МҰнайшы 54 2013 results 56



жүктеу 1.16 Mb.

бет2/13
Дата07.03.2017
өлшемі1.16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

- Мұнай жинау технологиясы туралы толық айтып беріңізші. 

- Біздің кен орындарымыздағы кәсіпорын ішілік мұнай-газ жинау және тасымалдау технологиясы мынадай: ұңғымалардағы 

газ-сұйықтық қоспасы жеке айдама желілері бойынша Спутник деп аталатын өлшеу қондырғысына (ӨҚ), одан кейін топтық 

қондырғыға (ТҚ) келіп түседі. Ол бөлек ұңғымалардан тікелей топтық қондырғыларға, ал ҚАМ кен орындарында бірден МДАЦ-қа 

келіп түседі. ӨҚ мен ТҚ-да ұңғымалар дебитін өлшейтін сынақ айырғыштары (сепараторлары) орнатылған.

Жер бетіндегі температура өнімді қабатқа қарағанда төменірек болғандықтан, құбырға келіп түскен мұнай қоюлана (яғни, 

жабысқақтана) бастайды және құбырдағы сұйықтық ағынының жылдамдығы да төмендейді, бұл мәселені шешу үшін мұнайды жы-

лыту пештері орнатылған. 

Топтық қондырғыларда мұнай-газ қоспасы айырғыш (сепарациялық) қондырғыға келіп түсіп, сұйықтықтың ілеспе газдан 

бөліну процесі орын алады - Құмкөлде ілеспе газ компрессорлармен газды пайдаға жарату цехына (ҚАМ-да МДАЦ-қа жалғанған 

коллекторға) жіберіледі, ал бөлінген сұйықтық суды алдын ала жіберу қондырғысына (АСҚҚ) сорғымен айдалып, айыру (сепара-

ция) мен сорғытудан өтеді. 



Жұмабек Қонысбаев, 

Құмкөл кенішіндегі мұнай өндіру 

жөніндегі менеджер

Топтық қондырғы / Групповая установка / Group station  

АСҚҚ / УПСВ / FWKO  


8

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

- Коллекторлық жүйе жөнінде толығырақ айтып беріңізші.

- Коллекторлық жүйе сұйықтық шығатын желілерден және коллекторлардан 

тұрады, ал мұнай өндіру көлемі құбырлардың күйі мен жұмыс қысымына тікелей 

байланысты. Өндіру есебі есептегіштер (шығын өлшегіштер) арқылы жүргізіледі, 

ал құбырлардағы қысымды манометрлер көрсетеді.

Ерекшеліктер де бар. Мысалы, ҚАМ кен орындарында өндірілетін мұнай жоғары 

парафинді болғандықтан, құбырдың ішінде парафиннің қабаттануы құбырдың 

өту бөлігінің тарылуына әкеліп, қысым көтеріледі, ал өндіру көлемі төмендейді. 

Парафиннің жиналып қалуын болдырмау үшін МГӨЦ қызметкерлері келесі іс-

шараларды мезгіл сайын жүргізіп отырады: парафин қабаттарын жою үшін 

химиялық реагентті айдайды, құбырларды механикалық тазалау үшін қырғыштар 

жібереді, желілерді ыстық мұнаймен немесе сумен өңдейді, сондай-ақ жылжы-

малы бу қондырғысының (ЖБҚ) көмегімен оларға сыртқы термиялық өңдеу 

жүргізеді.



- Мұнайды алдын ала тазалау жөнінде айтып беріңізші. Ол қайда 

жүргізіледі?

- Мұнайды алдын ала тазалау АСҚҚ (алдын ала су қашыртқылау қондырғысы) 

арқылы жүргізіледі. Технологиялық үдеріс мынадай болады: су-мұнай эмульси-

ясы топтық қондырғыдан айырғышқа  келеді, ол жерде мұнай мен су бөлінеді. 

Бөліну үдерісі 45 градус температурадағы 0,2 МПа артық қысымда жүргізіледі. 

Сусыздандырылған мұнай сорғылар арқылы кен орнының МДАЦ-на айдалады. 

Мұнайдан бөлінетін су айырғыштан су қоймасына қысыммен ығысып, сол жақта 

тұрады да, содан кейін қабат ішілік қысымды ұстап тұру үшін БШСС жүйесі арқылы ұңғымаларға қайтадан айдалады.

Алдын ала тазалау деп осы үдерісті айтамыз, өйткені бұл кезеңдегі суды бөліп алу үдерісінің сапасы тауарлық мұнай үшін 

жеткіліксіз. Кейін, МДАЦ-нда айтарлықтай жоғары температура мен қысымда қосымша мұқият тазалау мен мұнайды даяр-

лау жүргізіледі. Ал алдын ала тазалау жинау жүйесіндегі қысымды төмендетуге мүмкіндік беріп, соның арқасында мұнай жи-

нау пунктіне келетін сұйықтықтың күнделікті көлемі көбейеді.



Ғабит Есжанов, 

Құмкөл кенішіндегі өндіру цехының 

бастығы

Арысқұм МГӨЦ қызметкерлері / Сотрудники ЦДНГ месторождения Арыскум / Aryskum OGPF personnel 



МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

9

- Соңғы жылдары енгізілген жаңа технологиялар мен 

қондырғылар туралы айтып беріңізші.

- Өткен жылы ҚАМ кен орындарында бірнеше жаңа объектілер 

іске қосылды. Олар: Арысқұмдағы Спутник-8 ТҚ, Оңтүстік-Шығыс 

Қызылқия кен орнындағы БШСС және Солтүстік-Батыс Қызылқия кен 

орнындағы БШСС. Спутник-8 қондырғысын енгізудің нәтижесінде 

мұнай жинау жүйесіне 13 дара ұңғыма қосылып, мұнай тасымалдауға 

арналған арнайы техникаға кететін шығын азайды. Ал БШСС-ларды 

іске қосу осы кен орындарының мұнай жинау жүйесіндегі қысымды 

төмендетуге мүмкіндік беріп, қазір ол жақта суды қабатқа айдау үдерісі 

сәтті жүргізілуде. 

Жаңа нысандарға қоса, Арысқұм МДАЦ, Арысқұм Спутник-6, 

Қызылқия МЖБ (мұнай жинау бекеті) кеңейтілді. Бұл мұнай жинау 

жүйесіндегі (коллекторлардағы) қысымды төмендетуге мүмкіндік 

беріп, осының арқасында мұнай жинау пунктіне күнделікті келетін 

сұйықтықтың көлемі ұлғайды. 

Амантай Сержанов,  

ҚАМ кеніштерінің пайдалану тобының 

жетекшісі 

- Егер кейін суды мұнайдан бөлу керек болса, мұнайшылар суды не үшін 

қабатқа айдайды?

- Мұнай кен орындарын өңдеу кезіндегі ең басты міндет мұнайды неғұрлым 

көп мөлшерде шығару болып табылады. Қабаттардың мұнай беру коэффициенті 

неғұрлым көп болса, кен орнын игеру тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Бірақ 

өндіру үдерісінде қабаттың қысымы төмендеп, мұнай беру коэффициентін де 

төмендетеді. Қабат қысымын қалыпта ұстау үшін әртүрлі әдістер қолданылады, бірақ 

ең көп қолданылатын әдіс қабатқа су айдау болып табылады. Суды айдау арқылы оны 

қалдық ретінде пайдаға жарату мәселесі де шешіледі, себебі мұнаймен ілесіп шығатын 

қабат суды кен орнында басқа қажеттіліктерге қолдануға болмайды.

Бұл үдеріс блокты-шоғырлы сорғы станциясында (БШСС) жүргізіледі. Ол 

өнеркәсіптік суды айдамалау ұңғымалары арқылы мұнайлы қабаттарға айдауға және 

қабатты қысымды қалпында ұстауға (ҚҚҚҰ) арналған. Осылайша, БШСС өңдіру 

үдерісімен қатар қоршаған ортаны қорғау саласында да маңызды рөл атқарады.

АСҚҚ және МДАЦ су-мұнай эмульсиясының қабаттануынан түзілетін ағынды 

мұнай-өнеркәсіптік су БШСС үшін шикізат болып табылады. АСҚҚ және МДАЦ-

тан тазартылған қабат суы тұну үшін су таратқыштар арқылы су қоймасына бара-

ды, содан кейін су бекеттерінің (СТБ) жүйесі бойынша су айдама ұңғымалар арқылы 

сорғылармен қабатқа айдалады. Құмкөлде орналасқан БШСС-да Құмкөл және 

Оңтүстік Құмкөл кен орнындағы және іргелес Шығыс Құмкөл, Солтүстік Нұралы және 

Тұзкөл кен орындарындағы қабат суларын орталықтандыра пайдалану жүргізіледі. 

Айта кететін жайт, Құмкөлде орналасқан БШСС жабдықтарының үздіксіз және апат-

сыз жұмысы Құмкөл және Оңтүстік Құмкөл кен орындарында 2013 жылғы мұнай өндіру жоспарының орындалуына мүмкіндік 

туғызды.

Бақытбек Ерманов, 

Топ жетекшісі, су айдау,Құмкөл 

БШСС

Құмкөл МДАЦ қызметкерлері / Сотрудники ЦППН Кумколь / Kumkol CPF personnel 



10

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

- МДАЦ-тың рөлі туралы айтып беріңізші. 

- Мұнай дайындау және айдау цехы мұнай кәсіпшілігі кен орындарының 

объектілерінен келіп түскен шикізатты «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) магистральдік 

мұнай құбыры жүйесіне жөнелтетін тауарлы мұнай сапасына дейінгі даярлаумен 

және жер асты қабатының суын қабат қысымын қалыпта ұстау (ҚҚҚҰ) жүйесіне 

жіберу мақсатында оны алғашқы дайындаумен айналысады. 

МДАЦ мұнай өндіру процесінің соңғы кезеңі болып табылады, өйткені дәл осы 

жерде шикі өнім пайдаланушыларға берілу мақсатында тауарлық түрге келтіріледі. 

Құмкөл МДАЦ-ы 1990 жылы, ал ҚАМ кен орны МДАЦ-ы 2003 жылы пайдалануға 

берілген болатын. 

МДАЦ-тағы шикі мұнай термохимиялық әдіспен дайындалады. Бұған қажет 

температураға дейін қыздыру, эмульсияны бұзуға арналған және алдын ала су ай-

дау қондырғыларының көмегімен жүзеге аспайтын арнайы химиялық реагенттерді 

енгізу жатады. Оның үстіне мұнайды ҚТО магистральдік мұнай құбыры жүйесіне 

өткізу үшін мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттері, дайындық дәрежесі, 

күкіртті сутек мөлшері және температурасына қойылатын қатаң талаптар 

сақталуы тиіс. МДАЦ-та мұнайды үздіксіз даярлау мен тапсыруды қамтитын барлық 

жағдайлар жасалған, ҚТО жүйесінде жөндеу жұмыстары мен апат болған жағдайда 

біздің су қоймаларымызда мұнайды қабылдау мен сақтауға арналған жеткілікті 

көлемде бос орын бар. Бұл мұнай айдап шығарудың толық тоқтатылуы жағдайында 

«ПетроҚазақстанға» 3 тәулік бойында мұнай өндіруді жалғастыруға мүмкіндік береді.  

-  Мұнайды дайындау және айдау цехында мұнай қандай өзгеріске ұшырайды?

- Құмкөл МДАЦ-нда екі қондырғы бар - МДАҚ (Мұнайды дайындау және айдау қондырғысы) және МДҚ (Мұнайды дайындау 

қондырғысы). МДҚ мұнай кәсіпшілігі объектілерінен келіп түсетін өндірілетін өнімнің бір бөлігін даярлауға арналған. Қалған 

негізгі бөлігі МДАҚ-тан даярлаудан өтеді. 

Технологиялық тұрғыдан мұнайды даярлау келесі түрде жүргізіледі: МДАҚ-тан САЖҚ және ӨҚ/ТҚ коллекторларынан және 

жекелеген ұңғыма автоцистерналарынан шикі мұнайды қабылдауға арналған мұнай қабылдау бекеттерінен (МҚБ) түсетін 

мұнай ағыны жылыту пештеріне жөнелтіледі. Мұнда ағын жазда 50-55 градусқа, қыста 60-65 градусқа дейін қыздырылады. 

Содан кейін ол қатар тұрған үш тұндырмаға түседі, мұнда мұнайдың сусыздандандыруы мен тұзсыздандыруы орындала-

ды. Тұндырмалардағы бөлінген қабат суы су қоймаларына түседі, ары қарай оны сорғылармен БШСС-на, содан соң қабат 

қысымын қалыпта ұстау жүйелерінің айдамалау ұңғымаларына айдайды. Сусыздандырылған мұнай тұндырмадан кейін соңғы 

айыру қондырғысына (САҚ) жөнелтіледі, мұнда мұнайды газсыздандыру процесі жүргізіледі. САҚ-та бөлінген газ компрес-

сорлармен газды пайдаға жарату цехына айдалады. Күз-қыс мезгілдерінде тауарлы мұнайды су қоймаларына төгуден бұрын 

ҚТО мұнай құбыры жүйесіне өткізілетін мұнайдың қату температурасын азайту мақсатында оған депрессаторлы қосынды 

қосылады.

ҚАМ кен орнындағы мұнай дайындау технологиясы Құмкөлдегіден ерекшеленеді. ҚАМ МДАЦ  Арысқұмда орналасқан, 

өйткені Арысқұм осы топтың ең үлкен кен орындарының бірі болып табылады. Кен орнындағы газ-сұйықтық қоспа Арысқұм 

«Спутниктерінің» бірнеше коллекторларынан, сонымен қатар Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ пен Солтүстік-Батыс Қызылқия кен 

орындарынан Арысқұм МДАЦ-на түседі. Қызылқия мен Майбұлақ кен орындарында мұнай жинау бекеттері (МЖБ) жұмыс 

жасауда. МЖБ МДАЦ сияқты (бірақ көлемі айтарлықтай аз) айырғыш  қондырғылармен, пештермен, су қоймаларымен 

жабдықталған. Мұнай МЖБ-де даярлықтан өтеді және тауар күйінде Арысқұм МДАЦ-на түседі, ал ол жақтан мұнай ағыны 8 

дюймдік мұнай құбырымен Құмкөл МДАЦ-на айдалады.

- МДАЦ неге «кен орындарының жүрегі» деп аталады?

- Мұнай әр түрлі кен орындарынан (Құмкөл Оңтүстік, Оңтүстік Құмкөл, Шығыс Құмкөл, Арысқұм, Қызылқия, Майбұлақ, 

Көлжан, Батыс Тұзкөл және т.б.) Құмкөл МДАЦ-на 6 коллектор және МҚБ бойынша түседі. Ендігі кезекте МДАЦ-та ғана 

бар құрылғымен мұнай даярлау процесі орындалады, содан кейін дайын өнім ҚТО магистральдік жүйесіне өткізіледі. 

МДАЦ компанияның барлық кен орындарынан мұнайды жинайтын және тауарлы мұнайды жөнелту орны болғандықтан, 

«ПетроҚазақстан» үшін стратегиялық объект болып табылады. Көптеген кен ошақтарының тіршілігі МДАЦ-тың 

функционалдық қызметіне тәуелді, сондықтан МДАЦ «кен орындарының жүрегі» деп аталады.

- МДАЦ-та қабылданатын мұнай мен суды есепке алу қалай жүргізіледі? МДАЦ-тың жыл сайынғы өнімділігі 

қандай? 

- Құмкөл МДАЦ-нда қабылданатын мұнай мен суды есепке алу көлемдік-салмақтық статикалық әдіспен су қоймаларындағы 

деңгейді өлшеу арқылы жүргізіледі. Осы мақсат үшін барлық су қоймаларында деңгейді автоматты түрде бақылайтын DELTA 

VI неміс өндірісінің жүйесі орнатылған, оның бағдарламалық қамтымы әр түрлі параметрлер бойынша өлшеуді жүзеге асыра 

алады. Бағдарламалық қамтымы бар монтаждалған радар қондырғылары барлық 14 су қоймасында орнатылған, ол мұнайдың 

қазіргі деңгейі, температурасы және басқа параметрлері туралы жедел әрі дәл ақпарат алуға мүмкіндік береді. Құмкөл МДАЦ-

нан ҚТО магистральдік мұнай құбырларына айдалатын мұнайды есепке алу 2010 жылдың басында пайдалануға енгізілген 

ММӨЖ (мұнай мөлшері мен сапасын өлшеу жүйесі)бойынша жүзеге асырылады. Кұмкөл МДАЦ  сұйықтықтар бойынша 

өнімділігі жылына 10,4 млн.т. құрайды, оның ішінде 7,6 млн.т. - мұнай, қалған 2,8 млн.тоннасы - су болып табылады. 

ҚАМ МДАЦ-та мұнайды есепке алу көлемдік әдіспен жүзеге асырылады - яғни, су қоймаларындағы (СҚ) мұнай деңгейі 

өлшеніп, алынған мәліметтерден бөліктеу кестесінің көмегімен СҚ-дағы көлем алынып тасталады. Суды есепке алу да осын-

Бағдат Мырзашев, 

МДАЦ менеджері 


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

11

- ҚАМ МДАЦ-та қанша қызметкер жұмыс істейді?

- Арысқұм МДАЦ-та (әр вахтада 15 адамнан) 30 адам жұмыс істейді. Цехті 

тәулік бойы бақылауда ұстау қажет болғандықтан, 2 шебер «күн-түн» ауы-

сымы бойынша жұмыс істейді, осыған сәйкес 13 оператор да күндізгі және 

түнгі ауысымдарға бөлінеді. Қызылқия мен Майбұлақ кен орындарының  

МЖБ-тері МГӨЦ шеберлерінің қарамағына кіреді, Қызылқия МЖБ-нде 

12 оператор жұмыс істейді (бір вахтада 6 оператордан), Майбұлақ МЖБ 6 

оператор қызмет етеді (бір вахтада 3 оператордан). МДАЦ-тың алғашқы 

іске қосылуына тікелей қатысқан қызметкерлер қазірде де еңбек етуде.  

Ұжымымыз өте тату, тәжірибелі жұмыскерлер өздерінің білім-біліктерін 

жаңа қызметкерлерге үйретумен болса, жаңа қызметкерлер МДАЦ-тың 

сәтті әрі қауіпсіз жұмысы үшін барлығын үйренуге тырмысып жатыр. 



- Соңғы жылдары енгізілген жаңа технологиялар мен 

қондырғылар туралы айтып берсеңіз. 

- 2012 жылы Құмкөл МДАЦ-нда жаңа мұнай жылыту пеші іске қосылды, 

бұл мұнай жылытқыштарының санын көбейтуге мүмкіндік берді. 2013 

жылы мұнай эмульсиясын қайтару жүйесі іске қосылды, осыған орай 

су қоймаларынан алынған мұнайды қайтадан дайындау мүмкіндігі пай-

да болды. Қазіргі күні көлемі 20 мың текше метрді құрайтын құбылмалы 

шатыры бар 2 су қоймасы салынып жатыр. 2014 жылы сұрыпталмаған 

мұнайды өңдеу қондырғысы және мұнайды ҚТО-ға айдайтын сорғы 

станциясы іске қосылады. 2013 жылы ҚАМ-да Арысқұм МДАЦ және 

Қызылқия МЖБ кеңейтілді (екі нысанда да жаңа айырғыш пен жылыту 

пештері іске қосылды, сөйтіп технологиялық үрдіс өзгертілді). 

Іскендір Маханов, 

ҚАМ кеніші, мұнай дайындау және айдау 

цехының шебері 

Қалабай Балымбетов, 

МДАЦ шебері 

дай жолмен орындалады. Арысқұм МДАЦ өнімділігі жылына 3 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде 1,3 млн. т. - мұнай, 1,7 млн. 

тоннасы - су болып отыр. 

 

- Мұнай тасымалданбас бұрын су қоймаларында канша уақыт тұнуы қажет? Су қойма паркі туралы айтып 



өтсеңіз.

 - Соңғы бөлу қондырғысынан кейін сусыздандырылған және газсыздандырылған мұнай су қоймаларына жөнелтіледі, олар 

бұл жерде тұндырылады. Толтырылған су қойма кем дегенде 2-3 сағат тұнуы керек. Судың тығыздығы мұнайдыкіне қарағанда 

жоғары болғандықтан, ол су қоймасының түбіне тұнады, содан соң су қоймаларындағы тауар асты суы құрғатылып, кейіннен 

сорғымен БШСС-ға жөнелтіледі. Суды тұндыру мұнай даярлау процесіндегі негізгі буын болып табылады және суды мұнайдан 

бөлудің гравитациялық әдісі деп аталады. 

 Құмкөл МДАЦ су қойма саябағы мұнайға арналған 12 тауарлық су қоймадан және қабаттық суға арналған екі су қоймадан 

тұрады, мұнайдың жалпы сыйымдылығы 41 500 тоннаны құрайды. ҚАМ МДАЦ жалпы көлемі 16 000 тоннаны құрайтын 

6 су қоймадан тұрады. Су қоймаларының барлығы автоматтандырылған өрт анықтау мен өрт сөндіру жүйелерінің үздіксіз 

бақылауында жұмыс жасайды. 



- Шикі мұнай құрамындағы судың, газдың және т.б. пайызы қандай?

- Мұнайдан сұйықтықты бөлу процесінің бірінші және екінші деңгейлері МГӨЦ аймағында болғандықтан (бұл ТҚ және 

АСҚҚ), МДАЦ-та сұйықтықты бөлудің 3-ші деңгейі жүзеге асырылады. Құмкөл МДАЦ-на түсетін шикі мұнайдың құрамында 

газдың көлемі айтарлықтай аз. Қазіргі таңда мұнайдың суландыру көлемі 30% құрайды, яғни шикі мұнайдың бір тоннасынан 

0,7 тонна тауарлы мұнай алынады. ҚАМ МДАЦ-на түсетін су-мұнай эмульсиясы орташа есеппен 60% судан және 40% мұнайдан 

тұрады, яғни шикі мұнайдың 1 тоннасынан 0,4 тонна шамасында тауарлы мұнай алынады. 



- Құмкөл МДАЦ -та қанша қызметкер жұмыс істейді? Ұжымдарыңыз жөнінде айтып берсеңіз. 

- Құмкөлі МДАЦ-нда (2 вахта бойынша 39 адамнан) 78 адам жұмыс істеуде. Менеджер мен бас инженер вахта басқарушылары, 

ал цех шебері мен механик - тікелей  басшы болып саналады. Басқа бөлімшелермен салыстырғанда, МДАЦ-тың технологиялық 

үрдістері мен құрал-жабдықтары айрықша болғандықтан, аталған басқарушылардың еңбек өтілі 10 жылдан асады. 

Жұмысымыздың күрделілігі мен қиындықтарына қарамастан, МДАЦ ұжымында әйелдер де қызмет жасауда, тіпті олар негізгі 

қызметтерде, атап айтқанда, МДАЦ аға операторы мен шебері ретінде жұмыс істейді. Біздің көп ұлтты ұжымымыз ұйымшыл, 

әрі тату, сол себептен болар біз барлық жарыстарда жүлделі орындарды иеленеміз.


12

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

Құмкөл кенішінің ГПЖЗ қызметкерлері / Сотрудники ЦУГ месторождения Кумколь / Kumkol GUP personnel  

БШСС / БКНС / WIF 

Топтық қондырғы / Групповая установка / Group station 

Құмкөл МДАЦ / ЦППН Кумколь / Kumkol CPF 

Коммерциялық мұнай есептеу торабы (КМЕТ) / Коммерческий узел учета 

нефти (КУУН) / Metering Unit


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

13

- Газды пайдаға жарату бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?

- 2006 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ПҚҚР га-

зын пайдаға жарату  бағдарламасын бекітті, біздің компаниямыз республикамыз-

да алғашқы болып, ілеспе газды тиімді қолдануға бағытталған жобаны іске асыру-

ды бастады. Алғашқы жобалардың бірі Құмкөлдегі қуаттылығы 55 МВт газ-турбинді 

электр станциясының (ГТҚ) құрылысы және оның 2004 жылы іске қосылуы болды, ол 

ілеспе газды өңдеп, электр энергиясын өндіреді. Жалпы, Ілеспе газды пайдаға жарату 

бағдарламасы бірқатар экологиялық маңызды мәселелерді шешеді: газдың жануы мен 

ауаға шығарылуын және жеңіл мұнай фракцияларының булануын болдырмайды, мұнай 

тасуы мен жердің ластану ықтималдығын азайтады, өндірістің өрт қауіпсіздігі елеулі 

түрде арта түседі.   

Соңғы бес жыл ішінде «ПетроҚазақстан» ілеспе газды жинау, тасымалдау және қайта 

айдау  бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асырды. Мысалы, Құмкөл кен орнының 

ГТҚ қуаттылығы 101,5 МВт дейін жеткізілді, Қызылқия, Арысқұм және Майбұлақ кен 

орындарында газ поршеньді электр станциялары пайдалануда. Сондай-ақ Құмкөл мен 

Арысқұмда газды қабатқа қайта айдау жүйелері енгізілген. Қазір «ПетроҚазақстанның» 

2012-2014 жылдарға арналған Ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасы жүзеге 

асырылып жатыр, бұл бағдарламада газды пайдаға жарату бойынша қолданыстағы 

объектілердің модернизациясымен бірге жаңадан енгізілген және жақын арада енгізілуі 

жоспарланған кен орындарының ілеспе газды жинау мен өңдеу үрдісі қарастырылады. 

2014 жылдың 14 наурыз күні Құмкөл кенішіндегі газды пайдаға жарату зауытында газ-

ды пайдаға жарату және электр энергиясымен қамтудың басталуына  онжыл толып отыр. 

Құмкөл кенішіндегі ГПЖЗ іске қосу жұмыстарының басында болған қызметкерлердің 

басым көпшілігі қазіргі күнге дейін осы жерде жұмыс атқаруда, көбісі газды пайдаға жарату жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету 

үшін ҚАМ кеніштеріне ауыстырылған. Барлық кеніштерді электр энергиясымен қамтып, қоршаған ортаның бүлінбей сақталуына 

кепілдік бере отырып, біз, расында, өз жұмысымызды мақтан тұта аламыз!



- Газды пайдаға жарату цехының технологиялық жұмыс үрдісі туралы баяндап беріңізші. 

- Құмкөлдегі газды пайдаға жарату цехында кен орындарынан жиналған газ айырғышқа (сепараторға) түседі, мұнда ол конденсат 

пен газ болып алғаш бөлінуден өтеді. Конденсат (көбінесе С5, ауыр көмірсутектер, су) МДАЦ-қа жөнелту мақсатында сорғылармен 

мұнай құбырына жіберіледі. Ал газ қатар жұмыс істейтін төрт газ сығу комперессорларына түсіп, салқындатылады, айырғышта (се-

параторда) конденсаттан тазартылады да, барлық ағым 2 бөлікке бөлінеді. Тазалаудан кейінгі алғашқы аз ғана бөлігі жылу өндіру 

мақсатында МДАЦ және басқа тұтынушыларға кетеді, ал көбірек бөлігі газ-турбинді қондырғыға жіберіледі. Бірнеше мәрте тазаланған 

газ жоғары қысымды ауамен бірге жану камерасына түседі, мұнда газдың әлеуетті энергиясы әрі қарай электр энергиясын өндіру 

үшін кинетикалық түрге айналады. Жақын арада ГПЖЗ-да қуаттылығы 25 Мвт генераторы бар қосымша бу турбинасын орнату жо-

спарлануда, ол когенерация тәсілін, яғни  қазіргі ГТҚ-лердегі пайдаланылған газдардың жылуын (шамамен 500

0

 С) қолданатын бо-



лады. Нәтижесінде қыздырылған бу, бу турбинасында әрекет ете отырып, турбина білігіндегі механикалық энергияны өңдейді

механикалық энергия әрі қарай генераторда электр энергиясына айналады.  

Сондай-ақ, кен орындарында қабат қысымын қалыпта ұстау мақсатында газ-компрессорлық станциялардың көмегімен газды 

қабатқа қайта айдау үрдісі жүргізіледі.   



Эд Ризли, 

бөлім бастығы (өнеркәсіпте), 

ГПЖЗ - Құмкөл

Редакция мақалаға ақпарат  дайындауға көмектескен МГӨЦ, МДАЦ және ГПЖЦ қызметкерлеріне алғысын білдіреді! 

Кен орындарындағы өмір және мұнайшылардың жұмыс күндері туралы келесі нөмірде оқыңыз.

С.Жұмахметов Арысқұм кенішінің инженерлік-техникалық ұжымымен бірге / С.Жумахметов с инженерно-техническим составом месторождения Арыскум / 

S.Zhumakhmetov with engineering-technical employees of Aryskum field  



14

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

- Сіз үшін балалармен жұмыс 

 

істеудің мәні не? 

- Бұл сұраққа мен қысқа әрі нұсқа жа-

уап бергім келеді. Мен үшін балалармен 

жұмыс істеу өмір, бақыт және жастық 

шақты білдіреді. Балалармен жұмыс істеу 

менің бойыма шексіз қуат береді және 

мені ерекше бақытты етеді. 

- «ПетроҚазақстан» компаниясы 

«Арай-Санрайз» лагерінің дүниеге 

келуіне себепші болды және бұл 

лагердің Қызылорда облысы бой-

ынша ең үздік лагерь атануы да 

заңды. «Арай» лагерінде көптеген 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал