МҰнайшы 60 Management greetings 63



жүктеу 1.36 Mb.

бет6/18
Дата04.03.2017
өлшемі1.36 Mb.
түріИнтервью
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

МҰНАЙШЫ

Компанияның көптеген әлеуметтік 

жобалары дәстүрлі болып табылады. 

Бұл облыстың 250 тұрғынына азық-

түлік пакетін таратуы (аз қамтылған 

отбасылар, мүгедектер, басқа да 

әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар) 

және тұрмысы төмен және жетім 300 

балаға жаңажылдық сыйлықтар тара-

туы. Балаларды қорғау күнін мерекелеу 

барлық балалар байқауына 7000 сыбаға 

балмұздақ пен сыйлықтарсыз өтпейді. 

«Бірінші сыныптық» және «Қуаныштар 

көші» акциялары – облыстың тұрмысы 

төмен және көп балалы отбасыларға, 

сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен 

аудандарының 8 балалар лагерінің 5 

ауысымындағы мәдени-сауықтыру іс-

шаралары мен спорттық сайыстарға 

қатысушы 1500 белсенді балаға мектеп 

оқу құралдары мен басқа да сыйлықтар 

таратуға ұласады. «ПҚҚР» АҚ ардагерлер-

ге тағызым ете отырып, Қазақстанның 

шипажайларында тегін емделуді ұсынып 

келеді.

«ПетроҚазақстанның» әлеуметтік 



қызметіндегі тағы бір басым бағыты – 

спортты дамытуға қосқан үлесі. Соны-

мен, 1997 жылы Қызылорда облысының 

Туризм және спорт басқармасымен 

бірлесе отырып, компания басшылығы 

«ПетроҚазақстан» сыйлықтары мен ку-

богына оқушылар арасында баскет-

болдан және футболдан турнирлер 

ұйымдастырған болатын. 19 жылдың 

ішінде турнирлердің жеткен жетістігі 

соншалықты, Қызылорда обылысынан 

тыс жаққа дейін шығып кетті – соңғы 

жылдары оларды жеңуге Түркістаннан, 

керек десеңіз Ресейден бәсекелі өтінім 

тастап отыр. 1997 жылы ежелгі тоғыз 

құмалақ ойыны бойынша тұңғыш рет 

турнир өтті, оның ішінде, жарым-жан 

балалар арасында алғаш рет спартаки-

ада ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда бұл 

спартакиадаға 60-80 бала қатысады. 

Көптеген жылдар бойы 

«ПетроҚазақстан» «Қайсар» футбол 

клубының бас демеушісі болып келді. 

Одан басқа, компания Қызылорда об-

лысында соңғы бірнеше жыл бойы ау-

ыр атлетиканың белсенді дамуына 

демеушілік жасап келеді. Оның ішінде ау-

ыр атлетика бойынша Олимпиада чем-

пионы Илья Ильиннің дайындығына да 

тікелей демеушілік көрсетіп отырды.

Астын сызып айтарлықтай іс 

жыл сайынғы өңірдің әлеуметтік-

экономикалық дамуына 

ынтымақтастығы туралы Қызылорда об-

лысы мен Қарағанды облысының Ұлытау 

ауданы әкімдіктері мен «ПетроҚазақстан 

Құмкөл Ресорсиз» АҚ, Көлжан ЖШС және 

ПКВИ арасындағы Меморандумды ай-

ту керек. 2006-2014 жылдар аралығында 

Меморандумдар аясында бөлінген қаржы 

29 млн. АҚШ долларынан асты.

Меморандум аясында жиналған 

қаржыға, облыста оның тұрғындарының 

өмір сүру дейгейін арттыратын ірі 

инфроқұрылымдық әлеуметтік мәні 

бар жобалар жүзеге асырылып жатыр. 

Мәселен, Қызылордада ПҚҚР-дің Мемо-

рандум аясында қаржыландыруының 

нәтижесінде теннистік корт, мұз ай-

дыны салынып, Орталық алаң қайта 

жөндеуден өтті. Қала тұрғындары енді 

бос уақыттарын еркін өткізіп, өз ау-

лаларында арнайы ойын және спорт 

алаңдарында спортпен шұғылдануға, аз 

қаматамасыз етілген отбасылардағы ба-

лалар – жоғары білім алуға, мыңдаған 

оқушылар – шипажайлық-курорттық 

емдеу алуға сондай-ақ, жазғы сауықтыру 

лагерлерінде демалуға мүмкіндіктері бар.

Өңірді дамытуға қосқан үлесі үшін 

2008 жылы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ре-

сорсиз» АҚ «Күміс Парыз» сыйлығымен 

белгіленсе, Бизнестің әлеуметтік 

жауапкершілігі бойынша Қазақстан Ре-

спубликасы Президенті байқауында 

«Үздік әлеуметтік жауапкершілікті 

кәсіпорын» номинациясымен марапат-

талды.


Ұжымдық әлеуметтік жауапкершілік 

барлық қызмет саласының ажырамас 

бөлігі болып табылады. Бұл компанияның 

қоғам дамуына, оның бірігу мүмкіндігіне 

және ортақ теңгерімін табуына сондай-

ақ, қоғам мен бизнестің мүдделерінің 

үйлесуіне қосқан ерікті үлесі. 

Қазақстанның лайықты ұжымдық азама-

ты болуға талпыну – бұл компанияның 

басшылары мен қызметкерлерінің, біздің 

мердігерлеріміз бен серіктестеріміздің 

бәрін біріктіретін негізгі идея.

ПҚҚР жыл сайын «Мектепке барар жол» республикалық акциясына қатысады / ПККР ежегодно участвует в республиканской акции «Дорога в школу» / 

PKKR contributes to republican campaign Road to School on an annual basis



МҰНАЙШЫ      

Маусым 2016

27

иНфроқҰрЫЛЫМдЫқ АЛЫПтАр

Компанияның үш онжылдықтағы өмірінде, жұмысқа орналастыру және кен орнындағы тіршілік әрекеті, мұнай тас-

малдау, өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда олардың барлығының жиынтығы 

біздің кен орнымызды игеруге мүмкіндік берді. Бұл мақалада біз осы үш онжылдықтағы ең ірі инфроқұрылымдық 

жобалар туралы айтқымыз келеді.

«қызылорда-құмкөл» көлік жолдарының құрылысы

Көлік жолдарының салынуы компанияның ең маңызды 

мәселелерінің бірі – транспорттық мәселені шешкен алғашқы ірі 

инфроқұрылымдық жоба болды. 1988 жылдың аяғында басталған 

«Қызылорда-Құмкөл» көлік жолдарының құрылысы 2011 жылдың 

басында аяқталды. Жобаны жүзеге асыру құрылысқа тартылған 

отандық құрылыс компанияларының қызметкерлерінің еңбегі мен 

қаржыландырған бірнеше жергілікті мұнай компанияларының 

арқасында мүмкін болды. Пайыздық мөлшердегі инвестицияның 

көлемі: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – 44,9%, «Торғай Пе-

тролиум» АҚ – 45,7%, «Қор» АҚ ҰК – 5,3% және «САУТС-ОЙЛ» ЖШС – 

4,1% құрады. Құрылысты «Корпорация Береке-А» АҚ, «Қыран» ЖШС 

және «УАД» ЖШС жүргізді.

Құмкөлді игерудің алғашқы кезеңіндегі ең өткір мәселе жол-

дар еді, анығырақ айтсақ – олардың жоқтығы. Жүктер – бұрғылау 

жабдықтары, құрылыс материалдары және басқа көптеген жүктер – 

кен орнына қиыршық тасты жолмен апталап жүріп жаты және мезгіл 

аралық лайсаңдарда жай ғана жеткізу жұмыстары орындалмас тап-

сырмалардай болды.  Құмкөлде тұңғыш мұнай шыққанда жол мәселесімен мықтап айналыса бастады. Жол ұзақ жасалынды 

– 190 шақырымдық трассаның төсенішін төсеуге 5 жыл уақыт кетті. Оның өзінде 130 шақырым ғана асфалтталды, қалғаны 

шағыл тастар және ірі құмдармен жабылып тұрды. Мыңдаған тонна мұнайлы ірі жүк көліктерінің асфалтьталмаған жолда-

рымен жүруі яғни жазда – бұрқыраған шаң және көктем, күзде лайсаңдығынан қауіпсіз болмады.

Сондықтан бұл құрылыстың аяқталуы жүргізушілерді көптеген қиындықтардан құтқарды. Жолдың негіздемесіне 

салынған 26 см қалыңдықтағы шағыл және қиыршық тастар мен құм араласқан, қалыңдығы 14 см құрайтын үш қайтара 

төселген жоғары сапалы асфалттік жаңа жол жабындысы салынды. Бұл мұнай кен орындарынан шыққан ауыр ірі жүктері 

бар көліктрдің білік теміріне түсетін жүкті айтарлықтай жеңілдетіп, жолдарын анағұрлым жеңілдетті.

Айта кететін бір жәйт, жер қонауымен айналысатын компаниялардың қызметтеріне кедергі келтірмей, транс-

порт қозғалысын тоқтатпай, айналып өту жолдары арқылы жол жұмыстары жүргізілген. Қазір, осы жолдың арқасында 

мұнайшылар вахтадан аман-есен оралады, ал ірі жүк тасмалдаушылар мұнайы мен керек-жарақтарын қауіпсіз тасмалдай-

тын болды.



28

Маусым 2016      



МҰНАЙШЫ

станциясындағы мұнай құятын терминалы бар «құмкөл-жосалы» магистральды мұнай құбыры

«ПетроҚазақстан» компаниясының 

«Құмкөл-Жосалы» мұнай құбыры мен Жо-

салы теміржол станциясындағы мұнай құю 

терминалын салу жобасы мұнайды Европаға 

экспорттап сатуда транспорттық шығынды 

анағұрлым азайтқан маңызды қадамы болды.  

2003 жылғы маусымда қолданысқа берілген 

мұнай құбыры Құмкөл және ҚАМ (Қызылқия, 

Арысқұм, Майбұлақ) сияқты бір топ кен орын-

дарын Жосалы темір жол станциясындағы 

мұнай құю терминалында біріктіріп, мұнай 

одан ары темір жол арқылы экспортқа кетті. 

Магистральды мұнай құбырына арналған 

трассаны таңдау оның географиялық, 

топографиялық және экономикалық 

жақтарын есепке ала отырып жүзеге асты. 

Жалпы ұзындығы 178 шақырымды құрайтын, 

400 мм диаметрлі мұнай құбыры трасса-

сы Қызылқия, Арысқұм, Майбұлақ (КАМ кен 

орындары тобы) кен орындарына барын-

ша көп жақындатылып салынған. Мұнай құю 

терминалы қазіргі темір жолынан солтүстікке 

қарай 1,2 шақырым қашықтықта, ал Жосалы станциясынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Бұл жобаны жүзеге асыру рекордтық қысқа мерзімде орындалды – бар-жоғы бір жарым жылда. Құрылыс кезеңінде жобалық 

құжаттарды реттеуді, жабдықтарды таңдау және сатып алуды, сондай-ақ техникалық қолдау жасауды «ПетроҚазақстан» 

компаниясының Д.Борн мен И. Оңғарбаеваның басшылықтарымен болған жобалық тобы жүргізіп отырды. Жобаны құруға 

шетелдік және қазақстандық, оның ішінде IMV Projects (Канада),  ОАО  «Казгипрожелдортранс» (Алматы қ.), PM Lucas, «НИПИ» 

ЖАҚ Мұнай-газ» (Ақтау қ.) және «Казнефтегазконсалтинг» ЖШС (Қызылорда қ.) жобалық ұйымдарының қатысуымен қатысты. 

Жоба жаңа технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы халықаралық стандарттарға сай болды, сондай-ақ ол шетелдік 

және жергілікті мамандардың тамаша тәжірибе алмасу алаңына айнала білді.

Құрылысты «Пундж Ллойд Казахстан» және оның қосалқы мердігерлік ұйымдары - «Трак контракшен», «Монтажспец-

строй» ЖШС, «Құмкөлқұрылыс» АҚ, «Бірлескен құрылыстық корпорация» ЖАҚ, «Алматықұрылыс» ҰШК, Автокөлік жолдары 

басқармасы». ЖАҚ қатысуымен орындалды. Мұнай құбыры мен терминалды салған уақытта мыңнан астам адамға жұмыс орны 

құрылды. Олардың 70 пайызы яғни 800-ге жуық жергілікті кадрлардан құралған. 

Мұнай құбыры мен терминал ең жоғыр технологиялық және заманауи нысандардың бірі болды. Жосалы терминалының 

маңызды техникалық сипаттамасы болып оның атмосфераға булануды болдырмайтын, экологиялық таза, жабық құйылу тех-

нологиясын пайдалануы.Темір жол эстакадасындағы құю опреациясының көлемі күніне жеті поездге дейін жетеді. Әр эста-

кадада технологиялық мұнай құбырылары 

бақылау, басқару және өрт сөндіру 

жабдықтары бар 30 құю қондырғысымен 

қапталған. 

2003-2005 жылдар аралығында мұнай 

құбырының қолданысын «ҚазТрансОйл» 

ЖАҚ техникалық операторы жүргізсе, 

2005 жылдың тамызынан бастап мұнай 

құбырымен ПҚҚР қызметкерлері қолданып 

келеді. Ұжымда еңбек жолын сонау 

«Оңтүстікмұнайгаз» АҚ-нан бастаған, мұнай 

саласында үлкен тәжірибелері бар кәсіби ма-

мандар мен қызметкерлер жұмыс істейді. 

2003-2010 жылдар аралығында жалпы көлемі 

11,2 млн. тонна мұнайды құрайтын 204 073 

вагонцистернасы жөнелтілген.

Мұнай құбырын қолданысқа енгізуге еңбегі 

сіңген кәсіби мамандар мен қызметкерлердің 

қатарында Байманов Ғ., Есжанов Ғ., Биманов 

Б., Сәрсенбаев Т., Жәмішев Ғ., Бермағанбетов 

Қ., Құдабеков Н. және Өтепов Қ. бар.


МҰНАЙШЫ      

Маусым 2016

29

жосалы терминалының қайта құрылуы және қАМ мұнай құбырлары бағытының өзгертілуі

2010 жылдың маңызды оқиғасының 

бірі «Жосалы терминалының қайта 

құру және «Құмкөл-Жосалы» мұнай 

құбырының қайтар бағытын өзгерту» 

жобасының аяқталуы еді. Оны 

жүзеге асыру сібірлік мұнай құбыры 

жүйесінің мұнайын қабылдаумен 

және оны «Құмкөл-Атасу-Алаңқоу» 

бағытына арналған мұнай құбырымен 

жөнелтумен, сондай-ақ оларды Шым-

кент МӨЗ-на өңдеуге жіберумен тікелей 

байланысты болды. 

Сөйтіп, бұл нысан «Қазақстанның ин-

дустриализация картасына» енді. Оның 

қайта құрылуы компания үшін де, бүтін 

бір өңір үшін де жаңа келелі келешек 

ашты. Бағыттардың өзгертілуі мұнай 

құбыры мен Жосалы терминалын жыл 

он екі ай пайдалануға мүмкіндік берді.

Жобаның мақсаты Батыс Сібірден 

Жосалы станциясына жеткізілген 

салқын температурадағы тұндырылған 

мұнайды Құмкөл МӨДЦ-ге жеткізу 

қажеттілігіне байланысты қолданыста бар ҚАМ құбырлы транспорттық жүйесін техникалық тұрғыдан қайта қаруландыруға 

әкелді.


1 млрд. теңгеден астам бағаланған жоба 2010 жылдың наурыз бен қараша айлары аралығында жүзеге асырылды. Қайта 

құрылу келесі технико-экономикалық көрсеткіштерді қамтыды: теір жол цистерналарына құю бойынша жылдық жүк ай-

налымы – 1 180 000 тоннаны, ағызу бойынша – 2 160 000 тоннаны құрады. Қызметкерлер үшін барлық керекті жағдай 

ұйымдастырылды – медициналық кабинет, душ, асхана, өрт сөндіру бөлімшесі, жұмысшыларға арналған арнайы киім бар. 

Жұмыскерлер Жосалы ауылында тұрады. Жобаны жүзеге асыру үшін Истеков А., Абдулов Е., Махат Б., Темірбаев М., Баубекова 

К., Есмағамбетов Т., Омаров Т., Крекесов А. сияқты азаматтар зор үлес қосты.



«батыс тұзкөл - құмкөл» өндіріс аралық 10-дюймдік мұнай құбырының құрылысы

Батыс Тұзкөл кен орнында мұнай өндірудің артуына байланысты Құмкөл кен орнындағы МӨДЦ-ға мұнай жеткізу үшін 

құбыр салудың қажеттігі туындады. Өндіріс аралық құбырды салғанға дейінгі уақытта, Құмкөл МӨДЦ-ға мұнай жеткізу өз 

бағасынан қымбаттау етіп жеткізіп отырған мұнай тасмалдаушы көліктермен жүзеге асып отырған. Ал 83 шақырымнан аса-

тын 10 дюймдік мұнай құбыры бұл шығынды оңтайландырды.

Уәкілетті органдардан құрылыс салуға рұқсат 2013 жылдың тамызында алынды. Мұнай құбыры екі облысытың аумағымен 

өтеді: 26 шақырым қашықтықтағы 1-ші тармағы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының жері арқылы өтсе, 56 шақырымға 

созылған 2-ші тармағы Қызылорда облысының Сырдария ауданының жерімен өтеді. 

Мұнай құбыры кезең-кезеңмен салынды. 1-ші тармағы 2014 жылғы қаңтардың аяғында жүргізілсе, 2-ші тармағы 2014 

жылғы ақпанның аяғында жүргізілді. Құрылыс бойынша және жобалау бойынша мердігер болып дәнекерлеу және монтаж-

дау жұмыстары бойынша жұмысшы саны 152 адамды құраған СПФ «МСС» ЖШС және РМ LUCAS Kazakhstan ұйымдары кірісті. 

Негізгі жабдықтар, трубалар мен сорғыларды жеткізу бойынша CPTDC и SHANGHAI LIANCHENG (GROUP) CO., LTD қытай 

өндірушілері айналысты.

Жобаны жүзеге асыру бойынша инвестиция көлемі 20 млн. АҚШ долларын құрады. Құрылыс аясында мұнай эмульциясының 

газға, суға және мұнайға бөлінуі болатын ГУ-01 (УПСВ-01) топтық қондырғысына қосылған спутниктер түзілді, яғни 

орталықтандырылған (сәулелік) жинақ жүйесі орнатылды. Газ өзіндік керек-жараққа пайдаланылады, ал артылғаны факел-

де жанып кетеді, қабаттық су Батыс Тұзкөл кен орнының қабаттық қысымын ұстап туұруға арналған айдау құбырымен айдау 

ұңғымасына құйылатын БШСС-на (блоктық-шоқтық сорғы станция) түседі. Мұнай өндіріс аралық құбырмен Құмкөл МӨДЦ-

ке ауыстырылып құйылады.

Бүгінгі таңда «Батыс Тұзкөл-Құмкөл» мұнай құбырын тәулік бойы ГРУПП-4 қызметкерлерінің экипажы қарауылдайды, 

ал құбырдың ішкі қабырғаларын тазалау үшін Құмкөл кен орнының МӨДЦ-на дейін ГУ-1 ЗТК-ден айына үш рет тазалау 

қондырғысы жұмыс істейді. Осы кезде мұнай құбырының жұмыс істеуін 15 адам қамтамасыз етіп отыр. Бұл жобаның жүзеге 

асуына елеулі үлес қосқан Көшербаев Б., Әбенов А., Тарасенко А., Шәутай Т., Байтасов Ғ., Беркенов С. Және Базарбаев Е. сияқты 

азаматтар еді.



30

Маусым 2016      



МҰНАЙШЫ

Фото «Мұнайшының» мерейтойлы 

нөміріне кездейсоқ таңдалған жоқ. Ол 

жерде суретке түсіп қалған жас талапкер 

мұнайшылардың бірі осы күнге дейін 

«ПетроКазахстанда» жұмыс істейді. 

Серік Жылқаманов бүгінгі таңда 27 жыл 

бұрғы шебері болып қызмет істейді және 

ол жұрнал оқырмандарымен Құмкөлдің 

алғашқы жылдарындағы жұмысы ту-

ралы естеліктерімен бөлісуге сүйсіне 

келісті.


Серіктің қасында (фотода бірінші – 

Серік Жылқаманов) фотода (солдан оңға 

қарай): Виктор Зеленый, бұрғылаушы, 

Адам Ильясов, бұрғылаушының бірінші 

көмекшісі.

Серіктің естеліктерінен,

 «Фотография Құмкөлде 1987 жылы түсірілген, ал біз болсақ білмедік 

бізді суретке түсіріп тұрғанын, сол кезде достарыммен ағымдағы 

мәселелер мен болашақтың жоспарын қызу талқыға салып тұрған бо-

латынбыз. Әңгіме барысы, енді жақында Құмкөлде одан көп бұрғылау 

жұмыстарын жүргіземіз, жаңа жол, вахталық елді мекен саламыз, ал та-

яу арада біздің көптен күткен Құмкөл кен орнында «миллион» - милли-

он тонна мұнай өндіреміз деп тұрған болатынбыз.

Сол сәтте кен орнында біздің №1 бригадамыз ұңғыларды бұрғылауды 

аяқтаған болатын, әр жерде құбыр стеллаждары жатқан және пайдала-

нылмалы бағаналарды түсіруге дайындық барынша қатты жүріп жатқан 

кез болатын. Бригадалар бір-бірімен әр түрлі көрсеткіштер бойынша 

жиі жарысатын: бұрғылаудың тереңдігі, уақыты, қауіпсіздігі мен сапа-

сы бойынша. Біздің бригада көпұлтты болатын, бір кезде мәдени таным-

дар бойынша шиеленісіп жатса, бір кездерде дала мұнайшыларының 

өмірін жеңілдететін. Әзілдер арты жиі түзетулерге әкелетін. Бірде 

жігіттер монтаж жасаушылардың бригадирінің жыланнан қорқатынын 

біле тұра әзілдеген болатын. Оны түскі асқа шақырып алады. Сол сәтте 

вогонға кірген бригадир оқтай атылып далаға ытқып шыққан еді, себебі 

оған түскі астың орнына бұрғылау қондырғысының демонтаж жасау 

кезінде моторист Тұрабаев Қалдардың ұстап алған 2 құм оқ жыланы 

мен бұрғылаушының көмекшісі Лукашев Олегтің ұстап алған 3 литрлік 

банкаға толы құрбақалары ұсынылған болатын. Келесі күні Құмкөлдегілердің барлығы біздің бригада әбден жабайы 

болып құрт-құмырысқа жейтін болған деп даурығып кеткен еді. Бұл жерде айта кету керек, Қалдар жоғарыда айтылған 

жыландарды халық емшілері тұрақты қолданатын  Қырғызстанның таулы аймағынан еді.

Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда орын алған еді. Мысалы, 1987 жылғы желтоқсанда біз барлау ұңғымасын 

бұрғылаған едік, техникалық бағананы цементтеу үшін РИТС базасынан цементтейтін бастиекті алып келу керек 

болды. Ол кезде қарда тізеден келетіндей жауып тастаған, біз К-700 мүдірмейтін трактор пайдаландық. Бұрғылау 

қондырғысына 350 метрдей қалғанда, біздің К-700 шұңқырға батып қалды, одан ары жаяу баруға тура келді. Біз ке-

ле жатырмыз, мұнараға дейін алдымызда 150 метрдей бар, сол арада алдымыздан үлкен дала көкжал қасқыры шығады, 

үлкендігі соншалық ондайлар сирек кездеседі. Алғашында біздің бригаданың барлығының бойын қорқыныш пен үрей 

бойлап тұрып қалды. Қасқыр аздап жарақаттанған екен, бірақ тағының айбаттылығы оны үстем болып, оны сездірмей 

тұр. Біз құдды бір даусымыздан айрылып қалғандай болдық, керек десеңіз дауыстап көмекте шақыра алмадық. Қасқыр 

бізге ұзақ қарап тұрып, бақытымызға орай бізге шаппады. Мүмкін оны біздің үстіміздегі жұмыс киімнен шығып тұрған 

мазут пен жанармайдың иісі үркітті ме екен немесе жаралы болғандықтан әлсіз болып тұрды ма деп қоямын. Бірақ 

сол вахтадан кейін өміріміз бағалы деп біздің жігіттердің екеуі үйлеріне қайтып кетті, біреуі Белоруссияға, ал екіншісі 

Маңғышлаққа.

Тұрмыстық жағдайда да қиындықтар болды - бұл алғашқы кезеңдегі баспананың болмауы және судың сапасы мен 

вахтаға жету жолындағы түрлі оқиғалардың болуы деп айтар едім. Бірақ қиындықтар бізді бағындыра алмады, бүгінгі 

таңда да осы ұлы кен орны Құмкөлдің аяққа тұру жолындағы абыройлы сәттер бізге берілгені үшінде мақтан тұтамыз.



МҰқАбА тАрихЫ

МҰНАЙШЫ      

Маусым 2016

31

Ақпан

1 ақпан - өндірістік қауіпсіздік 

саласындағы «2016 жылға «ПҚОП» 

ЖШС бөлімшелері мен цехтарының 

тәуекелдері» құжатына дайындыққа 

«ПҚОП» ЖШС ТҚБ қатысуы.

2 ақпан - Өндірістік процесстерді 

тұрақтандыру, қызметкерлерді 

жұмыспен қамту және еңбекті 

құқықпен қамтамасыз ету мәселелері 

жөніндегі Қызылорда облыстық әкімдік, 

ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ 

және аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 

«Қызылорда облысының кәсіподақ 

орталығы» арасындағы ынтымақтастық 

және әріптестік туралы Меморандумға 

қол қойылды.

13 ақпан - «ПҚОП» ЖШС 

қызметкерлері, интернациолист-

ардагерлері мен ОҚО ауғандықтар 

Кеңесі мен ОҚО ардагерлер Кеңесі 

өкілдерінің бірлесіп Ауғаныстаннан 

әскердің шығарылған күнін дәстүрлі 

түрде мерекелеу.

Наурыз

8-12 наурыз - 2016 жылғы 04 

наурыздағы №82 бұйрыққа сәйкес, 

Техникалық қадағалау бөлімі мен 

металдар және пісіру зертханасы 

қызметкерлері С 200 цехының №1 

ЛК-6У орнатуды тоқтату кезеңінде 

техникалық-жөндеу құжаттарын 

әзірлеуді және жөндеу жұмыстарына 

уақытылы әрі сапалы бақылауды 

қамтамасыз ете алды.



14 және 18 наурызда - Наурыз мей-

рамын мерекелеу аясында Құмкөл 

және ҚАМ кен орындарында ком-

пания қызметкерлерінің арасында 

спорттық сайыстар өткізіліп, мерекелік 

концерт ұйымдастырылды. Құмкөл 

кен орнының МГӨЦ, МДАЦ, ГПЖЦ 

бөлімшелері, қамтамасыз ету қызметі, 

химиялық жүйелер, технологиялық 

бөлім мен өндіру технологиясы бөлімі 

қызметкерлерінің қатысуымен «Қыз 

ұзату», «Тұсау кесу» және «Бесікке са-

лу» сияқты қазақтың ұлттық салт-

дәстүрлерінен театрландырылған 

көріністер қойылды.

16 наурыз - компания қам-

қорлығындағы Жаңақорған ауданы-

ның аз қамтылған отбасылар-

оқиғАЛАр күНтізбесі

ПҚОП кәсіподығының есеп-беру конференциясы / Отчетно-выборная конференция профсоюзной организации 

ПКОП / Reporting and election conference of PKOP Trade Union 

4 наурызда Құмкөл кен орнының өндірістік игерілуіне 30-жылдығы мен 8 нау-

рыз Халықаралық әйелдер күніне орай ойластырылған «ПетроҚазақстанның үздік 

әйелдері» онлайн-байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау бо-

лып өтті. 

Байқауға онлайн-технологиясы арқылы белсенді түрде 647 қызметкер дауыс 

берген 58 әйел қатысты.

Дауыс беру нәтижесінде:

•  «Кәсіпшіліктегі үздік мұнайшы әйел» - Құмкөл кен орнының МДАЦ шебері 



Нұрланқұлова Кәмилә;

•  «Үздік инженерлік-техникалық қызметкер» - мұнай-газ өндіру бөлімінің жеткеші 

инженері Осипова екатерина;

•  «Үздік геолог» - Құмкөл кен орнындағы техник-геолог Бисенова Алма;

•  «Химиялық жүйелердің үздік лаблоранты» - Құмкөл кен орнының 3 дәрежелі 

химиялық сараптама лаборанты өтепова минаш;

•  «Персоналды басқару және оқытудың үздік маманы» - оқыту бойынша аға маман 

Ізбасарова Бағымкүл;

•  «Жобалау және құрылыс саласында үздік маман» күрделі құрылыс бөлімінің 

жетекші инженері Аблаева Айымхан;

•  «Қаржы бөлімінің үздік маманы» қыржы бөлімінің есеп айырысу бухгалтері Пак 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал