Метафораларды когнитивтік талдау (ғылыми жоба) соөЖ 1 Орындағандар



жүктеу 176.2 Kb.
бет1/4
Дата04.11.2022
өлшемі176.2 Kb.
#23345
  1   2   3   4
Концептуалды метафораларды талдау 2 курс ҚТӘ

Метафораларды когнитивтік талдау
(ғылыми жоба)
СОӨЖ 1
Орындағандар: Сансызбай Қ.Е Тагаева А.А.
Тұрсымбаева Б.Ж Чупан Н.У
Тексерген: Хунанбай А.
Пән: Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы
Жоспар:
Кіріспе
1 Метафораның тіл біліміндегі зерттелуі
1.1 Метафора туралы түсінік және оның танымдық ерекшеліктері
1.2 Метафораның ғылыми айналымға енуі мен зерттелуі
2 Концептуалды метафоралардың ерекшеліктері
2.1 Концептуалды метафора және оның зерттелуі
2.2 Концептуалды метафоралардың мағыналық топтары және танымдық, ұлттық ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеудің өзектілігі
Метафораларды когнитивті талдау немесе метафораны концептуалды түрде талдау – когнитивті линвистиканың өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі кезде ұлттық тіл білімінде метафораның табиғатын кеңінен ашатын, оны тек лингвистикалық аспектіде ғана емес, адамның ойлауы мен танымына қатысты философия, психология, логика, т.б. сынды ғылымдармен байланыстырып, жан-жақты қарастыратын, қазақ тіліндегі метафора құбылысының жаңаша теориясын қалыптастырған толыққанды зерттеу еңбегінің жоқ екені және бұл мәселенің ғалымдар тарапынан аздау зерттелгені бұл тақырыпты зерттеп-зерделеудің өзектілігін танытады.
Бұл зерттеу жобасы осы мәселеге шолу жасауды мақсат етеді.
Зерттеудің мақсаты
метафора құбылысының, соның ішінде концептуалды метафоралардың ерекшеліктері мен зерттелуіне шолу жасау және көркем әдебиет негізінде талдаулар жасау арқылы когнитивті метафораларды зерттеп, зерделеу.
Зерттеудің міндеттері:
  • метафора туралы түсінік пен оның танымдық ерекшеліктері турасындағы анықтамаларға тоқталу;
  • метафоралардың зерттелуіне шолу жасау;
  • концептуалды метафоралдың ерекшеліктерін ғалымдар еңбегіне сүйене отырып талдау;
  • концептуалды метафоралардың мағыналық топтарын ажырату;
  • концептуалды метафоралардың әлемнің тілдік бейнесін тану мен ұлттық таным мәселесіндегі рөлін бағамдау.


жүктеу 176.2 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет