МҰнайшы 54 2013 results 56



жүктеу 1.16 Mb.

бет4/13
Дата07.03.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

МҰНАЙШЫ

ШАтАевА АҚМАрАл БАуБекҚЫзЫ,    

Алматы қ. №2 балалар үйінің директоры

- Сіздің балалар үйіне директор 

болуыңыз қалай болды? Өзіңізді 

қандай директор деп санайсыз?

- 2004-2009 жылдары мен ЮНЕСКО 

клубының Ә.Қастеев атындағы Алма-

ты бейнелеу өнері мен техникалық ди-

зайн мектебінде директордың тәрбие 

жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін 

атқардым. Бұл мен үшін маман ретінде 

өткен тамаша «мектеп» болды, себебі, 

біздің директорымыз Ханзада Есенова 

өзінің орынбасарларына өте қатаң та-

лап қоятын еді, дербестікті, ұжымдық 

мәселелерді шешуде бірегей тәсілдер 

қолдануды, шапшаңдық пен жұмысқа 

жан тәнімен берілуді талап ететін. Оның 

үстіне ерекше және дарынды балалар-

мен жұмыс жүргізетінімізді әрдайым 

ескеру қажет болатын. 2009 жылы мен 

сол кісінің кеңесі бойынша №2 балалар 

үйі директоры лауазымының бос орны-

на жарияланған конкурсқа қатыстым. 

Жұмысқа қабылдау сұхбатынан өту ба-

рысында, балалар үйінде қалай жұмыс 

жасамақсыз деген сұраққа мен: «Мен - 

өз баламның анасымын. Мен өз ұлымды 

қалай жақсы көрсем, өзімнің жаңа бала-

ларымды да солай жақсы көрер едім» деп 

жауап бердім. Мен бойымдағы барлық 

махаббатты, бар білімімді және Ә.Қастеев 

атындағы мектеп қабырғасында 

жиған барлық педагогикалық және 

шығармашылық тәжірибемді сол 

балаларға арнағым келді  және сол 

қорымды осы күнге дейін балаларыма 

арнап келемін. 

Әрине, менің бойымды бұл бала-

лар қандай балалар, мені олар қалай 

қабылдайды, олардың жүрегіне жол та-

ба алар ма екенмін деген қорқыныш 

ұялағаны рас. Бірақ, міне бес жылдай 

уақыт өтті, көп нәрсе өзгерді, біз өсеміз, 

өзгереміз, бірақ ең бастысы - бәрімізді 

адами сүйіспеншілік сезім біріктіреді. 

Өзімді тек әкімшілік, ұжымдық, 

қаржылық және басқа да мәселелер 

турасында шешім шығарғанда, рес-

ми құжаттарға қол қою және мөр ба-

су кезінде директор ретінде сезінемін, 

ал күнделікті өмірде, балалардың орта-

сында мен - жай ғана анамын. Балаларға 

деген күтімім басқа да қазақстандық 

аналардың күнделікті қамы - дәмді 

тамақтандыру, сәнді киім мен аяқ-киім 

кигізу, сабақ үлгерімдерін қадағалау, ба-

лалармен демалыс күндері тауға шығу, 

театрға бару, отбасылық мерекелер-

ге дайындалу, үйірмелер мен қосымша 

сабақтарға қатысуын қарастыру, 

кешкісін ересек балаларыммен бірге 

шай ішіп, оларды ойландырып жүрген 

мәселелер жайлы әңгіме-дүкен құру, 

«Алтын Ұя» өміріндегі саяхаттар мен 

қызықты оқиғаларды еске түсіру.



- Балаларыңызбен жұмыс 

істеудегі ең басты нәрсе не?

- Бастысы - балаларды жақсы көру. 

Оларды жақсы көретініңе, опасыздық 

жасамайтыныңа сендіру, ересектер-

ге қайта сенім артуға үйрету. Ананың 

қарапайым ыстық алақанына зәру ба-

лаларды бойыңыздағы жылуыңызбен, 

мейіріміңізбен, қамқорлығыңызбен 

жылыту. Біз шын мәнінде тату отба-

сымыз, «Алтын Ұя» өмірінде мынан-

дай бір дәстүр орын алған - ересектер: 

«Бізбен бірге өмір сүретіндер…» деген 

сөз тіркесін бастайды, - ал балалар бол-

са, сол сөз тіркесін: «ең тамаша балалар!» 

деп жалғастырады.

Біздің ең негізгі міндеттеріміздің 

бірі балаларды дербес және отбасылық 

өмірге бейімдеуге және әлеуметтендіруге 

бағытталған мақсатты түрде 

жоспарланған жұмыс жүргізу болып та-

былады. «Алтын Ұя» аясында «Балалар 

үйіндегі балалардың өзін-өзі басқару ор-

гандары» бағдарламасы бойынша жұмыс 

ұйымдастырылып, жүргізіліп отырады. 

Мұнда үкіметтегідей «Парасатымызда» 

өз президентіміз, вице-президентіміз, 

министрлеріміз де бар. Біздің Үйіміз 

екі үкімет органдарынан тұрады, олар - 

педагогикалық кеңес және балалардың 

өзін-өзі басқарудағы «Парасат» орган-

дары. Және де мен әрдайым балалардың 

ойларын үлкен ықыласпен тыңдаймын, 

бұл мен үшін көп жағдайдарда өз көмегін 

тигізіп отырады. 

Үйімізде орасан жұмыс жасалу үстінде, 

және көптеген ұжымдық мәселелер өзін-

өзі басқару кеңесімен ересектерше жау-

апты әрі іскери түрде шешімін тауып оты-

рады: мәселен, мерекелерді ұйымдастыру 

мен жүргізу бойынша демеушілермен 

келіссөздер жүргізуді «Парасат» өзін-өзі 

басқару органы өз мойнына алды. Бала-

лар келіссөздер жүргізуді, іскери хат дай-

ындауды, балалар үйіндегі өткізілетін 

жалпы іс-шараларға сценарий жазуды, іс-

шараларды дайындап, өткізуді үйренді. 

Біз балалардың қоғамдағы дербес өмір 

сүруіне дайындауда расында да ауқымды 

жұмыс жүргізіп келеміз. 

- Балалармен қандай да болма-

сын қиын жағдайлар болды ма? 

Баланың балалар үйінен қашып ке-

ту жағдайы орын алды ма?

- Кез келген отбасында өмірдің қиын 

сәттері болып тұрады ғой. Біздің әрбір ба-

ламыз - бұл өзіндік тарих, азап тәжірибесі, 

толқулары мен ең жақын адамдардың 

сатқындық әрекеттері. Бір қарағанда 

шешімі жоқ түйінді отбасымыздың 

барлық мүшелерінің қатысуымен ше-

шу үрдіске айналған және де олардың 

ішінде басқаның қайғысына қабырғасы 

қайыспаған жан қалмайды. 

Білімі: 

1992-1997 - ҚазМУ, қазақ тілі мен 

әдебиеті мұғалімі

Мансабы: 

1992-1993 - аға тәлімгер, Төле би 

ауданы, Леңгір қ.

1993-1996 - үйірме жетекшісі, 

Оқушылар сарайы, Леңгір қ.

1997-2000 - Леңгір қ. мектептерінің 

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі 

2000-2004 - қазақ тілі мен әдебиеті 

мұғалімі, №146 ЖБМ, Алматы қ.

2004-2005 - тәрбиелеу жұмысы 

мен рухани даму жөніндегі маман, 

Гуманитарлық Заң Академиясы, Ал-

маты қ.

2005-2009 - директордың тәр-



биелеу жұмысы жөніндегі орынба-

сары, ЮНЕСКО клубы - Ә.Қастеев 

атындағы бейнелеу өнері және 

техникалық дизайн мектебі 

2009-қазірге дейін - №2 балалар 

үйінің директоры, Алматы қ.



Марапаттары:

«Педагогикалық қызметтегі табы-

стары үшін» берілген Ы. Алтынсарин 

атындағы медаль (педагогикалық 

қызметтегі еңбектері үшін)


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

19

Оқиғалардың бірі...Көккөзді елгезек 



балақай. Анасы ұлын «көгілдір әзәзілге» 

айырбастап алған. Бала өзі би - өзі қожа, 

амалын таба күн көріп, көшеде өсті. Ал 

енді міне, өзіндік тәртібі мен талапта-

ры бар балалар үйіне қамалды, бұл жер 

көшедегі сабақ жоқ, үй тапсырмасы жоқ, 

коңыр күздің аяғына дейін ескі көрпеге 

оранып күркеде жататын өмір салтына 

қарама қайшы еді! Бала қашып тынды, 

оны іздестіру жарияланды. Күндер өтті, 

апталар мен айлар өтті, ұйқысыз түндер 

өткіздік, оның болуы ықтимал барлық 

аймақтарды кездік, түнгі мезгілде Алматы 

қаласынан жүздеген шақырымда жатқан 

төңіректерді араладық. Соңында балалар 

үйінде балалардың жарқын дауыстары 

шықты: «Алақай, табылды» Біздің «Гекль-

берри Финн» мырзамыз көше кезгенде 

тамаққа қалай қол жеткізгендігін, іздестіру 

шараларын жүргізгендерден қалай және 

қайда тығылғанын, жасырынып жатып 

сыртынан бақылағанын, үлкендердің оны 

қалай іздегенін рақаттана әңгіме етіп, ай-

тып отыр екен. 

Балақай дөрекіленіп кетіпті, көшенің 

қылықтары есіп тұр, оқу деңгейі төмендеп 

кеткен. Өткізіп алған сабақтарын қуып 

жету оңайға соқпады. Бірақ біз күн де-

мей бар ынтамызды салып, оны балалық 

әлемге, өзінің отбасына қайтарып алдық. 

Қазір біздің қашқын баламыз белсенді 

колледждердің бірінде студент, техника-

мен шұғылданады, бізге автокөлік жөндеу 

жағынан көмегін аямайды. Ал оны өз ба-

ласындай бағып-қағатын, еркектерше 

тәрбие беріп, жұмыс орындауды үйрететін 

біздің көлік жүргізушімізді ол «Әке» деп 

атайды. Ол ер жетіп, есейген және тех-

никадан бөлек, өлеңді көркемдеп оқиды, 

поэзияны жаны сүйеді. Қазір ол өзінің 

«еркіндіктегі өмірін» жымия отырып еске 

алады, ал «Неге қаштың» деген сұраққа 

«Ақымақ болғам ғой, сені жақсы көретін, 

сен үшін алаңдайтын адамдардан қашуға 

болмайтынын білмеппін, бұл менің үйім, 

менің отбасым» деп жауап берді.



- Бүгінгі таңда балалар үйінде 

қандай қосымша білім беру 

сабақтары жүргізіліп жатыр?

- Балалар үйінде 10-нан астап үйірме 

түрлері мен секциялар жұмыс істейді, 

олардың ішінде қазақ тілі үйірмесі, 

акробатика және гимнастика секция-

сы, қолданбалы және қазақтың ұлттық 

шығармашылығы үйірмесі, домбы-

ра үйірмесі, хорда ән айту және вокал 

үйірмесі, би және театр үйірмесі және 

«Әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу» 

үйірмесі. Балалар үйірмелер мен 

секцияларға шын ниеттерімен қатысады. 

Ал басқа да қарапайым отбасында өмір 

сүріп жатқан балалардың барлығы дерлік 

осындай өзін-өзі дамыту мүмкіндіктеріне 

ие бола бермейді. Мысалы, қолданбалы 

және қазақтың ұлттық шығармашылығы 

үйірмесінде балалар киізден, жүн 

мен теріден тамаша бұйымдар жасап 

шығарады, содан кейін оларды бала-

лар үйіне келген қонақтарға олардың 

өмірлеріне бейқам қарамағандары үшін 

ризашылықтарын білдіру мақсатында 

сыйлық ретінде тарту етеді. Біздің «Кел, 

билейік!» би үйірмеміз балалар үйінде 

және одан тыс басқа да аймақтарда 

кеңінен танымал.

Оған қоса, балалар «Алтын Ұя» аясында 

жұмыс жүргізіп отырған клубтарға да ба-

рып тұрады. «Мамандықтар әлемі» атты 

клуб кәсіптік бейімделу жұмысымен ай-

налысады, «Кодексте» балалар құқықтық 

тәрбие алады. «Эколог» клубында бала-

лар үйінің аумағын көгалдандырумен 

шұғылданады. «Атамекен» клубында 

тәрбиеленушілер қазақ халқының әдет-

ғұрыптары мен дәстүрлерін үйренеді 

және еліміздің тарихимен танысады. 2012 

жылдың шілде айында 28 тәрбиеленуші 

- «Атамекен» клубының мүшесі ретінде 

Қазақстанның Тараз, Түркістан және 

Шымкент қалаларындағы тарихи қасиетті 

өңірлерге саяхаттап қайтты. 

- Балалар үйіңізден бала асырап 

алу жағдайы жиі болып тұрады ма? 

- Бала асырап алушылар жиі жағдайда 

3-4 жасқа дейінгі балаларды армандай-

ды, көбіне асырап алу жағдайын құпияда 

сақталғанын және баланың алғашқы 

қадамынан бастап тәрбиелегенді қалайды. 

Біздегі балалар 7-18 жас аралығында. 

Біздің Асырап алушы ата-аналардың 

мектебіне келген әлеуетті асырап алушы-

лар таңырқап: «Иә, балаларыңыз өте ке-

ремет екен, бірақ бізге керегі кішкентай 

балдырған еді...» деп жатады. Асырап алу-

шы болашақ ата-аналардың қоятын 

шарттарының бірі асырап алынатын 

баланың жақын туыстарының болма-

уы. Біздегі балалардың тек 19-ы ғана 

жетімдер болып табылады, ал қалған ба-

лалар ата-аналарының қамқорынсыз 

қалғандар есебінде: олардың ата-ана-

лары ата-аналық құқықтарынан 

айырылғандар не іздестірілуде, немесе 

бас бостандықтарынан айырылғандар. 

Әрине, біз бала асырап алу жөнінде үлкен 

жұмыс жүргіземіз, ұл балаларды да, қыз 

балаларды да асырап алып жатады, бірақ 

мұндай жағдайлар біз қалағандай жиі бо-

лып тұрмайды. 

- Мысалы, егер адам баланы асырап 

алуға дайын емес, бірақ оның бала-

мен бос уақытын бірге өткізіп, көмек 

көрсеткісі келеді делік - ол адам не 

істей алады? Патронат дегеніміз не 

және сіздің оған деген көзқарасыңыз 

қандай? 

- Біз әрбір баланың отбасында өмір сүру 

құқығының жүзеге асырылуын қалаймыз. 

Баланы отбасына белгілеудің бірнеше 

түрі бар: асырап алу, қамкорлыққа алу, 

патронаттық тәрбие беру және қонақтық 

отбасы. Егер адам бала асырап алуға 

әлі дайын болмаса, онда балаға көмек 

көрсетіп тұру ниетімен бос уақытын 

бірге өткізіп тұру үшін, тәрбиеленуші ба-

ланы қонақтық отбасына рәсімдеуге бо-

лады. Сонда ғана баламен жақынырақ та-

нысу мақсатында оны демалыс күндері 

және каникул кезінде алып кетіп тұруға 

болады.

Келесі қадам патронаттық отбасы болып 



табылады. Екінші мәрте жетім атанудың, 

күткен үміттердің ақталмай қалуынан 

болатын адами қайғы қасіреттердің ал-

дын алу мақсатында, патронаттық 

тәрбиелеу әрекеті қажетті бөлім болып 

табылады. Мұндағы негізгі мақсат - ба-

ланы әлеуметтендіру, отбасындағы өмір 

тәжірибесін алу, ал болашақ ата-аналар 

үшін - өз мүмкіндіктерін шынайы түрде 

бағалау. Патронат мерзімі бір жыл және 

одан  ұзақ болуы мүмкін.

Алматы қаласының балалар үйлерінде 

Асырап алушы ата-аналар мектебі 

(ААА) қызмет атқарады, ал біздің мек-

теп символдық түрде «Ақ жол» деп ата-

лады. Біз балаларды ата-аналарына, 

жаңа өмірге ақ жолмен шығарып сала-

мыз. Асырап алудан үміткер болған ата-

аналар ААА мектебінен машықтанады 

және балаға қараудағы психологиялық-

педагогикалық тәсілдерді үйренеді, ма-

мандардан қажетті көмек алады. Ал ба-

лалар болса, асырап алатын неме-

се патронаттық отбасында өмір сүруге 

дайындық бойынша психологиялық 

сынақтан өтеді. Балалармен психолог ма-

маны жұмыс жүргізеді, баланың жаңа өмір 

салтына бейімделу жөнінде жұмыстар жа-

салады.

Біздің есігіміз әрқашан ашық, «Алтын 



Ұя» отбасы қонақтарын әрдайым қуана 

қарсы алады. Бізге балалармен жұмыс 

жасау үшін еріктілер және студенттер 

келіп тұрады. Олар балалармен тренинг-

тер, концерттер, спорттық іс-шаралар 

жүргізеді, қоғамдық қорлар біздің 

тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі мен 

бейімделуіне көмегін тигізеді. 



- Қарапайым адамдар, мемлекет 

тәрбиеленушілерге қандай қолдау 

көрсете алады?

- Қазіргі таңда ата-аналарының ма-

хаббатынан, жанұясынан айырылған 

балаларға мемлекет тарапынан көмек 

белсенді түрде көрсетілуде. Балаларды 

4 мәртелік толыққанды тамақтандыру, 



20

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

киіндірумен қатар, мемлекет мектепті 

үздік тәмамдаған тәрбиеленушілерге оқу 

гранттарын ұсынып отыр. Бірақ, әлбетте, 

әрбір жетім бала үшін өміріндегі ең 

маңызды нәрсе – бұл жеке тұрғын үйі. Ба-

лалар үйінің алдыңғы тәрбиеленушілері 

өз пәтерлерінің кілтін ала бастады. Бұл 

үшін де мемлекетімізге деген алғысымыз 

шексіз.


Достарымыздың қолдауының 

арқасында балаларымыз Қазақстанның 

түрлі қалаларында, тіпті шетелде - 

атап айтқанда Оңтүстік Кореяда бо-

лып қайтты. Қарапайым адамдар да 

бізге ықылассыз қалып жатқан жоқ. Сол 

кісілер балаларды Шыңбұлақ таулы ку-

рортына, Медеу биік таулы мұз айдыны-

на, Алматы қалалық жануарлар әлеміне, 

көрмелерге, театрлар мен мұражайларға 

экскурсия ұйымдастыруға, «Пиноккио» 

ролик клубына, кинотеатрларға бару іс-

шараларын жүргізуге көмектесіп тұрады. 

Біздің үйіміз «Ардагер» ардагерлер 

үйімен тату қарым қатынаста, ардагер-

лер мен балаларымыздың арасында бау-

ырмал жылы қарым-қатынастар орнаған, 

әжейлер өз немерелеріне арналғандай 

етіп жылы шұлықтар тоқып беріп жата-

ды, оларға қамқорлық танытады, біз ар-

дагерлермен бірлесе отырып, мерекелер 

ұйымдастырып тұрамыз, қолөнерімен 

шұғылданамыз. Бұл адамдардың біріне 

бірі деген қарапайым қамқорлығы 

қарттар үшін де, балалар үшін де өте 

маңызды.


Біздің тұрақты демеушіміз және до-

сымыз «ПетроҚазақстан» компани-

ясы. Осы компанияның көрсеткен 

көмегінің арқасында Балалар үйіміздің 

барлық терезелерінде жаңа дизайнерлік 

қалың перделер ілулі тұр, бөлмелеріміз 

үлкен талғамдылықпен және жылы 

жайлылықпен жасақталған.



- Балалар үйіндегі ыстық 

ұяларынын ұшқан балапандардың 

тағдыры әрі қарай қалай 

қалыптасады? Түлектеріңізбен бай-

ланысып тұрасыздар ма?

- №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері 

ҚР жоғарғы оқу орындарында алғашқы 

студент атанған жастардың қатарында 

болды, балалар үйінің «бірінші 

қарлығаштары» 1993 жылы жоғары 

білім алу мүмкіндігіне ие болды. Ол кезде 

ешкім де сене қоймады: «балалар үйінің 

түлектері және жоғары білім? Бұлар 11-

ші сыныпты аяқтағандар ма? Мүмкін 

емес!». Олар арттарынан ерген інілері мен 

сіңлілері үшін үлгі бола білді. Осы балалар 

үйі ашылған күнінен бергі 23 жыл ішінде 

40 бала жоғары білім дипломдарының 

иегерлері атанды. Бұл Әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ, ХБА, Политехникалық 

университет, Еуразиялық университет 

сияқты қазақстандық ЖОО-мен бірге мы-

салы, Каирдегі Александрия университеті 

сияқты шетелдік жоғары оқу орындары 

да болып табылады. Бұл балалар алдағы 

қиындықтарға мойымай, асулардан асып, 

мақсаттарына жете алатындықтарын 

баршаға дәлелдеп берді. 

Түлектердің басым бөлігімен ізгі адами 

қатынастар қалыптасқан. Өзіміздің үлкен 

отбасымызда дәстүрлі түрде өткізілетін 

мерекелерде «Алтын Ұя» отбасына 

түлектеріміз қонаққа келіп тұрады және 

олар әрқашан өздерімен бірге балаларын 

да ерте келеді. «Дөңгелек үстел» отыры-

сына «Ересек балаларымыз» да қосылады. 

Олар бүгінгі тәрбиеленушілерге қол 

ұшын беру мақсатында өздерінің кеңес 

ойларын ортаға салады. Біз расында да 

бірімізге біріміз сенім арта аламыз және 

өмірде болатын қиын сәттерде әрдайым 

қол ұшымызды беруге дайынбыз.



- Нені армандайсыз? 

- Әр баланың өз отбасы болуын ар-

мандаймын. Біздің балаларымызға 

үйреткендеріміз олардың өмір жолдарын-

да пайдаға асуын, олардың жоғары білім 

алғандарын, қажетті мамандық иелері 

атануын және заманға сай өмір сүруін ар-

мандаймын. Бірақ, ең маңызды нәрсе - 

бұл балаларымның өсіп-өніп, өздерінің 

де ата-ана атанғанын, қамқор әке және 

қамқор ана болып, қоғамымызда жетім 

балалардың болмағанын армандаймын. 



- Қазіргі заманда жиі жағдайда 

әйелдерімізге кәсіптік өмірі мен 

жеке өмірі арасында теңгерім 

іздеуге тура келіп жатады. Сіздің 

көзқарасыңыз бойынша, отбасының 

отын сөндірмейтін әйел болып қалу 

жолы қандай?

- Әйел затының нәзік жандылар аталуы-

на қарамастан, біз орасан зор қуатқа иеміз 

деп есептеймін. Бүгінгі таңда, көптеген 

әйелдер ерлердің міндеттерін мойында-

рына артқан, олар өздерінің кәсіптік өмірі 

мен жеке басының өмірі арасындағы 

теңгерімді сенімді түрде реттеп отыра 

алады. Алайда, Шығыста өмір сүре оты-

рып, біз биліктің биік шыңында отырып 

та, анамыздың сүтімен дарыған қасиетті, 

яғни әрдайым әйел қалпын сақтау - 

отбасының отын сөндірмеу қасиетін 

бойымызға сіңіре білгенбіз.  



- Көктем мезгілі мерекеге толы - 8 Нау-

рыз мерекесі және Наурыз мерекесі 

жақындап келеді. «ПетроҚазақстан» 

компаниясының қызметкерлеріне 

деген ізгі тілектеріңіз.

- Әрбір отбасына тыныштық, достық 

қарым-қатынас, келісім, бірлік пен бақыт 

тілеймін! Көктем мерекесімен бірге 

үйлеріңізге амандық, саулық, махаббат 

пен мейірімділік енсін! 



№2 балалар үйі туралы қысқа 

мәлімет

№2 балалар үйі 1990 жы-

лы құрылған (мұның алдын-

да тәрбиеленуі қиын қыздарға 

арналған №3 арнаулы мектеп бола-

тын). 2010 жылы Балалар үйінде «Ал-

тын Ұя» атты жазғы лагерь жұмыс 

жасады, оның атауы балаларға 

ұнағандықтан, осы атау отбасы 

сөзінің және бүкіл балалар үйінің 

синонимі ретінде қолданысқа 

ене бастады.Қазіргі таңда бала-

лар үйінде 96 тәрбиеленуші тұрып 

жатыр, олардың ішіндегі 19 ба-

ла жетім, 77 бала ата-анасының 

қамқорлығынсыз қалған балалар.

Ойнау бөлмесінде / В игровой / In the game-room 


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

21

«Мұнайшының» өткен нөмірінде біз 



ҚЕҚОҚ департаментімен енгізілген 

компания қызметкерлерінің 

қауіпсіздік мәселелеріне байланы-

сты жөнді қарым-қатынастарын 

қалыптастыруға, жазатай-

ым оқиғалардың алдын алудағы 

қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын 

игеру мен ҚЕҚОҚ мәселелеріндегі 

хабардарлығын арттыруға 

бағытталған әлеуетті қауіпті 

оқиғалар, қауіпсіз емес жағдайлар 

мен әрекеттер туралы хабарлағаны 

үшін қызметкерлерді көтермелеу 

бағдарламасы жайында жазған едік. 

Ал осы нөмірімізде біз 2013 жылдың 

4 тоқсанының қорытындысы бойын-

ша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» 

ЖШС мен «ПетроҚазақстан» компа-

ниялар тобындағы бағдарламаның 

алғашқы жеңімпаздары туралы қуана 

жариялаймыз.    

Шымкентте «ҚЕҚОҚ бойын-

ша көтермелеу» аталымында ПҚОП 

БСАЖ цехының қазандық операторы 

А.И.Балабонов жеңімпаз атанды. 2013 

жылдың 14 желтоқсанында Андрей 

Иванович А қазанындағы Г-1 тиекті 

темір арқауының ернемекті жалғастыру 

аралығы арқылы қазандық бөлме-

жайына газдың шығып жатқанын 

байқап, оқиға туралы дер кезінде ха-

барлап үлгерді. Қазандық бөлме-

жайы мазут жағуға ауыстырылды, ал 

газ құбырының зақымдалған телімін 

кесіп алып тастап, тиекті темір арқау 

басқасына алмастырылды. Аталған 

өндірістік ақауды тергеу қорытындысы 

бойынша уақтылы хабарлау және 

қазандық операторы А.И.Балабоновтың 

дұрыс әрекеттері газ-ауа қоспасының 

ықтимал жануынан қазандық бөлме-

жайындағы өртену қаупімен байла-

нысты орташа қатерлі оқиғаның дер 

кезінде алдын алуға мүмкіндік бергенін 

анықтады.

Алматыда «ҚЕҚОҚ бойын-

ша көтермелеу» аталымын-

да 2013 жылдың 4 қарашасында 

кеңсенің кіреберісіндегі жаяужол 

төсемінің ақауларын байқап қалған 

Стратегиялық коммуникациялар 

департаментінің координаторы Ай-

наш Тілеубаева марапатталды. Оның 

мезгілді хабарламасы қызметкерлер 

мен кеңсе қонақтарының құлау 

мен жарақат алу қаупіне жол бер-

меуге мүмкіндік берді. Айнаштың 

хабарламасы бойынша кеңсенің 

Әкімшілік қызметі жаяужол плитка-

ларына жөндеу жұмыстарын жүргізді, 

нәтижесінде адамдардың құлау қаупі 

жойылды. 

Алғашқы екі жеңімпаз ексерткіш 

төсбелгілері мен мақтау қағаздарына

сондай-ақ ақшалай сыйлыққа ие бо-

лады.  


Бағдарламаға қатысып, әрдайым 

қауіпсіздік ережелерін сақтап 

жүріңіздер!  

Бағдарлама мен оған қатысу 

шарттары жөнінде толығырақ 

«ПетроҚазақстан» порталындағы 

ҚЕҚОҚ департаменті бөлімінің 

«Жалпы мәселелер / ҚЕҚОҚ бойын-

ша бағдарламалар мен жобалар» 

бетінен немесе компанияның барлық 

бөлімшелерінде орналастырылған 

ҚЕҚОҚ ақпараттық стендтерінен 

оқыңыз. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал