МҰнайшы 54 2013 results 56



жүктеу 1.16 Mb.

бет3/13
Дата07.03.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

қызықты үйірмелер, тіпті өз валю-

тасы да бар. Лагердің даму жолы 

мен оның бүгінгі таңдағы балаларға 

ұсынатын мүмкіндіктері туралы ай-

тып беріңізші.

- Лагердің ашылуынан бір жыл бұрын 

менің ұлым  туды. Ұлыма сатып әперген 

кітаптарымның алғашқысы Н.Носовтың 

Күнгей қалада тұратын көңілді де 

мейірімді Дымбілмес (ред. - Незнай-

ка) балақай туралы әңгімелері еді. Міне 

осылайша, лагерде Кішкентай әлем құру 

идеясы пайда болды. Бүгін бізде кез кел-

ген мемлекеттегідей өз рәміздеріміз 

- жалау, әнұран, валюта, орден, киім 

үлгісі, газет және өз шеберлеріміз бен 

атақтыларымыз, заңдарымыз бен мере-

ке күндеріміз, сондай-ақ, өз провинция-

ларымыз бар.

Біздің лагеріміз тек Қызылорда 

өңірінде ғана емес бүкіл республикаға та-

нымал. Жыл сайын мамыр айының 25-

ші жұлдызынан бастап тамыздың 25-не 

дейін 1080 бала 6 ауысыммен демалады - 

маусымды экономикалық ауысым ашады, 

содан кейін көптеген үйірмелері мен сек-

циялары бар 4 шығармашылық ауысым 

келеді, соңында маусымды спорттық ау-

ысым жабады. Бұл ауысымда жас футбол-

шылар арасында ПҚҚР компаниясының 

кубогы үшін жарыс өткізіледі.

Бала барлық уақытта бала болып 

қала бермек. Бүгінде олар бұрынғыдай 

жаздың келгеніне және демалыстың 

басталғанына қуанады. Жаңа достар-

мен кездесу сәттерін асыға күтеді, жаңа 

дүниелер ашады. Ал лагерьдің барлық 

қызметкерлердің міндеті балалардың 

осы демалыс күндерін қуанышты әрі 

жайлы етіп ұйымдастыру, және ең ба-

стысы - демалыс күндерін танымды және 

пайдалы ете білу. Лагеріміздің барлық 

қызметтері қамтылған ынтымақты ұжым 

бұл міндетті тамаша атқарып келеді.

17 жыл ішінде «ПетроҚазақстан» 

компаниясы еліміздің болашағына 

қаржылай үлес қосып келеді, ал осы 

лагердің ашылуы балалар мүддесіне 

арналған және балалар үшін құрылған 

компанияның демеушілік бағдарлама 

жұмыстарының бастамасы болды. Өткен 

жылы «ПетроҚазақстан» компаниясы 

«Арай» лагеріне керемет сыйлық - жа-

санды жабыны бар жаңа футбол алаңын 

тарту етті. Барлығының бақытқа қалай 

кенелгендерін елестету мүмкін емес! 

Үстіміздегі жылы балаларды толығымен 

жаңартылған үлкен тосынсый бас-

сейн күтіп тұр, оған қоса бізге жаттығу 

құрылғылары да сыйға тартылды. 



- Сіз, сондай-ақ, Junior 

Achievement («Жастар Жетістігі») 

өңірлік орталығының директо-

ры қызметін атқарып жүрсіз, бұл 

өз алдына жастарға кәсіпкерлік 

рухын дамытуға және экономи-

ка ережелерін игеруге көмегін 

тигізетін бірегей бағдарлама бо-

лып табылады. Балалардың өзгерісі 

қалай және бұл бағдарлама олардың 

Бірге ҚуАттЫМЫз!

Біз «Мұнайшының» беттерінде компаниямыз жасайтын демеушілік көмек 

жөнінде көп жазамыз - сандарды атаймыз, жобалар жайында әңгімелейміз... Ал 

бүгін, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, компанияның қамқорлығындағы 

және демеушілік көрсетіліп жүрген мекемелердің басшылығында отырған 

нәзік жандылармен таныстырғымыз келіп отыр. өз жұмыстарын жақсы 

көретін және сол жұмыстарына құлшына берілген ханымдар сұхбаттарында 

қамқорлықтарындағы жандардың бүгіні мен болашағы, армандары мен жос-

парлары, өнерлері мен білімі туралы сөз қозғайды.

Білімі: 

1976-1980 - ҚазПИ, мектепке 

дейінгі және бастапқы білім беру 

факультеті

2000-2003 - ҚызМУ, Экономика 

және құқық факультеті



Мансабы: 

1980-1982 - «Раушан» бала 

бақшасы, тәрбиеші-әдіскер

1982-1997 - «Саяхат» туристік 

фирмасы, саяхат бөлімінің бастығы, 

экскурсия қызметкерлерін дайындау 

курстарының директоры

1997-қазірге дейін - «Арай Сан-

райз» демалыс лагері, аға тәрбиеші

1999-қазірге дейін - «Junior 

Achievement өңірлік орталығы» 

қоғамдық қоры, директор



АлиШевА светлАНА серікБАЙҚЫзЫ,  

«Junior Achievement өңірлік орталығы» қоғамдық қорының директоры, 

«Арай санрайз» балалар лагерінің аға тәрбиешісі, Қзо 

МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

15

өмірлік жолдарын таңдауда әсерін 

тигізіп жүр ме? 

- JA бағдарламалары балаларға биз-

нес, экономика, кәсіпкерлік, әдепнама, 

қаржылық білім саласында білім алуға 

және мансапты дамытуға байланысты 

түрлі дағдыларды игеруге  көмектеседі. 

Маңызды жайт, «орындау арқылы үйрен» 

қағидасына сәйкес, бұл бағдарлама 

нарықтық экономика мен бизнес 

негіздері бойынша теориялық білім беру-

мен қатар қолданбалы білім сипатындағы 

салаларды да қалыптастырып отырады.

2005 жылдан бастап Орталығымыз 

«Экономика мен менеджментті үлгілеу», 

«Титан» және «Әрекеттегі банктер» атты 

экономикалық компьютерлік ойындар 

бойынша Республикалық дистанциялық 

жарыстарға қатысып келеді. Оған қоса, 

оқушыларымыз жыл сайынғы өткізілетін 

Экономика бойынша республикалық 

олимпиадаға қатысып, жүлделі орын-

дарды иеленіп отырады және бала-

ларымыз ҚБҰУ, ХБА, ҚазЕжәнеӘҚА 

және ХАТУ жоғарғы оқу орындарын-

да оқу гранттарының иегерлері ата-

нып жүр. Сондай-ақ, былтыр қыста Син-

гапурда өткен Азиаттық-Тынық мұхит 

жарыстарына Қазақстан атынан дәл 

біздің тобымыздың қатысқандығын 

мақтанышпен айта аламын. Еліміздің 

мұндай жарыстарға алғашқы қатысуы 

еді және бұл біздің өңірдегі тәлім алу-

шы балалардың жоғары деңгейдегі 

жетістіктерінің мойындалуы деп білемін. 

Бағдарлама шын мәнінде қызықты 

және бірегей болып табыла-

ды. Біздің балаларымыз жеке тұлға 

ретінде қалыптасады, бойларындағы 

көшбасшылық қасиетті шыңдайды және 

олар өздерінің ең маңызды шеберлігі 

- топпен жұмыс істеу, барлығына және 

барлығы үшін жауапты болу дағдыларын 

дамытады. Себебі, бағдарламаның 

тәжірибелік бөлімінде топпен жұмыс 

істеу қарастырылған - мұнда, егер 

топтың әрбір мүшесі өз білімі мен 

жігерін барынша салмайтын болса, он-

да топ жеңіледі. Мысалы, «Экономи-

ка мен менеджментті модельдеу» ат-

ты экономикалық ойын барысында топ 

үшін белгілі бір өнім түрін шығаратын 

виртуалды өнеркәсіп құрылады. 

Топтың әр мүшесімен қабылданған 

шешімдер мен әрекеттерге байланы-

сты өнеркәсіптің пайда табуы, оның 

сәтті дамуы немесе дағдарысқа ұшырауы 

анықталатын болады. Бұл балалар үшін 

бизнестің жұмыс істеу жолдары туралы 

түсінік беретін жақсы мектеп. 

Қызылордалық балалардың басым 

бөлігі бизнес пен экономика әлеміндегі 

өз жолдарын осы JA бағдарламасының 

арқасында таңдады десем артық 

айтқандық емес. Кейбір балалар дәріс 

алуын тәмамдап үлгерді,  енді олар 

Қазақстан аумағымен бірге шетелдерде 

де білікті маман иесі атанып жүр. 

- Junior Achievement бағдарламасы 

шеңберінде мемлекетпен, ком-

паниялармен бірге жұмыс істеу 

жұмыстары жүргізілуде ме?  

- Біздің құрылған алғаш күнімізден ба-

стап қолдау көрсеткен «ПетроҚазақстан» 

компаниясының арқасында 

орталығымыз өз қызметін JA өңірлік 

орталық ретінде 2000 жылдың сәуір 

айынан бастады. Орталық үшін жыл-

дар бойы бөлінген қаражат Қызылорда 

облысы оқушыларына нарықтық 

қатынас заңдарын меңгеруге мүмкіндік 

берді. Әлбетте, «ПетроҚазақстан» 

компаниясының қолдауынсыз біз  осы 

күнгі құрмет пен нәтижелерімізге қол 

жеткізе алмас едік. 

Құрылған сәттен бастап, біз облыстың 

білім департаменттерімен және 

Кәсіпкерлер қауымдастығымен бірге 

жұмыс жасап келеміз. ҚР Білім және 

ғылым министрлігінің қолдауымен 

орталығымыздың оқушылары 2008 жыл-

дан бастап жыл сайын өткізілетін эко-

номика саласындағы республикалық 

жарыстарға қатысып келеді. 13 жылдан 

астам уақыт бойы біз бағдарламамыздың 

«Мектеп компаниясы» атты тәжірибелік 

бөлімі бойынша Қостанай, Павлодар, 

Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Байқоңыр 

қалаларының өнер мектептері мен 

Оқушылар сарайларымен жұмыс жасап 

келеміз. 



- Педагог ретінде, ана ретінде

баланың білімге деген құштарлығын 

арттыру мақсатында қандай кеңес 

берер едіңіз?

- Баламен бірге оқу керек, оның игер-

ген жаңа білімі мен жетістіктеріне шы-

найы қуана білу қажет дер едім.



- Балаңыздың қай салада дарынды 

екендігін қалай анықтауға болады?

- Дарынсыз бала болмайды дегеніме 

сеніңіз. Біздің лагерімізде 19 үйірме 

жұмыс істейді; барғысы келетін үйірме 

түрін әрбір бала өзі таңдайды, кейбір 

балалардың 2 немесе 3 үйірмеге қатысып 

жататын жағдайлары да кездесіп жа-

тады. Ауысым соңында балалардың 

қатысуымен өтетін концерттерге кел-

ген және олардың үйірме жұмыстарында 

жасаған дүниелерін көрмемізден көрген 

ата-аналар өз балаларының ән салу, би 

билеу, музыкалық аспаптарда ойнау, су-

рет салу, тоқу сияқты өнерлерінің бар 

екендігіне таңданып жатады.

Менің пайымдауымша, бұл сұраққа 

баланың өзіне жауап табуға мүмкіндік 

берген дұрыс. Балаға уақыт пен мүмкіндік 

беруге тырысу керек, әрине.

- Жеке басыңыздың басты 

жетістігі ретінде нені айтар едіңіз? 

- Менің ұлым - менің ең басты жетістігім. 

Қазір ол Қазақстан Мемлекеттік Заң 

Академиясының 3-ші курс студенті.



- Заманауи әйел - бұл ана және жар, 

қыз және қайын сіңлі, қызметкер 

және бизнес-леди. Осы рөлдердің 

қайсысы ең күрделі? 

- Менің ойымша, бұл - ана мен 

бизнес-ледидің үйлесімділігі. Және кей 

жағдайда бүгінгі таңда өзіміздің көптеген 

әйелдеріміз осындай түбегейлі қарама-

қарсы рөлдерді сәтті орындап келеді.



- Алдағы келе жатқан көктем 

мерекесіне байланысты компа-

ния қызметкерлеріне деген ізгі 

тілектеріңіз.

- Көктем - жандану мен жаңару мезгілі. 

Жылдың бұл кезеңінде адам ерекше 

бақытты болуды және өз жақындарына 

бақыт сыйлауды қалайды. Баршаңызға 

тілерім, лайым өмір сағаттарыңыз үнемі 

көктем мезгілін көрсетіп тұрғай!

Junior Achievement™ (JA) 

экономикалық білім саласындағы 

ең көне (1919 ж. құрылған), ең ірі 

және қарқынды дамып келе жатқан 

коммерциялық емес мекеме бо-

лып табылады. JA мекемесі әлемнің 

113 елінде 36 тілге аударылған 

бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге 

асырады. Мекеменің құрылған 

сәтінен бастап бұл бағдарламалар 

шамамен 40 миллион адамға өз пай-

дасын тигізді. 2001 жыл мен 2014 

жыл аралығында Қызылорда облысы 

бойынша 300 мыңға жуық оқушы JA 

бағдарламасына қатысты. 

2006 жылы Білім және ғылым 

министрлігімен бағдарлама еліміздің 

экономикалық оқу орындарына 

ұсынылды және ол Қазақстанның 

барлық өңірлерін қамтыды. «Джу-

ниор Эчивмент Қазақстан» 

қоғамдық қоры - бұл орта мектептің 

жоғарғы сатысына арналған эко-

номика және бизнес саласындағы 

бағдарламаларды ілгерілету мен 

дамыту бағытында мақсатты 

және кешенді жұмыс жасайтын 

Қазақстандағы бірден бір қор бо-

лып табылады. Толығырақ мәліметті 

«Джуниор Эчивмент Қазақстан» сай-

тынан - http://www.junior.kz/  таба 

аласыз. 


16

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

- Сіз Балет мектебінің ашулынан 

бастап осындасыз. Барлығының 

қалай басталғанын және мектептегі 

жұмыс Сізге қалай әсер еткені тура-

лы айтып беріңізші. 

- Біздің мектебіміздің негізін 1998 жы-

лы менің жұбайым қазақстандық белгілі 

балетмейстер                        Б.А. Мейірбеков 

қалады, бұл мектеп ҚР алғашқы жеке ба-

лет мектебі болды. Мен әкімші лауа-

зымынан бастадым, ал марқұм жолда-

сым дүниеден өткеннен кейін мектеп 

басшылығын қолыма алдым. Басында өте 

қиын болды, бірақ Болат Атаханұлының 

ісін жалғастырамын деген тілегім маған 

күш беріп, өзімді сенімді ұстай бастадым, 

алға мақсат-міндеттер қойып, жоспар-

лауды және оларға міндетті түрде жетуді 

үйрендім.  

Бастапқы кезеңнің қиыншылықтарына 

қарамастан 15 жыл ішінде көп нәрсені 

бастан өткізіп, көп нәрсеге қол жеткіздік. 

Бүгінде біздің мықты командамыз бар, 

жоғары дәрежедегі кәсіби педагог-хо-

реографтарымыз, барлық істі көтеріп 

кететін бірлігі жарасқан ұжымымыз 

бар. Мектебімізде жыл сайын 260 ба-

лалар білім алады. Ұжымымыз бірнеше 

мәрте қазақстандық және халықаралық 

байқаулар мен фестивальдардың лауреа-

ты атанды. Бірақ ең бастысы - балалар дәл 

біздің мектепте оқығысы келеді, ал ата-

аналар балаларын осында алып келгісі 

келеді, бұл дегеніміз біздің хал-ахуалы 

жақсы ортаны жасай алғанымызды 

білдіреді.

Жұмысың қалаулы болуы керек, сон-

да ғана оған жан-тәніңмен беріліп, оны 

шын мәнінде жақсы атқара аласың. 

Менің бұл тұрғыда жолым болды. Әйел 

өмірінің үлкен қуанышы болатын ба-

лалармен күнделікті бірге қауышумен 

қатар менің өмірімде нағыз әсемдік 

әлемі - балет бар. Мен бақылау жұмысын 

немесе емтихан тапсыру алдында ба-

лалармен, ұстаздармен бірге қатты 

қобалжимын, кезекті есептік концерттен 

кейінгі балалардың бақытты болуы, ата-

аналар аузынан естіген жылы лебіздер 

және жанкүйерлердің тамаша өнерді 

құрметтеп жатқаны мен үшін үлкен 

қуаныш. Керемет нәтиже беретін және 

дұрыс жолға қойылған жұмыс - міне, 

әрбір басшы үшін ең маңыздысы осы.  



 

- Мектепте оқуға үміттілерді 

қандай көрсеткіштер бойынша 

таңдайсыз? 

- Ең алдымен баланың хореогра-

фия саласында ары қарай дамуына 

қажетті жақсы дене бітімі мен табиғи 

дарындылығы. Оларға музыкалық 

есту қабілеті, дене икемділігі, адымы, 

созылғыштығы мен аяқ алқымы, жақсы 

есте сақтау қабілеті, сондай-ақ биік 

секіруі жатады. Тағы да ең маңызды, тіпті 

міндетті қабілеттердің бірі - бұл баланың 

дамуға және күнделікті қажымас еңбекті 

қажет ететін жақсы нәтижелерге қол 

жеткізсем деген ниеті.  

- Балерина болу үшін жігерлілік 

қана жеткіліксіз. Балалармен 

жұмыс істеудің қиындығы неде? 

- Болашақ балериналар мектепке ба-

ла жасында келеді. Бастауыш сынып-

тарда (5-8 жас) балалар музыкалық-

ырғақтық қимылдар пәнін оқиды; 8-9 

жасынан бастап оқу күрделене түседі, 

олар классикалық және қазақ билерін, 

саусақтармен билеуді және халықтық-

сахналық биге үйренеді. Оқу 8 жылға со-

зылады. Балалар, әсіресе кішкентай ба-

лапандар мектепке үлкен құлшыныспен 

келеді, ал олардың ата-аналары 

балаларының бастамаларын барынша 

қолдайды. 

Балаларды жақсы көру керек, ал баланы 

түсіну мүлде қиын емес - тек қана өзіңді 

соның орнына қойсаң болғаны - бір 

кездері біз де бала болдық қой. Балалық 

жас - бұл адалдық, ашықтық және пәктік 

кез. Алайда бастауыш сынып балаларын 

хореография ежелеріне оқыту да оңай 

шаруа емес және мұндай дарын кез кел-

ген мұғалімге берілмейді, мұндағы ең ба-

стысы әрі ең қиыны - үлкен шыдамдылық 

пен әрине, хореографиялық шеберлікке 

оқытудың керемет дағдылары. Біздің 

ұстаздарымыз әрбір оқушысына жа-

ны ашып, өзінің барлық білімі мен 

тәжірибесін төгеді, әрбір оқушының 

жүрегіне жол тауып, барын салады. 

Мәселен, аяқ саусақтарында билеу 

аса қиын сабақ болып табылады. Пу-

антпен тұру үшін табан мен аяқ бұлшық 

еттері мықты әрі мығым болуы қажет. 

Мұғалімдеріміздің көмегі мен болашақ 

балериналардың табысқа жетем деген 

тілегі барлығын - қажауды да, бұлшық ет-

тер мен табанның ауруын да, физикалық 

шаршауды да жеңіп, төзімді болуға 

көмектеседі. 



- Оқушыларыңыздың арасында 

балетті болашақ мамандық ретінде 

таңдайтындары көп пе? 

- Балет мектебін аяқтағаннан кейін 

көптеген түлектеріміз жоғарғы оқу 

орындарында да хореография сала-

сында оқуын жалғастырады. Мысалы, 

біздің түлектеріміз бен оқушыларымыз 

Шымкенттегі ОҚО Опера және балет 

театрының балет труппасы құрамында 

өнер көрсетіп жүр. Біздің бір түлегіміз 

Мәскеудегі ГИТИСта оқуын жалғастыруда. 



- Мектептің бүгіні мен болашағы 

жайлы әңгімелеңізші.

- Балет мектебі жоғарғы оқу орын-

дарымен тығыз қарым-қатынас орна-

тып, әрекеттес болып келеді - мыса-

лы, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік 

университетінің студенттері бізден 

тәжірибеден өтеді. Бізде бірнеше рет ба-

лет өнерінің мэтрлері - өнерге еңбегі 

сіңген қайраткерлердің, ҚР халық 

әртістері мен қазақстан театрларының 

прима-балериналарының шеберлік сы-

ныптары өткізілді. 2008 жылы Балет 

мектебімізге АҚШ балетмейстерлері 

келіп, мектебіміздің оқушыларымен 



МеЙірБековА ләМиля тәкеНҚЫзЫ 

Балет мектебінің директоры, оҚо

Білімі:

1978 - Қарағанды кооператив ин-

ституты, экономист

Мансабы:

1998 - облыстық сауда басқармасы, 

ОҚО 

1998-2008 - Балет мектебі, әкімші



2008-2011 - Балет мектебі, 

директордың міндетін атқарушы

2012-қазірге дейін - Балет мектебі, 

директор


Марапаттары:

ОҚО әкімдіктерінің дипломда-

ры, ОҚО білім департаменті мен 

мәдениет басқармасының құрмет 

грамоталары


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

17

бірге көпшілікке арналған  концертте 



модерн стиліндегі бірактілі балетті билеп 

көрсетті. 

Сонымен қатар біз жыл сайын есептік 

концерт өткіземіз. Балалар көрермен 

ретінде келген ата-аналары мен ата-

әжесіне бір жыл бойы үйренгендерінің 

барлығын көрсетуге тырысып, опера 

және балет театрының сахнасына қуана 

шығады. Есептік концерттен кейінгі 

бал-бұл жанған балаларымен бірге кон-

церт залынан шығып бара жатқан ата-

аналардың ризашылығын көру шын 

мәнінде үлкен бақыт. 

Міне, 14 жыл бойы Балет мектебі 

Сайрамдағы балалар үйімен тығыз бай-

ланыс орнатып келеді. Жыл сайын 

мектебімізге аталған балалар үйінің 20-

30 тәрбиеленушісі келеді, мұнда ұл ба-

лалар тегін оқытылады, ал қыздардың 

оқуын «ПетроҚазақстан» компания-

сы қаржыландырады. Біздің алғашқы 

түлектеріміз болған Сайрам бала-

лар үйінің балалары Балет мектебін 

бітіргеннен кейін хореография 

мамандығы бойынша жоғары білім алып, 

қазіргі уақытта облыстық опера және 

балет театрында, би ансамбльдері мен 

бейінді жоғары оқу орындарында жұмыс 

істеп жүр, және әлі күнге дейін мектеп ту-

ралы жылы лебіздерін білдіреді.    

Қазір біз орасан зор қойылым 

П.Чайковскийдің «Шерткіш» (ред. - 

«Щелкунчик») екіактілі балетін дай-

ындап жатырмыз. Бұл балет-спек-

такль Қырғызстанның халық әртісі, сол 

елдің опера және балет театрының бас 

балетмейстрі К.К. Сыдықовпен біздің 

Балет мектебіміздің негізін қалаушы, 

ҚР өнерге еңбегі сіңген қайраткері Бо-

лат Мейірбековты еске алу мақсатында 

қойылған еді. Қойылым Балет мектебінің 

15 жылдық мерейтойына арналған сал-

танатты мерейтойда сәуір айының 

соңында көрсетілетін болады.

Мектебіміздің өркендеуі үшін 

барлық күш-жігерімді салып, Болат 

Атаханұлының ісін одан ары дамытқым 

келеді. Сіздің компанияларыңыздың 

тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе 

жатқанына білдірер алғысым шексіз. 

«ПетроҚазақстан» Балет мектебінің со-

нау құрылған сәтінен бастап оның 

қалыптасуы мен нығаюына бағасыз үлес 

қосып келеді. Бізді қолдай отырып, сіздер 

көптеген оңтүстік қазақстандықтарға хо-

реография өнеріндегі шығармашылық 

қабілеттерін ашуға мүмкіндік бердіңіздер.  

- Сіздің ойыңызша, қоғам балетті 

бағалауға  үйретуге бола ма? 

- Балет өнері - дегдарлы өнер. Оған 

басқа да жақсы кітапқа, спортқа 

секілді жақсы деген атаулыға үйрететін 

тәрізді жастай үйрету қажет. Балет 

қойылымдарына, театрға апару қажет. 

Жақсы қойылымдар өте көп, бірақ 

егер балалар жайлы айтатын болсақ, 

мәселен, біздің балалар И.Морозовтың 

«Айболитін», Р.Салаватовтың «Қар хан-

шайымын» және П.Чайковскийдің 

«Шерткішін» қатты ұнатады.



- Өзіңіздің басты жеке жетістігіңіз 

деп нені айтар едіңіз? 

- Әйел ретінде әрине, отбасым, балала-

рым. Маман ретінде - көптен бері менің 

екінші үйіме айналған Балет мектебі. 

Шепті ұстау үшін барлығымыз - біздің та-

ту әрі кәсіпқой ұжымымыз көп еңбек етіп, 

балаларды осынау ұлы өнерге үйрету 

жолында барлық ынта-жігеріміз бен 

білімімізді салып, жалғастыра түсеміз!

 

- Ауыр жұмыс күнінен кейін сізді 



не нәрсе қуантады?

- Көбінесе өте қиынға соғады, де-

генмен үйіңде балаларыңның күтіп 

отырғаны, күлкісі көңіл көтеретін сүйікті 

немерелеріңнің қасында болу үлкен бір 

ғанибет.   



- Наурыз бен 8-Наурыз - 

көктемнің керемет мерекелері. 

«ПетроҚазақстан» қызметкерлеріне 

қандай тілек білдіресіз?

- Бірлік пен бейбітшілік, жақсылық пен 

келісім мейрамы Наурыз әрбір отбасы-

на бақыт әкеледі. «ПетроҚазақстанның» 

барлық қызметкерлерін құттықтай оты-

рып, денсаулық пен бақыт тілеймін, 

осындай жарқын мейрам бізге, біздің 

елімізге молшылық пен тыныштық 

әкелсін.

Ал нәзік жандылар қауымына 8-Наурыз 

Халықаралық әйелдер күнінде мынадай 

өлең жолдарын арнағым келіп отыр: 



Құрметті «ПетроҚазақстан» ханым-

дары!

Сіздерге өмірдің барлық байлығын, 

Денсаулық пен бақыттың базарын, 

8-наурыз әйелдер мейрамынан 

Жарқын-жарқын із қалуын тілеймін! 

Бүгінгі таңда «ПетроҚазақстан» 

компаниясы өзінің қызмет 

атқаратын өңірлеріндегі (Қызылорда 

және Оңтүстік Қазақстан облы-

стары) ең ірі демеуші болып отыр. 

Компанияның әлеуметтік жобала-

рын сондай-ақ Алматы және Аста-

на қалаларында да жүзеге асыры-

лып келеді.Тек 2013 жылдың ішінде 

«ПетроҚазақстан» қайырымдылық 

және демеушілік шараларына 

1,7 млн. АҚШ долларынан астам 

қаражат жұмсады, және оған қоса об-

лыс әкімдіктерімен ынтымақтастық 

туралы Меморандумдар аясында 4 

млн, АҚШ доллар (ҚЗО - 3 млн. дол., 

ОҚО - 1 млн. дол.) мөлшеріндегі со-

ма бөлінді. Компанияның көмек 

көрсету салалары әрқилы болып 

келеді және олардың ауқымына 

балаларға, әлеуметтің әлжуаз топта-

ры мен ардагерлерге көмек көрсету, 

сондай-ақ, спорт, салауатты өмір 

салты, мәдениет пен білім салала-

рын дамытуға және дарынды жастар-

ды қолдауға бағытталған жобалар 

кіреді. Меморандумдар шеңберінде 

өңірлерде әлеуметтік маңыздылыққа 

ие ірі инфрақұрылымдық жо-

балар жүзеге асырылып келеді. 

«ПетроҚазақстан» компания-

сы өзінің әлеуметтік белсенділігі 

үшін түрлі марапаттарға ие болды. 

Солардың ішіндегі соңғысы 2013 

жылы ПҚОП иеленген «KAZENERGY 

SHOW ROOM» конкурсының 

шеңберіндегі «Social Responsibility 

Prize» номинациясы бойынша 

берілген марапат еді.



18

Наурыз 2014      




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал