Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/16
Дата10.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
 
 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту 
бойынша әдістемелік ұсынымдама  
 
Әдістемелік ұсынымдама 
 
 
Методические рекомендации по изучению предмета 
«Начальная военная и технологическая подготовка» 
 
Методические рекомендации 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2017  
 


 
Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 20 маусымның № 7 хаттамасы)  
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол №7 от 20  июня 2017 года)  
 
 
«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәнін  оқыту  бойынша 
әдістемелік  ұсынымдама.  Әдістемелік  ұсынымдама.  -  Астана:  Ы. Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 122 б.  
Методические  рекомендации  по  изучению  предмета  «Начальная  военная  и 
технологическая  подготовка».  Методическа  рекомендация.  -  Астана:  НАО 
имени И. Алтынсарина, 2017. – 121 с.  
 
 
Осы әдістемелік ұсынымдама білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы 
әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламалары 
негізінде әзірленді. Ұсындамада 10-11-сыныптарға арналған «Алғашқы әскери 
және  технологиялық  дайындық»  пәні  оқу  бағдарламаларының  ерекшеліктері, 
оқытуды  ұйымдастырудың  түрлері  мен  әдістері  көрсетілген.  Білім  мазмұнын 
жаңарту  аясында  пәнді  оқытуда  оқу  сабақтарын  жоспарлау  және  өткізу 
бойынша әдістемелік ұсынымдамалар берілген.  
Әдістемелік  ұсынымдама  мектеп  басшыларына,  әдіскерлер  мен  пән 
мұғалімдеріне арналған. 
 
Данные  методические  рекомендации  разработаны  на  основе  учебной 
программы по предмету «Начальная военная и технологическая подготовка» в 
рамках  обновления  содержания  образования.  В  рекомендации  показаны 
особенности  учебной  программы  предмета  «Начальная  военная  и 
технологическая подготовка» для 10-11 классов, формы и методы организации 
обучения.  Даны  методические  рекомендации  по  планированию  и  проведению 
учебных  занятий  при  изучении  предмета  в  рамках  обновления  содержания 
образования.  
Методические  рекомендации    предназначены  для  руководителей  школ, 
методистов и учителям-предметникам.  
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2017.  
© Национальная академия образования  
им. И. Алтынсарина, 2017.  
 
 
 


 
Кіріспе 
 
Алғашқы  әскери  дайындық  меншік  нысанына,  типі  мен  түріне 
қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу 
орындарында  (колледждерде),  кәсіптік-техникалық  мектептерде  әскерге 
шақырылуға  дейінгі  және  әскерге  шақырылу  жасындағы  білім  алушы 
жастардың меңгеруге міндетті оқытылатын пәні болып табылады [1].  
«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  –  білім 
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуына тәрбиелеуге 
баса  назар  аударады.  Бұл  бағдарлама  білім  алушыларды  әскери  қызметтің 
дағдыларын  меңгеруімен  қоса  әскери  іс  негіздері  мен  төтенше  жағдайларда 
адамның өмір қауіпсіздік әрекетінен білім беруіне бағытталған. 
 «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту бойынша 
әдістемелік ұсынымдама» төрт бөлімнен тұрады: 
1-
 
бөлім  -  Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Алғашқы  әскери  және 
технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері. 
2-
 
бөлім  -  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  оқу 
пәнін оқытуды ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары. 
3-
 
бөлім  -  Оқу  процесінде  «Алғашқы  әскери  және  технологиялық 
дайындық»  кабинетінің, әскери алаңның ресурстарын пайдалану. 
4-
 
бөлім  -  Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Алғашқы  әскери  және 
технологиялық  дайындық»  оқу  пәнін  оқыту  процесін  ұйымдастырудың 
ерекшеліктері. 
Әдістемелік ұсынымдамада оқу орындарында, далалық оқу жиындарында 
алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  сабақтарын  ұйымдастыру 
мәселелері,  оқу-материал  базасын  жабдықтауға  қойылатын  талаптар,  
оқытылатын тақырыптар тізімімен кестелер берілген, сондай-ақ оқыту әдістері, 
әр бөлімге тесттік тапсырмалар және т.б. қарастырылған. 
Ұсынымдамада берілген сабақ өткізу түрлері мен оларды өткізу әдістері 
ұсынымдамалық  сипатта  болып  табылады.  Алғашқы  әскери  және 
технологиялық  дайындық  оқытушы-ұйымдастырушысы  жергілікті  жердің 
ерекшеліктерін,  оқу-материал  базасының  болуы  мен  жағдайларын,  жеке 
тәжірибесін, оқушылардың дайындық деңгейлерін ескере отырып,  Орта білім 
берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті  стандарты  және  оқу  бағдарламаларында  анықталған  мақсат-
міндеттерді  сапалы  орындауды  қамтамасыз  ететін  басқа  да  әдіс-тәсілдерді 
қолдануына болады [2].  
 
 
 
 
 
 
 


 
1  Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  «Алғашқы  әскери  және 
технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері 
 
Оқу  бағдарламасы  оқушылардың  жас  ерекшеліктерінің  танымдық 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  әр  оқу  пәнінің/сабақтың  мазмұны  мен  білім,  білік, 
дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. 
Оқу  бағдарламасы  оқыту  үдерісін  оқушылардың  пән  салалары  бойынша 
білім мен біліктілікті саналы түрде игерту үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін 
қолдануға,  оқу,  жоба,  зерттеу  іс-әрекеттері  тәсілдерін  меңгеру  арқылы 
дербестігін  дамытуға,  әлеуметтік-мәдени  кеңістікте  орнын  таба  білуі  үшін 
біліктерді меңгеруге бағыттайды.  
Білім мазмұнын жаңарту аясында орта білім деңгейінде «Алғашқы әскери 
және технологиялық дайындық» пәні 10-11-сыныптарда оқытылады. 
Оқу  бағдарламасында  оқу-нормативтік  құжаттың  дәстүрлі  міндеттері 
заманауи  мектепте  білім  беру  үдерісін  ұйымдастырудың  инновациялық 
тәсілдемелерімен  үйлесімді  сабақтасады.  Оқытудағы  тәсілдемелер  пән 
бойынша  оқу  бағдарламасының  түбегейлі  жаңа  құрылымын  құруда  негізгі 
бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-
бағдарлық,  коммуникативтік  тәсілдемелер  білім  берудің  классикалық  негізі 
ретінде  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  мен  білім  беру  үдерісі  нәтижелерінің 
басымдылығын  арттыру  үшін  қолданылады,  бұл  оқу  бағдарламасының  жаңа 
құрылымында көрініс тапты.   
«Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық»  пәні  –    білім 
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуына тәрбиелеуге 
баса  назар  аударады.  Бұл  бағдарлама  білім  алушыларды    әскери  қызметтің 
дағдыларын  меңгеруімен  қоса  әскери  іс  негіздері  мен    төтенше  жағдайларда 
адамның өмір қауіпсіздік әрекетінен білім беруіне бағытталған. 
Пән 
мақсаты 
– 
білім 
алушы 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясының негізгі ережелерін, мемлекетті қорғау негіздерін, Қазақстан 
Республикасының  Қарулы  Күштерінің  арналуын  және  түрлері  мен 
ерекшеліктерін 
түсіндіру, 
әскери 
қызметтің 
маңызын, 
Қазақстан 
Республикасының әр азаматының  қасиетті парызы және міндетін оқыту. 
Пәннің міндеттері: 
1)
 
 әскери  анттың,  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерінің 
жарғыларының негізгі талаптарын оқыту
2)
 
әскери  бөлімдердің  қарулануы  мен  әскери  техникасы,  жеке  құрамның 
өмірі мен орналасуымен таныстыру; 
3)
 
қажетті әскери білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру
4)
 
робототехника,  IT-технология,    технологиялық  дайындық  және 
төтенше  жағдайда  адамның  өмір  қауіпсіздігі  негіздері  алғашқы  тәжірибелік 
дағдыларын меңгеру; 
5)
 
есептегі  әскери  мамандыққа  және  офицер  кәсібін  тандауға  әскери-
кәсіптік бағдар беру


 
6)
 
жастарға  қазақстандық  патриотизм  мен  Отанына  деген  адалдық  сезімін 
қалыптастыру. 
 «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнің  білім алушылар 
оқығанда: 
-  әр  азамат  өз  Отаның  қауіпсіздігіне  және  оны  қорғау  қажеттілігі  мен 
манызың түсінуге; 
-  алынған  пәндік  білім,  білік  және  дағдыларды  Қазақстан  Республикасы 
Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары 
қызмет 
еткенде қолдануға
-  білім  алушыларда  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінде  қызмет 
ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді 
жүйені қалыптастыру;   

жеке  бас  пен  моральдық-өнегелілік  қасиеттерін  дамытудың 
маңыздылығын түсінуге және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың 
қажеттілігін түсінуге; 
-  сын  тұрғысынан  және  шығармашылық  ойлау,  мәселелерді  шешу  және 
коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. 
Осы  бағдарлама    оқушыларға  әскери  қызметтiң  дағдыларын  меңгеруге 
мүмкіндік  береді,  төтенше  жағдайларда  адам  өмірінің  қауіпсіздігін  меңгеруді 
және  әскери iстің негiзін оқып үйрене алады.  
Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  сабағына  жалпы  бiлiм 
беру оқу орындарында 98 сағат берілген, 10-сыныпта 64 сағат, оның ішінде 30 
сағат дала-оқу жиынына. 11- сыныпқа 34 сағат берілген. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәнінің 10- сыныпқа 
арналған бағдарламаның базалық мазмұны 8 бөлімнен тұрады.  
«Кіріспе сабағы» келесі тақырыптан тұрады (1 сағ.): 
Білім  алушыға  алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  пәніне 
оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұны (1сағ.). 
Қазақстан  Республикасы  Заңдары  "Қазақстан  Республикасы  Қорғанысы 
және  Қарулы  күштері  туралы","Әскери  қызмет  және  әскери  қызметшілердің 
мәртебесі  туралы","Ұлттық  қауіпсіздік  туралы",  "Азаматтық  қорғану",  "Білім 
туралы",  "Алғашқы  әскери  дайындық  пәнін  жүргізу  және  ұйымдастыру"  және 
оның  оқу-материалдық  базасын  қалыптастыру  ережелерін  бекіту  туралы", 
Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің бұйрығы.  
Алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық  сабағында  білім 
алушылардың құқықтары мен міндеттері. 
1.  "Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштері  –  мемлекеттік 
қауіпсіздіктің кепілі" келесі тақырыптардан тұрады:  
Мемлекет қорғанысының Конституциялық негіздері. (1 сағ.)  
Мемлекет  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудегі  ҚР  Конституциясының  негізгі 
ережелері  [3].  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  құрамы  және 
олардың атқаратын қызметтері.  
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. (1 сағ.).  


 
Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  әскери  рәміздері.  Әскери 
бөлімінің  жауынгерлік  туы.  Әскери  анттың  әскери  қызметкерлерге  қоятын 
талабы.  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  әскери  қызметі  қасиетті 
борышының маңызы. 
Экстермизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер (1 сағ). 
Экстремизмнің  түрлері:  саяси,  діни,  экономикалық  және  экологиялық. 
Экстремизм,  терроризм,  олардың  сипаттамалық  белгілері.  Қазіргі  әлемдегі 
террористік қатердің өсу себептері [4]. 
2.  «Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің,  басқа  да  әскерлері  мен 
әскери  құрылымдарының  жалпыәскери  жарғылары»  келесі  тақырыптардан 
тұрады:  
Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің,  басқа  да  әскерлері  мен 
әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары (1 сағ.). 
Жалпыәскери  жарғылардың  әскери  ұжымның  тұрмыс-тіршілігіндегі 
маңызы.  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің,  басқа  да  әскерлері  мен 
әскери  құрылымдарының  жалпыәскери  жарғыларының  жалпы  ережелері, 
олардың  мәні  әскери  ұжымның  өмірі  мен  қызметі.  Әскери  кызметшілердің 
жалпы міндеттері. Әскери атақтары мен айырым белгілері. 
Әскери  қызметкерлер  және  олардың  өзара  қарым-қатынастары  (1  сағ.) 
Бастықтары  және  бағынатындар,  аға  және  кіші,  олардың  құқықтары  мен 
міндеттері.  Әскери  әдептілік  ережесі  және  әскери  қызметкерлердің  тәртібі. 
Бұйрық,  оны  беру  және  орындау  тәртібі.  Бастықтарға  және  шені  жоғарыларға 
мәлімдеме жасау.  
Әскери  тәртіп,  оның  мәні  мен  маңызы  (1  сағ.).  Әскери  тәртіп, 
көтермелеулермен  тәртіптік  жазалар.  Әскери  тәртіпті  сақтау  бойынша  әскери 
қызметшілердің  міндеттері.  Сарбаздарға  қолданылатын  марапаттаулар. 
Сарбазға берілетін тәртіптік жаза.  
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері (1 сағ.) 
3. «Тактикалық дайындық» келесі тақырыптардан тұрады:  
Мотоатқыштар  бөлімін  ұйымдастыру  және  ұрыстық  мүмкіндіктері  (1  сағ.) 
Бөлімшені  ұйымдастыру.  Штаттық  қарулану  және  ұрыстық  техника. 
Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері. Бөлімшені басқару. 
4. «Атыс дайындығы» келесі тақырыптардан тұрады:  
Калашников автоматы және қол пулеметі (1 сағ.) Қару және патрондарды 
қолдану  кезіндегі  қауіпсіздік  шаралары.  Калашников  автоматы  және  қол 
пулеметінің  атқаратын  қызметі,  ұрыстық  қасиеті,  жалпы  құрылысы  және 
жұмыс істеу механизмі.  
Автоматты  жартылай  бөлшектеу  және  жинақтау  (1сағ.).  Калашников 
автоматының  атқаратын  қызметі,  бөлшектері  мен  механизмдерінің, 
патронының құрылысы.  
Калашников  автоматын  атуға  дайындау  (1  сағ.)  Автоматтың  керек 
жарақтары. Автоматтың атудан кейінгі тазалау және майлау тәртібі. Автоматты 
сақтау. Автоматтың оқтарын тексеру және атысқа дайындау. Ату кезінде болуы 


 
мүмкін  ақаулар  және  оларды  түзету  тәсілдері.  Ату  кезінде  кідірістерін  жою 
амалдары. 
Жарықшақты қол гранаталары (1 сағ.). Жарықшақты қол гранаталарының 
(РГД-5,  РГН,  Ф-1, РГО)  атқаратын  қызметі  және ұрыстық  қасиеті. Гранаталар 
мен тұтандырғыштың құрылысы. Гранатаны лақтыруға дайындау. 
5. «Саптық дайындық» келесі тақырыптардан тұрады: 
Сап түрлері және олардың элементтері. Саптық тұрыс. (1 сағ.). Алдын-ала 
және  орындауға  берілетін  пәрмендер.  Сапқа  тұрғанға  дейінгі  және  саптағы 
сарбаздың  міндеттері.  «Сапқа  тұр»,  «Түзел»,  «Тік  тұр»,  «Бас  киімдеріңді 
(киімді)  ШЕШ»,  «Бас  киімдеріңді  (бас  киімді)  КИ»  пәрмендерін  орындау 
«Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Жинақтал», «Доғар» «Баскиімді – 
шеш», «Баскиімді – ки» пәрмендерін орындау. 
Бір  орындағы  бұрылыстар.  Бір  қатардан  екі  қатарға  сап  құру  және 
қайтадан бір қатарға сапқа тұру.  
Саптық  және  жорықтық  адым(1  сағ.).  Саптық  және  жорықтық  адыммен 
қозғалу. 
6. «Әскери топография» келесі тақырыптардан тұрады: 
Жергілікті  жерде  картасыз  бағдарлау  (1  сағ.).  Бағдарлау  туралы  түсінік. 
Көкжиек тұстарын компас бойынша, аспан денелері және жергілікті жер бедері 
бойынша анықтау. Өзінің орналасқан жері туралы мәлімдеме беру.  
Магнитті азимутты анықтау (1 сағ.). Азимут және оны анықтау.  
Қазіргі заманғы бағдарлану құралдары.  Жергілікті жерді бағдарлау үшін 
қазіргі  заманғы  жеке  жабдықтар.  Спутниктік  навигациялық  жүйелер  туралы 
жалпы мәліметтер: GPS (Global Positional System), ГЛОНАСС, Galileo. 
7. «Әскери робот техникасының негіздері» келесі тақырыптардан тұрады: 
Әскери  робот  техникасының  негіздері.  (2  сағ.).  Роботтар  туралы  жалпы 
мәліметтер. Әскери істе роботтарды қолдану. 
Роботтың басқару алгоритмі. (2 сағ.). Робот қозғалыс траекториясын 
жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқарудағы моделдері мен 
алгоритмдері. 
Роботтарға  арналған  міндеттер.  (2  сағ.).  Роботтардың  функционалдық 
мүмкіндіктері.  Тактикалық  міндеттерді  қою  және  шешу:  жергілікті  жерді 
бағдарлау, роботтың төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті. 
8.  «Өмір  қауіпсіздігі  негіздері  және  ақпараттық  технологиялар»  келесі 
тақырыптарды  қамтиды:  Шаруашылық  объектісінің  азаматтық  қорғанысы  (1 
сағ.).  Шаруашылық  объектісінің  азаматтық  қорғанысын  (оқу  орындары) 
ұйымдастырудың құрылымы және оның міндеттері. Азаматтық қорғанысының 
әскери емес құрылымдар  қызметі және жабдықталуы. 
Ядролық қару және оның сипаттамасы. (1 сағ.). Ядролық қару және оның 
сипаттамасы.  Ядролық  жарылыс  түрлері.  Ядролық  жарылыстың  зақымдау 
факторлары және олардан қорғану әдістері. Нейтронды оқ-дәрілердің зақымдау 
ерекшеліктері. 
Химиялық  қару.  (1  сағ.).  Химиялық  қару  және  оны  қолдану  белгілері. 
Улы заттар, оның зақымдау қасиеттері және одан қорғану әдістерінің қысқаша 


 
сипаттамасы.  Химиялық  зақымдау  ошағы,  зақымдаудың  алғашқы  және  екінші 
аумақтары. 
Биологиялық 
(бактериологиялық) 
қару 
(1 
сағ.). 
Биологиялық 
(бактериологиялық)  қару  және  оның  зақымдау  әсері  мен  қолдану  белгілері. 
Бактериялық құралдар, олардың зақымдау әсері мен одан қорғану құралдарына 
қысқаша  сипаттама  беру.  Бактериологиялық  зақымдау  ошағы  және  оның 
сипаттамасы.  Бактериологиялық  зақымдау  ошағында  жүргізілетін  іс-шаралар. 
Карантин және обсервация. 
Тыныс  алу  мүшелерін  қорғаудың  қарапайым  құралдары  (1  сағ.). 
Жалпыәскери  газтұмылдырық,  оның  атқаратын  қызметі  және  құрылысы. 
Сауыт-қорғанысты  (маска)  таңдау,  жарамдылығын  тексеру,  газтұмылдырықты 
жинау және қалтаға салу. Газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері, 
зақымдалған  адамға  кигізу  әдістері.  Жарамсыз  газтұмылдырықты  пайдалану. 
Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары. 
Жеке  қорғану  құралдарымен  жаттығу  (1  сағ.).  Теріні  қорғайтын 
қарапайым  құралдар,  герметизациялау  және  арнайы  майды  сіңдіру  арқылы 
оның  қосымша  қорғану  қасиеттерін  арттыру  жолдары.  Арнайы  киім  үлгісінің 
атқаратын  қызметімен  таныстыру  (Л-1  жеңіл  қорғау  киімі,  сүзгілік  қорғау 
қасиеті бар киім, жалпы әскери қорғану киімі) және оларды қолдану тәртібі. 
Ұжымдық  қорғану  құралдары.  (1  сағ.).  Жасырынатын  орын  және 
радиацияға  қарсы  таса,  олардың  қорғау  қасиеттері,  жалпы  құрылысы  және 
бөлменің ішін жабдықтау. Жасырынатын орындардың қарапайым түрі.  
Эвакуациялау  және  халықты  шоғырландыру  (1  сағ.).  Азаматтық 
қорғанысты хабарлау  белгілері және  әрекет ету  тәртібі. Жүргізу  тәсілдері  мен 
тәртібі,  көшіру  және  шоғырландыру.  Эвакуациядағы  адамдардың  міндеттері, 
олардың  керек-жарақтары,  қажетті  жеке  мүліктері,  құжаттары  мен  азық-
түліктері. Эвакуация бекетіндегі тәртіп, жүру бағыты және орналасатын орынға 
келу ережелері. 
Лаңкестік  қауіп-қатер  жағдайында  халықтың  қауіпсіздігі  (1  сағ.). 
Лаңкестік  акт  қауіп-қатер  кезінде  және  оның  орындағанда  азаматтардың  іс-
әрекеті.  Әртүрлі  лаңкестік  қауіп  деңгейдегі  іс-әрекеттер  тәртібі.  Ақпараттық-
коммуникативтік ортаның лаңкестікке қарсы іс-қимылы. 
Табиғи  апат  аумағында  халықтың  іс-әрекеттері  (1  сағ.).  Табиғи  апаттар, 
авария  және  катастрофа,  оның  сипаттамасы  және  тигізетін  салдары.  Табиғи 
апат кезіндегі халықтың әрекет ету тәртібі. Табиғи апаттың зардабын қалпына 
келтіру және құтқару жұмыстарына халықтың  қатысуы. 
Жарақаттану,  қансырау  және  дененің  күю  кезінде  көрсетілетін  алғашқы 
медициналық  көмек  (1  сағ.).  Жарақат  және  олардың  асқыну  себептері  туралы 
түсінік. Қансырау түрлері және олардың сипаттары. Күйік шалу себептері және 
олардың  ауырлық  деңгейлері.  Естен  танудың  себебі.  Жарақат  алу  және 
қансыраған  кезде  көрсетілетін  алғашқы  медициналық  көмек.  Асептика  және 
антисептика туралы түсінік. 
Түрлі  қайғылы  оқиғалар  кезіндегі  көрсетілетін  алғашқы  медициналық 
көмек  (1  сағ.).  Сүйектің  сынуы  және  оларды  анықтау  туралы  түсінік.  Соғып 


 
алу,  шығып  кету,  буынның  созылуы  және  оларды  анықтау  белгілері.  Шина 
салудың  негізгі  ережелері.  Түрлі  қайғылы  оқиға  орын  алған  кезде  алғашқы 
медициналық көмек көрсету тәсілдері. 
Үсік  шалу,  күнге  күю  және  жылудың  әсері,  олардың  алдын  алу  және 
көрсетілетін  алғашқы  медициналық  көмек.  Электр  тоғы  соққан  кезде 
көрсетілетін  алғашқы  медициналық  көмек  және  көмек  көрсеткен  кезде  сақтау 
керек қауіпсіздік шаралары. 
10-сынып  бағдарламасының  мазмұнына  «Әскери  роботты  техника 
негіздері»  бөлімі  енгізілген,  ол  «Әскери  роботты  техника  негіздері», 
«Роботтарды  басқару  алгоритмі»  және  «Роботтарға  арналған  міндеттер. 
Роботтардың  қызмет  ету  мүмкіндіктері»  атты  бөлімшелерге  бөлінген  және 
келесі тақырыптарды қамтиды: 
1)
 
Әскери  робот  техникасының  негіздері  -  Роботтар  туралы  жалпы 
мәліметтер. Әскери істе роботтарды қолдану. 
2)
 
Роботтың  басқару  алгоритмі  -  Робот  қозғалыс  траекториясын 
жоспарлау.  Роботтар  тобын  ұжымдық  басқарудағы  моделдері  мен 
алгоритмдері. 
3)
 
Роботтарға  арналған  міндеттер  -  Роботтардың  функционалдық 
мүмкіндіктері.  Тактикалық  міндеттерді  қою  және  шешу:  жергілікті  жерді 
бағдарлау, роботтың төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті (1-сур.).  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет. «Әскери робот техникасының негіздері» 
«Әскери робот техникасының негіздері» 
бөлімі 
Әскери робот 
техникасының 
негіздері - Роботтар 
туралы жалпы 
мәліметтер. Әскери 
істе роботтарды 
қолдану.
 
Роботтың басқару 
алгоритмі - Робот 
қозғалыс 
траекториясын 
жоспарлау. Роботтар 
тобын ұжымдық 
басқарудағы 
моделдері мен 
алгоритмдері.
 
Роботтарға арналған 
міндеттер - 
Роботтардың 
функционалдық 
мүмкіндіктері. 
Тактикалық 
міндеттерді қою және 
шешу: жергілікті 
жерді бағдарлау, 
роботтың төтенше 
жағдайлардағы іс-
әрекеті  
 

10 
 
Пәннің  базалық  мазмұнда  IT-технологияны  пайдалану  қарастырылған. 
Сонымен  қатар  бөлім  атаулары  өзгертілген  –  (Қарулы  Күштер  Қазақстан 
Республикасы  егемендігінің  күзетінде)  –  «Қазақстан  Республикасы  Қарулы 
Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі» [4]. 
«Тактикалық  дайындық»,  «Саптық  дайындық»,  «Өмір  қауіпсіздігінің 
және  ақпараттық  технология  негіздері»  тараулары  біріктірілген.  Алғашқы 
әскери дайындықтың барлық бөлімдері бойынша тесттік тапсырмалар берілген. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал