МҰнайшы 54 The Price of Victory 54



жүктеу 0.83 Mb.

бет1/10
Дата05.03.2017
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2

Маусым 2015      



МҰНАЙШЫ

54

The Price of Victory



54

The Glory Memorial



55

Two meetings



57

Sacrificing their own lives, they brought us the Victory!



70

Oil: from subsurface right to… your home



74

Calendar of events



29 

Цена Победы



30

Мемориал славы



31

Две встречи



33

Не жалея своих жизней, они приближали Победу!



46

Нефть: из недр и до… вашего дома



51

Календарь событий



Жеңістің құны



5

Даңқ мемориалы



6

Екі кездесу



8

Жеңіс үшін жан мен тәнін бергендер!



21

Мұнай: жер қойнауынан сіздің үйіңізге дейін



26

Оқиғалар күнтізбесі

«Мұнайшы» журналы - «ПетроҚазақстан»

компаниясының қызметкерлеріне арналған

корпоративтік басылым.

Бас редактор:

Бақытжан Исенғалиев



Бас редактордың орынбасары:

Екатерина Гребенникова



Редакциялық топ:

Махаббат Джайлғанова,

Диляра Қасымбекова,

Айнаш Тілеубаева,

Гүләйхан Ембердиева,

Ақтолқын сұлтангереева.



Фотографтар:

Андрей Тайгунов

Аваз Қарабаев 

Журнал «Мунайшы» - корпоративное

издание компании «ПетроКазахстан»,

предназначенное для сотрудников.



Главный редактор:

Бахытжан Исенгалиев



Заместитель главного редактора:

Екатерина Гребенникова



Редакционная группа:

Махаббат Джайлганова,

Диляра Касымбекова,

Айнаш Тлеубаева,

Гульайхан Ембердиева,

Актолкын султангереева.



Фотографы:

Андрей Тайгунов

Аваз Карабаев

Munaishy is a corporate PetroKazakhstan

magazine for the employees.

Chief Editor:

Bakhytzhan Issengaliyev



Deputy Chief Editor:

Ekaterina Grebennikova



Editing staff:

Makhabbat Dzhailganova,

Dilyara Kassymbekova,

Ainash Tleubayeva,

Gulyaikhan Yemberdiyeva,

Aktolkyn Sultangereeva.



photographers:

Andrey Taigunov

Avaz Karabayev

содержАНие

МАзМҰНЫ

Байланыстық ақпарат:

Казақстан Республикасы, Алматы,

050059, Фурманов көшесі, 244-а

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Контактная информация:

Республика Казахстан, Алматы,

050059, ул. Фурманова, 244-a

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Contact information: 

244-a Furmanov Street, 050059,

Almaty, Republic of Kazakhstan,

tel.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

contents


МҰНАЙШЫ      

Маусым 2015

3

54

The Price of Victory



54

The Glory Memorial



55

Two meetings



57

Sacrificing their own lives, they brought us the Victory!



70

Oil: from subsurface right to… your home



74

Calendar of events



бАс редАктордЫң сөзі

Құрметті әріптестер мен оқырмандар,

Журналымыздың бұл нөмірі ерекше мазмұнға ие. Мұнай және газ мәселелеріна қатысты 

кәсіби материалдар аз болмақ. Бұл басылым 1941-1945 жылдарының  қатыгез соғысында 

кеңес халқының жұмылып қол жеткізген Ұлы Жеңісіне арналады. Отанын қорғап, елінің 

еркіндік туын сақтаған сіздер мен біздердің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі кейінгі 

ұрпақтың есінде мирас болып мәңгі қалатыны анық. 

Ағымдағы жылдың басты оқиғаларының бірі - ұмытылмас Жеңістің 70 жылдығы болмақ. 

сондықтан біздің балаларымыз бен немерелеріміз осы Ұлы Жеңіске қол жеткізуге үлестерін 

қосқан жаужүрек жандардың жолын қуып келесі буынға жеткізер деп үміттенеміз.  

Отан үшін ерліктері мен ар-намысы біздің  жүрегімізде жалындай тулап, есімізде мәңгі 

сақталып, болашаққа жетелейді.

 Бұл сөздеріммен келісетіндеріңізге сенімдімін.

Барлықтарыңызға зор денсаулық пен  сәттілік тілеймін!

Вице-президент,

Б.І.Исенғалиев


4

Маусым 2015      



МҰНАЙШЫ

Әрбір күні соңғы күнге айналған 1418 

күн, ұрыс алаңында, басқыншылар ба-

сып алған аумақта, концлагерьлер мен 

тылда жеңіс үшін өмірлерін қиған 27 

миллионнан астам совет азаматы... 

Алып елдің ұлттық байлығының үштен 

бірі жойылды, 1710 қала талқандалып, 

70 мыңнан астам ауыл мен елді ме-

кен күлге айналды... Осының бәрі адам-

зат тарихындағы ең сұмдық соғыстың 

бұлтартпас дерегі. 

Ортақ жауға қарсы күресу үшін бүкіл 

ел тізе біріктірді, соғыс жылдарын-

да халқымыз жаппай жұмылып, әскери 

және еңбек алаңындағы ерліктің кере-

мет үлгісін көрсетті.  

Жеңісті жақындатуға қазақcтан-

дықтар да зор үлесін қосты. соғыс 

басталған кезде жүздеген мың отан-

дастарымыз ерікті түрде майданға ат-

танды. Ал соғыс жылдарында 1,2 мил-

лион қазақстандық - республиканың 

әрбір төртінші ересек тұрғыны 

қантөгіске қатысты, тұтас республика-

мыз майданның қуатты арсеналына ай-

налды. 

Отандастарымыз соғысқа бастан-



аяқ қатысты, Мәскеуді қорғады, Ле-

нинградты жауға бермеді, сталинград 

пен Курск доғасындағы қан майдан-

да шайқасты, Белоруссия мен Украи-

наны, Балтық елдері мен Еуропаны фа-

шист басқыншыларынан азат етті. 500 

қазақстандық Кеңес одағының баты-

ры атанды, 100 астамы - Даңқ орденінің 

толық кавалері болды, ал төртеуі - 

Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван 

Павлов және сергей Луганский Кеңес 

одағының батыры атағын екі мәрте 

алды. Бауыржан Момышұлы, Әлия 

Молдағұлова, Төлеген Тоқтаров, Нүркен 

Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк 

Мәметовалар мен 28-гвардия-панфи-

ловшыларды, басқа да қаһармандарды 

халық мәңгі жадынан шығармайды. 

Ал әрбір отбасы жеңіс күнін 

жақындату жолында аянбаған ата-

сы мен әкесін, әжесі мен аналарын 

есте сақтайды, олар соғыс майда-

нында да, тылда да таянбай тер төкті, 

еңбек етті. Бір өкініштісі, қазіргі таңда 

әлемнің көптеген бөлігінде Ұлы От-

ан соғысының деректерін бұрмалау, 

әлемді фашист басқыншылардан азат 

еткен жауынгерлердің ерлігін кемсіту 

оқиғалары белең алды. сондықтан 

болашақ ұрпақтың санасына аталары-

мыз бен әкелеріміздің ерлігін сіңіру - 

біздің ортақ парызымыз болып отыр. 



жеңістің қҰНЫ

2015 жылдың 9 мамырында әлем халқы 70 жылдық мерейтойын атап өткен 

Ұлы жеңіс ондаған миллион адамның өмірі мен тағдырын құрбан етіп, олардың 

жігері мен бірлігінің, қаһармандығының арқасында қолымызға тиді. 

Майданға арналған арсенал

Қазақстандық өнеркәсіп майданның нағыз тірегі болды. соғыс жылдарын-

да республикамыздағы 460 зауыт, фабрика, кен орындары мен шахталар, 

өндірістер қайта жөнделді, жаңадан салынып, пайдалануға берілді және 300 

кәсіпорын біздің жерімізге көшірілді. Қазақстан мұнайы, көмірі мен металда-

ры - бәрі армия мен ұрыс алаңын қамтамасыз ету үшін қызмет етті. Мысалы, 

қорғасыннан құйылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды.

Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, ауыл тұрғындары солдаттарды керек-

жарақпен қамтамасыз ету үшін күні-түні тынымсыз еңбек етті. Тылдағы 

жұмыстың бар ауыртпалығы әйелдер мен балалардың, қариялардың иығына 

түсті. Қару-жарақ, киім мен азық-түлікті майданға тасымалдау үшін темір жол-

дар салынды. 

Республикада танкілер мен ұшақтар салуға ақша жинауға арналған 

қозғалыстар құрылды, оған қарапайым тұрғындар ат салысып, ақшаларын 

майданға өткізді. соғыс жылдарында Қазақстан халқы әскери техниканың 

құрылысы үшін 480 миллион рубльден астам ақша жинап берді. Мысалы, 

Берлинді шабуылдау кезінде қазақстандық азаматтардың жеке қаржысынан 

құралған «Қазақстан комсомолы» танк тізбегі қатысты. 



МҰНАЙШЫ      

Маусым 2015

5

Шымкенттің Абай атындағы 



саябағында орналасқан Қазақстандағы 

ең ірі мемориалдық кешеннің мақсаты 

- Ұлы Жеңіс пен өмірлерін оққа бай-

лап, бізге ашық аспан мен бақытты 

болашақ сыйлаған қаһармандарымызды 

еске сақтау, әрқайсысының ерлігін 

мәңгілік жадыда ұстау болып та-

былады. Қара граниттен жасалған 

алып композицияға алтын жалатқан 

әріптермен Ұлы Отан соғысы жылда-

рында майданға кеткен 150 мыңға жуық 

оңтүстік қазақстандықтың есімі жазыл-

ды. Олардың бәрі - сіздер мен біздердің 

шымкенттік әріптестеріміздің туыста-

ры мен жақындары. Даңқ мемориалы 

2010 жылдың 7 мамырында Жеңістің 

65 жылдығына орай салтанатты түрде 

ашылды.  

Төрт мыңнан астам шаршы метр 

аумақты қамтитын мемориал бір 

композицияға біріктірілген бірнеше 

ескерткіштен құралған. Кешен көрінісін 

бірнеше жыл бұрын салынып, қазірде 

толық жөндеуден өткен Даңқ ескерткіші 

ашады, ол жердегі Мәңгілік алау да 

қалпына келтірілді.  

Кешен орталығында «Жұлдыз» 

ескерткіші орналасқан. Қызыл гранит-

ке совет одағының 51 батырының және 

Даңқ орденінің 8 толық кавалерінің 

есімдері жазылған. Композицияны бір 

километрге созылатын Даңқ саяжо-

лы жалғастырады, оның екі жағында - 

оңтүстік қазақстандық майдангерлердің 

есімдері жазылған 200 метрлік гранитті 

плиталар қойылған. 

Кешеннің тәжі деп сУ-7 нағыз әскери 

ұшағын атауға болар, ол Чугуев әскери 

авиациялық мектебі Шымкентке 

көшірілген соң Шымкенттен соғысқа 

жолдама алған ұшқыштардың құрметіне 

орнатылған.  

соғысқа қатысқан барлық жер-

лестер есімін ел жадында мәңгілік 

қалдыру идеясының авторы - Оңтүстік 

Қазақстан облысының әкімі Мырзахме-

тов Асқар Исабекұлы. Идеяны қолдаған 

облыс кәсіпкерлері құны 220 миллион 

теңгеге түскен ескерткіш құрылысын 

қаржыландырды. Мемориалдың ашы-

лу салтанаты кезінде әкім: «Біздің облыс-

тан соғысқа аттанған барлық оңтүстік 

қазақстандықтардың есімі осында жа-

зылды. Олардың жартысына жуығы Ұлы 

Отан соғысы майданынан оралмады», - 

деді. 


Даңқ саяжолын жасау үшін 

шымкенттік сәулетшілер бірнеше ай 

еңбектенді. Майданға кеткендердің 

аты-жөнін анықтауға бір жылға жуық 

уақыт кетті. соғыстан аман қалған 

ардагерлердің тізімін жасау жеңіл бол-

са да, опат болғандар мен хабарсыз кет-

кендер туралы деректерді анықтау оңай 

тимеді. соғысқа қатысқан бір де бір 

өлке тұрғыны ұмытылып қалмауы үшін 

әскери комиссариат қызметкерлері бір 

жыл бойы әскери тарихшыларға айна-

лып, мұрағаттар мен мұражайларға ха-

барласып, ақпаратты тірнектеп жинады. 

Нәтижесінде, басында 90 мың май-

дангер бар деген әлеуметтік қамтамасыз 

ету мекемесіндегі бастапқы сан екі есе-

ге жуық артты. Ескерткішті жасаушы-

лар ешкімнің атаусыз қалмағанын айтып 

сендіреді, өз өмірін құрбан етіп, Жеңіс 

күнін жақындатқан барлық оңтүстік 

қазақстандық жауынгерлердің есімі гра-

нит плиталарға ойып жазылып, болашақ 

ұрпаққа естелік етіп қалдырылды. 



дАңқ МеМориАлЫ

Даңқ Мемориалының ашылу салтанатында, 2010 жыл / На открытии Мемориала славы, 2010 год / 

At the opening ceremony of the Glory Memorial, 2010


6

Маусым 2015      



МҰНАЙШЫ

Өмір түрлі кездесулер мен 

қоштасулардан тұрады. Жоспарланған 

кездесуге адамдар дайындалып, 

қажетті көңіл-күймен барады. Кездес-

кен адамыңмен қайтып жолықпайтын 

сәттер де болады, кейде соның өзі де жөн 

көрінеді. 

Бірақ кейде өмірдің күтпеген тосын-

сый етіп, аяқ астынан ғажап кездесулер 

ұйымдастыратыны бар. Әдетте мұндай 

кездесулер адамның жүрегі мен көңілінде 

терең із қалдырады. 

Мәні мен мағынасы соншалықты 

терең, маңызы зор, Ұлы Отан соғысы деп 

аталуға лайықты соғысқа қатысты екі 

кездесу жайлы қысқаша баяндамақпын. 

Ол соғыстың Ұлы Жеңіспен 

аяқталғанына міне, 70 жыл болды, бірақ 

сол жеңістің құны тым қымбатқа түсті - 

күш-қайраты бойында бұлқынған, басым 

көбі өрімдей жастардан құралған 50 мил-

лион адамның өмірін қиып кетті. 

Ал жараланғандар, мүгедек болып 

қалғандардың саны одан да көп. Тек со-

лар ғана өмірден ерте озған достарын, 

майдандастарын мәңгілік есте сақтады, 

дәл солардай майданнан қаралы қағаз 

алған отбасылар да қайғысын ұмыта ал-

мады. 


солардың бірі менің әкем - Исенғалиев 

Ізтілеу болатын. Адамзат тарихындағы 

теңдесі жоқ сұм соғыстың барлық аза-

бы мен ауыртпалығын ол да көтерді. 1941 

жылы соғысқа 22 жасында солдат болып 

аттанған әкем үйге соғыс аяқталғанда 

кеудесін ордендер мен медальдарға тол-

тырып, офицер болып оралды. Бірақ 

жарықшақ пен оқтан алған жарақаты 

көп, екінші топтағы мүгедек болып 

қалған еді. Баренц теңізі, Рыбачий түбегі, 

Мәскеу маңындағы шайқастар, арасында 

дала хирургтарының «пышағына да» та-

лай ілінген. 

Табиғатынан мінезі тұйық, салмақты 

әкем тіпті майдангерлер соғыс тура-

лы естелік айтып жатқанда да ештеңе 

айтқан емес. Олардың әңгімесін үнсіз 

тыңдайтын, бірақ өзі ашылып соғыс 

жайлы әңгімелеген емес. Тек қажет кез-

де Отанын қорғау үшін от кешіп, жүріп 

өткен географиялық мекендерді атап 

өтетін. Әскери марапаттарының саны-

на қарап, ол жердегі ұрыстардың сәтті 

өткенін байқайтынбыз. 

сондықтан да өзі күтпеген бір кез-

десуде оның ашылып сөйлеп, ағынан 

жарылғанын көру өте қызық болды. 1981 

жылы әкем мен апам Мәскеуге келді, мен 

ол уақытта сонда білім алып жатқан едім. 

Оған қоса әкем кезінде өзі оқыған Ле-

нинградты көргісі келді. 

Университетте ғылыми жетекші 

таңдауда жолым болды деп айта аламын. 

Ол майдангер, соғыс мүгедегі, мінезі 

қиындау профессор Ремизов Констан-

тин сергеевич еді. Одан студенттер мен 

аспиранттар ғана емес, академиялық 

шеберлігін бірге шыңдап жүрген 

әріптестері де  жүрексінетін. солай бола 

тұра, оның адалдығы, тәртіп сүйгіштігі, 

өзіне және айналасына талап қоя білетіні 

үлгі етерлік деңгейде еді. Неге екенін 

білмеймін, оқып жүрген кезде Констан-

тин сергеевич мені өзіне жақын тартып, 

арамызда жақсы адамгершілік қарым-

қатынас орнады. Одан бері көп жыл өтті, 

бірақ қазірдің өзінде курстастарым кезде-

су кезінде қатал Ремизовтың кафедрадан 

үйіне қоңырау шалып: «Эн Эм! Жақсылап 

дастархан әзірле – Юра мен Бақытты 

алып үйге барамын» деп айтатынын еске 

түсіреді. Эн Эм, яғни ұстаздың жары Ни-

на Михайловна бізді әркез кең жайылған 

дастархан басында қуана қарсы алатын. 

Ал Юра деп отырғаны әйгілі профессор 

Юрий Николаевич Дубровский еді. Ол да 

майдангер, К.с. Ремизовтың жолдасы әрі 

жақын досы болатын. 

К.с. Ремизовқа ата-анамның келгенін 

айтқан мен олармен танысуға шақырып, 

зайыбын ерте келуін өтіндім. Ю.Н. Дуб-

ровский ауырып қалғандықтан ке-

ле алмады. Қаржымның аздығын және 

әкемнің МГУ-дің алып ғимаратына 

қызығушылық танытқанын ескеріп, кез-

десу менің бөлмемде, Ленин (қазіргі Во-

робьев) тауындағы университеттің бас 

ғимаратында өтті. 

Мінездері ұқсас әкем мен Константин 

сергеевич басында сыпайы, салмақты 

ғана сөйлесіп отырды. Олармен 

салыстырғанда әйелдер тезірек тіл табы-

сып, араласып кетті, кешкі аста көбіне со-

лар сөйледі. Бір кезде Ремизов әкемнен 

қай жерде соғысып, жараланғанын 

сұрады. Бұл осы кештегі соғыс тура-

лы айтылған бірінші сөз еді. Әкем ең ау-

ыр жарақатын Ржев маңындағы май-

данда алғанын айтқанда, ұзақ уақыт 

үнсіздік орнады, осы уақыт ішінде Ре-

мизов әкеме қадала қараумен болды. со-



екі кездесУ

Исенғалиев

 

               Ізтілеу



МҰНАЙШЫ      

Маусым 2015

7

дан соң «қай кезде жараландың?» деп 



сұрады. Әкем «1942-жылдың 19 ақпаны» 

деген кезде Константин сергеевич ерек-

ше таңданыспен: «Мүмкін емес! Мен де  

23 ақпан күні дәл сол жерде жараландым» 

деді.   

сол кезде екеуінің бір дивизи-

яда соғысқандары анықталды – 

командирлердің аты, соғыстың ег-

жей-тегжей деректері, оқиғалар – бәрі 

сәйкес болып шықты. Осы сәттен ба-

стап олар айналасындағыларды ұмытты. 

Дәл сол кезде екеуі де Ржев маңында бол-

ды десем артық айтқан болмас. Адам-

зат тарихындағы ең қанды шайқас 

еді ол (анықтамалық әдебиет бойын-

ша). Осыбір теңдесі жоқ қантөгісте 2 

миллионнан астам солдат опат бол-

ды, бұл сталинград соғысындағы адам 

шығынынан екі есе көп. Немістерден 

қанша адам қырылғаны туралы дерек жа-

рияланбады, бірақ одан кем болмаса ке-

рек. Ақыл-есі дұрыс адам баласы мұндай 

аяусыз қырғынның ауқымын көзбен 

елестетіп, санасына қабылдай алмай-

ды. Ол соғыста немістер Мәскеуге шабу-

ылдау үшін стратегиялық плацдармды 

иеленбек болды, ал советтік солдаттар 

қалай болғанда да оған жол бермеуге тиіс 

еді. Әр солдаттың өлшеусіз ерлігі, мықты 

рухы, сынбайтын жігері мен қайратының 

арқасында жаудың сұмдық қарқынына 

төтеп беру мүмкін болды. Бірақ оның 

құны тым қымбатқа түсті, соғыс соны та-

лап етеді ғой. 

Бұл сондай бір ұмытылмас кезде-

су болды. Тағдыр бір-бірін танымай-

тын, алпыстағы екі қарияның кездейсоқ 

Мәскеуде кездесіп, қырық үш жыл бұрын 

өткен соғысты еске алуын маңдайларына 

жазған екен. Ол уақытта екеуі де 

жиырманың маңындағы балғын жа-

стар еді, олар қазақ, орыс деп бөлінбеді, 

бір-біріне тек майдандас бауырмыз деп 

қарады. 


Естелік - ешкім қуып шыға алмайтын 

жұмақ деген сөз бар. Бірақ осы сәтте ар-

дагерлер тозақ күндерді еске алды - 

оларға сондай сынақ жазылған екен. Бір 

айта кетерлігі, соған қарамастан екеуі де 

адамгершілік тұрғыда өте таза, әділетті 

және тәртіпті адамдар болып қалды. 

Келесі күні Ремизовтардың үйінде әңгіме 

жалғасын тапты, екеуі көбіне майдандас 

бауырларын еске алды. Опат болғандар 

мен аман қалғандарды тізбектеді, өздері 

жайлы бір ауыз сөз айтпады. 

Әкем мен Ремизов ұқсас тұлғалар еді - 

олар соғыстың қарапайым солдаттары 

болып қалды, отаны мен халқын төніп 

келген ажалдан қорғап, өз жұмыстарын 

адал атқарды. 

Олар бір-бірімен ағайынды бауыр-

лар тәрізді қимай қоштасты, екеуін 

жастық шақта ұрыс даласы емес, бейбіт, 

тоқшылық өмір табыстырғандай сезімде 

айырылысты. Жаныма қымбат екі 

адамның кездесуі маған ақиқаттың ке-

ремет көрінісі еді, адам болмысының 

өлшеусіз тереңдігінің айғағы еді. 

Екінші күтпеген кездесу бірнеше 

жыл өткен соң Германияда болды. 

Тоқсаныншы жылдардың ортасын-

да мен Майндағы Франкфуртте жұмыс 

істедім, сол кезде әкемді қонаққа келуге 

көндірдім. Түсінікті себептерге орай, ба-

сында оның келгісі келмеді, бірақ кейін 

балаларының «бөтен елдегі» тұрмыс-

тіршілігін көруге қызығушылығы оянып, 

келісті.  

Алғаш келген кезде әкемнің әртүрлі 

техникалық шешімдерге қызығушылық 

танытқаны мені таң қалдырды, 

әуежайдың орналасқан жерінен бастап 

күнделікті тұрмыс-тіршілік заттары жай-

лы білуге әуестенді. Немістердің тәртібі 

мен жауапкершілігіне ерекше әсерленді. 

Қызмет үйі мен көрші үйдің арасын 

тамаша бақша жалғап тұрған еді. Он-

да ғасырлардың куәсі болған ағаштар, 

көк-жасыл гүлзар бар еді, ортасында 

көркем магнолия өсетін. Әкем күтпеген 

тағы бір тосын кездесу осы бақшада өтті. 

Көршілермен жақсы қарым-қатынаста 

едік, оларға ата-анамның келетіні жайлы 

алдын ала ескерттім. Әйелі – антикварлық 

бизнесі бар дәулетті қожайын, ал ері - 

соғыс ардагері, әскери жинақылығын 

жоғалтпаған бұрынғы теңіз офицері бо-

латын. Әрине, әкеме ол жайында айтпа-

дым, сондықтан алғашқы кездесуде оның 

реакциясы тосын болды. 

Бақшада серуендеп жүргенімізде 

жағдайға қарай салтанатты киінген 

көршіміз қонақты құрметпен қарсы 

алып, онымен танысуға шықты. 

Ақжарқын күлімсіреп, амандасу үшін 

қолын ұсынды. 

Әкемнің реакциясы таң қаларлық бол-

ды. Әркез салмақты, сабырды адам ке-

неттен өзіне ұсынылған қолды итеріп 

жіберіп, қызарып кетті де, қарлығыңқы 

дауыспен: «Фриц, сен әлі тірі ме едің?» деді. 

содан соң ызбарлы кәсіби боксшыларға 

ұқсап, гонгке дейін төбелесетін адам 

тәрізді оған қарай жауынгерше иілді. 

Неміс ыңғайсызданып, маған қарады. 

Мен «Әкем сізді біреумен шатастырып 

алған тәрізді» деп түсіндіруге асықтым. 

Ақсаңдап кетіп бара жатқан әкемнің ар-

тынан қараған неміс істің мән-жайын 

ұқты. сауал қоймай жатып мен оған 

әкемнің соғысқанын, жараланғанын 

айттым. Ол түсіністікпен бас изеп: 

«Кездескеніміз есімде жоқ» деп әзілдеуге 

тырысты. Одан кешірім сұрап, әкемді 

қуып жеттім де, жағдайды ушықтырмауға 

тырысып, осындай егде жаста - 80 кел-

генде бөтен елде ашуға бой беруге бол-

майды деп сабырға шақырдым. 

сәл уақыт өткен соң сабасына түскен 

әкем кешке үйге келген көршілермен бір 

дастарханда отырды. Оқиғадан хабардар 

болған көрші әйелмен сөйлесті, ол да мен 

тәрізді қарым-қатынасты түзетуге тыры-

сты. Кешкі астың соңында әкем немістен 

«соғыстың ба, соғыссақ қай жерлер-

де болдың?» деп сұрады. Көршім теңіз 

офицері екенін, Баренц теңізі, солтүстік 

теңізі мен басқа да теңіздерге болғанын 

айтты. Әкем тағдырдың өздерін Баренц 

теңізінде жолықтырмаса да (өзі де сон-

да соғысқан), ұлы жұмыс істейтін Гер-

манияда кездестіргенін айтты. «сол кез-

де қолыма қару алып немістерден от-

анымды қорғаған мен Германияға 

келіп, ұлымның үйінен кезінде елімді 

талқандамақ болған қас дұшпанымды 

жолықтырамын деп ойладым ба?».

Олар бір-бірінің көзіне тіке қарап 

отырды да, бір-бірімен бокал соғыстырып 

ішті. Біраз уақыт ауыр үнсіздік орнады. 

Әрқайсысы өз жан-дүниесіне үңілді, сол 

кезде олар атыс пен жарылыстың орта-

сына қайта оралып, өмірдің кереметін 

сезіне алмай кеткен жүздеген мың жас 

достарын еске алғандай еді. 

Таңертеңгі күтпеген кездесуде 

бұрынғы жауын жүрегімен сезген әкем 

өз басына түскен ауыртпалық үшін емес, 

туған елін, туған үйін де, гүлденген неміс 

даласын да көрмейтін қарулас достарын 

еске алып күйзелген еді. 

Өмірде осындай кездесулер болады, 

Жеңістің 70-жылдық мерейтойы жылын-

да  сол жайында қысқаша баяндауды өз 

парызым санадым. 

КсРО қаржы жүйесінде ұзақ жыл-

дар тамаша қызмет еткен әкем он жыл 

бұрын дүниеден өтті. К.с. Ремизов МГУ-

да ұмытылмас із қалдырып, 2013 жы-

лы көз жұмды. Екеуі де өмірде баста-

рын тік ұстап, адал өмір сүрді, ешкімге 

шағынбады, ажалды да солай қарсы алды. 

Бүгінгі күнде әкемнің немерелері – 

өз ұлдарыма қарап отырып, олардың 

мінездері мен әрекеттерінен әкемнің 

ықпалын көремін, бірақ оның 

немерелеріне ақыл айтып, жөн үйреткені 

есімде жоқ. Оның қағидасы қарапайым 

еді - мен тәрізді өмір сүр, әрекет ет. 

Өмірімде әкем мен ғылыми жетекшім 

Ремизов Константин сергеевич сияқты 

мықты, қайратты Тұлғалардың болғаны 

үшін тағдырыма ризамын, олар өмір 

бойы қадірлі жауынгерлер болып қалады. 

Олардың қазіргі майдандас 

серіктеріне, майдангерлердің отбасы-

ларына қайырымды, жарқын күндеріңіз 

көп болсын, жан шуағына бөленіңіздер 

деп шын жүректен тілеймін. 



Бақытжан Исенғалиев 

8

Маусым 2015      




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал