Методические рекомендации по нормативам чтения по языкам обучения уровней начальной, основной средней и общей средней школы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/14
Дата14.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан 
Национальная академия образования им.И.Алтынсарина 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП 
ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ ОҚЫТУ ТІЛДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ НОРМАТИВТЕРІ 
БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР  
 
 
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО НОРМАТИВАМ ЧТЕНИЯ ПО 
ЯЗЫКАМ ОБУЧЕНИЯ УРОВНЕЙ НАЧАЛЬНОЙ, ОСНОВНОЙ 
СРЕДНЕЙ И ОБЩЕЙ СРЕДНЕЙ ШКОЛЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 
2017 


 
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 17 наурыздағы №3  хаттамасы)  
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 17 марта 2017 года) 
 
 
Жалпы  орта,  негізгі  орта  және  бастауыш  мектептердің    оқыту  тілі 
деңгейлері    бойынша    оқу  нормативтері  туралы  әдістемелік  ұсынымдама.– 
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017. – 100 б.  
 
Методические  рекомендации  нормативам  чтения  по  языкам  обучения 
уровней начальной, основной средней и общей средней школы. - Астана: НАО 
имени И. Алтынсарина, 2017. – 98 с.
 
 
 
Бұл  құралда  оқу  мәтіндерінің  түрлері  мен  техникасы,  әдістері 
қарастырылады;  жоғары,  негізгі  және  бастауыш  мектептердегі  оқу 
нормативтері; бастауыш сынып оқушыларының оқу жылдамдықтарын тексеруі 
бойынша ұсынымдамалар берілген.  
Әдістемелік ұсынымдар облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің 
басшылары мен әдіскерлеріне, білім беру жүйесі ұйымдарының басшыларына, 
филолог  мұғалімдерге  және  мектептегі  білім  беру  процесін  жоспарлауға 
қызығушылық танытқан көпшілікке арналған. 
 
 
В  методических  рекомендациях  рассматриваются
 
методы,  техники  и 
виды чтения текстов; даны рекомендации по нормативам чтения в начальной, 
основной  и  старшей  школе;  проверке  техники  чтения  у  учащихся  начальных 
классов.  
Данные  методические  рекомендации  рекомендованы  руководителям  и 
работникам  организаций  образования,  начальникам  и  методистам  управлений 
образования,  учителям  и  всем,  кто  интересуется  вопросами  планирования 
образовательного процесса в школе.  
 
 
 
© 
Ы.Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2017 
©Национальная академия образования  
им. И. Алтынсарина, 2017.  
 
 
 


 
Кіріспе 
 
Бұл тақырыптың өзектілігі бастауыш мектептегі ең маңызды міндеттердің 
бірі – одан  кейінгі білім  алуының  іргетасы болып  табылатын  балалардың оқу 
дағдысын қалыптастырумен байланысты. 
Педагогтер  мен  психологтер  бастауыш  мектепте  әрең  оқып  үйренген 
балалар жетінші – сегізінші сыныптарда одан да нашар оқитынын айтады. Оқу 
үдерісінің баяулығы, оқуға қызығушылығының жоқтығы зияткерлік қызметінің 
де  баяулауына  әкеледі.Балалар  жаттығудың,  есептің  шарттарын  баяу  оқиды, 
орындамастан  бұрын  оның  мәнін  ұмытып  қалады.  Бұл  жастағы  балаларда  
түсініктері  болуы  керек  көптеген  терминдер  мен  ұғымдар  оларға  белгісіз, 
түсініксіз  және  қызықты  емес  болады.  Оқуға  деген  тұрақты  қызығушылық 
отбасында қалыптасады және оның негізі – баланың оқу әдеті екені анық. 
Тәжірибе  көрсеткендей,  оқу  материалы  әлдеқайда  ұлғаятын  орта  және 
жоғары сыныптарда нашар оқитын оқушылардың үлгерімі нашарлайды. 
Сондай-ақ,  оқу  жылдамдығы  мен  даму  үдерісі  байланысты.Көп  оқитын 
оқушылар,  әдетте,  тез  оқиды.  Оқу  барысында  жедел  жады  мен  зейіннің 
тұрақтылығы жетіледі. Осы екі көрсеткіштермен, өз кезегінде, ақыл-ой жұмыс 
қабілеттілігі  байланысты.  Оқу  дағдысы  бастауыш  мектепте  қалыптастырылуы 
тиіс [1]. 
Оқу  техникасымен  жұмыс  –  ұзақ  үдеріс,  оған  балалар  ылғи  да  
қызығушылық  танытпайды.  Дегенмен  жақсы  оқу  техникасы  болмайынша, 
баланың жоғары сыныптарда білім алуы қиын болады. 
Қалыптасқан  оқудағдылары,  кем  дегенде,  екі  негізгі  компонентті 
қамтиды: 
-
 
оқу  техникасы  (сөздерді дұрыс  әрі жылдам  қабылдау  және  дыбыстау, 
бұл  бір  жағынан,  олардың  көру  бейнесі  және  екінші  жағынан,    акустикалық 
және сөз-қозғалыс бейнесі арасындағы байланысқа негізделген) 
-
 
мәтінді түсінуі (оның мағынасын, мәнін, мазмұнын табу) 
Бұл  екі  компонент  өзара  тығыз  байланысты  және  бір-біріне  сүйенетіні 
белгілі:  осылайша,оқу  техникасын  жетілдіру  оқылғанды  түсінуін  жеңілдетеді, 
ал  түсінуге  жеңіл  мәтін  жақсы  және  дәлірек  қабылданады.  Бұл  ретте  оқу 
дағдысын  қалыптастырудың  алғашқы  кезеңдерінде  оның  техникасына,  одан  
кейін мәтінді түсінуіне көбірек мән беріледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
1. Мәтіндерді оқудың әдістері, техникасы және түрлері  
 
Бастауыш мектептегі оқу маңызды дербес пән ғана емес, сондай-ақ  оқу 
құралы  болып  табылады.  Балалар  толыққанды  оқу  дағдыларын  қаншалықты 
ойдағыдай  игерсе,  олардың  оқу  пәндері  бойынша  қабілеттері  соншалықты 
толық жүзеге асырылатын болады. В. А. Сухомлинский оқу баланың ойлауын, 
қиялын,  сөйлеуін,  адамгершілік  қасиеттерін  дамытатын  түрлі  шығармашылық 
жұмыстарды орындау үшін берік негізін құрайды деп санаған. Бұл шынында да 
солай, өйткені дәл осы оқу баланың зияткерлік әлеуетін дамытумен, әлеуметтік 
жеке  басын,  мәдениетін  тәрбиелеумен  байланысты.  Сондықтан  да  мұғалімнің 
міндеті  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқырмандық  біліктерін:    дұрыс  оқу 
дағдысын,  оқуға  деген  қызығушылығын,  өз  бетінше  өнімді  оқуын 
қалыптастыру болып табылады [2]. 
Бастауыш мектеп бағдарламасы оқу дағдысын қалыптастыру барысында 
сыныптан  сыныпқа  оның  бірте-бірте  жетілуін  көздейді  және  әрбір  кезеңінде 
оның  қалыптасуы  мынадай  көрсеткіштер  бойынша  бағаланады:оқылғанның 
көлемі, оқу жылдамдығы (жүгірте оқу),оның дұрыстығы, түсініктілігі және т.б. 
[3]. 
«Әдебиеттік  оқу»  пәнінің  мақсаты  –  бастауыш  сынып  оқушыларының 
көркем  шығарманы  сезіммен  қабылдауы,  түсінуі,  санасында  қайта  жаңғырта 
алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге 
асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.  
«
Әдебиеттік  оқу»  пәні бойынша  төмендегідей  міндеттерді  жүзеге  асыру 
көзделеді: 
1) 
әдеби  көркем  шығармаларды  оқыту  арқылы  қазақтың  рухани 
қазынасын меңгерту;  
2) 
коммуникативтік  (айтылым,  тыңдалым,  оқылым,  жазылым) 
дағдыларын қалыптастыру;  
3) 
ауыз  әдебиетінің,  отандық  және  әлемдік  балалар  әдебиетінің  озық 
үлгілерімен  таныстыру  арқылы  оқушыларға  адамдардың  өзара  түсінісуі, 
сыйластық,  құрмет  сезімдері,  адамгершілік  қасиеттері,  өзінің  және  өзгенің  іс-
әрекетіне  жауапкершілікпен  қарай  білуі  сияқты  ізгілікті  қасиеттерді 
қалыптастыру;  
4) 
оқу сапасын (дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, көз жүгіртіп,  болжап 
оқу) жетілдіру; 
5) 
оқушылардың  оқырмандық  мәдениетін  қалыптастыра  отырып,  сөз 
әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту; 
6) 
сыни ойлауын жетілдіру; 
7) 
көркемдік-танымдық  сипаттағы  мәтіндерді  өз  мақсатына  сай  іріктеп, 
саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;  
8) 
алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім 
жасай білуге үйрету;  
9) 
оқылған  шығарма  сюжетінің  ізімен  немесе  еркін  тақырыпта  ауызша, 
жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін орындауға дағдыландыру. 


 
Қойылған  міндеттерге  сәйкес  келешекте  табысты  оқып,  білім  алу  үшін 
оқу  дағдысын  қалай    қалыптастыруға  болады?  Неге  кейбір  мұғалімдер  үлкен 
жетістіктерге  жетеді,  кейбір  мұғалімдердің  оқушыларының  бәрі  оқиды,  бірақ 
барлығы «оқи алмайды»? Оқу дағдысының қалыптаспауының негізгі себептері 
неде  және  оларды  жоюға  болады  ма?  Осы  және  оқу  мәселесіне  байланысты 
басқа да сұрақтар бүгінгі таңда өзекті болып табылады. Осы мәселе бойынша 
оң тәжірибе жинақталған. 
 
Оқу әдістері 
Әр  ғасырда  оқуға  үйретудің  әдістері  болған.  Содан  кейін  олар  ұмыт 
қалады  да,  бірнеше  онжылдықтардан  кейін  қайта  жаңғырып,  қолданыла 
бастайды. Әр әдістің өз ерекшелігі бар. Енді осы алуан түрлі әдістерді талдап 
көрейік. 
Оқуға үйретудің өз негізінде бір-біріне қарама-қайшы негізгі екі әдісі бар. 
Біреуі тұтас сөз әдісі, екіншісі фонологиялық әдіс деп аталады. 
Ұзақ  уақыт  бойы  фонетикаға  үйрету  керек  пе  деген  қызу  пікірталас 
жүрді. 1930 жылы осы тақырыпқа бірқатар зерттеулер жүргізіліп, фонетиканы 
оқыту  қажет  деген  қорытындыға  келді.  Алайда,  балаларға  қалай  және  қандай 
көлемде берілуі керек деген сұрақ тұрды.  
Мысалы,  мынандай  эксперимент  жүргізілген.  Балалар  тобын  екіге 
бөлген,бірінші  топта  сөздерді  тұтас  оқу  әдісі  бойынша,  ал  екінші  топты 
фонологиялық  әдістің  көмегімен  үйретеді.  Балалар  оқи  бастағанда,  оларды 
тестілеуден өткізеді. Бірінші кезеңде бірінші топтың балалары дауыстап және 
ішінен  жақсы  оқыған.  Ал  «фонологиялық»  балаларға    таныс  емес  сөздероңай 
болып,  екінші  сыныптың  соңында  қабылдау  жәнесөздік  қорының  байлығы 
деңгейі бойынша өз сыныптастарын басып озған.  
Ғалымдардың  бақылаулары  бойынша,  сөзді  тұтастай  оқитын  балалар 
әдеттегі қателерді жіберген. Мысалы, суреттің астындағы жазуларды оқығанда, 
мағынасы  жақын  сөздермен  алмастырған.  «Жолбарыс»  деген  сөздің  орнына 
«арыстан»,  «қыз»  деген    сөздің  орнына  «балалар»,  «машина»  деген    сөздің 
орнына «доңғалақтар» деп айтуы мүмкін еді.  
Сөзді  анықталған  белгілі  бір  мәніне  бекітуге  ұмтылу  бүкіл  оқу  жылы 
бойы балалар біреудің көмегінсіз жаңа сөздерді оқып үйрене алмауына әкеліп 
соқты. 
Әділдік  үшін  «фонологиялық»  балалар  әріптерінің  орны  ауыстырылған 
немесе  ұқсас  сөздермен  алмастырылған  сөздерді  оқуда  қиындықтарға 
кездескенін айта кету керек.  
Осылайша,  көптеген  кішкентай  оқырмандарға  фонетика  қажет  екені 
түсінікті болды.Соңғы зерттеулер адамдар сөздерді әріптеп оқитынын растады. 
Бірақ  бұл  жылдам  болғандықтан,    біз  сөзді  тұтастай  қабылдайтын  сияқты 
көрінеді [4]. 
Әрі  қарай  зерттеулер  жүргізу  барысында  психологтар  оқу  –  баланың 
мәтінді ішінен айтуы екенін түсінді. Мәтінді тұтас ретінде қабылдау теориясын 
жақтаушылар біз мәтіндегі сөздерді тікелей қабылдаймыз деп санаған және әлі 


 
күнге дейін солай ойлайды. Бірақ тәжірибелер ішінен оқу кезінде де, дауыстап 
оқу кезінде де мидың дәл сол бір бөлігі іске қосылатын көрсеткен. 
Сонымен,  еркін  оқу  үшін  әріптер  тез  және  оңай  танып,  оларды 
дыбыстармен  сәйкестендіру  қажет.Фонетиканы  жаттап  алу  өзге  де  айла-
амалдар мен әдіс-тәсілдерден әлдеқайда тиімдірек екен. 
Бірқызығы,әліпбиді білмей тұра оқып үйренуге болады екен. «Тұтас сөз» 
әдісінің жақтаушылары балаға әріптерді үйретпеуге шақырады. Жақында ғана 
ғалымдардың  соңғы  қорытындылары  белгілі  болды:  тек  әріптерді  білген 
жағдайда ғана оқуға үйрету үдерісі барынша табысты бола алады. 
Мынадай  эксперимент  жүргізілді.  Балаларға  сөздер  жазылған 
карточкалар  көрсетілді.  Тек  бір  топта  бұл  сөздер  суреттердің  астындағы 
жазулар  болатын,  ал  екіншісінде  тура  осы  сөздер  иллюстрациясыз  берілді.Әр 
топқа  бірдей  төрт  сөз  берілді.  Содан  кейін  балаларды  біріктіріп,  карточкалар 
араластырып,  қайта  көрсетілді.  Балалар  тек  үш  карточкадағы  өздері  өткен 
сөздерді  ғана  танығаны  белгілі  болды.  Яғни,  «таза  түрінде»  жазылуын  есте 
сақтайтын  балаға  қарағанда  иллюстрацияланған  сөздерді  есте  сақтайтын  бала 
сөздердің графикалық бейнесін әлдеқайда аз ықтималдылықпен таниды.  
Бұл  –  әліпбидің  қажет  екенінің  жанама  дәлелі.  Бірақ,  ең  бастысы, 
әріптердің қалай аталуы емес, олардың нені білдіретіндігі. Балалар әріптердің 
атаулары мен ретін ғана біліп қоймай, әріптерге баса назар аудырып, тұтастың 
бір бөлігі ретінде қабылдай алуы керек. 
Сонымен  қатар,  әліпби  –  бұл  абстрактылы  код.  Бұған  дейін  нақты 
заттарды  білген,  қолданған  балақай  символдарды  қолдана  бастайды,  ал  бұл 
абстрактылы ойлаудың дамуына алғашқы қадам болып табылады. 
Барлық тілде оқуға үйретудің әмбебап бір әдістемесі болуы мүмкін емес. 
Дегенмен,  үйретуді  әріптер  мен  дыбыстарды  түсінуден,  фонетикадан  бастау 
қағидасы барлық тілге ортақ. Тіпті жазуда иероглифтер қолданатын Қытайда да 
соңғы  50  жылда  балалар  алдымен  сөздерді  латын  әліпбиінің  көмегімен  оқуға 
үйретіп, содан кейін ғана дәстүрлі жазуға көшеді. 
Қазақ тіліндегі сөздердің басым көпшілігі қалай жазылса, солай оқылады. 
Бірнеше  ондаған  жылдар  бұрын  әдістеме  мынадай  болған:  балалар  ең 
алдымен әріптердің атауын, сосын дыбыстарды үйреніп, содан кейін әріптерді 
буынға  біріктіріп  оқитын.    Қиындығы  сол,  бірінші  сынып  оқушылары  ұзақ 
уақыт бойы әріптің аталуы мен айтылуы арасындағы айырмашылықты меңгере 
алмайтын.  Буындар  ұзын  болғандықтан,  балаға  ойында  бірнеше  әріптерді 
сақтап тұру өте қиын болатын. 
Соңғы  жылдары  фонемаларды  тіркестіру  қағидасы  табысты 
қолданылуда.  
Сонымен, біз балаға фонетиканы білу қажет екенін анықтадық. Бірақ бұл 
бала зеріктіретін ережелерді жаттауы тиіс және сапалық редукция мен сандық 
редукцияны ажырата білуі тиіс дегенді білдірмейді. Ең бастысы, баланың оқуға 
деген  қызығушылығын  сақтау  керек.  Баланың  мүмкіндіктері  мен  қойылған 
міндеттер сәйкес келгенде ғана оған қызықты болады. 


 
Баланың қолынан келетіндей, оған жетімді болатындай, оның жетістіктері 
айқын  көрінетіндей  жағдай  жасап  отыру  қажет.  Мысалы,бірнеше  ондаған 
сөздер  игеру  үшін  сол  сөздерді  білдіретін  үйдегі  заттарды  алу.  Егер  осы 
заттарға  оның  атауы  жазылған  қағаздар  іліп  қойса,  бала  көп  ұзамай,  таныс 
жазуларды  біле  бастайды.Содан  кейін  сол  сөздермен  «Тауып  көр»,  «Лото» 
ойындарын  ойнатуға  болады.    Сонда  бала  өз  күшіне  деген  сенімділігін 
сезеді.Тек жағымды сезімдерді сезінсе ғана одан кейінгі оқыту тиімді болады. 
Оқуға үйрету әдістерін толығырақ қарастырайық. 
-
 
Фонетикалық  әдіс.  Фонетикалық  тәсілдеме  әліпбилік  қағидаға 
негізделген. Оның негізінде – әріптер мен дыбыстардың (фонетика) айтылуын 
үйрету, сосын бала жеткілікті білім жинақтаған соң ол буындарға, содан кейін 
тұтас сөздерге көшеді. Фонетикалық тәсілдеменің екі бағыты бар: 
-
 
Жүйелік фонетика әдісі. Тұтас сөздерді оқымай тұра, балаларға жүйелі 
түрде біртіндеп дыбыстарды, соған сәйкес әріптерді үйретеді, осы дыбыстарды 
қосуға  жаттықтырады.  Кейде  бағдарлама  фонетикалық  талдауды  да 
(
фонемаларды қолдана білу)  қамтиды.  
-
 
Ішкі  фонетика әдісі көзбен шолуға және мағыналық оқуға баса назар 
аударады.  Яғни,  балаларға  сөздерді  әріптің  көмегімен  емес,  суреттер  немесе 
мәнмәтін  арқылы  тануды  және    сәйкестендіруді  үйретеді.  Содан  кейін  ғана 
таныс  сөздерді  талдай  отырып,  әріптермен  белгіленетін  дыбыстар  оқылады. 
Жалпы  алғанда,  жүйелік  фонетика  әдісіне  қарағанда  бұл  әдістің  тиімділігі 
төмен.  Бұл  біздің  ойлауымыздың  кейбір  ерекшеліктерімен  байланысты. 
Ғалымдардың  айтуынша,оқу  қабілеттілігі  әріптер  мен  дыбыстарды  білумен, 
ауызша  сөйлеуде  фонемаларды  ажырата  білу  қабілеттілігімен  тікелей 
байланысты.  Оқуға  үйретудің  бастапқы  кезінде  бұл  дағдылар  жалпы  ақыл-ой 
деңгейінен де маңыздырақ болады. 
-
 
Лингвистикалық  әдіс.  Лингвистика  –  бұл  тілдің  табиғаты  және 
құрылымы туралы ғылым. Балалар мектепке үлкен сөздік қорымен келеді, бұл 
әдіс оқуды жиі қолданылатын, сондай-ақ оқылуы да, жазылуы да бір сөздермен 
бастауды  ұсынады.  Осы  сөздерді  үйрене  отырып,  бала  әріптермен  дыбыстар 
арасындағы сәйкестікті меңгереді. 
-
 
Тұтас  сөз  әдісі.  Мұнда  балаларға  сөздерді  құрайтын  бөліктерге 
бөлмей, тұтас бірлік ретінде тануды үйретеді. Бұл әдісте әріптердің атауларын 
да, дыбыстарды да үйретпейді. Балаға сөз көрсетіледі және оны айтады. 50-100 
сөз жаттағаннан кейін балаға осы сөздер жиі кездесетін мәтін береді. 
-
 
Тұтас  мәтін  әдісі.  Тұтас  сөз  әдісіне  ұқсас,  бірақ  тілдік  тәжірибесіне 
көбірек  жүгінеді.  Мысалы,  қызықты  сюжеті  бар  кітап  беріледі.Бала  оқиды, 
мағынасын  мәнмәтіннің  немесе  иллюстрацияның  көмегімен  аңғаруы  тиіс 
бейтаныс  сөздерді  кездестіреді.Бұл  ретте  оқу  ғана  емес,  сондай-ақ,  өз 
әңгімелерін жазу да қолдай табады. 
Бұл тәсілдің мақсаты – оқу үрдісін жағымды ету. Ерекшеліктерінің бірі – 
фонетикалық  ережелер  мүлдем  түсіндірілмейді.  Әріптермен  дыбыстар 
арасындағы  байланыс  оқу  барысында  айқын  емес  жолмен  анықталады.  Егер 
бала  сөзді  дұрыс  емес  оқыса,  оны  түзетпейді.  Басшылық  етуші  дәлел:  оқу 


 
сөйлеу  тілін  меңгеру  сияқты  табиғи  үдеріс  және  бұл  үдерістің  барлық  қыр-
сырын балалар өз бетінше меңгеруге қабілетті. 
-
 
Зайцев  әдісі.  Николай  Зайцев  тіркестіруді  тіл  құрылымының  бірлігі 
ретінде анықтады. Тіркестіру – бұл дауыссыз бен дауыстының, немесе дауысты 
мен  дауыссыздың  жұбы,  немесе  бір  әріп.  Зайцев  тіркестірулерді  кубиктің 
қырларына  жазған.Ол  кубиктерді  түсі,  көлемі  және  шығаратын  дыбысына 
қарай  әртүрлі  етіп  жасаған.  Бұл  балалардың  дауысты  мен  дауыссыз 
дыбыстардың  арасындағы  айырмашылықты  білуге  көмектеседі.Осы 
тіркестірулерді пайдалана отырып, бала сөз құрайды. 
Әдістеме  фонетикалық  әдістерге  жатады,  өйткені  тіркестіру  –  бұл  не 
буын, не фонема. Осылайша, бала бірден фонемалар бойынша оқуға үйренеді, 
сонымен  бірге  әріптік-дыбыстық  сәйкестенулер  араласу  туралы  түсінік  ала 
бастайды,  өйткені  ол  кубиктің  қырларында  тіркестірулерді  ғана  емес,  жеке 
әріптерді де кездестіреді.  
-
 
Мур әдісі. Мур балаға әріптер мен дыбыстарды үйретуден бастайды. Ол 
баланы  арнайы  баспа  машинкасы  қойылған  зертханаға  кіргізеді.  Ол  тиісті 
пернесін  басқанда,  сол  дыбыстарды,  сондай-ақ,  тыныс  белгілердің  атауларын 
және  сандарды айтады. Келесі  кезеңде  балаға  әріптердің тіркестерін,  мысалы, 
қарапайым  сөздерді  көрсетіп,  оларды  компьютерде  теруді  өтінеді.  Одан  әрі 
жазып беруін, әрі қарай оқып беруін және теріп беруін сұрайды. 
-
 
Монтессори  әдісі.  Мария  Монтессори  балаларға  әліпбидің  әріптерін 
беріп,    оларды  тануға,  жазуға  және  айтуға  үйретті.  Кейінірек,  балалар 
дыбыстардан  сөз  құрауды  үйренген  соң  ол    сөздерден  сөйлем  құрастыруды 
ұсынған. 
 
Оқу техникасы 
 
Оқудың  2  түрі  бар:  дауыстап  оқу  және  ішінен  оқу.  Оқудың  екі  түрі  де 
мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс: 
1) 
дұрыстығы; 
2)  
түсініктілігі; 
3) 
жүгіртіп оқу. 
Дауыстап оқуға мәнерлеп оқу талабы да қойылады.  
Дұрыс  оқу  –  бұл  мәтіннің  дыбыс  жағының  қатесіз  және  бір  қалыпты 
айтылуы. 
Түсініп оқу оқырманның мәтін мазмұнын анық, терең түсінуінен көрінеді. 
Жүгіртіп  оқу  деп  оқу  кезінде  қабылдаудың  саналылығын    қамтамасыз 
ететін және қарқынына сәйкес келетін оқу қарқынын атайды. 
Мәнерлеп оқу – бұл оқырман өзінің даусымен автордың ойы мен оқылған 
мәтінге өз көзқарасын білдіре білуде көрінетін дауыстап оқу сапасы. 
Оңтайлы оқу – бұл ауызша сөйлеу жылдамдығымен оқу, яғни қарқынмен 
минутына 120-дан 150 сөзге дейін оқу. 


 
Көптеген  ғасырлар  бойы    адамның  артикуляциялық  аппараты  дәл 
осындай  жылдамдыққа  үйреніп  қалды,  мәтінді  дәл  осындай  жылдамдықта 
жақсы түсінуге болады. 
Үш  аспектті  бөліп  көрсетуге  болады:  оқыту,  дамыту  және  тәрбиелеу 
аспектілері. 
Әртүрлі  аймақтардағы    мектептерді  тексеру  кезінде  табылған  минутына 
оқу  жылдамдығы  өте  төмен,  40  сөз  оқитын  5-9-сынып  оқушылары  кездескен. 
Мұндай  жылдамдықпен,  әдетте,  1-сыныпта  оқушылары  оқиды.  9-сыныпта  үй 
тапсырмасы  орта есеппен бір күнде  шамамен  оқулықтың 8  бетін немесе 6500 
сөзді құрайды. 6500 сөзді минутына 40 сөз оқу жылдамдығына бөлеміз. Сонда 
үй  тапсырмаларының  мәтіндерін  бір  рет  оқып  шығу  үшін  162  минут  немесе 
шамамен  3  сағат  (2,7  сағат)  қажет.  Бірақ  мұндай  оқу  техникасымен,  әрине, 
оқушы оқулықта жазылғанды бірден түсінбейді. Оған мәтіндерді кем дегенде 3 
рет  оқып  шығу  керек,  бұл  дегеніміз  –  9  сағат  оқу  уақыты,  мектепте  6  сағат 
қажет.  Міне,  15  сағаттық  жұмыс  күні.  Бірақ  оған  қоса  жазбаша  тапсырмалар 
бар. 
Ең дарынды мұғалімдерд ішақыруға болады, бірақ оқушы ең қарапайым – 
оқып үйренбейінше, олар ештеңе істей алмайды. 
Сонымен, бастауыш мектепті бітіретін оқушылар қандай жылдамдықпен 
оқу  керек.  Егер  5-сынып  оқушыларының  оқу  үлгерімін  саралап  көрсек,  онда 
бастауыш  оқытуды  шамамен  минутына  130-170  сөз  оқу  жылдамдығымен 
бітірген  балалар оқу үздіктері атанған деген қорытынды жасауға болады. Орта 
есеппен  алғанда,  шамамен  минутына  150  сөз.  Оқу  үлгерімі  жақсы  оқушы 
атанған  оқушылардың  оқу  жылдамдығы  минутына  100-ден  140  сөзге  дейін 
болған. Орташа есеппен алғанда, шамамен минутына 120 сөз. «Үшке» оқитын 
балалардың  оқу  жылдамдығы  шамамен  минутына  80-90  деген  сөз  құраған. 
Заңдылық осындай. 
Нақты  жағдайларда  әрбір  мектеп  өзінің  оқушыларының  4  және  5-ке 
оқығандарын  қалайды.  Сондықтан  бастауышта  оқытудың  соңында 
оқушылардың  басым  бөлігінің  оқу  жылдамдығы  минутына  120  сөзден  төмен 
болмауына  ұмтылу  қажет.  Бірақ  бұл  жүзеге  асатындай  ма?Өйткені  әр 
оқушының  темпераменті  әртүрлі.  Холериктер,  әдетте,минутына  150  сөз 
қарқынымен сөйлейді және оқиды екен. Сангвиниктер үшін бұл минутына 120 
сөз.Психология  ҒЗИ-ның  деректері  бойынша,  90%-дан  астам  оқушылар 
холериктерге және сангвиниктерге жатады.Флегматиктер және меланхоликтер 
10-
нан төмен пайызды құрайды, яғни бір сыныпта 3-4 адам. 
Соңғы  жылдары  жүргізілген  эксперименттер  жылдам  оқу  ойлау 
үдерістерін  белсендендіретінін  және  бастауыштан  жоғары  мектепке  дейін 
оқытудың  әртүрлі  деңгейлері  үшін  оқу  үрдісін  жетілдіру  құралдарының  бірі 
болып табылатынын көрсетті [5]. 
Сонымен,  көптеген  оқушылар  минутына  120  сөз  оқу  жылдамдығы 
қолжетімді.  Онда  сұрақ  туындайды:  бұл  деңгейге  қалай  өтуге  болады.  Біздің 
балаларға оқу кезіндегі қиындықтарды жеңуге қалай көмектесуге болады? 

10 
 
Көбінесе  осы  мәселені  қарапайым  жолмен  және  амал-айласыз  шеше 
салуға  тырысады:  көбірек  оқу  керек  деп  санайды.  Осылайша  бала  жылап 
отырып,  оқып  отырған  кітабын  іштей  жек  көре  отырып,  оқиды.  Корневтің 
әдістемесін  қолдана  отырып  және  оны  әдебиеттік  оқу  сабақтарында  және  әр 
сабақта бес минуттық оқу кезінде күрделілігі әртүрлі кестелер мен толықтыра 
отырып, оңтайлы оқу жылдамдығына қол жеткізуге болады. 
Бұл дидактикалық материал оқудағы қиындықтардың негізгі себептерінің 
бірін: оқу жылдамдығы жеткіліксіз қалыптасуын жоюға бағытталған. 
Оқу  техникалық  дағдыларды  және  оқылғанның  мағынасын  түсіну 
үдерісін  қамтитын  қиын  әрекет  болып  табылады.  Бұл  екі  жақ  өзара  тығыз 
байланысты және бір-біріне  өзара әсерін тигізеді. 
Оқуға  үйретудің  неғұрлым  тиімді  әдістерін  қарастырайық.  Оқуға 
үйретудің  басында  бала  жазылған  сөзді  дыбыстауы  керек:  әріпті  танып,  оны 
дыбыспен  сәйкестендіру,  бірнеше  әріптерді  буынға  біріктіру  және  бірнеше 
буындарды  сөзге  біріктіру.  Бұл  техникалық  әрекеттер  оқушыныңбар  назарын 
өзіне  аударады.Оның  барлық  ақыл-ойы  осы  үдеріске  бағытталады,  бұл  ретте 
оқылатын мәтінді түсіну қиынға түседі, оған ақыл-ой күші жетпейді де. Бірте-
бірте техникалық әрекеттер автоматты түрде іске қосылады да, бейсанаға кетеді 
және оқушының назары мәтіннің мағынасын түсінуге шоғырланады. 
Барлық  аталған  біліктер  уақытында  кезең-кезеңмен  қалыптастырылады, 
олар жеміс сияқты пісіп, жетіледі. 
Әрбір кезеңде нақты дағдылар пайда болады және дамиды. Келесі кезеңге 
ағымдағы  кезеңнің  барлық  біліктері  мен  дағдыларын  меңгерген  соң    ғана 
көшуге  болады.  Меңгеріп  қана  қоймай,  олардың  автоматты  түрде  іске 
қосылуының белгілі бір деңгейіне жетуі қажет. 
Бірақ әр бала өз дамуында бірегей, сондықтан кейбір балаларда мектептің 
жоспарлауымен бөлінгенуақыт ішіндеағымдағы кезеңжеткілікті деңгейде дами 
алмайды. Демек, келесі кезеңнің іргетасы әзірленбеген. 
Оқу үшін берілген материал күрделене түскен кезде оқушы түсіне немесе 
үйрене алмағандықтан емес,  үйреніп үлгермегендіктен басқалардан артта қала 
бастайды, нашар оқитын топтағы балалардың қатарына қосылады. 
Психологтердің  зерттеулері  көрсеткендей,  көбінесе  тежелу  буындардан 
сөз  құрау  мен  сөздердің  мағынасын  түсіну  кезеңінде  болады  екен.  Сонымен 
бірге бұл кезең маңызды болып табылады, себебі мағыналық түсініп оқу үшін 
негіз  болады.  Бала  нысаналы  және  дұрыс  оқуға  қалай  үйретуге  болады, 
мәтіндер түрлерімен жұмыс істеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады. 
Бірінші кезеңде оқытуды тыныс алу гимнастикасынан бастау керек. А. Н. 
Корневтің әдістемесін зерделеп, оны өз тәжірибесінде қолдануға болады. 
Тыныс алу гимнастикасы және дауысты дайындау  
Сөйлеу  тыныс  алумен  тығыз  байланысты.  Сөз  дем  шығару  фазасында 
құрылады.Адам  үнсіз  тұрғанда  және  сөйлеу  кезінде    тыныс  алу  айтарлықтай 
ерекшеленеді. Дем шығару демді ішке тартудан әлдеқайда ұзағырақ. 
Сонымен  қатар,  сөйлемей  тыныс  алу  кезіндегіге  қарағанда  сөйлеп 
тұрғанда тыныс алу қозғалыстарының саны екі есе кем.Ұзақ дем шығару үшін 

11 
 
үлкен  ауа  қоры  қажет.Сондықтан  сөйлеу  кезінде  жұтылатын  және  сыртқа 
шығатын  ауа  көлемі  айтарлықтай  ұлғаяды.Сөйлеу  кезінде  дем  алу  анағұрлым 
қысқа және терең. Сөйлеуде тыныс алудың тағы бір ерекшелігі – сөйлеу кезінде 
дем  шығару  кезінде  дем  шығаратын  бұлшық  еттердің  (құрсақ  қабырғасының 
және  ішкі  қабырға  аралық  бұлшық  еттердің)  белсенді  қатысуымен  жүзеге 
асырылады. Бұл оның анағұрлым жоғары ұзақтығы мен тереңдігін қамтамасыз 
етеді,  сонымен  қатар  ауа  ағынының  қысымын  ұлғайтады.  Онсыз  дауыстап 
сөйлеу мүмкін емес. Кейбір балалар оқу кезінде дұрыс тыныс алмау байқалады, 
олар дем шығару кезінде емес, дем алу кезінде оқиды. Оқу қарқыны бұзылады, 
сондықтан  әріптерді  өту  кезінде,  әдебиеттік  оқу  сабақтарында  тыныс  алу 
гимнастикасын  жасап  тұру  керек.  Тыныс  алу  гимнастикасын  әр  сабақтың 
басында жасату қажет. 
Әріптермен таныстыру  
Сауат  ашудың  бірінші  кезеңінде  өзінің  ашықтығымен,  өзгешелігімен 
баланы  қызықтыратын  әріптермен  таныстыру  жүргізіледі.Әрбір  әріпке 
жаңылтпаштар  және  жұмбақтар,  тақпақтар  таңдап  алынады.Балаларға  кез 
келген әріптердің тіркесіне өздері жаңылтпаш, мысал ойлап табудыда ұсынуға 
болады.Жаңылтпаштарды  айтуды  уақытты  бақылау  арқылы  жүргізуге 
болады.Алдымен балажаңылтпашты баяу, ақырын айтады, содан кейін қалыпты 
қарқынмен,  содан  кейін  ғана  жылдам  қарқынмен  айтады.Оқытудың  бұл 
кезеңінде  әріптермен    таныстырып,  сабақтың  басында  оқу  кезінде  шапшаң 
оқуды дамыту үшін әр түрлі кестелер қолданылады. 
Буындармен таныстыру 
Оқытудың бұл кезеңінде сондай-ақ жылдам оқу дағдыларының дамуына 
ықпал  ететінәр  түрлі  кестелер  пайдаланылады.  Тапсырмаға  байланысты 
дауыстылар немесе буындар әр түрлі дауыс күшімен, әртүрлі екпінмен, әртүрлі 
қарқынменоқылуы  мүмкін.Осылайша,  бірте-бірте  буындар  мен  сөздердің 
құрылымы күрделене түседі. 
Сөздермен таныстыру 
Сөздердіоқығанда  да  жылдам  оқу  дағдыларын  дамытуға  көмектесетін 
әртүрлі  кестелер  пайдаланылады.  Бұл  кестеде  оқу  үшін  бір  буынды  сөздер 
жазылады.  Осы  кестелерді  жүйелі  оқу  осы  әріптердің  қабылдануын 
автоматтандырады. 
Оқуға үйретудің басқа да түрлері: 
1.
 
Дауыстап оқу. 
2.
 
Ішінен оқу. 
3.
 
Ызыңдап оқу. 
4.
 
Хормен оқу. 
5.
 
Жаңылтпаштың қарқынымен оқу. 
6.
 
Тізбектеп оқу. 
7.
 
Динамикалық оқу. 
8.
 
Бинарлық оқу. 
Дауыстап оқу және ішінен оқу 

12 
 
Ең бастысы – жаттығулардың ұзақтығы емес, жиілігі маңызды. Адамның 
жады үнемі көз алдындағы нәрсе емес, қараңдап тұратын, яғни бірде бар, бірде 
жоқ нәрсе есінде қалатындай құрылған. Дәл осы нәрсе қоздыру тудырады және 
есте  қалады.Сондықтан, ұзақ  уақыт  алатын  жаттығулар  жүргізбей, аз  уақытқа 
есептелген жаттығулыр жиі-жиі жүргізу керек. 
Ызыңдап оқу  
Ызыңдап  оқу  –  В.  А.  Сухомлинскийдің  Павлыш  мектебінде  оқуға 
үйретудің  негізгі  элементтерінің  бірі  болды.  Қазір  бұл  элементтікөптеген 
мұғалімдер қолданады. 
Ызыңдап  оқу  дегеніміз  –  бұл  бір  мезгілде  дауыстап,  сыныптастарына 
кедергі  келтірмес  үшін  күбірлеп,  әрқайсысы  өз  жылдамдығымен,  біреуі 
жылдам, біреуі баяу барлық оқушылардыңоқуы. Жаттығубес минут жүргізіледі. 
Әр сабақтағы бес минуттық оқу кезінде кез келген сабақта – әдебиеттік 
оқу,  көркем  еңбек,  математика,  қазақ  тілі  балалар  бес  минут  оқиды. 
Сабаққосымша  кітапты  немесе  арнайы  дайындалған  кестелерді  ызыңдап 
оқурежиміндебес минут оқудан басталады, сосын сабақ ары қарайөз қалпымен 
жүргізіледі. 
Талдап  көрейік.  Егер  3-сыныптың  әдістемесіне  сәйкес  аптасына 
әдебиеттік оқу 3 сабақ болса, сыныпта 25 адам болса, мұғалім әрбір оқушыны 
аптасына  бір-бір  реттен  тексеріп  шыға  алады.  Бұл  ретте  оқушының  жаттығу 
үшін  аптасына  3минут  уақытыболады,  мұндай  деңгейде  балаларды  оқуға 
үйрету екі талай. 
Егер  отбасында  баламен  жұмыс  жасап,  оқуға  үйретсе  жақсы.  Ал  егер 
баланың отбасы сәтсіз болса?Сонда баланың жаттығуына осы үш минутқа ғана 
саяды,  мұндайда бала оқып үйрене алмайды. 
Әр  сабақтағы  бес  минуттық  оқуды  қарастырып  көрейік.  Мысалы,                      
5 x 4 x 5= 100. 
Әр сабақта бес минут, әр күні 4 сабақ, аптасына 5 күн бар. Бір апталық 
жаттығу 100 минуткөлемінде болады.  
Әлбетте, егеруақыт3 минуттан 100-ге дейін артса, оң нәтиже береді. 
Нәтижелілігі 
Әдебиеттік  оқу  сабақтарында  және  ызыңдап  оқу  үшін  осы  аталған 
әдістемені  үнемі  пайдалану,  жылдам  оқуды  дамыту  бойынша  ұсыныстарды 
қолдану,  бастауыш  сынып  оқушыларының  оқу  жылдамдығы  тексеру 
нәтижелерінің жоғары деңгейін көрсетеді [6]. 
Мұғалімдерге  де,  ата-аналарға  да  қолдану  үшін  қызықты  және  пайдалы 
болатын  әдістемелік  және  дидактикалық  материалдар  жеткіліктіжинақталған. 
Бұл  тұста  Я.  А.  Каменскийдің:«Жұлдыздарды  көру,  музыка    тыңдау–  үлкен 
бақыт.  Бірақ оған қол  жеткізу  үшін  кітап оқып  үйрену  керек.  Ал  бұл – үлкен 
еңбек» деп айтқанын ұмытпау керек. 
Осылайша, оқушылардың табысты оқуы үшін жылдам оқуды меңгерулері 
қажет. 
Әдетте,  көп  оқитын  оқушылар  жылдам  оқиды.  Оқу  үдерісінде  жедел 
жады  және  зерденің  тұрақтылығы  жетіледі.  Осы  екі  көрсеткішке  ақыл-ойдың 

13 
 
жұмысқа  қабілеттілігі  байланысты.  Кейде  дағды  және  ойлау  қарама-қарсы 
тұрады. Бұл мектеп үшін өте қиын түседі.Шынында да бұл жерде альтернатива 
жоқ, сонымен қатар, ойлауды дағдыларға сүйене отырып,дамытуға болады.Оқу 
дағдысы  көптеген  күрделі  біліктердің  құрамдас  бөлігі  болып  табылады. 
Осылайша,  оңтайлы  оқуды  меңгеру  барысында  оқушылардың  ақыл-ойы 
дамиды. Бұл – дамудың аспектісі. 
Оңтайлы  оқу  жылдамдығына  қалай  жетуге  болады?  Қандай  қорларды 
қолдануға болады? 
Кейбір оқу техникаларымен танысайық.  
Блоктарды оқу  
Бұл  кезең  негізінен  баланың  сөйлеу  аппаратын  жүйелі  жаттықтыруға, 
сөйлеу  ақауларын  ерте  анықтауға,  сондай-ақ  тұтас  сөздерді  оқу  дағдысын 
пысықтауға бағытталған. Қазақ тілінде жиі кездесетін әріптердің тіркесулерін, 
құрамаларын,  құрамында  сол  әріптер  болатын  сөздер  жаттығуүшін  материал 
ретінде  алынады.  Мұғалім  оларды  қарапайымнан  күрделіге  қарай  негізгі 
қағидасын ұстана отырып, топтарға бөледі.Сабақтағы мтериалдың көлемі 20-25 
әріп тіркесулерін құрайды және сәйкесінше әріптер саны (2, 3, 4, 5 және т. б.) 
біртіндеп  арта  береді.  Әріптік  құрамалар  немесе  блоктар  тақтаға  бағанмен 
немесе  қатармен жазылады.  Олардың  тақтағаәр  түрлі орналасу  нұсқалары  көз 
бұлшықеттерінің жаттығуына және ерікті зейіннің дамуына ықпал етеді. 
Сабақ  кезінде  оқушылар  блоктарды  ішінен  оқи  отырып,  жазады.Содан 
кейін оларды хормен оқиды. 
Дикцияны пысықтау 
Жаңылтпаштармен жұмыс  жасау  барысында  дыбыстарды  және олардың 
қосындысын  анық  айтуға  қол  жеткізіледі.  Жаңылтпаштармен  жұмыс  жасау 
әдістемесі  жеткілікті  белгілі:  жеке,  анық  айтудан  барынша  нақты,  жылдам 
айтуға көшу. 
Жаңылтпаштағы  жұмыс  жасау  керек  болатын,  баса  назар  аударуға  тура 
келетін дыбыстарды белгілейтін әріптерді түрлі-түсті бормен жазу ұсынылады. 
1.
 
Жағажайды жағалай жүгіреді Қамажай. 
2.
 
Іске тіл ілесе алады, тілге іс ілесе алмайды. 
3.
 
Тақпақ жатта, жатқа жатта. 
4.
 
Ізшілер іздесті, түз кезді, із кесті. 
5.
 
Ошақта от жақ, шоқ тап, от жақ. 
6.
 
Таяқ жон, жонсаң жөн жон. 
7.
 
Бұл, бұл – піл, бұл бір ірі піл. 
8.
 
Доп теп, тек дөптен кеп теп. 
9.
 
Қызым, жүзім же, жүзім үзіп же. 
10.
 
Шын еңбекшіл – өрмекші, өрмекші – шын өрнекші. 
11.
 
Тұрыс бұрышқа тұр, бұрышта дұрыс тұрмай ұрыспай тұр. 
12.
 
Қапыда ит қапты, қатты қапты, қапты қатты. 
13.
 
Хатипаға Харковьтегі Қамарға Хамит аға хат жазды. 
Жұмысты  жаңылтпаштың  бір  жолынан  бастап,  әр  сабақта  жаңа  жолдан 
қосып  отыру  тиімді  болып  саналады.  Анық  айтуды  пысықтау  үшін  бір  ғана 

14 
 
жаңа жолұсынылады,оқуға берілген материалдың көлемі ұлғая түседі (2, 3, 4-
жолдар).  3-4  сабақ  ішінде  жаңылтпашты  оқу  балаларға  таныс  жолдан 
басталады.  Балалар  таныс  жолды  (жаңылтпаштың  таныс  бөлігін  оқи  отырып) 
көз  жүгірте  қайталай  оқи  отырып,  жаңа  жолды  қатесіз  және  жылдам  оқуға 
дайындалады.   
Дауыс ырғағына жаттығу 
Мұғалім  балалардан  мәнерлеп  оқуды  талап  еткенде,  көбінесе  ол  бұл 
ұғымның  нақты  қандай  өлшемшарттармен  анықталатынын  айтпайды.  Әрине, 
«
мәнерлеп  оқу»  түсінігі  көп  қырлы  және  мәнерлеп  оқу  қабілеті  көбіне 
балалардың  өмірлік  тәжірибесіне,  эмоционалдық  тәрбиесінің  қалыптасуына, 
сезімдерінің  тереңдігіне  байланысты.  Бастауыш  мектептемәнерлеп  оқу  білігі 
енді  ғана  басталады.  Бұл  жұмыстымына  үш  білікті  қалыптастырудан  бастау 
қажет: 
-
 
өзінің  дауысына  ырғақ  беру  және  дамыту:  қуанышты  және  қайғылы, 
жұмсақ  және  ашу-ызалы,  әзілді  және  байыпты,  мысқылды  және  мейірімді, 
сондай-ақ қарсылық, санамалау, аяқтау ырғағы; 
-
 
қажетті  оқу  қарқынын  таңдау  (жылдам,  ырғақты  немесе  бірқалыпты, 
өлшемдік немесе олардың үйлесімі); 
-
 
сөйлемде логикалық екпінді дұрыс қою. 
Сөйлемнің  мағынасын  анықтайтын  сөзді,  сөз  тіркесін  дауыспен  бөліп 
көрсете  отырып,  логикалық  екпінді  дұрыс  қоя  білуді  кез  келген  өлең 
мәтіндерімен  пысықтауға  болады.  Ол  үшін  балаларға  алдымен  жолдағы 
біріншісөзді,  сосын  екінші,  үшінші,  төртінші  сөздерді  дауыспенбөліп  айтуды 
ұсынуға болады. 
Көру аясын  дамыту 
Ғалымдардың  дәлелі  бойынша  оқығанда  көз  екі  жағдайда  болады: 
қозғалыста және қозғалыссыз. Мәтін (оқу) тек көз тоқтаған сәтте қабылданады. 
Көздің  қозғалысы  кезінде  мәтін  (оқу)  қабылданбайды.  Барлық  ересек 
оқырмандарда    көздің    қозғалыс  жылдамдығы  және    қозғалыссыз  кезі  бірдей 
болғанымен,    біреулер    тез  оқыса,    ал  біреулер  баяу  оқиды.  Баланың  оқу 
қарқыны көру аясының шамасымен, яғни көздің  қозғалыс жылдамдығы және 
қозғалыссыз кезіндегі сөздердің мөлшерін қабылдауымен байланысты болады.   
Осылайша,  қорытындылай  келе:  жылдам  оқу  дегеніміз  –  бұл  «көру  аясының 
кеңдігі».  Ғалымдардың  зерттеулері  көрсеткендей,  оқу  жылдамдығын  арттыру 
үшін  көздің  қозғалыссыз  кезеңін  азайту  және  көздің  бір  көру  фиксацияцында 
қабылдайтын сөздердің санын арттыру қажет. 
 
Көру  аясын  дамытатын  құралдардың  бірі  дидактикалық  ойын 
материалдарыболып  табылады,  атап  айтқанда,  сандық  және  әріптік 
карточкаларды  сабақ  барысында  пайдалану  көзді  жаттықтырады.  Олармен 
жұмыс істеу көп уақытты қажет етпейді, бірақ жақсы нәтиже береді.Алдымен 
балалардың  көру  аясын  кеңейту  үшін  Шульте  кестелері  пайдаланылады. 
Балалар қызығушылықпен көздерін дағдыландырады және  оқу техникасының 
нәтижелері де жақсарады. 

15 
 
Кестелермен жұмысты 3 кезеңге бөлуге болады. Кестелер көлемімен және  
сандар, әріптер, суреттер санымен ерекшеленеді:  
1-
ші кезеңде  көру аясы аздау болады.  Кестелер көлемі 9x9 см. Сандар 
мен әріптер саны – 9; 
2-
ші кезеңде көру аясы ұлғаяды. Кестелер көлемі 12x12 см. Сандар мен 
әріптер саны  16-ға дейін; 
3-
ші  кезеңде  көру  аясы  беттердің  еніне  тең  болады.    Кестелер  көлемі 
12x12 см. Сандар мен әріптер саны  25-ге дейін. 
Әр  кезеңде  кестелермен  белгілі  бір ретпен  жұмыс  жүргізіледі:  жеңілден 
күрделіге.  Кестелерді  оқу  жылдамдығыда  әр  түрлі  болуы  тиіс.  Алдымен 
кестенің  мазмұны  баяу  оқылады,  содан  кейін  жылдамдығын  арттырады  және 
соңғы нәтижесі – кесте 3-5 секундта оқылады. Мұғалім әрбір баланы тексеріп, 
осыдан кейін ғана жаңа кестемен  жұмыс істеуге  мүмкіндік бере алады.  
Кесте  бойынша  жұмыстың  басты  ережесі:  көзбен    кестені  шарламай,  
бөлінген  квадрат,  әріп,  шеңберге немесе  белгілі бір  бағытқа  қарап, оң жағын, 
сол жағын немесе барлық айналасын бір мезгілде көруге тырысу. 
Мысалы, 1-ден 10 дейін және 1-ден 20 дейін (1-сынып) және 1-ден 25-ке 
дейін (2-3-сыныптар) (1-кесте). 
1-
кесте 






10 



 
 
 
Дәл  осы  ұстаным  бойынша  әліпбилік  карточкалар  дайындалады  (2- 
кесте).  Жаттығулар  түрегеп  тұрып  немесе  отырып  орындалады.  
Оқушыларқарындашпен  сандар  немесе  әріптерді  көрсете  отырып,  ішінен 
санайды.  
2 – 
кесте 
ш 
қ 
х 
ч 
б 
ц 
о 
ә 
ж 
х 
з 
у 
ф 
р 
д 
ф 
п 
и 
н 
л 
м 
г 
в 
с 
е 
 
Кестелермен  жұмысты  күн  сайын  әр  сабақта  сергіту    сәтінде  жүргізу 
қажет.  Оқушы  кестедегі  барлық  белгілерді  оқығанша  бұл  кестемен  жұмыс 
жүргізіледі.  
Көру  аясын  дамытуда  тағыда  бір  жаттығулар  келтірілген.  Тігінен  оқу 
барысында  жоғарыдан  төмен  қарай  көзбен  ғана  жылжи  отырып,    жанындағы 
бағанда  орналасқан әріптерді  атау керек. 

16 
 
Осылайша, оқу жылының екінші жартысында балалар бір қарағанда 2-3 
сөзді  қамтуға  үйренеді,  сондықтан  оларда  оқу  жылдамдығы  айтарлықтай 
ұлғаяды [7]. 
Балаларды  тігінен  оқыту  мақсатында  «оқу-барлау»  жаттығуын 
пайдаланады.  Бұл  жаттығу  бойынша  оқушылар  мәтінді  жылдам  қарап, 
қойылған сұрақтардың жауабын табады. 
Осылайша, балалар тігінен оқуға ғана емес, мәтіндегі негізгіні таба білуге 
үйренеді. 
Жаднама 
1.
Еріндерің мен тістеріңді қатты қымқыр. 
2. Саусағыңды азат жолдың басына және аяғына қой. 
3. Мәтінді жоғарыдан төмен қарап, сұрақтарға жауап тап.  
 
Осы  жаттығуды  қазақ  тілі  сабағында  пайдалануға  болады,  мысалы, 
«барлаушылар»  мәтінде    қандай  да  бір  ережеге  арналған  сөздерді  табады. 
Математика сабақтарында белгілі бір жауаппен  есепті табуға ұсынуға болады. 
Бұл  жаттығулар  бейтаныс  мәтінді  оқу  кезінде  жасалады,  содан  кейін 
мәтін дауыстап оқылады және мәнерлеп оқуға, әңгімелеуге қарапайым жұмыс 
жасалады. 
Осындай  жаттығуларды  орындауға  5-7  минут  жұмсалады.  Бұл 
жаттығулардың  құндылығы  оқушылар  кейін  өз  бетінше  танысқан  мәтінді 
дауыстап, мәнерлеп оқи алады. 
3-
кесте 
де 
ит 
пу 
та 
ма 
ач 
ил 
та 
ап 
пу 
яч 
см 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал