Міндеттердің бірі болып табылады



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/6
Дата06.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6

 


 


 

Кіріспе 
 
Қазіргі 
кезде 
еліміздің 
егемендігін 
нығайтып, 
демократиялық,  құқықтық  және  әлеуметтік  жағынан 
дамыған мемлекеттер қатарына ену көзделіп отырған шақта 
жас  ұрпақтың  өз  Отанына,  оның  құндылықтары  мен  өткен 
тарихына, 
халқына 
деген 
құрмет-сезімін, 
сыйлы 
көзқарасын, 
сүйіспеншілігін 
қалыптастыру 
басты 
міндеттердің  бірі  болып  табылады.  Бұл  міндеттің  шешімін 
табуды  әрбір  қоғам  мүшесін  өзінің  туған  өлкесін 
қастерлеуге  үйретуден  бастаудың  маңызы  зор.  Туған  өлке 
әркімнің  өз  үйінің  табалдырығын  аттап  шыққанда  табаны 
тиіп,  қолымен  ұстап,  көзімен  көріп  жүрген  жердің  тарихы, 
географиясы, 
халқы, 
жеткен 
жетістіктері 
мен 
құндылықтары  болып  табылады.  Әрбір  адам  неғұрлым 
өзінің туған жерінің табиғатымен, тарихымен, мәдениетімен 
етене  жақын  жүріп,  оларды  зерттеп  білуге  құштар  болса, 
олардың  жан-дүниесі  бай,  көңіл-күйі  сергек  болады,  әрі 
туған  жердің,  елдің  қадір-қасиетін  білген  адам  өзін  оның 
перзенті санап, оған жауапкершілік сезіммен қарайды.  
Кеншілер  астанасы  –  Қарағанды  қаласы  мәдениеті 
дамып,  саяси  өмірі  қайнаған  ірі  өндіріс  орталығы  ретінде 
бүкіл  әлемге  танымал.  «Өткеніңді  ұмытсаң,  өшкеніңнің 
белгісі,  өткеніңді  еске  алсаң,  өскеніңнің  белгісі!»  -  деп 
халық  даналығы  айтқандай,    шәкірттеріміз-жастарымыз 
әлем  таныған  қаламыздың  көне  тарихын,  мәдениеті  мен 
өнерін  біліп  өссе,  күн  санап  қанат  жайып,  көркейіп  келе 
жатқан  әсем  қаланың  бүгінгісіне  қуана  білсе,  келешегін 
ойымен  барлай  алса,  «Менің  Отаным»,  «Менің  сүйікті 
қалам», «Менің Қарағандым», – деген асқақ ой, ыстық сезім 
жүректерінде ұяласа, нұр үстіне нұр болар еді.  

 

Ұсынылып  отырған  оқу  құралының  мақсаты  өлкетану 
материалдары  арқылы  жас  ұрпақтың  туған  қаласына 
сүйіспеншілігін 
 
арттыру, 
патриоттық 
сезімдерін 
қалыптастыру  болып  табылады.  Сондықтан  оқу  құралында 
қаламыздың тарихы, архитектурасы, ғылымы, әдебиеті мен 
өнері, қаламызда орналасқан оқу орындары және Ұлы Отан 
соғысы  жылдарында  ерлік  көрсеткен  тарихи  тұлғалар 
туралы  мағлұмат  беріледі,  сонымен  бірге  бақылау 
сұрақтары, тапсырмалар, тест сұрақтары ұсынылады. Әрбір 
бөлім  патриоттық  сезімге  баулитын  нақыл  сөздермен 
аталып,  жастардың  бойында  өзінің  туған  жеріне, 
атамекеніне сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейді. 
Оқу құралында шартты белгілер пайдаланылды: 
 

 
- анықтамалық материал 
 
бақылау сұрақтары 
     тапсырма 

 
- тест сұрақтары 
 
Оқу  құралы  оқушыларға,  студенттерге,  жоғары  оқу 
орындарының 
оқытушыларына, 
мұғалімдерге, 
өлкетанушыларға,  кітапханашыларға  және  өз  өлкеміміздің 
тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған. 
 
 
 
 
 
 
 

 

Жер шежіресі – ел шежіресі 
 
Орталық  Қазақстанда  орналасқан  Қарағанды  қаласы 
өткені  мен  бүгіні  тарихқа  аса  бай  қазыналы  өлке  болып 
табылады.  Отанын  сүйетін,  жерін  қадірлейтін,  елін 
құрметтейтін  әрбір  адам  өзінің  туып-өскен  жерінің  өткен 
тарихын қадір тұтып, мақтаныш етуі абзал. Өйткені тарих – 
жер  мен  ел  шежіресі,  болашағымызды  қалыптастыратын 
кешегіміздің тірі тағылымы.  
Қарағанды қаласының тарих қойнауларына терең үңіле 
қарай отырып, оның бүгінгі қарқынды даму жолына жетуде 
жүріп  өткен  жолдарын  танып-білу  аса  маңызды  мәселе 
болып 
табылады. 
¤ркениеттi, 
дамыған 
елдер 
тәжірибесінде  өз  мемлекетiнiң  барлық  азаматтарын 
тарихи  бiлiммен  қаруландыруға  ұмтылыс  жоғары,  себебі 
өз  халқының,  өз  елiнiң  тарихын  білу  Отанына  деген 
құрметті  көрсетеді,  мұның  өзі  әрбiр  азамат  туған  елiнiң, 
туған  халқының  тарихы  ешкiмнен  де  олқы  еместiгiн 
түсiнуін,  әрбiр  азамат  тарих  қойнауына  ойша  тереңдеу 
арқылы  өзiнiң  ата-бабалары  қалдырған  осындай  кең-
байтақ  жердiң  лайықты  мұрагерi  болуға  ұмтылуын 
көздейді. 
Қазақстанда  тұрақты  тұратын  адамдардың  Отаны  – 
Қазақстан  Республикасы.  Адамның  жақсы,  бақытты  өмiр 
сүруi  көп  жағдайда  Отанға  деген  сүйiспеншiлiгiне 
байланысты.  Отанын  сүйе  бiлген,  Отанын  көркейту  үшiн 
аянбай еңбек еткен адамда бәрi де: үй-жай да, құрмет те, 
қызмет те, алға жетелейтiн шексiз арман да болады. 
Отан  адамның  туып-өскен  жерiнен  басталады. 
Әркiмнiң  туып-өскен  ауылы,  кентi,  қаласы  –  оның  кiшi 
Отаны. Ол – үлкен Отанның, Қазақстан Республикасының 

 

құрамдас бөлiгi. Өйткенi, әрбiр ауыл, қала Республикамен 
тығыз байланысты.  
Құрметті  достым!  Сені  өзің  туып-өскен  қаланың 
тарихы  қызықтыратына  біздің  еш  күмәніміз  жоқ. 
Сондықтан  қасиетті  қаламыз  Қарағанды  қаласының 
төлқұжаты, 70-жылдық жылнамасы мен қысқаша тарихын 
ұсынамыз. 
 

  
Қарағанды қаласының төлқұжаты 
 
Қарағанды  қаласы  облыстың  ірі  индустриалды-
өнеркәсіпті,  ғылыми  және  мәдени  орталығы  болып 
табылады. 
1934  жылғы  10  ақпанда  Қарағанды  поселкесі  ЖОАК 
Президиумының  қаулысымен  қала  болып  қайта  құрылды.  
Қарағанды 
қаласынан 
Астана 
қаласына 
дейінгі 
арақашықтық  – 222 км. Қала  аумағы 543,28  шаршы метрді 
құрайды.  
2006  жылдың  1-қаңтарындағы  жағдай  бойынша 
тұрғындар  саны  446,2  мың  адамды  құрады.  Әкімшілік-
аумақтық  құрылым  екі  ауданмен  ұсынылған:  241,7  мың 
адам  тұрғыны  бар  Қазыбек  би  атындағы  аудан  және  204,5 
мың  адам  тұрғыны  бар  Октябрь  ауданы.  1999  жылғы 
бірінші  ұлттық  халық  санағының  мәліметтері  бойынша  ер 
адамдар  46,1%,  әйелдер  53,9%  құрайды.  Қала  аумағында 
113 ұлттың өкілдері тұрады. 
Қарағанды  қаласының  бедерлі  аумағы  Қазақ  ұсақ 
шоқыларының құрамына енеді және Кенгіз-Балқаш су бөлу 
кеңістігі  шегінде  болып  табылады.  Жалпы  алғанда,  телім 
бедері  ұсақ  шоқылармен  күрделенген  толқынды  жазықтық 

 

болып келеді. Солтүстігінде төмен ұсақ шоқылар кездеседі. 
Қалған аумақ жазық бедер ретінде сипатталады. 
Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, 
Солонка,  Безымянка,  Федоровка  су  қоймасы,  Орталық 
мәдениет  және  демалыс  саябағындағы  көлмен  және  төрт 
Көгілдір  көлдермен  берілген.  Қала  климаты  ыстық  құрғақ 
жаз  және  қатал  ұзақ  қыспен  сипатталады.  Қарағанды 
қаласының  экономикасы  мамандандырылған  өндірістік, 
өңдеуші, тау-кен өндіруші салалары, өнеркәсіп және электр 
энергиясын тарату салаларына ие.  
 
 
Қарағанды қаласының картасы 

 
10 

 
Қарағанды қаласының 70-жылдық жылнамасы 
 
1934 жылы  Қарағанды қала мәртебесіне ие болды 
1935 жылы  
қала халқының саны 135 мың адамға жетті. 
Осы жылы жалпы көлемі 10906 шаршы 
метр кірпіш және тас үйлер салынды 
1936 жылы 
шілде Қарағанды қаласы облыс орталығы 
мәртебесін алды 
1938 жылы 
қалада Киров, Ленин және Сталин 
аудандары құрылды 
1940 жылы  тамызда Ботаникалық бақ ашылды 
1941 жылы 
Ворошиловградтан эвакуацияланған 
Пархоменко атындағы машина жасау 
заводы іске қосылды 
1942 жылы 
ақпан Батыстан көшірілген Артемовск аяқ 
киім  фабрикасының  базасында  Қарағанды 
аяқ 
киім 
фабрикасы 
құрылды. 
6  наурызда  «Қарағандыкөмір»  тресі 
жүйесінде  Киров,  Ленин  және  Сталин 
көмір 
трестері 
құрылды. 
13  қыркүйегінде  Мемлекеттік  Қорғаныс 
Комитетінің 
«Қарағанды 
көмір 
бассейнінде 
көмір 
өндіруді 
ұлғайту 
жөніндегі 
шұғыл 
шаралар 
туралы» 
қаулысы,  ал  24  қыркүйекте  БК  (б)П 
Орталық  Комитетінің  Қарағанды  көмір 
бассейнінде 
көмір 
өндіруді 
ұлғайту 
міндетіне  байланысты  партиялық  жұмысы 
жақсарту  жөніндегі  шаралар  туралы» 

 
11 
қаулысы 
қабылданды. 
19  желтоқсанында  Нұркен  Әбдіров 
ерлікпен  қаза  тапты,  оған  1943  жылдың 
мамырында  Кеңес  Одағының  Батыры 
атағы берілді  
1943 жылы  
9 наурызында – Мемлекеттік Қорғаныс 
Комитеті «Қарағанды көмір бассейнінде 
ашық әдіспен көмір өндіруді дамыту 
туралы қаулы қабылдады. 
Мамырда - Қарағанды облыстық ғылыми-
техникалық кітапханасы ашылды. 
10 маусымда – 
«Қарағандытұрғынүйқұрылысы» 
мемлекеттік тресі ұйымдастырылды. 
тамызда – Қарағандыда ақындардың 
республикалық айтысы ұйымдастырылды 
1945 жылы 
сәуірде – облыстық халық 
шығармашылығы үйі құрылды. 
30 мамырда – қалада поляк тілінде 
оқытатын поляк мектеп-интернаты 
ашылды. 
30 мамырда – қарағандылық конструктор 
С.Макаров ГКМ-1 көмір комбайны 
құрастырылды 
1946 жылы  
қалада орталық мәдениет және демалыс 
паркі ашылды. 

 
12 
1948 жылы 
27 Тамыз – қала тұңғыш рет Шахтер күнін 
атап өтті. Осы күні 10 қарағандылық 
шахтер көмір өндірудегі, шахта 
құрылысындағы тамаша табыстары, 
еңбекті ұйымдастырудағы озық әдістері 
үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие 
болды. 
Облыстык музыкалық мектеп ашылды, 
трамвай желісінің құрылысы басталды 
1949 жылы  
2 шілде – Қарағанды геологиялық 
басқармасы құрылды. 
Желтоқсан - Қарағанды медицина 
институты ашылды 
Сапсск лагеріндегі жапон әскери 
тұтқындарының күшімен Қарағандыда 
филармонияның Жазғы театры салынды  
1950 жылы  
қыркүйек - педагогика училищесі 
құрылды. 
1951 жылы  
27 қаңтар – «Қарағандыгипрошахт» 
мемлекеттік жобалау институты құрылды. 
Қараша - Кеншілердің мәдениет сарайы 
жұмыс істей бастады. 
Қалада трамвай қозғалысы ашылды  
1952 жылы  
29 желтоқсанда – қалалық пионерлер 
сарайы ұйымдастырылды. 
Қарағанды музыкалық училищесі ашылды.  
Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір 
институты (ҚНИУИ) құрылды.  
Қарағанды мұғалімдер институты 
педагогикалық институт болып қайта 
құрылды. 

 
13 
Ғ.Мұстафинның «Қарағанды» романы 
жарық көрді 
1953 жылы  
Қарағанды тау-кен институты ашылды. 
Жоғары және орта білім министрлігінің 
1958 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен ол 
политехникалық институт болып құрылды 
(қазір мемлекеттік техникалық 
университет). 
Қараша – облыстық балалар кітапханасы 
құрылды. Оған 1955 жылдың сәуірінде 
Абай Құнанбаев есімі берілді 
1955 жылы  теміржол вокзалы салынып бітті. 
1957 жылы 
Қазақстан жазушылар одағының 
Қарағанды облысаралық бөлімшесі 
құрылды 
1958 жылы  
16 қаңтар - Еңбек гигенасы және кәсіптік 
аурулар ғылыми-зерттеу институты (қазір 
физиология және еңбек гигиенасы 
институты) құрылды.  
27 сәуір - спорт сарайы ашылды, оған 
кейін Н.Әбдіров есімі берілді.  
Қарағанды телевизия студиясы құрылды. 
Оның алғашқы    телехабары Шахтер күні 
қарсаңында эфирге шықты.  
3 қазан - Кеңес Одағының Батыры Нұрқен 
Әбдіровтың ескерткіші ашылды.  
16 қазан - Қарағанды облысы астық сату 
жөніндегі социалистік міндеттемелерін 

 
14 
ойдағыдай  орындап шыққан үшін Ленин 
орденімен марапатталды  
Шахтер орталық стадионы ашылды.  
1961 жылы  
14 қарашада - Қарағанды қаласының 
Сталин ауданы Октябрь ауданы болып 
өзгертілді.  
Қарағандыда Қазақтың шетелдермен 
достық және мәдени байланыс қоғамының 
облыстық бөлімшесі құрылды  
1962 жылы   көрме залы ашылды. 
1963 жылы  
15 қаңтарда – Қарағанды қаласының 
Киров және Шахтинск аудаңдары 
біріктіріліп, ол Киров ауданы деп аталды 
1964 жылы  
Қазақстан Суретшілер  опағының 
Қарағанды бөлімшесі құрылды. 
1966 жылы 
ақпанда - Қарағанды жаңа автовокзалы 
ашылды. 
9 маусымда - Қарағанды кооператив 
институты (қазір Қарағанды экономикалық 
унивеситеті құрылды.  
31 тамызда - Қарағанды сауда-кулинария 
техникумы (қазіргі коммер-циялық 
колледжі) құрылды. 
Л.Данзберггің бригадасы проходкадан 
әлемдік рекорд жасады. Олар 1 айда 2523 
метр кен қазбасын дайындады 
1967 жылы 
1 мамырда – К.Горбачев атындағы 
шахтада Қарағанды облысындағы тұңғыш 
еңбек даңқы музейі ашылды.  
«Қарағанды» проходка комбайнын жасап 

 
15 
шығарған бір топ: қарағандылық ғалымдар 
СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты 
атанды.  
Қарағанды көшелерінде алғашқы 
троллейбустар жүре бастады  
1968 жылы  
1 қаңтарда - Қарағанды мәдени-ағарту 
училищесі құрылды 
1969 жылы  
14 мамырда - Қарағанды қаласының 
Совет ауданы құрылды 
1970 жылы  
27 тамызда - Педагогикалық институттың 
дене тәрбиесі факультеті негізінде 
Қарағанды мемлекеттік дене тәрбиесі 
педагогика институты құрылды (1997  
таратылды) 
1971 жылы  
23 ақпан – Жезқазған мыс балқыту 
зауытының алғашқы мысы алынды  
29 наурыз – Қарметкомбинатта көлемі 
2700 м3 №3 домнаның іске қосылуы  
1972 жылы  
СССР ІІМ Жоғары мектебі ашылды.  
25 ақпанда - Педагогикалық институттың 
базасында Қарағанды мемлекеттік 
университеті құрылды, оған 1995 жылы 
Е.Бөкетов аты берілді.  
«Октябрь» (қазір «Ақжолтай») спорт 
сарайы ашылды.  
Қарағанды бассейнінде көмір өндірудің 
жоғары технологиясын жасаған үшін 
кеніштің 12 қызметкері СССР мемлекеттік 
сыйлығына ие болды 
1973 жылы  қазанда - Қарағанды музыкалық қомедия 

 
16 
театры ашылды.  
Күзембаев атындағы шахтада 
бүкілодақтық рекорд жасалды (31 жұмыс 
күнінде лавадан 177023 тонна көмір 
өндірілді)  
1975 жылы 
мамырда - Ұлы Отан соғысында қаза 
болған жауынгер қарағандылықтар 
мемориалы ашылды 
1976 жылы  
1 қыркүйек – Ж. Бектұров атындағы 
облыстық жасөспірімдер кітапханасы 
ашылды 
1978 жылы  
18 қаңтар – Қарағанды шахтерлері 
бассейн игерілгеннен бері миллиардыншы 
тонна көмірді өндірді. 
қаңтарда - Қарағандыда академик 
Е.Бөкетов басшылығымен «Халькогендер   
мен   халькогенидтердің химиясы және 
технологиясы» I-бүкілодақтық кеңесі 
өткізілді 
1979 жылы   баспасөз үйі пайдалануға берілді.  
1980 жылы  
қараша айында жаңадан салынған 
Сарыарқа әуе жайы алғашқы ұшақтарды 
қабылдады 
1981 жылы 
«Қарағандышахтақұрылысы» комбинаты 
облыстық «Орталық Қазақстан» және 
«Индустриальная  Караганда» Еңбек 
Қызыл Ту орденімен, К.Станиславский 
атындағы орыс драма театры Халықтар 
Достығы орденімен марапатталды 
1982 жылы  С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма 

 
17 
театры Халықтар Достық орденіне ие 
болды. 
1983 жылы  
Қарағандының 600 мыңыншы тұрғыны 
дүиеге келді. 
1984 жылы  
22 мамырда Д.А.Қонаев қала туына Еңбек 
Қызыл Ту орденін қадады 
облыстық филармонияның симфониялық 
оркестрі құрылды 
1985 жылы 
«Киров» шахтасы І-дәрежелі Отан соғысы 
орденімен марапатталды  
1986 жылы  
Күзембаев атындағы шахта Еңбек Қызыл 
Ту орденімен марапатталды.  
«Қарағанды. Қарағанды облысы» 
энциклопедиясы орыс тілінде жарық көрді  
1988 жылы  
30 қаңтар – Қарағандыда бейнелеу 
өнерінің мұражайы ашылды  
1989 жылы  
қала мен облыс тұрғындары ұзақ үзілістен 
кейін алғашқы Наурыз мерекесін тойлады.  
22 шілдеде Қарағанды шахтерлері ереуілге 
шықты  
1990 жылы 
«Қарағанды. Қарағанды облысы» 
энциклопедиясы қазақ тілінде жарық көрді 
1991 жылы  
9 қазан – Кеңес Одағының Батыры Тоқтар 
Әубәкіров ғарышқа ұшты. 
1993 жылы  
21 тамыз – Қарағандыда Бұқар жырау 
Қалқаманұлының 325 жылдығы тойланды, 
Қарағандыда темір жол вокзал алаңында 
ескерткіш ашылды  
1994 жылы   Қарағандыда Халық әндерін 

 
18 
орындаушылардың Ж. Елебеков атындағы 
облыстық байқауы өткізілді (1998 жылдан 
республикалық байқау) 
1995 жылы  
сәуір – Қарағандыда Фитохимия институты 
ашылды.  
Ұлы Отан соғысында қаза болған 
қарағандылық жауынгерлер туралы 
«Боздақтар» атты Зерде кітабының бірінші 
томы жарық көрді 
1996 жылы  
Қарағанды кенішінің бірнеше шахтасы мен 
қосалқы құрылымдары ірі инвестор - 
«Испат-Қармет» ААҚ-ның құрамына енді.  
Социалистік Еңбек Ері, кенші Сәкен 
Шомановтың 100 жасқа толуы атап өтілді 
1997 жылы  
3 мамырда Қазақстан Республикасы 
Президентінің Жарлығымен Жезқазған 
аумағы қайтадан Қарағанды облысына 
қосылды  
1998 жылы 
25-26 сәуірде - Қарағанды облысының 
Жаңа Астана - Ақмола қаласындағы 
күндері болып өтті. 
1999 жылы  
25-29 тамызда - Қарағанды қаласының 65 
жылдығы Шахтер күні және ҚР 
Конституциясының қабылдауының 4 
жылдығына арналған шаралармен атап 
өтілді. 
29 тамыз – Қарағандыда Апақ 
Байжановтың ескерткіші ашылды  
2001 жылы  
қалада ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына 
арналған шаралар белгіленіп, 

 
19 
«Тәуелсіздіктің 10 жылдығына -10 игі іс» 
бастамасы негізінде келелі істер жүзеге 
асырыла бастады 
2002 жылы 
тамызда - Костенко және Күзембаев 
атындағы шахта ұжымдары көмір шығару 
жөніндегі жаңа табыстарға қол жеткізіп, 
рекорд жасады  
2003 жылы  
сәуірінен Қарағанды қаласының 70 
жылдығына дайындық басталды. 
Қыркүйек – Қарағанды Техникалық 
университеті құрылғанына 50 жыл толуын 
атап өтті. 
қазанда - «Валют-Транзит» қаржы-
өнеркәсіп қауымдастығының Гипермаркет 
ғимараты пайдалануға берілді.  
17 қараша – Қарағандыда Қаныш 
Сәтбаевтың ескерткіші ашылды 
2004 жылы 
Ақпан – Қарағанды қаласы 70 жылдығын 
атап өтті. 
 
 
         
Қарағанды қаласындағы алғашқы құрылыстар  

 
20 

 
Қарағандының қысқаша тарихы 
 
  
 
Апақ Байжановтың ескерткіші 
 
Еуразия  тарихында  Қарағанды  деп  аталатын  жер 
осыдан  170  жыл  бұрын,  1833  жылы  малшы  Апақ 
Байжановтың  Сары  Арқа  даласында  ең  бірінші  тас  көмір 
кесегін  тапқанынан  басталады.  Бұл  Нұра  өзенінің 
оңтүстігіне  қарай  Қарағанды  шатқалында  болған  оқиға.  
Қарағанды  көмір  кен  орынын  тұңғыш  тапқан  адам  өзінің 
ұлы  жаңалық  ашқанын  сезбеген.  Апақ  Байжановтың 
жаңалығы  ол  кезде  бұл  аймақтың  дамуына  ешқандай  әсер 
етпеген.  

 
21 
Тек  23  жылдан  кейін  ғана,  1856  жылы  Қарағанды 
петропавлдық  көпес  Н.Ушаковтың  қолына  өткеннен  кейін 
бұл жерде көмір өндіріле бастады. 1856 жылы "Қара Забой" 
атты Иванов ашық кен қабаттары пайдалануға тапсырылды. 
Бұл жерде 116,3 пұт көмір өндірілген. Осы жыл Қарағанды 
көмір  кен  орынын  пайдалануды  бастаған  жыл  болып 
есептеледі. 
1904  жылы  Франция  президентінің  ұлы  Клод  -  Эрнест 
Жан  Карно,  өзінің  Екінші  Николай  патшамен  қарым  - 
қатынасын  пайдаланып,  бұл  ерекше  кен  орынын  766  мың 
рубльге  сатып  алған.  Қарағанды  көмір  кен  орыны  бірнеше 
рет  қолдан-қолға  ауысқан.  1907  жылы  ол  ағылшындардың 
меншігіне  ауысты.  Ағылшындық  кезең  1920  жылға  дейін 
созылды және Қарағанды көмірінің өндірілуі іс жүзінде сол 
кезден  басталды.  1908  жылы   алғашқы  өндіріс  заводтары 
мен  отын  базасының  арасын  қосқан  бірінші  тар  табанды, 
ұзындығы  40  шақырым  "Қарағанды-Спасск"  темір  жолы 
салынды. 
Азамат соғысы жылдарында Қарағандыда көмір өндіру 
тоқтатылып,  1929  жылға  дейін  шахталар  мен  көмір 
кеніштері  жабылған. 
Тек  1931  жылдың  15  тамызында  БКП  ОК  (б)  "Көмір 
мен  кокс  қорын  көбейту  туралы",  ал  18  қарашада 
"Қарағанды  көмір  бассейнін  құру  туралы"  қаулы 
қабылдады. Сол жылдары профессор А.А.Гапеев басқарған, 
кейіннен  үнемі  үзіліссіз  жұмыс  істейтін  атақты  Гапеев 
экспедициясы 
болып 
атанған 
геология-зерттеу 
экспедициясы Қарағанды кен орынының көмір қоры туралы 
ғылыми  негізделген  ең  бірінші  еңбегін  шығарды.  Бұл 
экспедиция  кен  орынының  аумағы  300  шаршы  километр, 
көмір  қоры  4  миллиард  тонна  екендігін  анықтаған.  Сол 
кездерде  Қарағанды  тез  дами  бастады.  1930  жылдың 

 
22 
қөктемінде жұмысшылар поселкесінде 15 мыңға жуық адам 
тұрған,  ал  бір  ғана  1931  жылы  белгілі  қаулы  шыққаннан 
кейін қала тұғындарының саны 70 мыңға жеткен. 
1931  жылдың  соңында  ҚазОАК  қаулысы  бойынша 
Қарағандыға  қала  мәртебесі  берілді.  Бірақ  ҚазОАК-нің 
қаулысы  БКП  ОК  (б)  үш  жылдан  кейін  ғана  бекітілді.  
Тарихи шешім 1934 жылдың ақпан айында қабылданып, сол 
күн  Қазақстандағы  жаңа  қаланың  туған  күні  болып 
есептеледі.  
Бұл кезде Қарағанды тұрғындарының саны 100 мыңнан 
асты.  Қарағанды  және  Қарағанды  көмір  бассейні 
Бүкілодақтық құрылыс деп жарияланды.  
Қарағанды  көптеген  ұлттар  мен  халықтардың  дарыны 
мен ақылының, мінез-құлқының арқасында құрылған. Қала 
тез өсе бастады. Қарағанды 1940 жылы 165 мың халқы бар 
ірі  өндіріс  және  мәдениет  орталығы  болды,  ал  Қарағанды 
көмір  бассейні  Ұлы  Кеңес  державасының  үшінші  көмір 
ошағына  айналды.  ГУЛАГ-қа  қатысты  жылдар  Қарағанды 
тарихының беттерінен ерекше орын алады. 30 жылдары бұл 
жерде  екі  Франция  мемлекеті  сиятын  үлкен  ҚарЛАГ 
архипелагы  құрылған.  Сол  кезеңде  бұл  жерде  65  мың  жер 
аударылғандар  мен  ҚарЛАГ  тұтқындары  тұрған.  Кейбір 
мәліметтерде  ҚарЛАГ-та  миллионнан  астам  тұтқын  болған 
дейді. Олардың көбі көмір өнеркәсібінде еңбек еткен.  
1934  жылы  бассейн  шахталарында  104  мыңға  жуық 
адам еңбек еткен, олардың 5525 арнайы жер аударылғандар. 
30-шы 
жылдардың  екінші  жартысында  Қарағанды 
облысына 
тұтас 
халықтарды 
жер 
аударғандықтан, 
Қарағандының  ерекше  менталитеті  қалыптаса  бастаған. 
Алғашқы  эшелондармен  Қиыр  Шығыстан  жер  аударылған 
корейлер  келді.  Кейінірек  Балтық  жағалауынан,  Батыс 
Украина  мен  Белоруссиядан  жер  аударылғандар  келді. 

 
23 
Соғыс  жылдары  Қарағандыға  неміс,  қарашай,  қалмақ, 
шешен,  ингуш,  грек,  қырым  татарлары  жер  аударылған... 
Қарағанды жері бұлардың бәрін де қабылдады. 
Барлық халықтар бұл жерде тыныштық пен бейбіт өмір 
тапты.  Қонақжай  да  қайырымды  қазақ  халқы  оларға  жан 
жылуын  ұсынды.  Бәріне  де  жұмыс,  жер  және  мейірім  де 
табылды.  Есесіне  жер  аударылған  халықтар  ризашылығын 
білдіре  отырып,  қазақ  және  орыстармен  қатар  бассейн 
шахталарында, құрылысында және екінші туған жері болған 
қаланы көркейту жұмыстарында күні-түні еңбек етті. Соғыс 
жылдары  шахталар  үзбей  көмір  өндіріп  отырды.  Көмір 
бассейнінде  соғыс  кезінде  45  миллион  тонна  көмір 
өндірілген. 
Бұл  көмір  бассейінінде  соғыс  жылдарына  дейінгі 
кезеңде  өндірілген  көмірден  бір  жарым  есе  көп.  Тек  соғыс 
жылдарынан  кейінгі  уақытта,  елуінші  жылдардың  басында 
Қарағанды  басшылары  уақыт  пен  қаржы  тауып,  құрылыс 
көтеріп, қаланы көркейту жұмыстарын жүргізді. 1958 жылы 
қалада  24  аурухана,  5  перзентхана,  11  емхана,  82  күндізгі 
мектеп  пен  30  кешкі  мектеп,  4  жоғары  оқу  орыны  және 
көмір  саласын  зерттейтін  7  ғылыми  мекеме  ашылған. 
Әлеуметтік  мәртебесімен  бірге  қаланың  өндіріс  әлеуеті 
көтерілді.  
80-ші  жылдары  Қарағанды  көмір  өндіріс  бірлестігінің 
құрамында  66  кәсіпорын,  оның  ішінде  22  шахта,  2  қуатты 
ашық  кен  орыны,  8  байыту  фабрикасы  болып,  онда  80 
мыңнан  астам  адам  еңбек  еткен.  1978  жылы  Қарағанды 
көмірінің 
миллиардтық 
тоннасы 
шығарылған. 
"Қарағандыкөмір"  ӨБ  "Октябрь  революциясы"  орденімен 
марапатталып,  22  кенші  Социалистік  Еңбек  Ері  атағын 
алған.  Сол  жылдары  Қарағанды  өсіп-өркендеп,  қалада 
тұрғын 
үйлер 
құрылысы 
белсене 
жүргізілді.  

 
24 
1970-80  жылдары  2  млн.  шаршы  метр  үй  салынды.  
Сонымен  бірге  жаңа  мектеп,  аурухана,  балабақшалар 
салынды. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданы көтеріле бастады.  
1957  жылы  Қарағандының  тұрғын  үй  қоры  1400  мың 
шаршы метр болса, ал 1985 жылы 6,7 млн. шаршы метрден 
асты.  
1984  жылы  қала  өзінің  жарты  ғасырлық  мерейтойын 
атап  өтті.  50  жылдық  мерейтойына  орай  Қарағанды  СССР 
Жоғарғы  Кеңесінің  Жарлығымен  Еңбек  Қызыл  Ту 
орденімен  марапатталды.  Өзінің  70  жылдық  мерейтойын 
Қарағанды 427 мың тұрғыны бар ірі өндірісті, ғылыми және 
мәдени орталық ретінде қарсы алады. 
Көмір  әдеттегідей  қаланың  дәстүрлі  өндіріс  тауары 
болып  есептеледі.  2000  жылдан  бастап  облысымызда  35 
жаңа кәсіпорын ашылды. Шикізат бағытынан қала сервисті 
-технологиялық  экономикаға  сенімді  бет  алған.  Мерейтой 
жылы ішінде ғана 4 жаңа импорт алмастыру және экспертті 
бағытталған  өнімдер  шығару  кәсіпорыны  ашылды.  Импорт 
алмастыру  Қарағанды  экономикасының  негізгі  бағыты 
болды.  Бүгін  Қарағанды  бұл  көрсеткіш  бойынша 
республикада  басты  орын  алады.  Отандық  инвесторларға 
жасалған 
тұрақты 
жұмыс 
жағдайы 
шетелдік 
инвесторларғада  тең  жасалады.  Өзінің  тұрақты  нарықтық 
тұрмысымен  Қарағанды  ірі  сауда  орталығына  айналды. 
Бірақ  тауардың  экспорттық  құрылымында  әдеттегідей  кен 
және металлургия өнеркәсібінің өнімдері басым. 
Экономика  жанданып,  кіші  және  ірі  бизнес  нығаюда. 
Көшелер  көріктеніп,  көптеген  көркейту  жұмыстары 
жүргізілуде. Соңғы жылдары Қарағандыны жаңа объектілер 
әрлендіруде, олардың көбісі бірегей туындылар. Атап өтсек, 
бұл  "Мектеп  -  балабақша"  оқыту  кешені,  Халықаралық 
"Созвездие"  бильярд  орталығы,  ҚР  тәуелсіздігінің  10 

 
25 
жылдығына  арналған  этносаябағы,  Ж.Ақбаев  атындағы 
және  "Юность"  алаңдары,  "Аквапарк",  "Қазақмыс"  спорт 
кешені,  "Каскад"  кешені,  Қаржы  супермаркеті,  "Абзал" 
сауда  үйі.  Мешіт  пен  шіркеу  салынды.  Вокзал,  "Шахтер" 
стадионы қайта өңделіп, жаңадан Орталық Әскери округтің 
штабы салынды. Кәсіпкерлер аяғынан нық тұрып, кіші және 
орта  бизнес  кәсіпорындары  ашыла  бастады.  Қала  өсіп, 
өркендеп  келеді.  Жақын  арадағы  жоспар  бойынша  -  жаңа 
құрылыс, бірегей объектілер бой көтермек.  
 
 
 
Бақылау сұрақтары  
 

 
Қарағанды қай жылы қала мәртебесіне ие болды? 

 
Қалада шамамен қанша ұлт өкілдері тұрады? 

 
 Қарағанды  қаласы  қай  жылы  облыс  орталығына 
айналды? 

 
Қарағанды тұңғыш кен орынын тапқан кім? 

 
Апақ  Байжановтың  ескерткіші  қай  жылы  ашылды 
және қаланың қай жерінде орналасқан?  

 
Еңбек  Қызыл  Ту  орденімен  қала  қай  жылы 
марапатталды? 

 
Қарағанды  қаласы  70-жылдық  мерейтойын  қандай 
жетістіктермен атап өтті? 
 
 
 
 
 
 
 

 
26 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал