Методические рекомендации для руководителей организаций образования по использованию системы электронного обучения



жүктеу 0.54 Mb.

бет1/4
Дата31.05.2017
өлшемі0.54 Mb.
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования им. И. Алтынсарин  

 

 



 

 

 



 

 

 



ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ БОЙЫНША БІЛІМ 

БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН  

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР  

 

 

 

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ  

 

ДЛЯ РУКОВОДИТЕЛЕЙ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ ПО 

ИСПОЛЬЗОВАНИЮ СИСТЕМЫ ЭЛЕКТРОННОГО ОБУЧЕНИЯ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  


2015  

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 8 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 18 сентября 2015 года)  

 

 



Электрондық  оқыту  жүйесін  қолдану  бойынша  білім  беру  ұйымдарының 

басшыларына  арналған  әдістемелік  ұсынымдар.–Астана:  Ы. Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 32 б.  

 

Методические рекомендации для руководителей организаций образования 



по  использованию  системы  электронного  обучения.–  Астана:  НАО  имени  И. 

Алтынсарина, 2015. – 32 с.  

 

 

Бұл әдістемелік нұсқауда электрондық оқыту жүйесінің (ЭОЖ) әкімшілік 



модульдерінің  ерекшеліктеріне  сипаттама  берілген.  Сонымен  бірге 

«Жоспарлау», «Сабақ кестесі», «Контингент», «Қызметкерлер», «Іс қағаздарды 

жүргізу», «Есептер» және «Қосымшалар» сияқты модульдермен жұмыс жасау 

бойынша әдістемелік нұсқау беріліп отыр.  

Әдістемелік  нұсқау  облыстық  (аудандық)  әдістемелік  кабинеттерінің 

басшылары  мен  әдіскерлеріне,  білім  беру  жүйесі  ұйымының  басшыларына, 

бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған.  

 

В  настоящих  рекомендациях  дана  характеристика  особенностям 



административных модулей СЭО, даны методические рекомендации по работе 

с  модулями  «Планирование»,  «Расписание»,  «Контингент»,  «Сотрудники», 

«Делопроизводство», «Отчеты» и «Дополнительное».  

Методические  рекомендации  адресованы  руководителям  областных 

(районных,  городских)  управлений  образования,  директорам  школ  и 

колледжей.  

 

 

 



 

 

 



 

 

© Ы. Алтынсарин атындағы  



Ұлттық білім академиясы, 2015  

© 

Национальная академия образования 



им. И. Алтынсарина, 2015  



 

Мазмұны  

 

 



 

Кіріспе .................................................................................................  

Электрондық оқыту жүйесіндегі әкімшілік модульдерінің 



ерекшеліктері....................................................................................... 



«Жоспарлау», «Кесте», «Контингент» және «Қызметкерлер» 

модульдерімен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар................ 

15 



«Іс қағаздарды жүргізу», «Есептер» және «Қосымша» 



модульдерімен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар................ 

26 


 

Қорытынды..........................................................................................  28 

 

Глоссарий.............................................................................................  29 



 

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................  30 

 

Қосымша..............................................................................................  31 



 

 

 





Кіріспе  

 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-

2020 

жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасындағы  ең  басты 



міндеттердің бірі болып табылатын білім беру ұйымдарына электрондық оқыту 

жүйесін  енгізу  белсенді  түрде жүзеге  асуда.  Берілген  бағдарламаның  мақсаты 

білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру қорлары мен 

технологияларға қол жетімділігін қамтамасыз ету.  

Білім  беру  ұйымының  басшысы  бұл  бағдарлама  әрекетінің  үйлестірушісі 

болып  табылады,  сондықтан  әдістемелік  басшылықтың  мазмұны  электрондық 

оқыту жүйесін қолдану әдістемесін қамтиды.  

Әдістемелік  нұсқаудың  құрылымы  келесі  модульдерден  тұрады: 

Жоспарлау, Кесте, Контингент, Қызметкерлер, Іс-қағаздарды жүргізу, Есептер 

және  Қосымша.  Әр  модульде  мектепті  басқару  бойынша  электрондық  оқыту 

жүйесіндегі  жұмыстың  толық  сипатталуы  мен  әдістемесі  берілген.  Мысалы, 

жұмыс оқу жоспары базистік және типтік оқу жоспарлары негізінде құрылады.  

Берілген  құжатты  жалпы  білім  беретін  мектептің  педагогикалық  кеңесі 

бекітеді.  Педагогикалық  кеңестің  шешімі  негізінде  мектеп  директоры  оқу 

жоспарын  бекіту  туралы  бұйрық  шығарады.  Әрі  қарай  оқу  жоспары 

педагогикалық  ұжымына  дейін  жеткізіледі.  Бекітілген  оқу  жоспары  негізінде 

ағымдық оқу жылына педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемелерін бөлу 

жүзеге асырылады, жалпы білім беретін мекемедегі оқу сабақтарының кестесі 

құрылады. «Жоспарлау» модулі осындай алгоритм бойынша жұмыс істейді.  

Модульдің  әрқайсысын  сипаттау  үшін  «Электрондық  оқытудағы 

ақпараттық  жүйесінің  техникалық  тапсырмасы.  Директор  пайдаланушының 

басшылығы  және  мектептің  оқу  меңгерушілері»  техникалық  тапсырмалары 

қолданылды.  Әр  модульді  сипаттау  барысында  электрондық  оқыту  жүйесі 

енгізілген  республиканың  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі  басшылардың 

іс-тәжірибесі де басшылыққа алынды.  

 

 



 





Электрондық оқыту жүйесіндегі әкімшілік модульдерінің ерекшеліктері  

 

Электрондық  оқыту  жүйесі  (ЭОЖ)  бұл  мемлекеттік  кең  ауқымды  жоба. 

Негізгі  міндеті  автоматтандыру  үшін  білім  беру  ұйымдарының  барлық 

үдерістерінде сандық технологияларды қолдану, нормативтік-құқықтық базаны, 

қызметкерлердің  кадрлық  есебін,  есептер  мен  құжаттаманың  өңдеуін,  мектеп 

кестесін жүргізуді жақсарту және жеделдету болып табылады. Осылайша, білім 

беру ұйымының әкімшілігі артық қағаз жұмысынан арылады.  

Берілген  жүйенің  тиімділігін  біз  тек  кең  жолакты  интернет  желісінің 

қамтылуымен  ғана  емес,  сонымен  қатар  бұл  арналар  бойынша  оқушылардың 

алған білімдерімен байланыстырамыз. Біздің ойымызша, мұнда іздеу – бағалау 



– 

таңдау  –  кескін  сияқты  аксиологиялық  тәсілдер  негізге  алынады  да, 

құндылық бағыттар тетігі іске қосылады 

Педагогикалық  қызметте  жаңа  тәсілдерді  қолданатын  педагогикалық 

қызметкерлер кәсіби ортада өздерін белсенді көрсете алуы керек.  

Инновациялық жобалар кең апробацияны, яғни тәжірибе мен пікірлермен 

алмасуды,  кең  талқылауды,  кәсіби  бұкаралық  басылым  құралдарында  және 

мұғалімдердің желілік қоғамдастығында баяндауын талап етеді.  

Электрондық  оқыту  жүйесін  енгізу  үшін  мектептің  ақпараттық  кеңістігін 

құру қажет.  

Ақпараттық кеңiстiктi құрастырудың шарттары:  

 



АКТ туралы нормативтiк және әдiстемелiк базаны зерттеу;  

 



Мектеп  инфрақұрылымының  өзгерiсi,  қазiргi  талаптармен  сәйкесті 

болуы;  


 

Ұстаздың кәсiби өсуін дәлелдейтiн ортаны құру;  



 

Қойылған  міндеттерге  сәйкес  ұжымдағы  психологиялық  жағдаятты 



зерттеу;  

 



«

мұғалiм-оқушы-ата-ана» арасындағы өзара қарым-қатынастық ахуалын 

қамтамасыз ету;  

 



АКТ  құралдарын  қолдануда  денсаулықты  сақтайтын  технологияларды 

қамтамасыз ету;  

 

эргономика  және  эстетиканың  талаптарын  сақтау;  бiлiм  беру  үрдісінде 



АКТ-ны  енгізуді  оңтайландыру  мен  диагностикалауда  еңбектi  ғылыми  түрде 

ұйымдастыру жағдайларын негізге алу.  

 

Мектепті  ақпараттандыру  келесі  3  компоненттің  динамикалық  түрде 



дамуынан тұрады:  

1) 


Техникалық құралдардың жиынтығы (технологиялық орта);  

2) 


Қолданушылардың 

ақпараттық-коммуникациялық 

мәдениетін 

қалыптастыру;  

3) 

Программалық құралдардың және ақпараттық ресурстардың жиынтығы.  



Мектептің ақпараттық кеңістігін құру формалары:  

 



АКТ-технология  (реферат,  презентация,  сайт,  флэш-анимация,  коллаж, 

программа және т.б.);  

 

АКТ-әдістеме  (сабақтың  дидактикалық  материалдары,  иллюстративтік 





материал,  тәрбие  жұмысының  әдістемелері,  диагностикалық  тест,  сабақтың 

электронды түрдегі конспектісі, үйірме жұмыстары және т.б.);  

 

АКТ-қоры  (электрондық  оқулықтармен,  оқу  дискілерімен  жұмыс,  ҰБТ 



репетиторы,  МАБ  тест  материалдары,  кино-бейнефильмдер  көру,  Интернетте 

электрондық  энциклопедиядан  ақпараттар  іздеу,  мектептің  деректер  қорымен 

жұмыс жасау және т.б.)  

Бiлiм  беру  ұйымының  ақпараттық  кеңiстiгiн  құру  үшiн  технологиялық 

сызбаны  құрастырамыз.  Технологиялық  сызба  жұмыстың  бағыттарынан,  

іс-шаралардан  және  тиiмдiлiк  көрсеткiштерiнен  тұрады.  Осы  сызба 

педагогтарға  мектептiң  ақпараттық  кеңiстiгiн  құру  тиiмдiлiгін  анықтауға 

мүмкiндiк бередi (1-кесте).  

 

1-



кесте  –  Білім  беру  ұйымының  ақпараттық  кеңістігін  құрудың 

технологиялық сызбасы  

 

№ 

Жұмыстың 

бағыты  

 

Іс-шара 

Тиімділік көрсеткіші 





Білім беру 

ұйымында 

ақпараттық-

технологиялық 

инфрақұрылымды 

дамыту  


1.

 

Мектептегі  бар  компьюте-



рлердің 

бағдарламаларына 

және  техникаларына  қарау, 

оның  ішінде  жергілікті  желіні 

құру. 

Білім беру ұйымының 



Интернет-сайтын құру және 

оған қолдау көрсету  

1.

 

Электронды 



түрдегі қызметтерді 

алатын ата-аналар 

үлесі 

2.

 



Web-

беттері бар 

педагогтар үлесі 

Қашықтық режимінде 

жұмыс жасайтын 

педагогтар үлесі  

 



Білім беру 



үрдісінің оқу-

тәрбие мен 

басқару 

жұмыстарында 

ақпараттық 

технологияны 

енгізу 

1. 


Электрондық білім 

ресурстарын қолданып оқу-

тақырыптық жоспарды құру 

2.Педагогтардың web-беттерін 

құруы және оны жасауы 

3.

 



Басқару жұмыстарында 

бағдарламалық өнімдерді 

қолдану 

4.

 



Біліктілік деңгейде 

бағалауда АКТ-ны қолдану 

деңгейі 

5.

 



Біліктілік деңгейін бағалау 

кезінде АКТ қолдану 

дәрежесін ескеру  

 

1. 



АКТ-ны жүйелі 

түрде қолданатын 

оқушылар мен 

педагогтар үлесі  

2. 

Электрондық білім 



ресурстарын (ЭБР) 

қолданып, өткізілетін 

сабақтар санының 

үлесі  


3. 

Электрондық 

«портфолиосы» бар 

оқушылардың үлесі  



1-

кестенің жалғасы  





Ақпараттық-



коммуникациял

ық 


технологияны 

енгізу 


мониторингісі 

және оны 

бақылау  

 

1. 



Аттестаттау және 

диагностикалау үшін 

электрондық ресурстарды құру 

2. 


Білім беру ұйымының 

ақпараттық кеңістігін 

ұйымдастыру мониторингісі 

3. 


Интернет ресурстарына 

қолжетімділігін бақылау 

1. 

Электрондық 



ресурстарды 

қолданудың білімі 

мен біліктілік 

деңгейін анықтау 

диагностикасына 

қатысатын оқушылар 

үлесі 

2. 


АКТ-құзырлылығы 

жоғары деңгейдегі 

педагогтар үлесі  

 

 



 

Электрондық оқыту жүйесін енгізудің тиімділігі:  

 

 



кез келген уақытта ашық – бүгiнгi немесе болашақтағы ұстаздар бiлiм 

беру  қорларын,  курстарды,  он-лайндық  қоғамдарды  немесе  қайта  даярлау 

бағдарламаларын өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта бағалай алады;  

 



кез келген жерде ашық – үйренушiлер басқалармен қатынасады немесе 

қорларды пайдалана алады, Интернет желісіне қосылған компьютер бар болса, 

кез келген орыннан нұсқау және сараптама алады;  

 



бiрлескен  жұмыс  және  желілік  қоғамдар  –  электрондық  оқыту 

ұстаздарға  бірлескен  жұмыстар  және  зерттеулер  өткiзу  үшiн,  сонымен  бірге 

проблемалық  мәселелерді  бірлесіп  шешуде,  инновациялық  технологияларды 

енгізумен  және  оқу  бағдарламаларындағы  тақырыптарды  бірлесіп  талқылау 

мен тәжірибелерін ортаға бөлісу үшiн жаңа мүмкiндiктер ашады;  

 



жаңа  педагогикалық  амалдар  –  электрондық  оқыту  дәстүрлi 

парадигманың  өзгеру  үрдісінде  катализатор  қызметін  көрсете  алады; 

электрондық  оқыту  дәстүрлi  әдiстермен  салыстырғанда  интерактивті  ортада 

оқытуды бірлесіп құрастыруға мүмкiндiк туғыза алады.  

Портал  қосымшаларының  қолданбалы  қызметтеріне  рұқсат  беру  үшiн, 

жүйенің архитектурасы веб-сервис және ашық стандарттарға негізделген бiрiгу 

сызбаларын  қолдануға  мүмкiндiк  беруi  керек.  Мұндай  бiрiгу  сызбаларының 

түрi  жұмыс  көлемін  азайтып,  ақпараттық  жүйелердiң  гетерогендi  ортаға  тән 

шығындарын қысқартады (1-сурет).  

 

 



 

 

 



 



 

 

1-



сурет – ЭОЖ архитектурасы  

 

Электрондық  оқыту  жүйесінің  қызмет  етуі  бірқатар  компоненттер 



негізінде құрылады:  

 



мектепті басқару жүйесі (SMS);  

 



сыныпты басқару жүйесі (CRMS);  

 



оқу үрдісін басқару жүйесі (LMS);  

 



тестілеуді басқару жүйесі (ТMS);  

 



пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS);  

 



электрондық психологиялық-мониторингтік жүйе (MPSMS);  

 



ақпараттық-анықтамалық жүйе (IMS).  

Электрондық оқыту жүйесі келесі қызметтерді, атап айтқанда:  

 



білім беру ұйымының әкішілігіне – LMS «Оқытуды басқару жүйесі» 

есеп беру нәтижелерін автоматтандырады, автоматты түрде және қолмен сабақ 

кестесін құру, оқушылардың қозғалыс есебі, кадр құрамының есебі және басқа 

да әкімшіліктің жұмыстарын орындауға;  

 

педагог  ұжымына  –  тақырыптық  жоспарлауға,  электрондық  сынып 



журналдарын  және  күнделiктер  жүргізуге,  білім  беру  үрдісінде  сандық  бiлiм 

беру контентін қолдануға;  

 

оқушыларға  интерфейс  арқылы  ақпараттық  киоскілерге  немесе 



интернетке  жіберілетін  ақпараттарға  рұқсат  берiлген:  сабақ  кестесiн  көруге, 

үйге берілген тапсырмаларды орындауға, хабарландыруларды оқуға;  

 

ата-аналарға интернет желісінде өздеріне қажетті ақпараттарды алуға 



рұқсат  берiлген:  өз  баласының  бағалары,  сабақ  кестесi,  үйге  берілген 

тапсырмаларға;  сонымен  бiрге  баласының  бағалары  туралы  мәлiметтi  ата-



аналардың  сұранысына  SMS  -  хабарлама  немесе  e-mail  бойынша  жіберуге 

мүмкіндік береді.  

Оқытуды  басқару  жүйесінің  негiзгi  субъектілері  ОҚУ  IСIНІҢ 

МЕҢГЕРУШIСІ,  МҰҒАЛIМ,  ОҚУШЫ  және  АТА-АНА  болып 

табылады.Субъектілердiң арасында электрондық оқыту жүйесінiң элементтерiн 

басқару  виртуалды  векторлық  қозғалыста  болады.  Әрбiр  субъектіге  LMS-тың 

элементтерiн орындаудың нақтылы қозғалысы қойылған. Виртуалды векторлық 

қозғалыстың схемасы 2-суретте берiлген.  

 

 



 

2-

сурет – Оқытуды басқару жүйесінің (LMS) виртуалды векторлық қозғалысы  



 

LMS  –  Learning Management System 

(оқыту үрдісін басқару жүйесі), оқу 

үрдісінің  барлық  қатысушыларына  (мектеп  әкiмшiлiгi,  мұғалiмдер,  оқушылар 

және  ата-аналар) оқытуды  интерактивтік  режимде  және  де  on-line  мен  off-line 

режимдерінде,  Портфолио  және  дербес  блогтар  арқылы  кәсiби  бағытта 

тәжiрибелер  алмасу,  оқушылардың  үлгерiм  динамикасын  бақылайтын, 

оқушылар  рейтингiсін  жүргізуді,  ұстаздардың,  мектеп  әкiмшiлiгiнің  және  т.б. 

әрекеттерді басқарады.  

 

Оқытуды  басқару  жүйесі  –  (Learning Management System)  оқу  қызметiн 

басқару  жүйесiнiң  негiзi,  өңдеу,  басқару  және  оқу  он-лайн  материалдарын 

тарату  үшiн  қолданылатын  бiрлескен  рұқсатпен  қамтамасыз  етілетін  жүйе. 

Жүйенің  негізгі  бағыты  оқыту  ортасында  тапсырмалар  мен  үйрету 

материалдарын  кез  келген  педагог  жасай  алатындығымен  сипатталады. 

Жүйенiң  құрамына  әр  түрлi  жеке  тапсырмалар,  аз  топтың  жобалары  және 

барлық  мектеп  оқушылары  үшiн  мазмұндық  компонентке  негiзделген 

элементтері мен коммуникативтік оқу құралдар енеді.  

 

 



Контентті басқару жүйесі (Content Management Systems – CMS)  

Контенттi  басқару  жүйесінде  электрондық  оқу  материалдарын 

орналастыруды  әр  түрлi  форматта  және  оған  манипуляция  жасау  мүмкiндiгiн 

ұсынады. Әдетте мұндай жүйе деректер қорларының интерфейсін қосады, бiлiм 

беру контентін жинау мен кілт сөздерін iздестiру мүмкiндiгінен тұрады.  

Контенттi басқару жүйесінің тиімділігі, онда педагогтардың едәуір құрамы 

курстарды  құрумен  жұмыс  жасағанда,  оқу  материалының  бір  бөлiгін  бірнеше 

рет әр түрлі курстарда қолдана алады.  



Электрондық оқытуды ұйымдастыру жүйесінің талаптары:  

 



функционалдық  жүйеде  әр  түрлi  деңгейдегі  қызметтер  жиынтығын, 

атап айтқанда, форумдар, чаттар, оқушының белсендi түрде талдауы, курстарды 

басқару және т.б. әрекеттерді белгiлейді;  

 



сенiмдiлiк  базадағы  шаблондарды  жаңартудың  оңтайлығын  және 

әкiмшілікке  ыңғайлылығын  сипаттайды.  Оны  қолдану  тиiмдi  және  де 

қолданушылардың  қатынастарына  ықпал  ететін  сыртқы  әсерлерден  қорғау 

және оны басқару ыңғайлы;  

 

тұрақтылық белсендi қолданушылардың жұмыс жасау деңгейі және 



әр түрлi жұмыс тәртiптерiне қарағанда жүйе жұмысының орнықтылығы;  

 



құнкурстарды жасау және пайдалану, оны енгізудің шығыны, жүйенiң 

құнын шығарады;  

 

контенттi  жасау  құралының  бар  болуы  кiрiктiрiлген  редактор  оқу 



контентіндегі  курстарды  жасауды  жеңілдетіп  қана  қоймай,  сонымен  бірге  әр 

түрлi  мақсаттағы  білім  материалдары  ұсынылған  бiрыңғай  сабақтастыруға 

мүмкiндiк бередi;  

 



SCORM 

қолдауы  –  яғни,  халықаралық  негiздегі  SCORM  стандарты 

электрондық  курстардың  бір-бірінен  айырмашылығын  және  жүйеде  оның 

қолдауының  болмауы  мобилдiлiкті  төмендетедi  және  алып  жүруге  болатын 

курстарды құруға мүмкiндiк бермейдi;  

 

бiлiмдi  тексеру  жүйесі  он-лайн  режимінде  оқушының  білімін 



бағалауға мүмкiндiк бередi. Әдетте мұндай жүйеге тесттер, форумдағы белсендi 

оқушының білімін бақылау және тапсырмалар енеді;  

 

қолдануға  ыңғайлы  –  бұл  маңызды  параметр,  үздік  оқушылар 



навигацияның  жанында  ерекше  болып  көрiнетiн  технологияны  ешқашанда 

пайдаланбайды.  

Оқыту  технологиясы  интуитивті  түрде  түсiнiктi  болуы  керек.  Оқу 

курсында  көмекші  мәзiрді  оңай  табуы,  бiр  бөлiмнен  келесі  бөлiмге  және 

нұсқаушымен қатынасуға оңай өтуі керек:  

 



модульдігі қазiргi электрондық оқыту (ЭО) жүйелерiнде курстар бірге 

басқа  да  курстарда  қолданылатын  микромодульдер  жиынтығын  немесе  оқу 

материалының блоктарын ұсынады;  

 



рұқсатпен қамтамасыз ету – оқушының оқу бағдарламасына рұқсат 

алуына  кедергілер,  оларды  уақытында  және  кеңiстiкте  орналастыру,  сонымен 

бiрге  мүмкiн  болатын  факторлар,  оқушының  шектеулі  мүмкіндігі  (дене 

мүшелерінің шектеулі қызметтері, нашар көру) болмауы керек.  

10 


«Электрондық  мұғалiм  бөлмесі»  енгiзу  келесi  міндеттерді  шешуге 

мүмкiндiк бередi:  



1. 

Мектептің бiрыңғай деректер қорын жасау  

Жалпы  мектеп  серверінде  сынып  оқушыларының  тізімі  және  топтар, 

мұғалімдердің  тізімі,  сабақ  кестесі,  тақырыптық  жоспарлардың  мәлiметтерi, 

оқушылардың  ата-аналарының  тізімі  немесе  оларды  алмастыратын  тұлғалар 

туралы,  байланыс  мәлiметтері  және  электрондық  мекен-жайлары,  яғни 

мектептің  бiрыңғай  деректер  қоры  жасалады.  Оның  негiзiнде  барлық 

оқытушыларда  әрбiр  пән  бойынша  оқу  бiрлiктерi  (сыныптар  және  топтар) 

автоматты түрде барлық журнал беттерi жасалады.  




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал