Методические рекомендации по использованию системы электронного обучения для детей обучающихся на дому



жүктеу 358.28 Kb.

бет1/2
Дата04.05.2017
өлшемі358.28 Kb.
түріМетодические рекомендации
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования им. И. Алтынсарина  

 

 



 

 

 



 

 

 



ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА БІЛІМ АЛАТЫН БАЛАЛАР ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫҚ 

ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША  

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР  

 

 

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  

 

ПО ИСПОЛЬЗОВАНИЮ СИСТЕМЫ ЭЛЕКТРОННОГО ОБУЧЕНИЯ 

ДЛЯ ДЕТЕЙ ОБУЧАЮЩИХСЯ НА ДОМУ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2015  

 

 



Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 8 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 18 сентября 2015 года)  

 

 



Үй  жағдайында  білім  алатын  балалар  үшін  электрондық  оқыту  жүйесін 

қолдану  бойынша әдістемелік  ұсынымдар.  –Астана:  Ы. Алтынсарин  атындағы 

Ұлттық білім академиясы, 2015. – 26 б.  

 

Методические  рекомендации  по  использованию  системы  электронного 



обучения  для  детей  обучающихся  на  дому.  –  Астана:  НАО  имени  И. 

Алтынсарина, 2015. – 25 с.  

 

 

Осы әдістемелік ұсынымдарында үйде оқытылатын балаларды оқытудағы 



әдістемелік  ерекшеліктерінің  сипаттамасы  және  үйде  оқытуды  ұйымдастыру 

үшін  ЭОЖ-ң  функционалдық  және  білім  беру  ресурстарын  қолдану  бойынша 

ұсыныстар берілген.  

Әдістемелік  ұсынымдар  мектеп  мұғалімдеріне,  колледж  оқытушыларына, 

үйде  оқытылатын  мектеп  оқушылары  мен  колледж  студенттеріне,  сонымен 

қатар олардың ата-аналарына арналған.  

 

В  настоящих  рекомендациях  даны  методические  особенности  обучения 



детей  на  дому  и  рекомендации  по  использованию  функциональных  и 

образовательных ресурсов СЭО для организации обучения на дому.  

Методические  рекомендации  адресованы  руководителям  организаций 

образования,  учителям  школ,  преподавателям  колледжей,  обучающимся  на 

дому ученикам и студентам колледжей, а так же их родителям.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Ы. Алтынсарин атындағы  

Ұлттық білім академиясы, 2015  

© 

Национальная академия образования 



им. И. Алтынсарина, 2015  

 

 





Мазмұны  

 

 

Кіріспе...........................................................................................  4 



Балаларды үйде оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік 

ерекшеліктері............................................................................... 



Үйде оқытуды ұйымдастыру үшін ЭОЖ-нің 

функционалдық және білім беру ресурстарын қолдану......... 



 

Қорытынды...................................................................................  24 

 

Глоссарий......................................................................................  25 



 

Қолданылған дереккөздер тізімі................................................  26 

 

 

 





Кіріспе  

 

«Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты»  атты  жолдауында  Президент,  балаларды  қорғауды  ел  дамуының 

маңызды  басымдықтарының  бірі  ретінде  белгілеп,  мемлекеттік  ұйымдар 

қызметінде  оны  іске  асыру  бойынша  жақын  жылдарға  арналған  әлеуметтік 

саясаттың  жаңа  принциптерін  айқындады.  Мемлекеттік  әлеуметтік  саясат 

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  нормалары  мен  халықаралық 

міндеттемелерге  сәйкес  бала  дамуын  физикалық,  зияткерлік,  рухани, 

адамгершілік  және  әлеуметтік  жағынан  толыққанды  қамтамасыз  етуге 

бейімделген.  

ҚР  «Білім  туралы»  заңының  8-бабы  5-тармағына  сәйкес  денсаулық  жағ- 

дайына  байланысты  ұзақ  уақыттар  бойы  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта 

білім беретін ұйымдарға бара алмай жүрген азаматтар үшін үйде немесе емдеу 

ұйымдарында жеке тегін оқыту ісі ұйымдастырылады.  

Денсаулық  жағдайына  байланысты  қысқа  мерзім  ішінде  (6  айға  дейін) 

мектептегі сабаққа бара алмай қалған 18 жасқа дейінгі 1-11 сынып оқушыларын 

жеке оқытуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің 28.02. 2000 ж. № 07-4/889 

Хатына  сәйкес  рұқсат  етіледі.  Бұл  оқушыларды  үйде  жеке  оқыту  емдеу 

мекемелерінің  (аурухана,  емхана,  диспансер)  қорытындысы  мен  аудандық 

(қалалық) оқу бөлімінің рұқсаты (әрбір жеке жағдаятқа байланысты) негізінде 

жүргізіледі.  Бұл  категориядағы  балаларға  психологиялық-медициналық-

педагогикалық  конультация  берілмейді.  Уақытша  ауру  балаларды  оқыту 

бағдарламасы - жалпы білім беру сипатында болады.  

Егер  баланың  мүмкіндігі  шектеулі  болса,  психологиялық-медициналық-

педагогикалық консультация орны оқыту бағдарламасын (жалпы білім беретін, 

психикалық дамуы кешеуілдеген және 1-ші немесе 2-ші типтегі коррекциялық 

көмектерді  қажет  ететін  балаларға  арналған  бағдарламалар)  ата-ананың 

қатысуымен белгілейді. Консультациялық ұсынымға сәйкес білім беру ұйымы 

оқыту бағдарламасын әзірлейді.  

2011-


2020  жылдарға  арналған  Білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап республиканың оқу орындарының 

оқу  процесіне  жүзеге  асырылуда  E  -  оқыту,  сондай-ақ,  оның  ішінде,  ең  үздік 

білім  беру  ресурстары  мен  технологияларына  білім  беру  процесінің  барлық 

қатысушыларының  тең  қол  жеткізуін  қамтамасыз  етуге  бағытталған,  олардың 

ішінде үйде оқитын балаларда болу тиіс. Осыған байланысты бұл әдістемелік 

ұсынымда  үйде  оқытуды  ұйымдастыруға  болатын  электрондық  оқытудың 

функционалдық және білім беру ресурстарына ерекше көңіл аударылады.  

 

 

 



 

 

 





1 Балаларды үйде оқытыду ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері  

 

Үйде оқыту баланың оқитын мектебі тарапынан ұйымдастырылады. Үйде 

оқитын  баланың  білімі  жүйелі  түрде  бағалануы  тиіс.  Олардың  тегі,  үлгерімі, 

сыныптан сыныпқа көшуі мен мектепті бітіруі туралы мәліметтер тиісті сынып 

журналына ендіріледі.  

Психологиялық-медициналық-педагогикалық  консультация  орнының  «1, 

2-

типтегі  интеллектілік  ақауы  бар  балалар  үшін  арнаулы  түзету  бағдарлама 



бойынша үйде оқыту» немесе «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін 

әзірленген  бағдарлама  бойынша  үйде  оқыту»  туралы  ұсынымын  алған 

мүмкіндігі  шектеулі  (мүгедек  емес)  балалардың  үйде  оқуын  ұйымдастыру 

кезінде  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  арнайы  бұйрығына  сәйкес 

жасалған оқу жоспары пайдаланылады.  

Мүгедек  балаларды  оқыту  ісін  әр  түрлі  категориядағы  психофизикалық 

даму  ерекшеліктері  туралы  қажетті  ілім-білімді  игерген  мұғалімдер  жүзеге 

асыруы  тиіс.  1-ші  немесе  2-ші  типтегі  коррекциялық  бағдарлама  бойынша 

мүгедек  балалар  үшін  бастауыш  мектептің  оқу  жоспары  1-9  сыныптарға 

бөлінетін  болғандықтан  оларды  оқытуға  бастауыш  сынып  мұғалімдерін  тарту 

ұсынылады.  

Үйде сабақ беретін әрбір мұғалім мүгедек баланың дамуы мен білім игеру 

сапасы  жөнінде  динамикалық  бақылау  күнделігін  жүргізуі  тиіс.  Баланың  іс-

әрекеті  оның  психофизикалық  және  физикалық  жай-күйіне  байланысты 

талданады. Күнделік тұрақты түрде кестеге сәйкес жүргізіледі. Бұл мұғалімнің 

кезекті жұмыс үдерістеріне: өтілген сабақтардың сапасы туралы жартыжылдық 

есеп  беру  құжатын,  жылдық  психологиялық-педагогикалық  мінездемені, 

мониторингтік  таблицаларды  жасауға  және  т.б.  қажетті  материал  болып 

табылады.  Үйде  уақытша  оқытылатын  балаларға  мұндай  күнделік 

жүргізілмейді.  

Жалпы  білім  беретін  бағдарлама  бойынша  және  психикалық  дамуы 

тежелген  балалар  үшін  әзірленген  бағдарлама  бойынша  оқытылатын  мүгедек 

балаларға ағымдағы және тоқсандық бағалар сынып журналына әр тоқсанның 

аяғында қойылады. 1-ші немесе 2-ші типтегі арнаулы коррекциялық бағдарлама 

бойынша оқытылатын балаларға тек тоқсандық бағалар ғана қойылады.  

Мектеп  директорының  орынбасары  жеке  кесте  жасайды.  Оны  ата-

аналармен  және  жүктемелері  оқу  жоспары  бойынша  бөлінген  мұғалімдермен 

келістіреді. Ата-аналармен келісілген кестені мектеп директоры бекітеді.  

Оқытудың  ұсынылған  бағдарламасына  сәйкес  күнтізбелік-тақырыптық 

жоспар жалпы тәртіп бойынша бекітіледі.  

Мектеп  әкімшілігі  сабақтардың  дер  кезінде  өткізілуіне,  оқу 

бағдарламалары  мен  жеке  оқыту  әдістемелерінің  орындалуына  бақылау 

жасайды.  Бұл  мәселе  жылына  2  рет  (қазан,  ақпан)  мектепішілік  бақылау 

кезінде,  сондай-ақ  жыл  қорытындысы  бойынша  педагогикалық  кеңесте 

қарастырылады.  Жыл  қорытындысы  бойынша  кеңесте,  осымен  қатар,  пән 

мұғалімдерінің  сыныптан  сыныпқа  өту  мәселесіне  байланысты  есептері 



тыңдалады.  

Жыл  қорытындысы  бойынша  үйде  тәлім  алатын  әрбір  оқушыға  арнайы 

папка жасақталады.  

Тәжірибе  көрсеткендей,  қашықтықтан  оқыту  технологияларын  пайдалану 

арқылы дәріс беру мүгедек балалардың білім алу мүмкіндіктерін айтарлықтай 

кеңейтеді,  оқушылардың  жалпы  бастауыш,  жалпы  негізгі  және  жалпы  орта 

(толық) білімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Мүгедек  балаларды  қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру  кезінде  білім 

беру  бағдарламасының  игерілуін  және  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  етуге 

жол  ашатын  оқу-әдістемелік  кешен  мазмұны  мемлекеттік  білім  беру 

стандартына сәйкес болуы тиіс.  

Мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту ісі жекелей жүргізілуі қажет.  

Мүгедек  балаларды  қашықтықтан  оқыту  ісін  олардың  әр  түрлі  катего- 

рияларындағы  психофизикалық  даму  ерекшеліктері  туралы  тиісті  білімдерді, 

сондай-ақ мұндай балалар үшін тікелей және қашықтық формаларда білім беру 

процесін  ұйымдастыру  әдістері  мен  технологияларын  игерген  мұғалімдер 

жүргізуі шарт.  

Мүгедек балаларды  қашықтықтан білім  беру  технологияларын  пайдалана 

отырып оқыту қызметін жүзеге асыруға дайындау үшін алдын ала мұғалімдерді 

аталмыш тақырып бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткізу қажет.  

Осымен  қатар,  мүгедек  балаларды  қашықтықтан  оқыту  ісін  жүзеге 

асыратын  мұғалімдерге  жүйелі  түрде  консультативтік-әдістемелік  қолдау 

көрсету керек.  

Қашықтықтан  оқыту  тікелей  білім  беру  ұйымы  тарапынан  атқарылады. 

Балаларды  оқытып-үйрету  штат  құрамында  бар,  мектепте  негізгі  немесе 

қосымша  жұмыс  орны  бойынша  қызмет  ететін  мұғалімдер  тарапынан  жүзеге 

асырылады.  

Бұл орайда білім беру ұйымының мүгедек балаларды қашықтықтан оқыту 

ісін  ұйымдастыруға  байланысты  қызметіне  әдістемелік  тұрғыдан  қолдау 

керсетілуі қажет. Білім беру ресурстары мен консультативтік-әдістемелік көмек 

қашықтық режим бойынша қол жетімді болуға тиіс.  

Қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру  үшін  мүгедек  балалардың  тұратын 

орындарын және мұғалімдердің жұмыс орындарын Интернетке қосу, сондай-ақ 

оларды  компьютерлік  техникалар,  сандық  оқу  жабдықтары,  оргтехникалар, 

бағдарламалық  қамтамасыз  ету  тетіктері  жинақтамаларымен  бұдан  әрі  - 

жабдықтар  жинақтамасы)  жарақтандыру  қажет.  Бұлар  мүгедек  балалардың 

даму  ақаулықтарындағы  өзіндік  ерекшеліктерге  тиісінше  бейімделген 

болуы шарт.  

Мүгедек  балаларды,  олардың  ата-аналарын  (заңды  өкілдерін)  және  мұға- 

лімдерді  қашықтықтан  оқыту  барысында  жабдықтар  жинақтамасын  қол- 

данудың  әдіс-тәсілдерін  үйрету  керек.  Сондай-ақ,  оларға  білім  беру  процесін 

ұйымдастыру  мен  техникалық  қамтамасыз  етуге  байланысты  әр  түрлі 

мәселелер төңірегінде қол жетімді консультациялық қызметтер ұсыну қажет.  

Осымен  қатар,  балалар  мен  мұғалімдердің  жұмыс  орындары  техникалық 



қызмет  көрсету  жүйесімен  қамтамасыз  етілуі,  жабдықтар  жинақтамасының 

жұмысындағы  ақаулықтар  оперативті  түрде  ретке  келтіріліп,  қажет  болған 

жағдайда  -  бұзылғандары  мүмкіндігінше  қысқа  мерзімде  ауыстырылуы  тиіс. 

Білім  беру  процесін  ұйымдастыру  ісінде  үзіліс  болмауы  қарастырылып 

отыруы керек.  

Мұғалімдердің  жұмыс  орындары  білім  беру  ұйымында  да,  оның  тікелей 

тұрғын жайында да жабдықтар жинақтамасымен жарақтануы және Интернетке 

қол  жеткізіліммен  қамтамасыз  етілуі  мүмкін.  Бұл  варианттың  артықшылығы 

сол,  қашықтықтан  оқыту  формасында  сабақ  ұйымдастыру  және  оны  өткізу 

мұғалімнің  міндетті  түрде  білім  беру  ұйымында  болуын  талап  етпейді, 

сондықтан  ол  оқу  процесін  неғұрлым  икемді,  тиімді  етіп  жоспарлауына 

мүмкіндік алады.  

Жабдықтар  жинақтамасы  білім  беру  процесіне  қатысушыларға  шарт 

негізінде  уақытша  қайтарымсыз  пайдалануға  беріледі  (кәмелетке  толмаған 

оқушыға  берілетін  жабдықтар  жинақтамасына  қатысты  мұндай  шарт  ата-

аналармен немесе заңды өкілдермен жасалады).  

Оқыту  формасы  мен  оқушылардың  оқу  жүктемелері  көлемі  балалардың 

психофизикалық даму ерекшеліктеріне, жеке мүмкіндіктеріне және денсаулық 

жағдайына  байланысты  белгіленеді.  Мамандар  тарапынан  тиісті  ұсынымдар 

болған  жағдайда  сынып  бойынша  сағат  мөлшері  оқу  жүктемелерінің 

санитарлық-гигиеналық  талаптарда  көзделген  жоғарғы  шегіне  дейін 

көбейтілуі мүмкін.  

Алайда,  қашықтықтан  оқыту  формасы  мұғалім  (мұғалімдер)  мен 

оқушының тікелей қарым-қатынасын жояды, сондықтан оқытуда тек өзін ғана 

қолдануға  болмайды.  Қашықтықтан  оқытумен  қатар  мұғалімнің  оқушы  үйіне 

келгені дұрыс.  

Мүмкіндік болса, денсаулығы нашар балаларды дені сау балалармен бірге 

тәрбие,  ойын-сауық,  спорттық  –  сауықтыру  және  басқа  да  ойын-сауық  іс-

шараларға қатыстыру қажет.  

 

 



 

 

 





Үйде оқытуды ұйымдастыру үшін ЭОЖ-нің функционалдық және білім 

беру ресурстарын қолдану  

 

Қазақстан  Республикасындағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген, республикадағы 

білім  беру  ұйымдарына  электрондық  оқыту  жүйесін  енгізудің  басты  мақсаты 

білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын озық білім беру ресурстары мен 

технологияларымен қамтамасыз ету арқылы, барлық балаларға, оның жасына, 

денсаулық жағдайына тәуелсіз сапалы білім беру.  

Балалардың  үйде  оқытылуын  ұйымдастыру  үшін  ЭОЖ  бір  қатар 

функционалдық  және  білім  беру  ресурстарын  қолдануға  болады,  нақтырақ 

айтсақ:  

1)

 

Балалардың үйде оқытылуын бала оқитын (белгілі бір сынып құрамына 



кіреді,  оның  тегін  сынып  журналына  енгізеді  және  осы  журналға  бағасын 

қояды)  мектеп  ұйымдастыратындықтан,  мұғалімдерге  «Электрондық 

журналдың» функционалы, ал оқушылар мен ата-аналарға толтырылуы тікелей 

«Электрондық журнал» арқылы жүзеге асатын «Электрондық күнделік» қажет.  



«Электрондық күнделік» функционалы.  

ЭО АЖ кіру үшін браузердің мекенжай жолына http://e.edu.kz мекенжайын 

теру  керек.  Егер  интернеттің  баптаулары  дұрыс  болса,  электрондық  оқудың 

ақпараттық жүйесінің Басты терезесі ашылады.  

 

 

 



1-

сурет – Электрондық оқыту жүйесінің басты терезесі  

 

Электрондық  оқыту  жүйесіне  кіру  үшін  пайдаланушы  авторландырылуы 



тиіс. Пайдаланушыны авторландыруды жүргізу үшін ЭО АЖ Басты терезесінде 

«

Жұмысты бастау» командасын (1-сурет) таңдау қажет, авторландыру терезесі 



ашылады  (2-сурет).  Оқыту  үдерісін  басқару  жүйесіне  кіру  үшін  Логин  мен 

құпиясөзді енгізу және «Кіру» түймешігін басу қажет.  



 

 

2-



сурет – Авторландыру терезесі  

 

Егер  енгізілген  Логин  мен  Пароль  дұрыс  болса,  онда  пайдаланушыға 



рөліне сәйкес басқа беттерге қолжетімділік берілетін болады.  

Оқушының  электрондық  күнделігі  –  бұл  төмендегілер белгіленетін,  білім 

беру үдерісінің құжаты:  

 



сабақ кестесі;  

 



үй тапсырмаларының мәліметі;  

 



оқушының үлгерімі туралы мәлімет.  

«Жүйеге  кіру»  түймешігін  басқан  кезде  ата-ана  электрондық  күнделікті 

жүргізу бөліміне автоматты түрде түседі (3-сурет).  

 

 



 

3-

сурет – «Күнделік» терезесі  





Күнделікте  сабақ  туралы  келесі  ақпарат  жүргізіледі:  уақыты,  пән, 

оқытушы, кабинет, сабақ тақырыбы, үй тапсырмасы, сабақтағы баға.  

Үйде  оқытылатын  оқушы  үшін  мұғалімнің  күнделікке  тапсырмалар 

сілтемесі мен пәндер бойынша оқу контентін орналастыруы өте маңызды.  



Күнделіктегі  барлық  ақпарат  автоматты  түрде  толтырылады  және 

оқушымен редакцияланбайды.  

1) 

«Электрондық  журнал»  функционалы.  Электрондық  журнал  – 

дәстүрлі үлгерім журналының аналогы, сынып оқушыларының тізімін жүктеу, 

өткізу мерзімі мен сабақ тақырыптары. Бағаларды түсіндірмелерімен бірге қою 

мүмкіндігі бар. Алған бағалары мен берілген үй тапсырмалары немесе өзіндік 

жұмыстары  автоматты  түрде  көрсетіледі.  Үйде  оқытылатын  балалар  үшін 

тапсырмаларды беру үдерісі өте маңызды болып келеді.  

Бағалар журналымен жұмысты бастау үшін ЭОАЖ кіріп авторландырудан 

өту керек (1, 2-суреттері). Кейін сабақ кестесіне сәйкес сабақты таңдау керек. 

Ол үшін (4-сурет) басты терезеде «Ауысу» «Менің сабақтарым» таңдау керек. 

Мұғалімнің Жеке кестесі бар «Кесте» терезесі ашылады.  

 

 

 



4-

сурет – «Сабақ кестесі» терезесі  

 

«Сабақ  кестесі»  терезесінде  оқу  кезеңін  таңдау  керек:  Оқу  жылы,  Оқу 



кезеңі, Апта. Таңдалған кезеңдегі жеке кестеде сабақты таңдау. Экранда келесі 

ақпараттар пайда болады.  

Ары қарай экранда таңдалған сабақ терезесі пайда болады (5-сурет).  

 

 



5-

сурет – Сабақ терезесі  

10 


Сабақты бастау үшін «Сабақты бастау» батырмасына басу керек. Осыдан 

кейін  экранда  сабақтың  басталуын  растау  туралы  сұранысы  бар  терезе  пайда 

болады.  

Сұраныс расталғаннан кейін Сабақ терезесі осылайша өзгереді (6-сурет):  

 

 

 



6-

сурет – Сабақ терезесі  

 

Журнал  терезесі  екі  бөлімнен  тұрады:  оқытушының  Жеке  кестесі  және 



Бағалау журналы. Жеке кесте бөлімінде мерзімге және оқытушының сабағына 

өту командасы орындалады. КТЖ-е алдын ала құрастырылған сабақ тақырыбы 

қосылады.  Егер  Тақырыптар  сабаққа  байланысты  болмаған  жағдайда, 

Журналда сабақ тақырыбын беру керек.  



Сабақ бағаларын қою. «Қатысушылар» тізіміндегі ТАӘ-мен бірге тұрған 

 

пернесіне басып, бағаны таңдау керек.  



Бағаны жою. Қойылған бағаны жою үшін жойылатын бағаға басу керек, 

кейін басқа бағаға алмастыру немесе «Жою» командасын таңдау керек.  



Оқушыларға  тапсырмаларды  беру.  «Тапсырмалар»  секциясында  сабақ 

барысында  оқушыларға  берілген  тапсырмаларды  журналға  (жеке  немесе 

барлық оқушыларға) енгізуге болады. Журналға тапсырмаларды енгізу үшін   

(6-


сурет) батырмасына басу керек.  

Экранда «Тапсырмалар» терезесі пайда болады (7-сурет).  

«Тапсырмалар» терезесінде келесі әрекеттерді орындау керек (7-сурет):  

1)

 



Тапсырма  типін  таңдау  (Үй  тапсырмасы,  Сыныптағы  жұмыс,  Өзіндік 

жұмыс т.б.).  

2)

 

Күрделілік деңгейін көрсету.  



3)

 

Тапсырма  мәтінін  енгізу  алаңына  қолымен  енгізу  немесе  «СБР-ден 



қосу» жазуына басып, СБР-ден тапсырманы таңдау керек.  

4)

 



«Барлығына» деген қанат белгісін қою, тапсырма барлық оқушыларға 

берілді.  

5)

 

Егер тапсырманы сақтау керек болса, «Қосу» батырмасына басу керек, 



қажет болмаса, «Болдырмау» батырмасына басу.  

Берілген  тапсырманы  түзету  үшін  тапсырма  нөміріне  басу  керек,  түзету 

режиміндегі «Тапсырма» терезесі ашылады.  

11 


Тапсырманы  белгілеу  үшін  (немесе  тапсырманы  алып  тастау  үшін) 

оқушылар ТАӘ қасына қанат белгісін қою керек.  

 

 

 



7-

сурет – «Тапсырмалар» терезесі  

 

2)  «

Е-Кітапхана»  функционалы.  Электрондық  кітапхана  жоба  аясында 

өңделген  сандық  білім  беру  ресурстары  орналасатын  ЭОЖ-ң  маңызды 

комоненті болып табылады.  

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ деректері бойынша электрондық 

оқыту  жүйесінде  Ақпараттандырудың  ұлттық  орталығы  мен  «Bilim  Media 

Group

»  ЖШС  мектептің  15,  ал  колледждердің  24  пәндері  бойынша  14 551 

сандық  білім  беру  ресурстарын  өңдеп  орналастырды.  Сонымен  қатар,  2013 

жылы құрылған жалпы білім беретін мектептің 8, ал колледждердің 5 пәндері 

бойынша  білім  беру  контенті  технологиялық  платформаларды  (htm  l5 

форматта) 

қолдап, 

пайдаланушылардың 

әр 

түрлі 


құрылғылардан 

қолжетімділікті  алуға  мүмкіндік  береді.  Материалдар  түрлі  сыныптар,  пәндер 

және тақырыптар бойынша бөлінген, әр оқушы өзіне қызықты тақырыпты еш 

қиындықсыз таба алады. Материалдар екі тілде ұсынылған – мемелекеттік және 

орыс тілінде, мектептің 5 пәндері бойынша 1212 сандық білім беру ресурстары 

ағылшын тілінде.  

Мұғалімдерге  көмек  ретінде  Ақпараттандырудың  ұлттық  орталығы  СБР 

қолдану  бойынша  оқу-әдістемелік  құралдарды  және  пәндер  бойынша 

(математика,  алгебра,  геометрия,  физика,  химия)  СБР  пайдаланушыларына 

арналған басшылықты өңдеді.  

Әдістемелік ұсынымдар ҚР БҒМ сайтында (https://e.edu.kz/98) Нормативтік 

құжаттар  бөлімінде,  сондай-ақ  Ұлттық  ақпараттандыру  орталығының 



http://nci.kz 

сайтына орналастырылған және барлығы да ашық қолжетімді болып 

табылады.  

Е-кітапханаға кіру үшін https://e.edu.kz/ электрондық оқыту жүйесіне кіру 

керек  (1-сурет).  ЭОЖ  басты  терезесінде  Е-кітапхананың  қосымшасы 

орналасқан. Е-кітапхана беті авторландырылған пайдаланушылар үшін де, және 



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал