Міржақып Дулатұлы және қазақ жәдитшілдігі



жүктеу 45.72 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі45.72 Kb.

 

 

Міржақып Дулатұлы және қазақ жәдитшілдігі 

  

 

Алғашқы  түркі  халықтарының  қозғалысы  болып  есептелетін 



жәдитшілдік реформасы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бастау 

алған.  Жәдитшілдер  ең  алдымен  білім  беру  саласында  жаңашылдық 

орнатуды  көздеді.  Осы  жаңа  әдісті  қолдаушылар  өздерін  «жәдитшілдер» 

деп атаған.  Жәдитшілдік ағымын іс жүзінде, Ресей империясының әлемдік 

озық  педагогика  тәжірибесіне  сәйкес  алғаш  рет  мұсылман  балаларын 

дыбыс  жүйесімен  оқытуды  барлық  зиялы  қауымның  аузында  жүрген 

Исмайл Гаспыралы бастаған болатын.  

Осы  ағымның  лебі  Қазақ  жеріне  де  жетті.  Ағарту  саласындағы  ұлы 

көшбасшыларынан  бастап  қарапайым  оқыған  азаматтарға  дейін  елдің 

ендігі 


өрлеу 

сатысын 


жәдитшілдікпен 

байланыстырды. 

Ахмет 

Байтұрсынұлы: «Усул жәдит, яки төте оқу жолы бар екенін білеміз, бірақ 



сол  жол  қазақ  арасында  аз  таралған  соң,  біздің  мақсатымыз  да    сол 

оқуды қазақ арасына көбірек жаю» десе;  Міржақып Дулатұлы 1914 жылы  

8  қазанда  «Қазақ»  газетінде  жариялаған  мақаласында,  Гаспыралының 

Ресейдегі мұсылман халықтардың мәдениетін, ағарту саласын көтеру үшін 

жасаған  шараларын  былайша  топтастырып  көрсеткен:  1)  Балаларды 



бастауыш мектепте оқыту, мектептерді заманға муафик тәртіпке салу, 

сол  тәртіпті  Россияда  жалпы  мұсылман  мектептеріне  жүргізу.  2) 

Россиядағы  түрік  қауымдарының  ортасында  бәріне  ортақ  түсінікті 

әдеби  тіл  тудыру,  Еуропа  өнер  білімін  медреселерде  сол  ортақ  тілмен 

оқыту. 3) Пақырлық есебінен оқусыз, білімсіз, өнерсіз қалуы мүмкін болған 

нашарларға қарасып, оларды да оқудан, өнер білімнен мақрұм етпес үшін 

«жәмғияти  хайриялар»,  «жәрдем  жәмғияттарын»  аштыру.  Осылайша 

Гаспыралының бірінші қызметі бала оқыту болғандығын басып айтқан.  

Сонымен қатар «Қазақ» газетінің усул жәдитке байланысты шыққан 

басылымдарды сұратушыға жіберетіндігін де білдірген: «Біздің жаққа усул 



жәдит,  усул  хадим  таласының  ұшқыны  түскен  көрінеді.  «хадим», 

«жәдит»  деген  сөздерді  һәркім  өздерінше  түсініп,  іреп,  сойып  жүр.Усул 

жәдитке  Зейнолла  хазірет,  Бейіс  хазіреттің  өздері  қарсы  еместігін 

қайдан  білсін.  Усул  жәдиттің  дұрыстығына  Зейнолла  хазіреттің  берген 

фәтуасы кітапша болып басылып шыққан. Керек қылып сұратушы болса, 

«Қазақ» басқармасы жіберер»            

Белгілі  алаштанушы  Дихан  Қамзабекұлы  Қазақстандағы  жәдит 

ағымын  екі  асудан  өткізеді.  «1890-1911  жылдар  аралығы,  яғни  шамамен 

«Айқап»  шыққанға  дейінгі  қазақта  жәдитшілікті  үйрену,  тәжірибе  жинау 

шағы  болса;  1911-1920  жылдар  аралығы  жәдитшілдіктің  өріс  алып  Алаш 

қозғалысына  көшу  уақыты»  Осылайша  Әл  Маржаниден  И.  Гаспыралыға 

дейін жәдитшілдік орнығу процесін бастан өткерді.   

1883  жылы  10  сәуірден  бастап  Гаспыралы  «Тәржіман»  газетін 

шығарған.  Газетті  шығару  рұқсатын  көп  уақыт  күткен  Гаспыралы  Татар 

және Орыс тілінде шығару шартымен алған болатын. Алғашқы нұсқасы 22 

сәуір 1883 жылы жарияланды. Газет Қырымда жарияланған алғашқы татар 


газеті болатын. 35 жыл бойы үздіксіз жариялануы, оқырманға әсері, түркі 

халықтарының  көшбасшы  газеті  болуы,  көтерген  мәселелері  және  «усул 

жәдитке»  жасаған  қызметі  жағынан  ағылшындардың    Tіmes,  орыстардың 

Новая Время газеттерімен тең түсетін. Тәржіман 1903 жылға дейін аптада 

бір  рет,    1903-1912  жылдар  арасында  аптасына  екі  кей  кездері  үш  рет 

шығарылған.  1912 жылдың қыркүйек айынан бастап күн сайын шығатын 

болған.  Бастапқы  кезде  300  абономенті  болған  газет,  1885  жылы    1000- 

ның үстіне шыққан. Оның 300 Қырымда,  300 Еділ Орал аймағында,   150 

Дағыстанда,  50  Сибирияда,    200  Орта  Азия  мен  Түркістан  аумағында 

болатын.   1907 жылы  тиражы 5000-ға жеткен газет [1, 38] Стамбул, Кайр, 

Қашқар  және  Үндістанға дейін  жайылған.  Міне осындай  маңызды  газетті 

Қазақ оқушыларына танытқандардың бірі Міржақып Дулатұлы болған. Ол 

өзінің  кезекті  мақаласында:  «Исмағул  мырза  қайрат  қылып,  жолын  ебін 

тауып,  «Тәржіман»  газетасын  шығарған.  «Тәржіманға»  рұқсат 

шыққанға  дейін  екі  губернатор,  үш  министр  төңірегінде  Исмағул  мырза 

үш  жыл  әуре  болып  жүрген,  4-5  рет  Петерборға  барған»  деп  газетті 

шығару кезіндегі қиындықтарын атап көрсеткен. [2] 

«Мен  өзім  медреседе  оқымасам  да  1904  жылдан  бастап  ноғай 

әдебиетін  үйренуге  әуестендім.  Сол  жылдан  бастап  «Тәржіман»  газетін 

және кейін шыға бастаған өзге ноғай газеталарын  һәм кітаптарын оқитын 

болдым. Бұлар маған сіңді» [3, 109] деп жазады М. Дулатұлы.    

«Тәржіман»  газеті  қазақ  халқының  мәдениеті  мен  тарихына, 

экономикасына  қатысты  көптеген  мақалалар  жариялаған.  Мысалы: 

«Қазақтар»,  «Торғай  hәм  Орал  облыстарындағы  қазақтардың  жағдайы”, 

«Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны сынды» тб. 

Осы  мақалалардан  Гаспыралының  қазақ  бауырларына  жанашырлық 

танытқанын,  бейжай  қарамағанын  көруге  болады.  Гаспыралы  жоғарыда 

атап  өткен  мақалаларында  қазақ  халқының  жинақталуына,  тезірек 

сауаттануын  қалаған.  Гаспыралының  қазақ  бауырларына  арнайы  жазған 

мақаласын М. Дулатұлы барлық қазақ оқырмандарына түсінікті болу үшін 

«Оян  Қазақ»  еңбегінің  қосымшасы  ретінде  қазақшалап  «Гаспыралының 

айтқан сөзі» деп Қазақ газетінде  жазған еді. Бұл мақалада «Хожа Ахмет 

Йасауи  хазіретлері  қабірінен  тіріліп  шықса,  қазақ  халқына  дін  үйретпес 

еді.  «Өздерің  де  мұсылман  екнсіңдер  деп»  дүлдүліне  мініп  алып,  Қара 

Еділден  Алатауға,  Омбыдан  Әмударияға  шейін    қазақ  бар  жерді  аралап: 

Тез  жұрт  салып,  шәхәр  болыңдар,  егін  саймандарын  алып,  жер 

жыртыңдар»,-  деп  жар  салар  еді»  деп  көшпелі  қазақ  халқына  жерін 

қорғап қалудың жолдарын ашып көрсеткенін баяндаған. ХХ ғасыр басында 

қолға  алынған  отырықшылдық  мәселесін  қазақ  зиялылары  бірауыздан 

қолдамаған еді. Мұның түрлі себептері болатын.  

 

 «Адамзат неше түрлі әлем толған 

Әр дінде әр мәзһәпте және болған 

Соның көбі шаһардан орын алып 


Сахарада  біздің  қазақ  көшіп  қонған»,    деп  «Оян!  Қазақ»  еңбегінде 

отырықшылыққа  көшу  керектігін,  Гаспыралының  ашық  түрде  жазған 

мақаласына қосылатындығын білдірген.   

Усул  жәдит  жүйесімен  Қазақстанда  алғаш  рет  әліпби  құрастырған 

және  оны  оқулықтарда  қолданған  А.  Байтұрсынұлы  болатын. 

Байтұрсынұлы қазақша жазуға тәртіп көрсетіп Айқап газетінде өз жобасын 

ұсынып  оқушылардың  сынын  күтіп,  егер  көпшілік  ұнатса  ұсынылған 

жобамен әліппе бастырмақшы еді. Айқап газетінің 6 нөмірінде Ш. Жияшев 

деген  кісі  Байтұрсынұлының  усул  жәдитпен  әліппе  жасауды 

түсінбегендігін,  жазу  тәртібін  басқаша  түсінгендігін  айтып  сынаған.  Осы 

мақалаға  сәйкес  Дулатұлы  Байтүрсынұлының  әліппесін  қолдап,  әліппені 

«усул  жәдит»  әдісімен  жасалғандығын  айтып  ақтаған.  Сонымен  бірге 

жасалған  әліппе  жобасына  қосылатынын  айтып  өз  пікірін  былайша 

білдірген: «Қазақ әліппесіне ф менен х кірсе екен деймін. Таза қазақ сөзінде 



болмаса  да,  қазақ  тіліне  кірген  араб,  парсы,  сөздерінде  hәм  Ахмед, 

Мұхаммеджан,  Фазыл  деген  секілді  қазақ  аттарында  бұл  екі  әріп  көп 

ұшырайды.Ф  мен  х  әліппеге  кіргенменен  жазу  тәртібіне  қиыншылық 

келтірмейді» [4, 54].  

Мұсылмандық ағартушылықты қолдаған Әлихан Бөкейханның саяси 

қоғамдық қызметі мен саналы ғұмырындағы әріптестері А. Байтұрсынұлы 

мен  М.  Дулатұлы  болатын.    «Оян  Қазақ»  және  «Қырық  мысал»  атты 

кітаптарында  халықты  еңбекке,  білім  алуға,  сауаттануға  шақырған.  Алаш 

қайраткерлері  дінді  екінші  орынға  қойып  басқа  жолға  түскен  жоқ. 

Керісінше дінмен ұлтты сақтап қалуды біртұтас алған.  Дулатұлының «Әр 

халықтың  күші  һүнер  болса,  һүнерге  Алла  тағала  қасында  ынтамыз 

саясында  біз  қазақтар  да  ортақ  болса  керек.  Соның  үшін  мұсылманша 

ғылымдар оқып, дінімізді танып, надандардың көзін қойып, көңілін ашып, 

мұнымен ахиреттік пайдамызды табалық» деп діннің маңызын көрсетсе;  

«Үлкеніміз  қадимлыққа  жазылып,  Жәдит  деген  партияда  жас  болдық» 

деп бұл ағымды қолдау қажеттігін ашық айтады. А. Байтұрсынұлы: «Қазақ 

дінге  нашар  күйден  өткен,  енді  қазақты  басқа  дінге  ауыстырам  деу  құр 

әурешілік» десе; Ә. Бөкейханның: «Мәдениет өмірі құдірет әмірі» [3, 93] 

деген  сөзінде  терең  мән  бар.  М.  Дулатұлының  ұлтты  серпілткен  «Оян, 

қазақ!» атты өлеңінің негізгі желісіде осы болатын: 

 

Жан фида, малың тәрік болсын жігіт



Дін, милләт деген сөзді тұр жәһидлай 

Мен кепіл сонда жаман болмасыңа 

Тұрмасам қолықды әкел, айтқан шартта-ай. 

 

Осылайша Міржақып біржақты дамуды емес, халықтың сұранымына 



сәйкес  жан  жақты  дамуды  меңзейді.  Осы  аталған  еңбегінде  «Қазақ 

халқына  діни  бір  уағыз»  атты  өлеңі  бар.  Осы  өлеңінде  «әр  болыста 



жамағат  қаржысына  ұсталатын  бір  мешіт;  земство  қаражатымен 

жұмыс  жасайтын  бір  медресе;  медреседе  бес  жылға  сайланатын  бірі 

мұсылманша, енді бірі орысша оқытатын екі мұғалім қызмет атқарсын, 

халық яки байлар өз күшімен мешіт медресе ашамын деп жатса тыйым 

салынбасын,  бірақ  озық  бір  жүйеге  түссін»  [5,  46]  деп  жәдитшіл  ой 

ұсынысын білдіреді.  

Дулатұлының  «Қазақ»  газетінің  30  қыркүйек,  1914  жылы  №80 

санында  «Исмағұлбек    Гаспринский  опатынан  соң»  деген  мақаласы 

шықты. Мақалада  Гаспыралыны «жалғыз Россия мұсылмандарының ғана 

емес,  бүтін  мұсылман  дүниесінің  ұлұғ  адамы»  ретінде  көрсеткен.  Ал  біз 

Міржақып  Дулатұлын  С.  Торағыровтың  жазып  кеткеніндей  мәңгі  өшпес 

«күнге» теңейміз.  

  

Басында ол қарағым тұр ғой дайын 



Тек ұзақ ғұмыр берсін бір құдайым 

Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов 

Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.      

 

Кешегі қара күнде болмап па еді 



Бірі күн, бірі Шолпан, бірі Айым! 

Солардан басқа кеше кім бар еді 

Қазақ үшін шам қылған жүрек майын? 

 

Осылайша  Міржақып  Дулатұлы  негізгі  ағартушылардың  –  өзінің 



және  ұлт  қозғалысындағы  әріптестерінің  тарихи  миссиясын  дәл  бағамдай 

алған.  


 

Сайгы  Гүлнар  Бозымбайқызы,  Phd.  dr.  «Қорқыттану  және  өлке 

тарихы» ҒЗИ аға ғылыми қызметкері  

 

 

  



           

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 



Fahri Solak, “Gaspıralı İsmayıl bey, Tercüman gazetesi bibliyografyası 

ve  


Türkçe yayınlar” www.turkceyayın.com.tr 

2.

 



Түрік баласы (М. Дулатұлы) \ «Қазақ»  16 октябрь, 1914 ж,  № 82 

3.

 



Диқан Қамзабекұлы. Алаш және әдебиет. – Астана: Фолиант, 2002.   

474-б. 


4.

 

Міржақып Дулатұлы. ІІ том. – Алматы: Мектеп. 54 бет 



5. Міржақып Дулатұлы. І том. – Алматы: Мектеп. 46 бет 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал