«Мысты өңірге» газет редакциясында және қоғамдық таратушылар арқылы жазылуға бо- лады



жүктеу 413.03 Kb.

бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі413.03 Kb.
  1   2   3   4

№49 (1357)

1988 жылғы 30 шілдеден шығады



АЙМАҚТЫҚ 

АПТАЛЫҚ  ГАЗЕТ

5 желтоқсан

жҰМа, 

2014 жыл


БАСПАСӨЗ-2015

3

«Мысты өңірге» газет редакциясында және 



қоғамдық таратушылар арқылы жазылуға бо-

лады. 



«Мысты өңірге» бір жылға тұтас жазылған 



оқырмандар  газетке  құттықтау  беретін  болса, 

оларға жыл бойы 50 % жеңілдік жасалады.



«Мысты өңірге» «Қазақмыс» құрылымда-



рында жазылу бір жылға тұтастай жүргізіледі. 

Телефондар: 

72-23-63, 74-80-36.

       


Жеке 


                тұлғаларға — 

                       2800 теңге. 

Редакциядан 



              келіп алу

                      — 2400 теңге. 

  8 

Заңды 


            тұлғаларға —

                  5000 теңге. 



А.ӘЛМЕНОВ.

«Жезкиік  біздің  жаққа  қалай 

келдің»,  —  демекші,  бұл  күндері 

Жезқазған  мен  Жаңаарқаның  ара-

сында  бейкүнә  жануарлар  жан  са-

уғалап  жосып  жүр.  Жарықтықтар 

оңтүстікке қарай теміржолдан өте 

алмай  қалған  сыңайлы.  Жақында 

бір  табынға  жуық  ақбөкен  Қызыл-

жар ауылына кіріп кетіпті.

Адамнан  пана  іздеп  келді  ме  екен, 

жануарлар.  Алайда,  екі  аяқты  пенде-

лер жыртқыштан әрмен болды. Ауылға 

келген  киікті  қанды-қасап  жасаған 

тұрғындар  онымен  тоқтап  жатқан  жоқ. 

Мотоцикль  мен  автокөлігін  сайлап, 

Жеңіс  пен  Қызылжардың  даласында 

киіктерге  қырғидай  тиіп  аулап  жатыр. 

Жан-жануарларды  қорғау  жөніндегі 

мекеменің инспекторлары қайда деген 

сұрақ туады. Соның арқасында брако-

ньерлер тым есіріп тұр. Қазірде Қызыл-

жардағы осындай заңсыз аң аулаушы-

лардан киіктің лағын 10 мың теңгеден, 

ешкісін — 15 мың, текесін 20 мың тең-

геден  сатып  алдық  деген  адамдарды 

көрдім.  Айтыстарына  қарасақ,  жазық-

сыз бөкендерді ондап емес, жүздеп қы-

рып жатқан көрінеді.

Елімізде  ерекше  қорғауға  алынған 

жануарларға араша түсер жан бар ма? 

Бұған  тиісті  мемлекеттік  органдар  не 

айтады?!


циясы» ЖШС жанындағы Қараған-

ды филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Бауыржан Шыңғысов 

Қазақстан Республикасының  

Бірінші Президенті туралы баян-

дама жасап, Ұлт көшбасшысының 

елімізді өркендету жолындағы көре-

гендік саясаты мен ерен еңбектері-

не тоқталды.

Салтанатты шарада бастауыш 

партия ұйымдарының бір топ бел-

сенді жетекшілері Құрмет грамота-

ларымен марапатталды. Олардың 

ішінде медициналық орталықтан 

— Гүлдана Қорғанбекова, Қарсақбай 

металлургия зауытынан — Смағзұм 

Нұрмағанбетов, «Казэнергосерви-

стен» — Елена Диденко, электр 

желілері кәсіпорнынан — Жанар 

Айтуарова, № 3 Сәтбаев байыту фа-

брикасынан Сабырбек Ысқақов бар. 

Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы 

қатарына жаңадан қабылданған-

дарға билет тапсыру рәсімі болды. 

Қазақстан эстрадасының танымал 

әртістері Марат Омаров пен Фар-

рхад Мәденов мереке сәнін әуезді 

әндерімен айшықтады. 

Салтанатты жиналыс Қазақстан 

Республикасының Президенті, 

«Нұр Отан» партиясының төрағасы 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 

еңбек жолы мен кенді өңірге әр 

жылдарда келген сапарларын бей-

нелеген шағын фильм көрсетуден 

басталды. «Нұр Отан»  

партиясының «Қазақмыс корпора-

Амандық РАХҰЛЫ.

«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы 

Қарағанды  филиалының  ұйымдастыруымен  Жезқазғанда  Тұңғыш 

Президент күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Халықтар 

достығы  мен  мәдениеті  үйіндегі  бұл  салтанатқа  «Қазақмыс»  кор-

порациясы өндірістік бөлімшелерінің басшылары, жұмысшылар мен 

бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ Жезқазған 

және Сәтбаев қалаларының әкімдері мен қалалық мәслихаттардың 

депутаттары қатысты.

АРАША


2

ДҮРБІ


                                                                                                                                                                                                                                        5 ЖЕЛТОҚСАН  2014 жыл.

Былтыр Сәтбаев қаласы-

ның 40 жылдық мерейтой-

ында ұлттық өнер орта-

лығы ашылған болатын. 

Арқаның дәстүрлі әншілер 

мектебі, ақындар мектебі 

және ұлттық қолданбалы 

өнер мектебі сынды үш 

бағыт бойынша жұмыс істей 

бастаған орталық жа-

нынан 10 үйірме жұмысын 

бастаған. Ақын-жыраулар-

ды, би-шешендерді, қол-

данбалы өнер саласының 

майталмандарын халық 

арасында дәріптей отыра, 

өскелең ұрпақты ұлттық 

өнерге баулуды көздеген 

орталықта бүгінде 200-ге 

жуық мектеп оқушылары, 

қала жастары дәріс алуда.

Орталықта тәрбиеленіп 

жатқан осы өнерлі өрендер 

Тұңғыш Президент күніне 

арналған есеп беру кон-

цертінде дәстүрлі әннен 

шашу шашып, патриоттық 

рухтағы әндерді шырқады. 

Айтыс үйірмесінің жас айты-

скер ақындары өзара ай-

тысса, күйшілер үйірмесінің 

жеткіншектері күмбірлете 

күй орындаудан алдарына 

жан салмады. Ақындықты 

жанына серік еткен бір топ 

оқушылар Елбасы туралы 

жыр-өлеңдерін мәнерлеп 

оқып берді. Орталық жанын-

дағы тоқыма-ою үйірмесі ше-

берлерінің қолынан шыққан 

ұлттық киімдердің сән үлгісі 

көрсетіліп, ағаш шебері және 

зергерлік өнер үйірмесінің 

тәрбиеленушілері әзірле-

ген бұйымдардан көрме 

ұйымдастырылды.           

Есеп беру кездесуінде 

қалалық деңгейде ұйымда-

стырылған «Елін сүйген, елі 

сүйген — Елбасы» атты жаз-

ба ақындар мүшәйрасының 

қорытындысы шығарылды. 

3-ші орынды Зәмзагүл Хасе-

нова, 2 -ші орынды Амангел-

ді Құрақбай жеңіп алды. Ал, 

1-орын Дәуренбек Бұлан-

баевқа бұйырды. Мүшәйра 

жеңімпаздарын қала бас-

шысы Әнуар Омар диплом-

мен, бағалы сыйлықтармен 

марапаттады. Талабы бар 

бір топ жас ақынға мүшәй-

раға белсене қатысқаны үшін 

арнайы диплом тапсырды. 

Есептік концерт соңын-

да аймақтық ұлттық өнер 

орталығының бір топ үйірме 

жетекшілері қала әкімінің 

Алғыс хаттарымен және 

естелік сыйлықтарымен 

марапатталды.   

Қаланың бас жоспары-

на сәйкес батыс айналма 

жол аумағында бірне-

ше құрылыс нысандары 

қолға алынды. Оның бірі 

— құрылыс жұмыстары 

өткен жылы басталған 320 

орындық жаңа балабақша. 

Бұл жобаға республика-

лық бюджеттен 804,4 млн.

теңге қаржы қаралған еді. 

Бас мердігер Қарағанды 

қаласының «Тавис» ЖШС 

бүгінге дейін 487 млн.теңге 

қаржыны игеріп, еңселі 

балабақша құрылысының 

жартысына жуығын еңсеріп 

қойды. Негізгі жұмыстар 

келесі жылы атқарылады. 

Белгіленген жоспар бойын-

ша бүлдіршіндер үйі 2015 

жылдың қараша айында 

пайдалануға берілуге тиіс.

Ал, 74-орамда бес 

қабатты үш тұрғын үйдің 

құрылысы басталған бола-

тын. Жалпы көлемі 3356 

шаршы метрді құрайтын 

жалға берілетін бұл үй-

лердің құрылысына респу-

бликалық және облыстық 

бюджеттен 222,4 млн.теңге 

бөлінді. Құрылыс жұмы-

старын Мейрам Мәңгібаев 

басқаратын «Майер Ман» 

ЖШС қолға алды. Олар 

28 және 30 пәтерлік екі 

үйдің іргетасын құйып, 

жертөлесін жасап қойса, 28 

пәтерлік үшінші үйді биыл 

салып біту үшін қарқынды 

жұмыс жүргізуде. Құрылыс 

жұмысының басында 

учаске бастығы Берік 

Сыздықовты кездестірген 

едік. Ол кезінде қаладағы 

көптеген әлеуметтік нысан-

дардың бой көтеруіне ат-

салысқан «Культбытстрой» 

құрылыс басқармасында 

еңбек еткен тәжірибелі 

мамандардың бірі. Олар-

дың қолтаңбасын орталық 

аурухана, мешіт сияқты 

іргелі ғимараттардан көруге 

болады. Осы «Майер 

Ман» серіктестігінде еңбек 

еткеннен бері де № 10 орта 

мектеп, бірнеше сауда үй-

лері сияқты құрылыстарды 

жүргізген екен.

— Тендерлік конкурстың 

кеш өткізілуіне байланысты 

біз тұрғын үй құрылысы-

на биылғы шілде айында 

кірістік. Ерте көктемде 

бастағанда ендігі бітетін 

едік. Соған қарамастан 

тұрғын үй құрылысын жыл 

аяғына дейін бітіру үшін 

барлық мүмкіндіктерді 

қарастырудамыз. Құрылыс 

жұмыстары екі ауысыммен 

атқарылуда. Барлығы 36 

адам еңбек етуде. Жұмысқа 

жергілікті құрылысшылар 

тартылған. Есік-терезе осы 

жерде жасалады, қалған 

материалдар Қарағанды-

дан жеткізілуде, — дейді 

учаске бастығы жалпы 

жағдайды түсіндіріп.

Жаңадан бой көтерген 

бұл үйден басқа тағы 72 

пәтерлік тұрғын үйге жас 

отбасылары қоныстан-

бақшы. Коммуналдық 

тұрғын үй қорына үй сатып 

алу бағдарламасы бойын-

ша жүзеге асырылатын бұл 

жобаны «Кенстрой» ЖШС 

қолға алған екен. Бұрынғы 

бос тұрған жатақхананы 

қайта жаңғыртқан олар 72 

пәтерлік тұрғын үйге айнал-

дырды. Бұл пәтерді сатып 

алуға республикалық және 

облыстық бюджеттен 385,2 

млн.теңге қаржы бөлінді. 

Тәуелсіздік мерекесіне 

дейін қайта жаңғыртылған 

тұрғын үйді сатып алуға 

қатысты жұмыстар тия-

нақталып, жас отбасыла-

рына пәтер кілтін тапсыру 

көзделуде.

Сонымен биылғы жыл-

дың аяғында Жезқазғанда 

барлығы 100 пәтер жаңа 

иелеріне берілмекші.



Суретте: 

28 пәтерлік 

тұрғын үй құрылысын 

Б.Сыздықовтың учаскесі 

жүргізуде.

Суретті түсірген 



автор.  

«Сәтбаев — даму аумағы» 

деп аталған Ш.Ділдебаев 

атындағы Кеншілер сарайында 

өткен форумға қаладағы орта 

мектептер мен колледждердің 

оқушылары, сондай-ақ әр 

саладағы жұмысшы жастар 

мен жас мамандар қатысты. 

Өз ерік-жігерлері мен белсен-

ділігін танытқан жастар форум 

барысында Тұңғыш Президент 

күнінің ел тарихындағы ерекше 

орнына тоқталып, Елбасының 

«Нұрлы жол — болашаққа 

бастар жол» Жолдауының ба-

сты бағыттарын саралап берді. 

Сәтбаев қалалық жастардың 

ресурстық орталығының 

директоры Н.Наурызбаев 

атқарылып жатқан жұмыстар-

ды ортаға салды. Арнайы 

дайындалған бейнебаяннан да 

жастар саясатын жүзеге асыру 

бағытындағы алуан шаралар 

өткізілгенін аңғаруға болады. 

Тұңғыш рет қала жастары-

ның төлқұжаты әзірленіпті. 

Алдағы уақытта ұсыныстар 

мен тілектер жинақтала келіп, 

соның негізінде даму жоспары 

жасалмақшы. «Менің қалам — 

менің болашағым» деп сезінетін 

жастардың алқалы басқосуының 

негізгі мәні де осында.

Ұлағатты тілек пен ұтқыр 

пікірлер де айтылып бақты. 

Жас ана, Ы.Алтынсарин атын-

дағы орта мектептің мұғалімі 

Ж.Оспанова батыр бабамыз 

Бауыржанның: «Бесік жырын 

айтатын аналардың азайып 

бара жатқанынан қорқамын» 

— деген сөзін алға тарта келіп, 

отбасының тату-тәттілігі мен 

бала тәрбиесінің өзекті тұста-

рынан ой қозғады. «Қазақмыс» 

корпорациясы технологиялық 

колледжінің студенті Қ.Торта-

ев, «Денсаулық» колледжінің 

студенті М.Рахметова, «Алтын 

ұрпақ» білім беру орталығы-

ның директоры Ә.Орынбек 

мамандық таңдау, өз кәсібін 

сүю, кәсіпкерлікпен айналысу 

сыры туралы қозғап, жастарды 

белсенділікке, Отансүйгіштікке 

шақырды.


Форумның жұмысына 

қатысқан қала әкімі Ә.Омар 

жастармен еркін жағдайда пікір 

алысып, болашақ өмірге қадам 

басудың қыры мен сырына 

бойлап, қарапайым мысалдар 

арқылы әсерлі әңгіме өрбітті. 

Елбасының сарабдал саясаты 

мен жарқын істерін жалға-

стырып, нұрлы болашаққа 

жол тартатын бүгінгі жастар 

екендігін айрықша атап айтып, 

ел мүддесі үшін аянбай еңбек 

етудің мән-маңызына тоқтал-

ды. Әнмен өрілген әсерлі 

шарада жастар тарапынан 

жақсы бастамалар мен тың 

ұсыныстар да білдірілді. 



Айым БЕКТАС.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні-

не орай Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында «Елі 

сүйген Елбасы» тақырыбымен Сәтбаев қаласындағы ай-

мақтық ұлттық өнер орталығының есеп беру концерті 

өтті. 

Өнер  орталығы  

есеп берді

Амандық РАХҰЛЫ.

«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарлама-

сының  аясында  Жезқазғанда  біршама  құрылыс  жұмы-

стары жүргізілуде. Салынып жатқан үйлердің алғашқы-

сын жыл аяғында аяқтау көзделіп отыр. Сондай-ақ, бос 

тұрған  ескі  ғимаратты  қайта  жаңғыртып,  баспанаға 

айналдыру бағытында да оң істер бар.

А.ӘЛМЕНОВ.

Сәтбаев  қаласында  жас  ұрпақты  жігерлендіріп,  па-

триоттыққа  үндейтін  іс-шаралар  жүйелі  өткізіледі. 

Бұл  жолы  қала  жастарының  V  форумының  Қазақстан 

Республикасының  Тұңғыш  Президент  күнімен  орай-

ластырып  өткізілуі  оның  мән-маңызын  барынша  ай-

шықтандыра түсті.


3

ЕҢБЕК


                                                                                                                                                                                                                                        5 ЖЕЛТОҚСАН  2014 жыл

Тәуелсіз 

Қазақстанның 

жарқын  болашағы  —  біздің   

басты азаматтық құндылықта-

рымыздан  бастау  алып  отыр. 

Ол  құндылықтар  —  азамат-

тық  татулық    пен    ұлтаралық 

келісім,  Қазақстандық  патри-

отизм  мен  болашаққа сенім.     

Мен 

жұмыс 


істейтін  

Жезқазған  байыту  фабрика-

сында    отыздан  астам  ұлт 

өкілі еңбек етеді.  Бір жағадан 

бас, бір жеңнен қол шығарып, 

үлкен  ұйымшылдықпен  еңбек 

етуіміздің арқасында  кәсіпор-

нымыз  өндірістік  жоспарын 

ойдағыдай орындап, корпора-

цияның  бетке  ұстар    өндіріс 

ошағына айналып отыр. Олар  

Елбасымыздың 

саясатына 

қолдау  көрсетіп,    тәуелсіз 

мемлекетіміздің    бәсекеге  қа-

білетті қуатты да  мықты мем-

лекетке    айналуы  жолындағы  

асқаралы істерге  қажырлы ең-

бектерімен  үлес қосуда.   

Фабрикадағы    бастауыш 

партия    ұйымы  «Нұр  Отан» 

партиясының  ел  дамуына  не-

гізделген бағдарламаларымен 

танысып,  одан  туындаған 

міндеттерді  іс  жүзіне  асыруда 

партияның «Қазақмыс» корпо-

рациясы  жанындағы  Қараған-

ды  филиалымен  тығыз  бай-

ланыста  жұмыс  істеп  келеді. 

Бүгінде  фабрика  1700-ден  

астам  партия    мүшесін  бір 

бастауыш ұйымға топтасты-

рып  отыр.

Қарағанды  филиалының 

бастамасымен  ұйымдасты-

рылған барлық іс-шараларға 

«Қазақмыс» 

корпорация-

сының  өзге  өндіріс  ошақта-

ры  сияқты  біздің  фабрика 

ұжымы  да  белсенділікпен 

қатысып  отырады.  Кәсіби 

және  мемлекеттік  мерекелер 

қарсаңында  белсенді  партия 

мүшелерін  марапаттау,  еңбек 

ардагерлеріне  құрмет  көрсету 

қалыпты дәстүрге айналған. 

  Фабрикада  еңбек  ететін  жұ-

мысшылардың  басым  бөлігі 

жастар болғандықтан бірде бір 

мәдени-көпшілік,  спорттық  ме-

рекелер олардың  қатысуынсыз  

өтпейді.  Ұлт  Көшбасшысының  

біз сияқты жастарға  көп сенім 

артатынын  жақсы  білеміз.  Ел-

басымыз  Қазақстан  халқына  

жолдаған    «Нұрлы  жол  —  бо-

лашаққа    бастар  жол»    атты 

Жолдауында:  «Бейбітшілік  пен 

тұрақтылық  —  күн  сайынғы 

еңбекпен  қорғап,  нығайтуды 

қажет  ететін  жалпыхалықтық 

жетістік.  Мен  жастар  —  біздің 

болашағымыздың тірегі дегенді 

әркез айтып келемін. Мемлекет 

жаңа буынның алдында барлық 

есіктер  мен  жолдарды  ашты! 

«Нұрлы  Жол»,  міне,  біздің 

креативті  ырғақты  жастары-

мыздың  күш-жігер  жұмсап, 

құлаш  сермейтін  тұсы  осы!» 

деп    жастарға  нақты  міндет 

жүктеді.   

Міне,  сондықтан    кейінгі 

толқын, біздер еліміздің бола-

шақ тағдыры — біздің  тағды-

рымыз  екендігін  жете  түсініп, 

Елбасының, 

халқымыздың, 

ата-анамыздың  үмітін  ақтап, 

сенімінен  шығуға  талпынуы-

мыз қажет. «Қазақмыс» корпо-

рациясы  өндіріс  ошақтарын-

да  жұмыс  істейтін  жастарды 

Елбасымыздың    Жолдауынан 

туындаған 

тапсырмалар-

ды,    партиямыз  алға  қойып 

отырған  міндеттерді  жүзеге 

асыруға    жастық  жігермен, 

азаматтық 

белсенділікпен   

атсалысуға  шақырамын. 

ЖЕЗҚАЗҒАН.



МАҚПАЛ КӘРІБОЗОВА,

Жезқазған байыту 

фабрикасының инженері.

Өзінің  даму  барысында  тәуелсіздікті  ту  еткен  еге-

менді  еліміз  бүгінде  әлемдік қоғамдастық  таныған  

қуатты  да  табысты  мемлекетке  айналды.  Біздің 

ел — өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен 

өзіндік ұстанымы бар қарымды мемлекет. Халық бірлі-

гінің, табанды да қажырлы еңбегінің арқасында еліміз 

танымастай болып өзгерді. 

Қарағанды  жағында  жаңа 

кеніш  ашылғанда  сәтбаевтық 

тәжірибелі кеншілерді шақыра 

бастады. Бірнеше жерлесімен 

баруға  бел  буған  Ерден  жаңа 

жердегі  жұмысын  насос  қон-

дырғысының  машинисі  болып 

бастады. 2006 жылдан бастап 

вахталық  тәсілмен  жұмыс 

істеді — айдың жартысын жұ-

мыста, жартысын үйде өткізді. 

Үш  вахтадан  кейін  кеніштегі 

жұмыс  тәртібі  өзгерді  де,  от-

басымен  Қарағандыға  қоныс 

аударды.


Бұрғышылықты  жаңа  жұ-

мыс  орнында  меңгерді.  Әри-

не,  қосымша  оқуына  тура 

келді.  Бастапқыда  бірнеше  ай 

бұрғышыға  көмекші  болған 

Ерден  бір  айлық  курстан  кейін 

тиісті куәлік алып, бұрғышылар 

қатарына  қосылды.  Алғашқы 

кезде аттырғаннан кейін қалған 

ірі  кен  жентектерін  ұсатумен 

айналысты,  сосын  кен  қатпа-

рын қопаруға көшті. 

2008  жылы  кенішке  жаңадан 

қуатты  «СОЛО»  бұрғылау  ка-

реткалары  келе  бастағанда, 

біреуін  Ерденге  ұсынды.  Та-

яуда  оны  бригадада  звено  же-

текшісі етіп сайлады. Ол бір ка-

реткамен үш ауысымда істейтін 

экипаждардың  жұмысына  жау-

ап  береді.  Былайша  айтқанда, 

бригадир  Абзал  Байбосынов-

тың сенімді көмекшісі.

Сонымен  қатар  оны  брига-

дадағы  жауапкершілігі  жоғары 

жұмысшы  ретінде  кен  өндіру 

учаскесінің қоғамдық инспекто-

ры  етіп  сайлаған.  Өзіне  сеніп 

тапсырылған  іске  тиянақты 

қарайтын  ол  әріптестерінің  іл-

типатына бөленген. Оның сын- 

ескертпесіне басшы да, қосшы 

да  құлақ  асады.  Кеншілерді 

жеке  қорғаныш  құралдарымен 

жабдықтауда кінәрат жоқ. Тө-

бенің беріктігін тексеру де са-

палы жүргізіледі.

Жұмыста 


жазатайым 

жағдайға ұшырамаудың жолы 

— нұсқаманы мүлтіксіз орын-

дау  және  үнемі  қырағылық 

көрсету.  Бұрғышылар  қашан-

да  забойды  бұрғылау  құжа-

тын қатаң сақтай отырып жүр-

гізеді.  Қазір  олар  14  метрлік 

тереңдікте  скважина  бұрғы-

лап жүр. Талап солай, әйтпе-

се,  кезінде  Ерден  талай  рет 

жиырма метр тереңдікке дей-

ін скважина бұрғылап көрген.

—  Біздің  учаскедегі  барлық 

бригада  жоспарын  ойдағы-

дай  орындап  келеді,  арасын-

да  асыра  орындайтындар 

да  кездеседі.  Мүмкіндігінше 

артығымен  жасауға  ұмтыла-

мыз.  Өйткені,  техника  күтпе-

ген жерден бұзылып қалуы да 

мүмкін ғой. Сондайда,  уақыт-

тан  ұтып,  жоспарды  орында-

уға жағдай жасаймыз, — дей-

ді Ерден. 

ҚАРАҒАНДЫ.



Владимир ОДИНЦОВ.

Кен өндіру саласында еңбек еткен жиырма жылда Ерден 

Нұржанов  өзін  әртүрлі  мамандықта  байқап  көрді.  Еңбек 

жолын  кезінде  әкесі  электровоз  машинисі  болып  істеген 

Шығыс Жезқазған кенішінің №73-75 шахтасында дәнекер-

леуші болып бастады. Вагон жөндеумен де айналысты.

Бұрғышы Ерден Нұржанов.

А. ӘЛМЕНОВ.                         

Ұлытау  ауданында  882  шаруа  қожалығы  бар. 

Оның  ішінде  45-і  егіншілікпен,  837  фермер  мал  шару-

ашылығымен  айналысады.  Солардың  бірі  Амангелді 

ауылындағы  шаруа  қожалығының  жетекшісі,  аудан-

дық  мәслихаттың  депутаты  Балғабек  Қаражорғин 

әке  жолын  қуып,  жеке  шаруашылықты  әуелде  қой 

өсіруден бастаған болатын. 

Балғабектің 

әкесі Мүтал 

Қаражорғин 

Амангелді 

кеңшарында 40 

жыл қой бағып, 

ата кәсіпке ең-

бегі сіңген адам 

еді. Кеңестік 

шаруашылық 

жүйесі тарап, 

жекешелендіру 

басталғанда 

400 бас қой-

мен бөлек 

шыққанымен   

жеке шару-

ашылықтың 

дөңгеленіп 

жүріп кетеріне 

қария алғашқы-

да сеніңкіреме-

се керек.   Ба-

лалары тегіс жұмылып, 

көмекке келген соң ғана 

көңілі орныққан көрінеді. 

Балғабектің фермерлік 

жолы осылай басталған. 

Екі-үш трактор, шөп 

шабатын агрегат пен 

шөп тиегіш сатып алып, 

мал азығын дайындауға 

белсене кіріскен соң төрт 

түліктің басы да құрала 

бастапты. 

— Әкей  өмірден өткен 

соң шаруашылық тізгінін 

өз қолыма алуға тура 

келді. Қоймен қатар ірі 

қара басын да көбейту-

ге көңіл бөлдік. Бірақ, 

бірыңғай мал сатумен 

дамып кету қиынға 

түскен соң, шөп сатуға 

бейімделуге тура келді.  

Қосымша техникалар ал-

дық. Осы шөптен пайда  

түсіре бастадық. Өйткені, 

мал азығын сатып ала-

тындар қашанда табы-

лады, — дейді Балғабек 

шаруашылықтың қаз 

тұрып, қалыптасып кетуі 

жайлы әңгімелегенде. 

Сөйтіп жыл өткен сайын 

шаруа қожалығы аяғына 

тұрып, нығая бастаған 

көрінеді. Бірте- бірте 

жаңа техникалар алатын 

халге жетіпті. Оның үсті-

не Елбасымыз жүргізіп 

отырған саясатқа орай  

кәсіпкерлікті дамытуға 

қолайлы жағдай мен 

қолдау жасалуы да ойға 

алғандарын орайласты-

рып отыруға мүмкіндік 

берсе керек.  Биыл жер 

көлемін көбейтіп, тағы 

қосымша 5 мың гектар-

дай алқапты иелігіне 

алыпты.  «КамАЗ» ав-

токөлігін, жаңа «МТЗ-80» 

тракторын, шөп тайлай-

тын агрегат сатып алып, 

мал азығын дайындау 

мөлшерін  бұрығыдан да 

арттыра түсетін жағдай-

ға жеткен. Шүкір, мал 

шаруашылығы да өсіп 

келеді. Қазірде 1300 

бас қой, 215 сиыр, үш 

үйір жылқысы бар. Мал 

тұқымын асылдандыруға 

ниеттеніп, асыл тұқымды 

3 бұқа сатып алған екен. 

Оның жемісін келешек-

тен күтіп отырған жайы 

бар. Бүгінде Б. Қара- 

жорғин басқаратын 

шаруа қожалығы Сәтба-

ев қаласының кәсіпкер-

леріне қой етін тұрақты 

өткізіп отыр, маусым 

кезінде шөп сатуды да 

жолға қойып алды. Ерін-

бей еңбек еткен жанға 

бүгінде елімізде жақсы 

мүмкіндіктер  жасалып 

отыр ғой. Еселі еңбек 

пен іскерлікті ұштастыра 

білген азамат осы ахуал-

ды тиімді пайдалануда. 

Сонымен қоса, ол аудан-

дағы, ауылдағы ортақ 

шаруалар мен қайы-

рымдылық істерінен де 

шет қалып жүрген жоқ. 

Балғабек Қаражорғин 

аудандық мәслихаттың 

депутаты ретінде қоғам-

дық шаралардың да 

белортасында жүреді.  

Еліміз аман, жұртымыз 

тыныш болып, ел наза-

ры түскен қасиетті өңір 

өркендей берсе екен 

деп тілейді ол. Аудан-

ның дамуына өз шару-

ашылығымен лайықты 

үлесін қосуды азаматтық 

парызы санайды.

                                                               

ҰЛЫТАУ ауданы.

Суретті түсірген




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал