Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да



жүктеу 1.04 Mb.

бет1/14
Дата11.09.2017
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да 

қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 217 бұйрығы. Қазақстан 

Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 шілдеде № 13884 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 16-бабының 17) 

 сәйкес

тармақшасына



 БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының 

және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік 

 бекітілсін.

сипаттамалары

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін

оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» 

ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен 

бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық 

құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына

жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында

және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен 

кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі 

департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы 

туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының 

Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі                        Қ. Бозымбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _________________ Т. Дүйсенова

      6 маусым 2016 жыл

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 24 мамырдағы

№ 217 бұйрығымен   

бекітілді     



Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының,

мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік

біліктілік сипаттамалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мұнай-газ өндіру саласындағы ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да 

қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар) 

мұнай-газ өндіру саласы ұйымдарында кадрларды дұрыс таңдауды, пайдалануды, орналастыруды, 

олардың біліктілік сипаттамаларын анықтауды қамтамасыз етуге, мұнай-газ саласындағы ұйымдардағы

басшылар мен мамандардың арасындағы еңбекті тиімді бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Біліктілік сипаттамаларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 

қарашадағы Еңбек Кодексінің 16-бабы 

 сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті 

16-1) тармақшасына

мемлекеттік органмен бекітілетін Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер 

лауазымдарының біліктілік анықтамалығының Жалпы ережелерінде (бұдан әрі – Біліктілік 

анықтамалығы) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 

2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 982 

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

бұйрығымен

тізілімінде № 12631 болып тіркелген) бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай 

тарифтік-біліктілік анықтамалығын және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер 

лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік 

анықтамалығын және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының 

үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану қағидаларында 

көрсетілген. 

      3. Бухгалтер, экономист, заңгер, кадрлар жөніндегі маман, аудармашы мамандар 

лауазымдарының және қызмет салаларының барлығына ортақ басқа мамандар лауазымдарының біліктілік

сипаттамалары Біліктілік анықтамалығында белгіленген.

      4. Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеген кезде нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда 

тиісті лауазымға тән жұмыстардың тізбесін нақтылауға жол беріледі және жұмыскерлерді қажетті 

арнайы дайындауға талаптар белгіленеді.



2. Басшылар лауазымдары

1-параграф. Автомобиль паркінің бастығы

      5. Лауазымдық міндеттері:

      автомобиль паркінің өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады; 

      қабылданатын шешімдердің орындалуын, мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, 

қызметтің қаржы-шаруашылық қорытындыларының орындалуын қамтамасыз етеді

      барлық құрылымдық бөлімшелер мен өндірістік бірліктердің жұмысы мен тиімді өзара 

іс-қимылын ұйымдастырады, әлеуметтік және нарықтық басымдықтарды ескеріп, олардың қызметін 

автомобиль паркін дамытуға және жетілдіруге бағыттайды; 

      автокөлік паркі жұмысының тиімділігін арттыруды, автокөлік қызметтерін сату көлемдерінің 

өсуін және пайданың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін ұлғайтуды 

қамтамасыз етеді; 

      шарттық міндеттемелер мен техникалық-пайдаланушылық көрсеткіштер бойынша автокөлік 

қызметтері жоспарының орындалуын, автомобильдердің техникалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылуын, 

жылжымалы құрамның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      өндірістік қуаттарды, негізгі және айналымдағы қорларды, материалдық және еңбек 

ресурстарын, рентабельділікті арттыруды, өзіндік құнды азайтуды тұрақты талдауды ұйымдастырады;

      автомобиль паркінің орынжайларын жайластыру және техникалық жабдықтау жұмыстарына 


басшылықты жүзеге асырады; 

      жүргізушілер құрамының жолда-жүру қауіпсіздігінің алдын-алу және талаптарын сақтауы 

жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдайды; 

      автомобиль паркін қосалқы бөлшектермен, механизмдермен, жабдықпен уақтылы қамтамасыз 

етуді жүзеге асырады; 

      көлік құралдарын пайдалануға енгізу және оларды есептен шығару жұмыстарын басқарады; 

      автомобиль паркін білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен 

тәжірибесін дамыту және ұтымды пайдалану, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз 

және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру 

бойынша шаралар қабылдайды;

      өндірістік және басқа да мәселелерді талқылауда және шешуде басшылық етудің экономикалық 

және әкімшілік әдістерін, өндіріс тиімділігін арттыруда моральдік және материалдық 

ынталандырудың дұрыс үйлестірілуін, әрбір жұмыскердің оған тапсырылған іс пен барлық ұжым 

жұмысының қорытындыларына материалдық мүдделілігі мен жауапкершілігі қағидатының қолданылуын 

қамтамасыз етеді.

      6. Мыналарды: 

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы 

, Қазақстан 

Еңбек кодексін

Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 

;

Заңын


      автокөлік саласына, автокөлік кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты 

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      автокөлік кәсіпорындарының бейінін, мамандануы мен құрылымының ерекшеліктерін, автомобиль

көлігі мен механизмдердің конструкциялық ерекшеліктері мен мақсатын;

      жылжымалы құрамның техникалық-пайдаланушылық деректерін, автомобиль көлігімен жүктерді 

тасымалдау қағидаларын;

      жөндеу жұмыстарын жүргізу технологиясын;

      техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын;

      шаруашылық және қаржы шарттарын жасау және орындау тәртібін;

      экономика, еңбекті ұйымдастыру мен басқарудың негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын, 

өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.

      7. Біліктілікке қойылатын талаптар: 

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және автомобиль 

көлігі кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша 

орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білім және автомобиль көлігі 

кәсіпорнындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

2-параграф. Бас дәнекерлеуші

      8. Лауазымдық міндеттері:

      дәнекерлеудің технологиялық процестерін және дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық 

жарақтандыру құралдарын әзірлеу және енгізу жүктелген бөлімшелерді техникалық басқаруды жүзеге 

асырады;

      дәнекерлеу жұмыстарының орындалуын технологиялық дайындауды басқарады, еңбектің жоғары 

өнімділігін қамтамасыз етеді;

      дәнекерлеу жұмыстарының өндірісін технологиялық дайындаудың перспективалық және ағымдағы 

жоспарларын, дәнекерлеу жабдығын жоспарлы-алдын алу және күрделі жөндеу жүргізу кестелерін 

әзірлеуді, жұмыстардың мерзімдері мен көлемдерін, еңбек және материалдық ресурстар шығындарын 

жоспарлауды басқарады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындау технологиясы мен сапасын, жабдық жұмысының жағдайын 

зерттейді және талдайды, еңбек шығындарын қысқартуды, дәнекерлеу жұмыстарын орындау кезінде 

материалдық және энергетикалық ресурстарын үнемдеуді, олардың сапасын жақсартуды қамтамасыз 

ететін дәнекерлеудің прогрессивті әдістерін әзірлеуді және өндіріске енгізуді ұйымдастырады;

      қажетті техникалық құжаттаманың әзірленуін және онымен өндірістің қамтамасыз етілуін, 



дәнекерлеудің технологиялық режимдерінің, материалдарды жұмсау нормаларының, жабдықты техникалық

пайдалану және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидаларының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындау үшін талап етілетін жабдыққа және материалдарға арналған 

өтінімдердің жасалуын, дәнекерлеу жабдығының есебін, оны паспорттауды ұйымдастыруды қамтамасыз 

етеді; 

      кәсіпорынды реконструкциялау және техникалық қайта жарақтандыру мәселелерін қарауға 



қатысады, жаңа дәнекерлеу жабдығын, технологиялық процестерді кешенді механикаландыру мен 

автоматтандыруды енгізу бойынша шараларды қабылдайды; 

      дәнекерлеу жұмыстарын орындайтын жаңа өндірістік бөлімшелерді жобалау және құру, еңбекті 

ұтымды ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы қағидаларын ескере отырып, оларды мамандандыру 

және жабдықты енгізу жұмысын басқарады, жобалық қуаттарды уақтылы игеруді, жабдық жұмысының 

ауысымдылығы коэффициентін арттыруды қамтамасыз етеді;

      прогрессивті техника мен технологияны енгізу, технологиялық жабдықты, өндірістік алаңдарды

пайдалануды және жарақтауды жақсарту, дәнекерлеу конструкцияларының сапасы мен сенімділігін 

арттыру бойынша іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуын ұйымдастырады;

      дәнекерлеу әдістері мен технологиясына, дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруға және 

дәнекерлеу жабдығын жетілдіруге қатысты анағұрлым күрделі рационализаторлық ұсыныстар мен 

өнертабыстарға пікірлер мен қорытындыларды қарайды және береді;

      өндірісті мамандандыру және бірлестіру деңгейін арттырумен, еңбек өнімділігін арттыру 

резервтерін пайдаланумен байланысты жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады; 

      дәнекерлеу жұмыстарының әдістері мен технологиясын жетілдіру бойынша зерттеу және 

эксперименталдық жұмыстарды басқарады;

      кәсіпорынның білікті дәнекерлеушілерге деген қажеттілігін анықтау, оларды белгіленген 

тәртіппен аттестаттауды жүргізуге дайындау жұмысына қатысады; 

      дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық дайындау және орындау бойынша ғылыми-техникалық 

жетістіктерді, озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және енгізу жұмысын ұйымдастырады;

      дәнекерлеу жұмыстарын орындауды технологиялық дайындауды жүзеге асыратын кәсіпорынның 

бөлімшелері мен жұмыскерлерінің қызметін үйлестіреді, олардың біліктілігін арттыру бойынша 

жұмысты ұйымдастырады;

      өндірісте жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау 

қағидалары мен нормаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      9. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, 

өндірісті технологиялық дайындау бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды;

      мұнай және газ өндіру технологиясын, мұнайдың, газдың және қабат суының 

физикалық-химиялық қасиеттерін;

      мұнай-газ саласындағы дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруды;

      дәнекерлеу жабдығының техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерді және жұмыс 

режимін, оны пайдалану қағидасын;

      өндірісті технологиялық дайындауды жоспарлау және дәнекерлеу жұмыстарын орындау тәртібі 

мен әдістерін;

      дәнекерлеу әдістері мен тәсілдерін;

      техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа 

да басшылыққа алынатын материалдарды;

      дәнекерлеу кезінде пайдаланылатын материалдарға қойылатын техникалық талаптарын, оларды 

жұмсау нормаларын;

      дәнекерлеу жабдығын жөндеуді ұйымдастыруды;

      дәнекерлеу ақауларының түрлерін және оларды жою тәсілдерін;

      дәнекерлеу жұмыстары технологияларын және оларды ұйымдастыруды жетілдіру саласындағы 

зерттеу және әзірленімдер жүргізу әдістерін;

      дәнекерлеу жұмыстарының стандарттары мен техникалық шарттарын;

      құрылыс нормалары мен қағидаларын;

      дәнекерлеу жұмыстарының технологиялары және оларды ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, 


өндірісі мен басқару саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын;

      өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өндірістік санитария қағидалары мен 

нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуі тиіс.

      10. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы 

бойынша инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.



3-параграф. Бас механик

       11. Лауазымдық міндеттері:

      мұнай-газ өндіру басқармасы механикалық қызметтерінің өндірістік қызметін басқарады және 

өндірістік қызмет көрсету цехтарының жұмысын қамтамасыз етеді;

      өндірістік цехтардың қызмет көрсететін персоналының мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын дұрыс 

және авариясыз пайдалануын сақтауы бойынша, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын уақтылы және сапалы 

жөндеу, пайдаланылатын мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының сенімділігін арттыру бойынша 

ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; 

      цехтардағы тозған жабдықтың уақтылы және дұрыс есептен шығарылуын қамтамасыз етеді;

      өндірістік бөлімшелердің мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын, қосалқы бөлшектерді жеткізуге 

арналған жыл сайынғы өтінімдерін жинауды, талдауды және жасауды, жетекшілік ететін бағыттар 

бойынша жылдық өндірістік бағдарламаның жасалуын, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын дұрыс 

пайдалану, жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес уақтылы жөндеу жүргізуді қамтамасыз етеді

;

      жабдықты қарау, сынау және алдын алу жөндеу жоспарларының (кестелерінің) уақтылы 



әзірленуін басқарады; 

      жөндеуді жүргізу үшін тартылатын мердігерлік ұйымдармен жоспарларды (кестелерді) келісуді

, олардың қажетті техникалық құжаттамамен уақтылы жабдықталуын қамтамасыз етеді;

      жабдықты жөндеуді, жөндеу-пайдаланушылық жұмысқа арналған материалдар шығыны бойынша 

нормативтік-әдістемелік материалдардың әзірленуін, оны пайдалану көрсеткіштерін талдау, жөндеу 

жүргізуге арналған сметалар жасауды, жабдықты пайдалану кезінде қажетті материалдар мен қосалқы

бөлшектерді сатып алуға өтінімдер әзірлеуді басқарады;

      жаңа жабдықты қабылдау және орнату жұмыстарын, жұмыс орындарын аттестаттау және ұтымды 

ету, тиімділігі төмен жабдықты жаңғырту және оны өнімділігі жоғары жабдықпен ауыстыру, ауыр қол

еңбегін және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру құралдарын енгізу жұмыстарын 

басқарады; 

      негізгі өндірістік қорларды түгендеуді жүргізуді ұйымдастырады, ескірген жабдықты, 

күрделі жөндеуді талап ететін объектілерді айқындайды және жөндеу жұмыстарын жасау кезектілігін 

белгілейді; 

      мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығының авариялық істен шығуын, жазатайым жағдайларды 

тергеп-тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауға,

негізгі құралдарды есептен шығаруға қатысады; 

      жабдықты пайдалану және жөндеу кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайын жасау 

жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге, жабдықтың жұмысын жақсартуға қатысты ұтымды 

ұсыныстарды қарауға қатысады; 

      майлау-эмульсиялық шаруашылықты, майлау және сүрту материалдарын пайдаланудың прогрессивті

нормаларын енгізуді, пайдаланылған майлар регенерациясын қамтамасыз етеді;

      цех жабдығының техникалық дәлдігін тексеруге, жабдықты тиімді пайдалануға ықпал ететін 

оның жұмыс істеуінің оңтайлы режимдерін белгілеуге, жабдықты техникалық пайдалану, майлау және 

күту бойынша, жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады;

      жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының

сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізеді; 

      жоспардан тыс жөндеуді және жабдықтың тоқтап қалуын қысқарту, оны жөндеу және ұстау 



шығындарын азайту бойынша жұмыстарды басқарады; 

      кәсіпорында мамандандырылған жөндеуді, қосалқы бөлшектерді, тораптар мен ауыстыру 

жабдығының орталықтандырып жасалуын ұйымдастырады; 

      өндірісте жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау 

қағидалары мен нормаларының, экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      12. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы 

, Қазақстан 

Экологиялық кодексін

Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы 

, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 

Еңбек кодексін

11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» 

;

Заңын



      Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдықты, ғимараттарды,

құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік және нормативтік техникалық материалдарды;

      ұйымда жөндеу қызметін ұйымдастыруды; 

      технологиялық жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесін; 

      ұйымды техникалық дамыту перспективаларын;

      техникалық сипаттамаларды;

      ұйым жабдығының техникалық сипаттамаларын, құрылымдық ерекшеліктерін, мақсаты, жұмыс 

істеу режимдерін және оны пайдалану қағидаларын;

      жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды және олардың технологиясын, жабдықты монтаждау, реттеу 

және жөндеу әдістерін;

      ұйым өнімін шығару технологиясы негіздерін;

      жабдық паспорттарын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, ақаулар ведомосін, ерекшеліктері

мен басқа да техникалық құжаттаманы жасау тәртібін;

      жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидасын;

      майлау-эмульсиялық шаруашылықты ұйымдастыруды;

      жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарын;

      ұйымдағы жөндеу қызметтерінің озық отандық және шетелдік тәжірибесін;

      экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздерін білуі тиіс.

      13. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және саладағы 

кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарда мамандығы 

бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.



4-параграф. Бас приборшы

      14. Лауазымдық міндеттері:

      енгізілетін, қызмет көрсетілетін, жөнделетін және тексерілетін өлшеу құралдары мен 

жабдықтың пайдаланылуын метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; 

      стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы озық отандық және шетелдік 

тәжірибені, стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі халықаралық ұйымдардың 

қағидалары мен рәсімдерін зерттейді және жүйелейді;

      өндірісті өлшеу, бақылау құралдарымен, өлшеу құралдарын жөндеу және тексеру үшін 

эталондармен жарақтандыру бөлігінде өндірісті техникалық қайта жарақтандыру жоспарларын 

әзірлеуді басқарады;

      метрологиялық қызмет және бақылау-тексеру қызметтері орындайтын өлшеу құралдарының 

тексерілуін бақылауды және калибрлеуді, жұмыстарды ұйымдастырушылық-техникалық және әдістемелік 

басқаруды қамтамасыз етеді;

      метрологиялық қызмет көрсету мерзімділігін белгілейді, стандарттау, метрология және 

сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органдамен Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология

және сертификаттау жөніндегі органдарда тексерілетін эталондарды тексеру кестелерін және өлшеу 

құралдарының тексеруге уақытында ұсынылуын қамтамасыз етеді;

      өлшеу құралдарын тексеру жүргізу құқығына аттестаттарды алу бойынша, өлшеуді орындау 

әдістемелерін аттестаттау, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты 

үлгілерін, өлшеу құралдарын жөндеуге лицензияларды аттестаттау жөніндегі құжаттарды 



метрологиялық сараптауды жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

      өлшеуді орындаудың аттестатталған әдістемелеріне, тексеру және калибрлеу үшін 

қолданылатын эталондарға сәйкес өлшеу құралдарының жағдайын және қолданылуын, метрологиялық 

ережелер стандарттарының және өлшеу біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша басқа да нормативтік 

құжаттардың сақталуын метрологиялық қадағалауды ұйымдастырады;

      техникалық тапсырмаларды, конструкторлық, технологиялық құжаттаманы, стандарттардың 

жобаларын және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарды метрологиялық сараптау жұмыстарын 

басқарады;

      метрологиялық қызмет пен оның қызметінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді 

есепке алуды ұйымдастырады, автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлеуге, енгізуге, пайдалануға

және жетілдіруге қатысады;

      метрологиялық қамтамасыз ету бөлігінде шығарылатын өнімнің сапасына наразылықтарды 

талдауға қатысады; 

      метрологиялық қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеуді және 

енгізуді ұйымдастырады, метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны жетілдіру, 

метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың 

анықтамалық-ақпараттық қорын құру және жүргізу жұмыстарына қатысады;

      өндіріс пен сатуды метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі 

ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді, метрологиялық қамтамасыз ету 

жағдайын талдаудың жүргізілуін басқарады; 

      өлшеу құралдары мен әдістерін әзірлеуді және енгізуді, өлшеу құралдарын сынауды, өлшеу 

құралдарына метрологиялық қызмет көрсету үшін эталондарды, стандартты үлгілерді, қондырғылар 

мен қажетті құрылғыларды басқарады.

      15. Мыналарды:

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы 

, Қазақстан 

Экологиялық кодексін

Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы 

Еңбек кодексін



«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»

2000 жылғы 7 маусымдағы, 

 2004 жылғы 9 қарашадағы, 

«Техникалық реттеу туралы»

«Азаматтық қорғау 

 2014 жылғы 11 сәуірдегі, 

 2014 жылғы 16 мамырдағы 

туралы»


«Рұқсаттар және хабарламалар туралы»

Қазақстан Республикасының заңдарын;

      стандарттау, сертификаттау және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша Қазақстан 

Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және әдістемелік материалдарды, ұйымның 

бейінін, мамандануын және ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының ерекшеліктерін;

      өндірісті метрологиялық бақылау және қамтамасыз ету бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі мен

әдістерін, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, техникалық құжаттаманы 

әзірлеу және ресімдеу бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды және басқа да басшылыққа алынатын 

материалдарды;

      мұнай мен газ өндіру технологиясының негіздерін, өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары мен

қондырғыларын, оларды жөндеуді ұйымдастыруды;

      метрологиялық қамтамасыз ету және өлшеу құралдарын жетілдіру саласындағы зерттеу және 

әзірленімдерді жүргізу әдістерін;

      қызметінің бейіні бойынша сырт ұйымдармен шарттар жасасу тәртібін;

      стандарттау, сертификаттау және өндірісті метрологиялық бақылау және қамтамасыз ету 

саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені;

      еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.

      16. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірісті 

метрологиялық қамтамасыз ету бойынша инженерлік-техникалық және басшы лауазымдарындағы жұмыс 

өтілі кемінде 5 жыл.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал