Мұнда өмір сүргің келеді! Биіктікті бағындырған арулар



жүктеу 0.63 Mb.

бет1/7
Дата27.02.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

BAZIS

NEWS


№2-3

01/03


2016

Мұнда өмір 

сүргің келеді!

Биіктікті бағындырған 

арулар

«БАЗИС» – спортты серік 

еткендер одағы 

Назарбаев Мұз сарайында 

кеңес өткізді

16-шы ақпанда мемлекет басшысы Нұр-

сұлтан  Назарбаев  «БАЗИС»  құрылыс 

компаниясы Алматының Алатау ауданын-

да салып жатқан 12 000 орындық Мұз са-

райының құрылысымен танысып, нысан-

да Алматы қаласының дамуы мен 2017-ші 

жылғы XXVIII дүниежүзілік Қысқы Уни-

версиадаға дайындық мәселелері жөнінде 

кеңес өткізді. Толығырақ 



2 бетте.

Қымбатты арулар!

Сіздерді нәзіктік пен сұлулықтың тамаша мерекесі – 8-ші 

наурызбен құттықтаймыз! 

Арулар ықылым заманнан бері өнер жауһарларының 

өмірге келуіне, ғылыми жаңалықтардың 

ашылуына, рухани дамуға бастаған шабыттың 

қайнар көзі міндетін атқарып келеді. 

Ер азаматтарды жеңістер мен 

жасампаздықтарға жетелейтін де – әйел. 

Әйел – ол анаң, қызың, әпкең, сіңлің, 

қарындасың, құрбың, әріптесің, тәлімгерің. 

Әйелдердің иығына ауыртпалық аз артылмайды, 

алайда, сіздер қашанда нәзік те мейірімді қалыптарыңыздан 

айныған емессіздер. 

Сіздерге көктемнің осынау ғажайып күнінде сұлулық, 

қуаныш, табыс пен амандық тілейміз!

27-ші ақпанда Астанада «БАЗИС» ком-

паниясы  қызметкерлерінің  жыл  сай-

ынғы  «қысқы»  спартакиадасы  өтті. 

Коньки мен шаңғы теуіп, арқан тартып, 

қардан мүсін жасаған әріптестеріміз ден-

саулықтарының мықты екендігін, коман-

далық рух пен жеңіске деген ұмтылыста-

рының ерен екендігін тағы да байқатты. 

Астанадағы  спартакиададан  әзірленген 

фоторепортаж

  30 бетте.

«БАЗИС»компаниясы  Алматының 

келешегі  мол,  өркендеу  үстіндегі 

Алатау ауданында салынып жатқан 

«Алмалы»  жаңа  тұрғын  ауданы-

ның  бірінші  кезегінің  құрылысын 

бастады.  20-шы  ақпанда  құрылыс 

алаңында  өткен  рәсім  мен  жаңа 

тұрғын ауданның ерекшеліктері ту-

ралы 


3 беттен 

оқыңыздар.

Біздің  аруларымыз  қандай  құрметке 

де  лайық,  себебі,  олардың  жұмысы 

-ауыр,  жауапты,  жоғарыбіліктілікті, 

қажырлылықты,  мықты  жүйке  мен 

рухты  талапетеді.  Құрылыста  ерлер 

істейтін ауыр да жауапты міндеттерді 

нәзік  жандыларымыздың  қалай  атқа-

рып  жүргендігі  жайында 



8  беттен 

оқыңыздар. 

8 Наурыз!

Осы саннан оқитындарыңыз:


BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

2

16-шы  ақпанда  Алматыдағы  жұмыс  са-



пары  аясында  мемлекет  басшысы  2017-ші 

жылғы  Универсиаданың  басты  нысаны 

–  12  000  орындық  Мұз  сарайында  болып, 

құрылысымен танысты. XXVIIIҚысқы Уни-

версиаданың ашылу және жабылу салтанаты 

мен қысқы спорт түрлерібойынша жарыстар 

дәл осы үлкен спорт нысанында өтеді. 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясы  са-

лып  жатқан  ірі  спорт  нысаны  үш  блоктан 

тұрады:  «А»  блогында  концерт  залы,  ба-

скетбол,  волейбол,  футбол,  қол  добы  және 

тағы басқа спорт түрлеріне арналған спорт 

аренасына  транформацияланатын  12  000 

орындық  арена  орналасады.  Сонымен  қа-

тар, бұл блокта жаттығу залы мен қазылар 

отыратын аймақтар, телерадиохабар тарату 

компанияларына арналған жайлар, баспасөз 

мәжілістеріне  арналған  зал,  фуд-корт  пен 

мейрамханаға  арналған  орындар  болады. 

«В»  блогында  мәжіліс  залдары,  әкімшілік 

жайлар,  фитнес-залы  мен  екі  бассейн, 

қоғамдық  тамақтану  орны  салынады.  «Б» 

блогында  478  орындық  трибуналары  бар 

жаттығу айдыны, SPA-орталық, бокс, күрес, 

стол  теннисі,  хореографиямен  айналысуға 

арналған жайлар, сондай-ақ, акробатикалық 

дайындық, жалпы дене даярлығы және екі 

жаттығу құрылғысы залы орналасқан. 

Мұз сарайы шайбалы хоккей Халықара-

лық Федерациясы (IIHF), Құрлықтық хоккей 

лигасы (KHL) мен Халықаралық студенттік 

спортФедерациясының(FISU)  талаптарына 

сай,  қазіргі  заманғы  технологиялар  қолда-

ныла отырып салынуда. 



НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ 

УНИВЕРСИАДАНЫҢ БАСТЫ НЫСАНЫНДА БОЛДЫ

Мемлекет басшысы «БАЗИС» құрылыс компаниясы Алматының Алатау ауданында салып жатқан 12 000 орындық 

Мұз сарайының құрылысымен танысты.   

12 000 орындық Мұз сарайы құрылысы-

ның барысымен танысқан Мемлекет басшы-

сы нысанда Алматы қаласының дамуы мен 

XXVIIIдүниежүзілік  Қысқы  Универсиадаға 

дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңеске  ҚР  министрліктері  мен  ведомство 

басшылары,  Алматы  әкімдігі  мен  2017-ші 

жылғы  Универсиаданы  өткізуге  жауапты 

адамдардың барлығы қатысты.  

«Универсиада  аясында  бірнеше  жаңа 

нысан  пайдалануға  берілмек.  Олардың 

бірқатарымен  таныстым.  Мұндай  бірегей-

нысандар Алматының тарихында ешқашан 

болмаған.  Олар  тек  қаланың  ғана  емес, 

бүкіл  елдіңде  мақтанышы  болады.  Тури-

стердің  келуіне  ықпал  етеді.  Жастарымыз 

бен  олардың  дамуына  қолайлы  жағдайлар 

жасалуда», - деп атап өтті Елбасы Нұрсұл-

тан Назарбаев кеңесте сөйлеген сөзінде. 

«Мен бүгін негізгі нысандардың мерзімін-

де  бітетініне  көз  жеткіздім.  Универсиадаға 

тура  бір  жыл  қалды.  Үлгереміз.  Мемлекет 

қомақты қаржы бөлді – 127 миллиард теңге. 

Сондықтан, қанша жанкүйер, неше туристтің 

келетінін  және  қаржы  қайтуы  үшін  қандай 

шараларды  өткізу  жоспарланып  отырғанын 

есептеу керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысы Универсиада нысандары-

ның келешекте қандай мақсатта пайдаланыла-

тынына үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. 

Универсиада өткеннен кейін 12 000 орын-

дық Мұз сарайы ең үлкен сұранысқа ие мәде-

ниет және спорт нысаны болады: мұз жабы-

лады да арена спорттың өзге түрлеріне қарай 

трансформацияланады.  Бұған  қоса,  «он  екі 

мыңдықта»  нысанның  құрылысы  аяқталуға 

жақын қалғанда танымал брендтердің әлемдік 

эстрада жұлдыздарының ең жоғары талапта-

рына жауап беретін жарық дыбыс қондырғы-

сы орнатылады. Бұл – келешекте осында үл-

кен шоулар өткізуге мүмкіндік береді. 

Мұз сарайы пайдалануға берілгеннен кей-

ін алматылықтар мен қала қонақтары осында 

күн сайын көптеген спорт түрлерімен айна-

лысып, жаппай сырғанақ тебуге келе алады. 

«БАЗИС» құрылыс компаниясы «Б» және 

«В»  блоктарының  құрылысын  толығымен 

аяқтады, ал 9-шы мамырға таяу басты арена-

дағы жұмыстар тәмамдалып, сынақ жарыста-

ры өткізіле бастайды. «БАЗИС» компаниясы 

2017-ші жылғы Универсиаданың басты ны-

саны – 12 000 орындық Мұз сарайын салуға 

қатысты барлық жұмысты 2016-шы жылдың 

тамызында аяқтауды жоспарлап отыр. 

BN-нің анықтамасы 

Қымбатты  әріптестер,  16-шы  ақпанда 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев 2017-ші жылғы Уни-

версиаданың басты нысаны – 12 000 орын-

дық  Мұзды  аренада  болып,  жұмысымызға 

көңілі  толатынын  жеткізді.  Нұрсұлтан  На-

зарбаев Сіздерге, құрметті құрылысшылар, 

тамаша жұмыстарыңыз үшін қызу алғысын 

білдірді!  Мұндай  нысанды  Алматының 

тарихында  ешкім  салған  емес.  Бұл  спорт 

нысаны тек Оңтүстік астананың ғана емес, 

бүкіл  Қазақстанның  да  мақтанышына  ай-

налмақ!


«БАЗИС» компаниясының құрылысшылары оңтүстік астананың келешегі мол әрі қарқынды дамып келе жатқан Алатау 

ауданында орналасқан «Алмалы» атты жаңа тұрғын ауданының бірінші кезегін салуға кірісті. Пәтерлерді дайын күйінде 

тапсыру көзделіп отыр. Ниет танытқандар қазірдің өзінде 1 немесе 2 бөлмелі пәтерлерді нақтылыбағамен сегіз миллион 

теңгеден бастап сатып ала алады. 

Сапа мен қауіпсіздік эталоны

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үнемі өзінің 

сөйлеген сөздерінде Алатау ауданының келеше-

гі  мол  екендігін  және  оның  дамуына  қала  бас-

шылығы үлкен көңіл бөлетінін атап айтып оты-

рады.  Компаниямыз  қазіргі  заманға  сай,  жайлы 

тұрғын үй кешендерін сала отырып аталған ау-

данның өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келеді.  

Жаңа  тұрғын  аудан  құрылысының  басқа-

рушы  директоры  Мұхитжан  Тоққожаевтың  ай-

туынша, «Алмалының» жалпы аумағы 10 гектар 

жерді алып жатыр. Мұнда 39 тұрғын үй мен 340 

орындық  жеке  балабақша  салынады.  Қазір  ны-

санда 120 адам еңбек етуде. 

«Алмалы» тұрғын ауданы 12 және 14 қабатты 

монолитті  үйлері  бар  бес  тұрғын  үй  кешенінен 

тұрады. Құрылыстың бірінші кезегін Момышұлы 

көшесінің  бойында  орналасқан  бес  12  қабатты 

үй  құрайды.Оларды  бір  жылдың  ішінде  салып 

бітіріп,  2016-шы  жылдың  желтоқсан  айында 

тапсыруды ұйғарып отырмыз. Барлығы 40 нысан 

салынады (балабақшамен бірге)», – дейді басқа-

рушы директор.

Үйлер қазіргі заманғы технологиялар бойын-

ша тұрғызылудажәне сапа мен қауіпсіздік этало-

ны болып табылады. 

«Біз  туннельді  қалыптың  көмегімен  салып 

жатырмыз. Үйлердің қабырғалары мен жабында-

ры монолитті темір бетоннан жасалған. Армату-

ралық қаңқасы сейсмикалық қауіпті аймақтарда 

қолданылатын  «А  3»  класты  қаңқа.  Құрылыс 

жаңа технологиялар бойынша жүргізілуде, үйлер 

9баллдық сейсмикалық салмаққа есептелген», – 

дейді басқарушы директор. 

Бүгінгі  күні  үйлердің  бірінің  астыңғы  қаба-

ты аяқталуға жақын. «Онда сорғы бөлмесі, жеке 

жылыту бекеті, ПИК арналған бөлме секілді жай-

лар орналастырылады», – деп түсіндірді Мұхит-

жан Тоққожаев. 

Үйлердің  жылуды  сақтауына  ерекше  назар 

аударылады.  «Үйлердің  сырты  арнайы  қабырға 

панельдерімен  әрленеді.Олар  сонымен  қатар, 

жылытқыштың да қызметін атқарады. Үйлер мен 

пәтерлер соңғы әрлеуімен беріледі және санфаян-

сы орнатылған. Кешен пайдалануға берілгеннен 

кейін адам өзінің пәтеріне көшіп келе алады», – 

дейді Тоққожаев. 

«Алмалы»  тұрғын  орамының  барлық  аула-

сы  абаттандырылады,  демалуға  және  серуенде-

уге жайлы орындар жасалады. Аумақ бойынша 

қазіргі  заманғы  көпфункционалды  спорт  және 

балалардың ойын алаңдарықарастырылған. 

«Аула  толығымен  абаттандырылады,  бала-

лардың ойын және спорт алаңдарына көп орын 

бөлінген.  Автотұрақтың  аумағы  үлкен»,  –  дей-

ді«Алмалы» құрылысының басқарушы директо-

ры Мұхитжан Тоққожаев. 

Аулаға бір де бір автомобильді кіргізбеу ұй-

ғарылып отыр (тек жедел қызмет машиналарына 

ғана рұқсат етіледі), сондықтан,ата-аналар бала-

ларын қыдырып, аулада ойнауға алаңсыз жібере 

алады. 


Тұрғындарға ыңғайлы әрі жайлы болуы үшін 

«Алмалы» аумағында дүкендер, сұлулық салон-

дары,  шеберханалар,  химиялық  тазалау,  ателье-

лер және басқа да тұрмыс қажетін өтеу нысанда-

рына арналған жайлар қарастырылған. 

Пәтерің - қорғаның

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясында  армату-

рашы, қалып жасаушы және бетон құюшы болып 

істейтін мамандар «Алмалыдағы» жұмысын рет-

ретімен түсіндірді. 

«Шұңқыр қазылғаннан кейін құрылыс алаңы-

на  бетон  құюшылар  келеді  де  бетон  құюға  қа-

жетті әзірлік жұмыстарына кіріседі. Оларды ар-

матурашылар алмастырады да үйдің іргетасына 

3

ҚҰРЫЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ



МҰНДА ӨМІР СҮРГІҢ КЕЛЕДІ!

 

«АЛМАЛЫ» ЖАҢА АУДАНЫ

арналған арматураны байлай бастайды. Біз сыз-

балар бойынша ғана жұмыс істейміз. Жоба мен 

сызбаларда көрсетілген арматураны ғана қолда-

намыз. Іргетасты құйып болған соң қабырғалар-

дың  вертикальді  конструкцияларына  көшеміз. 

Қазір  біз  монолитті  қабырғаларға  арналған  ар-

матура  қаңқаны  өріп  жатырмыз.  Жұмысымыз-

ды аяқтағаннан кейін қалып жасаушылар келіп, 

қалыптарды  орнатады.  Барлық  қажетті  тексе-

рулерден  соң  бетон  құюшылар  бетон  қабылдай 

бастайды.  Қабырғалар  дайын  болғаннан  кейін 

бригадамыздың  жабындардың  горизонтальді 

плиталарының  арматуралық  қаңқасын  байлауға 

маманданған бөлек звеносы келеді. Осыдан кейін 

бетон құйылады», – дейдіАндрей Самородовтың 

бригадасында  жұмыс  істейтін  Арман  Көпбаев. 

Айтпақшы,  осындай  технологияның  арқасында 

пәтерлер  тұтас  текше  пішіндес  болып  шығады. 

Бұл  -  үйді  сенімді  әрі  сейсмикалық  салмаққа 

төзімді ете түседі. 

Арматурашылардан кейін қалып салушылар 

жұмысқа кіріседі. Құрылыстың келешегі солар-

дың  жұмысына  байланысты.  «Әріптестеріміз 

–  арматурашылар  арматуралық  қаңқаны  құра-

стырғаннан  кейін  біз  оны  қалыппен  жабамыз. 

Барлығы  тексеріліп,  геодезистердің  келісімін 

алғаннан  кейін  бетон  құйылады.  Бетон  қатқан-

нан кейін қалыпты мұнаралы кранның көмегімен 

шешіп, тазалап, майлап, келесі жұмысқа дайын-

даймыз. Шынын айтқанда, жұмысым қиын емес, 

өзіме  ұнайды»,  –  дейдіқалып  орнатушы  Медеу 

Дәулетбаев. Оның инновациялық қалыппен жұ-

мыс істеп келе жатқанына екі жыл болды және 

жаңа қалыпқа көңілі толады. Қалып орнатушы-

ның айтуынша, жаңа технологиялардың арқасын-

да нысанның құрылысы анағұрлым тез жүруде. 

Монолитті  құрылыстың  көптеген  ар-

тықшылықтары  бар:  әр  пәтер  ешқандай  зілзала 

да,  сыртқы  әсерлер  де  зиянын  тигізе  алмайтын 

қамал секілді болып шығады.Себебі, барлық үй 

тұтас,  берік  әрі  төзімді  болып  шығады.  Алма-

тының  сейсмикалық  белсенділігі  жоғары  аймақ 

екендігін  ескере  отырып  компаниямызқұрылы-

стың сапасы мен адамдардың қауіпсіздігіне айы-

рықша көңіл бөледі. 

Арматуралық  және  монолит  жұмыстарын 

атқару оңай еместігін атап айтқан жөн – армату-

рашылар кез-келген ауа-райында – аптап ыстықта 

да, суықта да, жаңбырда да ашық аспан астында 

жұмыс істейді. Олардың жұмысы – бүкіл ғима-

раттың  «сүлдесі»,  оған  кейін  басқа  мамандар 

«ет» өсіреді (бетон құяды), «күретамыр мен көк-

тамыр» тартады (су құбыры, кәріз жүйесі, элек-

трика және т.б.), «нерв жүйесін» жүргізеді (өртке 

қарсы жүйелер, вентиляция және т.б.), «терімен» 

қаптайды (ішкі және сыртқы әрлеу, аумақты абат-

тандыру). 

Дәл есептеу – табыс пен әсемдіктің 

негізі

Ғимараттың  бүкіл  организмі  дұрыс  жұмыс 

істеуі  үшін  мамандарымыз  қысқаша  сипаттаған 

құрылыс  процестерінің  барлығын  геодезистер 

нивелирлер  мен  тахеометрлердің  көмегімен  жіті 

қадағалап  отырады.  Тақыр  жерге  бірінші  болып 

келіп,  нысанды  соңғы  түп  раушан  гүлі  отырғы-

зылғаннан кейін ғана тастап шығатын да дәл солар. 

Геодезистердің  құрылыс  алаңындағы  жұ-

мысы туралы «Алмалы» нысанының геодезисті 

Нелля Коваль айтып берді. 

«Шұңқырды  дайындау  кезінде  болашақ  ғи-

мараттың орналасатын орнын белгілейміз, оның 

қалай  орналасатынын  анықтаймыз.  Қабырға-

лардың  іргетасқа  қалай  орналасатынын,  жабын 

плиталарының  қалай  түсетінінқараймыз.  Қа-

баттардың  барлық  конструкцияларының  дұрыс 

орналасуын  қадағалаймыз.  Ғимараттың  барлық 

негізгі  конструкциялары  –  іргетастарын,  қабы-

рғаларын,  жабын  плиталарын  топтастырамыз, 

нысанды абаттандыру процесіне қатысамыз. Жол 

жұмыстары  мен  бүкіл  жүйелердің  тартылуын 

бақылаймыз.  Қазір  монолит  жұмыстары  атқа-

рылуда,  біз  ешқандай  ауытқу  болмауын  қарап 

отырмыз», – дейді Нелля Коваль.

Инфрақұрылымды абаттандыру мен ғимарат-

ты әрлеу де геодезистсіз бітпейтін болып шықты. 

«Біз  инфрақұрылымды  абаттандыру,  ғимаратқа 

әрлеу жұмыстарын жүргізуге қатысамыз. Ақтық 

әрлеуде, еденде, қандай да бір коммуникациялар-

да ешқандай ауытқу болмауын қараймыз», – дей-

ді Нелля Коваль. Бұдан шығатын түйін геодези-

стер – бақылаушы және бағыттаушы звено. 

«Біз  конструкциялардың  дұрыстығы-

на,  әдемілігіне  жауап  береміз.  Ешқандай  да 

кемшіліктің болмауын қадағалаймыз», – дей-

ді  Нелля.  Нелляның  «БАЗИС»  компаниясында 

жұмыс істеп келе жатқанына- бес жыл.Компани-

ямызда бір-біріне ұқсайтын жобалардың болмай-

тындығына үйреніп қалған. «Әр нысан – өзінше 

бөлек. Түрлі осьтер, түрлі биіктіктер, өзгеше ор-

наластырылуы тиіс түрлі монолиттік «кесектер», 

әлдебір шұңқырлар, терезелер – барлығы әрқилы 

болып келеді. Әр қабырғаны, әр іргетасты бөлек 

қарауға тура келеді. Осьтердің орналасуын, бар-

лық белгілердің керекті деңгейде болуын қамта-

масыз  ету  үшін,  осьтер  керекті    белгілерде  ор-

наласуы  үшін,  биіктіктегі  айырмашылықтарды 

сақтау үшін әрбір ғимаратты қайта есептеу қажет. 

Тіпті, блоктар бірдей болған күннің өзінде әрбір 

блокты жаңаша есептеу керек, салыстырып, қай-

сыбір тұстарды ескеру қажет», – дейді геодезист 

Коваль.  «Ғимараттың  конструкциясы  неғұрлым 

күрделі болса, геодезистің жұмысы да соғұрлым 

ауыр. Себебі, тік бұрыштар болады, сол секілді 

түрлі  иін  мен  басқа  да  күрделі  конструкциялар 

болады», – дейді геодезист қыз. 

Тұрғын  үй  орамы  арнайы  туннельді  қалып 

қолданыла  отырып  жаңа  технологиялармен  са-

лынып жатқандықтан мұнда есептің дәлдігіерек-

ше маңызға ие. 

«Болмашы ғана ауытқу болған күннің өзінде 

қалып дұрыс қонбайды. Сондықтан, біз шұңқыр 

қазудан бастап шатыр жабуға дейінгі бүкіл про-

цесті бақылаймыз. Осы сәттен бастап ешқандай 

ауытқушылықтың  болмауын  қадағалаймыз,  се-

бебі,  туннельді  қалып  басынан  қойылады  және 

жоғары көтеріле береді. Қазір біз нөл деңгейіне 

шығу процесін бақылап отырмыз, ары қарайқа-

лыпты қандай да бір қиындықсыз сәтті қондыру 

үшін  әрбір  миллиметр  қадағаланады»,  –  дейді 

Нелля  Коваль.  Ғимарат  бүкіл  талаптар  қатаң 

сақталаотырып салынса әрлеу жұмыстарын жа-

сау оңай болады. 

«Әрине, бригадалар барын салып, өз жұмы-

сына  құрметпен  және  жауапкершілікпен  қарап 

жатса  бұл  бірден  көрініп  тұрады.  Қабырғалар 

тегіс  болады,  ешқандай  да  ауытқушылық  бол-

майды.  Бұл  қуанатын  жайт.  Келесі  қабатқа  кө-

теріле отырып олардың барлығын тиісті деңгейде 

атқарғанын және бізге жұмыс істеу жеңіл болаты-

нын түсінеміз. Бригадамен жақсы қарым-қатынас 

жасасаң геодезистің қажеттілігін түсінеді, өзінің 

орнын ұғынады. Геодезист топтау жасап, бірақ, 

құрылысшылар  немқұрайлы  қараса  еңбек  зая 

кетуі мүмкін, сондықтан, арматурашылар, қалып 

орнатушылар, бетон құюшылар бригадаларымен 

тізе қосып жұмыс істейміз», – дейді Нелля Ко-

валь. 

Бұдан  бөлек,геодезистер  лифттерді  орната-



тын  ұйымдармен  де  жұмыс  істейді.  «Лифттер 

лифт  шахталарымен  түзу  жүруі  керек,  ешқан-

дай  ауытқу  –  вертикальді  де,  горизонтальді  де 

BAZIS NEWS №2-3/ 01.03.2016

4


ауытқушылық болмауы тиіс. Бұған қоса, барлық 

есіктердің ойықтары мен терезелерді тексереміз. 

Олар мінсіз түзу болуы қажет, себебі, бұл да ғи-

мараттың сұлулығы мен болашақ тұрғындардың 

жайлылығының  бір  бөлігі»,  –  дейді  «Алмалы» 

тұрғын ауданының геодезисті Нелля Коваль. 



Жаратушының разылығымен 

саламыз

25  жылдың  ішінде  компаниямыздың 

өздәстүрлері  қалыптасты.  Құрылысшыла-

рымыздың  жұмысы  жеңіл  болуы  үшін,  бо-

лашақ  тұрғындардың  өмірі  жайлы  болуы 

үшін 20-шы ақпанда «Алмалы» жаңа тұрғын 

ауданының  құрылыс  алаңында  құрбандық 

шалынды.  Жаңа  нысанның  құрылысының 

бас  кезінде  іске  асырылған  осынау  дәстүр-

лі  шараға  мұсылман  және  христиан  дінінің 

өкілдері шақырылды. 

Құрбандық  шалу  рәсімі  басталмас  бұрын 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясының  президенті 

Жеңіс  Нұрбосынұлы  Нұғыманов  пен  «БА-

ЗИС-А»  Корпорациясының  президенті  Данил 

Раифович  Ахметшакиров  құрылысшыларға  ізгі 

тілектерін білдірді. 

«Ақсай» 


мешітінің 

имамыҚуанышӘбі-

шевқұрылысшыларға тағылымды сөздерін айтты. 

«Алматыда  тағы  бір  тұрғын  ауданның 

құрылысының  басталуымен  құттықтаймын. 

Жеке баспанаға ие болу – әр адамның өмірін-

дегі  қуанышты  оқиға.  Осы  тұрғын  ауданды 

салатын  құрылысшыларға  болашақта  осында 

тұратын  адамдардың  өміріне  деген  үлкен  жа-

уапкершілікті    сезініңіздер,  жұмыстарыңызды 

адал атқарып, үйді сапалы етіп салыңыздар де-

мекпін.  Мұнда  өздеріңіз  Алла  алдында  жауап 

беретін отбасыңыздың мүшелері, туыстарыңыз 

тұруы да мүмкін екенін естен шығармаңыздар. 

Басшылықтың  жұмысшыларды  қолдап-деме-

уін,  жалақының  уақытында  төленіп  отыруын 

тілеймін.  Әркім  өзінің  қаншалықты  маңызды 

екендігін сезініп, жауапкершілігі мен жұмысы-

ның  маңыздылығын  түсіне  отырып  жұмысын 

сапалы  атқаруын,жұмыстарыңыздың  ойдағы-

дай  болуын  тілеймін.  Барлықтарыңызға  аман-

дық,  ырыс-береке  мен  табыс  тілеймін!  Бар-

лықтарыңызға Алла разы болсын», – деп тілегін 

білдірді  Қуаныш  Әбішев.  «Ақсай»  мешітінің 

имамыҚұран  оқып,  Жаратушыдан  құрылыс-

шылардың жұмысына береке сұрады, дендеріне 

саулық, бақыт пен құрылыстың сәтті аяқталуын 

тіледі.  Дұға  жасалып,  құрбандық  шалынды. 

Тоқтының  еті  мұқтаж  адамдар  мен  тұрмысы 

төмен отбасыларына таратып беру үшін мешітке 

берілді. 

Алматыдағы Құтқарушы Христос Храмының 

аға попы протоиерей Александр Гайченяда дұға 

жасап,  құрылысшыларға  ақжол  тілеп,  құрылыс 

алаңын тазалау рәсімін жасады. 

«Сіздер өте жауапты әрі білікті адамсы-

здар. Қазір пәтерлерді сатып алып, осы үйде 

тұратын болашақ адамдардың болашағы қа-

ланып  жатыр.  Балаларыңыз,  немерелеріңіз 

бен  шөберелеріңіз  осында  бейбіт  ғұмыр 

кешсін.  Жаңа  тұрғын  ауданының  құрылы-

сын  бастау  арқылы  «БАЗИС»  компаниясы 

баршаға  ауыр  соғып  тұрған  осынау  кезең-

де көптеген жұмыс орындарын ашып отыр. 

Жаратушы,  адамдардың  қиын  кезеңнен 

аман-есен  өтуіне  көмектесу  үшін  осындай 

күрделі  уақытта  жаңа  тұрғын  ауданының 

құрылысын  бастауды  ұйғарған  компания 

басшылығын  жарылқай  гөр.  Тәңірім  сіздерге 

денсаулық берсін», – дедіҚұтқарушы Христос 

Храмының  аға  попы  протоиерей  Александр 

Гайченя. Дұға оқығаннан кейін дін қызметкері 

жерге қасиетті суды бүркіп, құрылысшыларға 

сәттілік тіледі. 

Рәсімнен  кейін  шағын  концерт  қойылды. 

Домбырашы-вокалшы  Олег  Никитинқұрылыс-

шыларға  домбырамен  қазақша  ән  салып  берді, 

«Алаша»  би  ансамблінің  солистеріқазақтың 

әдемі ұлттық биін биледі. 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал