Мойындаулары



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет1/13
Дата14.09.2017
өлшемі1.09 Mb.
#16098
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
АҒЫЛШЫН ТЫҢШЫСЫНЫҢ 
МОЙЫНДАУЛАРЫ 
 
Және 
ағылшындардың Исламға 
деген дұшпандығы 
 
М. Сыддық Гүміш 
Төртінші басылым 
 
 
Түркістан Кітап Үйі 
Алматы –Қазақстан 
Қазыбек би көшесі, 90/533 үй, 2 пəтер 
Сейфуллин даңғылының қиылысы 
Тел: +7(727) 293-55-98 
 
Алматы 
2011
 

 
 
___________________________ 
- 2 - 
 
УДК 28 
ББК 86.5 
А 23 
 
 
«Ағылшын  тыңшысының  мойындаулары»  және  ағылшындардың 
Исламға  деген  дұшпандығы.  /Даярлаған:  М.Сыддық  Гүміш 
Алматы 2011 - 148 бет 
 
ISBN 9965-9456-0-8 
 
Бұл кітапты мұқият оқыған адам Исламның ең үлкен дұшпаны 
ағылшындар 
екендігін 
түсініп, 
қазір 
бүкіл 
əлемдегі 
мұсылмандарға 
шабуыл 
жасап 
жатқан 
уаххабиттікті 
ағылшындардың  құрғанын  жəне  қолдап  жатқанын  жақсылап 
біліп  алады.  Білімі,  ақылы,  ар-ожданы  бар  ағылшындар  да 
ағылшын үкіметінің осы дұшпандығынан жиіркенеді. 
Əр мұсылман мемлекеттерінде пайда болған мазһабсыздардың 
уаххабилікті  жайып  жүргендерін  естіп  жүрміз.  Тіпті  осы 
“Хемфердің мойындаулары” кітабын қиялдап отырып, біреудің 
жаза салғанын айтып жүргендер де кездеседі. Алайда қолдарында 
бұл сөздерін дəлелдейтін ешқандай құжаттары жоқ. 
 
 
 
 
ISBN 9965-9456-0-8        © М. Сыддық Гүміш, 2011 

 
 
___________________________ 
- 3 - 
 
 
Мейірімді, РахымдыАлланыңатымен бастаймын! 
 
«ТҮРКІСТАН МƏДЕНИЕТ ҚОРЫНА» ҚАРАСТЫ «ТҮРКІСТАН 
КІТАП ҮЙІ» БАСПАСЫНЫҢКІТАПТАРЫ ТУРАСЫНДА 
 
«Түркістан кітап үйі» баспасынан шыққан діни-танымдық 
кітаптар  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқармасының 
сараптауынан  мұқият  өтеді.  Ақидасы,  яғни  сенімі  жағынан 
Қазақстан  мұсылмандары  ұстанатын  ханафи  мəзһабына  сай,  ал, 
мазмұны  терең,  əрі  бай.  Қалың  оқырман  іздеп  тауып,  сүйсіне 
оқиды.  Бұл  кітаптарды  əліміз  бойынша  таратудың  мəн-маңызы 
зор.  Оны  қалың  оқырмандармен  қатар  мешіт  діндарлары  мен 
сауат ашу курстарының шəкірттерідекеңіненпайдаланады. 
Баспа ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Кітаптары дəйім 
сұраныста. Жаңа кітаптар шығараберсін, күтеміз. 
 
Ізгітілекпен, 
 
 
Орындаушы: C Eншібай. 
Тел: 3976397. 
 
 

 
 
___________________________ 
- 4 - 
 
 
Кіріспе 
 
Аллаһу  та’ала  Құран  кəрімде  “Маида”  сүресінің  82-аятында: 
«Исламның  ең  үлкен  дұшпаны  яһудилер  мен  мүшріктер»  деп 
бұйырады. Ислам шариғатын іштей бүлдіру үшін үмбет ішіне ең алғаш 
іріткі  салып,  бүлік  шығарған  кісі  Йемендік  яһуди  Абдуллаһ  бин  Саба 
деген адам еді. Ол шынайы мұсылмандық болған Әһли сүннетке қарсы 
Шиит  ағымын  құрды.  Əр  ғасырда  шиит  ғалымы  кейіпінде  тарих 
сахнасына  шығып  тұрған  яһудилер  бұл  ағымның  негіздерін  қуаттап 
жүрді. 
Яһудилердің 
Исламға 
келтірген 
зарарлары 
Кувейтте 
“Мактабатус  сахабат-ил-Исламия”  баспасы  шығарған  “Хиянат-ул 
яһуд”  жəне  Бейрутта  жарық  көрген  “Әр-ражл-ус-санәм”  атты 
кітаптарда кең ауқымды түрде түсіндірілген. Иса алейһиссалам аспанға 
көтерілгеннен  кейін  Інжіл  кітаптары  өзгертіліп,  христиандардың  көбі 
діннен  шығып  мүшрік  (Құдайға  ширк  келтірген)  болды.  Мүшрік 
болмағандары  да  Мұхаммед  алейһиссаламның  пайғамбарлығына  иман 
келтірмегендіктері үшін  кәпір болды. Бұларға жəне  яһудилерге  “Әһли 
кітап”  делінді.  Ислам  діні  келгеннен  кейін  поптардың  орта  ғасырлық 
биліктері  құлады.  Олар  енді  исламды  түбегейлі  жою  үшін  миссионер 
ұйымдарын  құрды.  Бұл  істе  ағылшындар  əрқашан  көш  бастап  келді. 
Лондонда  “Отарлау  министрлігі”  құрылды.  Ол  жерде  адам  ойына 
келмейтін яһуди айлалары мен жəне əскери-саяси қуаттарымен исламға 
шабуыл  жасауды  бастады.  Отарлау  министрлігі  басқарып  жəне  əр 
мемлекетке  жіберіп  отырған  мыңдаған  тыңшылардың  бірі  болған 
Хемфер 1125 (м.1713) жылы Басра қаласында қолға түсірген 14 жастағы 
Нəждтік Мұхаммедті көп уақыт бойы алдап, “Уаххаби” ағымын құрды 
жəне тағы сол министрліктің əмірімен 1150 (м.1737) жылы бұл ағымды 
жария етті. 
Хемфер  министрліктің  əмірімен  Мысыр,  Ирак,  Иран,  Хижаз 
[Мекке-Мəдина]  жəне  халифалықтың  орталығы  болған  Стамбулда 
тыңшылық əрекеттер жасау, мұсылмандарды алдау жəне христиандыққа 
қызмет үшін дайындалған ағылшын тыңшысы əрі миссионері болатын. 
Ислам дұшпандары бұл дінді қаншалықты түбегейлі жоқ етуге тырысса 
да  Аллаһу  та’аланың  жер  бетіндегі  нұрын  ешқашан  сөндіре  алмайды. 
Өйткені  Аллаһу  та’ала  Құран  кəрімде  “Хижр”  сүресінің  9-аятында: 
«Бұл Құранды Мен түсірдім. Оны да әлбетте Мен  қорғаймын»  деп 
бұйырған.  Яғни  Ислам  дұшпандары  оған  толығымен  ешбір  өзгерту 
енгізе алмайды, бұза да алмайды. Ол нұрды ешқашан сөндіре алмайды 

 
 
___________________________ 
- 5 - 
 
деп  бұйырады.  Он  төрт  ғасырдан  бері  мұсылмандар  Құран  кəрімнің 
көрсеткен  жолымен  жүріп,  білімде,  адамгершілікте,  ахлақта,  өнерде, 
сауда-саттықта,  саясатта  үстемдік  көрсетіп,  басқа  мемлекеттерге  өнеге 
болардай  үлкен  державалар  құрған.  Франциядағы  х.1204  [м.1789] 
жылғы  төңкерістен  кейін  Европадағы  жастар  шіркеудің,  поптардың 
əдепсіздіктеріне,  зұлымдықтарына,  өтіріктеріне  жəне  христиан  дінінің 
бұзылғандығына  көздері  жеткеннен  кейін,  өз  діндерінен  алыстап  не 
мұсылмандықты,  не  дінсіздікті  таңдай  бастады.  Олар  христиан  дінінен 
ұзақтаған  сайын  білімде,  саясатта  өркендеп,  үлкен  дəрежелерге  жетті. 
Өйткені  христиандық  білім  іздеуге,  дүние  үшін  еңбек  етіп,  мүлік 
жинауға  тыйым  салған  еді.  Осы  жастардың  діндерді  жамандап  жазған 
кітаптарын 
оқыған 
жəне 
ағылшындардың 
исламға 
қарсы 
ұйымдастырған  жала-өтіріктеріне  алданған  кейбір  мұсылмандар  да  өз 
діндерінен  хабарсыз,  надан  болып  тəрбиеленді.  Исламнан  ұзақтаған 
сайын білім жəне саясатта артта қала берді. Өйткені Ислам білімге жəне 
өркениетке шақырады. 
Ағылшын  мемлекетінің  басты  мақсаты  бүкіл  дүниежүзіндегі, 
əсіресе Африка жəне Үндістандағы табиғи қазба байлықтарды талау, ол 
елдің  адамдарын  айуандай  жұмыс  істеткізіп,  түскен  пайда,  табысты 
Англия  қазынасына  құю  болатын.  Əділеттілікті,  сүйіспеншілікті  жəне 
өзара  жəрдемдесуді  уағыздайтын  Ислам  дініне  сенген  азаматтар 
ағылшындардың бұл жоспарларына кедергі болуда.  
Бұл кітап үш тараудан тұрады. 
Бірінші  тарау  ағылшын  тыңшысы  рапорттаған  мойындаулары 
жайында.  Бұл  тарауда  ағылшындардың  Ислам  дінін  жою  үшін 
дайындаған айла-өтірікке толы жоспарлары жайында сөз қозғалады. Бұл 
тарау жеті бөлімнен тұрады. 
Екінші  тарауда  ағылшындардың  өз  жоспарларын  мұсылман 
мемлекеттерінде  қалай  жүзеге  асырғаны,  мемлекет  қызметкерлерін 
қолға түсіруі, мұсылмандарға жасаған зорлық зомбылықтары, Үндістан 
(Бабыр)  жəне  Османлы  ислам  мемлекеттерін  қалай  құлатқандары 
жазылған.  Бұл  тарауда  Уаххабилердің  тұзағына  түскен  шарасыз 
мұсылмандардың  көзін  ашатын,  құтылуына  себеп  болатын  жəне  Əһли 
сүннет ғалымдарының жазғандарын қуаттайтын негіздер қамтылған. 
Үшінші тарау “Хуласат-ул калам” кітабынан аударылып, ақиқат 
діннің Ислам екендігін дəлелдеуде. 
 
Милади 
Хиджри шамси 
Хиджри қамари 
2011 
1389 
1432 
 

 
 
___________________________ 
- 6 - 
 
 
Бірінші тарау 
 
Бірінші бөлім 
 
Хемфер былай дейді: «Ұлы Британия еліміз – ұланбайтақ ел. Күн, 
мемлекетіміздің  құрамындағы  шығыс  теңіздерінің  үстінен  көтеріліп, 
тағы  бізге  тəуелді  батыс  теңіздерінің  үстінен  батады.  Мемлекетіміз 
əзірге  Үндістан,  Қытай  жəне  Таяу  Шығыстағы  колонияларында  аздап 
əлсіздеу болып тұр. Бұл мемлекеттер толығымен біздің қарамағымызда 
емес. Бірақ бұл жерлерде өз үстемдігімізді орнату үшін белсенді саясат 
жүргізудеміз. Атқарылған қыруар еңбектердің нəтижесінде жуық арада 
барлығы қол астымызға өтпек. Бұл жерде екі нəрсеге қатты мəн беруіміз 
керек, олар: 
1. Отарлап алған жерлерден айырылып қалмау. 
2. Басқа жерлерде де отарлау саясатын жүргізу. 
Отарлау  (Колониялар)  министрлігі  осы  екі  мақсатты  жүзеге 
асыру үшін арнайы жоспарлар, комиссиялар құрған. Осы министрлікке 
жұмысқа  кіргенімде  Министрдің  өзі  сенім  артып,  маған  Шығыс 
Үндістан  фирмасында  міндет  жүктеді.  Бұл  серіктестік  сырттай 
қарағанда Үндістанда сауда-саттықпен айналысатын сауда фирмасы еді. 
Ал  негізгі  мақсаты,  Үндістанның  кең  жерлерін  отарлау,  иелену 
жолдарын зерттеу болатын. 
Үкіметіміздің  Үндістанды  еш  уайымдамайтын  еді.  Өйткені 
Үндістан түрлі ұлт жəне дін өкілдерінен, көп тілді жəне əртүрлі қарама-
қайшы  мақсаттардағы  халықтардан  құралған  өлке  болатын.  Қытайдан 
да  қорықпайтын  едік.  Өйткені  Қытайда  басым  көпшіліктің  ұстанған 
буддизм  жəне  конфуцизм  діндері  өмірмен  еш  байланысы  жоқ  өлі 
сипатқа  ие  діндер.  Өлі  дінге  сүйенетін  халықтардың  отанға 
сүйіспеншілік  деген  ұғымдардан  ұзақ  болатыны  да  сөзсіз.  Бұл  екі 
мемлекет англия үшін ешбір қорқыныш тудырмайтын.  Əйтсе де болуы 
ихтимал  құбылыстарды  да  көзімізден  таса  қалдырмайтын  едік.  Бұл 
өлкелерде  сепаратистік  əрекеттер,  сауатсыздық,  жоқшылық,  жұқпалы 
ауруларды тарату үшін ұзақ мерзімді жоспарлар үстінде жұмыс істеуде 
едік.  Осы  екі  мемлекеттің  əдеп-ғұрыптарына  мойынсұна  отырып,  өз 
ниеттерімізді халықтың көзінен жасырып жүрдік. 
Бізді  аса  мазалап  тұрған  елдер  Ислам  мемлекеттері  еді.  “Ауру 
адаммен”  [Осман  мемлекетін  меңзеп  отыр]  біздің  пайдамызға  болған 
бірнеше келісім сөзге қол қойдық. Отарлау министірлігіндегі тəжірибелі 

 
 
___________________________ 
- 7 - 
 
қызметкерлердің  болжауы  бойынша  бұл  “ауру  адам”  бір  ғасыр  ішінде 
жан беруі керек. Иран мемлекетімен де жасырын бірнеше келісім шарт 
жасасып,  осы  екі  мемлекеттің  ел  басқару  қызметтеріне  біздің 
тəрбиемізді көрген, масон болған адамдарды отырғыздық. Парақорлық, 
ел  басқаруда  селқостық  көрсету  жəне  діни  білімі  жоқ  басшылардың 
əйелдермен  көңілдес  болып  өздерінің  жауапкершіліктерін,  міндеттерін 
ұмытқандықтары бұл екі мемлекеттің тамырына балта шапты. Десек те 
төмендегі себептерге  байланысты, күткен нəтиженің оңды болмауынан 
қорқатынбыз: 
1. Мұсылмандар дініне өте берік болып келеді. Əр бір мұсылман 
біздің  поптарымыздан  да  артық  өз  діндеріне  бекем  байланған. 
Поптардың  жаны  шықса  да,  христиандығы  шықпайтыны  белгілі. 
Мұсылмандардың ең қауіптілері Ирандағы шииттер. Өйткені олар шиит 
болмағандарды  кəпір  əрі  лас  деп  санайды.  Шииттер  христиан  дін 
өкілдерін өте қатты жек көріп, тіпті адамзат қатарына да жатқызбайтын. 
Бір  күні  шииттердің  біреуінен:  «Сендер  неге  христиандарға  осындай 
көзқараспен  қарайсыңдар?»  деп  сұрадым.  «Ислам  дінінің  пайғамбары 
өте  ұлы  тұлға  болатын.  Кəпірлердің  хақ  жолға  кіруі  жəне  Ислам  дінін 
қабылдауы  үшін  оларға  рухани  қысым  көрсететін  еді.  Мемлекет 
жүйесінде  де  егерде  бір  адамды  қауіпті  деп  тапса,  оны  өз  жолынан 
қайтпайынша  қысым  көрсетіп,  қамауға  алады.  Шииттердің  лас 
дегендері  рухани  ластық  болып  тек  христиандарды  ғана  қамтымайды, 
оның  ішіне  сүннит  мұсылмандарды  да  жəне  басқа  кəпірлерді  де 
кіргізеді. Ежелгі Ирандағы мажусилерді де біз лас, нəжіс деп санаймыз» 
деп жауап берді. 
«Жақсы.  Сүннит  мұсылмандар  мен  христиандар  да  Құдайға, 
пайғамбарға жəне қиямет күніне сенеді, оларды неліктен лас, нəжіс деп 
есептейсіңдер?» деген сұрағыма төмендегідей жауап берді: «Екі себепке 
байланысты  олар  лас  болып  есептеледі.  Біріншісі  –  сүнниттер  хазреті 
Мұхаммед  пайғамбарды  (алейһиссалам)  өтірікші  дейді
1
.  Сондықтан  да 
                                                           
1
  Негізінде  хазреті  Пайғамбарымызды  өтірікші  дейтіндер  шииттер  мен 
христиандар.  Шииттердің  Құран  кəрімге  жəне  пайғамбарымыздың  хадистеріне 
сəйкес  келмейтін  діни  сенімдері  “Ас-сауайық  ул-мухриқа”,  “Тухфәи  исна 
ашария”,  “Тәйиди  аһли  сүннет”,  “Нахийа”,  “Асхаби  кирам”,  “Хужажи 
қатийа”  жəне  “Миләл  уә  Ниһал”  атты  Əһли  сүннет  кітаптарында  келтіріліп, 
əрбіріне  жауап  берілген.  “Сауайық”  атты  кітапты  жазған  Ахмед  ибн  Хажар 
Мəкки 974 (м. 1566) жылы Меккеде, “Тухфә” кітабының жазушысы Абдулазиз 
1239  (м.  1824)  жылы  Делиде,  “Тәйид”  кітабының  жазушысы  Имам  Раббани 
Ахмед  Фаруқи  1034  (м.1624)  жылы  Сархандта,  “Нихая”  кітабының  авторы 
Абдул Азиз Фəрхарави 1239 (м. 1824) жылы,  “Асхаби кирам” кітабын жазған 

 
 
___________________________ 
- 8 - 
 
“Саған  зұлымдық  істегенге  сен  де  зұлымдық  жасай  аласың”  деген 
ережеге  байланысты  оларға  “Өздерің  нəжіс,  лассыңдар”  дейміз. 
Екіншісі – христиандар Аллаһқа, пайғамбарына құрмет көрсетпейді, тіл 
тигізеді.  Мəселен:  “Иса  (алейһиссалам)  шарап  ішкен,  малғұн 
болғандығынан крестке асып тастаған” дейді.» 
Оның  жауабы  мені  таң  қалдырды.  Оған:  «Христиандар  олай 
демейді  ғой»-  дегенімде:  «Жоқ  сен  білмейсің,  айтқандарым  “Китабу 
муқаддесте  (Інжіл)”  жазулы»  -  деді.  Мен  үндемедім.  Өйткені,  ол  кісі 
екіншісінде  болмаса  да  біріншісінде  дұрыс  айтқан  еді.  Əңгімені  осы 
жерде  тоқтатуға  тура  келді,  өйткені  киімім  мұсылманша  болғанымен 
пікірлерімнен  күдіктенуі  мүмкін  еді.  Сондықтан  үнемі  пікірталастан 
ұзақ тұрдым. 
2.  Ислам  шариғаты  бір  замандары  бүкіл  əлемге  үстемдігін 
жүргізген  дін  болатын.  Мұсылмандар  да  құрметке  ие  болған.  Осы 
құрметті  адамдарға  енді  сендер  құлсыңдар  деу  қиынға  соғады.  Ислам 
тарихын  жамандап,  бір  замандар  қол  жеткізген  абыройларың  сол 
дəуірлердің  қолайлы  шарттарынан  туындаған  еді.  Қазір  заман  да 
шарттар  да  өзгерді.  Ол  күндердің  қайтып  келуі  мүмкін  емес  деуге  де 
болмайды. 
3.  Османлы  мемлекетінің  жəне  Ирандықтардың  біздің 
жоспарларымызды  біліп  қойып,  шара  қолданып,  біздерге  кедергі 
болуынан  қатты  қорқатынбыз.  Негізінде  бұл  екі  держава  əлсіреген 
жағдайда болатын. Бірақ, дүние-мүлік, қару-жарақ жəне орталықтанған 
авторитарлық  басқармасы,  жүйесі мықты  үкіметтің  бар болуы біздерге 
сенімді болуға кедергі болатын. 
4.  Ислам  ғалымдары  да  бізді  қатты  қобалжытатын.  Өйткені 
Стамбул,  ал-Азһар  ғалымдары,  Ирак  жəне  Шам  (Дамаск)  ғалымдары 
жоспарларымыздың  алдында  бөгет  болып  тұрған  асқар  таулардай 
көрінетін. Олар дүниенің өткінші мүлкіне қызықпайтын, Құран кəрімнің 
уəде  еткен  жаннатын  аңсаған,  өзінің  ұстанған  жолынан  қайтпайтын, 
имандары  қуатты  ғұламалар  еді.  Халық  олардың  айтқанымен  жүретін, 
тіпті сұлтан, патшалардың өздері де олардан тайсалатын еді. Сүнниттер 
шииттер  сияқты  ғалымдарына  қатты  сүйенбеген.  Бірақ  шииттер  кітап 
оқымайтын,  тек  ғалымдарын  ғана  танитын,  ал  сұлтан,  патшаларға 
лайықты құрмет көрсетпейтін еді. Ал сүнниттер білімге көңіл бөліп көп 
оқитын, ғалымдар мен сұлтандарға да қатты құрмет көрсететін еді. 
                                                                                                                             
Абдулхаким Аруаси 1362 (м.1943) жылы Анкарада, “Хужаж” авторы Абдуллах 
Сувайди  1174  (м.  1760)  жылы  Бағдатта,  “Миләл”дің  авторы  Мұхаммед 
Шихристани 548 (м.1154) жылы Бағдатта дүние салған. 

 
 
___________________________ 
- 9 - 
 
Осы жағдайларды шешу жолында бірнеше рет жиналыс жасадық. 
Бірақ бұл жолы да өте көп кедергілерге тап болдық. Тыңшыларымыздан 
келіп  тұрған  рапорттар  көңілден  шығарлықтай  болмаса  да,  үмітімізді 
үзбейтінбіз. Өйткені біз сабыр етуге тəрбиеленгенбіз. 
Бір жиналысымызға Министрдің өзі жəне үлкен дəрежелі поптар 
мен  бір  қатар  салалардан  мамандар  жиналып  20  кісі  қатысқан  еді.  Үш 
сағатқа  созылған  бұл  жиналыстан  ешқандай  нəтиже  шықпады.  Алайда 
поптардың  біреуі:  «Көңілдерің  түспесін!  Христиан  діні  де  300  жыл 
зұлымдық  көргеннен  кейін  əлемге  тарады.  Иса  Масих  бізге  ана 
дүниеден  медет  беріп,  үш  жүз  жылдан  кейін  болса  да  кəпірлерден 
[мұсылмандардан]  үстем  түсерміз  деген  үміттемін.  Біз  қуатты  иман 
жəне  сабырлыққа  жүгінуіміз  керек!  Билікті  қолға  алу  үшін  бүкіл 
шаралардың  бəрін  қолданып  көруіміз  керек.  Христиандықты 
мұсылмандардың арасына жаюға тырысу керек. Мақсатымызға бірнеше 
ғасырдан кейін жетсек те үлкен табыс болады. Өйткені əкелер балалары 
үшін еңбек етеді» деп айтты. 
Отарлау  министрлігінде  Ұлыбританиямен  бірге  Франциядан, 
Ресейден  дипломат  жəне  дін  адамдары  қатысқан  конференция  болып 
өтті.  Министрмен  қарым-қатынасым  жақсы  болғандықтан  бұл 
конференцияға  қатысуыма  рұқсат  берді.  Жиында  мұсылмандардың 
арасына  іріткі  салып,  Испаниядағыдай  діндерінен  шығарып  иманға 
келтіру [шоқындыру] жолдары қарастырылды. Бірақ алынған нəтижелер 
қанағаттанарлықтай  болмады.  Сол  конференцияда  келісілген  барлық 
əңгімені “Ила мəлəкутул-Масих” атты кітабымда жаздым. 
Тамыры  тереңге  кеткен  үлкен  ағаштарды  түбінен  жұлып  алып 
тастау  өте  қиын.  Бірақ  біз  барлық  қиыншылықтарды  жеңе  білуіміз 
керек.  Христиан  діні  əлемге  тарау  үшін,  билік  жүргізу  үшін  келген. 
Бұны  бізге  Иса  Масих  уəде  еткен.  Кезінде  Мұхаммедке  сол  заманның 
өте  ауыр  шарттары  қолайлы  болып,  дінін  таратып  алған  еді.  Бүгінгі 
таңда  ондай  жаман  шарттар  жоғалуға  жəне  өзімен  бірге  Ислам    деген 
пəлекетті  де  басымыздан  аулақ  əкетуге  бет  алды.  Министрлігіміздің 
жəне  басқа  да  христиан  өкіметтерінің  атқарған  еңбектерінің 
нəтижесінде  мұсылмандар  барған  сайын  артта  қала  бастады.  Ал 
христиандар  керісінше  күшейді.  Ғасырлардан  бері  айырылып  қалған 
жерлерімізді қайтарып алудың кезі келді. Ислам дінін жоюға біздің Ұлы 
Британия мемлекеті басшылық етуде. 
 
 
 

 
 
___________________________ 
- 10 - 
 
Бірінші тарау 
 
Екінші бөлім 
 
Хижри  1122  (м.1710)  жылы  Отарлау  министрлігі  мені 
мұсылмандарды    жік-жікке  бөлу  үшін  тыңшылық  əрекет  жасау 
мақсатында  Мысыр,  Ирак,  Хижаз  жəне  Стамбул  қалаларына  ұзақ 
мерзімді  іс-сапарға  жіберді.  Сонымен  қатар  тоғыз  тыңшы  жасақталды. 
Біздерге ақшамен қатар сол елдердегі мемлекеттік қызметкерлердің, дін 
ғалымдарының  есімдерін  қамтыған  тізім  берілді.  Есімнен  кетпейтін 
жайт,  қоштасар  алдында  секретарь  бізге:  «Мемлекетіміздің  болашағы 
сендердің  қолдарыңда.  Сол  үшін  аянбай  бар  күш-жігерлеріңді  аямай 
жұмсаңдар» деді.  
Мен  Ислам  дінінің  халифалық  орталығы  болған  Стамбул 
қаласына  теңіз  арқылы  бет  алдым.  Басты  мақсатты  жүзеге  асырумен 
бірге  түрік  тілін  жетік  үйренуді  жоспарладым.  Лонданда  біраз  түрік 
тілін жəне Құран тілі болған араб тілі мен парсы тілін оқып сауатымды 
ашқанмын. Бірақ бір тілді үйрену мен сол тілде сөйлейтін халық секілді 
сөйлей  білу  бір  нəрсе  емес.  Ол  көп  қажырлықты  талап  етеді.  Күмəн 
тудырмас  үшін  түрік  тілінде  кез  келген  түріктей  сөйлесуге,  толық 
үйренуге мəжбүрмін. 
Менің  тыңшылық  əрекеттерімді  мұсылмандар  біліп  қояды  деген 
күмəн  мені  онша  мазаламайтын.  Өйткені  мұсылмандар  Мұхаммед 
пайғамбардан алған тəлім-тəрбиесі арқасында өте мейірімді, кең пейілді 
жəне ақ көңіл болып келеді. Олар біз сияқты əр нəрсеге сенімсіздікпен, 
күдікпен  қарамайтын.  Жəне  ол  кезде  түрік  мемлекетінің  қолында 
тыңшыларды  танып-білетін,  оларды  тұтқындайтын  қауіпсіздік  қызметі 
де жоқ еді.  
Ұзақ  сапардан  соң  Стамбулға  жеттім.  Сұрағандарға  өзімді 
Мұхаммед  деп  таныстырып,  мұсылмандардың  ғибадатханасы  болған 
мешіттерге  бара  бастадым.  Мұсылмандардың  тəрбиелі,  тазалыққа 
құштар  екендіктері  маған  ұнады.  Кейде  өзімнен:  «Осындай  кінəсіз 
адамдармен неге соғысып жатырмыз. Иса Масих бізге осыны бұйырған 
ба?» деп сұрайтынмен. Бірақ бұндай ойларымды шайтаннан деп біліп өз 
жұмысыма құлшына кірісетінмін. 
Стамбулда  Ахмет  мырза  есімді  қарт  ғалым  кісімен  таныстым. 
Оның  жан-жақтылығы,  ақ  көңілдігі,    көңілінің  кіршіксіздігі  жəне 
мейірімділігін  біздің  ешбір  дін  адамдарынан  көре  алмайсың.  Бұл  кісі 
күндіз-түні  Мұхаммед  пайғамбардың  жолымен  жүруге  жəне  мінезін 

 
 
___________________________ 
- 11 - 
 
Оған ұқсатуға тырысатын. Оның айтуынша Мұхаммед пайғамбар дүние 
жүзіндегі  ең  ұлы  тұлға.  Оны  əр  еске  алған  сайын  көзі  жасқа  толатын. 
Менен  бір  рет  те  болса  кім  екендігімді,  қайдан  келгенімді  сұрамады. 
Мені  əрдайым  «Мұхаммед  мырза»  деп  шақыратын.  Сұраған  барлық 
сұрағыма асықпай, байыппен жауап беретін. Өйткені ол мені бұл жерге 
жұмыс  іздеп  келген  жəне  Мұхаммед  (алейһиссалам)  пайғамбардың 
халифасының  қол  астында  уайымсыз  өмір  сүру  үшін  келген  қонақ 
ретінде көретін. Менің сылтауым онсыз да осы еді. 
Бір  күні  Ахмет  мырзаға:  «Əкеммен  анам  дүние  салған. 
Бауырларым  жоқ.  Дүние  мүлкімде  шамалы.  Жұмыс  істеу,  Құран  кəрім 
мен  діни  білім  алу  үшін  Исламның  орталығы  -  Стамбулға  келдім»- 
дедім.  Менің  сөздерім  оған  қатты  əсер  етті.  Ол  маған:  «Мына  үш 
себепке  байланысты  саған  құрмет  көрсетуге  болады»  деді.  Сол  кісінің 
аузынан естігенімдей жазып отырмын. 
1- Сен мұсылмансың, бүкіл мұсылмандар бір-біріне бауыр. 
2-  Сен  жолаушысың,  қонақсың.  Пайғамбарымыз  (алейһиссалам) 
бір  хадисінде:  «Жолаушыға,  қонаққа  сый  құрмет  көрсетіңдер»  деп 
бұйырған. 
3-  Сенің  жұмыс  істемек  ойың  бар.  «Жұмыс  істеген  Аллаһу 

Каталог: pdf
pdf -> Бїгінгі нґмірде
pdf -> -
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қайсар ақЫН, тынымсыз ғалым бүркіт ысқАҚТЫҢ 70 жылдығына
pdf -> №4 (1364) 1988 жылғы 30 шілдеден шығады аймақТЫҚ апталық газет 30 қаңтар ЖҰМа, 2015 Жыл баспасөЗ-2015 «Мысты өңір»
pdf -> Экономиканы қалыптастыру болды
pdf -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
pdf -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
pdf -> Апталығы Аялаймын сені, Қызылорда!

жүктеу 1.09 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет