Мәшімбаев С. М. Еуропа және америка



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/11
Дата10.02.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
 
 
 
 
 
 
Мәшімбаев С. М. 
 
 
 
 
 
 
 
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА  
ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ 
(1918–1945 жж.) 
 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 
2007 


 
ББК 63.(4)+63.3(7)я73 
М 34 
 
Пiкiр жазғандар: 
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Көкебаева Г.К. 
Тарих  ғылымдарының кандидаты, доцент 
Мақашева К.Н. 
 
 
М 34  Мәшiмбаев С.М. 
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1917-
1945ж.ж): Оқулық.– Алматы: Нұр-пресс, 2007.– 194 бет. 
 
ISBN 9965-12-997-5 
 
Еуропа  және  Америка  елдерiнiң  қазiргi  заман  тарихы – бiрiншi 
кезеңiне  арналған  оқулықта  соңғы  жылдарда  жарық  көрген  зерттеу-
лерге  сүйене  отырып,  ХХ  ғасырдың  бiрiншi  жартысындағы  болған 
тарихи  процесстердегi  экономикалық-әлеуметтiк  және  саяси  өзге-
рiстерге  тоқталады.  Жеке  капиталистiк  елдердiң  тарихына  талдау  жа-
салып,  капитализмнiң  дамуындағы  өзгерiстерге  тоқталды. 1917-1945 
жылдардағы  КСРО-дағы  социализмнiң  орнауы  және  оның  даму 
ерекшелiктерi  мен 1937-1938 жылдардағы  Сталиннiң  қуғын-сүргiн 
саясатындағы  шындық  айтылады.  Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  қарса-
ңындағы  халықаралық  қатынастардағы  өзгерiстер,  екiншi  дүниежүзi-
лiк  соғыстың басталуы, 1939 жылғы  кеңес-герман  келiсiмi,  Еуропаны 
бөлiсу  саясаты. µлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  КСРО  халықта-
рының ерлiк күресi, соғыстың аяқталуы мен қорытындысы. Автордың 
жаңа көзқарастары өзiнiң жеке ойы екенiн ескертедi. 
Оқулық мұғалiмдерге, тарих факультеттерiнiң студенттерiне және 
жалпы тарих мамандарына арналған.    
 
 
ББК 63.3(4)+63.3(7)я73 
© Мәшімбаев С. М., 2007. 
© Нұр-пресс, 2007. 
ISBN 9965-12-997-5 
 


 
КIРIСПЕ 
 
Еуропа  және  Америка  елдерiнiң  қазiргi  заман  тарихы  оқу 
құралы  автордың  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  универ-
ситетiнiң  тарих  факультетiнде  көп  жылдық  дәрiс  оқуының 
нәтижесiнде жазылды. 
Еуропа  және  Америка  елдерiнiң  қазiргi  заман  тарихының 
бiрiншi кезеңi 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең 
ХХ ғасырдың бас кезiндегi капиталистiк қоғамның негiзгi өзектi 
мәселелерiн  қарастырады. Қазiргi заман кезеңiндегi iргелi өзге-
рiстердiң  мазмұнына,  оның  iшiнде  экономикалық-әлеуметтiк 
және  саяси  дамуға  тоқталады.  Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан 
кейiнгi  халықаралық  қатынастардың,  Германиядағы  қараша 
революциясы  мен  Ресейдегi 1917 жылғы  қазан  төңкерiсiнiң 
дүниежүзiлiк  әлемге  тигiзген  әсерi  және  жаңа  қоғамдық-саяси 
дамулары  қарастырылады. 1918 жылғы  капитализмнiң  тұрақ-
тануы, экономикалық дағдарыс жылдарындағы iрi капиталистiк 
елдердегi  экономикалық-әлеуметтiк  өзгерiстер  анықталады. 
Қазiргi заман кезеңiндегi басты оқиғалар – капитализмнiң мем-
лекеттiк  реттеу  механизмi,  АҚШ-тағы  «жаңа  бағыт»  саясаты, 
Италиядағы  корпоративтiк-мемлекеттiк  жүйе  дәрiс  барысында 
кең  қамтылады.  Франция  мен  Испания  тарихындағы  халық 
майдан  кезеңi,  Орталық  және  Оңтүстiк  Шығыс  Еуропа  елде-
рiндегi  жаңа  тәуелсiз  мемлекеттердiң  құрылуы,  буржуазиялық 
саяси партиялардың саясаты көрсетiледi. 
Еуропа  және  Америка  елдерiнiң  қазiргi  заман  тарихының 
бiрiншi  кезеңiне  арналған  бұл  оқу  құралында  соңғы  жылдарда 
жарық  көрген  зерттеулерге  сүйене  отырып,  жалпы  тарихтың 
өзектi  мәселелерiне  көңiл  аударылды.  Автор  ХХ  ғасырдың 
бiрiншi  жартысында  болған  тарихи  процестердегi  экономика-
лық-әлеуметтiк  және  саяси  өзгерiстерге  тоқталады.  Оқу  құра-
лында 1918-1945 жылдар  аралығындағы  революциялық  өрлеу 
кезеңi, 1918 жылғы  Германиядағы  қараша  революциясы,  оның 
сипаты,  екi  соғыс  аралығындағы  халықаралық  қатынас,  КСРО-
ның  сыртқы  саясатының  принциптерi,  халықаралық  қатынас-
тардың  жаңа  стратегиясы  мен  тактикасындағы  өзгерiстер,  ХХ 
ғасырдың 30-жылдарындағы  капиталистiк  қоғамдағы  дағдарыс, 
оның  шығу  себептерi,  буржуазиялық  реформа,  мемлекеттiк 


 
реттеу,  жаңа  даму  моделi,  мемлекеттiк-монополиялық  капита-
лизмнiң  жаңа  даму  үлгiсi  фашистiк  Италия  мен  Германиядағы 
корпоративтiк-монополияның  дамуы,  АҚШ-тағы  Ф.Рузвельттiң 
«жаңа  бағыт»  саясаты  қарастырылды.  Франциядағы  халық 
майдан  кезеңi,  фашизмге  қарсы  күрестегi  жаңа  бағыт,  бiртұтас 
антифашистiк  майдан  құру  мәселелерi  соңғы  жылдардағы 
тарихнамадағы жаңа көзқарастар негiзiнде жазылды. 
Еуропа  және  Америка  елдерiнiң  қазiргi  заман  тарихының 
бiрiншi кезеңiндегi iрi оқиғалардың бiрi - 1917 жылғы Ресейдегi 
Қазан  төңкерiсiнен  кейiнгi  Кеңестiк  Ресейдiң  тарихы  тұңғыш 
рет  енгiзiлiп отыр. 
ХХ  ғасырдың 20-30 жылдары  КСРО  халықтарының  тари-
хында елеулi оқиғаларға толы болды. Осыған орай, автор Қазан 
төңкерiсiнен кейiнгi социализм құру жолындағы күрес, В.И.Ле-
ниннiң  социализм  құрудағы  жоспары,  жаңа  экономикалық 
саясат,  өкiметтiк  билiк  үшiн  болған  тап  күресiнiң  тарихи  про-
цесс ретіндегі мазмұны  мен мәнiне  тоқталады. КСРО-дағы  аза-
мат  соғысы,  социализмнiң  негiзiн  қалау  жолындағы  БКП(б) 
күресi  мен  басшылығы  атап  көрсетіледі.  КСРО-ның  құрылуы, 
бiрiншi  және  екiншi  бесжылдықтардың  қорытындылары  жаңа 
тарихи көзқараста айтылады. 
КСРО  тарихындағы 1937-1938 жылдардағы  қуғын-сүргiн 
саясаты,  И.В.Сталиннiң  жеке  саяси  көзқарасы  мен  оның  сая-
сатына  деген  жаңа  көзқарастарға  соңғы  жылдардағы  жасырын 
болып  келген  мұрағат  құжаттарына  және  зерттеулерге  сүйене 
отырып баға берiлдi. 
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қаты-
настағы  болған  өзгерiстер,  жаңа  соғыс  қаупi,  фашизмнiң  кең 
түрде  таралуы,  КСРО  үкiметiнiң  сыртқы  саясатындағы  ұжым-
дық  қауiпсiздiк  принципi  реакция  мен  фашистiк  топтардың 
уақытша  болса  да  бәсеңдеуіне  әкелдi. 1939 жылдардағы  саяси 
дағдарыс, Мюнхен келiсiмi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың баст-
алуы, соғыстың мәнi мен қорытындысы жаңа тарихи көзқараста 
жазылды. 
Сонымен  қатар,  КСРО  халықтарының  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарындағы  фашистiк  Германия  мен  Жапонияны  талқан-
даудағы рөлi, екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуы, соғыстан 
кейiн дүниежүзiлiк қайта құрулар айтылды. 


 
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихы (1918-
1945 жж.) тұңғыш рет қазақ тiлiнде  жазылып отыр. Сондықтан 
ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазiргi заман тарихындағы 
болған  тарихи  процестерге  жазылған  ой  мен  көзқарастар 
автордың  жеке  ойы деп  түсiну  керек. Автор  өз  ойын  түпкiлiктi 
деп  ойламайды,  басқа  зерттеушiлер  мен  мамандар  осы  оқу 
құралындағы    көзқарастарға  өз  ойлары  мен  пiкiрлерiн  қосып 
жатса,  қазiргi  заман  тарихының  өзектi  мәселелерiн  шешуге  зор 
үлес қосылған болар едi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
I-тарау. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН  
КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС 
(1918-1924 жж.) 
 
§ 1. Париж конференциясы. Версаль-Вашингтон жүйесі 
Соғыстың  қортындысы. 1918 жылы 11 қарашада      Фран-
циядағы  Компьен  орманында  Антанта  мемлекеттерiнiң  талабы-
мен  Германия  жеңiлгендiгiн  мойындап,  бiтiмге  қол  қоюға 
келiстi. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 
1919  жылы 18 қаңтарда  соғыстың  қорытындысы  шығары-
лып,  жеңген  елдер  мен  Германия  және  оның  одақтастары  ара-
сында келiсiмге келу үшiн Париж қаласында халықаралық кон-
ференция  өз  жұмысын  бастады.  Конференцияға 27 елден  деле-
гаттар  қатысты.  Францияның  премьер-министрi  Жорж  Клеман-
со,  ағылшын  премьер-министрi  Дэвид  Ллойд-Джордж  және 
АҚШ президентi Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады. 
Париж  конференциясының  алдында  соғыстан  кейiнгi  ха-
лықаралық  қатынастағы,  әлемдегi  өзгерiстердi  ескере  отырып, 
дүниенi қайта құру мәселесі тұрды: 
–  халықаралық  қатынастағы  өзгерiстердi  ескере  отырып, 
жаңа принциптердi қалыптастыру; 
– iрi  капиталистiк  елдер  арасындағы  дүниежүзiлiк  ықпалды 
реттеу; 
– Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу. 
Ірi  державалық  елдер  бұл  мәселелерді  Париж  конференция-
сында  өз  мүдделерiне  ыңғайлы  шешу  үшiн  күрес  жүргiздi. 
АҚШ-тың  конференциядағы  негiзгi  мақсаты - дүниежүзiлiк 
әлемде  өзiнiң  үстемдiгiн  қалыптастыру  болды.  Бiрақ  бұған 
Париж  конференциясында  Франция  мен  Англия  басшылары 
қарсылық  жасады.  АҚШ-тың    мұндай  саясат  жүргiзуiне  оның 
бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiнгi  экономикалық  дамуы 
негiз  болды.  Соғыстан  кейiн  Франция  мен  Англияның 
экономикасы  күйзелiске  ұшырап,  экономикалық  даму  жағынан 
АҚШ-тан  артта  қалды.  Соғыстың  ауыртпалығын  Франция  мен 
Англия  көтердi.  АҚШ  соғысқа  тек 1918 жылы  ғана  кiрiстi. 
Соғыста  АҚШ-тың 50 мың  адамы  өлiп, 230 мың  адам  жара-
ланған.  Соғыс  жылдарында  АҚШ  соғыс  өнеркәсiбi 335 млрд. 
доллар  таза  пайда  келтiрдi. 1919 жылы  АҚШ  дүние  жүзiнде 

көмiрдiң 50% өндiрдi;  шойын  мен  болаттың 
5
3
;  мұнайдың 
3
2
;  
автомобильдiң 85% шығарды. 
Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiн  АҚШ  дүниежүзiнде 
қаржы  саласында  толық  үстемдiк  алды.  Шетелдердегі 
инвестициясы  өсіп,  Канада  мен  Латын  Америка  елдерiнде 7 
млрд. Доллар, Еуропа елдерiнде 18 млрд. долларға жеттi. АҚШ 
президентi В. Вильсон: «Дүниежүзiне кiм көп ақша берсе, сол ел 
әлемде  билiк  жүргiзуi  қажет» – деген  болатын.  Сөйтiп,  АҚШ 
дүниежүзiлiк үстемдiк жасау үшiн күрес жүргiздi. Бұл саясатты 
iс жүзiне асыру үшiн АҚШ президентi Париж конференциясына 
«14  пункттен»  тұратын  бағдарламасын  әкелдi.  Бағдарламаның 
мазмұны төмендегiдей болды: 
– Антанта елдерiнiң арасындағы жасырын келiсiмдерден бас 
тарту; 
– дүниежүзiлiк мұхиттар мен теңiздерде еркiн жүзу; 
–  барлық  кедендiк  кедергiлердi  жойып,  халықаралық  «ашық 
есiк» және «ашық қол» принципiн сақтау; 
– отар елдердiң мәселесiн әдiлеттi шешу; 
– қару-жарақты қысқарту; 
–  Германиямен  және  оның  одақтастарымен  әдiлеттi 
келiсiмдер жүргiзу; 
– дүниежүзiлiк дау-жанжал мәселелердi бейбiт жолмен шешу 
үшiн халықаралық ұйым – Ұлттар Лигасын құру. 
Париж  конференциясында  АҚШ  Президентi  В.Вильсонның 
бейбiтшілік  сүйгiш  саясатты  бiлдiрген «14 пункттен» құрылған 
бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты. 
«14  пункттен»  тұратын  бағдарламаның  мазмұнынан  АҚШ-
тың  экспанциялық  саясаты  анық  көрiндi.  Бұл  бағдарламадағы 
АҚШ  саясатының  мәнi  дүниежүзiлiк  әлемде  үстемдiк  жүргiзу 
екенін  түсiнiп,  Франция  мен  Англия  Париж  конференциясында 
АҚШ  саясатын  әшкерелеп,  Вильсонның  бағдарламасын  қабыл-
дамады.  Бiрақ  оның  Ұлттар  Лигасын  құру  бағдарламасын  Кле-
мансо  мен  Ллойд-Джордж  қолдап,  халықаралық  қатынастағы 
дау-жанжал  мәселелердi  шешуде  айтарлықтай  рөл  атқаратын 
ұйым құруға келiстi.  
Версаль  келiсiмi.  Соғыстың  қорытындысын  баянды  ету 
үшiн  жеңген  елдер  Париж  конференциясында  Германия  және 

 

оның одақтастарымен келiссөздер жүргiзуге кiрiстi. Париж қала-
сындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер 
арасында келiссөздер басталды. 
Бұл  келiссөздер  барысында  Германияның  жер  мәселесi 
қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Герма-
нияға берiлген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. 
Саар  облысы 15 жылға  Ұлттар  Лигасының  қарауына  берiлдi. 
Польшаның  батыс  жерi  Померания  мен  Познань  қайтарылды. 
Данциг  (Гданьск)  қаласы  ерiктi  қала  ретiнде  Ұлттар  Лигасына 
басқаруға  берiлдi.  Бельгия  Эйпен  және  Мальмеди  аудандарын 
қайтарып  алды.  Данияға  Шлезвиг  қайтарылды.  Версаль  бiтiмi 
бойынша Германия жерінің 
8
1
 бөлiгiнен айырылды. 
Екiншiден,  Рейн  өзенiнiң  сол  жақ  жағалауы  түгелдей 15 
жылға одақтастар әскерлерiнiң бақылауына өттi. Германия Рейн 
өзенi  бойынан  өз  әскерлерiн  әкетуге  келiстi.  Германияға 100 
мың  әскер  ұстауға  рұқсат  берiлдi.  Германия  өзiнiң  соғыс-теңiз 
флотынан айырылды. 
Үшiншiден,  Версаль  келiсiмінде  Германияның  соғыс 
шығындарын  өтеу  (репарация)  мәселесi  қаралды.  Бұл  мәселенi 
шешу  үшiн  репарациялық  комиссия  құрылып, 1921 жылы 
аталмыш    комиссияның  шешiмiмен  Германия 226 млрд  марка 
төлеу  керек  болды. 1921 жылы  мамыр  айында  Германия 132 
млрд.  марка  төлейтiн  болып  келiстi.  Репарациялық  төлемнiң 
52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия – 10%, Бельгия – 8%-
ын алатын болды. 
Төртiншiден,  Германияның  отарлары  туралы  мәселе  қарал-
ды.  Африкадағы  Германияның  отарлары  Танганьика,  Тогоның 
батысы және Камерунның бiр бөлiгi Англияға берiлдi. Намибия 
–  Британияның  доминионы  Оңтүстiк-Африка  Одағына  өттi. 
Тогоның  шығыс  бөлiгi,  Камерунның  көп  бөлiгi  және  Руанди, 
Берунди  Францияға  берiлдi.  Германияның  Тынық  мұхиттағы 
отарлары  Жапония  мен  Англияға  өттi.  Мариан,  Каролин  және 
Маршалл  аралдары  Жапонияға  берiлдi.  Қытайдағы  Шаньдун 
түбегi Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға 
Жаңа Гвинейдiң шығыс бөлiгi, архипелаг Самоа берiлдi. 
1919-1920  жылдардағы  Германия  және  оның  одақтастары-
мен  болған  келiссөздер  Еуропа  мен  Азия  картасына  көптеген 
өзгерiстер әкелдi. 

 


 
Бiрiншiден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. 
Париж  конференциясында  Антанта  елдерi  тәуелсiздiк  алған 
Чехословакия,  Польша,  СХС  (Серб,  Хорват  және  Словен) 
корольдiгiн  мойындады.  Жер  өзгерiстерiн  бекiттi.  Истрия 
түбегінде  Триест  қаласы,  Оңтүстiк  Тироль  Италияға  берiлдi. 
Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания 
және Буковина Румынияға тиiстi болды. 
Екiншiден, 1919 жылы  қарашаның 27 күнi  Болгария  мен 
жеңген  елдер  арасында  Нейя  келiсiмi  болды.  Батыс  Франция 
Грецияға берiлiп, Эгей теңiзiне Болгария шыға алмайтын болды. 
2566  кв.  км  жер  Югославия  (СХС)  корольдiгiне  қайтарылды. 
Болгария 2 млрд. 250 млн.  марка  репарация  төлейтiн  болды. 
1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келiсiмге 
қол  қойылды. 84 мың  км
2
  жерi 6,7 млн  халқымен  Австрия 
Республикасы  құрылды.  Келiсiм  бойынша  Австрияның  Герма-
нияға  және  басқа  елге  бiрiгуіне  тыйым  салынды. 1919 жылы 
наурыз  айында  Венгрия  мен  Трианон  келiсiмi  жасалды.  Бұл 
келiсiм  бойынша  Венгрия  Австрияны  мойындады.  Румынияға 
Трансильвания  мен  Баната  берiлдi.  Хорватия – Югославияға, 
Словакия  және  Закарпат  Украинасы – Чехословакияға  берiлдi. 
1920  жылы 10 тамызда  Севр  қаласында  Түрiк  мемлекетiмен 
келiсiмге қол қойылды. Түрiк Республикасының жерi Кiшi Азия 
бөлiгi  мен  Стамбул  қаласы  және  Фосфор  бұғазымен  шектелдi. 
Измир  қаласы  Грецияға  өттi.  Шығыс  Араб  елдерiндегi  Па-
лестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан 
Францияға берiлдi. Батыс Армения жерi түрiктердiң мандаттық 
билiгiнде  қалды.  Күрдістан – түрiктерге  берiлдi.  Фосфор  мен 
Дарданелл  ұлы  державалардың  халықаралық  комиссиясының 
бақылауында қалды.  
Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  кейiнгi  Версаль  және  басқа 
бiтiмдер  жүйесi  халықаралық  қатынастағы  жаңа  саясат - 
 
империалистiк  елдер  арасындағы  қатынастардың  жаңа  бағытта 
дамуына әкелдi. Жаңа халықаралық жүйенiң ерекшелiктерi: 
1.  Империалистiк  елдер  арасындағы  қайшылықтарды  келiс-
сөздер арқылы шешуге келiстi;  
2. Қару-жарақты қысқарту; 
3. Халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасы құрылды; 

10 
 
4. Версаль бiтiмi империалистiк елдердiң агрессиялық саяса-
тын тежедi;  
5.  Кеңестiк  Ресейге  қарсы  «Санитарлық  кардон»  саясатын 
ұстады. 
6. Батыс Еуропа елдерi ХХ ғасырдың 20-жылдарында Кеңес 
Одағын елшiлiк негiзде мойындауға мәжбүр болды;  
7.  Халықаралық  қатынаста  жаңа  Кеңес  Одағының  сыртқы 
саясаты  қалыптасып,  жаңа  халықаралық  қатынасқа  өзгерiстер 
әкелдi.  
Версаль  келiсiмiнiң  барысында  АҚШ  үкiметiнiң  саясаты 
жеңiлiс тапты, бiрақ АҚШ өзiнiң дүниежүзiн билеу саясатынан 
бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.  
 
§ 2. Вашингтон конференциясы 
 
ХХ ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бiтiмiнiң қайта 
қаралуын  талап  ете  бастады.  АҚШ-тың  ойы  Париж  конферен-
циясында  сыртқы  саясаттың  жеңiлiс  табуы,  жаңадан  Батыс 
Еуропа  елдерiн  өзiнiң  билеу  саясатын  жүзеге  асыруға  көндiру 
болды.  
АҚШ  үкiметiнiң  тiкелей  ұсынысымен 1921 жылы 12 қара-
шада  бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыстың  аяқталуының  үш  жылды-
ғына  орай  Вашингтон  конференциясы  ашылды.  Конференция 
жұмысына  тоғыз  ел – АҚШ,  Англия,  Франция,  Жапония,  Ита-
лия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай 
қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген  АҚШ президентi 
Гардинг  салтанатты  түрде: «Бiз  дүниежүзiнде  бейбiтшiлiк  пен 
тұрақтылықты  орнату  үшiн  бас  қосып  отырмыз» – дедi.  Аме-
рика  Құрама  Штаттарының  конференциядағы  ұсыныстары  мен 
мақсаты қандай болды?  
Бiрiншiден,  Қытайдағы  Жапонияның  ықпалын  әлсiрету; 
екiншiден,  Англияның  әлемдiк  мұхиттар  мен  теңiздердегi  үс-
темдiгiн  әлсiрету;  үшiншiден,  Тынық  мұхит  аралдарында  ман-
даттық  статускво  құқықтарының  сақталуын  бақылау.  Вашинг-
тон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон 
конференциясының  барысында  АҚШ  өзiнiң  дүние  жүзiндегі 
қаржылық үстемдiгiн пайдаланып, өзiнiң негiзгi қарсыластарын 
көндiрді  де,  дүниежүзiлiк  билеу  саясатын  жүргiзуге  жол  ашты. 

11 
 
Бiрiншiден, 1922 жылдың 6 ақпанында  «тоғыз  держава  келi-
сiмiне»  қол  қойылды.  Мұнда  Қытай  елiнiң  егемендiгi  мен  жер 
тұтастығы  екі  жүзділікпен  жарияланып, «ашық  есiк»  және 
«тепе-тең қатынас» принципi ұсынылды.  
АҚШ-тың  «ашық  есiк»  саясаты 1899 жылы  жарияланған 
болатын,  ол  Вашингтон  конференциясында 1922 жылы  жүзеге 
асты.  Бұл  саясаттың  негiзгi  мақсаты - Қытайдағы  Жапонияның 
ықпалын  әлсiрету  едi.  Сөйтiп, «тоғыздық  келiсiм»  барысында 
Жапония  Қытай  экономикасына  салып  отырған  заем  және 
несиеден,  сондай-ақ  Маньжуриядағы  салып  жатқан  темiр  жол 
құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшiлерiн кейiн шақы-
рып  алды.  Сонымен  қатар,  Шаньдун  түбегiн  де  Қытайға  қай-
тарды. Сөйтiп, Жапония Қытайдағы беделiнен айырылды.   
Екiншiден, конференцияда «бес ел келiсiмiне» қол қойылды. 
Соғыс-теңiз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша 
сөз  сөйлеген  АҚШ-тың  мемлекеттiк  хатшысы  Чарльз  Эванс 
Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы  линкор 
соғыс  кемелерiн  жасауды  тоқтата  тұру;  ескi  соғыс  кемелерiн 
жою;  ұлы  держава  елдері  арасындағы  соғыс-теңiз  кемелерiнiң 
арақатынасын  реттеу.  АҚШ-тың  негiзгi  ойы  жаңадан  соғыс-
теңiз кемелерiн жасап, Англияның әлемдiк сулардағы үстемдiгiн 
әлсiрету болатын. Конференциядағы «бес ел келiсiмiне» сәйкес 
елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келiсiмге 
–  АҚШ,  Англия,  Жапония,  Франция  және  Италия  қол  қойды. 
Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ – 5, Англия – 5, Жапония – 
3,  Франция – 1,75, Италия – 1,75 болып  пропорциялық  түрде 
белгiлендi. 575 мың  т.  линкор  жасау – АҚШ  және  Англия 
үлесіне, 315 мың  т.  линкор  жасау  Жапонияға  және 175 мың 
тоннадан  Франция  мен  Италияның  үлесіне  тиді.  әрбiр  линкор 
салмағы 35 мың тоннадан артпау керек. Сонда АҚШ пен Англия  
15 линкор жасай алады.  
Үшiншiден,  Вашингтон  конференциясында  АҚШ,  Англия, 
Жапония  және  Франция  «төрт  елдiк  келiсiмге»  қол  қойды.  Бұл 
келiсiмде  «Тынық  мұхит  аралдарын  пайдалану  құқықтарын 
реттеу»  сөз  болды.  АҚШ-тың  мақсаты - Тынық  мұхит  арал-
дарындағы  Жапонияның  беделiн  әлсiрету  және 1902 жылғы 
ағылшын-жапон  келiсiмiнiң  күшiн  жою  болды.  Жапония 
делегациясы бұл келiсiмнiң жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын 

12 
 
уәкiлi: «Сiздер  қорықпаңыздар,  бір  келiсiмнiң  орнына  төрт 
келiсiм  қабылданды» - деп  жапондықтарды  тыныштандыруға 
тырысты. Жапон делегациясының уәкiлi: «Сiздер бәрiбiр бiздiң 
келiсiмдi жерге көмдiңіздер» - деген жауап қайтарды. 
Сонымен 1921-1922 жылдардағы  Вашингтон  конференция-
сы  Америка  Құрама  Штаттарының  ең  iрi  жеңiсi  болды.  Олар 
Париж конференциясындағы жеңiлiстiң есесiн қайтарды. АҚШ-
тың  дүниежүзiн билеу  және ұлы державалық  саясаты  асықпай 
iс  жүзiне  аса  бастады.  Бiрақ,  Версаль-Вашингтон  келiсiмдер 
жүйесi  империалистiк  елдер  арасындағы  қайшылықтарды  жоя 
алмады.  КСРО  үкiметiнiң  сыртқы  саясатының  қалыптасып, 
нығая  түсуіне  байланысты  АҚШ  көп  жылдар  бойына  өзiнiң 
билеу  саясатын  еркiн  жүргiзе  алған  жоқ.  Версаль-Вашингтон 
жүйесi,  ұлы  держава  елдерінiң  арасындағы  қайшылықтар, 
фашизм  және  агрессиялық  елдер  саясаты  екiншi  дүниежүзiлiк 
соғысқа әкелдi.  
 
 
II-тарау.  БАТЫС ЕУРОПА, АҚШ ЖӘНЕ КСРО  
ЕЛДЕРІ (1918-1939 жж.) 
 
§ 1. Германия 
 
1918  жылғы  қараша  революциясы  қарсаңындағы  саяси 
ахуал.  Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  Германияның  қоғамдық-
саяси  құрылымын  дағдарысқа  әкелдi.  Германияның  соғыс 
жылдарындағы  экономикасы,  соғыстың  ауыртпалығы  еңбекшi 
халықтың  тұрмыс  жағдайын  нашарлатып  жіберді.  Жұмыс-
шылар,  соғыстағы  солдаттар  мен  матростар  Германия  монар-
хиясынан  соғысты  тоқтатуды  талап  еттi.  Буржуазиялық  топтар 
Германиядағы  монархиялық  билiкке  қарсы  күреске  шыға 
отырып, халық күресiн қолдап, монархияны құлатуды талап ете 
бастады. Германияда революциялық ахуал пiсiп-жетiлдi. Монар-
хияның  елдегi  саяси  билiгi  әлсiреп,  халықтың  алдында  беделi 
түстi.  Соғысты  бастаған  iрi  буржуазия  мен  монархия  әскерлерi 
соғыс  майданында  бiрiнен  соң  бiрi  жеңiлiске  ұшырады. 1915-
1917  жылдағы  соғыс  майданындағы  жағдайдың  қиындауы 
солдаттар  мен  матростар  арасындағы  революциялық  жағдайды 

13 
 
шиеленістіре  түсті.  Қарапайым  халық  соғыстан  қалжырап 
шаршады.  Елде  монархияға  қарсы  ереуiлдiк  қозғалыс  кең  етек 
алды. 1916 жылы 240 ереуiл болса, 1917 жылы – 562, 1918 жылы 
– 773 ереуiлдiк  қозғалыс  болды.  Мұндай  қозғалыстар  Герма-
нияның iрi қалаларын түгел қамтыды. 
1917  жылы 25 қазан  айында  Ресейдің  Петроград  қаласында 
большевиктер  партиясының  қарулы  көтерілісі  жеңіске  жетті. 
Ресейде  социалистiк  қоғам  құру  үшiн  большевиктер  партия-
сының  көсемі  В.И.Лениннiң  айтуымен, «социалистiк  револю-
ция»  жүзеге  асып,  пролетариат  диктатурасы,  оның  формасы 
жұмысшы  және  солдаттар  депутаттарының  кеңесi  жеңiске 
жеттi. Ресейде үкiмет билiгi большевиктер партиясының қолына 
көштi  де,  жаңадан    Кеңес  үкiметi  құрылды.  Оның  алғашқы 
шаралары: 1917 жылғы 26 қазан  айында  Бүкiлресейлiк  кеңес 
съезiнде екi құжат - «Бiтiм» туралы және «Жер» туралы декрет-
тер  жарияланды.  Бұл  құжат  бойынша  Ресей  соғыстан  шығып, 
шаруаларға  жер  бере  бастады.  Жұмысшылар  өз  өнеркәсiптерiн 
қолдарына  алып,  оның  қожайынына  айналды.  Соғыстан  шар-
шап,  қалжыраған  солдаттар  елге  қайта  бастады.  Кеңес  өкiме-
тiнiң  бұл  жүргiзген  шаралары  тез  арада  бүкiл  әлемге  тарап, 
Еуропа  елдерiнде  Кеңестiк  Ресейдегiдей  билiк  орнату  мақса-
тында революциялық күштер жаңа күреске шақырып, елдерiнiң 
басқарушы  топтарына  қарсы  шықты.  Бұл  оқиға  Германия 
еңбекшiлерiне қатты әсер еттi. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал