Мінезі қиын оқушыларды тәрбиелеу– Әлеуметтік- психологиялық проблема бекова Ж. К



жүктеу 54.59 Kb.

Дата22.02.2017
өлшемі54.59 Kb.

http://www.enu.kz

 

 



МІНЕЗІ  ҚИЫН  ОҚУШЫЛАРДЫ  ТӘРБИЕЛЕУ– ӘЛЕУМЕТТІК-

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  ПРОБЛЕМА 

 

Бекова Ж.К. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Шабденова А.  

«Астана» университетінің 2 курс студенті 

http://www.enu.kz

 

 

Қазіргі  таңда  бастауыш  мектептің  негізгі  міндеті    -  баланың  бастапқы  тұлғалық 



қалыптасуын  қамтамассыз  ету,  оның  қабілеттерін  айқындау  және  дамыту  болып  отыр.  Мінезі 

қиын  оқушыларды  тәрбиелеу  және  оқыту  қазіргі  таңда  әлеуметтік-педагогикалық  проблема 

ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім.  Мұның ӛзі «қиын оқушылар» санының жылдан-

жылға ӛсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда «қиын оқушыларға» кӛбінесе 

жасӛспірімдер  жатқызылса,  бүгінгі  таңда  бастауыш  сынып  оқушыларының  арасында  да  осы 

категорияға жататындар аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастан - бастауыш мектеп 

кезеңінен  бастап  қолға  алып,  олардың  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  алуларына  мүмкіндік  

жасалуы  қажет.  «Мінезі  қиын  оқушыларды»  тәрбиелеу  жүйесінде  адамгершілік  тәрбиесі  аса 

маңызды  орынға  ие  болады.  Мінез  адамның  жеке  басындағы  қоғамдық  ортаның,  тәрбиенің 

әсерінен  қалыптасып,  оның  ерік  күшімен  ӛзіне  және  қоршаған  ӛмірге  қарым-  қатынасын 

айқындайды.Мінез  -  оқушының  негізгі  ӛмірлік  бет  алысын  және  оның  ӛзіндік  әрекетінің 

айырмашылығын сипаттайтын сапалы ӛзгешелік. Ол – кӛп қасиеттің бірлігі, түрлі ӛзгешеліктердің 

қосындысы,  сонымен  қатар  жеке  оқушыны  әр  қырынан  кӛрсететін  қасиет.  Оқушылардың  мінез-

құлық  тәрбиесін  қалыптастыруда,  оқытушы  мемлекеттік  құжатқа  сүйенуі  қажет.  Ережелер  - 

оқушының  мінез-құлық  заңы.  Осыған  сәйкес  мектеп  оқушыларының  мінез-құлқын 

қалыптастыруда  бірнеше  тәрбие  әдістерін  қолдану  қажет.  Оқушылар  кӛкейкесті  мәселелерді 

талқылау арқылы ӛз кӛзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, 

белсенділігі оларды ӛз біліміне, ӛмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға 

тәрбиелейді.Мораль  нормаларына  жауап  беретін  айналадағы  болмысқа  жеке  адам 

кӛзқарастарының  сан-салалығын  ескере  келгенде,  адамгершілік  тәрбиенің  жеке  тұлғаны 

қалыптастырудағы ролі ӛте зор. 

Адамзат  тарихында  жас  ұрпаққа  адамгершілік  тәрбие  берудің  педагогикалық-

психологиялық  негіздері  ерте  заманнан-ақ  ойшылдар,  ғұламалардың  назарында  болғаны  мәлім. 

Олардың  құнды  идеялары  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп,  бүгінгі  күнге  жетіп  отыр. 

Қазақтың  ғұламаларының  ішінде  Әл–Фарабидің  шығармаларында  адам  баласын  ізгілікке, 

адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім.                    Әл–Фарабидің білуінше, 

«Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі 

бірдей болып келсе, біз ӛз бойымыздан және ӛз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз 

және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің ӛмір бейнеміз 

қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады»  - деп ескертеді /1, с. 64-74/.  Ғұламаның бұл 

пікірінен  –  адамның  санасы  мен  мінез  -  құлқы  оның  адамгершілік  сапаларын  қалыптастырудың 

негізі болатындығын түсінеміз. Одан басқа Ұлы ойшыл Абай адамның ӛсiп жетiлуiндегi тәрбиенiң 

ролiне ерекше тоқтала келе,  адам баласы бiр-бiрiнен  ақыл, ғылым, ар-мiнез арқылы озады. Басқа 

жолмен  озамын  демектiң  бәрi  -  ақымақтық  дей  келе,  адамды  тәрбиелеудегi  қоғамдық  ортаның 



http://www.enu.kz

 

 



ролiнiң  ерекшелiгiн  саралап  кӛрсетіп  бердi.  Адамның  жақсы,  жаман  болуы,  ақылды,  ақылсыз 

болуы  генетикалық  негiзге  байланысты,  ақсүйек  тұқымынан  шыққандар  ақылды,  алғыр  болады 

дейтiн  теріс  кӛзқарасқа  қарама-қарсы  Абай  адам  мiнезiнiң  қалыптасуы  тәрбиеге  байланысты 

екенiн дәлелдедi. Ӛзiнiң отыз жетiншi сӛзiнде: 

«Мен егер заң қаты қолымда бар кiсi болсам, 

адам мiнезiн түзеп болмайды деген кiсiнiң тiлiн кесер едiм-дедi /2, с. 34- 44/.

 

Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің 



еңбектерінде  пайда  бола  бастады.  Оның  зерттеулерінде  қиын  балалардың  мінез-құлық  тарихын 

мектеп,  отбасы  арқылы  ашып  кӛрсетеді.  Ол  қиын  балаларға  мұғалімнің  қатынасы  арқылы  қиын 

оқушы  терминін  нақтылауды  жӛн  кӛреді.  Бұл  балаларға  былайша  мінездеме  береді:  обьективті 

кӛзқараспен  қарағанда  қиын  оқушы  –мынадай,  ол  мұғалімнің  жұмысының  жемісті  еместігіне 

байланысты.  Субьективті  кӛзқараспен  қарағанда  қиын  оқушы  –  мынадай,  онымен  мұғалімге 

жұмыс  істеу  ӛте  қиын,  мұғалімнен  кӛп  жұмыс  істеуді  талап  ететін  оқушы.  Істі  бүлдіруші 

оқушыларға  толыққанды  мінездеме  бере  отырып,  П.П.  Блонский  ӛз  жұмыстарында  мектепті, 

сыныпты ұйымдастыруға баса кӛңіл бӛледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз 

тура  жолы,  тәртіп  бұзушыларды  мәдениетсіз  ортадан  мәдениетті  балалар  ұжымына  біртіндеп 

әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша  ең алғаш зерттеу  жүргізген П.П. Бельский 

кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. 

В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы  – бұл күнделікті педагогикалық әсерге 

кӛне  бермейтін,  ӛзіне  үнемі  қосымша  уақыт  бӛліп  қарауды,  мұғалімнің  ерік-жігерін,  күшін, 

қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын 

балаларға  »  үлгермеушілер  мен  тәрбие  ықпалына  кӛнбейтін  балаларды  және  психикалық 

бұзылудан  жапа  шеккендерді  жатқызады  /3,  259с./.  Қазіргі  кезде  психологияда  қиын  бала 

түсінігінің  бірыңғай  анықтамасы  жоқ.  Бұл  шексіз  ұғым,  ол  жеке  адамның  ӛзгеру  құбылысын 

жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және ӛзге ешкімде қайталанбайтын 

қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.

 

Дамып  келе  жатқан  бала  бойында  ауан  түрлі  қасиеттер  байқалады.  Осы  бір  кӛп  сырлы 



қасиеттердің  жағымды,  жағымсыз  жақтарымен  қатар,  елеусіз  мінез  кӛріністері  де  бала  бойында 

болады.  Бала  мінезінің  жағымды  жақтарына  қайырымдылық,  инабаттылық,  шынайы  адалдық, 

жақсы  –  жаманды  айыра  білушілік,  ибалық,  алдағы  ӛмір    жолына  ұмтылушылық,  үлкенге  сый- 

құрмет таныту  жатса, ал нашар мінез кӛріністеріне тұрақсыздық, ӛтірік айтушылық, ӛзімшілдік, 

беймазалық,  ӛзінен  жасы  кіші  болғанды    басыну,  үлкеннің  тілін  алмай  кері  әрекет  кӛрсету, 

шамадан тыс еркелік, ұшқалақтық  сияқты қасиеттер жатады. 

Балаға назар аударғанда байқалатын қасиеттерге: ӛзіне  - ӛзі   сын кӛзбен қарап, мінездегі 

кемшіліктерді  сезіну,  әділеттілік  және  әділетсіздікті  аңғаруы,  ойлаған  мақсатын  орындап  шығу 

үшін  шыдамы,  сабырлығы  және  іскерлігі  жатады.  Егер  бала  мінезіндегі  кӛріністер  тікелей 

ӛмірімен  сабақтасып,  тәрбиемен  ұштасатын  болса,  бала  қайырымды,  байсалды,  қарапайым, 

сабырлы,  бірізділікті  сақтайтын,  қайсар,  батыл  жүректі,  табанды    болып  ер  жетеді.  Ал  бала 

бойында  ынжық  мінез  қалыптасса,  онда  жалқаулық,  күйгелектік,  еріншектік,  қорқақтық, 

шапшаңдық  танытпай  баяу  қимылдау,  ойын  жетік  түсіндіре  алмағаннан  мылжыңдық  мінездер 

пайда болады. Бала ӛскен сайын кӛп кӛріп, естіп – білуге ұмтылады. Бұндай ұмтылыс барысында: 

ӛз ойын дұрыс жеткізе білу, басқалармен достық қарым-қатынасқа түсу, пікірлесу, айтқан сӛзінің 

растығын  дәлелдей  білу  сияқты  мінез  –  құлық  қалыптасады.  Баланың  дамып,  нақтыланып  келе 

жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің яғни тәрбиелеудің маңызы айтарлықтай орасан зор. 

Оқушының мінез- құлқының ерекшеліктерін анықтау үшін тӛмендегі тәсілдер кӛрсетілген: 

1.Оқушының тәртібін, ӛзін-ӛзі ұстауын сабақ үстінде және сабақтан тыс кезінде бақылау


http://www.enu.kz

 

 



2.Оның  қызметін  талдау  (әр  пән  бойынша  дәптерлерін,  бақылау  жұмыстарын, 

шығармаларын, т.б.)  

3.Оқушыдан ӛзін не қызықтыратынын және жақсы кӛретін сабақтары жӛнінде  әңгімелесу ; 

4.Әр бала бойында белгілі мӛлшерде еліктеушілік қасиеті бар болғандықтан, бұл қасиеттін 

алдын алу мақсатында баланың жанында үнемі бірге жүретін достары жӛнінде  әңгіме жүргізу;  

5.Оқушы жӛнінде ӛзінің қоршаған ортасы қандай ойда екенін білу үшін достармен, ата  – 

анасымен әңгіме жүргізу.  

Бала  мінезін  тәрбиелеудің  сан  қарлы  жолдары  бар.  Психологиялық  –  педагогикалық 

әдебиеттерге  жүгінсек,  тәрбиелеу  негізгі  екі  арнадан  тұратынын  кӛреміз.  Біріншісі    -  бала  кӛзін 

жеткізу  (біз  белгілі  бір  мәселені  құптап,  дұрыстығын  айтсақ,  оның  шынымен  дұрыс  екеніне 

мысалдар немесе тәрбиелік мәні бар әңгіме, жыр-дастандар және шынайы болған ӛмірлік оқиғалар 

арқылы  баланың  кӛзін  жеткізу),  екінші  –  әдет  –  ғұрыпқа    дағдыландыру  (  этикалық  және 

эстетикалық  нормаларды  таныту).  Осы  екі  арна  бір-бірін  толықтырып  берік  байланыс 

құрғандықтан, екі жолды қатар бір – бірінен ажыратпай жүрсгізетін болса, бала мінезі саналылық 

жолға бағытталады.Cонымен қатар мектеп қабырғасында, сабақ кезінде ғана тәрбиелемей, оқудан 

тыс  уақытта  оқушының  таңдауына  сәйкес  келетін,олардың  қабілеті  мен  ішкі  қажеттілігін 

қамтамасыз  ететін  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  кӛзделеді.Соған  сай  олардың  қабілетін  ашуға  

мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі,қолӛнер,техникалық шығармашылық және т.б. іс-әракетті 

үйрету  үйірмелері   мен  секциялар  ұйымдастырылады.  Әр  оқушы  кез-келген  үйірмеге,  секцияға, 

клубқа  ӛз  жүрегінің  қалауымен  қатынасып,  ӛзінің  жеке  басына  тән  қасиетін,  яғни  ӛзіндік 

«менінің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады. 

Қозғап отырған мәселеміз оқушылардың жеке  басының  қасиеттерін зерттеу болғандықтан 

,  онымен  жүргізілетін  жұмыстардың  әдіс  –  тәсілдеріне  тоқталайық.  Бала  бойындағы  бір  күн 

байқалмаған  қасиет  екінші  күні  байқалып  отырады.  Сондықтан,  оқушыларға  арналған  күнделік 

жүргізу артық етпейді. Онда жыл бойы әр бала туралы мәлімет  жазылып жүреді. Ол әрі қысқаша 

түрде, нақты жазылады. 

      Оқу  жылының  соңғы  аптасында  «Мен  қандай  оқушымын»  деген  тақырыпта  тәрбие 

сағатын ӛткізіп, жазылған психологиялық күнделігімен оқушыны танысады. Әр оқушының мінез – 

құлқына  талдау  жасап,  «сенің  бойыңда  мынадай  жақсы  қасиеттер  бар.  Сол  үшін  сені  бәрі 

ұнатады» немесе «сенің бойыңда мынадай жағымсыз қасиеттер бар деп, ол ӛзіңе болашағыңның 

жарқын болуына сәл де болса зиянды әсерін тигізеді», -деп  түсіндіріп отыру қажет. 

Әрбір  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеудің  стратегиясын  білу  үшін  сынып 

жетекшісі тек қана оның күшті және әлсіз жақтарын ғана алып қоймай, сонымен қатар оқушының 

оқу  ісін  жүргізетін,  тұрғылықты  үйінің  жалпы  жағдайын  және  қарым  –  қатынас  жасайтын,  яғни 

араласатын қоғамдық ортасын білу қажет. Ол үшін әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы ата- аналармен 

тығыз байланыста болуы керек: әңгімелесу, ата- аналар жиналысы, анкеталық сұрақтар қою, ата- 

аналардың психологиялық және педагогикалық білімдерінің әрі интеллектінің деңгейімен танысу 

/4, с.142-155/. 

 Оқушының ары қарай жетілуінің бағдарламасын құрамастан бұрын, мұғалім оған әр түрлі 

әдіс  –  тәсілдер  арқылы  ӛзіндік  бақылау  және  ӛзіндік  талдау  жасауға  жәрдемдесуі  керек.  Бұл 

мақсаттарда  мына  тақырыптарға  әңгіме  жүргізуге  болады:  «Сіз  қарым  –  қатынас  жасай  аласыз 

ба?», «Жалқаулықпен қалай күресуге болады?», ӛнегелік тақрыптағы диспут, дискуссиялар: «Мен 

кіммін?», «Мен қандаймын?», «Ӛзіңді таны және жетілдір!» т.б. /5, с. 114-125/. 


http://www.enu.kz

 

 



 Мінез  –  құлқы  қиын  балалардың  жеке  басының  дамуында  ӛзіндік  бағалау  үлкен  роль 

атқарады.  Осыған  байланысты  біз  оқушылардың  ӛзіндік  бағалауы  қандай  екенін  анықтау  үшін 

А.И.Липкинаның  «Үш  баға»  әдісін  қолданамыз.  Әдісті  жүргізу  үшін  –  оқуыларға  : 

«Жалқаулықпен  қалай  күресуге  болады?»  деген  тақырыпта  шығарма  жазып  келу  тапсырылады. 

Шығарма мұғалімдермен бірге отырып бағаланады. Әр мұғалім  ӛз бағасын қояды /6, 119 с. /. 

Ежелден  мәлім  қағида    -  адам  бойындағы  таза  қасиеттердің  пайда  болып  қалыптасуына 

отбасылық  ықпалдың  алар  орны  ерекше.  Отбасының  рухани  тірегі  –  ата-  ана.  Ӛкінішке  орай 

кейбір  деректерде  мектептегі  тың  жаңалықтар  мен  бағдарламаларды  еркін  меңгеріп,  ӛмірдің 

барлық  кедергілерінен  сүрінбей  ӛтуге  бейімділігі  бар  оқушыларға  рухани  және  материалдық 

қолдау  кӛрсетуге  ой  -  ӛрісі,  алған  білімінің  шамасы  жетпейтін  ата  –  аналар  да  кездесіп 

қалады.Олар баланы қаншалықты дәрежеде тәрбиелей алады?! Міне, осыдан бұрыс тәрбиеленген  

немесе мүлдем тәрбие алмаған баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады. Сондыктан әрбір 

отбасы  тарбие  бермеуден  алшақ  болуы  қажет.  Ал,  әрбір  мектеп  психологтары  жас  ерекшелігіне 

сәйкес  мінез-құлқында  киындығы  бар  окушыларды  анықтап,  арнайы  бағыттар  бойынша  түзету-

дамыту  жұмыстарын  жүргізсе,  ата-аналармен  тұрақты  байланыста  болса,  болашақта  қоғамның 

әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан кӛрінбейтіндігіне сенімдіміз. 

Қорыта  келе,  бала  бойында  тұрақты  жағымды  қасиетер  ,  дұрыс  мінез  қалыптасуы  үшін 

мына негізгі шарттарды орындау керек деген ұсыныс береміз: 

1.

 

 Баланың  ӛз  қолынан  келетін  іске  толық  түрде  ерік  беру.  Басқаның  күшіне,  кӛмегіне 



сеніп кетпес үшін оқушы ӛздік жұмыстардың орындауын қадағалау. 

2.

 



Баланы  еркіне  жіберу  оны  ерлікке,  батырлыққа  үйретсе,  тәртіпке  бағындыру  оны 

шыдамдылыққа , табандылыққа үйретеді. Баланы еркіне жібермеу оны жасқаншақ , қорқақ етеді. 

Ал , тіпті тізгінсіз қоя беру, оның бар ерігін орындай беру , баланы бейбастақ, ессіз, тентек етіп 

шығарады. 

3.

 

Қазіргі  заманауи  технологиямен  жұмыс  істеудің  құмарлығына  шек  қою  және 



т.б. 

 

      Әдебиет 

1.Әл-Фараби.  Философиялық трактаттар.-Алматы, 1973. – С. 64-74. 

2. Құнанбаев А.Шығармалар жинағы.-Алматы: Жазушы,1991. – С. 34- 44. 

3. Степанов С.С. Психология трудных школьников: Учебное пособие. Москва, 1996. – 259 

с. 


4. Раттер М. Помощь трудным детям. - Москва, 1987. 

– С. 142-155. 

5. Рабочая книга школьного психолога/ Под ред. И.В. Дубровина. - СПб., 1998. – С. 114-

125. 


6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сӛздігі. Сӛздік-Словарь.  Алматы, 

2007. – 119 с. 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал