Методика физики



жүктеу 84.16 Kb.

Дата29.04.2017
өлшемі84.16 Kb.

60 

Вестник Карагандинского университета 



ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ 

МЕТОДИКА ФИЗИКИ 

METHODOLOGY OF PHYSICS 

ƏОЖ 069.123:53:62(045) 

Е.Т. Акимбеков, А.Б. Мусатаева 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана 

(E-mail: asemmus-1985@mail.ru) 

Физика пəнінен практикалық сабақ жүргізудің бір əдісі туралы 

Мақалада техникалық мамандық студенттерімен физика пəнінен жүргізілетін практикалық  сабақтың 

маңыздылығы  жəне  есеп  шығару  сабақтарында  қазіргі  заман  талабына  сай  интерактивті  тақтаны 

қолданудың  ерекшеліктері  мен  артықшылықтары  қарастырылған.  Практикалық  сабақтарда 

қолданылып  жүрген  сабақ  жүрізу  əдісінің  бір  мысалы  келтірілген.  Физика  пəнін  оқытуда,  атап 

айтқанда  практикалық  сабақта,  əр  түрлі  физикалық  құбылыстарды,  заңдылықтарды  студенттерге 

түсіндіріп  жеткізудегі  ақпараттық  технологиялардың  артықшылықтары  сабақ  жүргізу  барысындағы 

мысалдар арқылы түсіндіріледі. 



Кілт  сөздер:  ақпараттық  технология,  интерактивті  тақта,  проблемалық  жағдай,  жүйелі  түр,  терең 

зерделеу. 

 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік 



бағдарламасында  «еңбек  нарығының,  еліміздің  индустриялық  инновациялық  міндеттері  мен  жеке 

тұлғаның  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  жəне  білім  беру  саласындағы  үздік  əлемдік 

тəжірибелерге  сай  келетін  білім  сапасын  жоғары  деңгейге  жеткізу»  деп  негізгі  мақсаты  атап 

көрсеткен [1]. 

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты 

міндеттерінің  бірі — «Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру,  оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу, 

халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу барысында 

нəтижеге  бағытталған  білім  берудің  жаңа  жүйесіне  көшу  үшін  əр  оқытушы,  жеке  тұлға  күнделікті 

ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  өзерістерге  батыл  жол  ашарлық  жаңа  тəжірибеге,  жаңа 

ақпараттық  технологияларға,  əлеуметтік,  тұлғалық  жəне  жеке  құзыреттіліктерге  ие  болуы  тиіс.  Бұл 

талаптар  күнделікті  əдістемелік  жұмыстың  жүйелі  түрде  ұйымдастырылуы  негізінде  жүзеге 

асырылады деп санаймыз. 

Жоғары  оқу  орнының  əрбір  оқытушысының  міндеті — саналы  да,  білімді,  білікті  маман 

дайындап  шығару.  Сол  маманды  дайындау  барысында  оқытушы  үлкен  жауапкершілікпен  қарауы 

тиіс,  яғни  өз  пəнін  жоғарғы  деңгейде  жүргізіп,  студентке  сапалы  білім  алуына  мүмкіндік  жасау. 

Болашақ  инженер  өз  мамандығын  меңгеруде  физика  пəнінің  ролі  зор  екенін  жақсы  біледі.  Қазіргі 

заманға  сай  техникаларды  құрастырушы,  ғылыми-техникалық  прогресті  дамытушы  болашақ 

инженерлердің ғылыми көзқарастарын қалыптастырудағы физика мен кəсіби-техникалық пəндердің 

интеграциясына ерекше мəн берілуі керек. 

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың барлық салаларын физикаcыз елестету мүмкін емес. Сол 

себепті де бүгінгі күні физиканы оқытуды жетілдіру мəселесіне зор мəн беріледі. Сондықтан жоғары 

техникалық  оқу  орындарында  білікті  мамандарды  даярлауда  оқыту  түрлерін  терең  зерделеп,  кең 

қолдану талап етіледі. Əсіресе дəріс сабақтарында мүмкіндігінше бүгінгі талапқа сай эксперименттік 

көрсетілімдер, интерактивті тақталар мен жаңа техникалық құралдарды пайдаланған дұрыс. Физика 

мен мамандық пəндерін байланыстырып оқытуда есеп шығарудың маңызы өте зор. Олай дейтініміз, 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Физика пəнінен практикалық … 

Серия «Физика». № 3(83)/2016 

61 

есептерді шығару жəне оларды талдау физика мен мамандық пəндердегі заңдар мен формулаларды 



тереңінен түсінуге жəне есте сақтап қалуға көмектеседі, сонымен бірге олардың негізгі ерекшеліктері 

мен  қолдану  шегі  туралы  түсініктерді  қалыптастырады.  Физика  пəнінде  шығарылатын  есептер 

материялық  дүниенің  жалпы  заңдарын,  практикалық  жəне  танымдылық  маңызы  бар  нақтылы 

мəселелерді  шешуге  қолдана  білу  дағдыларын  дамытады.  Есептерді  шығару  əрбір  студенттің 

физикалық  құбылыстар  мен  оның  заңдылықтарының  мағынасын  қаншалықты  тереңінен  ажыратып 

аша білетіндігін, теориялық білімдерін іс жүзінде жүзеге асыра білу деңгейін, есепті шешудің дұрыс 

жəне  тиімді  жолын  тауып,  оны  дəлелдей  алатындығын  көрсетеді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  студенттің 

физика  мен  мамандыққа  қатысты  пəндерден  алған  теориялық  білімінің  деңгейі  оның  есепті  дұрыс 

шығара білуімен бағаланады деуге əбден болады. 

Жаратылыстану  бағытындағы  жетекші  пəндердің  бірі  бола  отырып,  физика  білім  алушының 

ақыл-ойын,  логикасын  жəне  шығармашылық  қабілеттерін  жан-жақты  дамытуға  ықпал  жасайды. 

Технологияның  озық  жетістіктерін  физика  сабағында  қолдану  арқылы  танымдық  іс-əрекеттерді 

тиімді ұйымдастырудағы білім алушының құзыреттілігін (өз бетінше жұмыс істеу, есептерді шығара 

білу, шапшаңдылық, шеберлік дағдылары, білім алушының ой-өрісі) жан-жақты дамытуға болады. 

Физикалық  есептерді  шығарудың  басты  мақсаты — физикалық  құбылыстарды  оқу  кезінде 

логикалық  ойлау  қабілетінің  дамуына  жəне  білімнің  қалыптасуына  қолжеткізу.  Мұндай  мақсатқа 

жету  үшін  тек  қана  есепті  шешу  фактісі  емес,  сонымен  бірге  оларды  шешудің  тəсілдерін  таңдау 

маңызды роль атқарады. Есепті шешу тəсілімен оны талдау жолы оқылған құбылыстың мəнін ашуға 

қабілетті  болу  керек.  Кейде,  тəжірибеден  байқағанымыздай,  студент  құбылыстың  мəнін  түсінбей, 

механикалық  түрде  шығарады.  Есеп  шығару  барысында  түсінуге,  талқылауға,  ой-тұжырымын 

жасауға  жəне  дəлелдеуге  тура  келеді.  Салыстыру,  талдау,  жинақтау,  жалпыдан  жекеге,  жекеден 

жалпыға ауысып ойлау арқылы білім алушылардың ақыл-ойы дамиды, интеллектуалды біліктері мен 

дағдылары қалыптасады. 

Есеп  шығару  физиканы  оқыту  үрдісінің  ұдайы  бөлінбес  құрамды  бөлігі  болып  саналатыны 

белгілі,  өйткені  ол  физика  сабақтарының  түгелдей  барлық  түрлері  мен  кезеңдерінде  жəне 

студенттердің  өздік  жұмыстарында  да  кездеседі.  Əр  сабақтың  өзінде  физикалық  есептерді 

шығарудың мынадай маңызды жақтарын атап өту керек: 

1. Білім алушының логикалық жəне физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен 

түрлендірулерді  орындауға  жаттықтырады,  физикалық  заңдар  мен  эксперименттің  сандық  жəне 

сапалық мағыналарын ашады. 

2. Физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  практикалық  маңызына  жəне  мамандыққа 

қатысты кейбір пəндермен байланыстылығына көз жеткізеді. 

3. Студенттерді тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады. 

4. Сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жəрдемдеседі. 

5. Физикалық  құбылыстар  мен  заңдарды  жəне  теорияларды  талдауға,  қортындылауға,  олардың 

арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жəрдемдеседі. 

6. Пəнаралық  байланысты  (математика,  химия,  биология,  мамандық  пəндері)  күшейтуге  ықпал 

жасайды. 

7. Студенттің физикаға деген қызығушылығын арттырады. 

Физикалық  есептерді  шығару  арқылы  оқытушы  сабақта  студенттердің  білімі  мен  дағдыларын 

тексеріп бағалайды, жаңа материалды түсіндіреді жəне оны бекітеді, проблема қойып, оны зерттейді. 

Кез келген есепті шығару оның тұжырымдамасын (мазмұнын) зерттеуден басталады. Сонымен 

қатар  біз  есеп  талаптарымен  танысамыз,  шартын  (берілгенін)  зерттейміз  жəне  есептің  негізгі 

шиеленісін анықтаймыз. Яғни, мына сұрақтарға жауап беруге тырысамыз: Не белгілі? Нені анықтау 

керек? Проблемасы неде? Есептің шартын талдай отырып, əрқайсымыз нысандар мен құбылыстарды 

абстракциялаймыз, идеалдаймыз (дəріптейміз), басымдық процесті көрсетеміз, қосымша мəліметтер 

жинаймыз, шарттың артығын алып тастаймыз, сапалы жəне сандық сипаттама арасындағы өзара бай- 

ланысты  бекітеміз,  шартты  шешуге  қажеттісін  жəне  жеткіліктісін  айқындаймыз,  есепті  шығаруға 

қажетті моделін жасаймыз [2]. 

Біз  өзіміздің  оқу  орнында  техникалық  мамандық  студенттерімен  физика  пəнінен  практикалық 

сабақтарды жүргізу тəжірибемізден мысал келтіреміз. Əрине, практикалық сабақта қарастырылатын 

есептердің  мазмұны  да  мамандық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  таңдап  алынады.  Бір  сабақта 

есептің күрделілігіне қарай кемінде төрт есепке дейін шығарып, талдау жоспарланады. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Е.Т. Акимбеков, А.Б. Мусатаева 

62 


Вестник Карагандинского университета 

Студентте  бірінші  курстан  бастап  жалпы  ғылыми  пəндерді  оқу  барысында  теориялық  білім 

алудың  неғұрлым  жалпы  ғылыми  негізделген  əдістері  қалыптасуы  керек  жəне  тек  тікелей  физика 

есептерін ғана шығару үшін емес, сонымен бірге теориялық механика, машиналар мен механизмдер 

теориясы жəне материалдар кедергісі сияқты жалпы инженерлік пəндердің есептерін шығару үшін де 

нақты бір тапсырмаға немесе есепті шешуге, физикалық білімін қолдану əдістерін білуі керек [3]. 

Физика  пəнінен  өткізілетін  практикалық  сабақтардың  негізгі  мақсаты  дəріс  сабақтарында 

қарастырылған теориялық материалдарды бекіту болғандықтан, оның маңыздылығын ескеру керек. 

Практикалық  сабақтарда  есептер  талдау  барысында  уақыт  жетпей  қалып  жатады,  бұл  да  көп 

қиындықтар  тудырады,  себебі  сабақ  барысында  күрделі  есептерді  қарастырғанда  өз  мамандығына 

қатысты сол есептің маңыздылығына студенттің көзін жеткізе отырып, талдап шығару үшін біршама 

уақыт  қажет  болады.  Өйткені  білім  беру  саласында  кредиттік  жүйеге  көшкелі  сағат  санының  жəне 

сабаққа берілетін уақыттың азайғаны белгілі. Сонымен қатар есепті шығармас бұрын мүмкіндігінше 

сол  есептің  мазмұнына  сай,  құбылысты  түсіндіретін  көрсетілім  жасап,  студенттерге  көрсетіп  алып, 

сол демонстрацияның мағынасын талдаса, есеп соғұрлым түсінікті болар еді. 

Практикалық  сабақтың  тиімділігі  тек  алған  мағлұматтардың  мазмұны  немесе  көлемімен  ғана 

емес, оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас, оқытушының қарастырып отырған сұрақты 

аудиторияға  жеткізе  білуімен,  беріп  отырған  тапсырманың  мазмұнының  дұрыстығымен,  яғни 

сұрақтың  дұрыс  қойылуымен  де  анықталады.  Физика  пəнінен  практикалық  сабақ  өткізудегі  ең 

маңызды  мəселенің  бірі — есеп  шығару  жолының  рет  тəртібін  сақтау,  яғни  неден  бастап,  қалай 

аяқтау керектігі. 

Студенттерге практикалық сабақтың тақырыбына сай, маңызды теориялық сұрақтар қойылады. 

Сөйтіп,  өткен  материалдар  бойынша  тақырыпты  теориялық  жағынан  пысықтап  аламыз.  Сұрақ-

жауапқа  белсене  қатысқан  студенттердің  жауабы  ескеріліп  отырады.  Бірінші  берілетін  есеп 

оқытушының көмегімен толық талдау жасай отырып, шығару жолы түсіндіріліп, студенттермен бірге 

қарастырылады.  Одан  кейінгі  есептер  аудиторияға  ортақ  беріледі.  Берілетін  есептердің  шарты 

интерактивті тақта арқылы көрсетіледі. Есепті алғашқы болып шығарған студенттердің біреуі тақтада 

сол есептің шығарылуын түсіндіріп береді. Мүмкіндігінше тақтаға орташа деңгейде оқитын студент 

шығарылады.  Ондағы  мақсат — үлгерімі  орташа  деңгейдегі  студенттің  де  ынтасын  арттыру  жəне 

есеп  шығара  білуге  икемдеу.  Уақыт  жетсе,  үлгерімі  төмен  студенттен  де  сол  есептің  шығарылу 

барысын қысқаша түсіндіріп беру талап етіледі. Сонда барлық студенттің сабаққа белсене қатысуына 

мүмкіндік болады жəне студенттің жауапкершілігі де артады. 

Практикалық  сабақтың  маңыздылығын  айта  отырып,  сабақ  жүргізу  барысында  заман  ағымына 

сай ақпараттық технологияны қолданудың да бір əдісін қарастырамыз. 

Сабақта  ақпараттық  технологияны  тиімді  пайдалану  білім  сапасының  артуына  əкеледі,  білім 

алушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз 

бетімен іздеуіне жəне компьютерлік сауаттылықтарына жол ашады. Дəстүрлі оқыту əдістері мұндай 

нəтижеге соншалықты қолжеткізуге мүмкіндік бере бермейді. Сол себепті қазіргі білім жүйелерінде 

жаңа технологияларды пайдалану — педагогикалық практиканың жарқын болашағына негіз болатын 

бағыт.  Атап  айтқанда,  физика  пəнінен  практикалық  сабақтарда  интерактивті  тақтаны  қолданудың 

ерекшеліктерін,  тиімділігін,  артықшылықтарын  көрсетпекпіз.  Топтағы  студенттердің  барлығы 

оқулықпен қамтамыз етілуі мүмкін емес. Сол кезде интерактивті тақтаның қолданудың маңызы зор. 

Динамика  тақырыбы  бойынша  практикалық  сабақта  қарастырылатын  есептердің  алғашқысын 

интерактивті тақтада көрсетілуін мысал ретінде алып қарастырайық. 

1-есеп. Суретте массалары сəйкесінше, 600 г жəне 400 г болатын екі дененің блок арқылы өзара 

жіппен  жалғанған  кездегі  қозғалысы  көрсетілген (1-сур.).  Қозғалыс  бағытын  х  осіне  сəйкес 

қарастырып,  берілген  əр  дененің  үдеулерін  жəне  жіптің  керілу  күшін  анықтаңыздар.  Берілген 

шамалардың  өлшем  бірліктерін  халықаралық  бірліктер  жүйесіне  келтіріп,  есепті  шешуге 

қолданылатын  негізгі  заңды  қолдана  отырып,  шығару  керек.  Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  топқа 

ортақ  берілетін  осы  есептің  шарты  интерактивті  тақтада  көрсетіліп  қойылады (2-сур.).  Бұл 

студенттердің  бір  мезгілде  жұмысқа  кірісуіне  мүмкіндік  береді.  Осы  арада  интерактивті  тақтаны 

сабақ  барысында  қолданылатын  бір  мысалына  тоқтала  отырып,  атап  айтқанда,  физика  пəнінен 

практикалық сабақта қолданудағы артықшылығына, дəлел келтіргіміз келеді. 

Қазіргі  кредиттік  оқыту технологиясында  əр сабақта  барлық студент  баға алуы  тиіс,  яғни  апта 

сайын электрондық журналға студенттің бағасы енгізілуі керек. Ол үшін əр студент баға алуы қажет. 

Осы мəселені шешуде интерактивті тақтаның қандай пайдасы бар екенін айтпақпыз. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Физика пəнінен практикалық … 

Серия «Физика». № 3(83)/2016 

63 

Физика пəнінен практикалық сабақта топтағы студенттің барлығы бір мезгілде жұмыс жасауға 



жұмылдырылуы тиіс, яғни олар берілген тапсырманы орындауға бір мезгілде, бірдей кірісулері керек. 

Бір топта 25–28 дейін студент болады, ендеше бұрынғы дəстүрлі қолданыста болған тақтаға барлық 

студентке бір мезгілде əрқайсысына жеке-жеке тапсырма беру мүмкін емес.  

 

 



1-сурет. Екі дененің қозғалысы 

2-сурет. Топқа ортақ берілетін есептің шарты 3-сурет. Жеке тапсырмаға берілетін есептің шарты 

Немесе  топтағы  барлық  студентті  толығымен  оқулықпен  қамтамасыз  ету  де  мүмкін  емес 

екендігін  жоғарыда  айтып  өттік.  Сондықтан  тапсырманы  барлығына  бір  мезгілде  беру  үшін 

интерактивті тақтаға əр студентке жеке берілетін тапсырмаларды дайын кесте түрінде бере аламыз, 

оған  ешқандай  көп  уақыт  та  кетпейді жəне барлық  студент  тапсырмаларын  орындауға  бір  мезгілде 

кірісе  алады,  бұл  студенттерді  оқулықпен 100 % қамтамасыз  еткенмен  бірдей.  Əр  студентке  нұсқа 

бойынша  жеке  берілетін  тапсырмаларының  интерактивті  тақтадағы  көрінісі 3-суретте  көрсетілген, 

қысқартылып алынған нұсқасы төмендегі кестеде берілген. 

Мысалға физика пəнінен практикалық сабақтарда студенттерге беріп жүрген бір есепті (2-есеп) 

көрсетейік, барлық есептер де дəл осы түрде 28 нұсқадан болады (бұл мысалда кесте қысқартылып 

берілген). Тағы да маңызды бір жағдай, ол берілетін тапсырмалар барлық студентке деңгейі жағынан 

(орташа) бірдей болуында. Барлық студент тапсырмаға бір мезгілде кірісіп, өз мүмкіндіктерінше əр 

түрлі уақыт аралығында тапсырады да, сəйкесінше өз бағасын алады. 

2-есеп.  Массасы  М горизонталь  платформа  центрінен  өтетін  вертикаль  ось  маңында  айналады. 

Оның  центрінен  r



қашықтықта  массасы  m  адам  тұр.  Адам  центрден  r



қашықтыққа  орын 

ауыстырғанда платформаның айналу жиілігі n есе өзгереді. Платформа радиусы R тұтас біртекті диск 

адам  материалдық  нүкте  деп  алып,  кестедегі  тапсырма  номеріне  сəйкес  белгісіз  шамаларды  табу 

керек. 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У


Е.Т. Акимбеков, А.Б. Мусатаева 

64 


Вестник Карагандинского университета 

К е с т е  

Нұсқа № 

М, кг 

R, м 

m, кг 

r

1

, м 



r

2

, м 







25 



26 

27 


28 

95 



155 

130 




60 


115 

150 


15,0 

10,0 



7,5 



14,5 


11,5 


5,5 

60 


76 

88 





66 

74 


86 


14,0 

12,0 


9,0 



12,5 



9,5 

11,0 


6,17 


4,63 

5,08 


5,3 



1,23 


3,43 

4,7 


3,74 

1,6 


2,1 

1,45 


1,3 



2,2 


2,5 

1,8 


1,4 

 

Əрбір  білім  алушы  визуалды  материалдарды  жақсы  қабылдайды,  сонымен  қатар  сабақ 



барысында  туындаған  мəселелерді  бірігіп  шешуге,  талқылауға  мүмкіндік  алады.  Олар  білім  алу 

үрдісінде бір уақытта оқып тыңдап, тапсырмалар алады. 

Физика  пəніне  (практикалық  сабақта)  ақпараттық  технологияларды  қолдану  пəнді  оқытуда 

оқушыға  дүниенің  заңдарын  терең  меңгертіп  қоймай,  оқушының  ойын  дамытып,  эмоциясына, 

сезіміне  қозғау  салады.  Өзіне  қажетті  мазмұны  мен  мəліметті  ақпарат  көзінен  таңдап  өз  бетінше 

ойланып,  шешім  қабылдауға  дағдыланады.  Сондай-ақ  сабақ  өтуде  интерактивті  тақтаны  қолдану 

сабақ тиімділігін арттырады. 

Бұл  мақаладағы  біздің  негізгі  мақсатымыз  техникалық  мамандық  студенттері  үшін  физика 

пəнінен практикалық (есеп шығару) сабақтың мағыздылығын жəне интерактивті тақтаны қолданудың 

тиімділігі мен артықшылықтарын баяндау болды. Осы мəселені біз көрсете алдық деп ойлаймыз. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1  Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. — [ЭР]. 

Қолжетімділік тəртібі: http://primeminister.kz/page/article_item-34. 

2  Кудусов А.С., Мусенова Э.К. Стандартты емес есептерді шығару əдістемесі // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Физика 

сер. — 2012. — № 3(67). — 72–77-б. 

3  Мусатаева А.Б., Əкімбеков Е.Т. Физика пəнінен практикалық сабақтың маңызы // С.Сейфуллиннің 120 жылдығына 

арналған  «Сейфуллин  оқулары–10:  Мемлекеттің  индустриалды-инновациялық  саясатын  құрудағы  бəсекеге  қабілетті 

кадрларды дайындау  келешегі мен ғылымның рөлі» атты Халықарал. ғыл.-теор. конф. материалдары. — Астана, 2014. — 

1-т. — 3-б. — 88–90 б. 

 

 

Е.Т. Акимбеков, А.Б. Мусатаева 



Один из методов проведения практических занятий по физике 

В статье рассмотрены особенности и преимущества использования интерактивной доски студентами 

технической специальности на практических занятиях по физике и при решении задач в соответствии 

с современными требованиями. В качестве примера приведен урок по использованию методов веде-

ния  урока  на  практических  занятиях.  С  помощью  примеров,  подчеркнуто  авторами,  при  изучении 

предмета физики, т.е. на практических занятиях, различные физические явления, закономерности сту-

дентам объясняются преимущественно через информационные технологии. 

 

E.T. Akimbekov, A.B. Musataeva 



One of the methods of practical training in the discipline of physics 

This article describes the features and benefits of using interactive whiteboard by students of technical spe-

cialty on practical classes on physics and problem solution in accordance with the modern requirements. As 

one of the examples it is given a lesson on the use of these methods. When studying the subject of physics, 

i.e. on practical lessons different physical phenomena, laws are explained to students primarily by using of in-

formation technology. 

Ре

по

зи



то

ри

й



 

Ка

рГ



У

Физика пəнінен практикалық … 

Серия «Физика». № 3(83)/2016 

65 

References 



1  State Program for the Development of Education of the Republic of Kazakhstan for 2011–2020, http://primeminister.kz/ 

page/article_item-34 

2  Kudusov A.S., Musenova E.K. Bull. of the Karaganda University. Physics ser., 2012, 3(67), p. 72–77. 

3  Musataeva A.B., Akimbekov E.T. S. Seyfullin readings – 10: industrial and innovation policy of the state of science and the 



prospects for the creation of competitive training role: International scientific-theoretical conference for the 120th anniversary of the 

importance of practical work in physics, Astana, 2014, 1, 3, p. 88–90. 

 

Ре

по



зи

то

ри



й

 

Ка



рГ

У




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал