта алғанда тура бір жыл өтті. 
Иə, сонымен Мағжан атамыз айтқандай «Мен 
жастарға сенемін!»
Мақсатым тағдырдың жазуы ма, əлде Алланың 
бұйрығы дейміз бе ұлы баба Дулаттан тараған үш рудың 
өкілі, бір-бір атаның соңғы ұрпағы апам – Бүбішайым, 
əкем Еділбай, анам – Əсілханның өмір жолдарынан 
көрген, естіген, есте қалған оқиғаларды еш əсірелеп, 
əрлеусіз, бүкпесіз сол қалпында жазып кейінгі ұрпаққа 
естелік қалдыру болды. Қазіргідей адамзат баласының 
қатыгезденіп, ағайын туғаннан, бірге туған бауырдан 
тəжірибесінің кем  түсіп жатқанын байқататын тұстар 
бар. Есесіне, оқиғаларға, құбылыстарға деген  өз 
 
көзқарасын  жеткізуі, толғаныстары сəтті шыққан.
Ең бастысы  бұл кітаптың, авторының  өз сөзімен 
айтқанда, «апам Бүбішайым, əкем Еділбай, анам 
Əсілханның өмір жолдарынан көрген, естіген, есте 
қалған оқиғаларды еш əсірелеусіз, бүкпесіз, сол 
қалпында жазып, кейінгі ұрпаққа естелік қалдыру 
болды. Қазіргідей адамзат баласының қатыгезденіп, 
ағайын-туғаннан, бірге туған бауырдан, тіпті, ата-ана-
дан безіп, тура бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін кейбір 
пенделердің жүрегінің бір түкпірінде, мүмкін сəл 
де болса сəуле оятар ма деген үміт жеңді» деген ізгі 
мақсатпен жазылуында.
Біле-білсек, туған  ауылдың шынайы  тарихы – ке-
лешек ұрпақтың тəрбиесі мен тəлімі үшін керек. Осы-
дан да Ұлдананың тағылымы мол тағдырлар жайлы 
толғаған  алғашқы кітабы өз оқырмандарын көптеп та-
бады  деген ағалық игі тілектемін.
Тұрсынхан Толқынбайұлы,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,
Байзақ ауданының Құрметті азаматы
 

12
13
Сондай-ақ  осы  үш  жалғыздың  соңғы  ұрпағы  
болғандықтан  да  өмірдің  өзі  маған  үлкен  жүк  
артқандай. Соңымнан  ерген  кейінгі  ұрпақ  та  ата-
бабаларымыздың  басынан  кешкен  оқиғаларды  жазып  
қалдырғанымды  жөн көргендей...
Сонымен...
Жарықтықтар – үшеуі де барынша ақкөңіл, адал, ба-
рынша қолы ашық, қонақжай, биік адамгершілік иелері 
болатын.
... Қазіргі өзім өмір сүріп отырған қоғамда осыншалық 
таза, ақжүрек адамдарды табу қиын боп барады. Оның 
үстіне,Төбесіне алтын құйып бақсаң да
Қыздың аты қыз ғой шіркін қашанда – деген өлең 
жолдары бекер айтылмаса керек. Орнында отырып, 
түтінін əрі қарай түтетіп, тегін жалғастыру қолдан 
келмеген соң өмірдің бұлтартпас заңдылықтарына 
бағынбасқа не шара. 
Соңымнан ерген бауырларымның: - Əпке, бұл күнде 
өмірден өтіп кеткен ата – бабаларымыздың   басынан 
кешкен  жайларды көп білетін біздің əулеттен жалғыз 
сіз –ақ қой. Сіз де біразға кеп қалдыңыз. Өткен мен 
бүгінгінің арасындағы алтын көпір сияқты, сіз кетсеңіз 
біз тамырымызды таппай қалуымыз мүмкін ғой, – деген 
сөздері күш бергендей еді... «Ораза, намаз тоқтықта!»-
деген ғой. Бұрынырақта теледидардан қарапайым еңбек 
адамдары жайлы хабарлар жиі көрсетілетін сияқты 
еді. Бұл күнде бұл үрдіс сиреп бара ма қалай?-деп те 
ойлайсың кейде. Мүмкін менің бұл ойым дұрыс та 
емес шығар. Əйткенмен қырда мал баққан малшылар 
жайлы, ойға егін салған егіншілер жайлы, жердің жеті 
қабатына түсіп кен қазған, өмірінің əр секунты қауіп-
тіпті ата-анадан безіп, тура бүгінгі күнімен ғана өмір 
сүретін кейбір пенделердің жүрегінің бір түкпірінде 
мүмкін, сəл де болса сəуле оятар ма деген үміт жеңді. 
Жазған соң əрине ол кісілердің замандастары да 
қамтылары анық. Өйткені олар қалың қоғамның ара-
сында өмір сүрді ғой.  Жеке, дара емес.
... Ия, естелік қалдыру депті ғой, - деп біреулер 
мүмкін таңданар. Біреулер мысқылдар, енді біреулер 
дұрыс бопты дер.
Əдетте естеліктер, өмірбаяндық шығармалар, 
кітаптар атақты қоғам қайраткерлері жайлы, жазушы, 
ақындар, ғалымдар қала берді артистер жайлы болады.
Ал менің ата-анам, апам қоғам мүшелерінің бұл 
бөлігіне мүлде жатпайды. Кəдімгі қарапайым еңбек 
адамдары. 
Мына дүниені, өмірді алып театр десек, сол театрдың 
елеусіз ғана көптеген актерлерінің бірі ғана.
Өмір деген алып қазанды қайнатып тұрған тек 
атақты тұлғалар ғана емес, ең негізгі бөлігі, бөлігі емес-
ау тұтастай өмірді құрайтын осы еңбекші қауым емес 
пе?!  Жəне еңбегі ескеріле бермейтін қорғансыз, елеусіз 
бөлігі де осылар.
Жазушының жазып қалдырған еңбегі де, атақтарын 
əлемге жайған еңбектерінің жемісі де осы қарапайым 
тіршілік жəне қарапайым тіршілік иелері.
Актерлердің ойнаған рольдері ше? Ол да осы 
қарапайым өмір. Сол өмірді сүріп өткен адамдар. Сол 
рольдерді ойнау арқылы талай өнер саңлақтары шықты 
емес пе?! Осындай түрлі ойлар мазалап жүргеніне та-
лай жыл болған шығар. Ақыры, жаз! Жаз! - дегендей  
ой басым түсіп тəуекелге бел будым.

14
15
тастап кету сияқты келеңсіз жайлар да кездесіп жата-
ды. Адамзат тəубешіл болса екен. Бейбітшілікпен атқан 
əрбір таңға шүкірлік қылса екен,-деймін.   
          Түрлі пікірлер мен кедергілерді аттап өтіп 
қолыма қалам алғанда, кезінде естіген, көрген 
жайлардың талайы бұл күнде көмескі тарта бастағанын 
да байқадым. Арада өткен ұзақ уақыт көп оқиғаларды 
өз тұңғиығына батырып, талай жайлардың бұл күнде 
санадан мəңгі өшкені де айдан-анық. Менің көңілімдегі 
көп сұрақтарға, анық емес жайларға ел ішіндегі егде 
кісілер мен бұл күнде бірлі-жарымы ғана қалған 
ақсақалдардың есте сақтағандарының жəрдемі тиер. 
Бұл күнде көбісі бақилық, фəни жалғанда бірен-сараны 
ғана қалған қилы заман куəгерлерінің жүріп өткен өмір 
жолдарын қолымнан келгенше баяндап көрейін.
                      
қатерге толы кеншілер жайлы, мыңдаған градус ыстық 
оттың шарпуында жүріп кен балқытқан металлургтер 
жайлы, ғылымда, медицинада небір түрлі ғажайып 
жаңалық ашқан ғалымдар жайлы қанша жазса да, те-
ледидардан қанша көрсетсе де көптік етпейтіндей. 
Осы айтылғандардың бəрінің төрт тұяғы тең басылып 
тұрғанда ғана халықтың қарны тоқ, көйлегі көк.  Сонда 
ғана айтылған əн де жарасымды, билеген би де орын-
ды. Бұл осы айтылғанның бəрі кем түсіп жатыр-деген 
пікір емес.  Аллаға шүкір, қазір Қазақстанда сарабдал 
саясаткер, халықтың бақытына ғана туған аса білікті, 
жан-жақты Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев осы 
айтылғанның бəрінің қарқынды дамуына барынша 
көрегендікпен басшылық етіп, барынша тура жол ба-
стап келеді. Бұлақтың бастауы қанша таза болғанмен 
үлкен өзенге құярда тұздануы секілді жол-жөнекей лай-
лап кетіп жатқандар да жоқ емес. Менің осы кішкентай 
еңбегім сол сияқтыларға һəм өсіп келе жатқан 
Қазақтың келешек жас ұрпақтарының кеудесінде тит-
тей де болса адалдық рухын себе алса, зəредей болса да 
шыншылдыққа тəрбиелесе онда еңбегімнің еш кетпегені 
деп білемін. Ілгеріде үлкендер əу дей алдым деп елдің 
бəрі əнші, əртіс болмаса, шолақ белсенді басшылық 
жұмысқа ұмтыла берсе, малды кім бағып, егінді кім 
егеді деуші еді. Жастарымыз қарапайым еңбектен 
қашпаса екен, түрлі салада өздерінің ебіне қарай, ор-
нын адаспай тапса екен деген ой да жоқ емес.  Соны-
мен қатар жаппай дүние қуып кетпесе екен, «қанағат 
қарын тойғызады»-деген,  əрбір адам қанағатшыл бол-
са екен, деген тілек. Осындай қой үстіне боз торғай 
жұмыртқалаған алтын дəуірде суицид, тапқан баласын 

16
17
кезінде көмек қолы болмағанның кесірі тиген дейді. 
Апам дүниеге келгенде енелері мен үлкен абысындары  
аңдып жүріп аман-есен босандырып алыпты. Дүниеге 
төртінші боп келген ұл бала шапаннан қайтыс болса ке-
рек. Қатайып қалған апам əрең тірі қалыпты.
Ұлы нағашы апамыздың төркінінің айбынынан 
қаймықты ма, əлде өзінің бойындағы қасиетінен 
сескенді ме, түп нағашы атамыз Тілеш, өзге қызға құда 
түспепті. Əмеңгерлікпен жеңгелей, келіндей алған бір-
екі əйелдері болғанымен адуын жəне бойында ерекше 
қасиеті бар бəйбішеден аса алмапты. Олардан балалы 
бола алмаған. Кейін немере інісінің екінші баласы екі 
жасар Ерметті бауырына салып, бала ғып алыпты. Ер-
мет деген атты да өзі қойса керек. Ағайын туыс осы бала 
«майкөт» боп артынан Бүбішайым ілесті дейді екен.
Атамыз бəйбішесі Ғалия (апам Қалия дейтін) 
жеңгелей, келіндей алған əйелдерімен отыншы-сушы-
сы бар, малшы-жалшысы бар, қоңсысы бар жеке бір 
ауыл боп, сəн-салтанаты келісті түрде көшіп қонады 
екен. Сонымен қатар ол кісі ұлы мен қызы үшін медре-
се ашып, молда ұстаған. Алғаш ол медреседе
 тоғыз бала оқыған. Кейін бірнеше жылдай он үш 
бала оқыған.
- Апа, сонда не оқытты молда?
 – Əліп, би, ти, си. Еркелікпен бірде барып, бірде бар-
май жүріп ақыры тастап кеттім. Ағам бітіріп шықты.
Жаз жайлауы ылғый да Алатаудың баурайындағы 
көгалды, сулы, нулы салқын да сұлу көкөрішті жайлау-
лар болса, қыс қыстауы қалың құмның ішінде, бүргенді, 
жүзгенді белдер арасындағы ықтасын жерде салынған 
екен.
І БӨЛІМ     
 Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бəрі бос!
(Абай).
Бисмиллаhир рахманир рахим
ТҰМАНДА
 Əже, сен бірге жүрсің меніменен 
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ  кимешек жоғалса нені көрем???
Он тоғызыншы ғасырдың аяқ шені. Сыйқымның бір 
тармағына жататын айтулы бай Тілеш бесік кертімен 
құдаласқан елден Ғалия атты көрікті қызға үйленіпті.
Байлығы еселеніп, дүние-мүліктің ауқымы 
кеңейгенімен, басқа жарымапты жарықтық. Оншақты 
жылдың көлемінде төрт құрсақ көтеріп, дүниеге төрт 
перзент əкелгенімен, алғашқы бір ұл, бір қызы етек 
астында, төртінші перзенті еңбектеп, қаз тұра бастағанда 
шетінепті. Тек үшіншісі менің апам   - Бүбішайым ғана 
тірі қалыпты.
Ылғый ақ түйеге мініп, аппақ киім киіп жүретін 
түп нағашы апамыз Ғалияның бойында ерекше қасиет 
болыпты. Тазалықты сүйетін ол кісі кейде арқасы 
ұстағанда ақ түйеге мініп алып, ел кезіп кетеді екен. 
Ауруларды емдейтін бақсылық қасиеті болса керек. 
Алғашқы екі нəрестенің шетінеуіне де осы қасиеті 
себепкер болыпты. Айдалада жалғыз өзі босанған 
оның өзіне де, дүниеге жаңа келген нəрестесіне де дер 

18
19
салтанатымен ұзатамын, - деп қонақтарын екі-үш күн 
күтіп шығарып салған екен.
Қапыда күйеу жігіт қаза болған соң  аһ ұрған ата-
анасы келінді былтыр түсіргенімізде ең болмаса 
жалғызымыздың артында ізі қалар ма еді. Құдамыз 
қасарысып қалыңдығымызды балиғатқа толған жоқ деп 
бермеді. Одан да жас қыздар ұзатылып жатқанда елдің 
салт-дəстүрін сыйламады, айналасындағыны көрмеді 
деп қатты өкпелепті.
Ал атамыз: 
- Қызыма тең жас жігіт болмаса құдалықты үзіп, 
қалың малды қайтарамын,- дейді.
Оқиғаның ушыққаны сондай құдандалы екі ел бір-
бірімен арбасқандай аңдысқан бір күндерді бастан 
кешіп жатады. Жауласып, жесір дауымен соғысып ке-
туге кедергі бір жағынан жас боздақтың жылы өтуін 
күту себеп болса, екінші жағынан жаппай сауатсыз ел 
түсініп болмаған, ел ішіндегі «ақ қораз» бен «қызыл 
қораз» оқиғасы себеп болыпты.
Таңырқай күле қарап:
-Апа, «ақ қораз», « қызыл қораз» деген не? – деймін 
мен.
-О,о, қарағым-ай! Қазір сендерге күлкі. Кезінде ел 
арасында үрей туғызған оқиға еді ғой ол.
Тып-тыныш жаз-жайлауға, қыс-қыстауға көшіп-
қонған елді бұрынғы үркіншіліктен бетер үркіткен 
оқиға болды ғой.
Бірде патша ел-елден əскерге жігіттерді жинап жа-
тыр деген сыбыс шықты. Үлкен-кіші, кəрі-жас демей 
талай ер азаматтарды жинап алып бір кетті. Одан патша 
əскері «ақ» бопты, оған қарсы «қызыл» деген шығыпты 
...Жаздың жаймашуақ күндерінің бірі. Тау етегіндегі 
жайлаудың төріне жаңадан көшіп  келген ауыл. Бай 
ауыл жаңа ғана қоныстанған. 
Көркем жайлаудың көгі де жапырыла қоймаған кез. 
Он төртке толып, он беске қараған Бүбішайым өте 
көркем болып өсіп келе жатыр. 
Келесі бір-екі жаздың аяғы күзге салым айттырылған 
жеріне ұзатылмақшы. Өзінен екі-үш жастай үлкен боз-
баланы бірер рет көш бойы көргені де бар. Жастығына-
жастығы, көркіне көркі сай келгендей.
Тіпті бір рет көш бойы топ қыздар мен бозбалалар 
боп айтысқан да екен.  Сондықтан ба келешегіне еш 
алаңдамай, көңілі тоқ жүрсе керек.
Бірақ, ойда жоқта, айдың-күннің аманында төбеден 
жай түскендей суық хабар жетті.
Жаз ортасы ауа күзге салым жаңа қонысқа қонған 
ауыл жігіттері көкпар тартып, сол көкпарда қыздың 
болашақ күйеу жігіті аттан құлап, жазым бопты. 
Жігіттің жүзін бергесін-ақ жесірін кім алатыны жайлы 
əңгіме қозғалады. Өзі жалғыз боздақтың тетелес аға, 
інісі болмағандықтан əмеңгерлік заңдылығы бойынша 
жесірге ие болу жолы елу үш жастағы немере туысы-
на ұйғарылады. Мұны естіген оң-солын тани бастаған 
қыз: - «Оған өлсем де тимеймін. Одан да байсыз-ақ 
өтемін»- депті. 
Əкесі қызын құптайды.
Бір жыл бұрын: - «Қалыңдығымызды ұзат» -деп 
құдалар жағы сөз айта келгенде атамыз:
-Асығатын себеп жоқ. Қызымды балиғатқа толмай 
ұзатпаймын. Бір жарым, екі жыл күтіңдер. Қабырғасы 
қатып, бұғанасы бекісін. Балиғатқа толсын! Сосын сəн-

20
21
пен дүргілулер(үркіншілік) бірінші дүние жүзілік 
соғыстан басталады екен.
• Қазақ жері Қазан революциясына дейін алты об-
лыстан тұрған. Олар – Орал, Торғай, Ақмола, Семей, 
Жетісу, Сырдария облыстары деп аталған. (Төленбаева 
К.Ə. Қ-н Тар-Ы 1917- 2005ж 6 бет)
• Бірінші дүние жүзілік соғыс 1914 жылы 19-шілдеде 
басталған. Бұл соғыс Қазақ халқының тұрмысының 
төмендеуіне əкеп соққан. Мысалы: 1915-жылы 
Ақмола облысының Көкшетау уезінен бұрыннан 
ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді 
ағайындардың 39% армияға шақырылды. Бұл жағдай 
бірте-бірте өрши түсіп бүкіл халықты қамтыды. Соның 
салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарын өндіру 
көрсеткіштері барынша төмендеді.
Ия негізгі жұмыс қолы мал өсіріп, егін егудің ор-
нына соғыста жүрсе, үйде қалған əйелдер мен бала-
шаға қанша егін ексін, қанша мал бақсын. Айтпаса да 
түсінікті жай. Енді мал көрсеткіштерін алайық.
• Ішкі ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың 
болса, ал 1916 жылы 160,2 мыңға азайған, яғни 48,5%ға 
кеміп кеткен. Мұның ең бірінші себебі қазақ халқын 
армияны етпен қамтамасыз етуге мəжбүрлеу тəртібінен 
орын алған.
• Соғыс жылдарында армияға қажеттілік былғары 
аяқ киімге жəне тері тондарға сұраным артты. Жүн 
өніміне де сұраныс ұлғайып, өлкеде шұға өндіретін 
тұңғыш Қарғалы фабрикасы əскери тапсырыстарды 
орындап, шинельге арнап шұға дайындай бастады.
• Сырттан дайын өнімнің əкелінуінің күрт 
қысқаруына байланысты соғыс жылдарында осы 
деп тағы гуледі ел. 
Ақ қоразымыз сол ақтарды бастаған əскер 
бастықтарының бас киімдері мен үстіндегі киімдері 
де ақ жолақпен əшекейленіп жалтырақ түйме 
қадаған. Сондықтан болар ел іші оларды «ақ қораз» 
дейтін. Қызылдардың шəпкесінің төбесі, маңдайы 
екі жақтауында, сондай-ақ  бешпенттерінің төсі мен 
иығында қызыл матамен көмкерген белгілері бар-ды. 
Оларды халық сондықтан «қызыл қораз» дейтін.
Ақтар келе жатыр десе дереу ауыл үйлерінің көрнекті 
екі-үш  жеріне ақ жалау іледі. Қызыл келе жатыр десе 
дереу қызыл жалау ілеміз.
- Сонда сатқын болдыңыздар ма? – деймін мен на-
мыстанып.
- Ай, баламысың деген, ол қарулы топтардан жап-
пай қырылып қалмай, аман қалудың айла-шарғысы ғой. 
Ақыры бір күні патша құлапты. Қызылдар жеңіпті де-
ген дақпырт тарады. Ел ішін тартып, ендігі күніміз не 
болар екен дегендей халдегі бір кезең еді ғой, ол кез. 
Ойлап отырсам бұл оқиғалар 1916-1918 жылдарға тура 
келіп тұр.
- Сонымен, ары қарай не болды?
- Ары қарай не болсын? Менің өзіме тең емеске 
бармаймын дегенім, əкемнің мені қоштап тең емеске 
бермеймін деуі ел-елге тарап кетті.
Апамның айтқан əңгімесін еске түсіре отырып уақиға 
желісін зерделей келе Қазақстан халқының бір ғасыр 
бұрынғы тарихына үңілуіме тура келді. Сонымен қатар 
тарих беттеріндегі нақты деректерден үзінділер келтіре 
кетуді жөн көрдім. Қарап отырсам ол кісінің оң жақта 
отырғанда еститін түрліше ел ішіндегі тынышсыздық 

22
23
көпшілігі күйзеліске ұшыраған. Көбіне күн көрісі 
мал шаруашылығына негізделген қазақ халқының та-
лай отбасылары жоғарыда айтылған жаңа ашылған 
өндіріс орындарына ағылған. Өндіріс орындарындағы 
жағдайдың да мəз емес, өте ауыр болғанын айтып өттік. 
Ақыры қалың халық наразылығы көтеріліске ұласты.
Бірақ халық бұл кезеңдерде қанша қиналғанымен 
бұрынғы өмір сүру дағдысынан əлі айнымаған еді.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал