МҰнайшы 54 2013 results 56



жүктеу 1.16 Mb.

бет5/13
Дата07.03.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚеҚоҚ жАңА БАғдАрлАМАсЫНЫң АлғАШҚЫ 

жеңіМПАздАрЫ

                                                                                    Құрметті редакция!

 

«Мұнайшының» жаңа нөмірін оқып шығып, біздің сүйікті журналымыз Қазақстанның 

энергетикалық секторындағы ең үздік корпоративтік басылым ретінде танылғанын 

көріп, қатты қуандық!  

Бұл расымен де солай! Біз, зауыт қызметкерлері, «Мұнайшымызды» аса мақтан тұтамыз. Дәл 

осы басылым беттерінен біз компанияда орын алып жатқан жаңалықтарды біліп отырамыз және 

біздің корпоративтік журналымыз - бұл шын мәнінде «ПетроҚазақстан» тыныс-тіршілігінің бағдаршысы 

іспетті. 

Мәселен, біз барлық бөлімшелеріміздегі әріптестеріміздің жұмыс күнімен танысып, соңғы деректерден хабардар 

боламыз, және өзіміздің де жаңалықтарымызбен бөлісеміз. Бас редактор мен журнал редакциясы қызметкерлерінің 

зор еңбегінің арқасында біз «ПетроҚазақстанның» аз қамтылған әлеуметтік топтарға іс жүзінде барынша көмек 

көрсететіні жайында, оның ішінде мүгедектер мен балалар үйіне, спорт пен мәдениетті мейлінше қолдайтыны 

жайында білдік. Біздің «Мұнайшы» оқиғалардан әрқашан хабардар болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ компания 

қызметкерлеріне арнап өткізілетін Спартакиада мен кен орындарындағы жарыстар, концерттер мен көрмелер 

сынды іс-шаралар туралы да қызыға оқуға болады. Ал сапалы көркемдеу мен суреттердің көмегімен біз енді барлық 

оқиға кейіпкерлерін танып білеміз!  

Журнал редакциясының тобына бізді ылғи да осындай қызықты мәліметтермен қуанта беруін, ал біздің үлкен 

компаниямыздың барлық қызметкерлеріне - денсаулық, табыс және ырыс-береке тілейміз! 

 

ТКБ кедендік рәсімдеу тобының ұжымы, ПҚОП

22

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

Жаңа жыл әлемнің көптеген ұлттары 

үшін, әсіресе егіншілікпен айналысатын 

халықтар үшін өткені мен болашағының 

арасындағы, бір ауыл шаруашылық 

кезеңнің аяқталуы мен жаңа кезеңге 

дайындалу арасындағы шекара-

сы іспетті. Мұның салт-дәстүрлерге 

бай, бірегей мәдениетті жетілдірген, 

өркениеті егін шаруашылығына 

негізделген, тұрғындары ежелден 

отырықшылықпен айналысатын Қытай 

еліне де толықтай қатысы бар. Жаңа 

жыл дәстүрлі Қытай мерекелерінің 

ішінде ерекше орынға ие.  

Қытай жаңа жылы ежелден бері ай 

күнтізбесі бойынша тойланады және 

қысқы күн тоқырауынан кейін екінші 

рет туылған жаңа айдың бірінші күніне 

сәйкес келеді, яғни ол жылжымалы және 

григориан күнтізбесінің 21 қаңтар мен 

21 ақпан арасындағы күндердің біріне 

түседі. 2014 жылғы Жаңа жылды той-

лау Қытайда 31 қаңтар күні бастал-

ды. Әдетте мереке екі аптаға созыла-

ды және жаңа жылдың басталғанынан 

кейінгі 15-ші күні шамдар мерекесімен 

аяқталады.

1911 жылы Синьхай төңкерісінен 

кейін Қытай григориан күнтізбесіне 

көшкенін және оның күнтізбелік 

жылының көптеген әлем елдерінде 

сияқты 1 қаңтарда басталатынын айта 

кету керек. Дегенмен, дәстүр бойынша 

Жаңа жыл жоғарыда айтылып кеткен-

дей ай күнтізбесі бойынша тойланады 

және бұл мейрам 1911 жылдан бастап 

көктем мейрамы - Чуньцзе деп атала-

ды. 12 жылдық кезеңге сәйкес әр жылға 

қытай бұржысынан алынатын жануар 

белгісі беріледі. Жылқы - келген жаңа 

жылдың белгісі болып табылады, ал 

жыл түстері - көгілдір және жасыл.

Чуньцзе Қытайдағы ең атақты, ең 

ұзақ, ең сүйікті, ең көңілді, ең дүрмекті 

және ең көркем мереке болып сана-

лады. Ол мемлекеттік мереке атанып, 

лайықты мәртебелі болғанымен, шын 

мәнісінде  отбасылық сипатта өтеді. 

Бұл үй іші тегіс жиналатын уақыт, 

сәйкесінше, бұл - демалыс уақыты.

Чуньцзе басқа мейрамдардан 

түр-тұрпатымен де, мәнісімен де 

ерекшеленеді, ол басқа мерекелердей 

емес, бастапқы мәнін жоғалтқан күннің 

өзінде де әлі күнге дейін осы оқиғаға 

қайталанбас өзгешелік беретін, өзін 

жаратқан әдет-ғұрыптарының іздерін 

арқалап келеді.

Әр қытай жанұясы Жаңа жылды 

қарсы алуға ерте бастан дайындала-

ды. Киім-кешектер, сыйлықтар мен 

мерекелік дастарханға арналған азық-

түліктер сатып алынады. Үй-жайларын 

жақсылап тазартады, артынан сыпырғы 

мен сыпыртқыларды алысырақ 

тығып тастайды, себебі ескі жылдың 

қалдықтарынан, әсіресе жағымсыз 

қалдықтарынан құтылумен бірге қытай 

сенімі бойынша жаңа жылда шаң-

тозаң түрінде үйге тұнған жақсылықты, 

байлықты және бақытты қарсы алуға 

дайындалу керек деп есептеледі. 

Сондықтан оны байқаусызда сыпы-

рып тастаудан абайлау керек. Мүмкін, 

адамдар бұрын осыған сенген де 

шығар, бірақ бүгін мереке қарсаңында 

үйдің ішін тазалау барлық халықтар 

үшін ортақ және мерекені әдеттегі 

жұмыс күндерден ерекшелеуге деген 

ұмтылысын сипаттайды. Оның үстіне 

жиналмаған үйде мерекелік көңіл-күйді 

елестету де қиын.

Бірақ маңыздысы және ежелгі 

мағынасын жоғалтпағанның белгісі, 

бұл - қытайларда «айырылысқаннан 

кейінгі кездесу түні» деп аталатын Жаңа 

жыл түні.

Бұл ең маңызды уақыт. Отбасы 

мүшелерінің әрқайсысы, ол қай жер-

де жүрсе де, Жаңа жылда үйге келуге, 

мерекені жақындарымен қарсы алуға, 

туған ошақтың жылулығын сезінуге, 

ата-анасына құрмет пен қошемет 

көрсетуге, ағаларына, апаларына және 

балаларына деген махаббаты мен 

көңілін білдіруге тырысады.

Тағамдардың айрықша көптігімен 

және алуан түрлілігімен ерекшеленетін 

жаңа жылдық кешкі асқа арналған 

мерекелік дастарханға үй іші тегіс жи-

налады. Жаңа жылдық дастарханда 

марқұм болған ата-аналарына да орын 

беріледі. Қытай қоғамында, барлық 

Шығыс халықтарында сияқты, ата-ана 

ғұрпы жақсы дамыған және бұл дәстүр 

өз мәнін бүгін де жоғалтқан емес. Жаңа 

жылдық мерекелер қытайлықтардың 

аспаздық ізденістеріне белгілі бір 

дәрежеде дем берді деп ойлаймын. 

Қытай тағамы өзінің әртүрлілігімен, 

дәмдерінің саналуандылығымен және 

әсем безендірілуімен бүкіл әлемге текке 

танылмаған.

Жаңа жылдық дастарханда міндетті 

түрде тұшпара (цзяоцзы), сондай-ақ 

ежелгі Қытайда қолданыста болған, 

байлық пен молшылықты білдіретін, 

өз пішінімен алтын мен күмістің 

ұлттық құймаларын еске салатын 

күріш пірәндігі (няньгао) болуы ке-

рек. Жаңа жыл тұшпараларын балалар-

мен қоса бүкіл отбасы әзірлейді. Бұл 

әзіл мен күлкіге толы көңілді салта-

натты шара болып саналады. Көбінесе 

тұшпара салындысының ішіне әзілқой 

жаңа жылдық тілектер жазылған 

кішкентай хаттар жасырылады. Осын-

дай тұшпараға ие болу жақсы белгі деп 

есептеледі және бұл жылдың сіз үшін 

сәтті болатынын көрсетеді. Бірде біз 

жұбайымыз екеуміз Мәскеудегі Қытай 

елшілігінде болғанда, қонақтардың 

елшімен бірге тұшпара жасап, артынан 

оның ішінде жасырынған қызықты то-

сын сыйларға қуанып, қызықты сауық-

сайранының куәсі болып едік.   

Әрине, қытайлықтар Жаңа жыл-

ды өздерінің ең сәнді киімдерін киіп 

қарсы алады. Балалардың киіміндегі 



ҚЫтАЙ жАңА жЫлЫ

Вячеслав Хаменұлы Гиззатов - 

әлемнiң түрлi елдерiнде, соның 

ішінде Қытайда дипломатиялық 

жұмыс істеуден үлкен тәжiрибесi 

бар жетік маман. В.Гиззатовтың 

сыртқы саяси қарым-қатынастарды 

дамытуға қосқан үлесi үкiмет ма-

рапаттауларымен аталып өтiлген. 

ҚР Президентінің Жарлығымен 

В.Гиззатовқа Төтенше және Өкiлеттi 

Елшi - жоғарғы дипломатялық шені 

берілген. Бүгiнгі таңда Гиззатов мыр-

за мемлекеттiк шекараларды меже-

леу және белгілеу саласында iрi са-

рапшы болып табылады. 



МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

23

басым түс негізінен қызыл түс болады 



және ол әдемі әрі мейраммен байланы-

сты болуымен қатар дәстүрге сай келеді. 

Аңызға сенсек, ежелде Нянь есімді жау-

ыз (жыл белгісі секілді иероглифпен 

белгіленеді) жылына бір мәрте ауылға 

келіп, төрт түлікті жайпап, адамдарды 

өлтіреді екен. Жауыз Няньді дарбазасын 

қызыл түске бояп, жанған кезде сарт-

сарт еткен қатты дыбыстар шығаратын 

бамбук ағашын пешке жаққан кедей 

шал қуып жіберген екен. 

Қытайлар бүгінге дейін Жаңа жылда 

үйге кірер жерді және үйдің өзін қызыл 

қағазды ленталармен, бақыт және 

ырыс-береке тілектері жазылған қос 

иероглифтермен безендіреді, ал жаңа 

жылдық түннің ортасында түрлі-түсті 

от шашу ұйымдастырады. Қазірде бұл, 

әрине, жын-шайтанды немесе Няньді 

қуып жіберу үшін жасалмайды, бүгінгі 

күні бұл осы мейрамға айрықша әсемдік 

пен қайталанбастық беретін Жаңа жыл-

ды қарсы алудағы ұлттық ерекшелікке 

айналды. Қытай от шашуы - бұл өнер 

туындысы дерлік, оған бірнеше сағат 

бойы көз алмай қарап тұра беруге бо-

лады.

Жаңа жылда сыйлық сыйлау міндетті 



емес. Ерекшелік ретінде жаңа жылдық 

тілектер жазылып, арнайы қызыл 

хатқалтаға салынған және балалардың 

қолына ұстатылатын ұсақ ақша - ясуй 

цяньді атауға болады. Жаңа жыл мейра-

мында үйге келген баланың ешқайсысы 

құр қол қайтпауы тиіс. Сондықтан әр 

қытай жанұясы ішінде ақшасы бар 

қызыл хатқалталармен алдын-ала 

қамданады. Жаңа жылдың тағы бір 

дәстүрлі сыйлығына қос мандарин жа-

тады, оны қонаққа барған кезде алып 

барады. Оған жауап ретінде, сіз де екі 

мандаринге ие боласыз. Қытай тілінде 

«қос мандарин» деген сөз тіркесі «ал-

тын» деген сөз сияқты дыбысталады, 

бұл осы сыйлыққа байланысты ырым-

ды түсіндіреді. 

Көктем мерекесі отбасылық мереке 

болуымен қатар көпшілікпен бірге той-

ланатын мейрам. Бұл тек ойын-сауық 

және мейрамхана-нарықтық өнеркәсіп 

орындары жұмыс істейтін екі апталық 

демалысты білдіреді. Қытай қалалары 

мен ауылдарының көшелері мереке-

ге сай безендіріліп, сәнді киінген бала-

лар мен ересек адамдарға лық толады. 

Алаңдарда мерекелік ойын-сауықтар 

өтіп  жатады, оның ішінен айдаһарлар 

ман арыстандардың көркем биін, 

ағашаяқпен жүруді, акробаттардың 

және цирк өнерінің басқа да 

жанрындағы әртістердің қойылымын 

ерекше атауға болады. Адамдардың 

көңілдері жарқын, жүздерінен күлкі 

мен мейірбандықты көруге болады. Бір 

сөзбен айтқанда, нағыз мейрам өтіп жа-

тыр.


Жаңа жылды тойлау шамдар 

мерекесімен аяқталады. Орасан зор 

елдің қала және ауыл көшелері мен 

алаңдары, үйлері түрлі пішінді және 

алуан түсті шамдармен безендірілген. 

Мұндай ғажайып көріністі сөзбен су-

реттеу мүмкін емес, оны тек көру керек, 

одан сіз өмір бойына ұмытылмас әсер 

аласыз.

Көктем мерекесі туралы осыбір 



шағын мақаланы оқығаннан кейін жаңа 

жыл күндері Қытайға барып, осы кере-

мет мерекені өз көзімен көріп, тамаша-

лаймын деушілер болса, мен оған қатты 

қуанар едім. Жүз рет естігенше, бір рет 

көргенің жақсы деген бар емес пе?

Чуньцзе хао, құрметті қытайлық до-

старым! «ПетроҚазақстанның» барлық 

көпұлтты ұжымына Жаңа жыл құтты 

болсын демекпін!



Гиззатов В.Х.,

Ерекше тапсырмалар жөніндегі 

Елші, Төтенше және Өкілетті Елші 

дәрежесіндегі мемлекеттік шека-

раларды межелеу және белгілеу 

бойынша үкіметтік делегация бас-

шысы

Ясуй цянь - балаларға беретін ұсақ ақшасы бар 

конверттер / Ясуй цянь - конверты с мелочью для детей / 

Yasui tsyan - envelops with pocket money for kids



24

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

Бүкіл Шығыс дүниесінің ұлы 

мерекесі - әз Наурыз. Бұл күні күн мен 

түн теңесіп, Жер-Ана бусанып, адам-

зат жаңарып, жасарады. Үлкен-кіші 

қауышып, көңілдеріндегі кірді тазар-

тып, жүздерінде нұр жүгіріп, жаңа 

күнмен бірге жақсылыққа жол аша-

ды, бір-біріне ақ тілектерін айтып, 

адал сезімдерін, ақиқат сөздерін 

жеткізеді. Арадағы азын-аулақ ренішті 

ұмытып, алдағы күнге үміт артады. 

Үлкен-кішіге аталы ақылын айтып, 

кіші үлкенге ілтипатын көрсетеді. Ол 

күні бүкіл табиғат құлпырып, адамдар 

бар жақсысын киінеді, құрамына жеті, 

тоғыз, он бір түрлі тағам салып, нау-

рыз көже жасайды. 

Біз осы үрдістен кеңес заманын-

да айрылып қалдық. Көбісі Наурызды 

діни мереке деп елеп ескермеді. Сана-

мыздан мүлде өшіруге тырысты. Бірақ, 

Наурыз мерекесі ортамызға оралып, 

отанымыздағы бүкіл жұрттың басын 

қосатын ұлы күнге айналды.

 Ұлық мерекеміз өткен ғасырдың 

80-ші жылдарының басында қайта 

жаңғырды. Халық қайта түлеп, наурыз 

көжеге қасиетті қара қазанын қайта 

көтерді. Жалпы Наурыз мерекесінің 

басты қағидалары қандай деген-

ге келетін болсақ, ол біріншіден, 

тазалық сақтауды, табиғатты аялауды, 

ескі дүниеден арылуды, екіншіден, әр 

шаңырақ наурыз көже пісіріп, туған-

туыс, көрші-қолаңды ақ дастарқан 

басына шақырады. Үшіншіден, дос-

жарын, туған-туысқанға көмектесіп

ғаріп-қасірлерге қол ұшын береді, 

төртіншіден, әр қазақ, әр азамат үлкен-

кіші демей бес тал ағаш отырғызуды 

әдетке айналдырған. Бесіншіден, бұл 

күні ұлтымыз арам тірліктен, арам 

астан, жағымсыз қылықтан аулақ 

болуға үндеген. Алтыншыдан, хан да, 

қара да, бай да, кедей де, барлығы да 

атақ-шендеріне, тегіне қарамастан 

тең болған. Жетіншіден, ұлыстың ұлы 

күні салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты 

қайта түлетіп, кейінгі жастарға 

үйретіп, түсіндіріп отыратын болған. 

Ата жолы, ана үлгісі әр адамның ой-

санасынан берік орын алған. 

Осындай бүкіл шығыс әлемінің 

басын біріктіріп, бір үміт пен бір 

мақсатқа жұмылдырған ұлыс күнін 

қадірлеп, ұлықтай алсақ, қазір 

сауатсыздықтан санасын билеп ала-

тын жат ағымдар, түсінбеушілік пен 

жамандық атаулы болмас еді. Біз 

кейде осы Наурыз мерекесін бірер 

ай көлемінде атап өтіп, одан кейін 

ұмыт қалдыра береміз. Менің топ-

шылауымша, Наурызды тойлау 

кезіндегі сақталатын әдет-ғұрып, 

қағидалар жыл бойы әрқайсымыздың 

өмірімізден орын алса, көңілімізде 

тұрса ұлттық болмысымыз жаңара 

беретіні күмәнсіз. Мен қазақтың ұлы 

ақыны Мұқағали Мақатаевтың:



«Наурыз айы туғанда, 

Той болушы еді бұл маңда...

Наурыз айы келгенде,

Наурыз тойын бергенде.

Көрмегендер де - арманда,

Арманда - оны көрген де», 

деген өлең жолдарын дәйекке 

келтіре отырып, ұлыстың ұлы 

күнімен «ПетроҚазақстан» ұжымын 

құттықтап, күн мен түн теңескен 

тұста алға қойған міндеттері мен ұлы 

істері орындалып, Елбасы айтқан 

Мәңгі елдің, Қазақстан елінің көк Туы 

көгімізде мәңгі желбіреп, тәңір берген 

тәуелсіздігіміздің жемісі мен жеңісін 

барлық ұрпақтар көрсін деген ақ 

тілегімді шын жүрекпен білдіремін.



Ертарғын Астаев, 

ҚР Парламенті Сенатының 

депутаты, 

Қаржы және бюджет 

комитетінің хатшысы 

Ұлт ҰЙЫтҚЫсЫ - ҰлЫстЫң ҰлЫ күНі

Экономист және заңгер. Ертарғын 

Кәкімбекұлы Тараз қаласының, Жам-

был облысы Жамбыл ауданының 

әкімі болып қызмет атқарған. Қазіргі 

уақытта  ҚР Парламенті Сенатының 

депутаты, Қаржы және бюджет 

комитетінің Хатшысы. «Қазақстан 

Республикасының тәуелсіздігіне 10 

жыл» (2001), «Қазақстан Консти-

туциясына 10 жыл» (2005), «Ерен 

еңбегі үшін» (2007) медальдарымен 

марапатталған.


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

25

Қаңтар 

16 қаңтар - «Оңтүстік Қазақстан об-

лысы Бокс федерациясы» қоғамдық 

бірлестігінің ұйымдық және 

материалдық-техникалық базасын 

жақсарту мақсатында 18 млн. теңгеден 

астам қаражат көлемінде демеушілік 

көмек көрсетілді.

17 қаңтар - ПҚҚР демеушілік 

қолдауымен мүмкіндігі шектеулі 

жандарға арналған аулалық клубтың 

ашылу салтанаты өтті. Клуб мақсаты 

- мүгедектердің демалыс және 

бос уақытын ұйымдастыру, олар-

ды әлеуметтік оңалту және тіршілік 

қарекеттерінің оңтайлы уәждемелерін 

қалыптастыру болып табылады. 

25-26 қаңтар - шағын футболдан 

әйгілі футболшы Әбіл Қалымбетовті 

еске алу күніне арналған жарыс өтті. 

Жарыс нәтижесінде ПҚҚР тобы 12 

қатысушы топ арасынан бірінші орын-

ды иеленді. 



30 қаңтар - ПҚОП компаниясындағы 

жаңғырту жобасының тәжірибелік 

сатысына өту шеңберінде Алма-

ты қаласында «ПетроҚазақстан Ойл 

Продактс» ЖШС және СРЕСС қытай 

компаниясының арасында Шымкент 

Мұнай өңдеу зауытындағы «Нафтаны 

изомерлеу қондырғыларын салу» жоба-

сы бойынша ЕРС-келісімшартына қол 

қойылды. 



31 қаңтар - компания басшылығы 

Астана қаласында өткен «KAZENERGY» 

Кеңесінің 16-шы отырысына қатысты.

Ақпан  

8-9 ақпан - Құмкөл кен орнын-

да бильярдтан ПҚҚР компаниясы мен 

мердігер мекемелердің 24 қызметкері 

қатысқан жарыс өтті. Жарыс 

қорытындысы бойынша 1-ші орынды 

құрылыс жөніндегі жетекші инженер 

Әліш Базарбаев, 2-ші орынды - ҰКЖЖ 

аға шебері Нұрлан Сүйінов, 3-ші орын-

ды - БСС операторы Қанат Ахет иеленді.   

12 ақпан - компания басшылығы 

Мұнай-газ өнеркәсібі инженерлері 

қоғамының (SPE) отырысына қатысты. 

Отырыс қорытындысы бойынша ком-

пания президенті Вей мырза 12-14 

қараша аралығында Астана қаласында 

өткізілетін Каспий өңірі бойынша 1-ші 

Жыл сайынғы техникалық көрме және 

конференция шараларын ұйымдастыру 

мен өткізу жөніндегі атқарушы 

комитеттің құрамына енді.

13 ақпан - «ҚазМұнайГаз - өңдеу 

және маркетинг» АҚ өндіріс жөніндегі 

бас директорының орынбасары 

Р.С.Бектұров мырза мен «ҚазМұнайГаз-

ӨМ» АҚ аппарат жетекшісі А.Н.Әкішев 

мырзаның «ПҚОП» ЖШС еңбек 

ұжымымен Мемлекет басшысының 

халыққа жолдаған «Қазақстан жолы - 

2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты жолдауының негізгі шарттарын 

талқылау мақсатында кездесуі өтті.

15-19 ақпан - ПҚҚР компани-

ясы Қызылорда облысы футбол 

ардагерлерінің футзал бойынша Ал-

маты қаласында өткен ҚР XVI Чемпи-

онатына қатысуына демеушілік көмек 

көрсетті. 



17-19 ақпан - Құмкөл кен орнын-

да бильярдтан ПҚҚР компаниясы мен 

мердігер мекемелердің 24 қызметкері 

қатысқан жарыс өтті. Жарыс 

қорытындысы бойынша 1-ші орын-

ды - «Интертич» қызметкері Ерғали 

Тұманов, 2-ші орынды - «Абзал және К» 

ЖШС қызметкері Қанат Саркеев, 3-ші 

орынды - мұнай-газ өндіру операторы 

Бақытжан Мирманов иеленді.    



18 ақпан - Ауғаныстаннан әскерлерді 

шығару күніне орай ардагер-ин-

тернационалистер, «ПҚОП» ЖШС 

қызметкерлері мен қонақтары, Шым-

кент қаласы Ауғандықтар одағының 

өкілдері және ОҚО Ұлы Отан соғысы 

ардагерлерінің қатысуымен дәстүрлі 

мереке өткізілді.  



28 ақпан - Алматы қаласында 

«ПетроҚазақстан» вице-президенті 

Б.І.Исенғалиев мырзаның төрағалық 

етуімен «ДОМ» ҚҚ қамқорлық кеңесінің 

отырысы өтті.

Наурыз

2 наурыз - «ПҚҚР» АҚ бөлімшелерінің 

арасында қысқы балық аулау жарысы 

өткізілді. Жарыс жеңімпаздары диплом-

дар мен бағалы сыйлықтарды иеленді.



4-5 наурыз - Құмкөл мен ҚАМ 

кен орындарында компания 

жұмысшыларының арасында үстел 

теннисінен жарыс өткізілді.



5 наурыз - «KAZENERGY» 

Қауымдастығы Үйлестiру кеңесінің 

бұдан ерте құрылған жұмыс тобының 

шеңберінде «ПетроҚазақстанның» ба-

стамасы бойынша Алматы қаласында 

«Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, денсаулық 

сақтау және төтенше жағдайлар» 

жөніндегі атты конфереция өтті 

(толығырақ «Мұнайшының» келесі 

шығарылымында оқыңыз).

 

6 наурыз - 8-наурыз мерекесінің 

қарсаңында Құмкөл мен ҚАМ 

кен орындарында компания 

жұмысшыларына арналған мерекелік 

концерт өткізілді.

 

7 наурыз - ПҚҚР компания-

сына қызмет көрсететін ҚЕҚОҚ 

көрсеткіштері бойынша үздік мердігер 

мекемелерді жыл сайынғы салтанатты 

марапаттау кеші өтті.



11-12 наурыз - Құмкөл мен ҚАМ кен 

орындарында компания жұмысшылары 

шахмат тәжіне бақ сынасады.

14 наурыз - Алматы қаласында жыл 

сайынғы «ПетроҚазақстан» Президенті 

Жүлдесін салтанатты түрде табыстау 

марапаты өткізіледі, оның шеңберінде 

компанияның үздік қызметкерлері 

өздерінің жоғары біліктілігі мен өз 

ісіне адалдығы үшін марапаттарға ие 

болады.


20-21 наурыз - Наурыз мерекесін той-

лау аясында Құмкөл мен ҚАМ кен орын-

дарында компания жұмысшыларына 

арналған мерекелік концерт өтеді.



22 наурыз - ПҚҚР компаниясы На-

урыз мерекесінің орталық алаңдағы 

жалпы қалалық тойлау шараларына 

қатысады. Компания ұлттық нақышта 

жасақталған қазақтың киіз үйлерінде 

облыс орталығының 500 тұрғынына 

арналған ұлттық тағамға толы 

қайырымдылық дастарқанын жаяды. 

Шымкент қаласындағы зауыттықтар да 

көктем мерекесін тойлайды. 

 

30-31 наурыз - Наурыз мерекесін 

тойлау шеңберінде «ПетроҚазақстан» 

спорт кешенінде ПҚҚР бөлімшелерінің 

арасында шағын футболдан жарыс 

өткізіледі.

оҚиғАлАр күНтізБесі


26

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

Барлығы біздің Англияда оқитын 

достарымыздың бізді Жаңа жыл-

ды Ұлыбританияда қарсы алуға 

шақырғанынан басталды. Мен 

қуана келісіп, рұқсатнама қағазына 

құжаттарымды жинай бастадым. Олар-

ды дайындауға 3 күн кетті және елшілікте 

шамамен үш аптадай қаралды. Міне, 

сөйтіп мен желтоқсан айының басын-

да рұқсатнамамды алып, Air Astana әуе 

компаниясының жастар тарифі бойын-

ша алынған билетке ие болдым.  

21 желтоқсан күні біз досымыз 

екеуміз Лондонның Хитроу әуежайына 

келіп қондық. Бізді достарымыз күтіп 

алып, әуежайдан бірден кешкі Лон-

донды тамашалауға апарды. Букингем 

Сарайының жанынан жаяулатып серу-

ендеп шықтық және бақытымызға орай, 

бұл мезгілде келушілер аз болып, біз 

барлығын да асықпай жақсылап тамаша-

лай алдық. Сосын Лондондағы әйгілі Биг-

Бен мен London eye («Сайтан доңғалағы») 

шолу доңғалағына бардық.  

Таңертеңімен біз елдің оңтүстігіндегі 

әйгілі Ақ жартастарға немесе басқаша 

атауы Довердің ақ клифтеріне беттедік. 

Биіктігі 100 метрден асатын бұл жар-

тастар құрамындағы қара кремний 

жолақтарымен көмкерілген бордың 

арқасында керемет көрінеді екен. 

Осыған ұқсас жартастар Британияның 

басқа бөліктерінде болғанымен де, мы-

налары - ең танымалы. Яғни, осы Ақ 

жартастардың арқасында Англия «Аль-

бион» (albus - «ақ») атауына ие болыпты. 

Біз Ла-Манш жағалауында орналасқан 

Брайтон қаласы арқылы өттік. Британи-

яны Еуропа құрлығынан бөліп тұрған Ла-

Манш бұғазы, сөз жоқ, өте ғажап… Мөлдір 

таза су, түрлі-түсті жұмыр тастар және 

тәтті гүлдердің иісі аңқыған қандай да 

бір ерекше дәмді ауасы бар. Жартастар-

ды тамашалай отырып, біз «Бичи Хэд» 

деп аталатын жерге келдік. Англияның 

оңтүстік жағалауындағы осы бір мүйіс 

Ұлыбританиядағы ең биік борлы жар-

тас - биіктігі 162 метр тіп-тік құз болып 

келетін борлы жартастардың қатарына 

жатады. Сондай-ақ бұл жартастың өзіне-

өзі қол салушылардың әлемдегі ең әйгілі 

жері атанған жағымсыз танымалдығы 

тағы бар. Оның шыңынан шығанақ анық 

көрінеді.    

Келесі күні бізді кезекті саяхат күтіп 

тұрды - біз Лондонның оңтүстік-

батысына қарай 130 км жерде орналасқан 

Солсбери қалашығының маңындағы 

ескі Стоунхендж тастарын көруге жолға 

шықтық.  Шынымды айтсам, тастар 

маған аса бір керемет әсер  еткен жоқ, 

Қазақстанда одан да әдемі әрі керемет 

жерлер бар. Дегенмен саяхатшыларға 

көрсетілетін қызмет аса қуантты. Жай-

лы автобус біздің тобымызды жол 

көрсетуші мамандар күтіп тұрған жер-

ге алып келді. Тастардың тарихы туралы 

жазбасы бар аудио плеерлерді таратып, 

бізді мұражайға алып келді. Мұражайдағы 

саяхаттан кейін біз тікелей тастардың 

өзіне жол тарттық, оларға екі әдіспен: 

автобуспен немесе жол талғамайтын 

көлікке жалғанған вагондармен жету-

ге болатын еді. Табиғатты тамашалауға 

кешкісін арты дауылға айналған қатты 

нөсер кедергі болды. Біз басымыз-

дан аяғымызға дейін су болдық, осыдан 

кейін ағылшындықтардың не себепті 

тіпті ашық күннің өзінде қолшатыр алып 

жүретіні түсінікті болды - себебі біз үйден 

шыққанда аспан ашық, күн жарқырап 

тұрған еді.  

Жалпы, Рождество қарсаңындағы ауа-

райының шамадан тыс жайсыздығы 

көптеген британдықтардың жоспарла-

рын өзгертуге мәжбүрледі - поездардың 

жүру уақыттары шамадан тыс кешіктірілді 

және көбісі үйден шықпауды жөн көрді.  

Рождество Британиядағы және жалпы 

батыс әлеміндегі ең сүйікті мейрамдардың 

бірі, ағылшындықтар оны үйлерінде, от-

басымен қарсы алады. Бір қызығы, бұл 

күні шұғыл қызметтерден басқалары 

өздерінің жұмыстарын тоқтатады, қала 

бейне бір қатып қалғандай көрінеді - ме-

тро, дүкендер, тіпті кафелер мен мейрам-

ханалар да жұмыс істемейді. Сан мил-

лион тұрғыны бар кеше ғана ешқашан 

ұйықтамайтындай көрінген осы қала 

көшелерінің әпсәтте тып-тыныш күйге 

енгендігі қатты таңдандырды. 

Уокингте (менің достарым тұратын 

Лондоннан шамамен 37 км жердегі 

шағын қала) бөлімшелері Форму-

ла-1 тобына арнап Vodafone McLaren 

Mercedes жарыс автокөліктерін, сондай-

ақ  McLaren MP4-12C және McLaren P1 

суперкарларын шығаратын McLaren 

Group компаниясының штаб-пәтері 

орналасқан. Мейрам күні ешқандай 

көлік жүрмегендіктен және біздің  үйде 

отырғымыз келмей, McLaren зауытына 

жаяу баруға бел будық. Алайда сыртынан 

бұл ондай әйгілі зауытқа мүлде ұқсамады 

- мұнда суперкарлар жасайтыны жай-

лы қабырғада ілініп тұрған McLaren 

тақтайшасынан ғана білуге болатын еді. 

Келесі күні ертеректен Манчестер-

ге сапарға шықтық. Көбіне поезбен 

жүрген біз бұл жолы автобуспен бару-

ды жөн көрдік. Манчестер мені аса қатты 

тәнті етпеді, мұнда қайта келу ниетін  

де оятпады. Дегенмен қаладағы фут-

бол командаларының стадиондары ра-

сымен де керемет екен. Әсіресе өзінің 

ауқымымен таң қалдырған және «арман 

театры» атымен танымал «Олд Траф-

форд» стадионы есімде қалды. Стадионға 

шамамен 80 000 көрермен сияды және 

сыйымдылығы бойынша ол лондондық 

«Уэмблиден» кейінгі Англиядағы екінші 

футбол стадионы болып есептеледі. Оған 

қоса, «Олд Траффорд» УЕФА (ЕФҚО) 

дегдарлы рейтингінің 5 жұлдызды 

иеленушісі және 1910 жылдан бастап 

Британияның ең табысты футбол клубы 

- «Манчестер Юнайтедтің» үйдегі стадио-

ны болып табылады. Бұған дейін қандай 

да бір топтың жанкүйері болмасаңыз 

да, әлемдік футболдың осынау аңызын 

көріп, ғашық болу әбден мүмкін.  Алаңда 

ешкім жаттықпаса да, тамашалап жүрген 

туристер көп болды.  

Манчестерден кейін біз әлемге таны-

мал британдық төрттікті - «Битлз» тобын 

сыйлаған Ливерпуль портты қаласында 

болдық. Манчестермен салыстырғанда 

бұл қала өзінің сәулетімен таң қалдырды. 

Бұл - ғажайып Ратуша, бұл - неоготи-

ка және модернизм стилінде салынған 

бірнеше соборлар. Айтпақшы, ЮНЕ-

СКО Ливерпуль портындағы әкімшілік 

ғимараттардың ансамблін Дүниежүзілік 

мұраның таптырмас ескерткіші деп тап-

ты. Ливерпульде кез келген талғамға 

сай мұражайлар мен көрмелер бар - 

Теңіз мұражайы да, «Битлз» мұражайы, 



МеНің БритАНиядАғЫ жАңА жЫлдЫҚ деМАлЫсЫМ 

МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

27

Дүниежүзі тарихының мұражайы, 



тіпті Құлдық мұражайы да бар, біз 

олардың кейбіреуіне барып үлгердік. 

Мұражайлардың бірінде XX ғасырдың 

ең беделді суретшісі саналатын поп-

арт өкілі, суретші Дэвид Хокнидің 

(David Hockney) суреттері ұсынылған 

екен. Бір қызығы, кез келген қонақ су-

реттен алған әсерін жапсырма қағазға 

жазып кете алатын еді. Қағаздардағы 

жазуларға қарағанда әсерлер бір-біріне 

мүлде қарама-қарсы болып шықты - 

«тамашадан» басталып, «біздің 5 жасар 

қарындасымыз бұдан да жақсы салады» 

деген де пікірлер бар еді.   

Біз Жаңа жылға бір күн қалғанда 

Лондонға оралдық. 30 желтоқсан күні 

мен «Роял Алберт Холында» өткен 

Лондон Симфониялық Оркестрінің 

концертіне бардым. Шынымды айт-

сам, менің «Қайда бару және нені тама-

шалау қажет» деген тізімімде дәл осы 

жер бірінші орында еді. Мектептегі 

ән-күй үйірмесіне қатысып жүрген 

кезімде осы оркестр туралы алғаш рет 

естіп едім және Лондон Симфониялық 

Оркестрінің концертіне бару мен үшін 

арман болатын, міне, ақыры сол арманы-

ма да жеттім! Скрипка мен барабанның 

керемет дауысы, рояльдің әуені мен 

дирижердің қимылдары әлі де есімде 

және осы бір ғажап әсерді ұзақ уақыт 

ұмытпаймын. Ең қызығы - «Альберт Хо-

лында» гардеробтың болмай, әнсүйер 

қауымның сырт киімдерін өздері ұстап 

отыруға мәжбүр болғандығы еді.   

Концерттен кейін біз «Бейкер-стрит» 

көшесіндегі Шерлок Холмстың үйін та-

буды ұйғардық, мұнда оған аттас сериал 

түсірілген болатын. Атақты шытырман 

авторы Артур Конан Дойлдың ойы бой-

ынша ұлы тыңшы Бейкер-стритте, Шер-

лок Холмстың «өмір сүрген кезеңінде» 

мүлде болмаған 221Б үйінде тұрған. 

Кейіннен Бейкер-стритті созғаннан 

кейін 19-ғасырдың соңында осындай 

нөмірлі үй пайда болды, қазір онда Шер-

лок Холмстың мұражайы орналасқан. 

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы 

күні біз үйден ертерек шықтық, себебі 

Лондонның көрнекті жерлерінің бірі бо-

лып есептелетін Новелло театрындағы 

«Мама-Мия» мюзикліне билет алған 

едік. Сонау 1905 жылы ашылған те-

атр бүгінде керемет дыбыс беретін 

заманауи акустикалық жүйемен 

жабдықталған. Театрдың әрлеуінде 

бөлме-жайларды үлкен етіп көрсететін 

көптеген айналар қолданылғаны аса 

қызықты. Қойылымдағы сахна көркі 

таң қалдардыды деп айта ала алмай-

мын, дегенмен актерлік шеберлік, 

актерлік ойындары биіктен көрінді. 

Оның үстіне, мюзиклде көп орындалған 

АББА тобының мәңгі хиттерінің ғажап 

орындалуы тағы бар. Мұнда да гардероб 

болған жоқ. Кейбір адамдардың көрініс 

кезінде балмұздақ жеуі таң қалдырды, 

біздің театрларда мұндайды елестету 

мүмкін емес.   

Жаңа жылды британдықтар дәстүрлі 

түрде көпшіліктің серуендеуімен қарсы 

алады. Нью-Йорктағы Таймс Сквэр, 

Алматыдағы Республика Алаңы немесе 

Мәскеудегі Қызыл Алаңда секілді халық 

Жаңа жылды улап-шулап, қызықты 

қарсы алу үшін түн ортасына қарай 

көшеге шығады. Біз де көшеге шығып, 

күні бойғы көтеріңкі көңіл-күймен, 

жағымды әсерлердің қарқынымен 

әдемі мейрамдық от шашу дүмпілінің 

астында Жаңа жылды Лондонның шо-

лу доңғалағының жанында қарсы алдық! 

Алақай, 2014!  

Келген жылдың бірінші күнін 

жақындар мен достарға сыйлық алуға 

және  Лондонда  серуендеуге  арнадық.        

2 қаңтар күні бізді Отанымызға жеткізуі 

тиіс ұшақ күтіп тұрды. Кезегімен ме-

тро,  әуежай,  тіркелу,  менің  орындығым,                    

7 сағаттық ұшу - міне, мен өз үйімдемін! 



Асқар Айтмағамбетов,

электрондық құжат айналымы 

жүйесінің техникалық қолдану 

жөніндегі специалисті, ПҚОСИ

«Битлз» мұражайы / Музей «Битлз» / The Beatles Museum

Әйгілі London Eye / Знаменитый London Eye / Famous London Eye


28

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

Непростой для всех выдалась нынешняя зима. Обильные снегопады, сильные морозы, по-

рывистый ветер, туман, гололёд - кажется, природа пытается уравнять север и юг страны по 

климатическим условиям. Тем долгожданнее и радостнее стал приход весны. Все познается 

в сравнении. Чем ярче контраст, тем больше понимание и оценка. Весна приносит не толь-

ко свет и тепло, но и новые ожидания, детские предвкушения необычного и праздничного.

В этой связи забавно, наверное, наблюдать со стороны за мужскими хлопотами в преддве-

рии 8 Марта. Ведь нам всегда в этот праздник хочется особо тепло поздравить наших мате-

рей, сестер, жен, дочерей. И про себя добавить: «Слава Всевышнему, что вы у нас есть».

Примерно на этой же волне встречается и следующий большой праздник - Наурыз. Оче-

видно, что празднование Нового года с наступлением цветущей весны более логично, неже-

ли в суровую зиму. Празднование Наурыза - это, в первую очередь, подведение некоторых 

итогов прошедшего года, осмысление планов на предстоящий, своеобразный настрой души 

на будущее.

Прошедший 2013 год был для сотрудников компании достаточно плодотворным. Консо-

лидированная добыча нефти составила 5,324 млн. тонн, в том числе доля ПККР, Кольжан и 

ПКВИ - 2,943 млн. тонн. Коэффициент успешности новых 45 скважин составил 67%, что обе-

спечило дополнительный прирост запасов нефти.

ПКОП переработал 4,9 млн. тонн нефти, превысив объем 2012 года на 103 тыс. тонн. Для завода наступает очень ответственный 

период - начинается запланированная модернизация, в рамках которой предусмотрено строительство 7 новых и реконструкция 3 

существующих технологических установок.

Все обязательства 2013 года по социальной ответственности выполнены в полном объеме, а корпоративный журнал «Мунайши» 

признан лучшим в нефтегазовой и энергетической отраслях Казахстана.

Впереди не менее амбициозные планы и задачи, при этом следует учитывать, что наступивший год, похоже, будет очень непро-

стым. Это потребует больших усилий и энергии, большей слаженности в действиях, дисциплины и порядка в работе.

Хочется верить, что 2014 год окажется для всех нас не менее успешным. Удачи всем и хороших праздников!



Б. Исенгалиев,

Вице-президент 

оБрАщеНие глАвНого редАкторА

МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

29

разведка и добыча

В 2013 году компания «ПетроКазах-

стан» добыла 5,324 млн. тонн нефти, 

включая 50% доли в наших СП «Каз-

гермунай» и «Тургай Петролеум». Из 

них чистая суммарная добыча ПККР, 

Кольжан и ПКВИ составила 2,943 млн.

тонн, 50% добычи «Тургай Петролеум» 

- 0,828 млн.тонн, а 50% добычи «Каз-

гермунай» - 1,554 млн.тонн. 

В 2013 году ПККР, Кольжан и ПКВИ 

было пробурено 123 новые скважи-

ны, из них 63 добывающие и 60 раз-

ведочных и оценочных. В «Тургай Пе-

тролеум» пробурено 33 добывающие 

скважины, в «Казгермунай» - 19. По 

контракту 1057 выполнено 300 кв.км 

сейсморазведочных работ 3D. 

В 2013 году пробурено 45 разведоч-

ных скважин с коэффициентом успеш-

ности разведочного бурения 67%. Со-

гласно отчету независимого аудито-

ра McDaniel, прирост запасов нефти 

по категории P1 составил 1,646 млн.

тонн на контрактной территории 

1057, 0,449 млн. тонн - на месторожде-

нии Юго-Западный Карабулак и 0,352 

млн. тонн - на контрактной террито-

рии 1928.

Переработка

В 2013 году на Шымкентском НПЗ 

переработано 4,857  млн. тонн нефти, 

что на 103 тыс. тонн больше перера-

ботки 2012 года. В 2013 году выработка 

высокооктановых бензинов составила 

723 тыс.тонн, глубина переработки - 

75%, а выход светлых нефтепродуктов 

- 58%. Завод увеличил объемы выработ-

ки сжиженного газа, дизтоплива, мазу-

та и вакуумного газойля.  

В прошедшем году продолжалась 

подготовка к реализации программы 

модернизации НПЗ, в рамках которой 

предусмотрено строительство 7 новых 

технологических установок, а также 

реконструкция 3 существующих уста-

новок. Целью проекта модернизации 

и реконструкции завода являются пе-

реход на выпуск нефтепродуктов, со-

ответствующих стандарту Евро-4 и 

Евро-5, а также увеличение глубины 

переработки и выработки светлых не-

фтепродуктов. 



Маркетинг и транспортировка

Несмотря на меняющуюся в течение 

года ситуацию на казахстанском рын-

ке нефтепродуктов, «ПетроКазахстан» 

неизменно выполняет свои обязатель-

ства по поставкам топлива потребите-

лям. В целях стабилизации рынка ГСМ 

в Казахстане и поддержания статуса 

социально ответственной компании в 

2013 году нашей компанией была обе-

спечена поставка 1,128 млн. тонн не-

фтепродуктов (дизельное топливо, 

бензин, мазут, авиакеросин) по соци-

альным программам.

Мы также сохранили за собой пози-

ции одного из лидеров среди грузоот-

правителей республики с  общим пар-

ком подвижного состава 2300 единиц. 

Основной деятельностью является пре-

доставление качественных услуг опера-

тора вагонов для давальческих компа-

ний: своевременная поставка вагонов 

для транспортировки нефтепродуктов, 

контроль содержания всего подвижно-

го состава, своевременная подача под 

налив, размещение вагонов на отстой, 

оформление под погрузку и проведе-

ние плановых ремонтов.  

В целом в 2013 году для удовлетворе-

ния исключительно потребностей вну-

треннего рынка РК с Шымкентского 

НПЗ было отгружено (включая ресур-

сы давальческих компаний) 2,963 млн. 

тонн нефтепродуктов: дизтоплива, бен-

зинов, ТС-1 и мазута М-100. Благодаря 

налаженной системе грузоперевозок, 

эффективному использованию под-

итоги 2013

итоги прошедшего года в очередной раз стали подтверждением девиза нашей 

компании «Наполняя жизнь движением!». стабильно добывая и перераба-

тывая нефть, создавая рабочие места, «Петроказахстан» способствует развитию 

регионов и экономики казахстана в целом, а реализуя многочисленные спонсор-

ские проекты, дает старт новым талантам и начинаниям. вся эта успешная дея-

тельность является результатом работы и вклада каждого сотрудника, всего на-

шего многонационального коллектива. 


30

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

вижного состава компании, отсутствию 

нарушений и замечаний со стороны го-

сударственных органов наша компания 

имеет репутацию стабильного долго-

срочного партнера в сфере грузопере-

возок нефтепродуктов. 

Ботос

В 2013 году был достигнут нулевой 

показатель по количеству смертель-

ных случаев с работниками «Петро-

Казахстан» и подрядных организаций. 

Наблюдается улучшение и по другим 

показателям, связанным с травматиз-

мом.


По инициативе «ПетроКазахстан» 

создана Рабочая группа по вопросам 

безопасности, охраны труда, здравоох-

ранения и чрезвычайных ситуаций под 

эгидой одного из Координационных 

советов Ассоциации KAZENERGY. 

В прошлом году в рамках постоянно-

го улучшения системы управления БО-

ТОС во всех бизнес-подразделениях 

компании стартовала Программа по-

ощрения работников за сообщения о 

потенциально опасных ситуациях, не-

безопасных условиях и действиях. АО 

«ПККР» и ТОО «ПКОП» успешно прой-

дены надзорные аудиты на соответ-

ствие требованиям международного 

стандарта OHSAS:18001. ТОО «ПКОП» 

также успешно пройден надзорный ау-

дит на соответствие требованиям меж-

дународного стандарта ISO:14001. А во 

всех подразделениях компании был 

стандартизирован подход к выявле-

нию опасных факторов и оценке ри-

ска.


корпоративная социальная  

ответственность

Как и прежде, в прошедшем году ком-

пания «ПетроКазахстан» выполнила 

все взятые обязательства по социаль-

ной ответственности. Поддержка де-

тей и молодежи, спорта, культуры и об-

разовательных проектов, инвалидов и 

представителей незащищенных слоев 

населения - мы действительно можем 

гордиться реализуемыми проектами. В 

дополнение к традиционным спонсор-

ским проектам и поддержке подшеф-

ных организаций наши бизнес-под-

разделения ПКОП и ПККР уже не пер-

вый год подписывают Меморандумы о 

сотрудничестве с акиматами областей, 

средства от которых идут на реализа-

цию важных для регионов крупных ин-

фраструктурных проектов, включая 

строительство мостов, сетей комму-

никаций. В 2013 году суммы, выделен-

ные «ПетроКазахстан» согласно Мемо-

рандумам, составили 1 млн. долларов в 

ЮКО, 3 млн. долларов - в КЗО.

 

достижения и награды 

2013 год был весьма успешен для всех 

подразделений «ПетроКазахстан». При-

знание вклада компании в развитие ре-

гионов, заслуги перед страной высше-

го руководства и сотрудников ПККР и 

ПКОП были отмечены на республикан-

ском уровне. 

АО «ПККР» вошло в ТОП-10 предпри-

ятий-лидеров РК по общегосударствен-

ному статистическому ранжированию 

хозяйствующих субъектов в двух но-

минациях. В рамках данного проекта 

ПККР была отмечена Национальным 

сертификатом и медалью «Лидер Казах-

стана-2013», а Председатель правления 

АО «ПККР» Фан Цзячжун удостоен орде-

на комплексной рейтинговой програм-

мы «Национальный бизнес-рейтинг» 

«Слава Казахстана». Обладателем сер-

тификата «Специалист года» стал Агзам 

Шарменов, старший менеджер депар-

тамента геологии и геофизики, а имен-

ной медали «За эффективность» удосто-

ен Серик Жумахметов, менеджер кол-

лекторной системы на месторождениях 

КАМ. 

В рамках празднования Дня работ-



ников нефтегазового комплекса Ассо-

циацией KAZENERGY были награжде-

ны медалями, почетными грамотами и 

благодарственными письмами 11 ра-

ботников ТОО «ПетроКазахстан Ойл 

Продактс» и 10 сотрудников АО «Петро-

Казахстан Кумколь Ресорсиз». 

А 9 сотрудников нашего НПЗ в честь 

профессионального праздника бы-

ли награждены АО НК «КазМунайГаз», 

«Самрұқ-Қазына» и Министерством 

нефти и газа РК медалью «Мұнай-газ 

кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», 

почетными грамотами, почетным зна-

ком «КазМунайГаз» и нагрудным знаком 

«Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген 

қызметкері».  

Корпоративный журнал «Мунайшы» 

был признан лучшим в нефтегазовой от-

расли Казахстана в рамках конкурса Ас-

социации KAZENERGY, а ТОО «ПКОП» 

были вручены почетные сертифика-

ты  по номинациям «Social Responsibility 

Prize» и «Environmental Safety Prize». 



МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

31



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал