Метрология, стандарттау және сертификаттау



жүктеу 0.75 Mb.

бет1/7
Дата01.04.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ 

 

ЖЫЛУЭНЕГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІ 



 

 

 



ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА КАФЕДРАСЫ 

 

 



 

 

 

Метрология, стандарттау және сертификаттау 

пәні бойынша 

5В073100-Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау 

мамандығы үшін 

 

СИЛЛАБУС 

 

 



 

Оқыту түрі                               - күндізгі 

Семестр                                    - 5 

Курс                                          - 3 

Барлық сағаттар                       2 несие (90 сағат) 

Аудиториялық                          30 

Дәрістер                                    1,5 несие 

Практикалық                             0,5 несие  

Өзіндік жұмыстар барлығы     -  60 сағат 

СӨЖ:                                          - 30 сағат 

СОӨЖ                                        - 30 сағат 

Есеп беру түрі                        (емтихан - 5 семестр) 

 

 

 



 

 

 



Алматы 2012 

Пән  бағдарламасын  (силлабусты)  5В073100-Тіршілік  қауіпсіздігі  және 

қоршаған  ортаны  қорғау  мамандығы  үшін  жұмыстық  оқу  жоспары 

негізінде  Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасының доценті Бекалай Н.Қ. 

құрастырды. 

 

 

 



Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасы мәжілісінде қарастырылды 

Хаттама  №_8_  «_08_»____06____2012 ж. 

 

ӨЖЭ кафедрасын менгеруші __________ Р.А.Мусабеков 

«_____»_____________2012ж. 

 

 

 Келісілді: 



              ЭЭФ деканы, проф. _______________В.И.Денисенко 

              «____»_________2012г. 

 

 

 



Оқытушы туралы мәліметтер: 

 

Бекалай Нұрипа Қырғызбайқызы, доцент, Алматы энергетика және байланыс 



университеті 

Офис: Өнеркәсіптік жылуэнергетика кафедрасы, А229 

Толық мекенжайы: Алматы қ., Байтұрсынов көшесі 126 

Тел.:  83272 92 53 80 

Факс: 83272 92 57 40 

E-mail: bekalaynuripa@mail.ru  

 

     Пән бойынша аудиториялық сабақтарды өткізу уақыты және орыны: 

Сабақтар кестесіне сәйкес 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 Мазмұны 

 

 

1.



 

Түсіндірме хат____________________________________ 

2.

 

Тақырыптық оқу жоспары__________________________ 



3.

 

Пәннің оқу - әдістемелік картасы____________________ 



4.

 

СӨЖ тапсырмасы және оның орындалу кестесі_______ 



5.

 

Аттестациялық тест сұрақтары____________________ 



6.

 

Әдебиеттер_______________________________________ 



7.

 

Сабақ кестесі______________________________________ 



8.

 

Саулнама сұрақтар_________________________________ 



9.

 

Емтихан сұрақтары_______________________________ 



10.

 

 Емтихан тестілері________________________________ 



11.

 

Көрнекі құралдардың тізімі_________________________ 



12.

 

 Қосымшалар_____________________________________ 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР МЖМБС  3.08.107-2004 

 

Метрология, стандарттау және сертификаттау 

 

 Метрологиялар 



туралы 

жалпы 


түсініктер. 

Метрологияның  

ұйымдастырушының, ғылыми  және әдістемелік негіздері. Өлшеу бірліктерін 

қамтамасыз  етулердің  құқықтық  негіздері.  Өлшем  бірліктерін  өлшеу 

жөніндегі  ҚР  заңдарының  негізгі  ережелері.  Өлшеу  есептерінің  көп 

жақьылығы;  өлшеу  түрлері  бойынша  өлшеу  жіктемелері,  өлшеу  және 

бақылау тәсілдері; есептеу техникаларын өлшеу тәсілдерінде қолдану. Заңды 

тұлға  болып  табылатын  мекемелердегі,  ұйымдардағы  метрологиялық 

қызметердің  құрылымдары  мен  функциялары.  Өлшеу  тәсілдеріндегі 

жөндеулер  мен  юстировкалар.  Метрологияның  нормативті-құқықтық 

негіздері.  Нормативті  реттеулерге  қатысты  метрологиялық  қызметтердің 

түрлері.  Қазіргі  заманғы  метрологиялық  талаптар.  Өнім  сапаларын 

жоғарлатудағы метрологиялардың рөлдері, қызмет көрсету және өндіріс. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Түсіндірме хат 

 

 



Метрология,  стандарттау  және  сертификаттау  пәні  арнайы  пәндердің 

алғашқыларының    бірі  болып  табылады  және  инженер-сарапшы  қызметінің 

пәндік облысымен таныстыруды мақсат етіп қояды. 

    Метрология  пәнін  зерделеудің  алдындағы  пәндердің  тізбесі:  жоғары 

математика, физика. 

Метрология  пәнімен  өзара  байланысқан,  шектес  пәндердің  тізімі: 

философия, жалпы өлшеу теориясы. 

Берілген 

пәнді 

зерделеу 



нәтижесінде 

050732  мамандығының 

Мемлккеттік стандартына сәйкес студенттер: 

-

 



еліміздегі  және  шет  елдегі  метрология  тарихы  және    қазіргі 

жағдайы  туралы,  өлшеулер,  олардың  бірлігін  қамтамассыз  ету 

әдістері  мен  құралдары  туралы;  қажет  дәлдікке  жету  тәсілдері 

жайлы;  дамыған  елдерде  стандарттау  бойынша  қызметті 

ұйымдастыру  жайлы;  метрология  бойынша  халықаралық  және 

аймақтық  ұйымдар  туралы;  метрология,  стандарттау  мен 

сертификаттаудың байланысы туралы түсінігі болу керек; 

-

 



 метрология 

бойынша  заңнамалық,  нормативтік  құқықтық 

актілерді,  әдістемелік  материалдарды;  стандартар  мен  өлшеулер 

бірлігін  ведомтсво  аралық  және  ведомстволық  бақылау  жүйесін; 

физикалық  шамалар    бірліктерін  алу  және  олардың  өлшемдерін 

беру  теориясын;  өлшеулер  нәтижелерін  және  өлшеу  құралдарын 

өңдеу  әдістерін,  олардың  метрологиялық  сипаттамаларын;  өнімді 

сынау және қабылдау ережелерін білу керек; 

-

 

 метрология  бойынша  жұмыстарды  жоспарлау  және  өткізу  үшін 



коспьютерлік  технологияларды;  өлшеулер  нәтижелерін  өңдеу 

және  олардың  ақиқаттығын  талдау  әдістерін;  өнім  сапасын 

бақылау әдістерін қолдана білу керек; 

-

 



бақылау-өлшеуіш және сынау техникасымен жұмыс істеу; өлшеу, 

сынау  және  бақылау  құралдарын  қолдану;  метрология  бойынша 

қолданылатын  стандартарды,  техникалық  шарттарды  және  басқа 

құжаттарды  қайта  қарау;  метрология  бойынша  кәсіпорындарда 

қолданылатын  стандартарды  және    басқа  құжаттарды  жүйелі 

тексеруді  жүзеге  асыру;  метрология  саласындағы  озық  отандық 

және шетелдік тәжірибені зерделеу мен жүйелендіру  дағдыларын 

иелену керек; 

-

 

метрологияның  құқықтық  және  заңды  облысында,  метрология 



бойынша  қызметті  ұйымдастыру  аймағында,  өлшеу  құралдарын 

модельдеу, тексеру және калибрлеу мәселелерінде құзыретті болу 

керек. 

 

 



 

 


Кіріспе 

1 Пәннің тақырыбы және мазмұны 

   Метрологияны  зерделеу  халықаралық  сауда-экономикалық  және  ғылыми 

техникалық  байланыстардағы  өлшеу  бірлігіне  қол  жеткізудің  ролі  мен  мағнасы 

туралы түсінік береді, бұл келесі сұрақтармен анықталады: метрологияның мәні 

мен мазмұны. Өлшеу және бақылау туралы ұғымдар. Метрологиялық қызметтің 

құқықтық негіздері. Метрология бойынша заңды бұзғаны үшін жауаптылық. ҚР 

мемлекттік  метрологиялық  қызметі.Қызметтердің  құрылымы,  міндеттері, 

құқықтары  мен  міндеттемелері.  Өлшеу  құралдарын  тексеру,  калибрлеу. 

Эталондар және стандарттық үлгілер.  

Ғылымда және өндірісте метрологияның рөлі. 

Метрология  –  талап  етілетін  нақтылыққа  қол  жеткізудің  бірлігі  мен 

тәсілдерін қамту өлшемі, әдістері және құралдары туралы ғылым. 

Метрология үш бөлімге бөлінеді: теориялық, заңдылықты  және қолданбалы 

(практикалық) метрология. 



Теориялық  метрология  –  метрологияның  іргелі  негіздерін  дайындаумен, 

өлшем  бірліктері  жүйесін  құрумен,  тұрақты  физикалық,  өлшеу  әдістерінің  жаңа 

түрін дайындаумен айналысатын метрология бөлімі. 

Заңдылықты  метрология  мемлекетте  қолданысқа  жіберілген  өлшеу 

бірліктеріне,  өлшеу  әдістеріне,  өлшеу  құралдарына  және  өлшеу  зертханаларына 

қойылатын мемлекеттік талаптарды белгілейді. 

Қолданбалы метрология қызметінің түрлі саласында заңды метрологияның 

ережелері  мен  теориялық  метрологияның  игерілуін  практикада  қолданылуымен 

айналысады. 

Өлшенетін  көлем  және  бұл  көлемнің  өлшеу  бірлігінің  арасындағы 

арақатынасы  орналасқан  жерде,  өлшеусіз  кету  ешқандай  іс-тәжірибе  қызметінің 

саласында болған емес. 

Кез  келген  талдауда,  болжауда,  жоспарлауда,  бақылау,  жүйелеу  барысында 

шикізаттың,  дуралы  ақпарат,  технологиялық  операциясының,  бүкіл  өндірістік 

циклдің  жүрісі  туралы  сенімді  ақпарат  қажет.  Бұл  ақпаратты  түрлі  физикалық 

көлемдер, көрсеткіштер және өлшемдердің үлкен санын өлшеу арқылы алады. 

Сенімді, талап етілген нақтылықпен алынған өлшеу ақпараты қабылданатын 

шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. 

Сенімсіз,  шек  келтіретін  ақпарат  сауда-коммерциялық  операциялар 

барысында  өнім  сапасының  төмендеуіне,  апатқа,  ғылыми  зерттеулерде  бұрыс 

қорытындыларға, пайдалы қазба қорларын дұрыс  өлшеумеу, есептен жеуге әкеп 

соқтыруы  мүмкін.  Тауар  айналымының  халықаралық  жүйесінде  өлшеулерге 

бірыңғай қарау өзара мойындауға, өлшеу құралдарының құралдары мен әдістерін 

стандарттау мүмкіндігіне кепілдік береді. 

Барлық  өлшейтін  адамдар  (техникалық  құралдарды  пайдаланып,  тәжірибелі 

түрде метрологтар өлшеу нәтижелерінің алынған нәтижелеріне өте сенгісі келеді. 

Тек  өлшеулерде  алынған  нәтижелерге  сенімнің  болмауы  өлшеуді  қайталауға 

әкеледі, өлшеу үшін басқа зертханалар, басқа мамандарды шақыруға тура келеді. 

Н.  И.  Тюриннің  «Метрологияға  кіріспесінде»  айтылған:  «қалайда  өлшеулер 

мұқият  жүргізілсе  де,  қандай  да  бір  нақты  өлшеу  құралдары  қолданылса  да, 



өлшенетін көлемнің мәнін шынайы алу – мүмкін емес», яғни күнәлікпен алынған 

көлем мәні нөлге тең. Сенімділік ілімі өлшенетін көлемнің шынайы мәніне өлшеу 

нәтижесіне  жақындау  деңгейіне  баға  беру  әдісін  берді.  Сенімділік  ілімі  бізге 

шектен  шығып  кетпейтіндей,  мүмкін  болатын  күнәлік  шекарасын  бағалауды 

үйретті. Өлшеудің сенімділігі өлшеу нәтижелеріне сену деңгейін сипаттайды. 

Бұл  да  өлшеу  негізіне  салынған.  Өлшеу  көмегімен  толық  және  сенімді 

мәліметтерді алмай, ғылыми зерттеулерде, (космосты) ғарышты меңгеруде, жаңа 

материалдарды  жасау  саласында,  жаңа  технологияда,  барлық  салада 

бұйымдардың сенімділігін қамтуда жетістіктерге жету мүмкін емес. 

Көбінесе  бірқатар  шешуін  қажет  ететін  проблемаларды  әр  түрлі 

орындарда,  түрлі  уақытта,  өлшеудің  түрлі  құралдарын  пайдалану  арқылы 

алынған  өлшеу  нәтижелерінің  айтарлықтай  санының  ғана  негізінде  шешуге 

болады.  Мұндай  нәтижелерді  тек  оларды  салыстыру  жағдайында  ғана 

пайдалануға болады. 

Өндіріс  автоматтандыруы  өлшеулердің  нақтылығын,  сенімділігін  және 

салыстырмалылығын көтереді.  

Проблема  қиын  болған  сайын,  метрологияның  да  орны  айтарлықтай 

болады. 


Қызметтің  барлық  түрлері  өлшеусіз  ойға  сыймайды.  Кәсіпорынның 

көптеген  салаларында,  өлшеуге  байланысты  шығын  көлемі  жыл  сайынғы 

капиталдық  салымның  30%-дан  астамын  құрайды.  Сенімді  есептік  тіркеу 

үнемдерінің  негізі  және  материалдық  бағалықтарының  шығынды 

қысқартудың,  электр  және  жылу  энергиясының,  мұнай  және  мұнай 

өнімдерінің,  газдың,  су  ресурстарының  негізі  болып  табылатындықтан, 

материалды,  энергетикалық  және  басқа  да  ресурстарды  шешу  барысында 

метрологиялық қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. 

Қазіргі  салмақ  өлшеуіш  құралдарының  күнәмдылығы  –  оның  өлшеу 

үрдісіне  өндірістегі  барлық  өлшенетін  өнімдерді  1%-ына  дейіні  ескерусіз 

қалады  (мерзімді  түрде  таразыларды  және  оларды  қодануға  жарамдылығын 

мойындау жағдайында). 

Мұнайдың, газдың, жанармайдың саны ескерілмейді. Электр энергиясын 

есептеуіштерінің күнәмдылығы 2%, сондай-ақ 2% электр энергиясы ескерусіз 

қалады.  Егер  бұл  пайыздарды  астық,  мұнай,  газ,  шойын,  болат, 

тыңайтқыштар  үшін  тоннамен,  ал  электр  энергиясы  үшін  киловаттпен 

көрсетілсе, онда шығындар жыл сайын миллиондаған теңгені құрайды. 

Егер есеп нақтылығын екі есе көтерсе, онда материалдар мен өнімдердің 

саны өте көп болар еді. 

Өлшеу  бірлігін  қамту  бойынша,  метрологиялық  қызметтің  болмауы, 

ережелердің  бұзылуы  өнім  сапасын  анықтауда,  технологиялық  процестер 

жүйелеуде, ауруларға диагноз қоюда емдеу және т.б. барысында жүргізілетін 

өлшеулерде көптеген шығындар әкеледі. 

Өнімді  өндіру  барысында,  дайын  өнімнің  сапасын  бағалауда  өлшеудің 

жағдайына көңіл  аударып қана қоймай, сонымен бірге өлшеудің жағдайына 

да,  және  де  белсенді  бақылаудың  көмегі  арқылы  технологиялық  процестің 

өзінде  сапа  көрсеткішін  қадағалау  мүкіндігіне  мән  беру  керек.  Жаңа 


бұйымдарды  құру  және  әр  технологиялық  үрдісті  дайындау  алдында, 

игерілген  және  аттестатталған  әдістерді,  өлшеу  және  санау  құралдарын 

пайдалану  арқылы,  өндірістің  метрологиялық  дайындау  сұрақтарын  шешу 

қажет.  


Метрологияның  рөлі  медицинада  ерекше  орын  алады.  Өлшеудің 

медициналық  құралдары  және  сынақ  құралдарының  көптеген  саны 

шығарылды.  Медицинада  өлшеулер  диагноз  қоюда,  терапияда,  гигиенада 

жүргізіледі. 

Биологиялық  объект  белгілерін  өлшеу  нәтижелері  бойынша  жекелеген 

органдардың  да,  толық  ағзаның  да  жағдайы,  жұмысқа  қабілеттілігі, 

қызметтеуі  айтылады.  Биологиялық  объектке  терапия  барысында  емдеу 

мақсатында жасанды әсер көрсетіледі, оның өлшемі қатаң нормаланған, және 

де табиғи түрде, олар өлшеу жолымен бақылануы тиіс. 

Көрсетілген әсерлер нәтижесі, емдеу жүрісінің дұрыстығы туралы – ағза 

белгісі  және  жасанды  әсерлер  белгісі  өлшемінің  нәтижелері  бойынша 

талқыланады.  Гигиенада  ағза  үшін  көптеген  өлшеулер  жүргізілетіндіктен, 

қоршаған орталық ағзаға әсері (су, ауа және т.б.) зерттеледі. 

Оператор,  алынатын  өлшеу  нәтижелерінің  шек  келтірмейтіндігіне 

сенімді  болуы  керек.  Ал  бұл  үшін  сынақтан,  метрологиялық 

аттестациялаудан өткен өлшеу құралдарын ғана пайдалану қажет, ал қолдану 

үрдісінде мерзімді тексеруден өтеді. 

Өлшеу 


барысында 

пайдаланылатын 

әдістер, 

метрологиялық 

аттестациялаудан және тіркеуден өтуге міндетті. Аттестацияланған  әдістеме 

талаптарын  қатаң  сақтай  отырып,  оператор,  алынған  өлшеу  нәтижесіне 

сенімді болуы керек, оның күнәлілігі тапсырылған шектен шықпайды. 

Қызметтің  барлық  бағыттарындағы  объектілерінде  заңды  метрология 

ережелерін,  теориялық  метрологияның  негізгі  игерулерін  білетін  және 

осылардың  бәрін  іс-тәжірибеде  қолдана  білетін  мамандар  болуы  тиіс  (бас 

метрологтар,  өлшеу  жағдайына  жауаптылар,  өлшеуді  іске  асыратын 

операторлар). 

Өлшемді  жүргізуге  кеткен  шығындар  өнімді  игеруге  және  өндіруге 

кеткен жалпы шығындардың айтарлықтай үлесін құрайды. 

Өлшемдер  кез  келген  кәсіпорындық  бұйымдардың  жобалау,  дайындау, 

сынау және бақылауларының барлық кезеңінде жүргізіледі. 

Өлшеу  техникасының  (өлшеу  құралдары  және  өлшеу  техникасы)  даму 

деңгейі  бойынша  кәсіпорныды  дамыған  елдердің  ғылыми  және  техникалық 

баламағының көрсеткіштері бағаланады. 

Өлшеу бірыңғайлығын қамту 

Өлшемдер  бірыңғайлығы  -  өлшемдер  жағдайы,  олардың  нәтижелері 

заңдастырылған  көлем  бірліктерімен  белгіленіп,  сипатталады  және 

тапсырылған  сенімділігімен,  белгіленген  шектерде  өлшемдер  күнәлілігі 

орналасады. Бұл орындалатын өлшеулердің көпшілігінің барлық нәтижелерін 

өлшенетін  көлем  бірліктерінің  қайта  жазылуына  әкелу  қажет,  нақтылығын 

көрсетіп, талап етілген нақтылыққа кепілдік беру керек. 



Сенімсіз  өлшеулерді  «қателік»  деп  есептеуге  бола  ма?  Жоқ,  болмайды, 

себебі қате деп оператордың жіберген қатесін атауға болады. 

Өлшеу  сенімсіздігі  біз  дұрыс,  жақсы  өлшей  алмайтынымыз  туралы 

айтады,  нақтырақ  айтқанда,  аз  кемшілікті  өлшеу  құралдары  және  әдістері 

жоқ және де біз өлшенетін көлемнің шынайы мәнінің орнына қолдағыға риза 

боламыз.  Өлшеу  бірыңғайлығын  қамту  (ӨБҚ)  –  бұл  өлшеулердің 

бірыңғайлылығын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  заңды  актілермен,  сонымен 

қатар  мемлекеттік  стандарттармен  және  басқа  да  нормативтік  құжаттармен 

белгіленген,  ережелер  мен  нормаларға  сәйкес,  өлшеу  бірыңғайлығына  қол 

жеткізуге  және  көтеруге  бағытталған  метрологиялық  қызметінің  жұмысы. 

 

Өлшеу  бірыңғайлығын  қамтудың  негізгі  мақсаты  –  Қазақстан 



Республикасының  азаматтары  мен  экономикасын,  шек  келтіретін  өлшеу 

нәтижелерінің  салдарынан,  мүддесін  қорғау  (бірақ,  егер  Қазақстан 

Республикасының  Заңының  3  бабына  дұрыстап  оқысақ,  «өлшеу 

бірыңғайлығын  қамту  туралы»  бабында  былай  дейді:  салдарынан  емес,  ал 

өлшеулердің  шек  келтіретін  нәтижелерінен  қорғау  керек).  Өлшеу 

бірыңғайлығын  қамтудың  басқа  мақсаттары  қамтамасыз  ету  болып 

табылады: 

-

 



Отандық  және  импорт  өнімдерін,  жұмыстардың,  қызметтердің 

қауіпсіздігі және сапасы; 

-

 

Іргелі зерттеулер және ғылыми зерттеулер барысында өлшеулердің шек 



келтірмейтіндігі; 

-

 



Материалдық және энергетикалық ресурстардың есебіне шек келтірмеу; 

-

 



Диагностика  барысында  және  емдеуде,  еңбек  шартының  қауіпсіздігін 

бақылауда,  тұрмыста,  қозғалыс  қауіпсіздігін  қамтуда,  қоршаған  ортаны 

қорғауда, өлшеудің сенімді нәтижелерін қамту. 

Өлшеудің бірыңғайлығын қамту мақсаттары 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР азаматтары мен 



экономикасын өлшеу-

лердің шек келтіретін 

нәтижелері салдары-нан 

мүдделерін қорғау 

Еңбек шарттары және 

адамдар тұрмысында 

қауіпсіздікті бақылау-да 

өлшеулердің сенім-ді 

нәтижелерімен қамту 

Қозғалыс қауіпсіздігін 

қамту барысында 

өлшеулердің сенімді 

нәтижелерімен 

қамтамасыз ету 

 

Қоршаған ортаны 



қорғауда өлшеудің сенімді 

нәтижелерімен қамту 

Диагностикада және 

ауруларды емдеуде 

өлшеудің сенімді 

нәтижелерімен 

қамтамасыз ету 

Отандық және импорттық 

өнімдер мен қызметтің 

қауіпсізді мен сапасын 

қамту 

Іргелі зерттеулерде өлшеулер нәтижесінің 



сенімділігін қамтамасыз ету 

Материалдық және энергетикалық 

ресурстарының барлық түрлерін сенімді 

есептеуді қамту 



Өлшеулердің  бірыңғайлығын  қамту  –  заттардың  құрамы  және 

қасиеті;табиғи  құбылыс  қасиеттері;  материалдық  және  энергетикалық 

ресурстардың  саны  және  сапасы,  қоршаған  орта  жағдайы,  көлік 

жұмыстарының  сапасы,  байланыс  құралдары,  адам  денсаулығының 

қауіпсіздігі  және  оны  қорғау  туралы  сенімді  өлшеу  ақпаратын  алудың 

үздіксіз  кепілдігі,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының  азаматтары 

мен  экономикасын  шек  келтіретін  өлшеу  нәтижелерінің  мүддесін  қорғау 

кепілдігі. 



Өлшеу бірыңғайлығын қамтудың мемлекеттік жүйесі 

Қазақстан  Республикасының  өлшеу  бірыңғайлығын  қамту  мемлекеттік 

жүйесі (ҚРӨБҚМЖ) – Қазақстан Республикасындағы өлшеу бірыңғайлығын 

қамту  жөніндегі  қызметінің  субъектілерін,  нормаларын,  құралдары  мен 

түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі. 

Өлшеу  бірыңғайлығын  қамту  жөніндегі  қызметті  басқарудың 

Мемлекеттік жүйесін құру және енгізу үшін байсалды алғышарттар болды: 

-

 



Біріншіден,  өлшеулер  адам  қызметінің  ең  жаппай  «өнімі»  болып 

табылады, оларға сұраныс жылдан-жылға  өседі  – бұл еңбек шарты мен 

қауіпсіздігін  бағалау,  қоршаған  ортаны  бақылау,  өнімнің  сапасы  мен 

қауіпсіздігін  бағалау,  материалдық  бағалықты  және  энергетикалық 

ресурстарды тіркеу, ауруларға диагноз қою және емдеу, т.б.; 

-

 



Екіншіден, өлшеулер өте маңызды адам қызметі болып табылады, оның 

сапасына талаптар үздіксіз өсуде; 

-

 

Үшіншіден, 



халықаралық 

ынтымақтастықтың 

дамуы 

өлшеу 


нәтижелеріне өзара сенімді талап етеді. (сауда, ғарышты игеру жөніндегі 

бағдарламаларды  бірігіп  дайындау,  медицина  саласында,  қоршаған 

ортаны қорғай бойынша). 

Нақты  және  сенімді  өлшеу  ақпаратын  көтеру  проблемасы,  яғни 

метрология  шешетін  проблема  және  де  оның  шешімдерінің  қорытындысын 

халық шаруашылығының барлық салалары пайдаланатын болғандықтан, бұл 

мәселе  мемлекеттік  міндеттердің  алдыңғы  деңгейіндегі  болды  және  бола 

береді.  

«Өлшеу  ақпараты»  түсінігі  –  техникалық  құралдар  пайдалану  арқылы, 

тәжірибемен  алынған  заттардың,  материалдардың,  бұйымдардың,  өнімнің, 

үрдістің, құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаты жөніндегі кез келген 

мемлекеттерді білдіреді. 

Өлшеу  арқылы  алынған  ақпаратқа  халық  шаруашылығының  барлық 

басқару органдарының қызметі негізделеді. 

Бірақ  бұл  өлшеу  ақпараты  (өлшеу  нәтижелері)  белгіленген  бірліктерде 

көрініп  және  оның  нақтылығының  көрсеткіш  мәндері  бағаланған  жағдайда, 

өлшеу бірыңғайлығы шартында мүмкін болады. 

Осылайша,  өлшеу  ақпаратының  күнәлілігін  дұрыс  және  бірыңғай 

анықтау  мүмкіндігін  қамтуға  бағытталған  метрологиялық  қызмет,  өлшеу 

бірыңғайлығын қамту болып анықталады. 

Өлшеу бірыңғайлығын қамтудың Мемлекеттік жүйесін енгізгенге дейін 

Қазақстан Республикасының метрологтары өлшеулер мен өлшеу құралдарын 



қамту  жөніндегі  өз  қызметін  іске  асырады,  яғни  олардың  метрологиялық 

сипаттамалары нормаларға сәйкес келуі тиіс. 

ҚРӨБҚМЖ-н  игеру  және  енгізу  метрологияның  дамуының  жаңа 

маңызды  сатысы  болып  табылады.  Алғашқы  рет  заңды  тәртіпте  қызмет 

саласында  метрологиялық  қызметте  өлшеу  үрдістері  және  нәтижелері 

қосылған,  өлшеу  және  өлшеу  құралдарының  бірыңғайлығын  қамтудан, 

өлшеу  бірыңғайлығын  қатуға,  оның  міндеттері  мен  мақсаттары  қайта 

бейімделген. 

Өлшеу бірыңғайлығын қамту мемлекеттік жүйесі (ҚРӨБҚМЖ)  – елдегі 

өлшеу  бірыңғайлығына  қол  жеткізу  және  көтермелеуге  бағытталған, 

белгіленген  ережелер  мен  нормалары,  талаптар,  нормативтік  құжаттар 

клиенті  ретінде  1966  жылы  Кеңес  Одағы  бар  кезде  стандарттау  және 

метрология жөніндегі Комитетпен қабылданған еді, ал 1971 жылы ӨБҚМЖ-ң 

нормативтік  құжаттарының  бірқатары  шықты,  олар  өлшеу  құралдарының 

мемлекеттік сынақтан өтуінің ұйымдастырылуын және тәртібін анықтайтын, 

сонымен  бірге  өлшеуді  оырндаудың  әдістемесінің  метрологиялық 

аттастациялауын  белгілейтін  болды.  Бірақ  нормативтік  құжаттар  жүйесі 

ретінде  (ГСИ)  ӨБҚМЖ  метрологиялық  қызметті  жүзеге  асырудың  қазіргі 

шарттарын қанағаттандырмайды. 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал