Методические рекомендации по использованию сквозных тем для реализации



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.56 Mb.
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

МЕКТЕПКЕ  ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ  МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУДА  

ӨТПЕЛІ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША  

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 

 

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  



ПО ИСПОЛЬЗОВАНИЮ СКВОЗНЫХ ТЕМ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ 

СОДЕРЖАНИЯ ТИПОВОЙ УЧЕБНОЙ ПРОГРАММЫ 

ДОШКОЛЬНОГО ВОСПИТАНИЯ И ОБУЧЕНИЯ 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана                                                   

2017 


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы 

 базасында әзірленген 

 

 

 

Пікір берушілер: 

Жиенбаева Ш.Н., п.ғ.д. 

Кулхожаева Э.Б., меңгеруші 

Смайыл С.С., әдіскер 



Мектепке 

дейінгі 


тәрбие 

мен 


оқытудың 

үлгілік 


оқу 

бағдарламасының  мазмұнын  іске  асыруда  өтпелі  тақырыптарды 

қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. ─ Астана, 2017. ─  бет  

 

Әдістемелік  ұсынымдарда    Мектепке    дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 



үлгілік  оқу  бағдарламасының    мазмұнын  білім  беру  салаларын  кіріктіру 

арқылы іске асыруда  өтпелі тақырыптарды қолдануға материал берілді.  

Әдістемелік  ұсынымдар  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагог 

қауымға, ЖОО мен колледждердің студенттеріне арналған.  

   

 

«Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасының 



мазмұнын  іске  асыруда  өтпелі  тақырыптарды қолдану  бойынша  әдістемелік 

ұсынымдар»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  «Мектепке  дейінгі  балалық 

шақ»  республикалық  орталығының  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде  қаралып,  

ұсынылған (2017 ж. 10 қаңтар №2 хаттама). 

 

 

                                                                   



«Мектепке дейінгі балалық шақ»  

                                                                            республикалық орталығы, 2017 



 

  

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 

дамытудың 

2016-2019 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік 

бағдарламасында  алдағы  білім  беру  әрекетіне  табысты  дайындықтың 

негізі  ретінде  бала  дамуының  мектепке  дейінгі  кезеңінің  мәні  ерекше 

айқындалған. 

Осыған  байланысты  республикада  мектепке  дейінгі  білім  беру 

жүйесін,  оның  сапалы  мазмұнын  жаңғырту  бойынша  мақсатқа 

бағытталған жұмыстар жүргізілуде.   

Аталған  мемлекеттік  бағдарламаның  негізгі  міндеттерінің  бірін 

жүзеге  асыруға  сәйкес  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  (2016  жылғы  13  мамырдағы 

№292  ҚРҮҚ)  (бұдан  әрі  –  Стандарт) бекітілді,  осы  Стандарт  негізінде 

балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеріп,  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 

педагогикалық процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін Үлгілік оқу 

жоспары  (бұдан  әрі  –  ҮОЖ),  сондай-ақ,  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (бұдан  әрі  –  Үлгілік  бағдарлама) 

әзірленді.     

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жаңартылған  мазмұнын 

енгізу  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  білім  беру  процесін  жетілдіруге 

ықпал ететін жаңа тәсілдерді талап етеді. 

Өтпелі  тақырыптар  арқылы  перспективалық  жоспарлау  мектепке 

дейінгі  ұйым  педагогтарына  балалардың  мектепке  дейінгі  ұйымда 

болатын  барлық  уақытында  білім  беру  әрекетін  жоспарлы  және 

бірізділікпен жүйелі түрде ұйымдастыруына мүмкіндік береді. 

Осы  әдістемелік  ұсынымдар  Стандарт  талаптарына  сәйкес 

әзірленді.   



Мақсаты:  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу 

бағдарламасы мазмұнын білім беру салаларын кіріктіру арқылы тиімді 

іске асыру.  

Міндеттері: 

-білім  беру  процесін  жоспарлауда  педагогтарға  әдістемелік  көмек 

көрсету; 

-күні  бойы  білім  беру  процесін  кіріктіріп,  ұйымдастыруда  жаңа 

тәсілдерді анықтау; 

-бірлескен  әрекеттің  барынша  тиімді  формаларын  енгізу  арқылы 

балабақшаның  өміріне  және  баланың  әлеуметтенуіне  ата-аналарды 

тарту. 


Білім  беру  процесіне  және  режимдік  сәттерге  «өтпелі» 

тақырыптарды жүйелі енгізу балалардың Үлгілік бағдарлама мазмұнын 

тиімді игеруін қамтамасыз етеді. 

 

 



 

БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫН КІРІКТІРУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ 



ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

МАЗМҰНЫН ІСКЕ АСЫРУ 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  жаңартылған мазмұнымен 

анықталған білім беру міндеттерін табысты іске асыруға ықпал ететін, 

кіріктіре оқыту  идеялары  бүгінгі күні өзекті болып табылады.                          

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын 

тиімді  іске  асыру  мақсатында  мектепке  дейінгі  ұйымның  білім  беру 

процесіне  «өтпелі  тақырыптар»  арқылы  перспективалық  жоспарлауды 

енгізу ұсынылады. 

Мектепке дейінгі ұйымның алдына қойылған міндет ─ түрлі білім 

беру  салалары  біріктірілетін,  күні  бойы  белгілі  бір  тақырыпта  ересек  

пен баланың өзара әрекеті тұтастай кіріктірілген процесті әзірлеу. 

Мысалы,  балабақша  педагогтары  ересек  топта  балалардың  

табиғат,  жануарлар  және  өсімдіктер  туралы  түсініктерін  кеңейте 

отырып, төмендегідей мақсаттарды көздейді:   

-балаларды тіршілік иелеріне қамқорлық  жасауға тәрбиелеу 

(«Әлеумет» білім беру саласы); 

-табиғаттың сұлулығымен байланысты эстетикалық сезімдерін 

ояту («Шығармашылық» білім беру саласы);  

-сөйлеуді дамытудың міндеттерін шешу («Коммуникация» білім 

беру саласы); 

-өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың  тәжірибелік 

дағдыларын қалыптастыру («Таным» білім беру саласы); 

-ойын әрекетінде жануарлар мен өсімдіктер туралы  білімдерін 

қимылдарымен көрсете білуге үйрету («Денсаулық» білім беру саласы). 

Нәтижесінде  балаларда  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға 

ықпал ететін және бір саладан басқасына оңай ауыстырылатын біртұтас 

әлеуметтік және психологиялық түсініктер қалыптасады. 

Мектепке  дейінгі  ұйымда  кіріктірудің  формалары  бірлескен 

мерекелер,  қойылымдар,  ойын-сауықтар,  саяхаттар,  шығармашылық 

жобалар,  сюжеттік-рөлдік  ойындар,  эксперименттер  және  т.  б.  бола 

алады.  Мектепке  дейінгі  ұйымда  осындай  процесті  ұйымдастырудың 

ерекшелігі  барлық  аталған  формалар  жеке  жүргізілмейді,  белгілі  бір 

тақырыпты таңдау оларды кіріктіруді ұсынады.  

Осылайша, мектепке дейінгі ұйымда «өтпелі» тақырыптар арқылы 

білім  беру  процесін  ұйымдастыру  барлық  білім  беру  салаларын,  

балалар  әрекетінің  алуан  түрлерін    бірыңғай    кеңістікке  кіріктіру 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Демек,  педагог  өз  әрекетін  баланың 

дамуын, оның қызығушылықтарын бақылай отырып жоспарлайды. 

Білім  беру  процесіне  аталған  жоспарлау  тәсілін  енгізу  

педагогтарға: 



 

-балалар 



әрекетінің 

мазмұнын 

жоспарлауда 

олардың 


қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық тәсілді іске асыруға; 

-балаларды  дамытуға  бағытталып  таңдалған  технологиялар  мен 

әдістерді,    тәсілдерді  дербес  қолдануға  және  кәсіби  қызметтің 

рефлексиясын жүзеге асыруға; 

-білім  беру  процесін  басқаруға:  заманауи  технологияларды  игеру 

деңгейін, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, мәселені көруге және оны 

«өтпелі» тақырыпқа сәйкес өз ойымен шешуге мүмкіндік береді.  

Өтпелі 


тақырыптарды 

перспективалық 

жоспарлау 

келесі 


компоненттерді міндетті түрде ескеріп, құрылуы тиіс : 

-әлеуметтік-мәдени компонент; 

-өңірлік компонент; 

-мәдениетаралық  компонент  (коммуникативтік  әрекет  саласы, 

тақырыптар, қарым-қатынас жағдайлары, сөйлеу және тілдік материал); 

-коммуникативтік-тілдік  білімдер  және  дағдылар  осы  білімдерге 

сүйенеді. 

Перспективалық  жоспарлаудың  құрылымы  қыркүйектен  мамырға 

дейін  барлық  оқу  жылына  көзделген  9  өтпелі  тақырыптар  бойынша 

ұйымдастырылған (соның ішінде 4 тақырыпша). Әр тақырып бір айдың 

ішінде оқытылады: 

1.«Балабақша»  ─  балалардың  бойында  балабақшаға,  достарына  

сүйіспеншілік 

сезімді 


қалыптастыруға; 

бірлескен 

әрекетке 

қызығушылықты дамытуға бағытталған.       

2.«Менің отбасым» ─ отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; 

отбасы  мүшелерінің  еңбек  міндеттері;  отбасындағы  оң  өзара  қарым-

қатынас,  өзара  көмек,  отбасының  барлық  мүшелеріне  сүйіспеншілік 

туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етеді. 

3.«Дені саудың жаны сау» ─ баланың денсаулығын сақтауға және 

нығайтуға;  тұрмыста,  көшеде,  табиғат  жағдайларында  қауіпсіз  мінез-

құлық  дағдыларын  қалыптастыруға  және  балалардың  қимыл-қозғалыс 

тәжірибесін  негізгі  қимылдарды  жетілдіру  арқылы  байытуға, 

шығармашылық,  танымдық  және  сөйлеу  қабілеттерін  пайдалана 

отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіруге бағытталған.  

4.«Менің Қазақстаным» ─ балаларда "Мәңгілік Ел" жалпы ұлттық 

идеясына  негізделген  рухани-адамгершілік  жалпы  адамзаттық 

құндылықтарды,  патриотизм  мен  толеранттылықты  қалыптастыруға 

ықпал етеді. 

5.«Табиғат  әлемі»  ─  тірі  және  өлі  табиғат  заттары  мен 

құбылыстары,  маусымдық  өзгерістер,  өсімдіктер  туралы  білімдерін 

кеңейтуге;  жануарлар,  жәндіктер  мен  өсімдіктердің  барлық  түрлерін 

сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен 

тікелей  байланысты  тәжірибені  игеруге;  қоршаған  ортаға  ұқыпты 

қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсінуге бағытталған. 



 

6.«Бізді  қоршаған  әлем»  ─  қоршаған  ортамен  өзара  әрекет  етуге 



қажетті  танымдық  әрекеттің  қарапайым  дағдыларын  меңгерген 

баланың  тұлғасын  дамытуға,  адамгершілік  нормаларды  сезінуге, 

төзімділікті  және  түрлі  адамдарға  құрмет  танытуды  қалыптастыруға 

ықпал етеді. 

7.«Салттар мен фольклор» ─ Қазақстан Республикасында тұратын 

өзге  ұлт  адамдарына,  олардың  мәдениетіне,  салт-дәстүрлеріне 

мейірімді және сыйластық қатынасқа тәрбиелеуге бағытталған.   

8.«Біз еңбекқор баламыз» ─ қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек 

сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуді, адамның 

қолымен  жасалғанның  барлығына  ұқыпты  қатынасты;  балалардың 

сөйлеуін,  зейінін,  қиялын  дамытуды;  мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың 

шығармашылық 

қабілеттерін 

және 

ойлауын 


қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 

9.«Әрқашан  күн  сөнбесін»  ─  балалардың  бойында  адамгершілік 

қасиеттерді,  жақын  адамдарына  сүйіспеншілікті,  оларға  қамқорлық 

жасауға  ынтасын,  өзінің  туған  қаласына,  өз  еліне  құштарлық  сезімді, 

оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал етеді. 

Аталған  тақырыптар  дербес,  ойын  әрекеттерінде  және  ересектің 

балалармен  басқа  әрекет  түрлерінде    барлық  білім  беру  салалары 

арқылы кіріктіріледі. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН «ӨТПЕЛІ» ТАҚЫРЫПТАР АРҚЫЛЫ 



ҚҰРУДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ 

 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  білім  беру  процесінде  өтпелі 

тақырыптарды  қолдану  келесі  дидактикалық  ұстанымдарды  ескеріп 

жүзеге асырылады: 



-білім  беру  процесін  кіріктіру  тақырыптарды  ұйымдастырылған 

оқу  қызметінде  және  басқа  іс-әрекеттер  түрлерінде  жүйелі  түрде 

кіріктіруді қарастырады. Осы ұстаным балалардың жас ерекшеліктеріне 

сәйкес  бір  тақырыптың  айналасында  балалардың  түрлі  әрекеттерін 

біріктіру негізінде құрылады. Тақырыптардың түрлері: өнімді іс-әрекет 

түрлері,  табиғаттағы  маусымдық  өзгерістер,  көркем  әдебиет  және  т.б. 

болуы  мүмкін.  Кіріктіру  тең  үйлесімділікпен  (ҮОЖ-на  сәйкес) 

ұсынылуы  мүмкін  білім  беру  міндеттерін  іске  асыру  арқылы  көрініс 

табады.  Оқыту  процесін  жоспарлауда  білім  беру  салаларын  кіріктіру 

күні бойы іске асырылатыны ескерілуі қажет.  



-мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  мазмұнына  қойылатын 

талаптардың  бірлігі  әр  баланың  жас  және  жеке  ерекшеліктеріне, 

бейімділіктеріне  сәйкес  қолайлы  әлеуметтік  жағдайларының  дамуын 

құруды  қамтамасыз  етеді.  Бұл  ұстаным    оқшаулануды  емес,  оқыту 

процесін құрайтындардың барлығын, барлық қатысушыларды ─ МДҰ, 

отбасы, жұртшылық, олардың әрекеттерінің бірлігін және сәйкестілігін 

кешенді қолдануды ұсынады. 



-теория  мен  тәжірибенің    байланыстылығы  ─  бұл  ұстанымның 

басты ерекшелігі тәжірибе болып табылады. Бала теориялық білімдерді 

ғылым  үшін  емес,  еңбек  әрекетін  жақсарту  үшін  алатынын  түсіну 

керек.  Барлық  теориялық  білімдері  міндетті  түрде  күнделікті  өмірде 

тәжірибе жүзінде тексеріледі. 

-көрнекілігі  көру  органдарына  сүйеніп,  оқытудың  көрнекілік 

құралдарының  тиімділігін  арттыру  үшін  қолдануды  талап  етеді.  

Оқытудағы көрнекіліктің маңызын аша отырып, балаларда бір мезгілде 

көрнекі-бейнелі ойлауды дамытып қана қоймай, абстрактілі-логикалық 

ойлауды дамытуды естен шығармаған жөн. 

-бірізділік, жүйелілік келесі негізгі  міндеттерді қамтиды:  

-бағдарламалық  материал  айналадағы  шындықтың  тараптары 

ретінде  білімдер  жүйесін  ұсынады.  Бұл  жүйе  нақты  шынайы 

объектілердің өзара байланысын тану негізінде қалыптасады

-педагог баланың санасына шынайы қарым-қатынасты, заттар мен 

құбылыстардың  байланысын  жеткізу  үшін  білімдердің  алғашқы 

шыққан қайнар көзін білуі тиіс; 


 

-балалардың 



бағдарлама 

материалын 

игеруі 

педагогтің 



түсіндіруіне  байланысты.  Педагогтің  дайындық  деңгейі,  оның 

шығармашылығы  және  шеберлігі  балалардың  білімді  терең  және 

жүйелі  игеруін  қамтамасыз  етеді.  Бір  мазмұн  түрлі  жолдармен, 

әдістермен,  құралдармен  зерделенуі  мүмкін.  Педагогтар  нақты 

жағдайлар үшін материалды қисынды түсіндіру жүйесін табуға тиіс; 

-материалды  зерделеу  жүйесі  балалардың  жас  ерекшеліктеріне 

сәйкес болуы тиіс; 

-білім  жүйесі  логикалық  ойлауды  ─  салыстыру,  талдау,  синтез, 

жалпылау,  абстракциялауды,  ойлаудың  дедуктивтік  (бірден  жалпыға, 

немесе  неғұрлым  жалпыланған  тұжырымдарға  ауысуды)  түрлерін 

дамытуды және т.б. болжауы тиіс; 

-оқыту  жүйесіндегі  әрбір  ҰОҚ  өнімді  болуы  тиіс  ─  балалар 

бағдарламалық  материалды  түсініп,  логикалық  операцияларды  және 

т.б.  жүзеге  асыра  білу  керек.  Оқытудың  мақсаты  ─  зейінді,  есті, 

қиялды, сезімдерді дамыту, оқыту  процесіндегі қиындықтарды жеңуге 

ықпал ететін мінез-құлықты тәрбиелеу. 



-қол  жетімділік  ұстанымы  педагогтардың  оқыту  процесін 

балалардың  даму  деңгейімен,  олардың  меңгерген  жеке  тәжірибесімен, 

білімімен,  біліктері  және  дағдыларымен  сәйкестендіре  білулеріне 

негізделеді.  Егер  осы  байланыстарды  орнату  мүмкін  болмаса,  білім 

қолжетімсіз болып саналады. Осы ұстаным тәрбиелеу-оқыту процесіне 

келесі талаптарды қояды: 

-жаңа  мазмұн  балаларда  бар  білімдермен,  олардың  жеке 

тәжірибесімен байланыстырылуы тиіс; 

-педагог  балаларда  қалыптасқан  және  қалыптасатын  танымдық 

психикалық  процестердің,  ойлаудың  түрлері  мен  операцияларының 

даму деңгейін білуі тиіс;  

-оқытудың  қолжетімділігіне  ықпал  ететін  шарт  балалардың 

танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру болуы тиіс; 

-педагог  балаларды  жалпы  дамыту  міндеттерін  шешу  үшін  оқу 

материалының мәнін түсінуі тиіс. 



 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨТПЕЛІ ТАҚЫРЫПТАР НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН 



ТИІМДІ ІСКЕ  АСЫРУҒА ЖАҒДАЙЛАР 

 

Білім  беру  процесін  өтпелі  тақырыптар  негізінде  ұйымдастыру 



Қазақсан  Республикасы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыруға бағытталған. 

Білім беру процесін тиімді іске асыру жағдайлары:  

-әр  балаға  мүмкіндіктерін  және  қабілеттерін  неғұрлым  толықтай 

ашуға  жағдай  жасау.  Заттық-дамытушы  ортаны  ұйымдастыру  келесі 

ұстанымдарға  сәйкес  болуы  тиіс:  ашық  және  икемді  аймақтарға  бөлу; 

жыныстық  ерекшеліктерін; баланың мұқтаждықтарына қажеттіліктерін 

ескеру.  Оқу  жылы  бойы  аймақтарды  өзгертпейтін  қатаң  тәртіптен  бас 

тарту керек.  

-балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестілігі  (жағдайлардың, 

әдістердің,  талаптардың  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  даму 

ерекшеліктеріне сәйкестілігі). 

-балалардың 

отбасыларымен 

ынтымақтастық. 

Балабақша 

педагогтары  мен  ата-аналарды  қамтитын  қоғамдастықты  қолдау  және 

құру  бойынша  жұмыс,  балаларды  әлеуметтік-мәдени  нормаларға, 

отбасылық, қоғамдық және мемлекеттік дәстүрлерге баулу. 

-инновациялық  технологиялар  мен  әдістерді  қолдану  баланың 

тұлғасын  дамытуға  ықпал  етеді,  балаға  зерттеуші  ұстанымын  игеруге 

мүмкіндік  береді    және    алған  білімдерін  өмірде  қолдана  білуді 

үйретеді;  

-«Мәңгілік  Ел»  жалпы  ұлттық  идеясын  іске  асыру  тұрғысында 

дәстүрлі халық мәдениетінің элементтерін кіріктіру. Оқыту мазмұнын, 

балалар  шығармаларын,  сондай-ақ,  ойын  материалын  таңдауда 

Қазақстан  аумағында  тұратын  халықтардың  этникалық  құрамы 

ескеріліп, дәстүрлі халық мәдениетінің  элементтері пайдаланылады; 

-көркемдік-эстетикалық жалпы жағдай: бұл ұстаным топ бөлмесін 

безендіруге,  эстетика  мен  дизайнға  көңіл  бөлуге,  эстетикалық,  әдемі 

болуы тиіс ойын материалына жатады. 

Ұсынылып  отырған  екінші  кіші  топқа  әзірленген  перспективалық 

жоспар  (2-Қосымша)  балалардың  жас  ерекшеліктері  ескеріліп, 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы 

мазмұнына және Үлгілік оқу жоспарына сәйкес құрастырылды. 

 

 



                                                       

 

 



10 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Мектепке  дейінгі  ұйымның  білім  беру  процесінде  өтпелі 

тақырыптарды  іске  асыру  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  арасында 

байланысты  нығайтуға,  балалардың  дербес  әрекеті,  қарым-қатынасы, 

серуен,  дене  жаттығуларымен  шұғылдану  үшін  уақытты  үнемдеуге 

ықпал етеді.  

Аталған жоспарлау  әдісін мектепке дейінгі ұйымдарға енгізу:  

-

 



мектепке  дейінгі  ұйымда  білім  беру  процесінің  тиімділігін 

арттыруға; 

-

 

балаларда 



әлемнің 

тұтас 


бейнесін 

қалыптастыруға,

 

шығармашылық қабілеттерін



 

іске асыруға жағдайлар жасауға; 

-

 

оларды айналадағы шындықты белсенді тануға,  себеп-салдарлық 



байланыстарды таба білуге және ынталандыруға

-

 



логиканы, ойлауды, коммуникативтік қабілеттерді дамытуға; 

-

 



балалар  мен  ересектердің  бірлескен  шығармашылық  әрекетін 

жақсартуға ықпал етеді.  

Іске асыру технологиясы әртүрлі болуы мүмкін, алайда кез-келген 

жағдайда  педагогтың  шығармашылық  белсенділік  танытуы  міндетті. 

Қызықты,  шығармашылық  жұмыс  педагогтың  өзін-өзі  жетілдіруге, 

өзін-өзі көрсетуге, оның кәсіби құзіреттілігін  жетілдіруге ықпал етеді. 

Республиканың 

мектепке 

дейінгі 

ұйымдарына 

өтпелі 

тақырыптарды  енгізу  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік 



оқу  бағдарламасының  мазмұнын  тиімді  игеруді  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндік береді.  

 

 

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 

 

МАЗМҰНЫ 



 

Түсіндірме жазба



 



Білім беру салаларын кіріктіру арқылы мектепке дейінгі  

тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  мазмұнын 

іске асыру 



Білім беру процесін «өтпелі» тақырыптар арқылы құрудың 

ұстанымдары 



Өтпелі тақырыптар негізінде білім беру процесін тиімді іске 



асыруға жағдайлар 



Қорытынды 

10 


Қосымша №1 

13 



Әдебиеттер 



43 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал