МҰнайшы 54 2013 results 56



жүктеу 1.16 Mb.

бет1/13
Дата07.03.2017
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

54

2013 results



56

Oil: from subsurface right to… your home



62

Together we are stronger!



69

First winners of the new HSE Programe



69

Dear Editorial Staff!



70

Chinese New Year



72 

The great national celebration bringing people together



73

Calendar of events



74

My British New Year Holiday



Қорытындылар - 2013



6

Мұнай: жер қойнауынан… сіздің үйіңізге дейін



14

Бірге қуаттымыз!



21

ҚЕҚОҚ жаңа бағдарламасының алғашқы жеңімпаздары



21

Құрметті редакция!



22

Қытай Жаңа жылы



24

Ұлт ұйытқысы - ұлыстың ұлы күні



25

Оқиғалар күнтізбесі



26

Менің Британиядағы жаңа жылдық демалысым

«Мұнайшы» журналы - «ПетроҚазақстан»

компаниясының қызметкерлеріне арналған

корпоративтік басылым.

Бас редактор:

Бақытжан Исенғалиев



Бас редактордың орынбасары:

Екатерина Гребенникова



Редакциялық топ:

Махаббат Джайлғанова,

Диляра Қасымбекова,

Айнаш Тілеубаева,

Гүләйхан Ембердиева,

Ақтолқын Сұлтангереева.



Фотографтар:

Андрей Тайгунов

Эльвира Нұрбаева

Журнал «Мунайшы» - корпоративное

издание компании «ПетроКазахстан»,

предназначенное для сотрудников.



Главный редактор:

Бахытжан Исенгалиев



Заместитель главного редактора:

Екатерина Гребенникова



Редакционная группа:

Махаббат Джайлганова,

Диляра Касымбекова,

Айнаш Тлеубаева,

Гульайхан Ембердиева,

Актолкын Султангереева.



Фотографы:

Андрей Тайгунов

Эльвира Нурбаева

Munaishy is a corporate PetroKazakhstan

magazine for the employees.

Chief Editor:

Bakhytzhan Issengaliyev



Deputy Chief Editor:

Ekaterina Grebennikova



Editing staff:

Makhabbat Dzhailganova,

Dilyara Kassymbekova,

Ainash Tleubayeva,

Gulyaikhan Yemberdiyeva,

Aktolkyn Sultangereeva.



photographers:

Andrey Taigunov

Elvira Nurbayeva

содержАНие

29 

Итоги 2013



31

Нефть: из недр и до… вашего дома



39

Вместе мы сильнее!



46

Первые победители новой програмы БОТОС



46

Уважаемая редакция!



47

Китайский Новый год



49

Великий народный праздник, сплотивший всех



50

Календарь событий



51

Мои британские новогодние каникулы



МАзМҰНЫ

Байланыстық ақпарат:

Казақстан Республикасы, Алматы,

050059, Фурманов көшесі, 244-а

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Контактная информация:

Республика Казахстан, Алматы,

050059, ул. Фурманова, 244-a

тел.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

Contact information: 

244-a Furmanov Street, 050059,

Almaty, Republic of Kazakhstan,

tel.: +7 (727) 258 1848

Ainash.Tleubayeva@petrokazakhstan.com

contents


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

3

54

2013 results



56

Oil: from subsurface right to… your home



62

Together we are stronger!



69

First winners of the new HSE Programe



69

Dear Editorial Staff!



70

Chinese New Year



72 

The great national celebration bringing people together



73

Calendar of events



74

My British New Year Holiday

Бұл қыс ешкімге де оңай соқпады. Қауғалап жауған қалың қар, үскірік аяз, бұрқасын жел, 

тұман мен көк тайғақ - табиғат солтүстік пен оңтүстіктің ауа райын бейнебір теңестіргісі кел-

ген сыңайлы. Соғұрлым көптен күткен көктемнің көкжиектен көрінуі аса қуанышты. Барлығы 

да салыстырмалы түрде танылады емес пе. Кереғарлық неғұрлым анық болса, ұғыну мен 

бағалау да соғұрлым жоғары болмақ. Көктем мезгілі шуақты күндер мен жылулық әкеліп қана 

қоймай, жаңа арман-мақсаттарды, балаша асыға күткен ерекше мерекелік үміттерді оятады.

Осы орайда, 8 наурыз мерекесі қарсаңындағы ерлердің әбігерленіп жүрген күйлерін 

сырттан бақылау қызықты болар, сірә. Себебі, біз осы мерекеде аналарымызды, әпке-

қарындастарымыз бен асыл жарларымызды, қыздарымызды ерекше ыстық сезіммен 

құттықтауды қалаймыз. Ішімізден «Жоқшылықпен тарылтпаған Алла Тағалаға мың да бір 

шүкір» дейміз.

Осы толқынның лебімен ақ түйенің қарны жарылған Наурыз мерекесін қарсы ала-

мыз. Жаңа жылды қақаған аязда тойлағаннан гөрі, жайма шуақ гүлденген көктемде тойлау 

қисынды көрінеді. Наурыз тойын тойлау - бұл өз кезегінде, өткен жылға қорытынды жасау, ке-

лер жылға жоспар түзу, жан дүниеңізді болашаққа бағыттау болып табылады.

Артта қалған 2013 жыл компания қызметкерлері үшін айтарлықтай жемісті болды. 

Мұнайдың жалпы өндірісі 5, 324 млн. тоннаны құрады, оның ішінде ПҚҚР, Көлжан және 

ПҚВИ үлесі - 2, 943 млн. тонна көлемінде болды. Жаңа 45 ұңғыманың сәттілік коэффициенті 67%-ды құрады, бұл өз алдына мұнай 

қорының қосымша өсімін қамтамасыз етті. 

ПҚОП компаниясы мұнайдың 2012 жылғы көлемін 103 мың тоннаға дейін арттырып, 4,9 млн. тонна мұнай өндірді. Зауыт үшін өте 

жауапты кезең туды - жоспарланған жаңғырту бағдарламасының аясында 7 жаңа және қолданыстағы 3 технологиялық қондырғының 

құрылысы көзделіп отыр.  

Әлеуметтік жауапкершілік бойынша 2013 жылдың барлық міндеттемелері толық көлемде орындалды, «Мұнайшы» корпоративтік 

журналы Қазақстанның мұнай-газ және энергетикалық саласындағы ең үздік басылым деп танылды. 

Алдымызда одан да биік жоспарлар мен міндеттер күтіп тұр, оның үстіне келген жыл жеңіл болмайтынын ескеру қажет. Бұл үлкен 

күш-жігерді, іс-қимылдарымыздағы ауызбіршілік пен еңбектегі тәртіптілікті талап етеді. 

2014 жылдың барлығымыз үшін табысты болатынына үміт артамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сәттілік пен бақ-береке тілеймін! 

Б.Исенғалиев,  

Вице-президент

БАс редАктордЫң сөзі


4

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

Барлау және өндіру

2013 жылы «ПетроҚазақстан» 

«Қазгермұнай» және «Торғай Петроле-

ум» бірлескен кәсіпорындардың 50% 

үлесін қоса алғанда, 5,324 млн. тонна 

мұнай өндірді. Олардың ішінде ПҚҚР, 

Көлжан және ПҚВИ таза жиынтық 

өндірісі - 2,943 млн.тонна, «Торғай 

Петролеумнің» 50% үлесі - 0,828 млн.

тонна, «Қазгермұнайдың» 50% үлесі - 

1,554 млн.тонна мұнайды құрады. 

2013 жылы ПҚҚР, Көлжан және 

ПҚВИ-де 123 жаңа ұңғыма бұрғыланды, 

олардың 63-і өндіру және 60-ы бар-

лау мен бағалау ұңғымалары, «Торғай 

Петролеумде» - 33 өндіру ұңғымасы, 

«Қазгермұнайда» - 19 өндіру ұңғымасы 

бұрғыланды. 1057 келісім-шарт бойын-

ша 300 ш.км. көлемінде 3D сейсмобар-

лау жұмыстары жүргізілді. 

2013 жылы 45 барлау ұңғымасы 

бұрғыланды, олардың барлаушылық 

бұрғылануының сәттілік 

коэффициенті 67% болды. McDaniel 

тәуелсіз аудитордың есебіне сәйкес, 

1057 келісім-шарттық аймағында P1 

категориялы мұнай қорының өсімі 

1,646 млн.тонна, Оңтүстік-Батыс 

Қарабулақ кенішінде - 0,449 млн тонна, 

ал 1928 келісім-шарттық аймағында  - 

0,352  млн. тонна мұнайды құрады.  

өңдеу

2013 жылы Шымкент МӨЗ-нде 4,857  

млн. тонна мұнай өңделді, бұл 2012 

жылғы өңдеу көрсеткішінен 103 мың 

тоннаға көбірек. 2013 жылы жоғары 

октанды бензин өндіру көлемі 723 мың 

тоннаны құрады, қайта өңдеу тереңдігі 

75 пайызға дейін жетті, ал ашық түсті 

мұнай өнімдерін шығару 58 пайыз-

ды құрады. Зауыт сұйылтылған газ-

ды, дизельдік отынды, мазут және 

вакуумдық газойлді шығару көлемін 

арттырды. 

Өткен жылы МӨЗ жаңарту 

бағдарламасын жүзеге асыруға 

дайындық жалғастырылды, оның 

аясында 7 жаңа технологиялық 

қондырғы құрылысы, сонымен қатар 

қолданыстағы 3 қондырғыны қайта 

жаңғырту қамтылды. Зауытты жаңарту 

және қайта жаңғырту жобасының 

мақсаты Еуро-4 және Еуро-5 стан-

дарттарына сәйкес мұнай өнімдерін 

шығаруға көшу, сондай-ақ өңдеу 

тереңдігін ұлғайту және ашық түсті 

мұнай өнімдерін шығару болып табы-

лады. 

Маркетинг және тасымалдау

«ПетроҚазақстан» қазақстандық 

мұнай өнімдерінің нарығындағы жыл 

бойындағы тұрақсыздыққа қарамастан 

тұтынушыларға отынды жеткізу бой-

ынша өз міндеттерін үнемі орында-

уда. Қазақстандағы  ЖЖМ нарығын 

тұрақтандыру және әлеуметтік-

жауапты компания мәртебесін сақтау 

мақсатында  компаниямен әлеуеметтік 

бағдарламалар бойынша 2013 жы-

лы 1,128 млн.тонна мұнай өнімдерін 

(дизельдік отын, бензин, мазут, әуе 

керосині) жеткізу қамтамасыз етілді. 

Жылжымалы құрамы 2300 бірлікті 

құрайтын жалпы паркін иеленетін 

компания республикадағы жүк 

жөнелтушілер ішінде көшбасшы 

компаниялардың бірі ретіндегі өзінің 

ұстанымын сақтады. Компанияның 

негізгі қызметі өңделме компанияларға 

вагондар операторының сапалы 

қызметтерін ұсыну болып табыла-

ды, соның ішінде мұнай өнімдерін та-

сымалдау үшін вагондарды уақтылы 

жеткізу, барлық жылжымалы құрамды 

ұстауды қадағалау, құятын вагондар-

ды уақтылы жеткізу, вагондарды бөлек 

тұрғызу, вагондарды тиеуге ресімдеу 

және жоспарлы жөндеуді жүргізу.    

Жалпы, 2013 жылы тек ҚР ішкі 

нарығының сұранысын қамтамасыз 



ҚорЫтЫНдЫлАр - 2013

«Тіршілікті қозғалыспен көркемдейміз!» - өткен жыл қорытындылары ком-

пания ұранының кезекті куәсі болды. Мұнайды үздіксіз өндіріп, өңдеумен бірге 

жұмыс орындарын аша отырып, «ПетроҚазақстан» көптеген демеушілік жо-

баларды жүзеге асыру, жаңа дарындар мен бастамаларға серпін беруі арқылы 

аймақтардың дамуына, жалпы Қазақстан экономикасының дамуына қолдау 

көрсетіп келеді. осынау нәтижелі де жемісті еңбек әрбір қызметкердің, бүкіл 

көпұлтты ұжымымыздың қызметі мен қосқан үлесінің нәтижесі. 

Мұсабек Тәжімұратов, ТШЦ РП аға операторы, ПҚОП / Мусабек Тажимуратов, старший оператор РП, ТСЦ, ПКОП 

/ Musabek Tazhimuratov, Senior Commodity Operator, TF, Storage Workshop, PKOP


МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

5

ету мақсатында Шымкент МӨЗ-і 



(өңделме компаниялардың қорларын 

қоса алғанда) 2,963 млн тонна мұнай 

өнімдерін тиеп түсірді, оның ішінде: 

дизельдік отын, бензин, ТС-1 және 

М-100 мазут. Жүк жөнелтудің жөнге 

салынған жүйесінің, компанияның 

жылжымалы құрамын тиімді 

пайдаланудың, мемлекеттік ор-

гандар тарапынан  бұзушылықтар 

мен ескертпелердің болмауының 

арқасында компания мұнай өнімдерін 

жөнелту саласында өзінің беделін 

тұрақты, ұзақ мерзімді серіктес ретінде 

сақтап келеді. 



ҚеҚоҚ

2013 жылы «ПетроҚазақстан» 

және мердігерлік ұйымдардың 

қызметкерлерімен болған өлім-

жітім оқиғалар саны бойынша 

нөлдік көрсеткішке қол жеткізілді. 

Жарақат алумен байланысты басқа 

көрсеткіштер де жақсарды. 

«KAZENERGY» Қауымдастығы 

Үйлестiру кеңестерінің бірінің 

қолдауымен «ПетроҚазақстанның» 

бастамасы бойынша компанияда 

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау, денсаулық 

сақтау және төтенше жағдайлар 

жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 

Өткен жылы компанияның барлық 

бизнес-бөлімшелерінде ҚЕҚОҚ 

басқару жүйесін үздіксіз жақсарту ая-

сында «Қызметкерлерді әлеуетті қауіпті 

жағдайлар, қауіпсіз емес жағдайлар 

және әрекеттер туралы хабарламалар 

үшін көтермелеу бағдарламасы» ба-

стау алды. «ПҚҚР» АҚ және «ПҚОП» 

ЖШС OHSAS:18001 халықаралық стан-

дарт талаптарына сәйкестігін рас-

тайтын бақылау аудиттерінен сәтті 

өтті. «ПҚОП» ЖШС да ISO:14001 

халықаралық стандарт талаптары-

на сәйкестігін растайтын бақылау 

аудитінен сәтті өтті. Компанияның 

барлық бизнес-бөлімшелерінде 

қауіпті факторларды анықтау және 

тәуекелдерді бағалау жолдары стан-

дартталды.



корпоративтік әлеуметтік 

жауапкершілік

Бұрынғыдай, өткен жылы 

«ПетроҚазақстан» компаниясы 

әлеуметтік жауапкершілік бойын-

ша алған барлық міндеттемелерін 

орындап шықты. Балалар мен жа-

старды, спортты, мәдениет пен 

білім жобаларын, мүгедектер мен 

әлеуметтік қорғалмаған топ өкілдерін 

қолдау - міне, біз шынымен де іске 

асырылған жобаларымызды мақтан 

тұта аламыз. Дәстүрлі демеушілік және 

қамқорлыққа алынған ұйымдарды 

қолдау жобаларына қоса, ПҚОП 

және ПҚҚР компанияларының 

бизнес-бөлімшелері 

облыс  

әкімдіктерімен қатарынан бірнеше 



жыл бойы Ынтымақтастық туралы 

меморандумдарға қол қойып келеді, 

одан түскен қаржы көпірлер мен бай-

ланыс желілерінің құрылысын қоса 

алғандағы  аумақтарға маңызы зор 

ірі инфрақұрылымдық жобалар-

ды іске асыруға жұмсалады. 2013 

жылы Меморандумдарға сәйкес 

«ПетроҚазақстанға» бөлінген сомалар 

ОҚО-да 1 млн. доллар, ҚЗО-да 3 млн. 

долларды құрады. 

Марапаттары мен жетістіктері

2013 жыл «ПетроҚазақстанның» 

барлық бөлімшелері үшін айтарлықтай 

сәтті болды. Компанияның аймақтарды 

дамытуға қосқан үлесі, мемле-

кет үшін сіңірген еңбегі үшін ПҚҚР 

және ПҚОП-тың жоғары басшылығы 

мен қызметкерлері республикалық 

деңгейде танылды. 

ПҚҚР ҚР шаруашылық жүргiзушi 

субъектілерді жалпы мемлекеттiк 

статистикалық саралауда екі но-

минация бойынша көшбасшы 

кәсіпорындардың ондығын тұйықтады.  

Осы жоба аясында Компанияны 

Ұлттық куәлікпен және «Қазақстан 

көшбасшысы-2013» медалімен атап 

өтті, ал «ПҚҚР» АҚ басқарма төрағасы 

Фан Цзячжун «Ұлттық бизнес-рейтинг» 

кешенді рейтингтік бағдарламасының 

негізінде «Қазақстан Даңқы» орденімен 

марапатталды. Сонымен қатар геоло-

гия және геофизика департаментінің 

аға менеджері Агзам Шарменов 

«Жыл маманы» куәлігін иеленді, ал 

КАМ кеніштеріндегі коллекторлық 

жүйе менеджері Серік Жұмахметов 

«Тиімділік үшін» атаулы медалін алды. 

Мұнай кешенінің қызметкерлері 

күнін атап өту аясында KAZENERGY 

Қауымдастығы «ПетроҚазақстан Ойл 

Продактс» ЖШС-ның 11 қызметкерін 

және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресор-

сиз» АҚ-ның 10 қызметкерін медаль-

дармен, құрмет грамоталарымен және 

алғыс-хаттармен марапаттады.  

Сондай-ақ кәсіптік мейрамға орай 

МӨЗ-дің 9 қызметкері «ҚазМұнайГаз» 

ҰҚ АҚ, «Самұрық-Қазына» және ҚР 

Мұнай және газ министрлігімен 

«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан 

үлесі үшін» медалімен, құрмет гра-

моталарымен, «ҚазМұнайГаз» 

құрмет белгісімен және «Мұнай-

газ саласының еңбек сіңірген 

қызметкері» төсбелгiсімен марапат-

талды.  

«Мұнайшы» корпоративтік журна-

лы KAZENERGY Қауымдастығының 

жарысында Қазақстанның мұнай-

газ саласындағы ең үздік басы-

лым деп танылды, ал «ПҚОП» ЖШС 

«Social Responsibility Prize» және 

«Environmental Safety Prize» номинаци-

ялары бойынша құрмет куәліктерімен 

марапатталды. 



6

Наурыз 2014      



МҰНАЙШЫ

Алтыншы бөлім. Мұнай-газ өндірісінің технологиялық тізбегі. 

Бұл бөлім ең көлемдісі болмақ - өйткені мұнай-газ өндірудің технологиялық тізбегін сипаттай отырып, біз жалпы саны 630-

дан астам адам жұмыс істейтін бірнеше цехтың қызметі туралы сөз қозғаймыз. Кен орындарының жұмысын өндіріс директоры 

Брюс Андерсон басқарады, ол 2013 жылғы өндіріс қорытындылары туралы қысқаша айтып береді. 

Енді мұнай өндіру мен дайындаудың 

өндірістік тізбегіне келіп тоқтайық, 

бұл жайлы бізге АСҚҚ (алдын ала су  

қашыртқылау қондырғысы) мен БШСС 

(блокты-шоғырлы сорғы станциясы) 

қамтитын МГӨЦ (Мұнай-газ өндіру це-

хы) және МДАЦ-та еңбек ететін маман-

дар айтып береді. 

Қысқаша айтқанда, тізбек мына-

дай болады: ұңғымадан алынған мұнай 

сұйықтық шығатын желіге келіп түседі, 

кейіннен өлшеу қондырғысына, одан 

кейін топтық қондырғыға, жинау 

(ағын) коллекторларына, алдын ала су 

қашыртқылау қондырғысына (АСҚҚ), 

одан кейін осьтік коллекторларға, және 

содан кейін мұнай дайындау және ай-

дау цехына (МДАЦ) барады. Мұның бәрі 

қалай болатыны жайында төменнен 

оқыңыз. 


МҰНАЙ: жер ҚоЙНАуЫНАН… сіздің үЙіңізге деЙіН

Қызылорданың шексіз даласында орналасқан көптеген жоғары технологиялық 

құрылыстар мен көпдеңгейлі өндірістік үдерістер - бұл бөлімде сіз мұнай-

газ өндірісінің технологиялық тізбегі жайында, басқаша айтқанда мұнайдың 

ұңғымадан шығарылып, Мөз-ге өңдеуге жіберілгеніне дейін қандай 

кезеңдерден өтетіні туралы біле аласыз.

- 2013 жыл компания үшін өндірістік қатынаста қандай жыл болды?

- Бұл өте жақсы жыл болды. Алдымен 2.8 млн. тонна мұнай өндіру жоспары-

нан бастадық, кейін оны 3.1 млн. шамасына дейін ұлғайттық, алайда біз оны асыра 

орындай алдық - 2013 жылғы нақты өндіріс 3 110 092 тонна мұнайды құрады. Бұл 

күткеннен де әлдеқайда асып түсті. 

2013 жылы Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ пен Қарабұлақты қосқанда бірнеше жаңа 

кен орны қолданысқа енгізілді. Инфрақұрылым құрылысы мен газды пайдаға 

жаратуға арналған Құмкөлге апаратын газ желісін қосқаннан кейін біз Солтүстік 

Нұралы кен орнын өндіріс процесіне қайтардық. Кетеқазған мен Жамансу кен орын-

дарында кендер табылып, Тұзкөл кен орнында жақсы нәтижелерді берген бірнеше 

терең ұңғыма бұрғыланды. Газды пайдаға жарату бағдарламаларын жүзеге асыру 

жалғасуда және қазір Арысқұм мен Қызылқия кен орындарында қосымша газ ком-

прессорларын құру жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік-Батыс Қызылқияда су айдау 

жүйесі іске қосылды, ал Батыс Тұзкөлде Құмкөлдің МДАЦ-на апаратын жаңа құбыр 

желісі салынды және қазірде желі пайдалануға дайын. Сондай-ақ, Батыс Тұзкөлдегі 

жаңа топтық қондырғы қолданысқа енгізілді және қазір сорғы станциясы бойын-

ша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, бұл бізге 2014 жылдың басында Батыс 

Тұзкөлден мұнай айдап тартуды бастауға мүмкіндік береді.

Арысқұмда жаңа кеңсе ғимараты мен тұрғын үй-жайлары қолданысқа енгізіліп, 

қосымша ғимараттардың құрылысы жалғасуда. Өткен жылы Батыс Тұзкөл кен ор-

нында асханасы бар жаңа қалашық пайда болды, онда адамдар қоныстанып та 

үлгерді. Сонымен қатар, Оңтүстік-Шығыс Қызылқияда да жаңа тұрғын қалашығы са-

лынды, адамдар жақын арада ол жерге орналастырылатын болады. Мұның барлығы, 

әрине, бізге кен орындарында еңбек ету  жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, кен орнының барлық бөлімшелері 2013 жылы жақсы жұмыс атқарды. 

Андерсон Брюс Уэйн, 

өндіріс департаментінің өндіріс 

жөніндегі директоры

Мұнайды сұрыптауға алу үдерісі / Процесс отбора на пробу нефти / Oil intake for testing



МҰНАЙШЫ      

Наурыз 2014

7

- МГӨЦ туралы айтып беріңізші. Цехтың қандай өндірістік бөлімшелері бар? 

- МГӨЦ тікелей мұнай-газ өндірумен, сондай-ақ, технологиялық өндіру процесін 

бақылаумен, есепке алумен және оған қолдау көрсетумен айналысады. Кен орындарындағы 

өндіруші ұңғымалар мұнай жинау жүйесіне (коллекторлық жүйеге) қосылған, ал кейбір 

(жаңадан бұрғыланған) ұңғымалардан мұнай автоцистерналармен тасымалданады, себебі 

құбыр желілерінің құрылысына анағұрлым көп уақыт кетер еді. Мұнай-газ өндіру процесі 

еңбекті өте көп қажет етеді, әрбір ұңғыма көптеген жер асты және жер үсті жабдықтарымен 

жасақталған, және кез келген механизм секілді, әрбір қондырғы бақылауды қажет етеді, өз 

кезегінде МГӨЦ қызметкерлері дәл осы бақылау жұмыстарымен айналысады. Құмкөлдің 

МГӨЦ өндірістік бөлімшелері қызметкерлерінің жалпы саны шамамен 320, ал ҚАМ МГӨЦ 

- 120 адамды құрайды.

МГӨЦ мынадай өндірістік бөлімшелері бар: 

-   Кен орнында ұңғымадан мұнай жинауға арналған коллекторлық жүйе.

- Ұңғымаларға техникалық қызмет көрсету. Оның қызметкерлері механикаландырылған 

және бұрқақ ұңғымалардың жабдықтарына қызмет көрсетеді, оларды монтаждайды және 

ұңғымаларды іске қосып, оларды тоқтатады.

- Қабат қысымын қалыпта ұстау (су айдау). Бұл бөлімше БШСС, СТБ (су тарату бекеті) 

және айдамалау ұңғымаларын қамтиды, қабат қысымын қалыпта ұстау үшін олар арқылы 

су ұңғымаға айдалады.

- АСҚҚ. Бұл қондырғы айыру (сепарациялау) әдісі арқылы мұнайдан су мен газды бөліп 

шығарады.

- МГӨЦ - қызметкерлер саны бойынша компанияның ең ірі бөлімшелерінің 

бірі. Өз қызметкерлеріңіз жайында айтып беріңізші. Мұнайшының жұмыс күндері деген не?

- МГӨЦ мұнай-газ өндірудің бастауында тұрған бөлімше, оның қызметкерлері күн сайын ауа-райы жағдайларына қарамастан, 

ұңғымалардың толассыз жұмыс істеуі, дебитті есептеу және ұңғыма өнімдерін құбыр желісімен МДАЦ-қа дейін тасымалдаумен бай-

ланысты көптеген қиыншылықтарға тап болады. Мұнай өнеркәсібіне қатысты әртүрлі жұмыстарды орындау барысында жағдайды 

уақытында бағалай білу, дұрыс шешім қабылдау және талдамалы тәсіл қолдану - міне, мұнай-газ өндіру операторы осынысымен 

өзгешеленеді. Өз жұмысында ол өнімді қабат динамикасын, өндіріліп жатқан флюидтің физикалық-химиялық қасиетін, ұңғыма 

өнімдерін бөлу технологиясын және қолданылатын жабдықтардың барлық түрін бүге-шегесіне дейін білуге міндетті.

Кәсіпорындағы объектілердің қашық болуына байланысты МГӨЦ қызметкерлеріне күн сайын ерте шығып, кеш келуіне тура 

келеді, бірақ ұзақ жұмыс ауысымына қарамастан олар компанияның іс-шараларына әрдайым белсенді қатысып, спорт жарыста-

рында да талай рет жеңімпаз атанды.

Барлық өнеркәсіп саласында сияқты біздің ұжымымызға жас қызметкерлер қосылып, тәжірибесі молырақ жұмысшылардан үлгі 

алып отырады. Және мұнай-газ өндірісінің майталманы ретінде МГӨЦ - бұл даласының өзі еркекті ер етіп тәрбиелейтін жоғары 

білікті мамандардың ұстаханасы және компанияның өзегі деп сенімді түрде айта аламын.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал