Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет3/13
Дата08.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Литературы:
1.   См. о творчестве М.Авезова:    Кумратова К.И.  Оьнери 
де,  оьмири  де  –  халкына    (И  жизнь,  и  творчество 

  народу).  //  
М.Авезов.   Бир увыс топырак, бир увырт сув (Горсть земли, гло-
ток воды). –  Махачкала. – 2002. – С. 5 – 16;    Суюнова Н.Х.  Оьнер 
соьз бен янга якын ой оьрип… (О сборнике М.Авезова «Горсть 
земли, глоток воды»)  //  Ногай давысы   от  1 июля  2003 г.;    Су-
юнова Н. Х.  Новейшая ногайская поэзия:  творчество М.Авезова.  
//   Вестник  КЧИГИ. – Вып. 5. – 2005.
2.  См.:   М.Авезов.   Эс (Память).   

  Махачкала.  – 1982;   
Авезов М. Айтыс (Состязание). 

 Махачкала. – 1992.
3.  Авезов М.  Бир увыс топырак, бир увырт сув  (Горсть зем-
ли глоток воды). – Махачкала. 

 2002.
4.  Здесь и далее цит.  по тексту:  Авезов М. Бир увыс топы-
рак, бир увырт сув (Горсть земли, глоток воды). – Махачкала. – 
2002.   Подстрочные и смысловые переводы текстов мои.  

 Н.С.

39
Әдебиеттану
П.Әуесбаева
ҚАЗАҚ  ТАҢБАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ 
ТАРИХЫ
(Жалғасы. Басы өткен санда) 
В.В.  Бартольдтің  1966  жылы  шыққан  еңбегінде  тамга 
термині  исламның  алғашқы  кезеңінде  араб  авторлары  да 
қолданып  келген  парсы  тіліндегі  «бадж»  терминіне  сәйкес 
келетіні  және  сөздіктерде  кейде  оны  тамга  терминімен 
бірдей  деп  санайтыны  айтылады.  Егер  тамга  мағынасында 
пайдаланса,  қалалардағы  жезөкшелік  үйлерден,  барлық 
сауда-өнеркәсіптік  мекемелерден  алынатын  салықтар 
түсінілетіні, сондықтан тамга ұғымы жол және жолдардағы 
баж  салығынан  гөрі  қалалар  мен  қалалық  алымдарға  тән 
болуы  керектігіне  ден  қойылады.  Тамга  негізінен  ақшалай 
түрде  алынатын  болған.  Тамға  жинайтын  шенеуніктердің 
тамгачи деп аталғанын мәлімдейді [1]. 
Этнограф  В.В.Востров  пен  М.С.Мұқановтар  Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  дәуірдегі  қазақ  ру-тайпаларының 
этникалық тарихын, құрамы мен құрылысын және олардың 
қоныстану  тәртібін  зерттеген.  Ғалымдар  еңбектерінде 
шежіре  деректерін  қолданысқа  енгізіп,  Кіші  жүз  Рамадан 
руының  Ұлы  жүздің  Дулат  және  Албан  ру-тайпаларымен 
туыстығы  туралы  ғылыми  болжам  айтты.  Бұған  Рамадан 
руының таңбасы мен ұранының «Дулат» болуы дәлел бола 
алады. Зерттеушілер Рамадан және Дулат, сондай-ақ Албан 
руларындағы  таңбалардың  ұқсас  болуын  аңғарып,  мұның 
кездейсоқ еместігіне көңіл қояды [2].
С.М.Абрамзонның  «Киргизы  и  их  этногенетические 
и  историко-культурные  связи»  атты  еңбегінде  қырғыз 
халқының  этникалық  тарихының  мәселесі,  шаруашылығы, 
материальдық  мәдениеті,  қоғамдық  құрылысы,  неке  және 
отбасы, ру-тайпалардың таңба, ұран, малдардың ен-таңбасы 

40
Әдебиеттану
сияқты  мәселелер  қарастырылған.  Сондай-ақ,  еңбекте 
рулардың  меншік  белгісі  таңбаларды  да  қарастырған. 
Жағалмай  сары  бағыш,  бұғы  руларының    таңбасы  болып 
келеді, автордың көрсетуінше, «жағалмай» таңба ғана емес, 
аталған рулардың құрамындағы  кіші рулардың этнонимдік 
атауы  да  болып  табылады.  Тақырыпты  қарастыра  келе 
«Жағалмай», «Жағалбайлы» аталатын ру-тайпалардың көрші 
түркі елдерінің қайсысында кездесетініне кеңірек тоқталады 
[3].  Қазақтарда  “балға”  деп  аталатын  Жағалбайлының  ру 
таңбасы  башқұрт,  татар,  қырғыз  халқында  “құс”,  “сукеш” 
–  құс  тұмсық,  “сукыш”  -  шақан  деп  аталады.  Горизонтал-
ды  түрде  көрсетілген  таңба  ұшқан  құсты  бейнелейді  деп 
түсіндіріледі  [Ахмеров;  Соколов,  Қаратаев  О.].  Мұндай 
паралеллдерді ескере отырып, қазақтың Жағалбайлы руының 
балға таңбасының мағынасы о баста құс таңба болса керек, 
уақыт өте құс мағынасы ұмытылып, тігінен салынған таңба 
“балға” атауына ие болған сыңайлы деген гипотеза жасауға 
болады.  Яғни  көршілес  елдерде  (қырғыз,  башқұрт,  татар) 
таңбаның бастапқы мағынасы сақталып қалды да қазақтарда 
өзгеріп кеткенге ұқсайды. 
Р.Г.Кузеевтің «Происхождение башкирского народа» атты 
еңбегі – түрік халықтарының этногенезі мәселесінде өзінің 
методологиялық тиімділігімен құнды еңбектер қатарындағы 
еңбектердің бірі. Автор тайпаларға, тайпалардың бөлімдеріне, 
руларға тиісті 3500-ге тарта башқұрт таңбаларын жинаған. Ол 
башқұрттардың  этнографиясы  негізінде  кейбір  белгілердің 
тотемдік  мағынасын  ашады.  Р.Г.Кузеев  еңбегінде  башқұрт 
халқының  құрамындағы  қыпшақтардың  қазақтың  кіші  жүз 
құрамындағы  Жетірумен  туыстық  байланыста  болғанын 
келтіреді.  Рамадан  руының  таңбасы  туралы  зерттеулер-
ге  қайта  оралып,  оған  ұқсас  таңба  қазақ  халқына  жақын 
түркі  тілдес  –  қарақалпақ,  өзбек,  башқұрт  халықтарының 
құрамындағы  Қытай  руында  кездесетініне  ерекше  мән 
береді  [4].  Р.Г.Кузеевтің  «Очерки  исторической  этнографии 

41
Әдебиеттану
башкир.  Ч.1.  Родоплеменные  организации  башкир  в  17-
18 вв.» атты келесі еңбегінде XVII ғасырда Башқұртстанда 
тайпалық  территорияның  шекарасына  таңбалар  салыну 
фактісі жерге рулық-тайпалық иеліктің  сарқыншағы  болып 
табылатыны  айтылады.  Ертеде  башқұрт-сунарлар  рулық 
территорияларының  шекарасына  көмір  не  бөрене  көміп
тастайтын болған. Ол бөренелерге рулық таңбаны ойып са-
латын.  Бұл  жөнінде  башқұрттар  ұрпақтан-ұрпаққа  айтып 
жеткізіп  отырған,  ал  егер  жер  дауы  туа  қалған  жағдайда 
сунарлықтар жер астына көмілген межелік белгілерді қазып 
алып,  шындықты  дәлелдеген.  Таңбалары  ойылатын  немесе 
күйдіріліп салынатын межелік белгілер әдетте тайпалық тер-
риторияны белгілеу үшін пайдаланылады. Жалпы рулық таңба 
ертеде рудың бірлігін білдіретін болған. XVIIІ ғ. бірқатар ру-
лар  және  кейбір  тайпалар  (Усерган,  Тангаур)  ортақ  негізгі 
таңбаға ие болған. Батыстағы рулардың негізгі таңбаларын 
анықтау қиын, себебі этникалық араласу салдарынан оларда 
таңбалардың ала-құлалығы орын алды. XVIIІ ғ. башқұрттарда 
көбіне  отбасылық  таңбалар  болды.  Башқұртстанның  баты-
сында отбасылық таңбалар алуан түрлі болып келеді және бір 
ғана ауылдың ішінде сан алуан таңбаларды жиі кездестіруге 
болатыны  баяндалады.  Ал  Башқұртстанның  шығысында 
кейбір тайпалар мен руларда бір таңбаның өзі тұтас бір рулық 
бөлімше  үшін  немесе  тіпті  ауыл  үшін  ортақ  болып  келеді. 
Башқұрт  таңбаларына  тән  қасиет  –  олдардың  мұрагерлік 
жолмен  берілуі.  Рулық  бөлімдердің  таңбалары  рудың 
негізгі  таңбасынан  келіп  өзгереді.  Зерттеуші  таңбалардың 
жалпы  рулық  белгіден  отбасылық    белгілеріне  өзгеруі  бір 
кездері көшпелі халықтарда мал ортақ рулық меншік болып, 
кейін  рудың  бөлімшесінің,  ақыр  аяғында  жеке  отбасының 
меншігіне айналғанына мән береді [5].
Моңғол  таңбаларын  зерттеуші  Х.Пэрлээнің  «К  вопро-
су  о  происхождении  родовых  знаков  и  тамг  монголов»  де-
ген  еңбегінде  дереккөздерді  салыстырмалы  типологиялық 

42
Әдебиеттану
зерттеудің  нәтижесі  моңғолдардың  рулық  таңбаларының 
прототиптерін  және  Қырымның,  Қара  теңіздің  солтүстігін 
мекендейтін, Балқан түбегінің, Орта және Солтүстік Азияның 
көне тұрғындарының рулық белгілерімен генетикалық байла-
нысын анықтауға мүмкіндік береді. Рулық белгілердің сызба 
негіздерін талдау нәтижесінде олардың көпшілігінің өте бір 
қарапайым  сызықшалардан  тұратыны  байқалды.  Көптеген 
таңбалар еңбек құралдары мен үйде тұтынатын құралдардың 
пішіндерін қайталайды және солардың аттарымен аталаты-
ны дәйектелді [6].
Жалпы  таңбаларға  деген  қызығушылық  Б.И.Вайнберг 
және  ЭА.  Новгородовалардың  «Заметки  о  знаках  и  там-
гах Монголии» атты көлемді мақаласында Боспор, Хорезм, 
сарматтардың  патшалық  таңбаларымен  Оңтүстік-Батыс 
Моңғолиядағы  Цаган-гол  өзені  бойындағы  таңбалардың 
тікелей  ұқсастықтары  бар  екендігіне  мән  береді  [7].  Бұдан 
кейін А.П. Окладников Моңғолияның басқа да жерлеріндегі 
таңбалардың үлкен шоғырын жинақтады. Онда белгілер кей-
де скифтік және одан кейінгі кезеңдердегі бір типті салынған 
«скифтік» петроглифтер қоршауында бейнеленген. Тэбш тау-
ында, Бичигт, Тайхар-Чулун, Аршаан-шад және т.б. алтайлық 
және  моңғолдық  таңбаларға  ұқсас  таңбалар  бірлі-жарым 
болса  да  Ордос  ауданына  дейін  кездеседі.  Бірақ  халқының 
скифтік  кезеңдегі  этникалық  құрамы  нақты  анықталмаған 
[8].
1977  жылы  І.К.Кеңесбаевтың  дайындауымен  «Қазақ 
тілінің фразеологиялық сөздігі» жарыққа шықты. Жинақтың 
ішіндегі  «Ен-таңба»  атты  мақалада  көне  дәуірдің  мұрасы 
ретінде ен-таңба мен таңбаға тоқталады. Таңба жайындағы 
көне деректер, таңбалардың сурет-көріністері және олардың 
атаулары беріледі [9].
Кавказ таңбалары бойынша жазылған ғылыми еңбектердің 
ішінде  ең  іргелісі  профессор  Л.И.Лавровтың  жұмысы  бо-
лып  табылады.  Л.И.Лавров  осы  еңбегінде  1978  жылға 

43
Әдебиеттану
дейінгі  барлық  ғылыми  еңбектерді  зерделеп,  1384  таңба 
белгілерді жинақтап, кеңестік кезеңдегі ең үлкен каталогты 
құрастырып  шықты.  Бұрынғы  авторларға  қарағанда  Лав-
ров таңбаны тек жеке меншіктің белгісі ретінде ғана емес, 
кең  түрде  қарастыруды  ұсынуы  болды.  Ол  таңбаның  мы-
надай  қызметтерін  анықтап  көрсетті:  таңбаның  белгілі  бір 
құжаттарды  растағанда  «қол  және  мөр»  қызметін  атқаруы; 
таңбаның  байраққа  (ту)  салғанда  немесе  қабіртастарға 
қашағанда «елтаңба» қызметін атқаруы. Зерттеуші таңбалар 
рулық  құрылым  үстемдік  құрған  кезеңде  пайда  болды  де-
ген  пікірлердің  негізі  аз  деп  санайды.  Бірақ  таңбалардың 
туысаралық  қырларын  түсіндіргенде  өз  ойын  былай 
сабақтайды: «барлық  отбасына  ортақ  жеке меншік таңба уақыт 
өте  келе  сол  отбасының  графикалық  символдық  белгісіне, 
яғни  елтаңбасына  айналды.  Сондықтан  қандас,  яғни  рулас 
отбасылар ортақ бір трафареттен (таңба) басқа жеке белгіге 
ие  болды.  Бұндай  жағдайларда,  соңғылары  заң  бойынша, 
біркелкі пішінде немесе бір-бірінен тек қосымша сызықтар 
арқылы ғана ажыратылды». Таңбалардың өзара ұқсас келуі 
олардың иелерінің бір текке жататындығын айқын көрсетіп 
тұру керек болды. Отбасылық таңбаны бір атаға (әке) жата-
тын жекелеген отбасылардың (ағайынды адамдардың) мал-
дарын бір-бірінен ажыратуға, әрі отбасыаралық туысқандық 
қатынастар әлсірегенде қолдануға болады дейді. Осы пікірін 
таңба кескіндерінің өзгеріске ұшырауы рулардың ұдайы да-
мып отыруымен байланысты деп нақтылай түседі. Мүлдем 
жақын емес әртүрлі отбасыларда және туысқан халықтарда 
таңба  пішіндерінің  ұқсас  болу  себептерін  Лавров  бы-
лай  түсіндіреді.  Біріншіден,  кездейсоқтық  жағдайда,  яғни 
қарапайым  геометриялық  пішіндердің  өзара  ұқсас  болып, 
жалғанатын  сызықтар  орнының  ауысып  келуін,  екіншіден, 
бір-бірімен  тығыз  қарым  қатынастағы  сословиелердің  «өз 
иесінің таңбасын» қолдануын, үшіншіден, таңба иесі қайтыс 
болған  соң,  оны  басқа  бір  отбасының  меншіктеп  алуын, 

44
Әдебиеттану
төртіншіден,  «олардың  арасындағы  туысқандық  байла-
ныс  үзіліген»  жағдайда  да  таңба  олардың  бір  тектен  (ата-
дан)  шыққандығын  көрсетеді.  Таңбалардың  ассимиляцияға 
ұшырап отыратындығы Лавровтың назарынан тыс қалмаған. 
Кейбір  Кавказ  таңбаларының  ноғай,  қырым  татарларының 
таңбаларымен  ұқсас  болып  келуі  туралы  сөз  болғанда 
ол  «шынымен  де  мұндай  таңбалар  ноғайлар  немесе  та-
тарлардан  негіз  алады»  деп  өз  ойын  білдіреді.  Осындай 
ұқсас  үйлестіктерді  ол  адыг,  абхаз,  абаз  сияқты  туысқан 
тайпалардың тарихи ортақтықтарынан көруге болады дейді. 
Лавровтың қорытындысы бойынша, таңбалар маңызды тари-
хи дерек ретінде рөл атқара алады [10]. 
Ш.Ш. Хурановтың «Об абазинских тамгах» деген еңбегі 
негізінен  малға  салынатын  таңба  мен  ен-таңба  жөнінде 
жазылған. Мұнда малға салынатын таңбалар жүздеген жыл-
дар бойы өзгеріске түспейді. Ал ен-таңбаның бірнеше түрі 
болған және әр қожайын еркін түрде, өзі қалаған ен-таңбаны 
салған.  Таңбаны  крепостнойлық  правоға  (құқық)  дейін  тек 
қана  ақсүйектер  ғана  пайдаланса,  кейін  крепостнойлық 
право  жойылғаннан  кейін  қарапайым  халық  та  пайдалана 
алған.  Абазиндер  келісім  шарттарға  қолтаңбаның  орнына 
таңбаларын салған, сонымен бірге оларды құлпытастарға да 
салған [11].  
 С.Л. Фукстың «Обычное право казахов в ХҮІІІ перв. полов. 
ХІХв» атты еңбегінде ден қойғызатын мәселенің бірі қазақ 
хандығының  құрылу  кезінде-ақ  жеке  отбасылық  меншіктің 
болғаны  анық  екендігі,  VI-VIIІ  ғғ.  өзінде-ақ  жеке  меншік 
болған және рулық қана емес, жеке меншікті білдіретін белгі 
ретіндегі  таңбалар  да  болған.  Орхон-енисейлік  түріктердің 
қабіртастарынан рулық та, отбасылық та таңбалар табылған. 
Басқа  да  мал  шаруашылығымен  шұғылданатын  халықтар 
сияқты  қазақтар  да  малға  жеке  меншік  орнаған  күнде  де 
таңба ру меншігі таңбасы ретінде сақталды. Орталық және 
Орта  Азия  көшпелілерінде  таңбамен  бекітілген  малға  де-

45
Әдебиеттану
ген жеке отбасылық меншік б.з. І ғасырының ортасында-ақ 
болған  және  рулық  меншіктен  бөлек  отбасылық  меншікті 
білдіретін белгі ретінде таңбаға тек байлар ғана ие болған. 
Егер  Орта  Азияның  осы  аталған  көшпелілерінде  осындай 
меншіктік  қарым-қатынастар  VI  ғ.  басталады  десек,  онда 
қазақ халқын құрайтын ру-тайпаларда да осындай меншіктік 
қарым-қатынастар мен таңбалар Қазақ мемлекеті құрылған 
ХV  ғ.  біршама  ерте  болған  деп  болжауға  болады.  Қазақ 
мемлекетінің пайда болуы тұсында-ақ қазақтар малға деген 
отбасылық меншікті бекітетін және оны қауымдық меншіктен 
ажырататын отбасылық таңбамен таныс болған. Отбасылық 
таңбамен бекітілген жеке отбасылық меншік құқығы тек бай-
лар  мен  шонжарларға  ғана  берілген.  Зерттеуші  отбасылық 
таңбамен  қатар  рулық  және  рулық  бөлімнің  меншікті 
білдіретін белгілері де өз мәнін жоғалтпай сақтап қалды деп 
анықтап береді [12].
Академик  Ә.Х.  Марғұлан  «Тамғалы  тас  жазуы»  деген 
мақаласында «Тамғалы тас» жазуының өте ертеде Қазақстан 
өлкесін  қоныстанған  тайпалардың  тасқа  жазып  түсірген 
мыңдаған таңбалары, ел басқарушылардың қол қойған атта-
ры,  ұрандар,  тасқа  қашап  түсірген  әртүрлі  өрнектер  екенін 
айта  келіп,  мұндай  көп  таңбалар  Сырдария  бойындағы 
қалаларды қазғанда көзе, сауыттарда жиі кездесетінін рудың 
басшы адамдары таңбасын түсіріп, аттарын жазып жүрген, 
бір  ел  болып  қосылған  жері  еді  деп  баяндайды.  Барлық 
тайпалардың  ұлыс  басқаратын  адамдары,  атақты  билері, 
асқан ерлері жиналып, кеңес құрып, қай ру-тайпа қай жерді 
қоныс  етуді  шешкен.  Әрбір  тайпаның  өзіне  арнап  таңба 
беріп,  ол  таңбаның  суретін  осы  тасқа  жазып  түсірген  деп 
пайымдайды [13].
Н.Г. Ловпаче «Зарождение и развитие тамговой системы 
адыгов»  деген  мақаласында  адыгтердің  таңбалары  жайын-
да мәлімет береді. Кавказ халықтарының ішінде адыгтердің 
таңбалары, яғни рулық және әулеттік белгілері саны жағынан 

46
Әдебиеттану
көптігімен,  әрі  ең  көп  қолданатындығымен  ерекшеленеді. 
Сондықтан,  оған  тарихи  дереккөз  деп  қарау  қажет.  Малды 
таңбалау Қазан төңкерісінен кейін басталып, қазіргі заманға 
дейін үздіксіз жүргізіледі. Адыгтердің рулық және әулеттік 
таңбалары  дүние  мүлкі  мен  шаруашылықтағы  заттарының 
барлығына дерлік салынған. Олардың өте ежелгі таңбалары 
қыш ыдыстағы таңбалармен байланысты, олар таңбаларын 
киммерия  дәуірінен  басталады  деп  есептейді.  Зерттеуші 
таңбаның алты түріне тоқталып, талдап өтеді [14].  
Р.Х.Керейтовтың  «Эволюция  этнической  истории  ногай-
цев  и  их  этнокультурные  связи  с  тюркскими  народностя-
ми Северного Кавказа» атты мақаласында ноғай халқының 
қалыптасуы мен этникалық тарихы жөнінде қарастырылып, 
ежелден  ноғай  тайпасының  құрамына  кіретін  үйсін, 
қаңлылардың қазақ ру-тайпаларының құрамында кездесетіні 
айқындалып,  сондай-ақ  ноғайлардың  Солтүстік  Кавказ 
халықтарының  құрамына  кіретін  түркітектес  халықтармен 
этникалық байланысы зерделенді [15]. 
Таңба  әлеуметтік-экономикалық  қарым-қатынастарды 
зерттеуде,  алдымен  мал  мен  жерге  деген  жеке  меншікті 
білдіретін  дерекөздердің  бірі  болып  табылады.  А.Н.  Хару-
зин,  А.Левшин,  Н.Аристовтар  таңба  рудың  жеке  меншік 
белгісі  десе,  М.Вяткин,  оның  артынша  С.Л.Фукс  және  т.б. 
зерттеушілер  таңбаның,  сонымен  бірге,  отбасылық  жеке 
меншікті білдіретінін айтады. Азат  жазған В.П. Курылевтің 
«Казахские тамги как знаки родовой принадлежности» атты 
мақаласы жарық көрді. Автор далалық зерттеулер (полевые 
исследования) мен мұрағат құжаттарын жан-жақты, тиянақты 
зерттей  отырып,  қазақ  таңбалары  рудың  меншік  белгісі 
екенін  дәлелдеуге  тырысқан  және  ол  үшін  нақты  дәлелдер 
келтіреді.  Ұлы,  Орта  және  Кіші  жүз  руларының  кейбірінің 
таңбаларына  тоқталып,  мұрағаттағы  өтініш-құжаттарының 
көбінде басылған таңбалардың барлығы жалпы рулық белгіге 
жатады,  өтініш  хаттарының  астына  барлығы  бір  рудан 

47
Әдебиеттану
болғандықтан  бір-ақ  таңбаны  басқан.  Мысалы,  1878  жылы 
Құрама уезі Зинганты болысына қарасты адамдар хат жазған 
соң  соңында  үшбұрыш  таңбасын  56  рет  қойып  шыққанын 
жазады.  Автор  осыған  ұқсас  бірнеше  мысалдар  келтіреді. 
Егер  қазақтарда  таңбалар  отбасылық  белгіні  ғана  білдірсе, 
онда олардың әрқайсысы өз таңбаларын басар еді дей келе, 
бірақ кейде кейбір байлардың жеке ірі шаруашылықтарында 
өзінің жекеменшік таңбасы болған деп тұжырымдайды. Мы-
салы, Кіші жүз Шөмекей руының байы Құрманның, Орта жүз 
Найман  руының  байларының  да  өз  таңбалары  болған  [16]. 
Дегенмен де С.Л.Фукстың айтқанындай, қазақтардың басым 
көпшілігі рудың ортақ таңбасын пайдаланған. Қазақтардың 
құдықтың  басына  қойып  кеткен  таңбалары  -  жалпы  рудың 
таңбасы. Ол бір байдың жеке меншігі болуы да мүмкін, бірақ 
таңбасын  қою  арқылы  ол  бүкіл  рудың  адамдарына  тиесілі 
екендігін білдіреді деп түйіндейді.
С.М.Ахинжановтың  еңбегінде  XI-XIII  ғасырлардың 
бас  кезінде  қыпшақтар  мен  Хорезмнің,  көшпелілер 
мен  отырықшы  мемлекеттің  арасындағы  саяси  қарым-
қатынасының кейбір мәселелері зерделеніп, қыпшақтардың 
этникалық тарихы, оның ішінде ішкі этникалық құрамы мен 
дамуының  негізгі  этаптары  қарастырылды.  Қыпшақтардың 
көрші  Орта  Азия  мен  Оңтүстік-Шығыс  Европамен  қарым-
қатынасы дәйекті түрде зерттелді [17].  
В.С.Ольховский  еңбегінде  ежелгі  темір  дәуірі  мен  орта 
ғасырларда  Еуразияда  болған  белгілер  тобы  туралы  дерек-
тер бойынша тұжырымдар жасап, соның негізінде таңбаның 
сегіз функциясын атап өтеді. Ру және тайпалардың өздеріне 
тән  меншікті  таңбалары  да  халықтардың  мекендеген  орны 
мен жылжыған жолын айғақтайтын бірден-бір көрсеткіш бо-
лып табылады деп топшылайды [18].
Сонымен  Кеңес  өкіметі  дәуіріндегі  таңбалау  жүйесіне 
байланысты  зерттеу  еңбектері  сараланып,  жүйеленді.  Осы 
кезеңде  барлық  одақтас  республикалар  халықтарының 

48
Әдебиеттану
этникалық  тарихы  өз  тұрғысынан  терең  зерттелді.  Соның 
ішінде таңбалау жүйесіне байланысты, таңба функциясының 
кейбір  қырларын  ашатын,  немесе  бір  аймақтағы  ру-
тайпалардың  жағдайына  байланысты  көптеген  ғылыми 
зерттеу  еңбектері  жарық  көрді.  Бірақ  олардың  барлығында 
таңба мәселесі бір жақты қарастырылды. Соның салдарынан 
толғағы  жетіп,  шешімін  табуға  тиісті  маңызды  мәселелер 
толығымен шешімін таппай, сырт қала берді.
Тәуелсіздік  кезеңіндегі  зерттеулер.  Солтүстік  Кав-
каз  халықтарында,  соның  ішінде  осетиндерде  және 
олардың Кавказдағы көне дәуірдегі көршілерінде таңбаның 
қолданылуы  туралы  Х.Х.Яхтаниговтың  «Северокавказ-
ские  тамги»  атты  зерттеуінде  арнайы  тоқталады.  Еңбекте 
өте  құнды  этнографиялық  материалдар  бар  және  бірқатар 
маңызды  тұжырымдар  жасалған.  Зерттеушінің  айтуынша, 
таңба  малдың  тек  жамбас  етіне  ғана  қойылмай,  сонымен 
қатар жауырын тұсына да қойылады. Кавказ таңбаларының 
кішірейтілген  түрі  малдың  маңдайына,  тіпті  жағына  да 
басылған [19].
Б.Қожабекұлы «Тарихи таным» еңбегіндегі «Таңба» атты 
мақаласында қазақтың ру-тайпаларындағы таңбаға байланы-
сты осы уақытқа дейінгі жарияланған деректерді жинақтап, 
бір шолып өткен [20]. 
Х.Мадановтың «Кіші жүз шежіресі» жинағы 1993 жылы 
жарық көрді. Кіші жүз шежіресінде ертеде қазақ елінің ба-
тыс аймағын қоныстанған алты ата Әлім, он екі ата Байұлы, 
Жетіру,  сондай-ақ  Ноғай-қазақ,  Төлеңгіт  сияқты  тайпалар, 
оларға  жататын  рулар  мен  ұлыстар  туралы  айтылады.  Со-
нымен бірге онда фольклорлық аңыз-әңгімелер мен тарихи 
тұлғалар туралы мол мағлұмат, бай деректер берілген [21]. 
  З.Сәдібековтің  1994  жылы  жарыққа  шыққан  «Қазақ 
шежіресі»  атты  еңбегі  әл-қиссадан  бастап,  Адам  атадан 
бері  қарай  тарата  талдап,  қазақтың  үш  жүзі  мен  руларына 
тоқталып,  ру-тайпа  таңбаларын  дәйектеген  тұстарында  өз 

49
Әдебиеттану
алдына ерекшеліктері бар ұтымды жинақ [22].
Ж.Бейсенбайұлының дайындаған «Қазақ шежіресі» 1994 
жылы жарыққа шықты. Бұл жинақ аталардан тарқатып, та-
рататын  деректерді  осыған  дейінгі  тек  ғылыми  айналысқа 
түскен  мәліметтерді  қосымшалап  ұсынып,  бүкіл  үш 
жүздің  руларын  тарқатып  берудің  бастамасын  жасаған  еді. 
Мұндағы  берілген  шежіре  кестелері  ғылыми  дәлелденген 
ата-тек  кестесін  емес,  қазақ  арасында  қалыптасқан  шежіре 
желілеріне сәйкес тармақталуларды ұсынған [23].  
1995 жылы жарыққа шыққан «Казахи» атты еңбекте қазақ 
халқының  этникалық  үдерісі,  шаруашылықты  жүргізудің 
дәстүрлі тәсілі, халықтың кәсібі мен тұрмыс салты, наным-
сенімі  толық  тарихи  материалдармен  қамтамасыз  етілген. 
Жинақта қазақтың үш жүзінің руларына тоқталып, олардың 
қоныстану  аймағы  мен  халық  санына,  сонымен  қатар  жа-
нама  түрде  болса  да  олардың  таңбалары  мен  ұрандары 
қарастырылып, мән-мағынасы айқындалды. Қазақ халқының 
түп  негізі,  дәстүрлі  материалдық  және  рухани  мәдениеті 
жөнінде түсінігі зерделенді [24].  
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  ру-тайпалар  тари-
хына қатысты зерттеулер ішінде С.Аманжоловтың «Вопро-
сы диалектологии и истории казахского языка» атты еңбегін 
ерекше  атауға  болады.  Ол  Н.А.Аристовтың  пікірлерін 
тереңдете зерттеп, белгілі бір атадан рудың, одан тайпаның, 
одан  тайпалық  одақтың  қалыптасу  жолдарын  рулық 
таңбаларды  зерттеу  арқылы  анықтауға  болатынына  сенді. 
Әрі осы мақсатта негізгі ру-тайпаларды анықтауға тырыса-
ды. Ғалымның қазақ ру таңбаларының типологиясына баса 
назар  аударғандығы  да  байқалды.  Автор  қазақ  руларының 
шығу  тегіндегі  жақындықты  олардың  таңбаларына  қарап, 
салыстыру арқылы анықтауға мән береді. Қазақ руларының 
таңбаларын  салыстыра  келе,  әр  жүздегі  руларда  ұқсас 
таңбалардың  болғандығы  жөнінде  қорытындыға  келеді. 
С.Аманжоловтың  дәлелдеуінше,  Тамалардың  таңбасы 

50
Әдебиеттану
мен  Қыпшақ  тайпасы  таңбасының  ұқсас  болуы  –  олардың 
этникалық  жақындығынан  делінеді.  Ғалым  ру  таңбаларын 
зерттей  келе,  ұқсас  таңбаларды  топтастыру  арқылы  Табын 
тайпасын Дулат тайпасымен байланыстырады [25].
Таңбалардың  мағынасын  нақтылауда  негізгі  (шешуші) 
үлес  қосқан  А.Н.  Гертман  болды.  Қабырғалары  қысқа 
мерзім ішінде тұрғызылған ескерткіштегі бір ғана таңбаның 
әр  түрлі  жазылуын  талдай  келе  автор  өздерінің  жасаған 
жұмыстарын  осылайша  көрсетіп  отырған  тұтас  бір  ұжым, 
мүмкін, өзара туыс немесе көршілес адамдар осы белгілерді 
салуы мүмкін екенін айтты. Назар аударатын маңызды факт – 
кірпіштерде өте қарапайым үлгідегі белгілер – түзу сызықтар, 
дөңгелектер, нүктелерден тұратын сызықтар, «үштісті» және 
т.б. көптеп кездеседі. Бұл таңбалардың көшпелілер (сармат, 
сақ)  әлемінен  айырмашылығы,  ру-тайпаның  саяси  өміріне 
ықпал  ете  алмайтын  қарапайым  мүшелеріне  тиесілі  екенін 
көруге болады [26]. 
Х.Арғынбаев,  М.Мұқанов,  В.Востровтың  «Қазақ 
шежіресі хақында» атты еңбегінде қазақтардың ру-тайпалық 
құрылымына  талдау  жасау  үшін  қазақ  шежіресі  маңызды 
тарихи  деректеме  болып  табылатынын  айғақтайды. 
Зерттеушілер белгілі бір рудың өмір сүрген уақыты мен ата 
қонысын,  рулар  арасындағы  өзара  қатынастарды  анықтау 
үшін,  сондай-ақ  қазақ  қоғамындағы  туыстық  байланыс 
мәселелері  мен  соған  байланысты  аталық  әулеттердің  та-
рау,  тармақталу  құбылыстарын  және  тұтастай  алғанда 
революцияға  дейін  үстем  болып  келген  патриархалдық-
феодалдық  қатынастардың  мәнін  ашу  үшін  ру-тайпалық 
құрылымдарды саралап, талдап, анықтай отырып, қосымша 
кесте, шежіре, аңыздармен дәйектеп тұжырымдаған [27]. 
М.С.Жакиннің ғылыми зерттеу жұмысында қарастырылып 
отырған тақырыптың негізгі ұғымдарына (ру, ел, жұрт, жеті 
ата т.б.) семантикалық талдау жасалып, рулық құрылымның 
құралуы  мен  қызмет  етуінің  негізгі  заңдылықтары 

51
Әдебиеттану
анықталған.  Сонымен  бірге,  «жеті  аталық»  жүйеде  «ру» 
статусын алу мен көшпелі мемлекеттің циклдық дамуының 
арасындағы қоғамда биліктің орнығу процесі мен туыстық 
салттардың пайда болуы арасындағы байланыстың бар екені 
айғақталған. XVIII-XIX ғасырлардағы жер қатынасына бай-
ланысты  тарих  және  фольклор  деректерін  талдау  арқылы 
қазақтың жерге қатынасы, туыстық принциптің «ру» аясында 
жер мәселесін реттеумен тығыз байланыстылығы зерделенді 
[ 28]. 
А.Х.Бикеновтың ғылыми зерттеу жұмысында көшпелі ор-
тада рулық қауым әлеуметтік-ұйымдық құрылымның негізіне 
айналған  дәстүрлі  қазақ  қоғамында  билік  институтының 
ерекшеліктері  айқындалып,  билер,  ақсақалдар,  сұлтандар, 
хан  билігі  деген  әр  түрлі  басқару  формалары  анықталды. 
Дәстүрлі қазақ қоғамының потестарлы және саяси жүйесіне 
тән биліктің құрылымдық сипаты тұжырымдалды [29].  
2001  ж.  С.А.  Яценконың  «Знаки-тамги  ираноязыч-
ных  народов  древности  и  раннего  средневековья»  атты 
еңбегі жарыққа шықты. Онда Иран халықтары таңбаларын 
зерттеудің  тарихы  мен  негізгі  мәселелері,  отырықшы  иран 
халықтарының (Иран, Амудария мен Сырдария бассейндері) 
белгілерін зерттеу, Иран әлемінде таңбалардың пайда болуы 
және  таралуы,  сармат  таңбалары,  Боспор  билеушілерінің 
және Батыс Украина сарматтарының патшалық белгілері мен 
олардың шығу тегі, сармат-аландар тайпаларының таңбалары 
мен  саяси  тарихы,  генеалогиясы,  Иран  белгілері,  Оңтүстік 
Сібір  мен  моңғол  таңбалары,  Иран  және  түрік  халықтары 
таңбаларының  арақатынасы,  ортағасырлық  аландардың 
таңбалары сияқты тақырыптар аясында зерттеу жүргізілген 
[30]. 
С.Е.  Әжіғалидың  «Архитектура  кочевников  –  феномен 
истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского 
региона)»  атты  еңбегі  2002  жылы  жарық  көрді.  Ғалымның 
бұл тарихи-мәдени мәнділігі жағынан бірегей еңбегі – Арал-

52
Әдебиеттану
Каспий бассейніндегі көшпелілердің мемориалдық-культтік 
архитектурасын кешенді түрде зерттеуге арналған ұзақ уақыт 
бойы  жүргізілген  зерттеу  еңбегінің  қорытынды  нәтижесі. 
Іргелі  зерттеудің  негізіне  1978-2001  жылдары  Батыс 
Қазақстан  және  онымен  іргелес  жатқан  аймақтардағы  төрт 
жүздей кешенді зерттеді. Үлкен көлемдегі материалдардың 
әрқайсысының  пайда  болуы,  таралу  аймағы,  типологи-
ясы,  тарихи-этнографиялық  мәні  егжей-тегжейлі  зерде-
ленген.  Алдымен  қарастырылып  отырған  кешендердің 
жан-жақты  сипаттамасы  беріліп,  алғаш  рет  көшпелілердің 
мемориалдық,  монументалдық  архитектурасының  және 
жерлеу–культтік  ғимараттарының  шағын  формаларының 
типологиясы  жасалынды.  Ал  кейбір  ерекше  ескерткіштер 
тобын тарихи-мәдени феномен ретінде генезисі зерттелінді. 
Сондай-ақ  тарихиэтникалық  алғы  шарттарының  қалыптасу 
ареалы, 
құлпытастардың 
семантикасының 
күрделі 
мәселелері, 
ескерткіштердің 
тарихи-этнографиялық 
мағынасы  (эпиграфика,  тасқа  қашалып  салынған  сурет-
тер, декор, Маңғышлақ жерінде орналасқан түркімендердің 
құлпытастарындағы  түркімен  таңбалары  және  Батыс 
Қазақстандағы  ескерткіштерде  кездесетін  қазақ  руларының 
таңбалары) 
қарастырылды. 
Кітапта 
Арал-Каспий 
аймағындағы құлпытастарға салынған рулық таңбалар жүйелі 
түрде  зерделеніп,  статистикалық  талдау  негізінде  әртүрлі 
ру  таңбаларының  қолданысының  сандық  көрсеткіштері 
берілген. Жұмыс барысында мұрағаттық, библиографиялық 
деректер мен ескерткіштерге жасалған салыстырмалы талдау-
лар оғыз-қыпшақ тайпаларының рулық белгілерін, түркімен, 
әсіресе,  таңбаларының  көптігімен  ерекшеленетін  Кіші  жүз 
қазақтарының  таңбаларының  жүйесіндегі  кемшін  тұсын 
толықтыруға себеп болды. Батыс Қазақстан ескерткіштерінде 
кездесетін көптеген рулық белгілердің арасындағы таңбалар 
жүйесі  хронологиялық  жағынан  бірізділікке  түскен.  Олар: 
оғыздан  шыққан  ерте  түркімен  тайпаларының  таңбалары; 

53
Әдебиеттану
түркімен ру таңбаларының жүйесі және Кіші жүз қазақтары 
таңбаларының кешені. Маңғыстаудың өте ерте кездегі ХІІ-
ХV ғғ. ескерткіштерінде (Шопан ата, Шақпақ ата, Қошқар ата 
т.б.) салор, чоудор, игдыр, байындыр тайпаларының Махмұт 
Қашқари  мен  Рашид  ад  Диннің  еңбектерінде  көрсетілген 
таңбалармен  сәйкес  келетін  таңбалары  анықталынды. 
С.Е.Әжіғалидың  20  жылдан  астам  уақытын  бір  аймаққа 
арнаған  зерттеу  еңбегі  өзіне  дейінгі  (Кеңес  өкіметі 
дәуіріндегі  және  Қазақстанның  тәуелсіздігі  кезеңіндегі) 
жарық  көрген  ғылыми  еңбектерімен  салыстырғанда, 
нысанаға  алған  объектісін  зерттеуде  жұмысының  жан-
жақты  ауқымдылығымен,  жүйелі  тереңдігімен,  тұшымды 
ой-пікірімен, 
бағалы 
тұжырымдарымен, 
нәтижелі 
қорытындыларымен құнды [31].  
О.Қаратаевтың  «Қырғыз  этнонимдер  сөздігі»  атты 
еңбегінде  қырғыздардың  ру-тайпалары,  этнографиялық 
топтары,  ел  аттары  қырғызтануда  алғаш  рет  тарихи-
этнографиялық,  лингвистикалық  жағынан  кешенді түрде зерт-
телген.  Жұмыс барысында тақырыпқа қатысты шетел және 
шығыс ғалымдарының (қазақ ғалымдарының) еңбектерінің, 
автордың ел арасынан жинаған материалдарының негізінде 
1065  этноним  іріктелініп,  жан-жақты  талданып,  мән-
мағынасы айқындалды [32].  
Е.Е.  Ямаеваның  «Родовые  тамги  Алтайских  тюрок»  де-
ген  еңбегінде  Орталық  Азия  мен  Алтай  халықтарының 
арасындағы  этномәдени  байланыстардың  кейбір  проблема-
лары жайында баяндалады. Автор Алтай халықтары арасын-
да жиі кездесетін таңбаларға тоқталып, олардың белгіленуін 
көрсетіп,  аттарын  атап  өтеді.  Мүмкіндігінше  таңбалардың 
семантикалық  мағынасын  талдауға  тырысады.  Жинақтың 
соңында  Алтай  таңбалары  салынған  үш  кесте  берілген. 
Соның  3-кестесінде  Алтай  таңбалары  мен  Орталық  Азия 
елдерінің таңбаларының ұқсас нұсқалары өзара салыстыры-
лады [33]. 

54
Әдебиеттану
Мәселеге  жанама  болса  да  тоқталған  Ә.Қайдардың 
«Қаңлы  (тарихи  шежіре)»  атты  еңбегінде  қазақ  халқының 
қалыптасуына іргетас болып қаланған б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырдан 
ХІІІ  ғасырдың  басына  дейін  Кангюй-Қаңха-Хорезм 
мемлекетін    құрып  дәуірлеген,  әулеті  түркі  әлеміне  кең 
тараған,  мәдениеті  мен  өркениеті  дамыған,  бүгінде  өсіп-
өніп  отырған  Сыр  бойының  байырғы  тұрғындары  санала-
тын ең көне түркі тайпасы қаңлылардың тарихы жөніндегі 
ой-тұжырымдары  дәйекті  түрде  берілген  [34].  Ғалымның 
келесі  «Қазақ  қандай  халық?»  деген  еңбегінде  казақтың 
барлық  ру-тайпаларының  тарихы  туралы  осы  уақытқа 
дейінгі  зерттеушілердің  айтқан  пікірлері,  тұжырымдары, 
көзқарастары  туралы  мәлімет,  деректерді  қысқаша,  нақты 
тұжырымдап, бір жерге жинақтап берген. Ғалым таңбаны өз 
кезінде, яғни фетишизмнің, діни наным-сенімнің дәуірлеген 
кезінде киелі, қасиетті, кәделі саналған кейбір тұрмыстық зат-
мүліктердің меншіктегі малға басу үшін жасалған бейнесінің 
шартты белгісі, өрнегі деп түйіндейді [35].
Қазақ  этнологиясына  қатысты  шежіре,  аңыз-әңгімелерді 
кең пайдалана отырып, қазақ халқы үш жүзінің ру-тайпалар 
тарихына,  этнографиясына,  оның  ішінде  үш  жүздің 
таңбалары  мен  малға  салатын  ен-таңбаларына  байланысты 
біраз мәселелердің басын ашқан келесі еңбек А.Сейдімбектің 
«Қазақтың  ауызша  тарихы»  атты  еңбегі  болып  табылады. 
Автор қазақ ру-тайпаларының таңбаларымен қоса, ен, енші 
беру  мәселесіне  де  жете  мән  беріп,  жан-жақты  айқындап, 
анықтап берген [36]. 
Қазақ ру-тайпаларының тарихы жөнінде «Алаш» тарихи-
зерттеу орталығы дайындап жатқан кітаптардың орны ерек-
ше, танымдық тағлымын ерекше екшеп айтақан ләзім. Оның 
ұйымдастыруымен қазақ руларының ғылыми тұрғыдан зерт-
телген тарихының 13 томнан тұратын 29 кітабының жарық 
көруі Қазақстан ғылымына қосылған үлкен үлес әрі тарихты 
зерттеуде  мүлде  тың  бағыт,  жаңа  көзқарас  ұстануы  ғылым 

55
Әдебиеттану
әлемінде,  қоғамда  айтарлықтай  жаңалық  болды.  «Алаш» 
орталығы қазақтың үш жүзінің әр руының тарихына, оның 
таңбасы мен ұранына жеке-жеке тоқталып, соған байланы-
сты шежіре мен аңыздарды да барынша мол беруге тырысқан 
[37].
2010  жылы  З.Самашев  пен  Н.Базылханның  «Көне  түрік 
таңбалары» атты жинағы жарық көрді. Еңбек Қазақстанның 
түпкір-түпкіріндегі  тау-тастарда  бейнеленген  таңбалардың 
және көне түркі таңбаларының кестесі салынған түрлі-түсті 
альбом түрінде дайындалған [38].
Е.М.Тұрғынбаевтың  ғылыми  зерттеу  жұмысында 
шежірелік деректерге этнологиялық тұрғыда талдау жасалған. 
Қазақ  мифологиясындағы,  батырлық  жырларындағы, 
әулеттік аңыздарындағы өткен тарих туралы ақпараттар са-
раланып, олардың тарихи танымдық ерекше рухани қайнар 
көзі екендігі дәлелденді. Шежіредегі ру-тайпа атауларының 
түркілік этимологиялары жүйеленді және сол арқылы қазақ 
халқының  ру-тайпалық  құрылымы  айқындалды.  Шежіреде 
ру-тайпалардың ұрандары мен таңбалары жинақталып, тал-
данып, дәйектелді [39].
М.Қарамендинаның «Әліп таңба қыпшақтың атағы озған 
Алаштан»  [40]  «Таңба  –  рудың  дербес  белгісі»  [41]  атты 
мақалаларында рудың жеке меншік белгісі таңбаға айрықша 
көңіл  бөлініп,  әр  рудың  таңбасы  жайылым,  өріс,  жайлау, 
қыстау, күзеу шекарасын белгілеп, ата қоныстың рәмізі болған 
деп  тұжырымдайды.  Қыпшақтардың  қос  әліп  таңбасының 
тарихын, таралу аймағын зерделеп, саралап өткен.
М.Искакованың  2012  жылы  жарыққа  шыққан  «Қазақ 
таңбалары»  атты  еңбегінде  негізгі  мәселені  ашып, 
айқындау  үшін  алдымен  ежелгі  тарихқа  шегініс  жасап,  ат-
ланттар  мен  арийлерге,  ашина  ғұндары  мен  түркілеріне, 
скифтердің  шығу  тегіне,  Гипербореяны  қорғаушыларға, 
аваторлардың  сегізұшты  жұлдызына  тоқталып,  сараптап 
талдап  келіп,  қазақтардың  шығу  тегіне,  Шыңғыс  ханның 

56
Әдебиеттану
таңбасына, қазақтың үш жүзіне, ұрандары мен таңбаларына 
әкеліп  жалғастырады.  Автордың  зерттеу  еңбегі  әдетте 
жарыққа  шығып  жатқан  жинақтардай  емес,  өз  пайымы 
мен  ой-пікірі,  тұжырымы  басқаша  зерделеніп  жеткізілген. 
М.Искакова  таңбаны  геометриялық  бейнелеулердегі  көне, 
материалдылыққа  лайықталған  білім  дейді.  Таңба  –  рудың 
белгісі,  мөрі,  байрақтардағы  елтаңбасы,  көшпелілердің 
негізгі  материалдық  байлығы  мал  болғандықтан,  малға 
қойылатын белгі ретінде қызмет еткен деп тұжырымдайды 
[42]. 
Белгілі  этнограф  ғалым  Нұрсан  Әлімбай  «Жүз»  деген 
мақаласында    қазақ  жүздерінің  генезисі  мен  табиғатын 
дәстүрлі  қазақ  отбасының  патронимиялық  принципке 
негізделген  құрылымының  объективтік  қисыны  арқылы  да 
түсіндіруге, ғылыми модельдеуге болатынын тұжырымдайды. 
Расында да, көшпелі социумда айрықша ұйымдастырушылық 
және реттеушілік функция атқарған туыстық қатынастардың 
негізі болып табылатын ата-әке-бала (ата-бала-немере )және 
аға-іні арасындағы байланыстардың ежелден орныққан нор-
малары, категориялары мен принциптері әрбір қазақ үшін от-
басы деңгейінде ғана емес, бүкіл қазақы ортадағы әлеуметтік 
қатынастардың  үлгісі,  әрі  негізі  болып  есептелінді.  Алу-
ан  нұсқалы  болып  келетін  шежірелік  қисындарда  қазақ  эт-
носы  мен  жүздерінің  қалыптасу  сюжеті  жоғарыда  аталған 
патронимиялық  желіске  құрылғандығы  сондықтан.  Демек, 
қазақ  жүздері  аталмыш  отбасылық  патронимиялық  желіс 
(үлкен  ұл-ортаншы  ұл-кіші  ұл)  үлгісімен  қалыптасты  деп 
айтуға болатынына автор ерекше мән береді [43].
М.А.  Алпысбестің  «Қазақ  шежірелері  тарихи  дерек 
ретінде»  атты  монографиясы  2013  жылы  жарыққа  шықты. 
Қолжазба қорларында сақталған қазақ шежірелері деректік 
тұрғыдан алғаш рет зерттеліп, көптеген тың деректер зерде-
ленген.  Шежірелердің  қалыптасуы  мен  оның  сыртқы  және 
ішкі қалпын, сондай-ақ оның тарихи негіздері мен мазмұнын 

57
Әдебиеттану
кешенді  түрде  талдаудың  тәжірибесі  жасалған.  Шежірелік 
деректің  ауызекі  және  жазбаша  мәтін  үлгілеріндегі  көрініс 
табатын  тарихи  сана  мен  ой-танымның  қалыптасуы  мен 
өміршеңдік  ерекшеліктері  алғаш  рет  барынша  жан-жақты 
қарастырылған. Сонымен қатар рулардың құрылу, одақтасу 
тарихы  да  «енші  бөлу»,  «таңба  үлестіру»,  «руды  бөлісу» 
сияқты мәселелер дәйектеліп, сараланды [44].  
Сөйтіп  тәуелсіздік  кезеңіндегі  зерттеулер  жинақталып, 
жүйеленді.  Егеменді    еліміздің  зерттеушілері  тарапынан 
соңғы  уақыттарда  қазақтың  таңбалау  жүйесінің  кейбір 
қырларын  қарастыратын,  немесе  жеке-жеке  рулардың  та-
рихына  тоқталған  біршама  еңбектер  жарық  көрді.  Оларда  
қазақтың таңбалау мәселесін кешенді, түбегейлі зерттеуге тал-
пыныстар жасалды. Жоғарыда аталған зерттеу еңбектерінде 
аталмыш  тақырыпқа  байланысты  жаңа,  тың  проблемалар 
көтеріліп, оның шешімін табуға тиісті мәселелер ауқымды, 
жүйелі анықталып, зерделеніп, қарастырылды.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал