М.Әуезов абайдың Өм ірбаяны (1950)



жүктеу 0.63 Mb.

бет3/5
Дата09.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5

 

Жалаңқая жат мінез жау алады  

Бермей жүрсең, мен сені жек көрем деп...  

Жүз караға екі жүз аларман бар, 

 Бас қатар «бас-аяғын тексерем» деп... 

 

Абайдың  бұл  сөздері  сол  жаңағы  халықты  жан-жақтап,  тұттай 



тонап  жатқан  обырлар  мінезінен  туған.  Кертартпа  ескі  патриархал-

рушылдық  қалдықтарының  барлығы  «қанау  мен  деспотизмге  (шексіз 

әмір  зорлығына)  ерекше  кең,  еркін  жағдай  жасайды»,-  деп  Энгельс 

айтқан  сөз  сол  күндегі  қазақ  тіршілігіндегі  шындыққа  өте  дәл  еді. 

Рубасылар,  болыс,  билер  бір  жағынан  патшалықтың  заңындағы 

өздеріне  пайдалы  жақтарын  өз  үстемдігін  күшейту,  нығайту  үшін 

берік  ұстанды.  Сол  арқылы  мал,  сома,  байлықты  ғана  емес,  басқа  да 

көп жем айыратын. Жақсы қыстау, ең жайлау, мол су сияқтыларды өз 

басына,  өз  атасына  қаратып,  талай  момын  көпшіліктің  жерін  алып, 

жермен бірге күнкергішін, еркін алып жүретін қу, пысық, сұмсұрқия, 

жуан феодалдар көп еді. 

 

Амалдап қарағайды талға жалғап,  



Әркім жүр алар жердің ебін қармап,- 

 

деген сөздер осындай содыр-сойқандардың істерінен туатын. 

Бұл  халдер  бар  қазақ  жерінде  болғанда,  сол  кездегі  Россияда 

қара  шаруаны  феодалдық-крепостнойлық  қалдықтары  бойынша 

қанаудан  және  капитализмнің  өсу  салдарынан  туған.  Қазақстанды 

капиталистік  қатынасқа  тарту  салдарынан  да  пайда  болатын.  Осы 

уақытта  сахарада  натуралдық  шаруаның  іргесі  әлсіреп  келе  жатты. 

Соның  бәрі  кеп  қазақ  қауымында  қоғамдық  жіктердің  неше  алуан 

қайшылықтарымен  айқындай  шыға  бастауына  себеп  болды.  Енді 

патшалықтан,  Россиядан  шыққан  қанаушы  мен  қазақ  ішіндегі  бай-

болыстан  шыққан  қанаушының  бәрі  бір  топ  екенін  айыратын  мезгіл 

туа бастады. Мұнымен қатар орыс халқының ішіндегі қаналған қалың 

бұқара  мен  қазақ  ішіндегі  еңбек  елінің  тарихи  тағдыры  бір  екенін 

ұғатын,  танитын  заман  да  тақап  қалып  еді.  Соны  алдымен  өздері 

аңғарып,  халықтарға  аңғартатын  әр  елден  шыққан  халық  қамқоры 

болған халықшыл-демократтық, азат ойдың қайраткерлері туды. 

Міне,  Абайды  әкелер  жолынан,  ел  жуанының  бар  мінезі,  ісінен 

жирентіп,  оларға  қарсы  алысушы,  әшкерелеуші  етіп  шығаратын 

тарихи  терең  себеп  осында  болатын.  Абайдың  алдындағы  Шоқанды, 

Алтынсаринді  халық  үшін  жаңа,  тың  жол  ідзеуге  беттеткен  тарихи 

себептер  де  осы  еді.  Кейін  Абайды  да  алысқа  құлаш  сермететін 

тарихи  қоғамдық  басшы  ойлар  осыдан  туған.  Бірақ  жас  Абай  әуелі 



 

19 


 

осы  ойларын  туғызып,  осы  қорытындыларын  жасататын  қайшылық, 

ерсіліктерді  көрумен,  солармен  алысумен  жүрді.  Алысқанда  ел 

сорына  себеп  боп  жүрген  болыс,  би,  партия  бастығы  қумен,  сұммен 

алысты.  Олар  болса,  патшалық  тәртібінің  бар  жағдайын  неше  алуан 

сұмдық,  азғындық  түрінде  пайдаланумен  жүрді.  Көбінше  елді  бір 

алдап,  арбап,  ұлықтың  да  олақтығы  болса,  оны  да  зор  айлалы 

аярлықпен  пайдаланды.  Әсіресе,  патша  ұлықтарымен  жемтіктес 

болғанда,  олардың  қазақ  ішіндегі  ерекшелік,  қиын  шытырман 

жағдайларды жете білмейтіндігімен пайдаланатын. 

Патшалық  законы,  сот,  әкімшілік  орындары  қазақ  ішінде 

атқамінер  ортасының  айла-тәсіл,  салт-әдетінен  түк  білмейтін.  Қазақ 

әкімдері  мойындарына  құрық  түсірмейтін  қашаған  сияқты  боп,  олақ 

кеңселерді олай да, бұлай да алдайтын. Сондағы атқамінерлер машық 

болған  бір  мінез  -  өтірік  арыз  болатын.  Өштескен  адамынан,  ең 

алдымен,  ауылда  қара  күшпен,  қолмен  есе  алуға  тырысады,  ол 

болмаса,  жауын  мықтап  жоймақ  болса,  ұлыққа  шабады.  Онда  «кісі 

өлтірді»,  «ауыл  шапты»,  «жер  өртеді»,  «патшаны  жамандады»  деген 

сияқты  неше  алуан  жалалар  ойлап  табу,  сол  үшін  сот  алдында  жан 

беру,  өтірік  куәлар  салу  -  жиі  кездесетін  іс  болған.  Немесе,  бір 

жағынан,  жаңағыдай  арыз  беріп,  жала  жауып  қойып,  артынан  қыр 

жөнімен  табысып,  татуласып  алып,  сол  жауын  қайта  барып  сот 

алдында жаңадан қиялап өздерін ақтау, бұрынғы жаласын кайтып алу 

сияқты  әдеттер  де  толып  жатады.  Өздері  парақор,  колдарына  ұры 

ұстағыш,  өтірікке  мөр  басқыш,  приговор  бергіш  би,  старшын, 

елубасылар көбейді. Ұлықпенен жемтіктес болып, парамен ақты қара, 

қараны  ақ  дегізе  алатын  айлакер  де  молайды.  Сөйтіп  ол  күндердің 

арыз-тартыстарын  тексергенде,  кім  кінәлі,  кім  ақтан  күйген  екенін 

айыру  тіпті  қиын  болатын.  Көбінесе  кінәлі  жаза  шекпей,  кінәсіздер 

күйетін  халдер  де  аса  көп  болған.  Әсіресе,  ел  жуандарының  тартысы 

момын  елге,  көпшілікке  сор  болушы  еді.  Ел  жуандарының  пәлесі 

олардың өзі емес, ел шығынымен, ел бейнетімен аяқталатын. Абай ел 

ісіне  араласқанда  өз  әкесі  мен    әке  достарының    бұның    басына  

қалдырған  ауыртпалығы  зәрдей  болды.  Бірақ  сол  зәрді  іше  жүре, 

әділетсіздікті,  қиянатты  таныды.  Жуандар,  Құнанбайлар  ортасы  ел 

қамы емес, ел сорына біткен озбыр қиянатшылар ортасы екенін  Абай 

таныды. Соны жоғарыда әкесімен айтысқан жерде анық білдіреді. 

Енді  сол  ортаның  залалды  мінездерімен  алысып,  еліне  тым 

құрыса  сонысымен  пайдалы  азамат  болғысы  келеді.  Бірақ  бұның  ол 

жолына  ел  жуаны  жау.  Олар  Абайдың  өзін  де  бұрынғы  өтірік  пәле-

жала  жабумен  жарға  жықпақ  болады.  Солардан  бас  қорғау  ретінде 

және,  бір  жағынан,  жаманын  жазалаймын,  жөнге  саламын  деген 

талаппен 

Абай 


алысады. 

Осындайдан 

туатын 

талас-тартыс, 



жаулықтың  екінші  бір  саласы  уез,  жандаралдың  кеңсесіне  қарай 

 

20 


 

ағылған көп шағым түрінде болатын. Ел ішінде Абай өз бетімен жүре 

бастаған  соң,  аз  уақытта-ақ  талас-тартыстың  кіндігі  қалаға  қарай 

ауысады. 

Сонымен,  28  жасқа  келгенде,  Абайдың  үстінен  берілген  партия 

басы жалақорлардьң өтірік арызы, көп шағымы Семейдің кеңселеріне 

түсе  береді.  Абай  бұған  орай  ешкімді  де  шақпайды.  Бірақ  арыздар 

бойынша  мұны  жалаламақ  болған  ұлық  1877-1878  жылдың  қысында 

оны қалаға шақыртады. 

Осы  жолда  Абай  12  үлкен  іспен  тергеліп,  Семей  қаласынан  3-4 

айға  шейін  шыға  алмай  жатады.  Бірақ  жұмыс  саны  көп  болып, 

тергеуден-тергеу болса да Абай бір де біріне жығылмай, ағарып, аман 

шығады.  Соңғы  жылдарда  Семейдің  архивінен  табылған  бір  іс 

Абайдың  өмірінде  бір-ақ  жол,  үш  жыл  бойында  Қоңыр-Көкшеге 

болыс  болған  кезін  танытады.  Сонда  Абайға  қарсы  өтірік  шағым, 

жалған  жала  жапқан  Үзікбай  Бөрібаевтың  арыздары  Абайды  көп 

тергеуге  ұшыратады.  Ол  істі  Семейдің  оязы,  ояздық  соты,  тіпті 

Семей  губернаторы  да  қолға  алады.  Бірақ  ұзақ  тексеру  соңында 

чиновниктер  аппаратының  өзі  де  Абайдың  жазықсыз,  адал,  халыққа 

пайдалы  адам  екенін  ықтиярсыз  таниды.  Сонда  Үзікбай  атынан 

Абайды  текке  жалалап  жүргендер  елдің  жуан  содыр  феодалдары, 

бұзық атқамінерлері болып шығады. Абайды 1878 жылдарда тергеуге 

ұшыратып  жүрген  көп  шағымдардың  ең  бір  үлкені  осылай  боп 

шығады.  Сол  тергеулердің  тұсында  Абай  ұлық  атаулының  талайын 

көріп, барлығымен де әлденеше халде кездескен болады. 

Ұлық  алдында  жұмысты  болу,  бір  ғана  ұлықтың  өзі  емес,  сол 

кездің  көп-көп  адвокат,  тілмаш    сияқтыларында  кездестіру  керек. 

Соның барлығымен араласу  көп нәрсеге көзін қандырып, Абайға заң-

закон  дегендерді  білдіру  керек.  Орыс  тілін,  әдебиетін  бұрын 

өздігімен  зер  салып  қарастырып  жүрген  Абай  мына  сергелдең 

кездерінде  Семейде  ұзақ  жатып  жүріп,  бұрынғыдан  да  тереңдеп, 

зерлеп,  молынан  ұғына  бастайды.  Ел  ортасында  жетер  өріс,  алар  нәр 

болса,  бәрін  таныған,  баураған  талапкер  өзінің  жүйрік,  сыншы 

ақылымен  енді  бұрынғыға  канағат  етпей,  ілгері  қарай  дамуды,  жаңа 

азық,  нәр  табуды  талап  етеді.  Арыз  үшін,  ұлық  үшін  емес,  білім-

тәлім,  тәрбие  үшін  көксейді.  Білсем,  жетсем  деген  зор  тілек,  үлкен 

талап  пайда  болады.  Бұл  үшін  орыстың  өнерін  білу  керек,  оқу, 

зерттеу,  іздену  керек.  Жігіттік  шағына  дейін  Абайдың  барлық 

орысша  оқуы  үш-ақ  айлық  сабақпен  бітеді.  Әрине  ол  білім  кейінгі 

күндерге  Абайға  азық  болды  деп  айтуға  болмайды.  Орысша  жағынан 

іздену енді ғана молынан басталады. 

1877-1878  жылдың  қысы  жаңағыдай  боп  өтсе  де,  Абай  ел 

жұмысынан  босай  алмайды.  Құр  тергеуге  іліндіргені  болмаса, 

жаулары  да  жеңе  алмайды.  Бұрын  дос  тұтып  жүрген  ел  әлі  де  болса 



 

21 


 

мұның  қасында  калған.  Бұл  уақыттарда  Абай  қыр  жұмысын  әкесінің 

нұсқауымен  жүргізбейді,  өз  жанынан  жаңалықтар  тауып,  сүйген 

жолдарын қолдана бастайды. 

Абай  әкесі  қолданған  бұрынғы  қара  күш  орнына  зорлықтың 

ешбірін  де  қолданбайды.  Жоғарыда  әкесі  тапқан  мін  көбінесе  осы 

жағынан  болу  керек.  Патшалық  күшін  Құнанбай  көп  қолданса  да, 

сонымен  қатар  қыр  жолымен,  өз  күшімен  қол  қимылын  жұмсауы  да 

аса  көп  болған.  Мысал  үшін  Қодарды  өлтіруін  еске  алсақ  болады. 

Абай  өзінің  турашыл,  әділетшіл  мінезімен  халыққа  жағады.  Сол 

арқылы  қарсысындағы  ру  басыларды  ең  алғашқы  рет  емін-еркін 

басып жеңіп шығады. 

Абай осы кезге дейін өзінің ақын екенін білсін-білмесін, бірақ өз 

басына  «ақындық  жол  екен»,  «еңбек  кылатын  кең  өріс  екен»  деп 

білмеген.  Тегінде,  оның  жас  шағында  айтқан  ірі  өлеңдері  аса  көп 

болмау  керек,  оның  орнына  ұсақ  жағы  көп.  Оны  да  үнемі  қағазға 

жазбай,  кейде  орайы  келген  жерлерде  қалжың  ретінде,  ауызша  айта 

жүрген.  Қолға  түскен  бірен-саранының  айтылған  себептерін  қарасақ, 

көпшілігі  біреуді  қалжың  қылған  мысқыл,  мазақ  аралас  өлеңдер. 

Бұлардың  бәрі  де  өлең  қылған  кісінің  көзіне  туралап  сынап  айтқан 

сөз  сияқты.  Екінші  түрлі  өлеңдері  жігіттік  шақтағы  мінез,  ой  туралы 

және  кыз-келіншекке  жастық  дағдысымен  жазған  хат  есепті.  Бұл 

соңғы  жайын  жоғарыда  айттық.  Сыршыл,  шебер  үлгіде  Тоғжанға 

арнап «Ақ етің аппақ екен атқан тандай» деген бір өлеңі болған екен. 

Бірақ ол шығармасын түгел білетін кісі кездеспеді. 

Күлкі  мен  қалжың  қылып  айткан  өлеңді  Абай  бала  күнінен 

бастаған.  12  жасында  бір  жолаушы  қатынға  айтты  деген  бір  ауыз 

өлең бұған дәлел. Сол уақытта-ақ мінегіш, мысқылшыл кішкене Абай 

болашақ  үлкен  сатирик  Абайды  танытқандай.  Кейін  айтатын 

сатиралық  өлеңнің  барлығы  да  осы  бетпен  өседі.  Осымен  әр  жылда, 

әр  жерде,  кейде  ұзақтау  болса,  кейде  бірер  ауыз  ғана  әр  тақырыпты 

өлеңдер  айтып,  жазып  жүріп  Абай  жаңағы  ел  жуандарын  жеңген 

жылдарға  келеді.  Бұл  уақытта  ол  есті,  бағалы  кісі  атанып,  айтқаны 

кімге  болса  да  бұлды  боларлық  дәрежеге  жетеді.  Болыс  болып 

басқалар  жүрсе,  Абай  елдің  ішіндегі  әділдікті,  тура  жолды  бағатын 

кісі  болады.  Шын  ел  қамқоры  болған  адамгершілік,  кісілік  тұтқасы 

Абай  болады.  Қалың  елдің  момын  көпшілігінен  шыққан  дос  атаулы 

да  Абай  басына  үйіріледі.  Ел  ортасының  дау-шарын  сол  бұқара 

көпшіліктің тілегі бойынша кейде өзі атқарып, өзі басқарады. 

Бұрынғы  атқамінердің  парақорлык,  өз  жағына  бұрғыштық, 

әділетсіздік  мінездерінің  бәрінен  ол  аулақ  болып,  барынша  әділ, 

әсіресе  момын  бұқараға  дос,  зорлықшыл  пәлеқорға  қас,  турашыл 

болуға  тырысады.  Өз  заманына  бұл  жағынан  үлгі,  ұстаз  болғысы 

келеді. Осымен қатар енді жыл санап ілім-білім табуға беттей береді. 



 

22 


 

Жасы  отыздан  асқан  соң,  бұрынғы  азды-көпті  білімін  есіне  түсіріп, 

орыс  кітабын  мықтап  окиды.  Едәуір  тіл  біліп  алған  соң,  енді  кеп 

нәрлі  кітаптар  оқуға  кіріседі.  Содан  біраз  жыл  өткенде  Абайдың 

күндегі  өмірінде  үлкен  орынды  тек  кітап  алады.  Кітапты  белгілі, 

жүйелі  тәртіппен  окымаса  да,  жақсы  ақын,  жазушылардың  сөздеріне 

құмарланып, шетінен таныса береді. 

Әдейі  қала  кітапханасының  кітаптары  үшін  Семейде  қысқы 

айларда  үзақ  жатып  алатын  болып,  өз-өзінен  ізденіп,  қармана 

бастайды.  Осымен  35-36  жастардың  шамасында  кітап  қарастырудың 

жолында  жүріп,  Абай  1870  жылдарда  Петербургтен  айдалып  келген 

революционер  жас  Михаэлис  деген  кісімен  таныс  болады.  Михаэлис 

Петербург  университетінің  студенті  болып  жүрген  күнінде  айдалған. 

Атақты  Чернышевскийдің  жақын  танысының  бірі.  Және  сол  кездегі 

демократ-революционер Шелгуновтың туысы (балдызы) еді. 

Сол  Михаэлис  Семейдің  кітапханасынан  Толстойдың  кітабын 

сұрап  тұрған  Абайды  көреді.  Танысады.  Басында  кітапханада 

кездесіп  жүріп,  артынан  жақын  таныс,  достас  адамдардың  халіне 

жетіседі. 

Михаэлис  осы  келгеннен  бастап  Семей  облысынан  қайта  алмай, 

қырық  жыл  тұрып,  сол  жақта  өлген.  Әуелгі  кезде  Семейдің  өзінде 

тұрып,  артынан  Өскемен  қаласын  мекен  еткен.  Міне,  осы 

уақыттардың  барлығында  ол  алғашқы  рет  таныс  болып  алған 

Абаймен ұдайы кездесіп немесе хатпен хабарласып түрған. Аздан соң 

Михаэлис  арқылы  Абай  1880  жылдарда  айдалған  баска  демократ-

тармен де танысқан. Соның  ішінде жас доктор Долгополов,  Леонтьев 

сияқтылар  болған.  Осылардың  кейбіреулері  Абайдың  ауылына 

қонаққа  барып,  досы  болады.  Рас,  Михаэлис,  Долгополовтар  әуелде 

бірі  Петербургтен,  бірі  Харьковтен  айдалған  шағында  революциялық 

әрекеттерімен,  патшалыққа  қарсылық  істерімен  айдалса  да,  кейін 

Сібірдегі  кездерінде  ол  програмдарымен  көрінбейді.  Михаэлис 

чиновниктік  аппараттарда  момын  ағартушы,  зерттеушілік  істерге 

беріледі.  Долгополов  айдау  орнын  ауыстырып,  Қазанға  қайтқан  соң, 

саяси  бағыт  жөнінде  сан  түрлі  өзгеріске  түседі.  Бертін  келе 

Россиядағы  күшейіп  өскен  революция  жолына  шалғай  әрекетке  де 

кетеді. 


Ленин  қатты  сынап,  мінеген  халықшылдықта  жүріп,  содан  ары 

кертартпа  партия  -  эсерлер  тобынан  шығады.  Сондықтан  Абайға  ұлы 

орыс  халқының  бұқарашыл-революционер,  ойшылдары  Белинский, 

Герцен,  Чернышевский,  Добролюбов  еткен  әсердің  бәрін  -  Абай  өз 

бетімен,  орыс  классиктерін  оқудан,  жаңағы  соңғы  адамдардың 

еңбектерін 

зерттеуден 

соң 


табады. 

Сондықтан 

Михаэлис, 

Долгополовтардың Абайға берген көмегін айтқанда, оның шегін біліп 

айту  керек.  Бұлар,  әсіресе,  Михаэлис,  ақынныц  өз  айтуы  бойынша, 


 

23 


 

Абайдың жаңа ізденіп жүрген кезінде ең алғашқы түрде ғана көмекші 

болады.  Бұрын  орыс  мектебін  көрмеген,  отаршыл  чиновниктерден 

басқа  орыс  интеллигенциясын  кездестірмеген  Абайға  Михаэлис 

алғашқы 

айдау 


жылдарында 

Ленин 


айтқан 

екінші 


Россия 

мәдениетінің  ең  алғашқы  хабаршысы  есепті  болады.  Ақынның  ең 

әуелгі  іздену,  қалыптасу  кезеңіндегі  жол  нұсқаушылары  есепті.  Ал 

кейін  орыс  тілін  еркін  біліп,  орыстың    ұлы  мәдениетін  мол,  терең 

тани  бастаған  кездегі  Абай  озғын  ойды  бұлардан  үйренбейді. 

Пушкиннің  өзінен,  Белинский,  Герцен,  Чернышевский,  Салтыков-

Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларынан өздігімен кең, терең тәлім-

тәрбие  алады.  Абайдың  классик  ақын  болған  маңызын,  әлеуметтік 

кезқарасын  тек  Михаэлис  әсерінен  деп  қойсақ,  әрі  Абайға,  әрі  орыс 

халқының  ұлы  мұрасына  және  ұлы  даналарына  қиянат  сөз  айтқан 

болар едік. Ал ақынның Михаэлис туралы үлкен алғыс сөз айтқанына 

келсек,  ол  -  алғашқы  адым  жөніндегі  қарыздарлығын  жақсылап 

білдіргені. 

Абайдың  қазақтан  басқа  өзге  ел  адамдарымен  танысуы  жалғыз 

жоғарыда аталған кісілермен бітпейді.  Патшалық үкіметімен алысып, 

Сібірден  қашқан  Кавказ  адамдарының  да  бірнешеуі  Абайды  тапқаны 

бар.  Бұлардың  ішінде  Тәштемірдің  баласы  деген  адамды  Абай  бір 

жыл  қонақ  етіп,  күтіп  аттандырған.  Қазан  татарынан  шығып, 

солдаттан  қашып,  ел  ішіне  келген  Ғабитхан,  Кішкене  молда 

(Мұхамедкәрім)  деген  кісілер  Абайдың  туысқаны  сияқты  болып, 

қазақтан  әйел  алып,  біржола  қазақ  боп  елде  тұрып  қалған.  Патшалық 

үкіметі  бұл  жөндерде  Абайға  қырын  қарап,  ауылына  бірнеше  рет 

тінту шығарған. 

Жаңағы  аталған  Михаэлисті  Абай  өз  өмірінің  кейінгі  шағында 

еске  алып:  «Дүниеге  көзімді  ашқан  кісі  -  Михаэлис»,-  деген. 

Жоғарыда  айтқандай,  алғашқы  басшылық  істеп,  бет  нұсқағандығы 

үшін  осы  алғысын  айтып  кеткен.  Михаэлистін  өзінің  тексерген 

саласы  табиғат  ғылымы  болса  да,  әр  тарау  жолдардан  мағлұматы 

болған  мәдениетті  адам.  Абайға  алғашқы  кезде  қандай  кітапты  оқу 

туралы  шынымен  көп  мәслихат,  көмек  берген.  Бұрын  колына 

түскеннің  бәрін  талғаусыз,  ретсіз  оқып  жүрген  Абай,  бертіндегі 

оқуын  Михаэлистің  ұсынысы  бойынша  үлкен  тәртіпті  ретке  қойып, 

көркем  әдебиет,  сын,  философия,  табиғат  ғылымдары,  әр  алуан 

тарихтық  кітаптарға  шейін  тарау-тарауымен,  жоспармен  оқитын 

болған. 

Орыстың  белгілі  ақын-жазушыларынан:  Пушкин,  Лермонтов, 

Толстой, 

Салтыков-Щедрин, 

Некрасов; 

сыншыл, 


ойшыл 

демократтардан:  Белинский,  Герцен,  Чернышевский,  Добролюбов; 

Еуропа ақындарынан: Гете, Байрон; философ білгіштерінен: Спенсер, 

Спиноза,  Луис, Дарвин, Дрепер сияқты  талайларды  оқыған.  Алғашқы 



 

24 


 

кездерде      оқығандарының      көбі  орыстың  көркем  әдебиеті  мен  сыны 

болу  керек.  Көп  заманға  шейін  қалада  жатып  оқып,  кейінірек  талай 

кітаптарды  қырға  да  алып  шығып,  елде  де  қарастыратын  болады. 

Еуропаның көпке мәлім романшыл прозаиктерін де оқыған. 

Әрі-беріден  соң  кітаптарды  өзі  оқуымен  қанағат  қылмай, 

маңайындағыларға  әнгіме  қылып,  айтып  отыруды  әдет  ете  бастайды. 

Сол  35-40  жастың  арасында  өзі  кітап  қарастыра  бастауымен  қатар, 

екінші  баласы  Әбдірахманды  Семей  қаласындағы  уездік  школға 

оқуға  береді.  Бұл  баласы  кейін  өндіріп  ұзақ  оқып  кетеді.  Артынан 

біраз  жылдан  соң  үшінші  баласы  Мағауияны  да,  әйел  баласы 

Күлбәданды да әкеп, орыс школына береді. 

Абай  енді  Семей  қаласының  құр  төрелікке  мәз  болған 

ұлықтарынан  мүлде  басқаша  ортаны  тапты.  Олар  -  патшалық 

үкіметінің  Сібірге  жер  аударған  әр  алуан  саясат  қайраткерлері. 

Ертеректе  Қазақстанның  батыс  жағына  Шевченко  айдалып  келгенде, 

Омбы  сияқты  қалаға  жазушы  Ф.М.Достоевский  сияқты  талай  адам 

келген.  Бұлардың  ішінде  Буташевич-Петрашевскийдің  өзі,  Дуров 

сияқты 

ірі 


адамдар 

болған. 


Революционер-демократтардан 

Чернышевскийдің  талай  серіктері  келеді.  Абаймен  жақындасып, 

достасқан  Михаэлис  осы  соңғы  топтан  шыққан.  Ұлы  орыс  халқының 

осылар  сияқты  адал,  бұқарашыл  ұлдарының  бәрінің  жүрегінде 

патшалық  дегенге  өштік  пен  жиреніші  аса  күшті  еді.  Қаторгада, 

айдауда,  еріксіз  солдаттықта  жүрген  күндерінің  бәрінде  де  олар 

орыстың  қалың  бұқарасы,  қара  шаруасының  құлдық-қорлық  халін 

патшалыққа  кешпейтін.  Сонымен  қатар  олар  Сібірде,  Қазақстанда 

патшалық езіп жүрген барлық бұратана елдерге үлкен достықпен, зор 

бауырмалдықпен қараушы еді. 

Чернышевский  болса,  Россиядағы  сияқты  дүние  жүзіндегі 

барлық  қанауға,  құлдық  қорлыққа  қаны  қас  болғандықтан,  поляк 

халқының  патшаға  карсы  алысуына  тілеулес  болғанындай,  Америка 

халқының  азаттық  күресіне  де  көп  көңіл  бөліп,  ондағы  негрлердің 

көтерілісі  болса  екен  деп  те  тілеген  адам  еді.  Өз  айналасындағы  дос 

серігінің  көбін  патшалықпен  қиян-кескі  тартысқа,  колма-қол  алысқа 

әзірлеп  тәрбиелеген.  Патшалықты  құлатып,  көзін  жоюды  өздерінің 

революциялық  арманы,  жолы  етіп  алған.  Сол  үшін,  елі  -  отаны  үшін 

өз  бастарын,  ой,  күштерін  ортаға  салған  орыс    халқының    адал 

ұлдары  бұл  кезде  көп  еді.  Осының  бәрін  анық  ұғынған,  анық 

байлаған  бір  жолы  -  патшалықпен  алысқанда  езілген  бұратана 

халықтар  мен  орыс  халқын  бір-біріне  дос  етіп,  күштерін  біріктіру 

шарт  дейтін.  Ол  революционерлер  қазақ  даласын  қараңғылықта 

ұстаған, 

орыс 

халқымен 



жаулықта 

ұстауға 


тырысқан, 

орыс 


мәдениетінен  жырақтатып  ұстаған  саясатқа  да  карсы  алысқан. 

Сондықтан  орыс  халқының  айдауда  жүрген  шын  адал  ұлдары,  бұрын 



 

25 


 

патшалықтан  жиренумен  өткен  ой  алыптары  Пушкин,  Лермонтов, 

Толстой,  Салтыков-Щедрин,  Чернышевскийлермен  Сібір,  Қазақстан 

халықтарын  таныс  етеді.  Ол  халықтардан  шықан  ел  қамқоры,  саналы 

ұлдарының,  азаматының  бәрін  жаңағы  жазушылардың  еңбектерімен 

таныс  ету  айдаудағы  революционер-демократтардың  саяси  үлкен 

жолының бірі болады. 

Абайға  жолығып,  онымен  дос  болған  Михаэлистер  ол  күнде 

өздері  жеке  бастары  Россияда  даңқы  шыққан  кісілер  болмаса  да, 

Абай  сияқты  кісілерге  ала  келген  жаңалық  пікірлерімен  қымбат 

болған  өкілдер  еді.  Олар  орыс  халқының  анық  елдік  сырын,  шынын 

танытатын  Ленин  айтқан  екінші  Россияның  алғашқы  хабаршысы 

есепті.  Бұлармен  Абай  достығының  осындайлық  тарихи  мағыналары 

бар.  Ендеше,  сол  күнде  осылар  ниетіне  ниет  қосып,  енбегіне  еңбек 

жалғап,  орыс  халқының  мәдениетіне,  өз  еліне  өз  шығармаларымен, 

әлеуметтік  еңбегімен,  ұстаздық  тәрбиесімен  іс  бастаған  Абай  бір 

қазақ  халқы  үшін  емес,  бүкіл  Россиядағы  халыктық-демократтық 

қозғалысқа да зор еңбек еткен адам бола бастайды. 

Орыс  ойшылдарының  достығы  бір  Абай  емес,  сол  арқылы  бүкіл 

қазақ  сахарасына  арналған  достық  боп  ұлғайды.  Абай  енді  өзінің 

қоғамдық,  тарихтық  жолын  ұзақ  өріске  карай  ұлғайтып  алып  кетеді. 

Өзі  де  ғылым  зерттей  бастайды.  Сонымен,  1884  жылдары,  жасы  кы-

рыққа  таман  ілінгенде,  ол  дүниеден  көп  мағлұматы  бар  кісі  болады. 

Әр  нәрсе  туралы  ғылым-философияға  сүйенген  арнаулы  көзқарасы, 

сыны бар қырағы, озғын азамат болып, жекеленіп шыға бастайды. 

Бұдан  кейін  Абай  елге  де  білгіш,  кемел,  халық  кайраткері  болып 

танылады. Сырт елдердің халық қамын ойлайтын кісілері де Абайдың 

атағын  көп  естіп,  әңгіме  мәжілісіне  құмар  болады.  Бұлардың  ішінде 

әр  алуан  қоғамдық,  шаруашылық  жаңалықтарға  бойсұнып  ойыса 

бастаған  адамдар  да  бар  еді.  Абай  өзі  араласып  жүрген  ортасын 

өзгертіп,  түзеткісі  келеді.    Елге    пәле  әкелуші  емес,  коғамына 

пайдалы  еңбек  етерлік  адамдар  шығарғысы  келеді.  Жас  буынды 

мәдениетке  жеткізуді  ойлайды.  Соларды  өзіне  қосарға  алуға 

тырысады. 

Сонымен,  көбінің  өз  тілектері  бойынша,  Абай  жақын  болып, 

кейбірімен  сыйлас,  таныс,  дос  болады.  Жалғыз  Семей  уезі  емес, 

Қарқаралы,  Өскемен,  Аякөз  айналасының  дұрыс  деген  адамдарымен 

де  жақындық  таба  бастайды.  Өзінің  атағы  бір  тобықты  емес,  сан 

тобықтыдай  елдерге  жетеді.  Ол  әмір  жүргізуші  жуандардың  барлық 

іс-әрекетіне  бұрынғыдан  да  өткір,  қатал  сынмен  қарауды  күшейтеді. 

Ел  жайына,  ел  ортасындағы  өз  жайына  болса  да  канағат  қылмайтын, 

заманынан озғын ойларды ойлай бастайды. 

Абай  енді  тентек-тебіздік,  ұрлық-қарлық,  алыс-жұлыс  сияқты 

теріс  мінездердің  барлығы  атқамінер  тобына  түгел  жайылған  мін 



 

26 


 

екенін  айта  жүреді.  Сол  терістіктерді  түзететін  қатал  тез  болғысы 

келеді.  Ұғарлық,  ойланарлық  санасы  бар-ау  деген  кісілерге  өсиет, 

ақыл айтып, ұстаздық етеді. Сонымен, енді  Абай өз ортасының ақыл-

ды,  ақылшы  басшысы  бола  бастайды.  Осы  соңғы  мақсатқа  қарай 

ауысуына  кітап  жүзінен  алған  пікір,  тәрбиесі  және  қосымша  себеп 

болады.  Сонымен  қатар,  ауысып,  өзгеріп  келе  жатқан  заман 

жайындағы  өзінің  ойлаған  ойы,  жаңа  бағыт  түсініктері  әсіресе  себеп 

болады. 

Өз  айтуынша,  отыздың  ішінен  бастап  орыс  оқымыстыларының 

көп  кітаптарын  оқып,  кырыққа  таман  келген  уақытта  бұрынғы 

дүниенің  асты  үстіне  шығып  өзгерді.  «Күншығысым  -  күнбатыс, 

күнбатысым  -  күншығыс  болып  кетті»,-  дейді.  Әрине,  оның  мұндағы 

күнбатысы өзі  тілін, өнерін үйренген Россия.  Абай әрбір жақсы сөзді 

оқығанның  артынан  соның  ағымына  ақыл-оймен  терең  бойлайтын 

әдеттер  табады.  Мәселен,  Будданың  жайын  оқып  шыққанның 

артынан: 

«Будданың  сөзі  қалай  терең  еді,  жасымда  кез  келмеді-ау!»- 

дегені  не  болмаса  өмір  бойы  Лермонтовты  сүйіп:  «Бұл  махаббатқа 

уланған  шын  ақын,  махаббатын  улаған  ашу»-  деген  сияқты  сөздері  

оның  әр  алуан  кең  түсініктерге  ие  бола  бастағанын  көрсетеді. 

Исләмшілдік,  схоластикалық  тұсаулардан  арылғаны  көрінеді.  Сол 

сияқты  өзгерген  сана,  жаңғырған  ұғым  бағыт  бойынша  Абай  өзі 

мінеген  ру,  партия  тартысынан  да  арылып  шығуға  тырысады.  Бірақ 

ортасы  мен  айналасы  Абайды  бұдан  түгел  босатпайды.  Еркін  өзіне 

билетпейді. 

 

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,  



Етек басты көп көрдім елден бірақ... 

Болмаса: 

Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,  

Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме,- 

 

дейді.  


Ақыл  айтады,  сөгеді.  Көппен  бірге  өз  мінін  де  теріп,  өзін  де 

жазалайды. Бірақ ем болмайды. 

Осыдан  соң  сыртқы  өмір  бұның  ырқына  көнбей,  қайта  өзінің 

билігіне еріксіз көндіріп, ескі жолға қайта тарта берген сон, Абайдың 

арманы  мен  күнделік  тірлігінде  көп  қайшылықтар  кездесіп  отырады. 

Бір жағынан, бұрынғы күйге үйлескісі келмей, заманынан, ортасынан 

озып  шығып,  сыншы,  ұстаз,  ақын,  данышпан  болуға  айналған 

Абайды  көреміз.  Екінші  жағынан,  күндегі  өмірдің  талқысы  мен 

шырмауынан  шыға  алмаған,  содан  азап  шегіп,  киналған  Абай 

көрінеді.  Абайдың  сыртқы  өмірі  жеміссіз,  мағынасыз  болса,  оған  өз 



 

27 


 

ішінде  толып  жатқан  қарсылық  бар.  Өз  халқының  неше  алуан  қамы 

туралы  ойына  жиылған  улы  зар,  үлкен  мұң,  қалың  арман  бар. 

Осының  бәрін  қауымына,  замандастарына  жеткізіп,  мәлім  етерлік 

құрал ақындық, өлең болады. 

Сонымен, енді Абайдың нағыз өнімді ақындығы дами береді. 

 

Мен жазбаймын елеңді ермек үшін, 



Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.  

Көкірегі сезімді, тілі орамды  

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,- 

 

дейді. 



Бұл  кездегі  Абайға  -  ақындық  үлкен  қадірлі  мағынасы  бар, 

әлеуметтік  қызмет,  қоғамдық  зор  еңбек  боп  танылады.  Ол  надандық, 

зорлык,  жуандық,  пәлеқорлық  сияқты  халық  үстіндегі  паразит 

атқамінерлер  мінезімен  мықтап  тұрып  алысуға  кіріседі.  Абайды 

кейінгі  тарихқа  және  сол  кездегі  еңбек  еліне,  көпшілікке,  саналы 

жастарға  нағыз  кадірлі  Абай  етіп  көрсететін  еңбегі  өркендейді.  Өлең 

сөзін,  поэзияны  әлеуметтік  тартыстың  кұралы  етеді,  оны  сыншы, 

тәрбиеші,  қасиетті  дос  етіп  ұсынады.  Зұлымдық,  надандыкпен 

кектене алысады. Ендігі Абай ақын, ақындық мүддесі деген жайларға 

Белинский,  Чернышевский,  Добролюбовтар  айтқан  эстетикалық 

тұрғыдан  қарайды.  Ақын  еңбегі,  әлеуметтік  тартыстың  кұралы, 

қоғамдағы  мінді  ашатын,  соған  өкім  айтатын  ұлы  манызы  бар  әрекет 

деп түсінеді. Сол себепті өз заманындағы, қазақ қауымдарындағы мін 

атаулыны  көзге  шұқып,  басқа  сабап  айтады.  1886-87  жылдардан 

бастап  Абай  осындай  өлеңдер  туғызуға  кіріседі.  Бұлайша  өрлеуіне 

іштей  себеп  болған  жайлардың  барлығын  мәлімдедік.  Бірақ  осы 

жылдарда  жаңағы  айтылған  күймен  катар,  Абайдың  ақындық 

еңбегіне сыртқы өмірдің үлкен бөгеттері тағы араласады. 

Құнанбай  балаларының  дәуірі  ұзақ  жүргендіктен,  барлық 

Ырғызбай  деген  рудың  ішінде  болысы  да,  болыс  емесі  де  түгелімен 

бақ  мастыққа  салынып,  орынсыз  жуандық,  орайсыз  тентектік 

молаяды.  Сонымен,  ел  арасындағы  жалпы  наразылық  күшейеді. 

«Ырғызбаймын»  деу  орынсыз  зорлық,  орынсыз  тентектік,  жуандыққа 

кепілсіз, шексіз берілген еркіндік сияқты болады. 

Осындай  себептер  жиылып  келіп  және  рубасылардың  тек  жүре 

алмайтын  пәле  іздегіш  мінездері  де  себепші  боп,  Абайдың  туыстары 

мен  сол  ел  жуандарының  екі  арасынан  зор  тың  тартыс  туады. 

Абайдың  өз  басы  кінәсіз  болса  да,  тек  отырайын  десе  де,  жау  жағы 

да,  туыстар  жағы  да  еркіне  қоймайды.  Жақындары  пәлені  бастап 

алып,  салмағын  Абайға  әкеп  тастайды.  Күншіл,  кекшіл,  арамза 

атқамінерлер  де  Абайдың  ақтығына,  жазықсыздығына  қарамай,  көп 


 

28 


 

арыз  бен  шағымда  ылғи  пәле  басы  қып  Абайды  атайды.  Соны 

сүйрейді.  Осы  мінезді  бұрын  Абайға  жақынмын  деп  жүрген  кісілер 

алдымен бастайды. 

Бұрынғы  дос  болып  жүрген  Жиренше,  Күнту  сияқты  сенген 

адамдары  кетеді.  Осылардың  ішіне  Абайдың:  «Қүн  ашықта 

мойныңда,  күн  жауында  қойныңда»,-  дейтін  құнсыз  бұзақы 

ағайындарынан  да  қосылушы  болады.  Кісілік,  әкімдік  болса,  оны 

таласпен  алатын  да  солар.  Жаманшылық,  бұзық  мінездерінен  ел 

бүлінгенде  пәледен  бас  сауғалап  қашатын  да  солар.  Өз  мінездерімен 

Абай басына пәле әкеп тастайтын да осылар. Мысалы, Шыңғысқа сол 

кезде болыс болып тұрған Ысқақ ойына келгенін істейді. Ел кісілерін 

жазықсыз сабағыш болады. Болыстың әйелі Мәніке кез келген қостың 

семізін  сұраусыз,  тергеусіз  ұстатып  алып  сойғызып  жатады. 

Осындайлар  бұларға  жақын  жүрген  Жиренше,  Оразбайларды  да 

түңілтеді. 

Құнанбай  тұсында  елге  зорлықты  көп  етіп  байып,  жуандап  алған 

сотқар,  бұзық  Ырғызбай  тобы  және  әсіресе  Құнанбайдың  әмір  иесі 

болған  бала-інілері    жалпы  халыққа  қорлығын  өткізгенде,  Абайды 

есепке  алмайды.  Оның  қарсылығын,  ашу,  наразылығын  елең 

қылмайды.  Қайта,  Абайдың  өз  басына  бар  жауынан  бетер  қастық 

еткен,  қызғаныш,  жаманшылық  ойлаған  талай  адамдары  болады. 

Абайға сыртымен дос болған  боп жүріп Оразбай, Жиреншелер де сол 

қиянатты оның басына көп істейді. 

Мына  тұста  сол  Оразбай,  Жиренше,  Күнту,  Абыралы  дегендер 

астыртын  баталасып  ап,  болыс  боп  жүрген  Құнанбай  баласын 

орнынан  түсіріп,  өз  орталарынан  Күнтуды  болыс  сайлайды.  Сондағы 

мақсат,  мұраттары,  әрине,  көптің  тілегіне  маңайласпайды,  тек  өздері 

әкім  болу,  билеп-төстеу  болады.  Бірақ  олардың  ендігі  ниеті  бұл  ғана 

емес,  колдарына  болыстықты  алып  ап,  ең  алдымен  Абайды  мұқату, 

соны  жазалау,  қор  ету.  Олар  болыстыққа  өз  басы  таласпай,  таласпақ 

түгіл жұмысы да болмай, үйінде ел үшін еңбек етіп отырған Абайдың 

адамшылығын  күндейді.  Халық  сүйетін  адал  атағын,  абыройын 

күндейді.  Ел  мұңына  ниеті,  жолы  қабысқан  Абай  алыспастан  үйде 

отырып,  Оразбайдай  партияқор  атқамінерлерді  жеңіп  отырған 

сияқты.  Осыны  олар  Абайға  кешпейді.  Құнанбайдың  елді  жиренткен 

зорлықшыл балаларына тимейді. Өйткені олармен өздері бір бітімдес. 

Олармен  табысулары  да  оп-оңай.  Қоғамға  арналған  үлкен  ақтық  беті 

бар,  шындық  үшін  алысатын  Абайды  қуып,  өздерінің  үстемдігін 

нығайту  қажет  болады.  Бұл  -  олардың  үстем  таптық  қанаушылық 

қалпынан  туатын  сыр.  Абай  жуан  феодалдар,  атқамінерлерді  сынау 

арқылы  өзінің  әлеуметтік  еңбегімен  үстем  таптан,  өзі  шыққан 

қанаушылар  табынан  белініп  кетеді.  Оларға  қарсылық  күрес  ашады, 

әшкерелеп  отырып,  қалың  бұқараға,  шаруаға  таптық  жауларын 



 

29 


 

танытып,  таңбалап  береді.  Осы  бағыты  мен  еңбегі  арқылы  Абай  өз 

табынан  кеткен  соң,  еңбекші  бұқара  халыққа  дос  болып  келеді. 

Елінің  осындай  еңбекші  көпшілігімен  тілек,  мұрат  қосу  Абайды  шын 

бққарашыл  Абай  ететін  ұлы  жол  болады.  Осындайлық  Абайға  өз 

жакындарынан  шыққан  атқамінерлер  мен  Оразбайлардың  қатты 

жаулығы занды нәрсе. Ол тарихи таптық қайшылық, қарсылықтардың 

айғағы болатын. 

Ел  ішіндегі  іс  осыған  келіп  тірелген  соң,  кітап  тәрбиесі,  ой 

тәрбиесімен  жаңа  бағыт  ұстанармын  деп  жүрген  ниетінің  барлығы 

уақытша еріксіз бөгеліп, Абай тартыс, жаулықтың ортасында қалады. 

Бұл  уақытта  Абай  тоқтайын  десе  де,  тоқтай  алмас  еді.  Өйткені  өз 

кісілерін  болыс  қойып,  жеңіп  алған  партияқорлар  енді  Құнанбай 

балаларынан  есесін  алу  керек.  Жеңгендіктің  жемісін  тату  керек. 

Жауласқан  адамдардың  үстінен  арыз  беріп,  әсіресе,  өздерінен 

сайланған  болыс,  бидің  мөрін,  приговорын  пайдаланып,  жауларын 

қылмысты  кісі  қып  көрсету  керек.  Мұның  бәрі  тынымсыз  алыс, 

тоқтаусыз  партия,  тартыс  болмай  қоймайды.  Сонымен  Абайдың 

ендігі  алысы  бас  қорғаудың  алысы  болады.  Ерік  өзіне  тимей,  тілесе 

де,  тілемесе  де  алысу  керек  болады.  Сонымен  бірнеше  жылдар 

түгелімен алыспен өтеді. Бірақ сол алысқа кіріссе де, осы жылдардың 

ішінде  Абай  бірталай  өлен  шығарады.  1884-85  жылдар  «Жасымда 

ғылым  бар  деп  ескермедім».  «Қақтаған  ақ  күмістей  кең  мандайлы» 

деген  сияқты  бір-екі  өлеңді  ғана  туғызса,  1886  жыл  Абайдың  нағыз 

ақындыққа шынымен бой беріп, кең үңіле бастағанын байқатады. Бұл 

жылда 


16-17 

өлең 


туады. 

Абайдың 


осы 

күнге 


шейінгі 

басылымдарында  «Халық  туралы»  деп  жүрген  көп  өлең  бар.  Сол 

өлеңдерінің ішінде: 

 

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,  



Алдамаған кім қалды тірі жанда?- 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал