Мірде жаныңмен де, тіле гіңмен де бір жасап, қызық



жүктеу 78.72 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі78.72 Kb.

Ө

мірде жаныңмен де, тіле-

гіңмен де бір жасап, қызық 

күндерді бірге өткізген  қа-

тар  құрбыңнан  қымбат  қадірлің бол-

майды екен. Әсіресе, халықтың кө-

кейіндегісін дөп басып, асыл мақсат-

тарды бүкіл әлеумет игілігіне айнал-

дырып, таңдай қақтырып, ақ пейілдің 

шырағын жағатын бұқаралық бас-

пасөздің туын көтеруші қаламгерлер-

мен қатар еңбек ету зор абырой. Бұқа-

ралық ақпарат атты  ұлы кеңістіктің 

төрінде отырып, оңы мен солын ғана 

емес,  қоғамдық өмірдің көп көзі мен 

ойына шалына бермейтін шындығын 

жарқырата жеткізу әркімнің пешенесі-

не жазыла бермейтін бақыт екен-ау! 

Қ

азір өз өміріме, өткеніме ой жү-



гіртіп сол кездегі тай-құлындай тебісіп 

жүрген  қатар  құрбыларымды, жан 

аяспас достарымды есіме алсам, осы 

қ

азір шүйіркелесіп отырғандай рахат 



кешетінім бар.  Қарағанды облыстық 

«Орталық Қазақстан» газетінде тілші 

болып еңбек етіп жүрген жылдарым 

еді. Жезқазған атты облыс құрылып, 

оның шаңырағын көтеріп, туырлығын 

жабуға  Қазақстан компартиясы ор-

талық комитетінің бірінші хатшысы 

Д.  Қонаев Жезқазғанға өзі келді.  Қа-

зіргі С.Қожамқұлов атындағы театр-

да үлкен жиналыс басқосу өткізді. 

Жезқазған облысының ашылуы ел 

өміріне теңдесі жоқ жаңалық,  қоғам-

дық өмірде бұрын-соңды болмаған ірі 

табыстар көзін аша келді. Ол енді күні-

түні айтсаң да таусылмайтын, терең 

сырлы, ел жадында мәңгілік сақтал-

жақсы өмір. Сол тұста «Жезқаз-

туы» газеті ашылды. Облыстық 

газет жұртшылықты шындық атты 

құ

діретке бас идіріп,  қалың бұқараны 



ұ

йымшылдыққа, ізгілік пен адалдық, 

әділдікке үндейтін тәрбие құралы бола 

келді. Жаңа облыстың жаңа газеті 

«Жезқазған туы» газетіне бас редак-

тор болып Сайлаубай  Қожамсейітов 

деген жігіт келді. Ашық жүзді әр сөзін 

салмақтап айтуды машық тұтқан жан 

екен. 

- Сіз осы өңірді жақсы біледі дейді 



әріптестеріңіз. Бізге қызметке келіңіз,-

деді мені редакция алқасына шақыр-

тып. Неге қитыққанымды білмей қал-

дым, әңгіме үстінде: 

- Орманы - тауы,  қыраты, шыңы, 

тасы көзді байлаған көк тұман бас-

қ

ан өңірге сіз  қалай келіп  қалдыңыз 



қ

орықпай?! Мен болсам сол тұнжы-

раған, басқаға  құпиясы мол жерде 

туып өстім. Сізге жол болсын, - де-

генім. 

Редактордың орындығында төр-



де шалқайып отырған жігіт сонда: 

- Едігенің майлы жұрты атанған, 

Тоқтамыс тоқтаған жер деп осы жер-

ге  қос тігуге келдім, - дегені. 

- Ә-ә-ә, онда жолың болсың -

деппін. Отырғандар жарыса күліп жі-

берді. Рымқұл Сүлейменов: 

- Екеуі де дұрыс айтты, - деп Жа-

тыр. 

Бас редактормен осылай таны-



сып, сол күні «Жезқазған туы» газеті-

не  қызметке орналастым. «Жезқаз-

ған туы» газетінде сол алғашқы бас 

қ

осып, жігіттермен әзіл-қалжың ара-



лас әңгіме өткізгеніме де 40 жыл бо-

лып  қалыпты. 

Көп кешікпей «Жезқазған туы» 

газетінің бас редакторы болып  Ұзақ-

бай Төлеуов келді. Ақжарқын, мен-

мендігі жоқ қарапайым кісі екен «Мен 

бастықпын» деп кеуде керетін астам-

шылығы жоқ Ұзақбай Төлеуов келісі-

мен бірер апта өтті ме, өтпеді ме ка-

бинетіне шақыртты, бардым. Қасында 

орынбасары Рымқұл Сүлейменов, 

ақын Сайлаухан Нәкенов, тағы басқа 

газет  қызметкерлері отыр екен. 

- Сізді шақыртып отырғанымыз -

бір мәселеге өте  қажет болдыңыз, -

деп маған күле қарады редактор. Ұзе-

кеңнің ерекше мінезі кіммен сөйлессе 

де жайдары отыратын. Ашық-жарқын-

дықты сүйетін еді. 

- Мына жігіттер бүгін редакцияда 

кәсіподақ  ұйымын  құрайық. Сол 

ұ

йымға төраға етіп бәріміздің сыйлы 



ағамыз сізді сайласақ дейді. Осы 

отырған көпшілігіміздің ортақ пікіріміз 

осы,-деді. 

- Жоқ, ол менің  қолымнан кел-

мейді. Мен кәсіподақ жұмысын біл-

меймін,- дедім. 

- Оу, Әбеке, сіз, осы жердің ту-

масы, азаматысыз. Ел-жұртқа емес, 

бүкіл  қызмет орнындағы азаматтар-

ды жақсы білесіз. Жаңа  ұйымдасқан 

облыстың ойы-қыры ғана емес,  қыз-

мет адамдарын да жіті танисыз. Ол 

сіздің - беделіңіз, атақ, абыройыңыз. 

Қ

ашпаңыз. Редакциядағы көпшілік 



сізді сайлайды, ол анық, - деді редак-

тор. Сол күні жиналыс өтіп мені ре-

дакция кәсіподағына басшылық ету-

ге бірауыздан сайлап жіберді. Кейін 

редакция жұртшылығы сан рет өз-

дерінің дұрыс шешім  қабылдағанда-

рына тәнтіліктерін де білдіріп жүрді. 

- Ой, Әбеке, сіздің еңбегіңіздің ар-

қ

асында редакцияда үйсіз-күйсіз жүр-



гендерден баспанаға ие болмаған бір 

адам жоқ. Ол сіздің облыс басшы-

лығы алдындағы азаматтық беде-

ліңіздің арқасы деп ойлаймыз, - де-

ген  қошамет талай айтылды. 

Шіркін, ағысы білінбей тасыған 

өмір-ай!  Ұзақбай Төлеуов,  Ұзақбай 

десе  Ұзақбай, Төлеуов десе Төлеуов 

еді-ау!  Қарамағындағы  қызметкер-

лерге редакция ұжымындағы азамат-

тарға, «сен» демей бәрін «сіз» деп, 

бәрін  құрметтеп өз бауырындай  құр-

мет тұтатын еді. Бірде газет бетінде 

КСРО-ның басшысы есімінде үлкен 

қ

ате кетіпті. Ол  қате газеттің бірінші 



бетінде бадырайып тұр. Газет көпші-

лікке тарап кеткен. Оны  қайтарып 

алып,  қатені түзеу еш мүмкін емес. 

Редакция  қара түн жамылғандай бо-

лып, бәрі біріне-бірі түксие  қарайды. 

Бәрінің көкейінде кеткен қатенің ауыр-

лығы, оларды түнертіп тұрған арты 

не болар екен деген ой. Сол қате кет-

кен номерге мен жауапты кезекші бо-

лармын ба?! Қасымда осы күнгі «Же-

зқазған туы» газетінің орнын басқан 

«Сарыарқа» газеті редакторының 

орынбасары Сара Смағұл бар. Екеу-

міз мәдениет бөлімінде  қызмет ете-

міз. Сара Смағұл университетті енді 

бітіріп келген жас маман. Мен бөлім 

меңгерушісімін. «Не болар екен?» деп 

уайымдап отырмыз. Редактор өзіне 

шақыртты, бардым. 

- Неге шаршадыңыз, көтер иық-

ты. «Жезқазған туы» газеті менің есі-

мімді  қате басып, мені  қорлады деп 

үлкен бастық ешкімге шағым айтқан 

жоқ.  Ұнжырғаң түспесін, жұмысты 

күшейте беріңіз, - деп  Ұзақбай мені 

қ

олтықтап, кабинетіме дейін шығарып 



салды. 

Г

азет деген күнде шығатын, 



сыры-қыры елге тез тарай-

тын сөз ордасы емес пе?! 

Қ

аншама  қаламы  ұшқыр, тілі отты 



журналистер істесе де оның  қазаны 

толып өмірі тасып төгілген емес. Әлде-

неше ондаған  қалам иелері отырып, 

кейде сол газет бетін  қызықты мате-

риалға тойғыза алмайтынымыз да 

бар. Сапабек Мырзатовтың редактор-

дың орынбасары болып келген кезі. 

Жұмысқа талап  қойғыш, тек «жұмыс, 

жұмыс» деп тұратын салиқалы білімді 

жігіт еді. Егер біреуді қырына алса, ақ 

сорпасын шығаратыны бар. «Төрт жа-

ғым құбыла, бәрін біліп тұрмын, жұмы-

ста кемшілігім жоқ» дегендердің қате-

ліктерін көз алдына келтіріп, үйіп-төгіп 

тастайтын білгірлігі өз алдына. Ащы 

сөзбен намысыңды тұздап, іштегі 

бөтен ойыңды жойып тастайды. Ре-

дактордың бірінші орынбасары С. 

Сауытбаев екеуі соғыс кезіндегі гене-

ралдар сияқты «айттым, бітті» деп та-

лап  қоятын Күніне әр журналист ав-

тордың мақаласын  қорытып, мұнша 

жол тапсыруы керек деп бір-ақ 

түйетін. 

Бір күні Сапекең кабинетінде жазу 

үстінде отырған журналист Мәлік Ал-

тыруовқа кіріп: - Бүгін өте тығыз түрде 

өндіріс тақырыбына материал жазып 

тапсырыңыз, - деп белгілі өндіріс оры-

нын атап, - бұл ертеңгі газетке шыға-

тын өте-өте тығыз беделді дүние бол-

мақ, - деп дігерлеп шығып кетеді. Бір 

сағат өткен соң қайта келсе Мәлік Ал-

тыруов әлі сол өз орынында отыр. 

Айтқан өндіріс орынына бармаған. 

- Оу, мен не дедім саған? - де-

мей ме Сапекең. 

- Маған тез жаз дедіңіз. 

- Нені? 

- Өндіріс тақырыбына бір өткір 

сын мақала. 

- Ол қайда? 

- Ол  қазір менің басымда тұр. 

Бүгін жазамын. 

-  Қашан жазасың?  Қашан? - деп 

дауысын көтерген Сапекең ашулы 

шығып кетеді. 

Сол күні жұмыс аяғында әлгі тап-

сырма жайын  қайта көтереді. Оған 

қ

ысылып жатқан Мәлік Алтыруов бар 



ма: 

- Ой, Сапеке, мен сынады деп, 

«Жезқазған туы» үн көтерді деп  қы-

сылатын, маңдайы терлейтін кен оры-

нын өндірісте көргенім жоқ. Жазылар, 

асықпаңыз, - деп бетін  қайырып тас-

тайды. 

Оған ашуланған Сапабек Мырза-



тов: 

- Әй, Мәлік-ай, тірідей өлтірдің-

ау мені, мен кіммін, сен кімсің? - деп 

қ

атты ренжиді. Екеуі  құрдас, ойын-



әзілдері үзілмейтін жандар еді. Соған 

қ

арап Мәлік: 



- Өлме, Сапеке, өлме, сені өзім 

тірілтіп аламын,- деп сақ-сақ күледі. 

Сөйтеді де,  қарқылдап күліп тұрып: 

- Дүниеден өтті Сапабек, 

Рахат көрмей  қапа боп. 

Үш  қатыннан бес бала, 

Жыламады-ау бірі «папа» деп,-

өлеңді шұбырта жөнеледі. Сөйтеді де, 

оны табанда жігіттерге таратып жібе-

реді. Сонда Сапекең: 

- Мәлігі бар редакцияда еңбек ет-

кеніме  қуаныштымын. Бізге де дауы-

сы зор, үні ашық осындай от ауызды, 

орақ тілді азаматтар керек. Бірақ, жер-

ге  қарап  ұлымаса екен, - деп күлген 

еді. 


Ж

урналистер расында да 

сөздің адамы. Жай  қара 

сөздің емес, адал сөздің, 

дуалы сөздің адамы. Ел-жұртқа -

өнеге, елге береке беретін сөзді, 

әрине, халық газеттен оқитыны да 

рас. Сондай өнегелі де, дуалы сөздің 

иелері мұнда да аз емес еді. Аз уа-

қ

ыттың ішінде-ақ, «Жезқазған туы» 



газеті республикамызға белгілі бас-

пасөз беделділерінің біріне айналды. 

Газет қабырғасында көсемсөздің, әң-

гіме-жырдың небір саңлақ жүйріктері 

өсіп еңбек етті. Солардың бірі мен біре-

гейі де Сайлаухан Нәкенов атты ақын 

еді. Аллаһ жаратқан табиғи болмысы 

салмақтылығы, сыпайылығы, сыр-

баздығы, әр сөзін ойланып жүрекке 

жылы тиетіндей етіп сүзіп, салмақтап 

сөйлейтіні ғажап еді-ау, шіркін. Сол 

үшін оны мен «сөзі таңдайына жабыс-

қ

ан, көмейінде сүзгісі бар» деп әзіл-



деуші едім. Бірде оны «дана, даныш-

пан ақын» дегенімде Сайлаухан мені 

қ

ағытып: «Әй кемеңгерім-ай, ойып 



айтасың-ау, аямай сойып айтасың-

ау! Даналықтың ауылын іздесең жаяу 

тарт, Семейге бар, Семейге, тобық-

ты еліне бар», - деген еді. Оның мына 

сөзіне бірдеңе демей  қарап тұрайын 

ба: 


- Міне, міне, ойшылдық, даналық-

тың өзі сөйлеп тұр, жөн сілтеу, жол 

көрсету әркімнің  қолынан келетін іс 

емес. Ол даналық белгісі, - деймін 

ғой. Осындай әзілді сүйетін Мақұлбек 

Рысдәулетов мені  қоштап: 

- Әдемі айттыңыз, біздің Сәкең 

ойлы кісі ғой. Сұңғыла терең мінезді 

адам, - деп жатыр. Содан бастап мен 

Сайлауханды «ой, 

данышпаным» деп 

атап кеттім. Ол да 

қ

арап қалмай «кемең-



герім» деп мені әжуа-

лайтын. 


Қ

атар жүрген  құр-

бының, жолдастың 

қ

адірін білгенге не 



жетсін. Осындай әзіл 

үстіндегі сөзімізді 

естіді ме, бір күні Ұзақ-

бай Төлеуов: 

- Ертең демалыс, 

менің өздеріңмен бір 

сыр шертіскім келіп 

жүр еді, соған өзде-

ріңді шақырып отыр-

мын, - деп 4-5 жігіттің 

атын атап шақырды. 

- Оу, онда бұған 

неге сыйлық дайында-

маймыз? - деп  қалды 

мұндай сәтті  қалт 

жібермейтін Итен  Қа-

рымсақов атты жур-

налист 


- Әй, - деді, сон-

да Ұзақбай бірінші рет 

дауысын көтеріп. 

- Онда мен сен-

дерді шақырмаймын. 

Мен туған күніме дүние жинау үшін 

емес, сүхбат үшін шақырып отырмын. 

Дос болсаңдар, мені сыйласаңдар он-

дай ойды естеріңе алмаңдар, - деп 

түрі қоңырқай тартып, күрсіне демал-

ды ол. Сол күні біз редакцияның бір 

топ жігіті Ұзақбай айтқан жерде басқ-

осып сыр шертістік. Шіркін-ай, сон-

дағы әңгіме, әзілді түгел  қағазға 

түсірер ме еді.  Қазір ойласам Ұзекең 

есімі естен кетпес асыл азамат екен. 

Бірнеше жыл  қызметтес бола жүріп 

ойға түйгенім, оның журналистік қыз-

метке деген адалдығы, сол арқылы 

халыққа көрсеткен еңбегі жаңа жас 

ұ

рпақты тәрбиелеу, салт-дәстүрді 



қ

астерлеу сияқты асыл мұраттары 

көп еді. Газет бетінде кетіп бара жат-

қ

ан деректі мақалада ұлттық тәрбие, 



тіл мәселесі сөз бола қалса жаны жа-

дырап сала беретіні өз алдына. 

- Ей, жігіттер, бұл  ұлттық тәрбие 

орны екенін де естен шығармаңдар, -

деп өзі ойымды жеткізе алдым ба де-

гендей мәз болып күлетін.  Ұзекеңнің 

мінезін түсінген Б. Әбеуов,  Қ. Орын-

бетов, М. Рысдәулетов, М. Алтыруов, 

С. Нәкенов, тағы басқалар кейінірек 

қ

ызметтес болған жастар оған ба-



рынша таза  құрметпен  қараушы еді. 

Айтпасқа болмайтын кейбір сәт-

тер көз алдымда көлденеңдеп тұр. 

Ұ

зекең өмірден озып кеткеннен кейін 



оның орынына редактор болып, орын-

басары С. Сауытбаев отырды. Ол кісі 

орыс мінезді, шапшаң сөйлейтін, кей-

де шарқ-шұрқ айқайлап та жіберетін 

адам еді. 

Бірде редакция отырысында ке-

зекті номерді талқылап отырып, оның 

дауысы қатты шығып кетті, неге екенін 

білгеніміз жоқ, үндемей отырмыз, тек 

Сайлаухан Нәкенов  қана: 

- Сәке, біздің редакциядағыдай 

жұмыс меніңше көп жерде жоқ. Ұйым-

шылдығымыз да, бірлігіміз де, іскер-

лігіміз де ешкімнен кем емес. Неге 

айқайлап кеттіңіз,- деп, оның бетіне 

жымия күле қарады. Сөйтті де: 

- Дәл осы редакциядағы  қыз-ке-

ліншектердің жұмысының өзі бүкіл 

елге үлгі-өнеге емес пе?! Олардың 

жазғандары, мақалалары кімге  ұна-

май жатыр?! Барлығы редакциямы-

зға мақтаныш алып келді. Анау Сара, 

Серікгүл Дәметкен бәрінің атын атай 

берсем өзіңіз де  қанағаттанасыз, -

деп оған сәл тоқтау салды. 

Бір күні ойда-жоқта «обком хат-

шысы Жылқыбай Аралбаев екеуімізді 

шақырып жатыр», жүріңіз, - деді 

С. Сауытбаев. 

Сол күні айтқан мерзімде обком-

ның идеология жөніндегі хатшысы 

Ж. Аралбаевтың алдында болдық. Ол 

кісі  Ұлы Отан соғысына  қатысқан 

майдангер адам. Арқасында  қалған 

оқ денесін ауырта ма, жауырынын өзі 

отырған орындыққа сүйкелейтін әдеті 

бар екен. Екеуімізді қарсы алып, отыр-

ғызып қойып, арқасын қозғалақтатып, 

едәуір отырғаннан кейін «Мен сіздерді 

жай шақырғаным жоқ, бір әңгіме ай-

тайын», - деді. 

- Редактор, осы сені  қарамағың-

дағылар қатал, айқайшыл деп әңгіме-

леп жүр. Ол неге? - деп Сабырдың 

бетіне қарады. С. Сауытбаев өзі күтпе-

ген сауалға не дерін білмей,  қып-

қ

ызыл болып, күмілжіп қалды. 



- Жарайды,  қысылма. Бірақ, өз 

қ

арамағыңдағы үлкен-кіші азаматтар-



ды сыйла,  құрметте. Айқайлай бер-

ме, - деді де: 

- Сен білесің бе, Жаңаарқа ауда-

нындағы саудагер әйел туралы «Ара» 

журналына сын-мақала жазуды мы-

на кісіге «Араның» тілшісі ретінде тап-

сырып едім. Бұл кісі не істеп қайтты? 

Менің бетіме жайдары күле қара-

ған Ж. Аралбаев жауап тосқандай тоқ-

тады. Сауытбаев екеуі де менен жау-

ап күтетін сияқты. Ойымдағыны айт-

қ

алы оқтала бергенімде Ж. Аралбаев: 



- Бұл жігіт азамат басыммен ЦК-

ның органы «Араға»  қазақтың әйелі 

туралы сын мақала жазуға арым бар-

мады. Ол - ана ғой. Анаға пышақ кө-

терумен бірдей бұл жағдай. Сондық-

тан, мен оны жазбадым, жазбаймын 

да деп есеп берді. Анаға пышақ көте-

румен бірдей деген сөз менің жадым-

да қалды. Рахметімді айттым, бір об-

лыс болып шулап, қазақтың бір қара-

пайым әйелін сынап жатсақ  қандай 

ұ

ят болар еді. Редакцияны дұрыс 



басқарыңыз, Сауытбаев жолдас,  қа-

тал болмаңыз, адалдығыңа еш күмә-

нім жоқ. Екеуіңізді әдейі шақырып, бір 

сырласқым келген еді. Оның басы 

осы.  Қазақта «қуыс үйден  құр шық-

па» деген бар. Баяғыда қазақтың үйіне 

жылан кіріп кетсе оны өлтірмей, ақ 

құ

йып шығаратыны бар. Осының бәрі 



ұ

лттық қасиет,- деп  қоңырауын ба-

сып кезекші күтуші  қызды шақырып 

алдымызға дастархан жайғызды. Сол 

жерде бір-екі кесе шай ішіп, рахмет 

айтып тарадық. Содан кейін редакто-

рымыздың да мінезі өзгеріп, өз қара-

мағындағы  қызметкерлерге сыпайы-

лық танытатын болды. 

С

ол «Жезқазған туы» кейінгі 



«Сарыарқа» газетінің шық-

қ

анына міне, 40 жыл төбе 



көрсетіпті. Сол газеттің ізбасары бо-

лып «Сарыарқа» газеті халқымызға 

мәдени, рухани қызмет етіп отыр. Кө-

сегелеріңіз көгеріп, халқымыздың 

құ

рметіне бөлене беріңіздер демекпін 



бүгінгі газет  ұжымына. 

Аппаз  ҚАРАЖІГІТОВ, 

Қ

азақстан Журналистер 



одағының, 

Қ

азақстан Жазушылар 



одағының мүшесі. 

Сарыарқа. - Жезқазған. - 2012. - 27 сәуір (№ 18). - 5 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал