Методические рекомендации по полиязычному изучению предмета «Математика» в школах с национальным языком обучения



жүктеу 0.67 Mb.

бет1/5
Дата12.09.2017
өлшемі0.67 Mb.
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 

 

 

 

 



 

 

 



Ұлттық тілде оқытылатын мектептерде  

«Матеметика» пәнін көптілді оқыту бойынша  

әдістемелік ұсынымдар 

Әдістемелік ұсынымдар 



 

 

Методические рекомендации

 

по полиязычному изучению предмета «Математика»  

в школах с национальным языком обучения

 

 

Методические рекомендации 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2013  

 

 



 

Ы.  Алтынсарин  атында

ғы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесі  

шешімімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 20 қарашадағы № 5 хаттама). 

Рекомендовано  к  изданию  решением  Ученого  совета  Национальной 

академии образования им. И.Алтынсарина (протокол № 5 от 20 ноября 2013 г.). 

 

Ұлттық тілде оқытылатын мектептерде «Матеметика» пәнін көптілді оқыту 



бойынша әдістемелік  ұсынымдар .

 

Әдістемелік  ұсынымдар.  –  Астана:  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 22 б. 

Методические  рекомендации  по  полиязычному  изучению  предмета 

«Математика»  в  школах  с  национальным  языком  обучения.  Методические 

рекомендации. 

– 

Астана: 


Национальная 

академия 

образования  

им. И.Алтынсарина, 2013. – 23 с. 



 

Әдістемелік  ұсынымдарда  «Математика»  пәнін  көптілді  оқыту  мәселесі 

қарастырылады.  «Математика»  п

әнін  көптілді  оқытудың  дидактикалық 

тәсілдері  суреттелген.  Пән  бойынша  оқушылардың  тілдік құзыретін  және 

функционалды  сауаттылығын  дамыту дағы  жұмыстың  мазмұны,  әдістері  және 

нысандары бойынша ұсыныстар беріледі.  

Бұл басылым мектеп басшылары мен мұғалімдерге, әдіскерлерге, білім беру 

басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлеріне арналады. 

 

В  методических  рекомендациях  рассматриваются  вопросы  по  реализации 



полиязычного  изучения  предмета  «Математика».  Описаны  дидактические 

подходы  к    полиязычному  изучению  предмета  «Математика».  Даются 

рекомендации  по  содержанию,  методам  и  формам  работы  по  развитию 

языковой  компетенции  и  функциональной  грамотности  школьников  по 

предмету.  

Данное  издание  адресовано  руководителям  и  учителям  школ,  методистам, 

работникам управления и отделов образования. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                               © 

Ы.Алтынсарин    атындағы   Ұлттық 

                                                                                    

білім академиясы, 2013 

                                                                   

© Национальная академия образования 

 

имени И. Алтынсарина, 2013 



 



Кіріспе 

 

«

Өзге тілдің бәрін біл,  

өз тіліңді құрметте» 

Қадір Мырзалиев 

 

Бүгінгі  күні,  технологияландыру  және  жаһандану  дәуірінде  бас



қа 

мәдениеттермен  сұхбаттасуға  қабілетті,  өсіп  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеу 

механизмдерінің  тиімді  жағдайларын  іздестіру  үдерісін  арттыру  байқалады. 

Әлемнің  өзара  байланысты  және  өзара  тәуелді  жағдайында  жас  ұрпақты 

даярлаудың пәрменді құралы – көптілділік болып табылады.  

Мемлекеттік  тілдің  қызмет  ету  саласын  кеңейту,  оның  бәсекелестікке 

қабілеттілігін  арттыру  тұжырымдамасы,  мемлекеттік  тілді  оқыту  сапасын 

жақсарту, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілдің қызмет етуін 

қамтамасыз  ету,  ұлтаралық  келісім  мен  қазақстандық  патриотизмді  нығайту 

факторы ретінде оның рөлін арттыруға бағытталған және бағытталатын болады 

да. 

Қазақстан  Республикасының  тіл  саясаты  тұжырымдамасында,  орыс  тілі 



ғылым мен техниканың әр түрлі салалары бойынша ақпараттың негізгі құралы, 

таяу және алыс шет елдермен байланыс құралы ретінде анықталады. 

Сонымен  бірге, әлемдік  тілдерді,  оның  ішінде  ағылшын  тілін,  білмей 

әлемдік экономикалық кеңістікке кіруді елестету мүмкін емес. Оның қарқынды 

оқытылуына  байланысты,  көптеген  қазақстандықтар  үшін  тілдік  ахуалдың 

толық  мөлшерде  көптілдік  екенін  көрсетуге  болады.  Яғни,  бүгінгі  күні 

қазақстандық қоғамға тән қостілділік біртіндеп көптілділікке ауыса бастауда. 

Кез келген тілді оқу, осы тілді таратушы мәдениетті оқып білуден қолдау 

табуы тиіс. Әрі бұл үдеріс, әр түрлі жазықтықта емес синкретті түрде өтуі тиіс. 

Осыған байланысты нәтижесі қоғам азаматтарының көптілділігі болуы тиіс, көп 

лингвомәдениетті  білім  туралы  айту  орынды  болар  еді.  Өз  ұлтының  өкілі 

сезімін нығайтатын ана тілі, ғылыми-техникалық ақпарат көзі ретінде орыс тілі, 

әлемдік қоғамда өздігінен теңесуге адамның қабілетін дамытатын шет ел және 

басқа да халықтық тілдер осы көптілдіктің қосылғыштары болуы тиіс.  

Сондықтан,  адамның  өмірдің  жаңа  әлеуметтік  -  саяси  және  әлеуметтік -

мәдени  болмысына  бейімделуінің  басты  көрсеткішінің  бірі  ретінде,  тілді  оқу 

қазіргі  уақытта  ғылыми-теориялық  және  ғылыми-тәжірибелік  өзекті  міндет 

болып  отыр.  Одан  басқа,  тәуелсіздік  кезеңінде  қалыптасқан  тілдік  саясат  пен 

тілдік  ахуалдың  дәстүрлі  тұжырымдам асын  жаңаша  ұғыну  қажеттілігі  дұрыс 

туындап отыр. 

Бұл мәселенің қазіргі Қазақстанның тілдік ахуалына қолдануға келетіндігі 

аса  айқын  екендігі,  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  Н.А.  Назарбаевтің жолдауында  көрсетілген.  М ұнда, 

елдің  және  оның  азаматтарының  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету 

мақсатында  «Тілдердің  үштұғырлылығы»  мәдени  жобаны  кезең -кезеңмен 

жүзеге асыру ұсынылған. Оған сәйкес үш тілді: мемлекеттік тіл ретінде қазақ 



 

тілін, ұлтаралық  қатынас  тілі  ретінде  о рыс  тілін  және  әлемдік  экономикаға 



табысты кіру тілі ретінде ағылшын тілін дамыту қажет. 

Көптілділік әлемнің өзара байланысты және өзара тәуелді жағдайында жас 

ұрпақты  даярлаудың  пәрменді  құралы  ретінде  қарастырылады.  Осыған 

байланысты қазіргі әлемдегі тілдердің рөлін түсіну, тілдерді оқыту және тілдік 

даярлық деңгейін арттыру мәселесі біздің алдымызға қойылып отыр. Көптілдік 

жүйесіндегі оқыту принциптерінің жүйесі: қазақ тілі – орыс тілі – ағылшын тілі. 

2007 жылғы Қазақстан Республикасының білім туралы заңына сәйкес, меншік 

түріне  қарамастан  барлық  білім  беру  ұйымдары,  оқушылардың  қазақ  тілін 

мемлекеттік  тіл  ретінде  білуін,  сондай-ақ  тиісті  білім  деңгейінің  мемлекеттік 

жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет ел тілдерінің біреуін 

оқуын қамтамасыз етуі тиіс.  

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов «Нұр 

Отан» ХДП аймақтық партия конференциясында сөйлеген сөзінде, әлемнің әлді 

әрі  дамыған  елдерімен  қатар  үлкен  жетістіктер  мен  табыстарға  қол  жеткізуге 

тек қана  білімді  ұлт  қабілетті  екенін  атап  өтті.  Сондықтан,  егеменді 

мемлекеттің дамуында білімнің рөлі – ең маңыздылардың бірі деп ерекше көңіл 

аударды. 

Білім беру үдерісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, балаларды 

оқытуда  қазіргі  заман  техникасын  пайдалану,  дүниежүзілік  интернет  желісіне 

қосылу,  ағылшын  тілін  білу  –  осылардың  барлығы  қазіргі  білім  беру 

мекемелерінің  жоспарында  бірінші  болып  тұруы  тиіс  деп  аңғартты  министр. 

Әрине,  әлемнің  озық  елдерімен  қатар  болу  үшін,  біздің  балаларымыз  қазіргі 

заман технологияларымен таныс болулары, ағылшын тілін түсініп және сөйлей 

білулері керек. 

Көптілді  білім  беру  –  білім  берудің  сапасын  арттыру  және  барлық 

этникалық  топтардың  өкілдеріне  жоғары  білім  алуда  бірдей  мүмкіндікпен 

қамтамасыз  ету,  сәйкесінше  кәсіптік  және  әлеуметтік  жоспарда  алға  жылжу 

үшін  жақсы  жағдайлар  туғызудың  тиімді  құралы  болып  есептеледі.  Орыс, 

ұйғыр,  өзбек  тіліндегі  мектептердің  орта  және  жоғары  сыныптарында 

мемлекеттік  тілді пән ретінде  ғана оқытпай, бір немесе бірнеше пәнді  (тарих, 

география, математика жән е т.б.) қазақ тілінде оқыту мектеп бітірушінің қазақ 

тілінде  жоғары  оқу  орнында  білімін  жалғастыру  деңгейіне  жетуге  мүмкіндік 

береді.  Мұндай  модель  қазақ,  ұйғыр  немесе  өзбек  тіліндегі  мектептерде  орыс 

тілін  білуде  жақсы  деңгейге  жетуде  де  және  шет  ел  тілін   меңгеруді  мақсат 

еткен  кезде  де  тиімді  бола  алады.  Ана  тілі  емес  тілді  о

қыту  құралы  ретінде 

пайдаланудың  маңызды  шарты,  оқушылардың  оны  жетік  меңгеруі  және 

даярлығы бар пән оқытушыларының бар болуы болып табылады. 

 


 





Пәнді көптілді меңгеруің тәжірибесінен 

 

Елдің  индустриялы-жаңашылдық  дамуы  жағдайында,  білім  беру  іс-



әрекетінде көптілді мәдениет пен көптілді білімді дамыту мен енгізу қажеттілігі 

ерекше маңыздылыққа ие болуда. 

Әлемдік  стандарт  деңгейінде  сапалы  білімнің  негізгі  бағыттарын  анықтау 

үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 2007 жылғы 7 

тамыздағы  №  387-ші  бұйрығы  негізінде  2007 -2008  оқу  жылынан  бастап, 

дарынды  балалар үшін  31  мамандандырылған  мектепте  үш  тілде  оқытуды 

енгізу бойынша жаңа білм беру жобасын жүзеге асыру басталған болатын. 

Қазақ-түрік  лицейлері,  дарынды  балаларға  арналған  облыстық  мектеп-

интернаттар,  «Мирас»  халықаралық  мектептеріндегі  көптілді  оқытуды  жүзеге 

асыру  бойынша  оң  тәжірибені  ескере  отырып,  мектептерде  7 -ші  сыныптан 

бастап үш  тілде  оқытуды  кезең -кезеңмен  енгізу  туралы 

Қазақстан 

Республикасы  білім  ж

әне  ғылым  Министрлігі  шешім  қабылдады.  Онда, 

жаратылыстану-математика  циклы  п

әндерінің  біреуі  немесе  бірнешеуін 

ағылшын  тілінде,  орыс  тілді  мектептерде  қазақ  тілі  мен  әдебиетін,  Қазақстан 

тарихын – қазақ тілді мектептердің бағдарламасы бойынша қазақ тілінде; қазақ 

тілді  мектептерде  орыс  тілі  мен 

әдебиетін 

– 

орыс  тілді  мектептерді



ң 

бағдарламасы бойынша орыс тілінде оқыту көзделген болатын. 

Бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесінде  мектеп  п

әндерін  көптілді   оқытудың 

біріңғай әдістемесі  болмағандықтан,  осы  салада  ғылыми  зерттеулер  жүргізу 

туралы мәселенің маңыздылығы артуда. 

Білім  беру  жүйесінде    көптілд і  оқыту  байқаудан  өткен  елдердің  (Канада, 

Белгия)  оң  тәжірибесі  негізінде,  пәндерді  бірнеше  тілде  оқуға  кезең -кезеңмен 

көшу қажеттігін атап өту керек, өйткені күрт көшу материалды игеру сапасына 

ғана  емес,  оқушылардың  пәнді  оқуды  қаламайтындығын  күшейтуде    келеңсіз 

әсер  етуі  мүмкін.  Осыған  байданысты  ең  бірінші,  стандартты  емес  сабақ 

түрлерін  өткізуге  негізделген,  оқытудың  жаңа әдістерін  қолдана  отырып, 

көптілді оқытуды сабақтың жекелеген үзінділеріне енгізу ұсынылады.   

Қазақстан  Республикасы  білім  жене  ғылым  Министрлігінің  мәліметтері 

бойынша, Қазақстанда  2012 -2013  оқу  жы лынан  бастап үш  тілде  оқытуды  33 

мектеп  жүзеге  асыруда,   оларда  жаратылыстану-математика  бағыты  пәндері 

ағылшын тілінде оқытылады.  

Сонымен  бірге,  ал

ға  апарар  тұжырымдамалық  көзқарастарды, 

стандарттарды,  орта  білімні

ң  әдіснамаларын  байқаудан  өткізуде  базалық 

алаңқай «Назарбаев зияткерлік мектептері» болып табылады.  

Бұл  бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  үшін,  білімді  ғана  бағалау  үшін 

емес  дағдыларды  да,  сондай -ақ  пәндердің  мазмұнына  тәрбиелік  құраушыны 

кіріктіре  отырып,  оқу  үдерісін  бағалау  жүйесін  енгізіп,  жалпы  білім  беретін 

мектептерге  тәжірибені  тарату  үшін   көптілді  оқытудың  эксперименттік 

бағдарламасын жасау қажет.  

Одан  бөтен,  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктіліктерін  арттыру 

формасы  мен  мазмұны  жетілдірілуде.  «Өрлеу»  АҚ  Педагогикалық  кадрларды 

қайта  даярлау  Ұлттық  орталығы  және  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері» 



 

жанынан,  бес  жылда  125-тен  астам  мұғалімдерді  қамтуға  мүмкіндік  беретін 



педагогикалық шеберлік орталықтары құрылған.  

«Назарбаев зияткерлік мектептерінде» 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 

үш тілді білім беру жаңа моделі жүзеге асырылуда. Осы кіріктірілген білім беру 

бағдарламасы  мен  бұл  моделдің  пәндері  бойынша  барлық  оқу  жоспарлары 

стратегиялық  серіктес  –  Кембридж  Университетінің  емтихандық  кеңесімен 

бірлесіп жасалған. 

Кіріктірілген  білім  беру  ба

ғдарламасының  тілге  ену  тұрғысынан 

айырмашылығы бар, әр түрлі екі моделі бар. 

Бірінші  модель  бастауыш  сыныптарда  о

қу  тілінде  оқытуды  қарастырады. 

Бастауыш  сыныптардан  кейін, қазақ  тілінде оқитын оқушылар  үшін бір  қатар 

пәндер орыс тілінде беріле бастайды. Бұдан басқа, математика, физика, химия, 

биология,  экономика  және  «Зерттеудің  ғаламдық  болашағы»  сияқты  пәндер 

ағылшын  тілінде  жүргізіледі,  әдебиет  қазақ  және  орыс  тілдерінде  беріледі, 

география, Қазақстан тарихы және «Жаңа әлемдегі Қазақстан» атты жаңа пән 

мемлекеттік тілде жүргізілетін болады. 

9-

шы  және   10-шы  сыныптарда  ендігі  «Team-teaching»  принципі  бойынша 



жұмыс  жүргізілуде,  мұнда  сыныпта  екі  мұғалім  жұмыс  істейді  –  ағылшын 

тілінде жеткізуші және оқу тілінде сабақ беретін мұғалім. Сөйтіп, оқушыларды 

пәндерді толығымен ағылшын тілінде меңгеруге дайындайды. 

Сондай-ақ,  қазақ  тіліне  толығымен  енуді  қарастыратын  екінші  модель 

енгізіледі. Бұл моделге сәйкес, 1 сыныптан бастап барлық пәндер мемлекеттік 

тілде  оқытылады,  орыс  тілі  пән  ретінде  екінші  сыныпта  енгізіледі,  жұмыс 

сондай-ақ «Team-teaching» принципі бойынша жүргізілетін болады. 

 


 





Пәнді көптілді меңгерудің дидактикалық тұрғысы  

 

Қазақстан  Республикасының  «Тілдер  туралы»  заңында,  Қазақстан 

Республикасының  әрбір  азаматы  мемлекеттік  тілді,  орыс  және  ағылшын 

тілдерін  меңгеруі  және  еркін  қатынас  жасай  алу  қажеттілігі  атап  көрсетілген, 

дегенмен  жасалған  оқыту  әдістері  қазақ,  ағылшын  тілдерінде  тілдік  емес 

пәндерді оқу жағдайына сай емес. 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында, «Орта және жоғары 

мектеп жүйесінде көптілдік білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» 

атты ғылыми  жобасы  шегінде  п.ғ.д.  К.Н.  Булатбаеваның  ұсынған  тілдік  емес 

пәндерді  оқытудағы  когнитивті-коммуникативтік  тәсілі  жүзеге  асырылуда. 

Когнитивті-коммуникативтік  технология,  тілдік  емес  п

әндерді  оқыту 

жағдайында 

көптілді 

(орыс-қазақ-ағылшын, 

қазақ-орыс-ағылшын, 

ұйғыр/өзбек/тәжік-қазақ-орыс)  тұлғаны  қалыптастырудың  тиімді  жолдарының 

бірі ретінде көрсетілген. 

Оқытудың  когнитивті-коммуникативтік  тәсілі,  бірнеше  тілді  меңгеруге 

қолжеткізуге мүмкіндік беретін принциптерге негізделеді. Ол: 

жүйелілік принцип, оны басшылыққа алу білім беру стандартына сәйкес 



пәнді меңгеруді қамтамасыз етуге мұмкіндік береді; 

мұғалімге  материалды  белгілі  бір  құрылымдауға  мүмкіндік  беретін 



семантикалық принцип (параграфты ұсақтау, ұқсас материалдарды топтап беру, 

таратушы  компоненттерді  та

ңдап  алу,  тақырыптың  когнитивті  құрылымын 

құру,  оның  негізінде  кесте  және  схемалар  жасау,  бөлімдерді  тұтастырып 

біріктіру,  белгілі  типтегі  та

қырыпты  семантикалық  ұйымдастырудың 

алгоритмін пайдалану және т.б.); 

функционалды дайындалған тілдік бірліктің ойын пайдалануға мүмкіндік 



беретін функционалдық принцип 

Бұл  әдістемелік  құралда,  ұлттық  тілде  оқытылатын  мектептерде 

«Математика» пәнін оқыту жағдайына аталған технологияны бейімдеу міндеті 

алға  қойылған.  Ол  үшін  11-жылдық  мектептің  10  сыныбына  арналған 

«Геометрия» оқулығының мазмұны талданды. Пән бойынша мемлекеттік тілде 

тест  тапсыруға  және  мемлекеттік  тілде  оқытатын  жоғары  оқу  орындарына 

түсуге оқушыларды дайындау қажеттілігінен осы пәнге таңдау жасалды. 

Осы  мақсатта   әрбір  тақырып бойынша  терминологиялық минимум  таңдап 

алынды,  синтаксистік құрылымның  грамматикалық  қатарын  құрылымдау 

жасалды. Оқу тақырыбын минимумдау негізінде, пәннің қажетті көлемін сақтай 

отырып  оқылатын  материалдың  тілдік  аспектісінде  ықшамдалған  ба засы 

дайындалды.  

Сондықтан,  пәннің  стандарт  бойынша қажетті  білім  беру  мазмұнын 

қамтамасыз етуді – дидактикалық тәсілдердің бірі деп есептеу керек. 

Оқу-әдістемелік  кешендері  (ОӘК),  екі/үштілді  оқулықтар,  оқу  құралдары, 

терминологиялық сөздіктер, басқа да сөздіктер, тілдік пәндер бойынша жұмыс 

дәптерлері,  сондай-ақ  мультимедиялық  ресурстары  (тілдік  орталықтар, 



 

Интернет ғаламдық желісі, спутниктік теледидар, электронды кітапхана) және 



т.б. сияқты арнайы дидактикалық құралдармен қамтамасыз етілмей бұл үдеріс 

оқыту міндеттерін шешуге жеткізбейді.  

Бұл дидактикалық материалдарды талдай келе, тілдік емес пәндер бойынша 

олар  екінші  тілде  о

қытылатын  мектептерде  оқулықтар  және  оқу -әдістемелік 

құралдары жеткіліксіз екендігі туралы тұжырым жасауға болады. Қазақстанның 

ұлттық мектептерін (орыс тіліндегі мектептерден басқасы) мемлекеттік тілдегі 

оқулықтар  және  ОӘК-мен қамтамасыз  ету  мүлдем  қарастырылмаған.  Тиісті 

бейімдеусіз қазақ  тіліндегі  оқулықтарды  ұйғыр,  өзбек  және  тәжік  тіліндегі 

мектептерге  тікелей  к

өшіру,  МЖМБС

-

да  берілген  о



қытудың  күтілетін 

нәтижелеріне жеткізе алмайды. 

Көптілді  білім  беруді  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету:  оқыту  тілінде 

(мектептің  бастауыш  сатысында)  ОӘК-ін  (оқу-әдістемелік  кешенін,  пәндердің 

типтік  жоспарларын қоса)  пайдалану  және  жетілдіру;  мемлекеттік  тілде қазақ 

тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, қазақстан географиясы бойынша ОӘК-ін 

жасау және кезең-кезеңмен пайдалану; орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша – 

орыс  тілінде;  жалпы 

әлемдік  тарих,  жекелеген  математикалық  және 

жаратылыстану ғы лымы  пәндері  бойынша  –  шет  ел  тілі,  к

өбінесе  ағылшын 

тілінде және т.б. (мектептің орта және жоғары сатысы); Қазақстан жағдайына 

шетелдік ОӘК-ін (білім берудің барлық деңгейі және білім беру ұйымдарының 

барлық  типтері  үшін)  бейімдеу;  «Жалпы  кәсіби  шет  ел  тілі»  және  «Арнайы 

мақсат  үшін  шетел тілі»  (орта  кәсіби  және жоғары кәсіби білім беру)  пәндері 

бойынша ОӘК-ін жасауды және пайдалануды ойластырады. 

Мектептерге қойылған  міндеттерге  байланысты,  «Пәнді  екінші/үшінші 

тілде  оқыту  әдістемесі»  пәні  бойынша  (орта  к әсіби  және  жоғары  кәсіби  білім 

беру)  педагогикалық  мамандықтар  үшін  ОӘК -ін  жасау  ж

әне  пайдалану 

қажеттілігі  пайда  болады.  Сондықтан  Академияның,  біліктілікті  арттыру 

Институттары,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  жұмыстарымен  өзара 

тығыз байланысы қажет.  

Келесі дидактикалық тәсіл, белгілі бір сыныпта пән бойынша маңызды 

терминдерді  таңдап  алу  болып  табылады .  Ол үшін,  міндетті  меңгерудің 

маңызды түсініктік аппараты қызметін атқаратын екі/үштілдік сөздік жасалды. 

Бұл  арада  «Геометрия»  пәні  шегінде  көптілдікті  дамытудың  қолайлы  шарты, 

халықаралық  терминдердің  бар  болуы  болып  табылады.  10  сыныпта 

кездесетіндері: 

геометрия, 

стереометрия, 

планиметрия, 

аксиома, 

параллелограмм, проекция, координата, формула, абсцисса, вектор, ордината, 

фигура,    симметрия,  параллель,  центр,  радиан,  градус,  радиус,  теорема, 

математика, куб, ромб, параллелепипед, пирамида, тетраэдр, перпендикуляр, 

медиана,  катет,  гипотенуза,  октант,  периметр,  орт,  скаляр,  модуль, 

диагональ

 



 

1-



кесте  –  Геометрия  бойынша үш  тілдегі  10 -сыныпқа  арналған  тақырыптық 

сөздік 


I бөлім. Стереометрия аксиомалары және олардың қарапайым салдарлары 

Глава I. Аксиомы стереометрии и простейшие следствия из них 

 

қазақ 


орыс  

ұйғыр 


өзбек 

кеңістік 

пространство 

бошлуқ 


фазо  

плоскость 

жазықтық 

тәкшилик 

текислик 

точка 


нүкте 

чекит 


нуқта 

прямая 


түзу 

түз 


тўғри чизиқ  

отрезок 


кесінді 

кесиндә 


кесма 

салдар 


следствие 

ақивәт 


натижа  

тиісті 


принадлежит 

тәәллуқ 


тегишли  

тиістілік 

принадлежность 

тәәллуқлуқ 

тегишлилик  

жартыжазықтық 

полуплоскость 

йерим тәкшилик 

ярим текислик  

жартыкеңістік 

полупространство 

йерим бошлуқ 

ярим фазо  

II бөлім. Түзулер мен жазықтықтардың параллельдігі 

Глава II. Параллельность прямых и плоскостей 

 

параллельдік 



параллельность 

параллельлиқ 

паралеллик  

угол 


бұрыш 

булуң 


бурчак 

треугольник 

үшбұрыш 

үчбулуң 


учбурчак 

айқас 


скрещивающийся 

айқаш 


айқаш  

қыр 


ребро 

қир 


қирра  

эквиваленттік 

эквивалентность 

эквивалентлиқ 

эквивалентлик  

белгі 


признак 

бәлгү 


аломат  

сызық 


линия 

сизиқ 


чизиқ  

қасиет 


своиство 

хусусийәт 

Ҳосса  

кескін, кескіндеу 



изображение 

тәсвирләш 

тасвир  

чертеж 


сызба 

сизилма 


чизма  

төртбұрыш 

четырехугольник 

төртбулуңлуқ 

тўртбурчак 

қатынас 


отношение 

нисбәт 


нисбат  

орта 


середина 

оттуриси 

ўрта  

үшбұрыш 


треугольник 

үчбулуңлуқ 

учбурчак  

теңқабырғалы 

равносторонний 

тәңтәрәплик 

тенгтомонли  

тікбұрышты 

прямоугольная 

тик төртбулуңлуқ 

тўғрибурчакли 

шаршы 


квадрат 

квадрат  

квадрат  

көпжақ 


многогранник 

көпяқлиқ 

кўпёқ  

қима 


сечение 

қийилма 


кесим  

III бөлім. Түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығы 

Глава III. Перпендикулярность прямых и плоскостей 

 

перпендикулярлық 



перпендикулярность 

перпендикулярлиқ 

перпендикулярлик 

пересечение 

қиылысу 

қийлишиш 

кесишиш  

сәуле 


луч 

шола 


нур  

теңбүйірлі 

равнобедренный 

тәң янлиқ 

тенгёнли  

табаны 


основание 

асаси 


асос  

биіктік 


высота 

егизлик 


баландлик  

теңдік 


равенство 

тәңлик 


тенглик  

көлбеу 


наклонная 

янту 


оғма  

қашықтық 

расстояние 

арилиқ 


масофа  

 

10 


екі жақты 

двугранный 

икки яқлиқ 

иккиёқли  

жартытүзу 

полупрямая 

йерим түз 

ярим тўғри чизиқ  

IV бөлім. Кеңістіктегі векторлар 

Глава IV. Векторы в пространстве 

 

жартыось 



полуось 

йерим оқ 

ярим ўқ  

ось 


ось 

оқ 


ўқ  

төбе 


вершина 

чоққа 


уч  

қозғалыс 

движение 

Һәрикәт 


ҳаракат  

бағыт 


направление 

йөнилиш 


йўналиш  

коллинеарлық 

коллинеарность 

коллинеарлиқ 

колленеарлик  

ауыстырымдылық 

переместительный 

алмаштуруш 

ўрин алмаштириш 

терімділік 

сочетательный 

топлаш 


Группалаш  

көпбұрыш 

многоугольник 

көпбулуңлуқ 

кўпбурчак  

жіктеу 


разложение 

ажритиш 


ажратиш  

компланарлы 

компланарные 

компланар 

компланар  

компланарлық 

компланарность 

компланарлиқ 

компланарлик  

бағыттас 

сонаправленные 

бирдәк йөнәлгән 

йўналишдош 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал