Мереке қҰлкенов халел досмұхамедұлының Ұрпақтары



жүктеу 95.38 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі95.38 Kb.

 

 

УДК 614.23:001:37 



МЕРЕКЕ ҚҰЛКЕНОВ 

 

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ҰРПАҚТАРЫ 

 

Халелдің әкесі Досмұхамед Машақұлы 1850 жылы туған. Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Тай-сойған құмындағы 13-



ауыл  Досмұхамедтің  мекені.  Ескіше  хат  таныған,  кӛзі  ашық,  кӛкірегі  ояу  Досмұхамедтің  қатардан  қалмайтын,  ортадан 

жоғары  дәулеті  болған.  Ол  балаларының  білім  алғанын  қалап,  жиған-тергенінаямады,  Халел  Санкт-Петербург  әскери 

академиясын бітіретін 1 9 0 9  жылы 59-ға қараған жасында ауырып, дүние салды. 

Анасы  Әйкен  бәйбіше  ұзақ  жасап,  балаларының  есіп-ӛнгенін  кӛріп,  немере-шӛбере  сүйген  бақытты  жан.  Ол  1 9 3 1   жылы 

тоқсан үшке келіп, кіші ұлы Құлымжанның қолында қайтыс болды. Шешесі Әйкеннің ескі әңгімені кеп білетін шежіре адам 

болғанын, Тайсойғанға қатысты кӛп тарихқа сол кісі арқылы қаныққанын Халекең балала- рына жиі айтып отырады екен. 

Біз  білетін  деректе  Досмұхамед  пен  Әйкен  бір  қыз,  тӛрт  ұл  сүйген.  Әрине,  ол  кезде  сәбидің  ерте  шетінеуі  кӛп  болған, 

сондықтан да біз келтіріп отырған дерек дәл болмауы да мүмкін. 

Халекеңнің  бізге  шын  аты  белгісіз,  ал  ағайындары  Торғай  деп  атап  кеткен  әпкесі  отызыншы  жылдарға  дейін  Атырау 

қаласында  тұрып,  дүние  салған.  Торғайдан  туған  Ризуан  деген  жалғыз  ұлының  ұрпақтары  да  Атырау  облысында  болса 

керек. 

Ағасы  Хасен  ерте  үйленген.  Оның  Дариға,  Дина,  Әміржан  деген  балалары  болған.  Әміржаннан  туған  бала  Қабыл  Ақтӛбе 



облысы, ойыл ауданының Құрманов совхозында тұрады. Қабылдың 4 ұл, 9 қызы бар. Халелдің ӛзіне тете інісі Құлбайыстың 

екі әйелі болған. Бәйбішесі Жаңылсыннан туған Ӛміржан деген бала соғьістан оралмады. Екінші әйелі Балықтан 1 9 2 6  жылы 

туған Дәмеш деген қыз қазір Атырау облысының Махамбет селосында түра- ДЫ. 

Құлбайыс орысша хат таныған, жастайынан билікке араласқан. Қазан тӛңкерісіне дейін болыс болған. 

Қара шаңыраққа ие болып қалған кенже інісі Құлымжан 1931 жылға дейін Тайсойғанда Халекеңнің Сорқуыс деген жердегі 

медициналық ордасында тұрды. Халелдің сырқат адамдарды қабылдайтын бӛлмесін, кітапханасын кӛзінің қарашығындай 

сақтағанын елдегі қариялар әлі күнге дейін аңыз етіп айтып отырады. 

Кәрі  анасын  ақырғы  сапарға  шығарып  салғаннан  кейін  Құлымжан  ата  жұрттан  қоныс  аударып,  Орынбор  облысының 

Тұзтӛбе ауданына кӛшіп барды. Әйелі Зейін екеуі екі қыз, бір ұл ӛсірген. Үлкені Алтын, екіншісі Зәуре, кенжесі Сүйінқара. 

Халелдер Воронежге еріксіз қоныс аударған соң Әділхан арнайы іздеп барып, Сүйінқараны алып келіп, мектепте оқытқан. 

Құлымжанның ұрпақтары Орынбор облысындағы аудан орталығы Тұзтӛбеде тұрады. 

Халел  Санкт-Петербургтегі  Әскери-Медицина  Академиясының  соңғы  курстарында  оқып  жүрген  кезінде  демалысқа  елге 

келіп, Жымпиты ауданының қазағы Жұмағалидың үлкен қызы Сағираға үйленеді. Руы — Он екі ата байұлының бір атасы — 

Тананың  қара  құнаны.  Сағира  ауыл  мектебінде  ескіше  хат  таныған,  ақылды,  парасатты  адам  еді.  Тәңір  қосқан  қосағы 

Халелдің  басына  түскен  қандай  қиындық  болса  да  бірге  бӛліскен,  рухани  ең  сенімді  тірегіне  айналды.  Балаларын 

қатарларының алды етіп тәрбиелеп, ӛсірген абзал жан. 

Сағира апай бес ағайынды. Оның Қаби, Сағи, Құрман есімді інілері, Жұмазия және Балзия деген сіңлілері болған. Сағи мен 

Құрман соғыстан оралмады. Сағира апайдың туған-туыстары қырқыншы жылдары Орынбор облысының Тұзтӛбе ауданына 

қоныс аударған. Кейінгі ұрпақтары қазір де сол Ресей жерінде тұрады. 

Халел мен Сағираның жеті баласы болды. Тұңғыштары Ұрқия деген сәби ерте шетінеп кетті. 

Ал  1 9 2 0   жылы  Ташкентте  дүниеге  келген  Әзімжан  деген  ұл  7 - 8   жасында  ауырып  қайтыс  болды.  Құдайға  шүкір,  қалған 

бесеуі  ер  жетіп,  азамат  атанып,  үбірлі-шүбірлі  әулетке  айналды.  Енді  Халекеңнен  қалған  тұяқ  осы  бес  бала  кімдер  еді 

дегенге жеке-жеке тоқтала кетелік. 

РАБИҒА. Халекең академияны бітірген жылы Тайсойғанда Рабиға дүниеге келді. Ол ӛткен 1 9 9 5  жылы 8 3 -   жасқа қараған 

шағында Алматыда балаларының қолында дүние салды. 

Жалпы Халел мен Сағираның қай баласы да сабаққа алғыр болды. Бәрі де жоғары оқу орындарын үздік бітірген. 

Соның  ішінде  Рабиға  кейінгі  балаларға  барлық  жағынан  үлгі  еді.  Ол  кішкентайынан  ӛте  пысық,  алғыр  әрі  жігерлі  болып 

ӛскен. Кейін бой жете келе қарасаң кӛз тоймайтын сымбатты да сұлу қызға айналды. Әкесі үлкен қызын елден ерек жақсы 

кӛрді, кӛзінен таса етпейтін, қайда барса да қасынан тастамайтын. Үлкен қызының ӛзінің алдына қойған мақсатын қалайда 

орындап шығуға тырысатын қасиетін әкесі ылғи да ӛзге балаларына үлгі етіп, қызын мақтан етіп отыратын. 

Рабиға да әкесіне қарап бойын да, ойын да түзеді, Халелдің қызы деген атаққа лайық болуға тырысты.Әкесіне ұқсап дәрігер 

болуды  армандады.Ташкенттегі  САГУ-дің  медицина  факультетіне  (жалпы  Халелдің  ұрпақтарының  арасында  1  1  жоғары 

білімді  дәрігер  бар)  оқуға  түсті.Ол  үшінші  курста  оқып  жүргенде  әкесі  Алматыға  ауысты.Әкесі  сүйікті  қызын  жат  жерде 

жалғыз  қалдырғысы  келмей,  бір  жылдан  кейін  қоймай  отырып,  оқудан  шығарып,  Алматыға  ӛз  қолына  алды.Рабиға 

Алматыда медициналық арнайы оқу орны болмағаннан кейін КазПИ-дің биология факультетіне оқуға түсті. 

Рабиға  1 9 3 0   жылы  ҚазПИ-дің  физика  факультетінің  үздік  студенті  Ерғазы  Әбдірахимовке  тұрмысқа  шықты.Халел  кӛп 

студенттің  ішінен  Семей  жақтың  осы  бір  бұйра  шашы  дудыраған,  жазық  маңдай,  аққұба,  әдемі  жігітінің  білімге 

құштарлығын ұнататын. 

Әке мен шешеден ерте жетім қалса да, жігері мұқалмай, байларға жалданып еңбек етіп, тым кеш, жігіт болғанда ӛз бетімен 

хат танып, Алматыға келіп оқуға түскеніне риза болатын.Ӛте алғыр, талантты студентіне ұстаз Халел кӛп үміт артып, жанына 

жақын  тартты.Ұстазбен  шәкірттің  арасындағы  ӛзара  сыйластық  бара-бара  үлкен  достыққа  айналды.  Халекең  Рабиғаға 

талай-талай  белгілі,  дәулетті  әулеттердің  құда  түскеніне  қарамай,  сүйікті  қызын  Ерғазыға  ӛз  қолымен  ақ  батасын  беріп 

ұзатты.Жалпы Халелдің күйеу баладан жолы болған адам.Ерғазы әке орнына әке, аға орнына аға болған Халелдің басына 

қара бұлт үйірілгенде де жанашырларының біріне айналды. 

Ол кезде мамандардың, соның ішінде жоғары оқу орнына сабақ беретін оқытушылардың жетіспеуі себепті, ОГПУ тергеуде 

жатқан Халел Досмұхамедұлын қасына күзет қосып, дәріс оқуға жіберетін.Профессорды айдап әкелген екі милиционердің 



 

 

біреуі сыртта қалатын да, екіншісі аудиторияға кіріп, Халелдің әрбір қимылын бағып, қасында тұратын.Сол бір үрейлі шақта 



да студент Ерғазы қаймықпай қайынатасымен тілдесіп, аман-саулықты айтып қалатын. 

Институт  партия  ұйымы  Ерғазыны  халық  жауының  күйеу  баласы  деп  партия  қатарынан  шығарып  жібергенде  де 

ауыртпалықты мойымай кӛтере білді. 

Институтты үздік бітірген студенттің Алматыда ғылыми жұмысқа қалуына мүмкіндігі бар еді, бірақ белгілі себеппен Семейге 

жолдама берілді. 

Ерғазы  бар  саналы  ғұмырын  ұстаздық  жұмысқа  арнаған  адам.Жас  отбасы  1 9 3 7   жылы  Түргенге  кӛшіп  келіп,  Ерғазы 

педагогикалық  училищеге  оқу  ісінің  меңгерушісі  болып  3  жыл  еңбек  етті.Соғыс  алдында  1 9 4 0 жылы  Алматыдағы  №  12 

мектеп-интернатқа  оқу  ісінің  меңгерушісі  қызметіне  ауысты.1 9 4 2   жылы  соғысқа  аттанып,  ауыр  жараланып  елге  оралған 

соң,  Оқу  министрлігінің  мұғалімдердің  білімін  жетілдіру  институтында  директор,  Жалаңаштағы,  Үлкен  Ақсудағы, 

Бақанастағы,  Ұзынағаштағы  орта  мектептерде  директор  болып  кӛп  жыл  жұмыс  істеді.1 9 5 7   жылдан  құрметті  демалысқа 

шыққанға дейін КазПИ-дің физика пәнінің методика кабинетінің меңгерушісі қызметін атқарды.Халел туралы талай әңгіме, 

кӛп сыр Ерғазы ағаның кӛкірегінде кетті. 

 

1 9 3 1   жылы  Ерғазы  мен  Рәбиғаның  тұңғыштары  Болат  дүниеге  келді.Болат  Ерғазыұлы  Әбдірахимов  нағашы 



атасының  жолын  қуып,  Алматы  мемлекеттік  медицина  институтын  бітірді.Медидина  ғылымдарының  кандидаты,  доцент. 

Зайыбы  Азат,  медицина  ғылымдарының  докторы,  профессор.  Болаттың  екі  қызы  бар,  үлкені  Дариға,  медицина 

ғылымдарының кандидаты, дәрігер, екіншісі Гауһар — тарихшы. Болат 1995 жылы ауыр науқастан дүние салды. 

 

1 9 3 4  жылы Ерғазының отбасына екінші Дина есімді сәби қосылды. Дина Ерғазықызы Әбдірахимова 1 9 5 7  жылы ҚазМУ-



дің  филология  факультетінің  орыс  бӛлімшесін  үздік  бітірген  соң,  аз  уақыт  мамандығы  бойынша  жұмыс  істеп  жүріп, 

комсомол  жұмысына  ауысты.  Алғыр  да  іскер  жас  ұйымдастырушылық  қабілетімен  тым  тез  кӛзге  түсті.  Кейін  жұмыс 

бабымен Қарағандыға жоғарылатылып, облыстық атқару комитетінің хатшылығына дейінгі үлкен еңбек жолынан ӛтті. 

1 9 7 8   жылы  Қазақстан  кәсіподақтары  орталық  кеңесінің  хатшысы  қызметіне  ауысарда  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаевтың 

қабылдауында болғаны Дина Ерғазықызының есінен әлі кетпейді. 

Жүмыс барысында әңгімелесіп болған соң Димекең: 

 

Қалқам,  Дина,  сенің  жиналыстардағы  жігерлі  сӛздеріңді  естіп,  кейбір  кездесулерде  кӛргенім  болмаса,  жақын 



білмейді екенмін. Ӛзің қай ауылдың баласысың, әке-шешеңнің аты-жӛні к і м ? — д е п  сұрады. 

 



Әкем — Ерғазы Әбдірахимов, мамандығы — физик, кӛп жыл ҚазПИ-де қызмет істеді,— деді Дина. 

 



Солай ма, сен Ерғазының қызы екенсің ғой, әкең жақсы адам еді. 

 



Шешем—Рабиға Халелқызы Досмұхамедова деген кісі,— деді Дина сӛзін әрі жалғастырып. 

 



Білем, білем, атаң Халел үлкен ғалым, парасатты жан еді, баласы  

Әділханмен  мына  кӛкбазардың  жанындағы  №  14  мектепте  бірге  оқығанбыз.  Кейін  дайындық  курсында  оқығанда  бір 

бӛлмеде жаттық,— деп Димекең әңгімені әріден бастап кетгі.— Әділхан ӛте білімді, талантты, қабілетті жігіт болатын. Кейін 

мен  Мәскеуге  оқуға  кеттім  де,  қарым-қатынасымыз  үзіліп  қалды.  Әбден  ауру  меңдеп,  жүдеп  қалған  екен.  Балалық 

шағымызды айтып біраз әңгімелескеннен кейін, бұйымтайын сұрадым. Ол Қызылордадан Алматыға кӛшіп келгісі келетінін 

айтып,  пәтер  алуға  кӛмектесуімді  ӛтінді.  Біз  сол  бойда  мәселені  шешіп  бердік.  Бірақ  сол  пәтердің  қызығын  кӛре  алмай, 

қайтыс болғанын естідім. 

Дина Халел атасы туралы әңгіме қозғағысы келіп еді, бұл мәселеге әлі ертерек, уақыты келеді әлі,— деп Димекең әңгімені 

басқа арнаға салып жіберді. 

Дина  Ерғазықызы  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік  қамсыздандыру  министрі  болып  қызмет  атқарды.Екі  рет 

республика парламентінің депутаттығына сайланды.Қай салада да ӛзінің адал еңбегімен халық құрметіне бӛленген қадірлі 

адам. 


Қазір  Халел  Досмұхамедұлы  Қорының  президенті.Жұбайы  Мағрып  Әкімбеков  тау-кен  инженері.Екінші  мамандығы 

экономист,  Алматыдағы  Халық  шаруашылығы  институтын  бітірген.Кӛп  жьілдар  мемлекеттік  жабдықтау  комитетінде 

жауапты  қызметте  болды.Ұлдары—Сұлтан  тарихшы,  ҚазМУ-дың  тарих  факультетін  бітірген.  Мәскеудің  Әлеуметтану 

институтының аспирантурасында оқып, аяқтады. 

Рабиға  апайдың  үшінші  қызы  Римма  1 9 3 8   жылы  дүниеге  келді.1 9 6 1   жылы  Алматы  медицина  институтын  үздік  бітірген 

соң,  жолдамамен  Кӛкшетау  облысында  бӛлімше  дәрігері  болып  еңбек  жолын  бастады.Кейін  Қарағандыға  ауысып, 

қатардағы гинеколог-акушерден қаланың бас гинеколог дәрігеріне дейін ӛсіп, жемісті еңбек етті.Қазір Қарағанды медицина 

институтында  сабақ  береді.Жұбайы  Марғұлан  Қамиев  инженер.Техника  ғылымдарының  кандидаты.Қыздары  Ботакӛз 

дәрігер, ұлдары Дәурен инженер.Бәрі де Қарағандыда тұрады. 

Соғыс  аяқталатын  жылы  Ерғазы  мен  Рабиғаның  отбасына  тағы  бір  бала  қосылды.Әке-шешесі  оның  есімін  асыл 

мұраттарымыз орындалсын деген тілекпен Мұрат деп қояды.Шынында да Мұрат әке-шеше үмітін ақтады.Қара шаңыраққа 

ие  болып  қалды.Ата-анасының  қартайған  шақтарындағы  сенімді  тірегіне  айналды.Екеуін  де  ӛз  қолынан  ақ  жуып,  арулап 

жӛнелтті.Мамандығы — физика пәнінің мұғалімі.Қазір шағын құрылыс мекемесін басқарады.Зайыбы Галя — экономист, екі 

қызы бар.Үлкені Зәуре — дәрігер, кішісі Әсел — оқушы. 

Мұраттан кейін 1 9 4 7  жылы Әлия дуниеге келді.Ол Мәскеудің Менделеев атындағы химия-технология институтын бітірген. 

Қазір  Менделеев  атындағы  ғылыми-техникалық  қоғамы  тӛрағасының  орынбасары.  Үлы  Тимур  Мәскеудегі  авиация 

институтының соңғы курсында оқиды. 

Әбдірахимовтар  әулетінің  ең  кенжесі  1950  жылы  дүниеге  келген  Әсия.  Әсия  Ерғазықызы  Әбдірахимова  Мәскеудің 

Плеханов атындағы халықшаруашылығы институтын бітірді. Жұбайы Ермахан Бегенов экономист. Екі қыздары бар. 

Үлкені  Анар  Мәскеудегі  мемлекеттік  Орд-  жоникидзе  атындағы  басқару  академиясының  студенті,  екіншісі  Әнел, 

Бүкілресейлік Герасимов атындағы кинема- тография институтының экономика факультетін бітірді. 

ӘДІЛХАН. Халелдің 19 12 жылы дүниеге келген ұлы Әділхан Алматыдағы № 14 орта мектепте оқыған. Дайындық курсын 

үздік  бітірген.  Бірақ  отызыншы  жылы  әкесін  тергеуге  алуына  байланысты  Әділхан  әрі  қарай  оқуын  жалғастыра  алмай, 

Балықшы  одағы  деген  мекемеде  жұмыс  істейді.  Тек  1 9 3 2   жылы  әкесімен  бірге  Воронежге  жер  ауып  барған  соң  ғана 



 

 

медицина  институтына  оқуға  түседі.  Бірақ  1 9 3 7   жылы  Кеңес  Одағында  жаппай  қудалау  қайтадан  басталып,  қара  тізімге 



іліккен Әділхан оқудан шығарылады. 

Әділхан үлы Отан соғысы басталысымен ӛзі сұранып, майданға аттанды. Майданда алғы шепте дәрігер болып жүріп, қатты 

жараланып, бірнеше ай госпитальде жатады. 

Соғыстан  ауыр  жарақатпен  оралған  Әділхан  Алматы  меднцина  институтына  түсіп,  1 9 4 7   жылы  бітіріп  шықты.  Ол  ұзақ 

жылдар бойы Қызылордадағы алапес ауруын емдейтін ауруханада еңбек етті. Құрметті демалысқа шыққан соң, Алматыға 

келіп қалай үй алғанын жоғарыда айттық. Тағдыр тауқыметін кӛп кӛрген Әділхан 1 9 7 0  жылы дүние салды. Зайыбы Рашида 

1 9 9 3   жылы  қайтыс  болды.Жалғыз  ұлдары  Марат  1 9 5 2   жылы  туған,  бизнеспен  айналысады.Құдай  қосқан  қосағы  Ғалия 

екеуінің Гүлназ есімді кішкентай қызы бар.Алматыда тұрады. 

СӘУЛЕ.Халелдің үшінші баласы Сәуле 1 9 1 6  жылы туған.Ол 1 9 3 5  жылы Воронеж қаласында дайындық курсын бітіреді де 

сондағы Буденный атындағы мемлекеттік университеттің биология факультетіне оқуға түседі.Алайда келесі жылы Сәуле де 

оқудан  шығарылады.Ол  1 9 3 8   жылы  қаңтар  айында  Воронеждің  зооветеринарлық  институтын  бітірген  Тілеужан  Әлиев 

деген  жігітке  тұрмысқа  шығады.Сол  жылы  наурыз  айында  Тілеужан  Воронеж  облысының  бір  совхозына  жұмысқа 

орналасып,  отбасын  кӛшіріп  әкетеді.Осы  жылғы  шілде  айында  Халекең  тұтқындалып,  Алматыға  жӛнелтілген  соң  Сағира 

жеңгей соңынан баруға жиналады.Ата-анасының басына ауыр күн туғанда ең алғашқы қамқор қолын созған Тілеужан мен 

Сәуле еді.Әкесінің ұсталғанын естіген бойда Сәуле жұбайын ертіп Воронежге келіп, сіңлісі Қарашаш пен інісі Тӛлені кӛшіріп 

алып  кетті.Жалпы  Сәуле  Халел  балаларының  ішіндегі  алысты  жақын  қылатын  бауырмалдығымен  ерекшеленеді.Ол 

Қарашаш  пен  Тӛленің  қатардан  қалмай  білім  алуларына  кӛп  еңбек  сіңірді.Сәуле  мен  Тілеужан  1939   жылы  Орал 

облысының Жымпиты ауданына кӛшіп барды.Сол ауданда еңбек етіп жүріп ағайын-туыстарына кӛмектесіп отырды. 

Екеуінің бауырынан сегіз бала ӛсіп-ӛрбіді.Алайда Сұлтанбек пен Сапарбек деген үлдары жас кездерінде сүзекпен ауырып, 

қайтыс болды. 

Үлкен қыздары Әнәпия 194 5 жылы туған.Халық шаруашылығы институтын бітірген соң, жолдамамен Жезқазған облысына 

жұмысқа  барды.Жұбайы  Серік  Мыстанов кенші,  кейін  ауырып  қайтыс  болды.Екеуінен  Айгүл,  Алма,  Ерболат,  Айнүр  есімді 

балалары бар. 

Екінші  қыздары  Айман  1 9 4 6   жылы  дүниеге  келген.ҚазМУ-дің  биология  факультетін  бітірген  соң,  Бақанасқа  барып, 

жұмысқа орналасты.Қазір сонда обаға қарсы күресетін лабораторияны басқарады. 

Қыздарының  кішісі  —  Шолпан  1950  жылы  туған.Тілеужан  мен  Сәуленің  балаларының  ішіндегі  ең  зерегі.Мектепті  алтын 

медальмен  бітіріп,  Алматы  мемлекеттік  медицина  институгыпа  оқуға  тусті.Оқуды  бітірген  соң  ол  да  Бақанасқа,  аудандық 

ауруханаға жолдама алды.Қазір де сонда бас дәрігердің орынбасары болып еңбек етеді.Жоғары категориялы дәрігер. 

Ұлдан  үлкені  Тӛлеген  1 953   жылы  дүниеге  келген.  Ол  да  Алматы  медицина  институтын  бітірген.  Қазір  Талдықорған 

қаласындағы қан құю станциясында еңбек етеді. Оның келіншегі Дина дәрігер, Талдықорған медициналық училищесінде 

сабақ береді. Екеуінен туған улкен ұлы Данияр педагогика институтын бітірді. Кішісі Дамир гимназияда оқиды. 

Сәуленің  екінші  үлы  Алтай  1 9 5 4   жылы  туған.  Қарағандының  кооператив  институтын  бітірген.  Қазір  Алматыда  тұрады. 

Үлкен бір фирманы басқарады. Зайыбының аты Гүлнар, екеуінен Әнуар, Дариға есімді екі бала бар. 

Сәуле  мен  Тілеужанның  кенжелері  Мәлік  1 9 5 6   жылы  дүниеге  келді.Құрылысшы.  Сәуле  апай  осы  Мәліктің 

қолында.Келінінің есімі Шолпан Бұлардан Асқар, Динара, Зәуре деген немерелері бар. 

Сәуле  апайдың  жұбайы  Тілеужан  Әлиев  республикаға  еңбегі  сіңген  малдәрігері,  1 9 7 8   жылы  қайтыс  болды.Сәуле 

Халелқызы Досмұхамедованың биыл 1 9 9 6  жылы 80 жылдық мерей тойы болмақшы. 

ҚАРАШАШ.1 92 3 жылы Қарашаш деген сәби дүниеге келді.Әке-шешесі оны еркелетіп Тайжан деп атап кеткен.Воронежде 

әкесі  тұтқындалғанда  Қарашаш  15  жасар  жас  ӛспірім  еді.Мектепті  Сәуле  мен  Тілеужанның  үйінен  бітірген  соң,  Қарашаш 

педагогикалық училищеде оқиды.Одан соң Алматыдағы екі жылдық мүғалімдер институтына оқуға түсіп, оны 1 9 4 3  жылы 

бітіріп шығады.Бір жыл Орал облысы Жымпиты ауданындағы Бұлдырты орта мектебінде мүғалім болады.Содан соң 1 9 4 4  

жылы КазПИ-ге келіп оқуға түседі.Екі жылдан кейін институтты үздік бітіріп шыққан соң Алматыдағы юристер институтына 

орыс тілінің оқытушысы болып жұмысқа орналасады.Алайда кӛп кешікпей, „халық жауының ағайындарына арамызда орын 

жоқ"  деген  солақай  ұран  қайта  кӛтеріле  бастайды.Ақыры  институттың  бір  топ  мұғалімі  қара  тізімге  ілініп,  жұмыстан 

шығарылады.Сол тізімнің бас жағында Қарашаш Халелқызының аты-жӛні де жазулы тұрды. 

Онда  Қарашаш  анасы  Сағира  және  ҚазМУ-дың  студенті,  інісі  Тӛле  үшеуі  Жас  коммунарлар  мен  Чайковский  атындағы 

кӛшелердің  қиылысындағы  оқытушылар  жа-  тақханасының  бір  бӛлмесінде  тұратын.Онсыз  да  жүрегі  қан  жылап,  қуса  боп 

жүрген анасына мына суық хабарды қалай жеткізерге білмейді.Бір жағына шығып алмай, айтпауға бекінеді. 

Жағдайын айтып, оқу министрлігіне кіріп еді, ондағылар Қарағандыға немесе Ӛскеменге барыңыз деп шығарып салғысы 

келді.Табиғатынан  қайсар,  жігерлі  Қарашаш  олар  жұмсаған жаққа  бара  алмаймын  деп  бірден  бас  тартты.Қолында  анасы 

бар  екенін,  ӛзінің  денсаулығының  нашарлығын  айтып,  мәселені  тӛтесінен  қойды.Министрліктегілер  мына  бойжеткеннің 

қайсарлығына әрі таң қалып, әрі іштей сүйсініп, ертең келіп хабарласуын сұрайды. 

Ертеңінде басқарма бастығы Айшанов деген кісі күтіп отыр екен: 

 



Қарағым, Түркістандағы педагогикалық училищеге мүғалім керек екен, сонда барсаң қайтеді,— деді. 

 



Анаммен, ініммен ақылдасайын, түстен кейін жауабын берейін,— деді Қарашаш. 

Үйге келіп анасына бәрін түсіндіріп айтып еді, ол кісі үкіметтің түрткісіне әбден бойы үйренген ақылды адам ғой, бәлендей 

реніш білдірмеді. Қызына жігер беріп: 

 



Егер Түркістан десе, келіс, айналайын. Баяғыда әкең екеуміз Ташкентте тұрғанда талай барып, Қожа Ахмет Иассауи 

әзіретке тәу еткенбіз. Халқы да бауырмал, жақсы жер,— деді сарыуайымға салмай, бірден келісіп. 

Қасиетгі Түркістанда Қарашаш табаны күректей алты жыл еңбек етгі. Педагогикалық училшценің ұжымы еңбекқор, білімді 

әрі қарақылды қақ жарған әділ, қақ-соқпен шаруасы жоқ адал, ойындағысын ірікпей айтатын тік мінезді мұғалиманы бірдеп 

қабылдап, құрметтеп, сыйлап кетті. 

1 9 5 6   жылы  Қарашаш  кезекті  демалысқа  шығып,  Алматыға  келгенінде  қазіргі  белгілі  ғалым  Шора  Сарыбаевтың  әкесі 

Шамғалиға  жолығып  қалады.  Шамғали  ақсақал  Досмұхамедовтермен  ежелден  аралас-құралас  болатын.  Ташкентте 


 

 

Халекеңмен  сырлас,  пікірлес  болған  адам,  ӛзі  ҚазПИ-де  мұғалім,  кӛрген  жерде  ағалық  ақылын  айтып,  қамқор  болып 



жүруші еді. 

Кӛрген бетте амандық-саулық сұрасқан соң, Шамғали ағай Роза деген қызын ұзатып жатқанын айтып, тойға шақырды. 

 

Үш күндей той жасаймын, бірінші күні қатар-құрбылары — студенттерге, екінші күні туған-туыстарға, үшінші күні 



жазықсыз жапа шегіп, қазір ақталған зиялы қазақтардың Алматыдағы жесірлеріне дастарқан жаямын. Қай күнге келесің?—

деді Шамғали ағай. 

Қарашаш ойланбастан.үшінші күні жесірлер жиналатын тойға келетінін айтты. 

Шамғали  ағаның  тойының  үстінде  Қарашаш  кӛп  адаммен  танысты.  Ілиястың  зайыбы  Фатима  апай,  Қашқынов  деген 

азаматтың зайыбы, Сара Есова  және тағы басқа апайлар Қарашашты жылы  қабылдап, әкесін, шешесін білетіндерін айтып 

жатты. Туған-туысқандарын сұрады, Халекеңнің ұрпақтарының қайда жүргенін анықтады. Соңында: 

 

Әкеңді ақтап алуға жұмыстанып жүрсіңдер ме?— деп сұрады. 



 

Жоқ, неден бастарымызды білмей жүрміз,— деді Қарашаш. 



 

Арыздан  бастаңдар.  Анаң  Сағира  күйеуінің  үкімет  алдындағы  адал  еңбегін,  жазықсыз  ұсталғанын  айтып, 



ақталуына  кӛмектесуін  сұрап  Бас  прокурордың  атына  арыз  жазсын.  Сталин  ӛлді,  енді  қорқатын  ештеңе  ж о қ , — деді  Сара 

апай жігерлене сӛйлеп.— Мен жақында ақталғаным жӛнінде қағаз алдым. Енді Оразды ақтау жӛнінде арыз жазып жіберіп, 

жауап күтіп отырмын. Ораз ақталысымен Ӛскеменде жүрген ұлым Нұрланды шақыртып аламын. 

Сара  Есованың  ақылымен  Қарашаш  анасы  Сағираның  атынан  бас  прокурорға  арыз  жазып  жіберді.Кешікпей  „Сіздің 

арызыңыз  Воронежге  жіберілді"  деген  анықтама  қағаз  келді.  Ал  1 9 5 8   жылы  наурыз  айында  Сағира  апайға  Қазақ  КСР 

Жоғарғы Сотынан мынандай мазмұнда анықтама келді: 

„Дело по обвинению ДОСМҰХАМЕДОВА ХАЛИАЯ, 1 8 8 3  года рождения, казаха, беспартийного, работавшего в должности 

профессора КазГУ, пересмотрено. 

Определением  судебной  коллегии  по  уголовным  делам  Верховного  Суда  Казахской  ССР  от  28  февраля  1 9 5 8   года 

постановление  бывшей  тройки  ПП  ОГПКв  Казахстане  от  20  апреля  1 9 3 2   года  в  отношений  Досмұхамедова  Халиля 

отменено и дело в отношении его производством прекращено за отсутствием в его действиях состава преступления. 

Досмухамедов Халил — реабилитирован. 

И. о. Председателя А. Г. ПУШЕЧНИКОВ 

 

Сол 1 9 5 8 жылы ақталған Халел Досмұхамедұлының отбасы Алматыға қайтып оралды. Халекеңнің зайыбы Сағираға пәтер 



беріліп, зейнетақы тағайындалды. Балаларын жұмысқа орналастыруға жолдама берді. 

1 9 5 8   жылы  „Здравоохранение  Казахстана"  журналының  10-санында  тұңғыш  рет  „X.  Д.  Досмухамедов  —  врач  и  ученый" 

деген А. Мамаевтың мақаласы жарияланды. 

Бірақ  бүл  қуаныш  та  ұзаққа  барған  жоқ,  ғалымның  есімін  атауға,  ғылыми  еңбектерін  жариялауға  тыйым  салынды.  Бір 

сӛзбен  айтқанда,  Жоғарғы  Соттың  арнаулы  қаулысымен  ақталған  Халел  Досмухамедұлы  ұзақ  мерзімге  қайтадап  қара 

тізімге ілінді. 

Қарашаш  Халелқызы  Алматыға  оралған  соң  соқырлар  қоғамының  журналында  релактордың  орынбасары,  кейін  Ғылым 

Академиясының  тіл  білімі  институтында  ғылыми  қызметкер  болып  істеді.  Филология  ғылымының  кандидаты.  Алматыда 

дүние салды. 

 

ТӚЛЕ.  Халел  Досмұхамедұлының  ең  кенжесі  Тӛле  1 9 2 9   жылы  12  желтоқсан  күні  Алматыда  дүниеге  келді.  1 9 5 5   жылы 



ҚазМУ-дің  биологияя  факультетінің  топы-  рақтану  бӛлімін  бітірді.  Университеттен  кейін  Ғылым  Академиясының  топырақ 

зерттеу институтына жұмысқа орналасып, ӛмірінің аяғына дейін бір жерде жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы ғылымының 

кандидаты,  1 9 8 5   жылы  жүрек  ауруынан  қайтыс  болды.  Зайыбы  Роза  мұғалім.  Жалғыз  ұлдары  Азамат  медицина 

институтын бітірді. 1 9 9 5   жылы кенеттен қайтыс болып кетті. 

Халел  мен  Сағирадан  ӛрбіген  ұрпақтың  ӛмірбаянының  ұзын-ырғасы  осындай.  Орнында  бар  оңалар  демей  ме  халқымыз, 

аяулы Халекеңнің ұрпақтары да ұлы бабасының есіміне лайық болуға тырысып ӛсіп-ӛніп келеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



1

 

«Здравохронение Казахстан» журналы. – Алматы: 1958 .  - №10 



2

 

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің (ҰҚК) архиві 06610 – ie 31. – 52 б. 



 

 

 

КУЛКЕНОВ МЕРЕКЕ 

ПОТОМКИ ХАЛЕЛА ДОСМУХАМЕДОВА 

 

Резюме: Исследователи жизни и творческого наследия Х.Досмухамедова обращают внимание на чрезвычайную скудность 

сведений  о  самом  учёном,  его  ближайшем  окружении  и  потомках.  Понятно,  что  в  своё  время  спецслужбы  постарались 

максимально уничтожить материалы о репрессированных деятелях казахской интеллигенции. 

И  тем  более  ценной  становиться  статья  известного  казахстанского  писателя  М.Кулкенова,  бывшего  редактора 

республиканской  газеты  «Анатілі»,  депутата  маслихатаг.Алматы,  в  которой    даны  уникальные  сведения  о  малоизученных 

страницах  жизни  ХалелаДосмухамедова  и  его  потомков.  Известно,  что  более  десяти  человек  –  дети,  внуки,  правнуки 

учёного стали врачами. 

Данная  статья  будет  чрезвычайно  интересной  и  полезной  создателям  шежре  великого  сына  казахского  народа 

ХалелаДосмухамедова. 

 

 



 

 

KULKENOV MEREKE 

KHALEL DOSMUKHAMEDOV DESCENDANTS 

 

Resume:    Researchers  of  life  and  creative  legacy  H.  Dosmukhamedov  pay  attention  to  the  extraordinary  paucity  of  information 

about the scientist, his inner circle and descendants. It is clear that in his time as security forces tried to destroy the material of the 

repressed 

figures 


of 

Kazakh 


intelligentsia. 

And  the  more  valuable  article  become  famous  Kazakh  writer  M.Kulkenova,  former  editor  of  the  national  newspaper  "Ana  tili" 

maslikhat deputy of  Almaty, who gives unique information about the little-known pages of Khalel Dosmuhamedov’s  life and his 

descendants. It is known that more than ten people - children, grandchildren, great-grandchildren of the scientist became doctors. 

This article is extremely interesting and useful to the creators shezhre great son of the Kazakh people Khalel Dosmukhamedov.  

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал