Ұмытылмас күндер Шұбат



жүктеу 54.25 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі54.25 Kb.

                                                                2.10.2013 

Ұмытылмас күндер

 

 

Шұбат 

Тоқтар Әубәкіров КСРО-ның соңғы, нӛмірлесек 72-ші ғарышкері. КСРО-ның 

космонавтика  тарихын  Ю.Гагарин  бастады,  Тоқтар  ағамыз  нүктесін  қойды. 

Әлдебір  тылсым  күш,  бәлкім  Алла  мың  ӛліп,  мың  тірілген  қазақтың  ұлына 

еліне  тәуелсіздік  таңы  атып  келе  жатқанын  жеті  қат  кӛк  арқылы 

сүйіншілеткен  болар.  Мұның  бәрі  –  тарихи  факт.  1991  жылы  2  қазанда 

Тоқтар  Әубәкіров  ӛзі  айтқандай:  «Адамдары  күнәға  батқан,  экологиясы 

ластанған  Жерді  тастап,  Аллаға  жақындап,  тап-таза  кӛкке  самғаған».  Исі 

түркі  тұқымынан,  мұқым  мұсылман  әлемінен,  боса-болмаса  да  қазақ 

халқынан тұңғыш. 

Әрине, атамекеніне оралған. Данышпан Абай атасы да қазағына қанша кейіп, 

қайғы басып, қапаланса да бӛтен жаққа кете алмаған. (Тоғызыншы қара сӛзі). 

«Туған жерді қия алмай, 

Тентекті жеңіп, тия алмай, 

Әлі отырмыз ұялмай, 

Таба алмадық ӛңге елді». 

Тоқтар  ағамызға  да  Ресей  тарапынан  үлкен  қызметтер,  жақсы  жұмыстар 

ұсынылған.  Кіндік  қаны  тамған  туған  жерді,  ата-баба  мекенін,  қазағын 


қимаған. «Ӛзге елде сұлтан болғанша, ӛз еліңде ұлтан бол», деген ұстанымы 

бұл енді. 

Мұның бәрі кіріспе болса, әңгімеміздің әлдісі де, әрлісі де шұбаттан шығып 

кеткен  еді.  Жылда  Тоқтар  ағамызды  туған  күнімен  құттықтап  қайту 

дәстүріміз  еді.  Биыл  да  бардық.  Жаңаарқаның  ең  тәтті  қымызымен  қоса, 

таңсық сусын ғой деп осы Қарағандыда әзірленген шұбат апардық. Тамсана 

сіміріп отырып, тартымды әңгіменің тиегін ағытты. Құлақпен естігендер бар 

шығар, бірақ мен баспа жүзінен оқымаған естеліктері екен Батырдың. 

Сонымен, әлқисса... 

Қымыз 

Мысырда жусан жоқ, Ресейде қымыз жоқ. 

Құмырсқадай  қаптаған  крест  жорықшыларын  талай  рет  тас-талқанын 

шығарып,  корольдерін  тұтқындап,  рыцарларын  баудай  түсірген  Бейбарыс 

бабасы  Мысырды  билеп  тұрғанда  Қыпшақ  даласының  жусанын  аңсаған. 

Тоқтар  ағамыз  да  әскери  сынақшы  ұшқыш  болып,  ұзақ  уақыт  елден  жырақ 

жүргенде  Сарыарқаның  сары  қымызын  керемет  сағынған  екен.  Елге,  жерге 

деген сартап сағыныш қой. Бойыңды билеп, ойыңды бӛліп әкетіп бара жатыр. 

Сӛзбен  кестелеп  жеткізу  мүмкін  емес.  Ӛз  басыңнан  ӛткізіп,  алпыс  екі 

тамырыңдағы  қаныңмен,  тұла  бойыңдағы  жүйке-жұлыныңмен,  кеудеңдегі 

жаныңмен ғана түйсінетін сұрапыл сезім. 

Ӛткен  ғасырдың  70-80-жылдар  мұғдары  болса  керек.  Мәскеудегі  ВДНХ-да 

Қазақстанның әйтеуір бір мәдени шарасы ӛтіп жатады. Қазақ не әкелуші еді? 

Қымыз, қазы-қарта, құрт, бауырсақ. 

Таңғы  сағат  7-де  кезекке  тұрдым,  –  дейді  Тоқтар  сол  күндерді  еске  ала 

отырып. 


Содан ес кетті, жан шықты дегенде түс ауа әзер кірдім. Буыным босап, әлім 

кетіп,  жүруге  шамам  келмей  қалды.  Тепсем  темір  үзетін  кезім.  Сондағы 

әлсіреп  қалған  күйіме  осы  күнге  дейін  таңғалам.  Қазақтың  бір  жас  жігіті: 

«Ағай,  қымыз  таусылыпты,  қымыран  қалды»,  деп  ағарған  әкеліп  берді. 

Сусыным  қанбады.  Әл-қуатым  таусылып,  кӛзім  қарауытып  барады. 

Қарағандыға баруға бел будым. 

Тоқаң  бастығына  телефон  шалып,  Қарағандыға  барып  келуге  сұранады. 

Рұқсат  алады.  Ӛзі  айтқандай  дарылдаған  тӛрт  моторлы  «ИЛ-18»  ұшағымен 

бақандай тӛрт сағат ұшып, Қарағандының ескі әуежайына қонады ғой. Елге, 

жерге  асығып,  бір  жұтым  қымызға  зар  болып  келе  жатқан  Тоқтар  ағамызға 

«ИЛ-18»  ұшағы  ӛгіз  арбадай  кӛрінген  шығар  деп  ойладым  осы  сәтте. 

Дыбыстан жылдам ұшатын «МИГ» пен дарылдаған «ИЛ-18»-ді салыстырып 

кӛріңіз. Айтып отырғанда жаным ашыды. 

Қарағандыға  табаным  тигенде  таңғы  мезгіл  еді.  Әуежай  алдындағы  шағын 

сауда жасайтын қатар-қатар тізілген үстелдердің біріне үш литрлік банкімен 


ағарған қоя берді бір апай. Жетіп бардым. Бағыма қарай қымыз екен. Басыма 

бір-ақ тӛңкердім, – дейді Тоқаң. 

Қымызы  бапты,  тәтті  ме  екен?  –  деп  оқыс  сұрақ  қойсын  Тоқаңа  шұбат 

әкелген  Қарағанды  хайуанаттар  паркінің  директоры,  ӛзі  сері,  ӛзі  әнші 

Абылай Шүленбаев. 

Ал келіп күлейік. Сонау Мәскеуден қымызды аңсап келгенде сусын ақырып 

тұрса  да  бал  татиды  емес  пе?  Сонымен,  Тоқаң  әуежайға  аңсап  келген 

қымызын  мейірлене  сіміреді.  Маңдайдан  суық  тер  бұрқ  етті  дейсің...  Буын-

буынына  кӛшпенділер  қаны  жүгірді,  тұла  бойына  әл  кірді,  жүрегіне  нұр 

құйылды,  кӛзі  жарқырады,  Сарыарқаның  салқын  самалына  апайтӛсін  керді. 

Ең бастысы – елге, жерге деген сағынышы сая тапты. Сол бетте такси алып, 

Теміртаудағы анасының басына құран оқытып, апа-жездесімен, жиендерімен 

қауышып, сол күні Мәскеуге дарылдаған «ИЛ-18»-бен қайтадан ұшып кетеді. 

Нағашы 

 

Батырды  туған  күнімен  құттықтап,  Абылай  әнмен  тербеп,  ара-арасында 



естеліктерге  кезек  беріп  отырғанда  шұбаттан  тағы  бір  жақсы  әңгіме  туып 

кетті.  Шұбат  ішкен,  түйе  сүтіне  қанған,  ана  сүтіне  жарыған  азаматтар 

тұлғалы, ірі денелі келеді деген сӛзді кірістіріп жібердім. 

Оның  рас.  Сегіз  қыздан  кейінгі  жалғыз  ұлы  –  мені  шешем  Қамия  6  жасқа 

дейін ана сүтінен айырмапты. Түйе сүтін де берген екен. Әкем де жай адам 

емес.  Темірді  сазбалшықтай  илейтін  ұста.  Дегенмен,  нағашыларым  мүлде 

алып  денелі  болса  керек.  Атқа  мінгенде  аяқтары  жерге  тиетіндей  тұлғалы, 

бойшаң,  апайтӛс,  қарулы  екен.  «Үйдің  жақсысы  –  ағашынан,  баланың  жақ-

сысы нағашысынан» деген сӛз бар ғой, деп Батыр жайдарлана жымиып алып, 

біз бұрын ести қоймаған нағашы жұрты туралы әңгімені сабақтап кетті. 



Сегіз  қыздан  кейін  Тоқтардың  алдында  Қайриден  деген  ұл  туады.  Шекесі 

торсықтай, жанары жайнаған ерекше нәрестеге кӛрші әйелдің кӛзі тиіп, ерте 

шетінеп  кетеді.  Зарығып  кӛрген  ұлдан  айырылған  анасы  қатты  қапаланып, 

қайғырып жылай береді екен. Содан анасы  түс кӛреді. Түсінде ақ шапанды, 

ақсақалды қария: «Қызым, жылама. Мә, мынаны ал деп қос қолына бір нәрсе 

ұстатып,  осы  сендердің  ғажап  жалғастарың  болады»,  деп  аян  беріп,  ғайып 

болады. Анасы түсінде қос алақанын ашса, аппақ кӛбелек қонып отыр екен. 

Ұшып  кетпесін  деп  алақанын  жылдам  жауып,  жүрек  тұсына  баса  бергенде 

оянып кетеді. Содан жылауын қояды. Ӛмірге оныншы болып арыстай Тоқтар 

келеді. Атының Тоқтар қойылуы содан. 

Ырымшыл қазақ тағы кӛз тиіп жүрмесін деп нәресте Тоқтарды 40 кемпірдің 

астынан  ӛткізіп,  40  кемпір  әкелген  40  құрақ  шүберектен  иткӛйлек  тігіп 

кигізеді.  Сонда  анасы  41-де,  әкесі  49-да  екен.  Кӛлденең  кеселден  әкесі 

Тоқтардың  7  айлығында  ӛмірден  озады.  Кӛз  жұмар  алдында  тӛсек  тартып 

жатқан  әкесіне  Тоқтар  еңбектеп  барған  екен.  Хал  үстіндегі  қайран  әкесі 

«ұлымның еңбектегенін кӛрдім, арманым жоқ», деп Тоқтардың бетінен сүйіп, 

үзіліп кетіпті. 

Абылайдың ән салғанына, ептеп домбыра шерткенімізге разыланып отырды 

Тоқаң. 

Домбыра  тартқым-ақ  келеді  жасымнан.  Бірақ,  қонбады.  Әкем  Әубәкір  жай 



ұста  ғана  емес,  тәп-тәуір  күйші  де  болған  екен,  –  деп  Батыр  әңгіме  ауанын 

басқа тарапқа қарай – нағашы жұртына аударды. 

Реактивті двигательдің даусынан бәрін айыратын Сізге домбыра тарта алмау 

әбес емес қой, – деп жатырмыз. 

Батыр  Болатқожаның  (Қаракесек)  Құдайберлі  бұтағынан  тарайтын  ұрпақ. 

Ӛзінің  айтуына  қарағанда  ерте  заманда  жер  тарлық  етіп,  Балқантау, 

Едірейден  Құдайберлі  бабасы  осы  Қоянды  ӛңіріне,  оның  ішінде 

Қарқаралының қазіргі Ақжол селолық округінің жеріне кӛшеді. Қаракесектің 

Шоры қоныс берсе керек. Жер Қаржас атамыздың ұрпақтарымен шекаралас. 

Содан  ӛзі  күйші,  ӛзі  сері  Әубәкір  сол  елге  жігіт-желеңдермен  қыдырып 

бармай ма?! Ойын-сауық қызып, ән мен күй шалқиды. Сонда Еңсебай деген 

байдың бес ұлдан кейінгі алақанға салып, аялап отырған жалғыз Қамия деген 

қызына Әубәкірдің кӛңілі құлайды. Қыз атастырылып қойған екен. Әкесінің 

тамырын  басып  кӛреді.  Ата-баба  дәстүрін  қалай  бұзсын.  Әубәкірдің  салы 

суға кетеді. 

Тоқаң бұл әңгімелерді нағашы жұртына барғанда, анасының 100 жылдығына 

ас бергенде естиді үлкендерден. 

Содан  ертеңіне  Еңсебай  Әубәкірді  шақыртып,  әкең  Оңғарбай  қызыма  құда 

түссін дейді. Бәрі аң-таң. Әсіресе, қыз жағы. 

Түнде  түсімде:  «Қызыңды  Оңғарбайдың  ұлы  Әубәкірге  ұзат.  Қазақтың 

маңдайына бітетін, халқының атын шығаратын ұл туады», деп ақ сақалды, ақ 


шапанды  абыз  қария  аян  берді.  Алып  қойған  қалың  малын  еселеп 

қайтарыңдар. Қызымды Әубәкірге қосамын», деп Еңсебай кесімді сӛзін бір-

ақ айтады. 

Ата  сӛзі  атқан  оқ  емес  пе?  Айтылды  –  бітті.  Оңғарбай  берген  қалыңмалды 

Еңсебай бүкіл ауылға ырымдап таратып береді. 

Анам Қамия ерке ӛскен жалғыз қыз. Бірбеткей ӛжет мінезі тағы бар. Басында 

кӛне қоймапты. Бірақ, әкесінен аса алмапты, – деп Батыр әдемі бір жымиып 

алды. 


Қаржас атамыздың Тоқтардай ұлға нағашы болуы заңды құбылыс сияқты ӛз 

ойымша.  Шоқандай,  Сәкендей  Алаш  арыстарының  аналары  осы  Қаржас 

бабамыздың қыздары. 

Таратып кӛрейін. (Кӛмектескен журналист Аман Жанғожин). Қаржас – Бегім 

–  Сатылған  –  Таңат  –  Қожамберді  –  Томаш  –  Шобай  –  Суат  –  Еңсебай. 

Еңсебай Батырдың анасы Қамияның әкесі біз әңгімелеген. Бәрі бай-бағылан, 

батыр  болған  дейді.  Жылқысын  санамайды  екен.  Үлкен  сай  қыл  құйрыққа 

толса, малым түгел дейтін, Тобықтының Ӛскенбайымен, Құнанбайымен иық 

тірескен дейді Тоқтардың нағашылары. Бұл енді басқа тараптағы әңгіме. 

Намыс 

Тоқтар  ағамыз  ӛте  қарапайым.  Бұл  енді  Батырға  елінің  берген  бағасы.  Мен 

айтпасам  да,  жазбасам  да  белгілі.  Тоқаң  ұлтқа  бӛлінбейді.  Соның  дәлелі  – 

орыс  халқына  разылығын  айтып  отырады.  Негізі  халық  пен  халықтың 

айырмашылығы  шамалы.  Кӛзі  кӛк,  шашы  сары  болар.  Бәрі  –  Алланың 

пенделері.  Ал  би  болып,  бишік  ұстағандар  басқа.  Соның  бірі  –  Михаил 

Сергеевич  Горбачев.  СССР  Президенті,  КПСС  Орталық  комитетінің  Бас 

секретары.  Шыңғыс  хан  болмаса  да,  Шығыс  империясының  патшасы.  Ақ 

дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Тоқтар ағамыз Кремльдің Георгиев залында 

қасқайып  тұрып,  сол  Горбачевті  қазықтай  қағып,  жерге  тығып  жібергенін 

білмейді екенбіз. 

СССР Тоқтарға неге қарыз? Таратып берейін. СССР-дің 34 космонавы екі рет 

ғарышқа ұшқан екен. Ұшқан сайын Совет Одағының Батыры атағы беріліпті. 

Яғни, екі мәрте Батыр. Тек космонавт Г.Береговой ғана Ұлы Отан соғысында 

Батыр атағын алып, космонавт болғанда екінші мәрте Алтын Жұлдыз тағады 

омырауына.  Тоқтар  ағамыз  да  ғарышқа  ұшпай  тұрып  Совет  Одағының 

Батыры болған. Горбачев осы дәстүрді, рәсімді бұзып, Т.Әубәкіровке СССР-

дің ең соңғы Октябрь Революциясы орденін берген. Қазаққа Совет Одағының 

Батыры  атағын  қимаған.  Батыр  ӛзі  үшін  емес,  қазағы  үшін  намыстанған 

сонда. 


Ақиқатында Тоқтар ағамыз СССР-ге қарыз емес еді. 

Қазір  әлемде  теңдесі  жоқ  МИГ  истребительдерінің  бәрін  шыбын  жанын 

шүберекке  түйіп  жүріп  сынақтан  ӛткізіп  берген.  Ӛзім  осы  Қарағанды 

аэродромында Семейден он минутта ұшып келгенін кӛріп таңғалған «МИГ-



31»  истребителін  Тоқаң  сынақтан  ӛткізіп,  аспанда  жанармай  құйғызып, 

қазақша айтқанда майлап, сайлап, мәпелеп СССР-ге тапсырған. 

Басқасын айтпағанда «МИГ-25» истребителін Қиыр Шығыста Беленков деген 

Жапонияға қондырып, Америкаға ұшақтың бүкіл құпиясын сатып жібергенде 

СССР-дің әскери әлеуетін тағы Тоқаң әуелеткен. 1979 жылы. «МИГ-25»-тің 

басқа түрін қазақ сынақтан ӛткізіп берген. Америка тағы қапы қалған. Батыр 

атағына  сол  кезде  ұсынылған  екен.  Тоқаң  ӛзінен,  жасы  үлкен  полковник 

шенді орыс ағаларына жолын берген. Мәрттік пе? Мәрттік! 

Америкада  әлемде  теңдесі  жоқ  он  ұшқыштың  аты-жӛні  жазылған  тақтада 

Т.Әубәкіровтің аты үшінші болып тұр. Мұнан артық не керек? Қазақ бӛркін 

аспанға  ататын-ақ  оқиға  ғой.  Мұқым  мұсылман  әлемінде  тұңғыш  деген  сӛз 

қолданғам  басында  Тоқаң  туралы.  Сол  мұсылмандар  шын  мәнінде  біздің 

Тоқаңды  Пайғамбар  демейтін  шығар,  бірақ  пір  тұтады  екен.  Тәжік-ауған 

шекарасындағы  бізге  беймәлім  бір  шаруаға  Тоқаң  барады.  Тікұшақпен 

сапарлаған. Ауғаны бар, тәжігі бар, содыры, сойқаны бар – эфирге «Аспанда 

Т.Әубәкіров ұшып жүр, атыс-шабысты доғарыңдар» деген бұйрық жіберіпті. 

Тоқтар  ағамызды  тәу  еткен  ғой.  Тоқаң  елге  оралғанша  мамыражай  бейбіт 

заман орнапты сол жерде. Сол елдің патшасы Тоқаңа таңғалыпты. Айтпаса да 

белгілі ғой ар жағы. 

Тоқтар ағамыз СССР-дің ӛзіне, қазаққа қарыз екенін айтпайды. Ӛйткені, ол – 

бӛлек  жаратылған  жан.  Желтоқсандағы  намысы  аяққа  тапталған  мұқым 

қазақтың  тот  басып,  мұқалуға  айналған  алдаспанын  қайрап  алып,  аямай 

сілтеген. Мұхтар Мағауин ағасы сияқты. СССР деген империя әлі тұрған ол 

кезде.  Кремльдің  награда  тапсыратын  Георгиев  залындағы  сӛзін  қазақшаға 

аудармай-ақ тұп нұсқасынан оқыңыздар. (Қазір орысша білмейтін қазақ жоқ 

шығар). 


«Тот,  кто  не  кормит  свою  армию,  тот  преклонен  кормить  чужую  армию. 

Михаил Сергеевич, Вы ведете страну на гибель» – депті Батыр. 

Тоқаңның  жанында  СССР-дің  Қорғаныс  министрі,  маршал  Шапошников 

тұрған екен. «Ну, Аубакиров» дегеннен аса алмапты. М.Горбачев подноспен 

әкелген шампанды ішпей (бүгінгі күнге дейінгі дәстүрлері осындай) табанын 

жалтыратыпты. Бұл енді Тоқтар Батырдың ғана қолынан келетін шаруа. 



Мағауия СЕМБАЙ, 

Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері. 

ҚАРАҒАНДЫ. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал