Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт



жүктеу 27.6 Kb.

бет1/48
Дата08.01.2017
өлшемі27.6 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Мүхамбетқалиев  С.,  Ахметов  К.Ғ, 
Ғабдуллин Х.А.
Байүлы  мен  Жетіру 
және  Төре,  Төлеңгіт, 
Ноғай-қазақ  шежірелері
Орал қаласы 
2002  жыл

ББК  63.2 
М83
Мүхамбеткалиев  С.,  Ахметов  К.Ғ.,  Ғабдуллии  Х.А.
М83  Байүлы  мен  Жетіру  және  Төре,  Төлеңгіт,  Ноғай-қазақ  шежірелері.  -  Орал, 
2001.  -  290  бет.
ISBN  9965-553-16-5
Кітап  окушы  қауымын  Кіші жүздегі  Он  екі  ата  Байүлымен  ж өне  Ж еті  рұ  бірлестігінің жөне  Төре, 
Төлеңгіт,  Н оғай-қазақ  рұлар  шежіре  тарихымен  таныстырады.
Авторлардың  көп жылдар бойы  ел арасынан ж әне  басқада  еңбектерден ж инаған деректер негізінде 
жазылған,  кітап  тек  танушыларға  арналған.
Кітаптаң ізденушілер ата тегін білетіндер жеті атаға дейін айыруға мүмкіндік алады. Кәзіргі, келешек 
ұрпақгарға  салиқалы  ой  салалары  сөзсіз,  тербиелік  маңы зы   бар.
Авторлар  кітапты  бастыруға демеушілік  көм ек  көрсеткен  ұжымдарға  олардың  басшыларына,  жеке 
адамдарға алғыс айтады.
Алғы сөзін жазған тарих ғылымдарының докторы   профессор Бірімжаров  Бақгығүл К^бдырұль
Пікір жазған  Батыс  Кдзакстан  мемлекеттік универститетінін,  проф ессоры ,  Кдзақстан  Социал 
Республикасына  еңбек  сіңірген  мөдениет  қызметкері  Давлетьяров  Шангерей  Хамитұлы.
Редакторы Ахметов Асылбек Кимұлы.
м   0502000000 
00(-05)-01
ББК  63.2
© 
МүхамбеткалиевС., 
Ахметов K.F. 
Ғабдуллин Х.А.

АЛҒЫ  СӨЗ
1995 
;кы..л>і  шідаеііің 

жүлдызында  Елбасы  кол  койған  “Кэзакстанда  тарихи  сананы  калыптастырудың 
түжырымдамасына”  сәйкес  біртүгас казак халкының тарихын жазуда туған өлке тарихының алар  орны  ерекше 
көрсетілген болатын.  Бұл орайда біздің өлке Кіші жүз тарихы терең,  казак халкының даму тарихындагы күрделі 
саяси-әлеуметгік оқиғаларға толы,  ғасырларға жалғасқан азатгық күрес мекені, үрпакка үлгі тарихи түлғалардың 
касиетгі  отаны,  үлтсык,  мемлекетгілік  дәстүрлерінің  бастауы  екевдігі  -  бүгінгі  тарихи  шындық.  Оны  бүгінгі 
күні  жарық  көріп  отырған  аңыз-әңгімелер,  шежірелер,  пакты  тарихи  фактілік  күжаттар  дәлелдейді.
Кіші жүздің территориялық аумағы  ең  алдымен  осы  өңірде  өмір  сүрген ру-тайпалардың түрағы  ретінде  бір 
күнде,  не бір жылда қалыптаса қоймағаны кімге де болса айдай анық нәрсе.  Тарихи жазба дерекгерге сүйенетін 
болсақ,  онда  осы  бір  кең  далада  сонау  көне  замандардан  бастап  жергілікті  байырғы  тайпалар  мен  тайпа 
одақгарының  өмір  сүріп,  тіршілік  етіп,  баскд  казак жүздерімен  катар  өмір  сүргендігін  байқаймыз.
Алавда,  айта кететін бір жәйт,  тарихта төрт ғасырдан астам уақыт бойы Кіші жүз деп аталған осы аймақгың 
тарихына  арнайы  тоқгалып,  талд іуды  кездеген  зерттеу  еңбектерінің  жетіспеушілігі  қиындық  келтіріп  кедці. 
Дегенмен  соңғы  кездері  тәуелсіз  егемен  -  ел  Кдзақстан  жағдайында  қайтадан  басылып,  жарық көре  бастаған 
тарихи  дерекгік  материалдар  базасы  мен  жаңадан  дүниеге  келген  басгосөз  беттеріндегі  ғылыми  өрі  көпшілік 
назарына  үсынылған  мәселелер  біздің  көңілімізге  аз  да  болса  күрделі  тақырыпты  зертгеуде  сенім  үялатып, 
біздің тарихи ой-санамызды  алға жетелейтіні  сөзсіз.
Бүл  түрғыда  белгілі  ел  ағалары,  көне  көз  казақ даналары  С.Мүхамбетқалиев,  К.Ғ.Ахметов.  Х.А.Ғабдуллин 
жазған  “Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт, Ноғай-кдзақ шежірелері” атты басылымға үсынылып отырған 
еңбектің  тарихи-теориялық,  танымдық  және  ғылыми-тәрбиелік  алатын  орны  ерекше  екендігін  атап  өткен 
жөн.  Әрине, жалпы казақгың күрделі де терең, карама-кдйшылық тарихын кдлыптастыруда тек бір Кіші жүздің 
шежірелік  салтымен  калыптастыру  оңай шаруа  емес,  дегенмен  бүл  кезі  қырағы  авторлардың  ата-баба  салт- 
дәстүрімен ез күлақгарымен естіген, өз көздерімен көрген тарихи аңыз әңгіме, шежірелерді жинақгап бірыңғай 
Кіші жүз тарихына байланысты өз ой-түйінін білдірулері күні бүгінгі тәуелсіз Кдзақстан жағдайында калыптасып 
отырған  ой-пікірлермен  мүдделес  екендігі дүрыс  қүбылыс.
Сөз  жоқ,  кіші  жүздің  этникалық  күрамын  анықгауда  ең  алдымен  маңызды  дерек  -  халық  шежірелері 
болып  табылады.  Бүл  түрғыда  біз  талдап  отырған  еңбек  авторлары  Ш.Қүдайбердиевтің,  С.Толыбековтың, 
Ш.Уалихановтың, М.Тынышпаевтьщ, С.Асфеңцияровтың, Е.Бекмахановтың, Х.Мадановтың, сонау ортағасырлық 
Әбілғазының,  Хафиз  Таныштың,  М.Дулатидің  еңбектеріне  арка  сүйей  отырып,  казіргі  кезеңде  жарық көрген 
тарихшылардың  еңбектерімен  салыстыру  аркылы  өздері  жинақгаған  материалдарды  бір  жүйеге  келтіруге 
тырыскдны байкалады. Әрине бүл қүптарлықжәйт, тарихи шындык, Бүны, өз кезегінде, XVIII-XIX гғ. Кдзақстанды 
патшалык  Ресейдің  отарлау  саясаты  барысында  Кіші  жүзде  болған  орыс  ғалымдары,  эскери  шенеуніктері  де 
мойындаған  болатын.  Мәселен,  XV  ғ.  басында  жарық  керген  орыс  басылымдарында,  дәлірек  айтқанда 
П.Румянцевтің мөлімдеуі бойынша, Кіші орданың 3 атаға бөлінгендігі,  Кішіжүзде 35 рудың болғандығы айтылса, 
ол  рулардың  өз  ішінде  бірнеше  жіктерге  бөлінгеңдігі  ашық  жазылады.  Ал  XX  ғ.  басында  тарихшы  ғалым 
САсфендияров біздің өлкемізде өмір сүрген ру-тайпалардың географиялык-территориялық орналасу жағдайын 
да дәл  суреттеп  бергенді.
Әрине, бүл тарихи шындық халык санасында әлі де болса толықжөне терең сіңбей, сонау отарлаушылық 
және  кейінгі  кеңес  доуіріпдс  калыптасқан  руға,  жүзге  бөлінушілік  деп  түсіндіріліп  келсе,  кдзіргі  тәуелсіздік 
Казақстаи жағдайында,  оны,  керісінше,  бірлі-туыскдндық, біртүтастық,  ата салт-дәстур ортақ бірлігі деп үғыну, 
бойға сіңіру кажетгілігінің айқын екендігі тарихи заңдылықболып есептеледі. Демек, казіргі таңда кдзақхалқына 
төн  рулық  жүйе,  жеті  аталық  үстанымның  халықгы  өзара  біріктіруші  тетік  ретінде  қарастырылуы  ғылыми 
объективтік кджеттілік. Мүны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі де баса көрсетіп, жеті ата үстанымын кэзақхалқының 
этникалық  түтастығының,  генетикалык,  тамырластығының  өзекгі  аркауы,  тапжылмас  темір  казығы  ретінде 
бағалайды.  “Кдзактың жүздік,  рулық жүйесі,  жеті  ата үстанымы ү л п ы қ  ерекшелігіміз,  қазақгың табиғаты  мен 
салтына өбден үйлесімді ерекше тағылымы мен әдет-ғүрпы.  Қазак - дана халық.  Ендеше біздің алдымызда мол 
тарихымызды  қалпы на  келтіріп,  оның  жетістіктері  мен  кемшілігін,  жеңістері  мен  жеңілістерін  барша 
шындығымен көрсету міндеті түр”,  - деп жазады ел  басы  өзінің  “Тарих толғауында”  атты  еңбегінде  (29).
Демек,  біздің  зерделеп  отырған  шежірелік шығарма  мазмүны,  оны жазған  авторлардың  кезкарасы  мен 
үстанымы осы міндетгі шешуге бағытгалған деп санауға толық негіз бола алады. Алайда бүган кдрап, жазылған 
шежіреде  жетіспеушіліктер,  кемшіліктер  ж оқ деген  пікір  кзлыптаспауы  шарт.  Біздің  ойымызша,  төрелердің, 
төлеңгіттердің,  мүмкін  байүлының  әр  тармақтарына  сәйкес  халы қ  жадында  сақталған  рулық  жүйелік 
қағидалармен  келіспейтін  жақтары  баршылық  секілді.  Оны  түсіндірудің  өзіндік  объективті  себептері  бар 
екендігін  үмытпауымыз  қажет.  Өйткені  ел  жадында  сақгалған  шежірелер,  бір  жагынан,  атадан  балаға  ауыз 
әдебиеті  үлгісінде  мүра  ретінде  беріліп  отырган  болса,  екіншіден,  ақсүйекгер  сатысына  жататын  төрелер, 
сүлтандар  төлеңгітгер  ата  тарихын  зертгеу  сонау  ресейлік  империялық  немесе  кешегі  кеңестік  тоталитарлық 
жүйе кезеңінде  ғылыми зертгеуден аластатыльш,  “жабық тақырыптар” болғаны тарихи шындық.  Осы түрғыда, 
бүл жайтгарды, жоғары авторлардан толық дәрежесінде шешуді талап ету мүмкін еместігін, оны елі де болса ел 
арасында  сақгалган  шежірелер  негізіңце  толықгыру  арқылы  немесе  ғылыми  түрғыда  толық мәнді  зерттеулер 
жүргізу,  қорыту  арқылы  шешуге  болады  деп  санау  бүгінгі  күннің,  тарихи  шындығы  екендігін  үмытпауымыз 
кджет.
Бүл орайда алғы сөз жазылып отырған шежірелік шығарма,  оқырман кдуымға да үлкен ой-толгау салады 
деп  есептейміз,  өйткені  ол  үлтымыздың,  халқымыздың  бірлігін,  түтастығын  қалыптастыруға  бағыггалған 
зертгеулер  санатына  жатады.
Бірімжаров Бақгыіүл
тарих ғылымдарьшың докторы,  профессор

Республикамыздың тэуелсізідігінің 
он жыдцығына арналады
КІРІСПЕ
Аңсаған  тәуелсіздігімізді  алып,  тарихымыздың  ақиқатын  білуге  қолымыз  жетті.  Енді,  міне  соның 
арқасында  жер  үшін,  бірлік  үшін,  егемендік  үшін  қолына  ту  ұстап  ел  қорғаған  ерлер,  батырлар  баска  да 
тавдаулы-өрен  түлғаларды  білуге,  олардың  рухына  бас  иіп  еске  алуға  толық жағдай туды.
Халқымыздың  кейбір  ұмытыла  бастаған  әдет-ғұрып,  салт-санасындағы  дәстүрлерімізді  калпына 
келтіруге  мүмкіншілік  туды.
Өшкеніміз  жанғандай,  өлгеніміз  тірілгендей-өткенімізден  хабар  беретін  бүл  тарих  беттері.  Оның 
бір тармағы шежіре.  Шежіре ғасырдан-ғасырға үласып,  атадан-балаға жалғасып келе жатқан түнба байлық. 
“Ата  көрген  оқ  жанар”  деген  мақал  бар.  Арғы  тегінді  атадан  сүрап  біліп  алсаң  жақсы.  Ал,  сүрамасаң, 
немесе  сүрайтын  адамың болмай  қалғанда осы  кітап  сіздерге  көмек болсын деп  үсынып  отырмыз.  Сіздер, 
бүл  кітаптан  Он  екі  ата  Байүлы,  Жетіру  бірлестіктерінің  және  Кззак,  хандары  мен  Төре,  Н оғай-казак, 
Төлеңгіт  үлыстарының  шежірелері  мен  таныса  аласыздар.  Ол  үшін  Қазақгың  шығу  тарихынан  қысқаша 
шолу жасап, соңынан Он екі ата Байүлының тарихына көшеміз.  Ығылым заманынан бері қарай адамдардың 
шығу тегі, жаратылыс күбылыстары  әр түрлі баяндалады.  Адамата,  Қауаиа,  Нүх пайғамбардан  туындайтын 
аңыз  өз  аддына  бөлек  әңгіме.
Кдзакта  жүз  кдйдан  шыққан?  деген  сауалға түрліше  пікірлер  бар.  Мысалы  III.  Уалиханов  халыкгың  өзі 
тудырған  аңыз  -  енгімелерге  сүйіне  отырып,  үш  жүзге  бөліну  мерзімін  анықгап,,  Кдзақ  жүздері  16  -  17 
ғасырларда  Манғол үлыстарының үлгісі бойынша құрылды,,  - деген  өзінің пайымдауын  алға тарты  (7).  Ал 
В.  В  Востров  пен  М.  С.  Мүқанов  қазақ  хандығы  мен  қазақ  жүздерінің  қүрылу  процесін  кдтар  жүргізіп, 
жүздердің күрылуын  15  ғасырдың соңында  аяқгадды деген  пікір  айтады  (8).
Ал  жазушы К, Салгарин: „15 ғасырдьщ 2-ші жартысында Шу бойымен Қозыбасы өңірінде шаңырақ көтерген 
казак хандығы күрамындағы ру -  тайпалар кейін өзара үшке бөлінсе, оны ерекше бір сол кезге тән жағдайлардың 
салдары емес,  ел  баскэрудағы  көшпелі  өмір салты  туғызған,  ғасырдан  ғасырға үзілмей  келе  жаткдн  дәстүрдің 
занды сабақгастығы  деп түсінген жөн .  Мүны тіпті кдзақ жүздерінің - үлы жүз,  орта жүз, кіші жүз деп аталуы да 
дөлелдейді,,  деп  зерттеуші  қойылған  сауалға  жауап  береді.  Өйткені  дейді  ол  көне  заманда  күдірет  күннін 
шыккан жағын касиет түғызьш үлы,  өлсіреп баткдн жағын  кіші  атандырған  (33).
Тарихтан,  Қазакты-Акарыс  (Үлы  жүз,  22  таңба),  Ж аңарыс  (Орта жүз,  31  таңба),  Бекарыс(Кіші жүз, 
25  таңба).  Шомен  4  таңбаны  Орта  жүзден  алған  барлығы  81  таңба  руды  кұрайтынын  білеміз.  Олар  Үйсін, 
К^ңлы,  Жалайыр,  Арғын,  Қыпшақ,  Найман,  Уақ,  Керей,  Қоңырат,  Алшын  екендігі  даусыз,  бүлардың 
әкесі  К^зақ-дейді,  шынында да қазақ халқы  осы айтылған  әкесі бір  кісі қазақ деу  бүл рулық,  түқымдастық 
жене  туыскдндьіқ сана  сезіммен байланысты  шыққан  үғым деп  бағалауымыз дүрыс  (16).
Қазактыц  қара  шежіресінде  Бекарыстан  -  Ордаш,  одан  -  Мөңке,  одан  -  ПІаншар,  одан  -  Түлпар, 
одан  -  Тоқпан  туады.  Тоқпаннан  -  Алау,  Арғымақ,  Алаудан  -  Алшын.  Алшыннан  -  Қыдуар,  Қыдуардан  - 
Әлім,  одан  -  Қаракесек,  Шөмекей  (аға  баласы),  Он екі  ата  Байүлы  өрбиді дейді.  Арғымақган  -  Телеу,  оған 
Рамадан мен Алшынга еншілестер бірігіп Жетіру бірлестігін қүрайды. Алаудан -  Қыдуар одан -  Қыдырқожа, 
Сөдір,  Нөдірқожа  туған  дейді.  Недірқожадан  -  алты  ата  Әлім,  Қыдыркожадан  -  Он  екі  ата  Байүлы, 
Сөдірқожадан  -  Жеті  ата  жетіру бірлестігі  шығады.
Он  екі  ата  Байүлы  аталуында  әр  түрлі  айтады.  Біздің  қолымыздағы  шежіре  нүсқасында  Бекарыстан 
алты бала туған Надіркожа,  Қыдырқожа,  Сәдірқожа,  Нүрқа, Аманқожа, Асанқожа. С оңгалары  жаугершілікте 
өліп,  олардың  әйелдерін  бірінен  соң  бірін  Қыдырқожа  ала  берген.
Қыдырқожа  бай  жерді  көп  алу  үшін  таңбаларды  Сиықгарға  бермей  олардың  балаларына  берген. 
Осылай Он екі ата  Байүлы атанған.  Оны шежіреде  көреміз.  Қыдырқожа байдың (Қыдырбай)  бәйбішесінен
- Қыдырсиық, Бақытсиық,  Сүлтансиық. Нүрқожа жастай жау қолында өледі. Оның өйелі Тастыны Қыдырқожа 
алады.  Оньщ  ішіндегі  баланың  атын  Беріш  қояды.
Аманқожа өлген соң оның әйелі Күнжанды Қыдырқожа алып,  одан  - Таз туады. Асанқожада екі бала 
болган  -  Ештай,  Елтай.  Асанқожа  мен  үлкен  баласы  Ештай  бірге  жау  қолы нан  қаза  табады.  Елтай 
Қыдырқожаның кызы Ханбибіге гашық екен оны алып қашады.  Бірақ көп үзамай кдйтыс болады. Ханбибіде 
іштегі  баланы  босанғаннан  кейін  кайтыс  болады.  Туған  баланың  атын  М а й   қояды.  Ж аңа  туған  Адайды, 
осы түста босанган Таздың шешесі Күнжан Таз бен Адайды емізіп өсіреді.  ”Ақку мен кдз егіз, Адай мен Таз 
егіз”  деген  мақал осыдан калган дейді.

Есентемір  жайлы  да  түрлі  айтылады.  Есентемір  баскз  жақгың,  әуелі  байдың  жылқышысы  болып, 
кеиіннен жүт жылы жылқыны 
қ ы ст ан  
есенаман  шығарып  бағып  өкелгенде  Есентемір  аталып,  байдың  бір 
оаласы  болып  есептеліп  кеткен.
Есентемір Адайсың, Таз, Берішпен кзлайсың” - дегенде олардың туыстық жақындықгарынан шықкан 
әңпме  көрінеді  (30). 
к
ек’  ата  Байүлына  кіретін  Жаппасты  былай  дейді.  А лтын-Ж ағалбайлының  жерін  жайлаған
іШ ЛШ ^ІІІВІІИГПМ ГГп^г-М М і-мш ііітііігііігім іі іг  м  і 
-----------  
--------
И Ю а Ш М М —
Щ
 

;; 
і

.'лаппастың  қызы,  Адай  Келімбердінің  Акдан  деген  баласына  күйеуге  шығады.  Ақпан  мезгілсіз  қайтыс 
болады. Жесір әйел омеңгерлікке көнбей, төркініне  көшіп келіп,  өз алдында Алтын руы болып калыптасады. 
Ж аппас  туралы  әр  түрлі  аңыз  айтылғанмен  Сыр  бойы  шежірешілердің  негізінде  Он  екі  ата  Байүлына 
жаткызатынын  қолдауы  дүрыс деп  есептейміз.
Сонда  Он  екі  ата  Байүлы:  І.Қыдырсиық,  2.Бақытсиық,  З.Сүлтансиық,  4.Есентемір,  5.Таз,  б.Адай, 
У.Беріш,  8-Алтын, 9.Жаппас,  Ю.Ебейті,  П.Ногайггы,  12.Мадияр деген аталардан түрады.  Соңғылардың орнын 
Алтынды  есептемей  8.Алтытабан,  9.Алтыбас,  ІО.Қүлаққаскд,  П Д уати м ес  деген  аталармен  алмастыратын 
ңүсқада  бар.  Көптеген  шежіре  зерттеушілер  осы  иүсқаны  қолдайды.
Шежіре  зерттеушінің  бірі  ғалым  маркүм  М әтжан  Тілеужан  Максимүлы  -  халық аузынан  естіген  баска 
сөз  зергерлеріне  меңзеп,  12  ата  Байүлына:
Алаша,  Байбақты  мен  Маскар,  Тана,
Қызылқүрт,  Есентемір  жуас  қана,
Адай  мен  Беріш  сегіз  болады,
Ш еркеш  пен  Ысықты  он деп  сана
Біреуі  Байүлының  Таз  деген  ел,
Жайлаған  Көкөзекті  Ж аппас  қана  -  деп жазған және  ол  бір  адамнан  туған  деуден  гері  рулық - 
агайындық  жағынан  қауымдасқан  деу тарихи  шындыққа жақын,  оны  әлі  зерттеуіміз  керек деген 
болатын.
Ж азбалай тарихы жок,  әріден сонау Сақ,  Гундерден т.б далалықгардан бастау алатын көшпелі, жартылай 
кешпелілердің әр кезде,  әр жерден көш іп келген үрпақтарының тарихы мен шежіресін қысқаша баяндадық. 
Енді  солардың  ішінен  осы  Батыс  өлкені  мекендегендерінің  өз  түстарына дейінгі үрпақгарының  шежіресін 
жазған  ғалым  Халел  Досмүхамедүлы,  көп  жыл  ел  басқарған  М акаш  Ш олтырүлы,  тарихшы  -  Ш адияр 
Тоқсобаүлы  болғандарын  едейі  атау  керек.
Қазакга  “Әкең  өлседе,  әкенді  көрген  өлмесін”  -  деген  аталы  сәз  қалған,  осыны  мирас  түтқан  біздер 
сол  кісілердің  жазған  шежірелерін  негізге  алып,  жиған-тергендерімізді  ой  елегінен  өткізіп,  қәзіргі  және 
келешек  үрпаққа  көдеге  жарар  деген  ниетпен  осы  шежіре  жинағын жаздық.
Шежіре  қазақгы  руға  бөліп,  арасына  сына  қағып,  жікке  бөлу  емес,  өр  үрпақ  өз  туысын  біліп  басы 
ауырып,  балтыры  сыздағанда  кімге  арқа  сүйері,  жан  ашыры  кімдер  екенін  білдіретін  күжат.  Осыларға 
қосып  айтарымыз осыдан 20-30 жыл бүрын марқүм болған әкелеріміз Ғүсман Ахметүлы  мен  Мүқамбсткдли 
Мырзағалиүлының  өз  түстарына  дейін  Он  екі  ата  Байүлының  ата  тегін  таратқан  қол  жазбалары  бар.  Бүл 
екеуіде арабша сауатты адамдар еді.  Орысшада білетін.  Екеуідееліне еңбегі сіңген бастарынан талай тауқымет 
өткен,  қазақ даласың,  өсіресе  Батыс өлкені түгелдей аралаған,  естігендерін үмытпай естеріне сақгай білетін 
еді.  Олар  өткен  ғасырдың  70-80 жылдарында дүние  салды.
М інеки,  осы кісілердің еңбектері  біздерді жігерлендіріп шежіре жазумен  айналысуымызға күш  берді. 
Қол жазбалардағы деректерге қүжатгардағы жазылған мағүлматтарды косып, жекелеген шежіре жинаушылар 
мен жүзбе  жуз  кездесіп,  сөйлесу арқылы  олардан  түскен  шежірелерден  қажет жерлерін  түзеп,  толықгырып 
бір  жүйеге  келтіруге  тырыстық.  Біздерге  өздерінің  қолдарындағы  бар  материалдарын  беріп,  ат  салыскдн 
ағайындарды  «Сүлтансиық шежіресі»  кітабында  жазганбыз.
Байүлы  шежіресінде негізгі арқауының қайдан  ш ыққанын жаздық.  Оның ертеректе жазылғанынанда 
хабардармыз.  Қөзіргі үрпақгарға дейін толықгыруға жаңа деректер бергендердің аттарын  атап әркдйсысына 
ризашылығымызды  білдіргіміз  келеді.
Еңалдымен  Атырау облысында  Қызылқога  ауданы,  М иялы  селосының  түрғыны  М аксим Жүмабаев, 
О ралд ы қ  О ңғар,  А қ ж ай ы қты қ  Хабиүлы  Н ә сіп қ ал и ,  Қ аратө б елік  м айдан гер  С ағы збай   С ерекеш о в 
Бақытсиы қты ң  көптеген  аталықтарын  толықтырды.  Қыдырсиықгың  кейбір  жетіспей  түрған  түстарын 
толыкгыруға марқүм  Ғиният  Молдашевтің,  Сабырдың  Меңеші сақтаған Ғапурдың қол жазбасы көмектесті. 
М аңғыстаулық шежіреші  Әбу Атшыбайүлының Дербіс  атаның  тармагын толықгыруда  қүнды деректерінің 
орыны  ерекше  болды.  Беріш  атаның  тармақгарын  жіктеуде  Қүрманаев  Темірғали  шежіреге  жүйріктігін 
көрсетіп  көп  көмектесті.  Қалдышов  Н әби,  Атыраулықгар  F.  Жүмашев.  Қ.  Ғабдуллиндер,  ордалы қ  Қ. 
Рахимғалиев  шежіренің  жекелеген  тармактарының  дүрыс  жазылуына  қүнды  үлестерін  косты.  Он  екі  ата 
Байүлының  тарихын  зерттеуде  оның  кейбір  Таз  сияқгы  руыларды  таратуга  маркүм,  профессор  Матжан 
Максимүлы  Тілеужанов  кезінде  белсенді  қатынасып,  оның  жазған  шежірелерініңце  пайдасы  болғанын 
атауга тиіспіз.  Ж аппас, Алашаның Байбарақ,  Балбасар аталықгарын таратуға Иманбай  Жүмағазиевтің қол 
жазбалары  көптеген  кемегін  тигізді.
Батыс  Қ азакстан  мемлекеттік  университетінің  үстаз-галы мдары   Қ арасаев  Ә.Ә.,  М ы рзағалиев  К., 
Бірімжаров Б.Қ., Давлетьяров  Ш.Х.,  Сағнаев Х.С., У кбаев Х.И.  т.б.  осы шежіре  кітабын жазып шығаруға өз 
үлестерің  қосты.  Осылардан  шежіре  жазу  оңай  шаруа  емес  екенін  кәруге  болады.  Ол  ең  алдымен  көп 
ізденуді дәйектілікті жан-жақты хабардар  болуды  калайды,  кездескен  қиынш ылықкэ шыдауды,  жеңе  білуді 
талап  етеді.  Осылардың  бәрімен  біздер  отыз  жылдай  уақыттан  бері  бетпе-бет  кездесудеміз.  Сонда  да  алга 
қойған  мақсатымызды  аякгауға  бәрінеде  де  төзімділік  ете  білу  керектігін  естен  шыгармадык.  Мүнымызға 
ертеректе  ата-текті  білу  ескіден  калган  рушылдық  деген  қөзір  келмеске  кеткен  теріс  үгымның  тигізген 
зияны,  салдары  болды.  Зияндылықгың  ең  бір  ауыр  түсы  осы  үрпақтан-үрпаккд  жалгасып  келе  жаткан

шежіре  үмытыла  бастады,  оны  көптеген  жас  буындар,  өсіресе  Үлы  Отан  соғысынан  кейінгі  үрпақтардың 
білмейтіні, үлттық болмысымызға кдсиетімізге кір келтіреді-ау деген қауіптен сакгауға ой  салуға үмтылудан 
болды.
Қәзіргі  өмір  сүріп  отырған,  егемендік  алған  елімізде  болып  жаткдн  түрлі  бетбүрыс  пен  өзгерістер 
жоғары саналы,  адамгершілігі мол, дүние танымы жан-жақгы дамыған,  мәдениетті болып өсуді талап  етеді. 
Бүл  дегеніңіз  кім-кімге  болса  да  туған  жері  мен  өскен  елінің  сахына  төріне  шығып  оның  өткендегі  өмірі 
мен  келешегіндегі  кең  дүниесінің  қажетгерін  түсініп,  оны  шешуге  еселеген  күшпен  күресе  біл  деген  сөз. 
Совда  ғана  егемендігі  өз  қолына  тиген  мемлекетіміздің  беріктігін,  бірлігін  нығайтып,  қогамымыздағы 
жақсылық-нысандарды  бойымызға  сіңіріп,  үлттық  намысымызды  патриоттығымызды  сақтаймыз.Сөйтіп, 
бүкіл  әлемге  өзіміздің  кім  екевдігімізді  танытып,  өркенниетгі  елдер  катарында  өмір  сүруге  жетеміз.
Кдзақга  “Әкеге  кдрап  үл  өсер,  анаға  қарап  қыз  өсер”  -  деген  аталардан  қалған  накыл  сөз  бар.  Ол 
дегенің соларға  үқса,  өнегелі-үлгілі ісін  жалғастыр  дегені.  Ага үрпақгар  алдында  адал  бол,  үмітін  ақгай  біл 
дегені.  Осыларға  сай  болсаң  борышынды  ақтағаның!
Ж оғарыда  аталардан  қалған  нақы л  сөзді,  басқа  да  айты лғандарды   ойы м ы зға  түйген  біздер 
үрпақгарымыз,  біздердің  басқалардың  білгенін  білсін  деп  он  екі  ата  Байүлының  Жетіру  бірлестігінің, 
қазақ  хандары  мен  Төре,  Ноғай-қазақ,  Төлеңгіт  үлыстарының  (Батыс  өлкені  мекендеген)  бүрын  жарық 
көрмеген  шежіре  нүскдсын  жазып  отырмыз.
Байүлының шежіресі тарихын  осымен  аяктап,  сөз кезегін  өздеріңізге береміз.  Он  екі ата  Байүлының 
шежіресін  таратар  алдында  ескіден  ел  аузында  айтылып,  халқымыздың  қүлағына  сіңген:
Шеркештің  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  ағалығынан  (биліктен)  көресің.
Ысыктың  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  бай-мырзалықтан  көресің.
Сүлтансиықгың  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  сыпайы-сыйлыктан  кересің.
Есентімрдің  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  зорлықтан  көресің.
Таздың  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  үрлықган  көресің.
Адайдың  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  өрліктен  көресің.
Беріштің  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  ерліктен  көресің.
Жанпастың  екі  баласын  көрсең,
Біреуін  қорлыктан  көресің  - деген  сөз  калған дейді
Кдзақ халқы  философиялық-нақыл сөз  айтуға  бай  келеді.  Әзіл-шыны  аралас  айтылғанмен тәжірибеден 
шықкдндығы  анық.  Шежіре  тарихымыздың  бір  тармағы  екенін  есімізде  үстап,  аталардан  қалған  бай  мүра 
ссіміздс  моцгі  сақталатын  шежірені  таратамыз.
Байүлы  мен  Жетіру 
Көшіп,  қонып  аралас,
Кең даланы жайлаған.
Қоралай  малды  айдаған,
Сары қымызды сапырып,
Сауынға бие байлаған.
Қай  тарапта жүрседе,
Кең дастарханда  кездессе,
Төс  кдғысып қүшақгап,
Аман-саулық  білісіп,
Бірін-бірі  сыйлаған.
Ашық аспан  аясында,
Қүстай  үшып  еркіндікті  аңсаған,
Талай  тауқымет  өтсе дағы  бастарынан,
Бабалардың  мол  мүрасы,
Үрпақгардың  шежіресін  сактаған.
і о м т ''  дсРектсР  бертен  адамдардың  тілектері  бойынша  шежіреге  қыз  балаларды да  енгізіп

I-mapay. 
екі  ата


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал