Мәселелері тақырыбына арналған 23-пленарлы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Осы жиында бас қосқан шетел бизнес-элитасын, отандық ірі компания басшыларын және Үкімет



жүктеу 0.69 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан енді Каспий қайраңында жұмыс істеп жатқан шикізатты 

игеруші барлық компанияға қатысты талапты күшейтетін болады. Бұл 

туралы Алматыда өткен Шетел инвесторлары кеңесінің «Қазақстан 

экономикасын білікті еңбек ресурстарымен тиімді қамтамасыз ету 

мәселелері» тақырыбына арналған 23-пленарлы отырысында Мемлекет 

басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Осы жиында бас қосқан 

шетел бизнес-элитасын, отандық ірі компания басшыларын және Үкімет 

мүшелерін сырттан тасымалданатын құрал-жабдықтарды ыждағатты 

түрде тексеру қажеттігіне баса назар аудартқан Елбасы: «Таяуда Мексика 

шығанағында болған апат осыған мысал бола алады», – дейді. «Бүкіл әлем 

Мексика шығанағындағы апаттың орны толмас шығынынан хабардар 

болды. Ал сол трагедияға тек құрал-жабдықтағы кілтипан себеп болған. 

Ондай жағдайдың Каспийде қайталануына жол беруге біздің құқығымыз 

жоқ. Теңіз дің тұйық жағдайын ескерсек, оны жоғалтып алуымыз да мүмкін. 

Сондықтан мемлекет Кас пий қайраңында жұмыс істеп жатқан барлық 

компанияға қатысты талапты күшейтетін бола ды», – деді Елбасы шетел 

инвесторлары кеңесінде сөйлеген сөзінде. 

ИӘ

– Меніңше, мұндай талап қою өте 

орын ды.  Халықаралық  ән  бай қау ла ры-

ның шартына бұл қайшы келмейді де. 

Се бебі оған қатысушы әлемдік хитпен 

қа  тар, міндетті түрде өз елінің, өз ұл ты -

ның әнін орындауы тиіс. Өкінішке қа рай, 

менің байқағаным – соңғы кездері біз-

дің елден барған жас әншілер осы жа -

ғына келгенде, қазақша деген аты ғана 

болмаса, қайдағы бір «Сен мені тас  тап 

кеттің, мен қалдым жылап» деген се кілді 

арзан әндерді орындап шыға ке леді. 

Онысымен өзін ғана емес, тұтас ұл тының 

өнерін өзгелердің алдында жығып 

бергенімен жұмысы жоқ. Соларға 

айтарым – байқау Юрмалада ма, Гол-

ливуд та ма әлде Қытайда ма, мейлі қай 

елде болсын, орындаушы  ең алдымен 

өз елінің үнін әні арқылы жеткізуді не гізгі 

мақсат етіп қоюы керек.

ЖОҚ 

– Халықаралық байқауға қатысу 

үшін әншінің кәсіби деңгейі жоғары бо-

луы шарт. Қазақша айта ма, орысша, 

ағыл 

шынша айта ма – ол маңызды 



емес. Демек, бұл жерде елімізден қаты-

сатын әншілерді қазақы, қазақы емес 

деп бөлу орынсыз. Себебі одан гөрі 

маңызды нәр се бар, ол – орындаушының 

дауыс диа 

 

пазоны мен орындау 



шеберлігі, му 

зыканы жан-жүрегімен 

сезіне білуі. Ал үніндегі ұлттық бояуына 

ғана мән берсек, онда оның басқа 

қырынан мүм кін дігі шектеулі болуы, 

мысалы, шетел әндерін айтуға тілі 

келмеуі не болмаса олардың музыкасын 

нақышына келтіре орындауға шеберлігі 

келмеуі де ғажап емес.

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Мәдина СӘДУАҚАСОВА, 

эстрада әншісі:

– Өзім аптасына екі рет бе-

тіме, денеме қаймақ жағамын. 

Әб  ден кеуіп, тері тырысқанша 

жу   маймын.

(«Ақ желкен» басылымынан)

№92 (318) 

5 маусым

сенбі


2010 жыл

...де

д

iм-ай, а

у

!

3-бетте

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ,

композитор, сенатор:

Алтынай ЖОРАБАЕВА, әнші, 

халықаралық ән байқауларының 

жеңімпазы:

3-бет

4-бет

4-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Композиторлар одағы 

отандық шоу-бизнестің 

дамуына ықпал етуі тиіс пе?

Қалталылар 

өнерге қаражат 

салғысы келмейді

Отандық шоу- 

бизнес: есіктен 

төрге дейін

Халықаралық ән байқауларына үнінде ұлттық бояуы қанық әншілерді ғана қатыстыру туралы талап қою керек пе?

Ел болып, етек-жеңімізді жиғалы біздің де 

бірқатар әншілеріміз еларалық ән додаларына 

барып, бағын сынап қайтып жүр. ТМД аумағындағы, 

көршілес елдердегі «Новая волна», «Славян базары» 

сынды байқауларды беріде қалдырып, тіпті Голливуд 

сахнасында қазақ өнерін паш еткен өнерпаздарымыз 

бар. Десек те, сонымен қатар халықаралық байқауға 

баруын барғанымен, өзінің қазақ елінен екендігін 

көрсете алмай, қазақша бір ауыз ән салмай, тіпті 

солай ету керек екендігін сезіне де алмай қайтатын 

әншілеріміз соңғы кездері жиі кездесетін болып жүр. 

Мұның бір себебі ол әншілердің көбі орыстілді, қазақ 

өнеріне емес, өздеріне де белгісіз бұқараға қызмет 

ететіндер болғандығында жатса керек. Олай болса, 

алдағы уақытта Қазақстанның атынан халықаралық 

ән байқауларына қатысушыларды үніндегі ұлттық 

бояуына қарап таңдау керек шығар? Біз осы сауалды 

ортаға тастап, талқылап, таразылауды жөн көрдік.

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,65

180,47

4,74

21,48

1,23

10255,28

1397,30

1536,42

75,40

1210

ШАР


А

Кәмшат САТИЕВА

Шикізат игеруші компанияларға 

шикі кадрларды пісіру жүктелді

Мемлекеттік рәмізді 

құрмет тұту маңызды

Отандық эстрада әншісі Евгений Шах рай, «Жас 

қанат-2010» байқауының Гран-при иегері Арайлым 

Әбдібекова және ха 

лық 

аралық конкурстардың 



лауреаты Медет Шәйкеловтің қатысуымен өткен ша ра-

ға Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева 

өзі келіпті. Патриоттық пен ұлт жандылықты өзегіне арқау 

еткен ша ра ның шымылдығы «Наз» би тобының орын-

дауымен қойылған «Жеңіс биімен» ашы лып, еліміздің 

басты символы – Көк байрақ көк ке көтеріл ді. 

Замана ағымына қарай күн санап өзгеріп келе 

жатқан төрткүл дүниенің қақ орта сында өз іргетасын 

қалап, шаңырағын кө терген Қазақ елін Мемлекеттік 

рәміз дер сіз елестету қандай қиын болса, ұлт бола ша-

ғын патриоттық сезімсіз елестету мүмкін емес. Себебі 

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің ұлттық 

нақыштарын жинақтап, мақсат-мұратын арқалаған 

белгі ғана емес, ол бүтіндей бір мемлекеттің қуа тын 

айғақтайтын қасиетті негіз. Сол се 

бепті шараны 

ұйымдастырушылар мем лекеттік нышандарымызды 

әспеттеуге ерек ше назар аударыпты. «1992 жылдың 

4 шілдесінде Тәуелсіз Қазақстанның Мем 

ле 


кеттік 

рәміздері алғаш бекітілген болатын. Бұл күн ел 

тарихында жаңа Мемлекеттік рә міздер күні ретінде 

мәңгі сақталып қалды. Отансүйгіштік пен ұлтжандылық 

ха лық алдындағы жауапкершілік және мемлекеттік 

рәміздерді құрметтеуден туындайтыны белгілі. Сол 

себепті біз жастар бойына нышандарымыздың рухани 

күшін сіңіруге тырыстық. Мемлекеттік рәміз дер қай 

кезде де болсын ұлттық мақтанышымыз болып қала 

бермек», – дей ді Астана қаласы әкімінің орынбасары 

Аида Балаева.

Жаңа заманға қадам басқан қоғамның ұстанған 

басым бағыты  ұлттық патрио тизм ді қалыптастырып, 

қоғамның рухани бірлігі негізінде азаматтық 

жауапкершілікті арттыру болып табылады. Жыл сайын 

қа лып тасқан дәстүр бойынша ел аумағының түк пір-

түкпірінде еліміздің рәміздері күніне орай түрлі шаралар 

мен акциялар өткізіліп ке леді. 



Бүркіт НҰРАСЫЛ,

Астана

АР

А



ЛҒА АР

АША


Жалғасы 2-бетте

ДАТ!

6-б

етте

Жеңіс СЕЙДОЛЛАҰЛЫ:

Осыған байланысты Н.Назарбаев Үкі метке ең қысқа 

мерзім ішінде Қа зақ стандағы барлық ірі кәсіпорындарға, 

негі зінен, өндірістік қорын тиімді жаңалау жа ғынан 

толықтай аудит жүргізуді тап сыр ды. 

– Бұл аудиттің қорытындысы бойы н ша пәрменді 

шараларға көшу керек. Мы салы, кәсіпорынның өндірістік 

активін үде мелі модернизациялау бойынша ең үздік 

жоба конкурсын жариялау қажет. Бұл конкурсты қо-

рытындылауға әлем дегі ең танымал, беделді мамандар 

тарты лып, олар тәуелсіз қазылар алқасын құра ала ды. 

Ал жүлде алған жобаны сол кәсіп орындардың әр қай-

сысында жүзеге асыру ұсынылады, – дейді Елбасы. 

24 вагон бактериядан қашан құтыламыз?

Қазір жер шарындағы жұрт Арал проблемасын жатқа соғады. 

Шалқыған теңіз шаттығы көз ал дың да көмескі тарт ты. Жаны жа ралы 

жамағатты алаң еткізетін та ғы бір жайт бар. Ке зінде теңіздің тап орта-

сында қо ныс тепкен Воз рождение аралын да жасалған сы нақ тар көптің 

көңі ліне күдік алып келеді. 

Қаншама жылдар бойы қызыл тудың 

астында өмір сүрген Кеңес Одағы аталмыш 

аралды сынақ алаңы есебінде кәдеге 

жаратты. Жетпіс жылдан астам уақыт демін 

бірге алған мемлекеттер енші бөліскен сәтте 

Возрождение біздің елімізге «мұра» болып 

қалды. Әрине, аталмыш аралды Ке 

ңес 

Одағы өз мақсатына пайдаланды. Деген мен 



әркім жеке-жеке түтін түтеткен кезеңде оған 

көңіл бөлген ешкім болған жоқ. Алып 



Кеше еліміздің Мемлекеттік рәміздері 

күніне байланысты Астана қаласында «Біз – бір 

командамыз» атты патриоттық, кең көлемді 

акция болып өтті. Ұйымдастырушылардың 

айтуынша, акцияның негізгі мақсаты – 

патриотизм мен ұлттық бірлікті нығайту.

Әділжан ҮМБЕТ

империяның мұрагері саналған Ресей бұл 

мәселеге назар аударуды артық санады. 

Осыдан 18 жыл бұрын полигон жабылды. 

Осыған дейін Кеңестер Одағында 

Возрож де ние елдің көзінен таса ұсталып 

келді. Сексенінші жылдардың аяғына дейін 

онда бірнеше кодты атаулары бар биоло-

гиялық қарулар мен жабдықтар сынақтан 

өткізілді. 1988 жылдың көктемінде АҚШ 

аталмыш аралға қатысты үлкен дау туғызды. 

Өйткені аралда жауынгерлік «агент-

антракс» деген қаруға сынақ жүргізіліп 

жатқаны белгілі болды. Ол адамзат бала-

сына өте қауіпті еді. Ажал алып келетін сібір 

жарасын тарататын бұл қару көптің түн 

ұйқысын төрт бөлгізді. Бұл әрекеті белгілі 

болған КСРО одан құты лу дың жолын іздеді. 

Осылайша антракс ар на йы тот баспайтын 

ыдыстарға салынып, үсті не хлорлы әк төгілді. 

Аталмыш жүк тиел ген 24 вагон көп ұзамай 

Возрождениеге жет  кізілді. Содан бері ол осы 

жерде жа тыр.

Жүздеген жылдар бойы күшін сақтайтын 

қызғылт түсті ұнтақтар әлі күнге адамзат 

баласына үрей туғызып жатқан жайы бар. 

Дербес мемлекет болып, етек-жеңімізді жи-

на ған дәл бүгінгі күні Возрождение ара лына 

арнайы зерттеу жүргізіп, тиісті шара лар ды 

қолданатын уақыт жеткен тәрізді. 



Хамза СУХАНБЕРДИН, эколог, «Аралға 

араша»  қоғамының мүшесі:

– Возрождение Арал теңізі ма ңа йындағы 

Қазақстан мен Өзбек стан мемлекеттерінің 

ортақ проб ле масына айналып отыр. Сон-

дық тан бұл аймақты тез арада залалсыздан-

ды ру бүгінгі күннің басты мәселесінің бірі 

деп санаймын. Аралдағы бакте рио логиялық 

қарудан қалған өлім себе  тін бактериялардың 

қайта тү леуі не жол бермеуге тиіспіз. Осыдан 

бір неше жыл бұрын АҚШ Возрож де ниеге 

байланысты Өзбекстан мемлекетіне 6 млн 

доллардан астам қаржы бөлген еді. 

Дегенмен бұл мақсатта жұмыс жүргізілгенін 

естіген жоқпыз. Сонымен қатар аталмыш 

аймақта өзбектердің мұнай көздерін іздеп 

жат 

қандығы да ойлантады. Қысқасы, 

аталған мәсе лені ешқашан назар дан тыс 

қалдыруға бол майды. 

Қызылорда облысы 

Возрождение аралын 1948 жылы орыс саяхатшысы Алексей 

Бутаков ашқан. 1942-1992 жылдары арал кеңестік биохимиялық 

лаборотория болды. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то

)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№92 (318) 5.06.2010 жыл, сенбі                    



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Филиппиннің туындағы жолақтар өзгеріп тұрады 

деп естідім. Бұл елдің туындағы жолақтар не үшін 

ауыстырылып тұрады? 

Мақсұт ДІЛДӘБЕКҰЛЫ, Жамбыл облысы 

91 миллионнан астам халқы 

бар Филиппин елінің туында ақ 

үшбұрыш бейнеленген, оның 

ішінде күн, көк және қызыл 

жолақ орналасқан. Филиппин 

елінің  мемлекеттік туының 

ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі 

– осы көк пен қызыл жолақ 

бел гілі бір жағдайға байла-

ныс 

ты алмасып тұрады. 



Мәселен, бейбіт уақытта көк 

жолақ жо 

ғары жағында, ал 

қызыл жолақ астыңғы жағында 

орналасады. Керісінше, ел 

соғыс жағдайында болған 

кезде қызыл жолақ үстіңгі 

жаққа, ал көк жолақ астыңғы 

жаққа түседі. 

Филиппиннің туы өзгермелі



Шикізат игеруші компанияларға 

шикі кадрларды пісіру жүктелді

ЖИЫН


Ал мамандарды дайындау мен іріктеуде 

Мемлекет басшысы шетел инвесторларын 

жеті басты міндеттің шешіміне назар ау да-

 руын, оған атсалысуын сұрады. Үде ме лі 

ин дустриалды-инновациялық даму мем -

лекеттік бағдарламасына сәйкес, Қазақстан 

жұ мыс орындарын арттыруды қа жет етеді. 

Осы 


ған байланысты Елбасы, бірін шіден, 

шетел дік компаниялардың еңбек келісім-

шартын жасасқанда орташа буындағы 

қазақстандық менеджерлер, ма 

мандан-

дырылған жұмысшылар (90 пай ыз) және 



шетелдік жұмысшы күші арасында (10 пайыз) 

келісілген тепе-тең дік ті сақтауды сұрады. 



Екіншіден, Н.Назарбаев экономика сұ-

ра 


нысына сәйкес, кадрларды даярлау 

және кадр ларды қайтадан даярлау бо йын-

ша ай 

мақтарда орталықтар құруды 



ұсынды. Бұл ара да мамандардың алатын 

біліктілігі мен сала 

лық сертификаты 

жүйесін енгізуге, бар лық сала бойынша 

тапшы мамандарды даяр 

лау үшін 

студентақы мен гранттар тізі мін кеңейту 

қажеттігіне басымдық бері луде. Үшінші 



міндет ретінде Елбасы ха 

лықаралық 

стандарттарды енгізуді қажет ете тін жоғары 

оқу орындарында, кәсіби-тех 

никалық 

білім беру деңгейінде оқу бағ дарламасын 

өзгерту қажеттігін атап өтті. Осыған бай ла-

нысты Н. Назарбаев ше т ел инвесторларынан 

халық аралық ста н дартқа өтіп жатқан елі-

міздің оқу орын дарына көмектесуін сұра ды. 



Төртіншіден, беделді әрі алдыңғы 

қатар лы технологиялық шетел компания-

ларында қаз 

ақстандық мамандардың 

сынақ тан өту мүмкіндігін арттыру керек. 

Өйт кені Үдемелі индустриалды-иннова-

ция лық бағдарлама шеңберінде барлық 

ал дыңғы қатарлы сала лар бойынша мұға-

лім дерді, ғылыми кадрларды, инже нер-

лерді, техниктерді қайтадан дайындау мін-

деті көрсетілген.

Бесіншіден, Қазақстандағы еңбек на-

ры  ғындағы сұранысты бақылап отыратын 

тұра қты мониторинг жүйесін құру қажет. 

«Мониторинг жүйесі халықаралық еңбек 

нарығының даму құбылыстарын есепке 

алуда еліміздің ішкі еңбек миграциясы 

үшін қажетті күш беруі тиіс», – дейді бұл 

ретте Елбасы. Міне, осы және басқа да 

атал ған жеті мәселе міндетінің шешімін 

Мем лекет басшысы Н.Назарбаев Шетел 

ин весторлар кеңесі мүшелерімен өзара 

тал 


қылап, бірге әрекет етуі үшін оны 

Үкіметке, тиісті барлық министрлікке жол-

дайтынын айтты. 

Негізі, Еңбек және халықты әлеуметтік 

қорғау министрлігінің дерегі бойынша, 

2009 және 2010 жылдары «Жол картасы» 

аясында индустриализация жобаларын 

жүзеге асыру мақсатында техникалық сала 

бойынша елімізде жалпы саны 33 мың 

маман даярлануда екен. Ал 2011 жылдан 

бастап іске кірісетін «Бизнестің Жол картасы 

– 2020» бағдарламасы шеңберінде осы 

ба ғытта даярланатын кадрлар ауқымы ке-

ңейе түспек. 

Ал Білім және ғылым министрлігінің 

мә лі меті бойынша, 2010-2014 жылдар-

да 

ғы кадрға жалпы экономикамыздың 



сұр а нысы 287 мың адамды құрайды екен. 

Оның 108 мыңы Үдемелі индустриалды-

ин новациялық бағдарлама аясында жүзе-

ге асырылатын жобаларға қажет. Аталған 

ми 

нистрлік биыл өндіріс саласының 



барлығын «кадрмен қамтамасыз ету кар-

тасын» жасап та қойыпты. Онда шетелдік ин-

весторлардың да үлесі қарастырылған екен.

Жиында сөз алған білім және ғылым 

министрі Ж.Түймебаев өз министрлігінің 

өндірістік тәжірибе, еңбекпен қамту және 

кәсіби біліктілігін арттыру мәселесін 

шешуге мүмкіндік беретін, Қазақстанда 

жұмыс істейтін шетелдік компанияларды 

біз дің әр оқу орнына куратор ретінде бел-

гілеуді ұсынатындығын айтты. Мұндай 

жағ  дайда, министрдің пікірінше, компа-

ния лар жанынан оқу орталықтарын құру-

дың қажеті де болмайды.

Негізі, Мемлекет басшысының айтуын-

ша, жүзеге асырылып жатқан «Интел лек-

туалды ұлт» жобасыҮкіметпен әзірленген 

2020 жылға дейінгі білімді дамыту мем-

ле кеттік бағдарламасының өзегі болып 

табы луы  тиіс. 

Ал шетел инвесторлары тарапынан 

аталғ ан жиында сөз алған «ТелиаСонера» 

ком паниясының президенті Ларс Ниберг 

Елбасына өз базынасын жайып салды. 

«Пре зидент мырза, біз үшін 3G бойынша 

ли цен зия беру және тиімді, әділ әрі қолай-

лы жағдайда жиілік бөлу тұрғысындағы 

мә селелер бойынша Үкіметтің тез арада 

ше шім қабылдауы маңызды болып табы-

ла ды», – деді ол. Өз кезегінде Президент 

одан: «Бұл арада әділетті деуде нені меңзеп 

отыр сыз?» – деп сұрады. Бұл мәселенің 

Үкі мет шешіміне тікелей қатысы барын па-

йым даған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 

бір ден сөзге араласты.

– Үкімет 3G-дің үш лицензиясын үш 

опе раторға теңдей бөліп беру туралы ше-

шім шығарды. Алайда сол үш оператор, 

Са лық кодексіне сәйкес, Үкімет белгілеген 

ли ц ензия бағасының коммерциялық опе-

рация жүргізуге мүмкіндік бермей отыр-

ған дығын айтады. Үкімет 3G лицен зия-

сының бағасын өз шешімімен төмендете 

алмай ды. Ол үшін Салық кодексіне өзгер-

ту лер мен түзетулер енгізу керек. Біз үш 

опе ратормен коммерциялық баға бойын-

ша өзара келісімге келдік. Ал қазір біз 

Парламентке Салық кодексіндегі арнайы 

бапқа өзгерістер енгізу бойынша жұмыс 

істеп жатырмыз, – деді К.Мәсімов аталған 

жағдайдың мән-жайын түсіндіріп.

Сөз кезегінде Еуразиялық қайта құру 

және даму банкінің президенті Томас Мир-

ов «Болашақ» президенттік оқу бағ дар ла-

масын жоғары бағалай отырып, Қазақ-

стан 


ның ПИЗА деген атаумен белгілі 

студен т тер білімін халықаралық бағалау 

жөнін дегі ЕҚЫҰ бағдарламасына қатысу ға 

ша қыр ды. Бұл ретте Н.Назарбаев «Еура-

зия лық қайта құру және даму банкімен 

әріптестігіміз әрқашан сындарлы сипатқа 

ие, банктің Қазақстан экономикасына ша-

мамен 2 миллиард доллар салғанының өзі 

біздің қарым-қатынасымыздың қандай 

екендігін байқатса керек. Бізге сіздің ұсы-

нысыңыз құнды», – деді.

«Бейкер и Маккензи Интернешнл» ком-

паниясының атқарушы комитетінің мү шесі 

Коэн Ванхарентс болса, шетелдік ком-

паниялардың Қазақстанға білім деңгейінің 

са пасын арттыру мақсатында әлемдегі ал-

дыңғы қатарлы шетел университеттерінің 

фи лиалын тартуды ұсынды. Бұл ретте ол 

Катар дағы аумағы 17 шаршы шақырымды 

құ райтын Білім қаласын мысалға кел тірді.

«Қазақстан шетелдік университеттердің 

филиалдарын құру туралы идеяны қол дай-

ды. Онда тек біздің ғана емес, ТМД елде рінің 

де студенттері білім ала алар еді. Қа зақстан 

Үкіметі бұл мәселені сізбен бір лесе отырып 

ақылдасатын болады. Сіздің идея 

ңызды 

жүзеге асыру үшін жұмысшы то бын құратын 



боламыз», – деді Н.Назар 

баев шетелдік 

компания ұсынысына қатыс ты пікірінде.

Елбасы өз кезегінде Шетел инвес тор ла-

ры кеңесінің мүшелерінен таяуда Ас та на да 

бой түзеген жаңа университетке қар жылық 

жағынан көмек көрсетуді сұра ды.

 «Соңғы жылдары шетел инвесторлары 

біздің елімізді жаңа құрал-жабдықтармен 

қамтамасыз етіп, мамандар даярлауда 

160 миллион АҚШ долларын инвести ция-

лады. Бүгіндері де шетел инвесторлары 

ең бек ресурсын дамытуға атсалысуда, ол 

жұ мыстары үшін мен ризашылығымды 

біл ді ремін», – деген Мемлекет басшысы 

Н.На зарбаев отырыста айтылған барлық 

ұсыныс тың үкіметтік деңгейде талқыла-

наты нын  қадап  айтты. 

Қорыта келгенде, келесі Шетел инвес-

тор 


ларының кеңесі жиынға қат 

ыс 


ушы-

лармен 2010 жылы 3 желтоқсанда Астана 

қа ла сында өтетін болып келісілді.

Дамыған елдердің мемлекет басшылары ресми шараларда 

қандай көліктермен жүргенді жөн көреді? 

Данияр ҚАЙРАТБЕКҰЛЫ, Алматы

Президенттер қандай лимузин мінеді?

АҚШ Президенті Барак Оба-

маның брондалған лимузині – Ca-

dillac Presidential. Бұл көлік Обаманың 

өзі 


не арнайы жасалған. Құрас 

ты-


рушылардың айтуынша, беріктігі жа-

ғынан гранатомедтің оғы тікелей ке-

ліп тисе де былқ етпейтіндей. Темір 

тұлпар тек оқтан ғана сақтап қой май, 

химиялық қарудың шабуыл да рына 

да төтеп беруге қабілетті. 

Ресей Президенті Дмитрий Мед-

ведев қазір брондалған Mercedes-

Benz S600 Pullman Guard лимузинін 

мініп жүр. Ол бұл көлікті шетелдерге 

шыққанда да өзімен бірге алып 

жүргенді жөн көреді. Ал Германия 

канцлері Audi A8 Long. лимузинімен 

шарлағанды жөн көреді. Дәл қазір 

Германия ханшайымының қолында 

мұндай көліктің екеуі бар. Оның ішкі 

көрінісі көліктен гөрі қағазбен жұмыс 

істейтін кеңселерге көбірек ұқсайды. 

Ұлыбритания жетекшілерінің гара-

жында Jaguar мен Rolls-Royce лимузині 

тұр. Экс-пре мьер Тони Блэр Jaguar 

Super  XJ  V8  ли му зинін  мінген  болса,     

ІІ Елизаветаның га 

ражын 


да Rolls-

Royce-тың бес бірдей тұл пары қаз-

қатар тізіліп тұр. Франция Пре-

зиденттері 1990 жылдан бері Re nault 

Safrane presidentielle лимузинін мі ніп 

жүр. Қытай жетекшісі Ху Цзиньтао сал-

танат ты шараларға үкіметтің мен шіг-

індегі FAW Hong Qi HQE лимузинімен 

шы ғады. Ал Италия премьері «отандық 

өнім  ді қолдау» деген ұстанымға көңіл 

бө  ліп жатпай, немістің Audi A8 Quattro 

ли музинімен  жүреді.

ЫҚПА

ЛДА


С

ТЫҚ



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал