Методика работы классного руководителя методические рекомендации



жүктеу 358.34 Kb.

бет1/2
Дата12.04.2017
өлшемі358.34 Kb.
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ  

 

Әдістемелік ұсыныстар  



 

 

МЕТОДИКА РАБОТЫ КЛАССНОГО РУКОВОДИТЕЛЯ  

 

Методические рекомендации  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана  


2015  

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года)  

 

Сынып  жетекшісі  жұмысының  әдістемесі.  Әдістемелік  ұсыныстар.  – 



Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 17 б.  

 

Методика работы классного руководителя. Методические рекомендации. – 



Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 16 с.  

 

Әдістемелік  ұсыныстарда  сынып  жетекшісі  жұмысының  әдістемесін 



ұйымдастырудың мазмұны мен формалары ашылған.  

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әдіскерлерге, ғалым-

педагогтерге  және  тәрбие  мәселелері  қызықтыратын  барша  оқырманға 

арналған.  

 

 

В  методических  рекомендациях  раскрыты  содержание  и  формы 



организации методики работы классного руководителя.  

Пособие предназначено для учителей, воспитателей, методистов, ученых-

педагогов и всех интересующихся проблемами воспитания.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015  

© Национальная академия  

образования им. И. Алтынсарина, 2015  



Кіріспе  

 

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. 

Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – 

адамзат баласының асыл мұраты.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Нұрлы  жол  – 

болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Mәңгілік Ел – елдің 

біріктіруші  күші,  ешқашан  таусылмас  қуат  көзі.  Ол  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас 

идеялық  тұғыры!  Жаңа  Қазақстандық  патриотизм  дегеніміздің  өзі  –  Мәңгілік 

Ел!  Ол  –  барша  Қазақстан  қоғамының  осындай  ұлы  құндылығы»,  −  деп  атап 

көрсеткен болатын [1]. «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың 

іргетасы  білім  беру  ұйымдарында  қалануы  тиіс.  Бұл  үшін  мектепте  сапалы 

білім берумен қатар мақсатты түрде саналы тәрбие жұмысын жүргізу қажет.  

Тәрбие  –  жеке  тұлғаны  мақсатты  қалыптастыру  процесі.  Бұл  арнайы 

ұйымдастырылған,  басқарылатын  және  бақыланатын,  соңғы  нәтижесі  қоғамға 

қажет  және  пайдалы  тұлға  қалыптастыру  болып  табылатын  тәрбиешілер  мен 

тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.  

Елдегі  орын  алған  оң  өзгерістер  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәрбие 

жүйесінде  өз  көрінісін  тауып  отыр.  Тәрбие  ісінде  жалпықазақстандық 

менталитетті,  мәдени,  ұлттық-тарихи  дәстүрлерді  ескере  отырып,  ұлттың 

зияткерлік,  рухани  және  шығармашылық  әлеуетін  жаңғырту  үшін 

жағдайлар жасалуда.  

Сонымен қатар, балалар мен жастардың азаматтық позициясы, патриоттық 

сезімі  мен  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасу  деңгейі  жеткіліксіз  болып 

отыр.  Балалар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  қылмыс  жоғары,  нашақорлық, 

суицид,  жастар  ортасына  экстремистік  және  радикалдық  идеялар  мен 

көзқарастардың енуі және тағы басқа келеңсіз құбылыстар байқалады.  

Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде  жан-жақты  және 

үйлесімді  дамыған  тұлға,  Қазақстанның  патриоты-азаматын  тәрбиелеуде  ата-

аналармен қатар мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің ықпалы зор.  

Жалпы  білім  беретін  мектептегі  сынып  жетекшісі  –  сабақтан  тыс  тәрбие 

жұмысын  ұйымдастырумен,  үйлестірумен  және  өткізумен  айналысатын 

педагог. Сынып жетекшісі тәрбиелеудің әр алуан түрлері мен басты бағыттары 

арқылы  мектеп  пен  бала  арасындағы  қарым-қатынасты  ұйымдастырып,  әр 

оқушының  жеке  өзіндік  ерекшелігін  көрсете  білуі,  қоғамда  табысты 

әлеуметтенуі  үшін  жағдай  жасайды.  Ол  өз  қызметінде  балалардың  тума 

нышандары  мен  қабілеттерін  дер  кезінде  айқындау,  әрі  оңды  дамыту, 

қауіпсіздік,  эмоциялық  жайлылығы  үшін  психологиялық-педагогикалық 

жағдайлар жасауға бағытталған оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді.  

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  ұсыныстардың  мақсаты  –  сынып 

жетекшісіне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, тәрбие жұмысының тиімділігін 

арттыру.  

 

 



1 Сынып жетекшісі жұмысының әдістемесі  

 

Тәрбие  Қазақстанда  қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесі  жағдайында  әрбір 

білім беру ұйымының стратегиялық міндеті болып табылады. Барлық жүйенің 

маңызды  буынының  рөлін  атқара  отырып  тәрбие  оқу-тәрбие  шараларының 

біртұтас процесінен тұрады.  

Қазіргі  қазақстандық  қоғам,  ондағы  болып  жатқан  өзгерістер,  білім 

мазмұнын  жаңарту  сынып  жетекшілерінен  өз  жұмысында  педагогикалық 

тәжірибені,  білім  беру  мен  тәрбиенің  тұтастығын,  оқыту  жүйесінде  дәстүрлі 

көзқарастарды  сақтай  отырып  оқытудың  жаңа  формалары  мен  әдістерін 

енгізуді талап етеді.  

Бүгінгі  таңда  мектепке  психологтар,  әлеуметтік  педагогтер,  педагог-

ұйымдастырушылар, қосымша білім беру педагогтері қажет. Сынып жетекшісі 

өз  қызметінде  жоғарыда  аталған  мамандардың  міндеттерін  қатар  атқаруы, 

жұмыстың заманауи әдістерін меңгеруі тиіс, себебі олар оқу-тәрбие процесіне 

қатысушылар буынында маңызды болып табылады.  

Әдістемелік  жұмыс  –  кәсіби-педагогикалық  (басқарушылық)  қызметтің 

құрамдас  бөлігі,  оның  аясында  педагогикалық  немесе  басқарушылық  іс-

әрекетті қамтамасыз ететін теориялық өнім жасалады.  

Әдістемелік  жұмыстың  мақсаты  –  оқушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеуін 

ұйымдастыруды  жақсартуда,  озық  педагогикалық  іс-тәжірибені  жинақтау  мен 

енгізуде,  мұғалімдер  мен  мектеп  басшыларының  теориялық  деңгейлері  мен 

педагогикалық  біліктілігін  арттыруда  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшілеріне 

пәрменді көмек көрсету.  

Әдістемелік жұмыс төмендегі принциптерге сәйкес құрылады:  

 

ғылымилық – яғни, мұғалімдердің ізденістері мен әзірлемелерінде терең 



әдіснамалық негіз болуы тиіс;  

 



гуманитарлылық  –  білім  беру  мазмұнының  негізі  адам,  педагог,  оның 

қабілетін,  біліктілігін,  үйлесім  мен  әлем  мәдениетінің  құндылықты 

қатынастарын дамыту болып табылады;  

 



жүйелілік – мәселенің ғылыми және практикалық әзірлемелерінің барлық 

сатыларын  жоспарлау  және  жүзеге  асыру  қажеттілігін:  білім  беру  процесінің 

сапасын  диагностикалау  және  проблемалық  талдау  –  білім  беру 

проблемаларының  теориялық  негіздерін  ұғыну  –  оны  шешудің  әдістемелік 

құралын  дайындау  –  оны  білім  беру  тәжірибесіне  енгізу  –  әдіснамалық 

ұсынымдар дайындау – презентацияны болжайды;  

– 

өзектілік  және  талап  етілу,  яғни  тәрбие  жұмысының  мазмұнына  және 



ұйымдастыруына  қатысты  кәсіби  маңызды  проблемаларға  бағытталуы 

және т.б.;  

– 

мәденисәйкестілік  –  ғылыми  және  кәсіби,  халықтардың 



жалпыадамзаттық  мәдени  жетістіктеріне  және  талаптарына  сәйкес  мазмұнды 

дайындау.  

Мектептегі  тәрбие  мәселелері  бойынша  әдістемелік  жұмыстың  негізгі 

міндеті келесі бағыттар бойынша кәсіптік қызмет жүйесін жобалау мен жүзеге 

асыруда сынып жетекшісін әдістемелік қолдаудан тұрады:  



 

тәрбие  жұмысының  психология  және  педагогика  мәселелері  бойынша 



сынып  жетекшілерін  дайындаудың  теориялық,  ғылыми-әдістемелік  деңгейін 

арттыру;  

 

мектепте  тәрбие  жұмысын  жетілдіру  мен  тиімділігін  арттыруға  ықпал 



ететін 

мектептегі, 

сыныптағы 

тәрбие 


жұмысын 

ұйымдастыруды 

бағдарламалық-әдістемелік қолдауды ұйымдастыру;  

 



оқушыларды  тәрбиелеуде  біртұтас,  принципті  көзқарастардың 

орындалуын қамтамасыз ету;  

 

сынып  жетекшілерінің  жұмысын  реттейтін  нормативтік-құқықтық  база 



туралы  ақпарат  беру,  педагогтердің  кәсіби  құзыреттіліктерін  жетілдіру 

мақсатында уәждемелік орта қалыптастыру;  

 

озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, жүйелеу және тарату;  



 

 



сынып жетекшілерін қазіргі тәрбие технологияларымен және жұмыстың 

заманауи формаларының және әдістерінің білімімен қамтамасыз ету;  

– 

жоспарлауды,  сынып  ұжымдарындағы  тәрбие  шаралары  мен 



педагогикалық талдау ұйымдастыруды үйлестіру;  

– 

педагогикалық  ұжым  мүшелерінің  тәрбие  жұмысының  нәтижелерін 



бағалау.  

Сынып  жетекшісі  жұмысын  бағдарламалық-әдістемелік  қолдау  және 

нормативтік қамтамасыз ету төмендегілерді көздейді:  

1.

 



Тәрбие  жұмысы  бағдарламасының,  сынып  ұжымымен  жүргізілетін 

тәрбие жұмысы жоспарын.  

2.

 

Тәрбие жұмысы жоспарларын (жоспарға берілген түсінік) жүзеге асыру.  



3.

 

Тәрбие жұмысын жүргізу тиімділігін анықтау құралдары.  



4.

 

Есеп беру аралығындағы әдістемелік бірлестік жұмысының нәтижелерін 



талдау.  

Талдау нысандары болып табылады:  

 

әдістемелік  бірлестік  мүшелері  кадрлық  құрамының  сапасына 



(шығармашылық әлеуеті) сипаттама;  

 



білім  беру  ұйымының  әлеуметтік  паспорты  өзгерісінің  статистикалық 

талдауы (соңғы жылдағы серпінді көрініс);  

– 

тәрбие  қызметін  көрсетудің  көлемі  мен  сапасын  сипаттайтын 



статистикалық  деректер;  проблемалық  ортаны  анықтау  (күнделікті 

проблемаларды,  олардың  шығу  себептерін  тұжырымдау  және  оларды  жою 

бойынша іс-шаралар жүйесін жобалау);  

– 

педагогтердің,  ата-аналар  мен  оқушылардың  салуатты  өмір  салтына, 



құқық  бұзушылыққа  қарсы  әрекеттерінің  алдын  алу,  бірлескен  тәрбие 

шараларын  өткізу  уәжінің  қалыптасу  тұрғысынан  сабақтан  тыс  жұмыстардың 

жағдайы.  

 

 



 

 

 



 





Сынып жетекшісі жұмысының басым бағыттары  

 

Сынып жетекшісі – мектептегі оқу-тәрбие жұмысын тікелей және негізгі 

ұйымдастырушы,  сыныптағы  тәрбие  жұмысын  жүзеге  асыру  үшін  директор 

тағайындаған ресми тұлға.  

Қазіргі  кезде  сынып  жетекшісі  институты  айтарлықтай  өзгерді;  сынып 

жетекшісінің бірнеше түрі бар:  

 



пән мұғалімі – бір мезгілде сынып жетекшісі қызметін атқарады;  

 



босатылған сынып жетекшісі – тек тәрбие жұмысын атқарады;  

 



сынып  кураторы  (қамқоршы)  –  қандай  да  бір  жұмысты  бақылау 

тапсырылады;  

 

тьютор  (қорғаншы,  сүйеуші,  қамқоршы)  –  педагогтың  бірқатар 



ұйымдастырушы  қызметін  оқушылар  өз  міндетіне  алған  жағдайда  бақылау 

ұйымдастырады.  

Сынып  жетекшісінің  негізгі  қызметтері:  тәрбиелеу  (баланы  әлеуметтік 

қорғау);  ұйымдастыру  (сынып  және  мектептің  тіршілік  әрекетінің  барлық 

педагогикалық  аспектілері  бойынша  жұмыс,  тұлғаны  және  ұжымды 

қалыптастыру,  оқушыларды  зерделеу);  үйлестіру  (тәрбие  процесіне 

қатысушылар – педагогтер, оқушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында дұрыс 

қарым-қатынас  орнату);  басқару  (оқушылардың  жеке  ісін  және 

құжаттамалардың  басқа  түрін  жүргізу  негізінде  тұлға  мен  ұжым  дамуының 

өзгерісін бақылау).  

Баланы  әлеуметтік  қорғау  қызметі  басым  болып  табылады,  бұл  – 

балалардың  дене,  ақыл-ой  және  рухани-адамгершілік  дамуы,  олардың  барлық 

құқықтары  мен  адами  құндылықтарын  шектеудің  алдын  алу  үшін  қалыпты 

жағдайды  қамтамасыз  ететін  практикалық  әлеуметтік,  саяси,  құқықтық, 

психологиялық-педагогикалық, экономикалық және медициналық-экологиялық 

шараларды мақсатты, саналы түрде реттейтін жүйе.  

Ұйымдастыру  қызметінің  басты  міндеті  –  балалардың  аймақ,  микроорта, 

мектеп  өмірін  және  оқушылардың  өз  өмірін  жетілдірумен  байланысты  жақсы 

бастамасына  қолдау  көрсету.  Бұл  кездегі  сынып  жетекшісі  міндетінің  бірі 

оқушылардың өзін өзі басқаруын дамыту болып табылады.  

Сынып  жетекшісінің  үйлестіру  қызметі  тәрбие  жұмысын  педагогикалық 

ұжымның  басқа  мүшелерімен  және  ең  алдымен  осы  сыныппен  жұмыс 

жасайтын  педагогтермен  (сыныптың  микропедагогикалық  ұжымымен)  тығыз 

ынтымақтастықта жүзеге асыруда көрінеді.  

Басқару  қызметі  аясында  сынып  жетекшісі  тәрбие  жұмысына  болжау, 

мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, бақылау және түзетуді жүзеге асырады.  

Болжау  қызметін  жүзеге  асыру  оқушылар  тәрбиелілігінің  бастапқы 

деңгейін анықтауды және өзгерістерді үнемі бақылап отыруды білдіреді.  

Мақсатты  тұжырымдау  қызметін  тәрбие  жұмысының  мақсаттарын 

оқушылармен бірге әзірлеу ретінде қарастыруға болады.  

Бақылау және түзету қызметінің негізгі мақсаты – сынып тәрбие жүйесінің 

үнемі дамуын қамтамасыз ету.  

Қарастырылған  қызмет  деңгейлері  сынып  жетекшісі  жұмысының 



бағыттарын  анықтайды,  олардың  ішінде  алты  басым  бағытты  бөліп  көрсетуге 

болады.  

 

Бірінші бағыт – Денсаулық  

Оқушының физикалық және психикалық денсаулығын қорғау, сақтау және 

дамыту  мақсатында  сынып  жетекшісі  оқушылардың  физикалық  денсаулығын 

зерделеу  және  алдағы  уақытта  түзету  үшін  мектептің,  аудан,  немесе  қаланың 

медицина  қызметкерлерімен  бірге  жұмыс  жасайды;  оқушылардың  ата-

аналарымен  бірлесе  жұмыс  жасайды  және  пән  мұғалімдеріне  кеңес  береді; 

денсаулықты  сақтау,  дамыту,  түзету  бойынша  оқушылармен  ағартушылық 

жұмысты  ұйымдастырады;  дене  шынықтыру  сабақтарына,  спортпен 

айналысуға  дұрыс  қарым-қатынас  қалыптастыру  бойынша  жұмысты 

ұйымдастырады; оқушыларда тұлғалық өсуді (өзі туралы және өз денсаулығы 

туралы пікірді қалыптастыру) қалыптастырады және т.б.  

Сынып  жетекшісі  оқушылардың  түрлі  жас  деңгейінде  дамуының 

психологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктерін,  бала  ағзасының 

физиологиялық  ауытқу  белгілерін  білуі,  олардың  денсаулығындағы  ауытқу 

себептерін түсінуі тиіс.  

Сынып  жетекшісі  мектеп  дәрігерімен  және  ата-аналармен  бірге 

оқушыларды  тамақтандыру,  шынықтыру,  физикалық  және  тыныс  алу 

жаттығуларының  жеке  бағдарламасын  құрастыруға  көмектеседі,  оған  жұмыс 

жасау  мен  демалудың,  ұйықтайтын  уақытының  жеке  кестесін  дайындауға 

көмектеседі; оқушыға өз тұрмыс кестесін жасауға көмектеседі.  

 

Екінші бағыт – Қарым-қатынас  

Қарым-қатынас  –  бұл  бала  тұлғасын  дамытуға,  ең  алдымен  көпшілікке 

таныс құндылықтар қалыптастыруға бағытталған этикалық тәрбиесіне барынша 

көңіл бөлу ескерілген ықпал.  

Сынып  жетекшісі  «оқытушы  –  оқушы»,  «оқушы  –  оқушы»,  «оқытушы  – 

оқушы – ата-ана» жүйелері жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында эмпатия 

көрсету  біліктілігіне,  қарым-қатынаста  жақсы  көңіл-күй  ахуалын 

қалыптастыруға,  өзара  қарым-қатынаста  талдамалы  және  рефлексивтік 

біліктілікке үйрету; өзара қарым-қатынас проблемалары бойынша ата-аналарға 

кеңес  беру  және  ағартушылық  жұмыстар  ұйымдастыру;  қарым-қатынас 

тренингтерін,  кездесулер,  пікірталастар,  қарым-қатынас  сағаттарын  пайдалана 

отырып оқушылар мен ата-аналарды белсенді қарым-қатынас түрлеріне үйрету; 

әрбір  оқушының  ұжымдағы  орнын  және  оның  қарым-қатынас  жасаудағы 

проблемаларын  зерделеу,  диагностика  материалдары  негізінде  проблема 

бойынша түзету жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. жұмыстарды жүргізеді.  

Сынып  жетекшісі  балаларды,  олардың  өзара  қатынасын,  қарым-

қатынастағы  проблемаларды  зерделейді.  Ол  үшін  ата-аналармен  әңгімелесу 

барысында  оқушылардың  қандай  ортада  тәрбиеленіп  жатқанын  және 

отбасылық  байланыстың  беріктігін,  ата-аналардың  баламен  арадағы  өзара 

қатынас  стилін,  баланың  отбасындағы  орнын  түсінуі,  мінез-құлқының  тұқым 

қуалаған ерекшеліктерін және т.б. анықтай білуі керек.  



Қарым-қатынас  аясындағы  баланың  орнын  анықтаған  педагог  әдептілікті 

сақтай 


отырып 

проблемаларды 

шешуге 

көмектеседі, 



оқушының 

жолдастарымен,  ересектермен,  ата-анасымен  қарым-қатынасын  түзетуі, 

баланың  ұжымда  өзін-өзі  танытуы  үшін  жағдай  жасайды,  мысалы,  «жолы 

болмайтын»,  «сотқар»,  «екілік  алатын  оқушы»  сияқты  оның  әлеуметтік  рөлін 

өзгертуіне  көмектеседі.  Мұғалімнің  басты  міндеті  –  адамдар  арасындағы 

қарым-қатынасты, адамның әрекетін бағалау нормаларын басқарушы болу.  

 

Үшінші бағыт − Адамгершілік  

Оқушыларда  өз  дене  дамуының  сапалары  туралы  білімді,  қатынас  жасау 

біліктілігін  дамыта  отырып,  адамгершілік  қасиеттерін  жетілдіруге  зор  назар 

аудару  қажет.  Сынып  жетекшісі  осы  бағытта  жұмыс  жасай  отырып  шынайы 

өмірлік  жағдайлардан  алынған  адамгершілік  тәрбиелеріне  сәйкес  білу,  түсіну 

және  әрекет  ету  тілегін  дамытуы;  басқа  адамдардың  ұқсас  жағдайларда  аман 

қалған  мысалдарын  келтіре  отырып  төтенше  жағдайларда  күресу  және  аман 

қалу  біліктілігін  тәрбиелеуі;  оқушының  өзіне  деген  қызығушылығын,  өзін  өзі 

жетілдіру тілегін тәрбиелеуі; өз халқының, өз отбасының салт-дәстүріне, әдет-

ғұрпына  оң  көзқарас  қалыптастыру,  айтылғанды  тыңдау,  көру,  түсіну  және 

жауап қайтару, өзі туралы қорытынды жасау біліктілігін қалыптастыруы тиіс.  

Сынып  жетекшісі  оқушыларды  адамзаттың  өмір  сүруінің  мәнін,  өзінің 

және  өзге  адамдардың  өмір  сүру  құндылықтарын  түсінуге  үйретеді, 

оқушыларда  тарихи  өткенді  және  болашақты,  сондай-ақ  өзінің  тікелей  рөлін 

түсінуі  мен  сезінуін  қалыптастырады.  Мұғалімнің  міндеті  –  оқушыларға  ең 

жоғары құндылық – ол адам өмірі екендігін түсінуге үйрету, олар ересек өмірде 

әлемнің  рухани-адамгершілік  және  мәдени  құндылықтарынсыз  толыққанды 

қалыптаса алмайтынын түсіндіру.  

 

Төртінші бағыт − Оқу  

Оқушылардың  зияткерлік  біліктіліктерін  дамыту  –  сынып  жетекшісі 

жұмысындағы өте маңызды бағыт болып табылады.  

Бұл  бағыттағы  жұмыстарды  ұйымдастырғанда  жалпы  сыныптың  оқу 

ерекшеліктерін  зерделеу  және  әрбір  оқушының  оқу  мүмкіндіктерін  алдағы 

уақытта  түзету  үшін  анықтау;  педагогтармен  бірлесе  отырып  оқушылармен 

сабақ  барысында  және  сабақтан  тыс  жүргізілетін  жеке  жұмыстың  әдістерін, 

тәсілдерін  және  түрлерін  анықтау;  сыныптан  тыс  шараларды  ұйымдастыруда 

зерделеу нәтижесін пайдалану; 

отбасымен бірлесе отырып оқушының оқудағы 

біліктіліктерін,  оның  танымдық  белсенділігін,  болашағы  мен  кәсіптік 

анықталуын дамытудағы бірыңғай тәсілін дайындау;

 

оқушының өз зияткерлігін 



дамытуына оң қарым-қатынас қалыптастыру қажет.  

Сынып  жетекшісі  оқушылардың  танымдық  қызығушылықтары, 

қабілеттері,  ойлау  ерекшеліктері,  ес,  зейін,  ерік,  оқудағы  қиындықтарын 

анықтауға бағытталған тесттер жүргізген тиімді.  

Сынып  жетекшісі  оқушымен  жеке  әңгімелесуде,  оны  сабақта  және 

сабақтан  тыс  уақытта  бақылау  арқылы  оқушы  үлгерімінің  төмендеу  немесе 

жоғарылау  себептерін  анықтайды;  оған  ата-анасы,  жолдастары,  оқытушылар 



сабақ  оқуға  қалай  көмектесетінін,  оқушы  үй  тапсырмасын  өз  бетімен 

орындайтынын,  болмаса  оны  сабақ  оқуға  мәжбүрлейтінін,  мұғалімге  қандай 

көмек  қажет  екенін,  үйдегі  немесе  сабақтағы  табысты  оқу  қалайша 

ынталандырылатынын анықтайды.  

Сынып  жетекшісі  оқушыларға  көмектесуде  пән  мұғалімдерімен,  оқу  ісі 

меңгерушілерімен  бірлесе  жұмыс  жасайды,  оқушылармен  жұмыс  жасауда 

олардың  мүмкіндіктеріне  сәйкес  келетін  оқытудың  формалары  мен  әдістерін 

пайдалану үшін баланың ойлау, жады ерекшеліктері туралы әңгімелейді.  

 

Бесінші бағыт – Бос уақыт  

Сынып  жетекшісі  жұмысының  маңызды  құрамдас  бөлігі  балалардың  бос 

уақытын  ұйымдастыру  болып  табылады.  Бұл  –  демалыс,  қабілеттері  мен 

қызығушылықтарын  дамыту  және  адамдармен  еркін  қарым-қатынас  жасау 

уақыты.  Сынып  жетекшісі  сабақтан  тыс  уақыттағы  оқушылардың 

қызығушылықтарын  және  қажеттіліктерін  анықтау;  оқушылар  үйірме,  секция 

және  т.б.  таңдағанда  оларға  кеңес  беру  және  түсіндіру;  оқушылардың  жеке 

өзінің және басқа адамдардың жетістіктері мен табыстарына қуану біліктілігіне 

және т.б. назар аударуы қажет.  

Сынып  жетекшісі  келесі  ережелерді  ескерген  жағдайда  оқушылар  бос 

уақыт  аясында  жақсы  дамиды:  бос  уақыт  формасы  мен  мазмұны  оқушыларға 

күштеп  таңылмайды,  олар  өз  еркімен  таңдайды;  бос  уақыт  қызметі 

оқушылардың  өзін-өзі  басқару  принципіне  құрылады,  балалар  өз  бос 

уақытының  ұйымдастырушысы  болып  табылады;  бос  уақытты  ұйымдастыру 

формалары орынды кезектеседі. Бос уақыт әрекетінде оқушылардың дербестігі, 

шығармашылық мүмкіндіктері, адамгершілік қасиеттері айқын көрінетіндіктен 

сынып жетекшісі балаларды мұқият қадағалауы және олар туралы жаңа білімді 

тәрбие процесінде пайдалануы қажет.  

 

Алтыншы бағыт − Отбасы  

Мектеп оқушыларының отбасылары әртүрлі. Олардың материалдық және 

мәдени  деңгейлері  әртүрлі.  Ол  оқушылардың  денсаулығына,  оның 

психикасына,  оқуға  деген  қарым-қатынасына  әсер  етеді.  Тәрбие  процесін 

отбасымен  ынтымақтаспай  жүргізу  мүмкін  емес.  Бұл  бағыттағы  жұмыстарда 

сынып  жетекшісі  оқушылардың  отбасын  зерттеуі;  ата-аналармен 

психологиялық-педагогикалық  ағартушылық  жұмыстар  ұйымдастыруы;  ата-

аналар  мен  балалардың  бос  уақытын  бірге  өткізуін  ұйымдастыруы;  ата-

аналардың жеке бастамасын марапаттауы тиіс.  

Сынып жетекшісі оқушының материалдық игілік аясын, өмір салтын, оның 

отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрпын білуі керек. Ол тақырыбы балалардың 

жеке  және  жас  ерекшеліктері,  сыныпқа  тән  проблемалар,  мектептің  міндеті 

ескеріле  отырып жоспарланған 

ата-аналар жиналысын 

үнемі өткізіп отыруды; 

туындаған  қажеттіліктерді  ескеріп  жеке  әңгімелер  өткізуді;  сынып  жетекшісі 

қызметінің  барлық  бағыттары  бойынша  сынып  ата-аналарын  бірге  жұмыс 

жасауға  қатыстыруды;  оқушылар  мен  ата-аналардың  өзара  шығармашылығын 

ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.  




  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал