Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет12/13
Дата08.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

                                       
                                       Т.Әлбеков
СҮЙІНБАЙДЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ: ЖИНАЛУ,  
ЖАРИЯЛАНУ,  ЗЕРТТЕЛУ ЖЫЛНАМАСЫ 
Ел  еркіндігі  қолына  тиген  соңғы  ширек  ғасырдың 
көлемінде әдебиет пен мәдениетіміздің тарихы жаңа қырынан 
қарастырылып,  халқымыздың  рухани  жадын  жалғастырып 
келген  тұлғалардың  есімдері  жалған  жаладан  аршылып, 
мұралары кейінгі ұрпақтың игілігіне жаратылып, там-тұмдап 
болса  да  зерттеліп  жатқаны  белгілі.  Дегенмен,  толық  бол-
маса  да  шығармалары  әр  кезеңдерде  хатқа  түсіп,  еліміздің 
сирек  қорларында  сақталып  қалған  ақын-жыраулардың, 
әнші-жыршылардың  соңында  қалған  әдеби  мұраларына 
жанашырлықпен назар аударар болсақ, ұлтымыздың рухани 
қазынасының әлі де беткі қабатын ғана аршып жүргенімізді 
аңғарар едік. Әдебиет тарихы, әсіресе ХІХ ғасыр әдебиетінің 
Қобылан, Жанақ, Түбек, Абыл, Шөже, Шернияз, Кемпірбай, 
Өске,  Майкөт,  Қарқабат,  Досмағамбет,  Құл  сынды  ондаған 
өкілдерінің  шығармашылығы  туралы  кейде  аздаған  зертте-
улер жазылғанымен, олардың әдеби қорларда, мұрағаттарда 
жатып  қалған,  тіпті  бүгінгі  күнге  дейін  ел  ішінде,  болма-
са  ұрпақтарының  қолында  сақталып  қалған  қолжазбалары 
толық  жинақталып,  жүйеленіп,  текстологиялық  сараптау-
лардан  өтіп,  басылым  көріп,  ғылыми  айналымға  енгізілді 
деу шындыққа сәйкес келмес еді. Соның бір дәлелі ретінде 
биылғы  жылы  туғанына  200  жыл  толып  отырған  ақиық 
ақын, Жетісу ақындық мектебінің негізін қалаған Сүйінбай 
Аронұлының соңында қалған әдеби мұралары мен олардың 
зерттелу тарихына тоқталып өтсек те жеткілікті болмақ. 
Сүйінбай  туындыларын  белгілі  фольклортанушы-этно-
граф  Ә.Диваев  1920  жылы  Жетісу  экспедициясы  барысын-
да ел арасынан алғаш жазып алып, «Наука и просвещение» 
(1922.  №1),  «Жаңа  әдебиет»  (1929.  №6)  журналдарында, 

176
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
С.Сейфуллин «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» жинағында 
(1931), 1935 жылы І.Жансүгірұлы мен Ф.Ғабитова «Сүйінбай 
ақын» (Әдеби мұралары) кітабында, кеңестік кезеңде «Ақын 
жырлары»  (1958),  «ХҮІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  ақындардың 
шығармалары»,  «Үш  ғасыр  жырлайды»  (1965),  «Айтыс» 
(1965,  1-т)  жинақтарында,  сондай-ақ  түрлі  хрестоматия-
лар  мен  оқулықтарда,  антологияларда  жарияланды.  Про-
фессор  С.Садырбаев  пен  Е.Естаевтың  дайындауымен 
«Ақиық»  (1975),    кейін  1990,  1996,  2009,  2010  жылдары 
С.Садырбаевтың құрастыруымен ақынның жеке таңдамалы 
шығармалар  жинақтары  басылым  көріп  отырды.  Алайда, 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының, 
«Ғылым  Ордасы»  мекемесіне  қарасты  Орталық  ғылыми 
кітапхананың  сирек  қорларындағы  Сүйінбайдың  қолжазба 
мұраларын  жүйеге  келтіріп,  текстологиялық  саралау 
жұмыстарын жүргізу барысында көптеген өлең-толғаулары, 
айтыстары  мен  қағысулары,  олардың  нұсқалары  ғылыми 
талданып, жарияланбай келгендігі анықталды. 
І.Жансүгірұлы  Сүйінбайдың  әдеби  мұрасын  жеке 
жинақ  ретінде    жариялаумен  қатар  оның  өмірі  мен 
шығармашылығына  қатысты  да  алғаш  талдаулар  жаса-
ды.  Аталған  жинақтың  алғы  сөзінде  құрастырушы  сол 
тұстағы  саяси-идеологиялық  шектеулерден  қаймыққандай 
кейіп  танытып:  «Тезек  Сүйімбайды  апарып  қырғыз  ақыны 
Қатағанмен шайнастырады. Сөйтіп, Сүйімбай бірде қараның 
тілі болса, бірде төренің тілі болады. Айналып келгенде кім 
ат берсе, ас берсе сол үшін мақтап, өз тамағының құлы бо-
лады»,  –  деген  ой  айтады.  Бірақ  Сүйінбайдың  Қатағанмен 
айтысын талдай келіп, екі ақынға да мынандай әділ бағасын 
береді:  «…Сүйімбай,  Қатаған  сөздері  –  бұрынғы  қазақ, 
қырғыз елінің ескі ауылы керегіне жараған сөздер. Кезінде 
бұл ақындардың тілі екі елдің бірін-бірі шапқан жорығындағы 
найзасынан да, қылышынан да кейін болмаған»[1:6]. Қалай 
дегенде,  сол  тұста  Қазақ  АКСР  ОАК-нің  мүшесі  болып, 

177
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
Сүйінбай жинағы жарыққа шыққаннан екі жыл кейін саяси 
жаламен тұтқындалып, кейін атылып кеткен Ілиястың ақын 
шығармашылығына  терең  зерттеулер  жүргізуіне  мүмкіндік 
болмағаны анық.
Кеңес  кезеңінің  40-60  жылдары Сүйінбай шығармашы-
лығы  ғылыми  тұрғыда  жүйеленіп,  тақырыптық-идеялық, 
поэтикалық  қырларын  айқындайтын  біршама  зерттеулер 
жүргізілді.  Атап  айтқанда,  академик  Қ.Жұмалиевтің  1942 
жылы орта мектептердің 8-сыныбына арналған оқу құралына 
арнап  жазған  «Сүйінбай»  атты  мақаласында  ақынның 
өмірі  мен  шығармашылығына  кеңінен  тоқталған.  Әсіресе, 
өміріне  қатысты  мол  деректер  келтіріп,  арнау,  толғаулары 
мен оның Қаңтарбаймен, Майлықожамен өткен айтыстары-
на  айырықша  мән  беруінен  ғалымның  Сүйінбайдың  көзін 
көрген қарттармен кездесіп, 20-жылдардан бері хатқа түсіп, 
КСРО  Ғылым  академиясы  Қазақ  филиалында  сақталған 
қолжазба мұралармен етене таныс екендігін аңғаруға бола-
ды.  Қ.Жұмалиев  бұл  зерттеуінде  ақынның  Тезек  төремен 
айтысына, «Тезек төреге айтқан көңіліне», «Кәрілік туралы» 
толғауына  арнайы  тоқталып,  негізінен  ақындық  қуатына, 
сөз  кезегі  келгенде  төреден  де,  батырдан  да  тайсалмай-
тын  батылдығына,  өрлігіне,  кемшілікті  тура  бетке  айтатын 
шыншылдығына, туындыларының көркемдік қасиетіне, ішкі 
астарына, философиялық мән-маңызына ден қойған. Сөйтіп, 
Сүйінбай бойындағы сан-салалы қасиеттерді саралау арқылы 
әдебиет тарихындағы оның ақындық тұлғасын алғаш ғылыми 
ортаға  танытуға  күш  салады.  Бұған  ғалымның  мына  ой-
тұжырымдары айқын дәлел болады: «...Сүйінбай өлеңдерінің 
біздер  үшін  мәні  үлкен.  Үйткені,  Сүйінбай  өз  дәуірінде  ел 
тілегін айта білді. Халықты эксплуатациялаушылардың бетін 
ашты,  халқын  сүйген  патриот  ұлдарды  жырлады,  оларды 
басқаларға үлгі етті, жастарға үлгі болғандай (өмір туралы) 
еңбектер қалдырды, халықты езушілерді кекете, мысқылдай 
суреттеп,  оқушылардың  оларға  жек  көретін  сезімін  оятты, 

178
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл  
көркем образды сөздердің кейінгілер үшін үлгісін қалдырды. 
Міне,  оның  творчествосының  біздер  үшін  осы  жақтары 
бағалы» [2:283].
Белгілі  қаламгер,  зерттеуші,  халық  мұраларын  жина-
ушы  С.Бегалиннің  40-жылдардың  басында  Жамбылдың 
қасында  жүріп,  өмірі  мен  шығармашылығына,  ақындық 
ортасына  қатысты  өте  бай  материалдар  жинап,  кейін  ұлы 
тұлғаның туғанына 100 жыл толуына орай монографиялық 
еңбек  жазғаны  белгілі.  Өкінішке  орай,  машинкаға  теріліп, 
баспаға ұсынылған бұл еңбек кеңестік цензураның елегінен 
өтпегендіктен,  жарты  ғасыр  бойы  Орталық  ғылыми 
кітапхананың  сирек  қорында  жатып  қалған  еді.  Бұған  се-
беп,  зерттеуде  Жамбыл  маңындағы  тарихи  тұлғалар  мен 
олардың  қызметі,  ХІХ  ғасырдағы  қазақ  қоғамының  жай-
күйі, саяси-әлеуметтік жағдайлар, отаршылдықтың салдары, 
қазақ-қырғыз  елдерінің  арасындағы  қарым-қатынастардың 
тұрақсыздығы сияқты келелі мәселелердің бүкпесіз, шынайы 
жазылуында  болды.  Осы  ретте  С.Бегалин  Жетісу  ақындық 
мектебіне ерекше ден қойып, оның негізін қалаушы Сүйінбай 
Аронұлының толық өмірбаянын хатқа түсірген. Бұл еңбектің 
сапалы жазылуына ақынның көзін көрген Жамбыл, Өмірзақ, 
Үмбетәлі, «Сүйінбайға бала есебінде болып, үйінде болған 
Ыбырайым  Байсімбет  баласы»  [3:66].  сияқты  көкірегі  ояу, 
шежіре  қарттардың  әңгіме-естеліктері  айырықша  септігін 
тигізген.  Сүйінбайдың  өміріне  қатысты  кейін  жазылған 
зерттеулердің көпшілігіне осы қолжазба арқау болып, бағыт-
бағдар  беріп  отырған.  Бұл  аса  құнды  еңбектің  жарыққа 
шығуына тек 1996 жылғы Жамбылдың туғанына 150 жыл то-
луына байланысты мүмкіндік туғандығы оқырман қауымға 
мәлім. 
Елуінші  жылдардың  екінші  жартысында  «Ақындар» 
монографиясында  профессор  Е.Ысмайылов  Сүйінбайдың 
Тезек  төремен  айтысына  арнайы  тоқталып,  туындыны  сол 
кезеңде өткен тарихи оқиғалармен салғастыра қарастырады. 

179
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
Сүйінбайды  Жамбылдың ұстазы ретінде бағалап: «Жамбыл 
Сүйінбайдан  көп  үйренген.  Үйреніп,  үлгі  алудың  екі  түрлі 
жағы бар. Бірі Сүйінбайдың сыншылдығынан, халық мұңын 
жақтаушылығынан үлгі алу сияқты идеялық-творчестволық 
үйрену  болса,  екіншісі  –  ақындық  шеберлік,  шешендік, 
тапқырлық  жөнінен  үйрену»  [4:104],  –  деген  түйінді 
тұжырымға келеді. 
Әдебиеттанушы  ғалым  Б.Ақмұқанованың  «Сүйінбай 
ақын» атты мақаласы 1959 жылы ҚазКСР Ғылым академи-
ясы хабаршысының «Филология және искусство зерттеу се-
риясында» (№3), 1960 жылы «Жұлдыз» журналында (№1), 
1961 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихында ( ІІ-том, 1-кітабы) 
жарияланды.  Ал  профессор  Х.Сүйіншәлиевтің  «Сүйінбай 
ақын»  зерттеу  мақаласы  1965  жылы  «Жұлдыз  журналын-
да  (№3)  басылым  көрді.    Б.Ақмұқанованың  зерттеуінде 
ақынның  өміріне  қатысты  мәліметтер,  айтыстары  мен 
өлеңдері, олардың құрылымы мен көркемдік ерекшеліктері 
қарастырылса,  Х.Х.Сүйіншәлиевтің  мақаласында  ақындық 
шеберлігіне айырықша мән беріледі. 
Кеңестік  кезеңнің  70-90  жылдары  зерттеу  жұмыстары 
жалғасын тауып, Сүйінбай еңбектері іргелі ғылыми талдау-
лар жүргізіле бастады. Енді оның шығармашылығына Жетісу 
ақындық мектебінің, Жамбылдың ақындық ортасының, тіпті 
ХІХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  негізін  қалаушы  тұлға 
ретінде  жан-жақты  қарастырылып,  тың  зерттеулер  жазыл-
ды. Атап айтқанда, М.Қаратаев, Р.Бердібай, М.Жолдасбеков, 
М.Жармұхамедұлы,  С.Негимов,  Қ.Ергөбеков,  С.Дәуітұлы 
сынды ғалымдар мен Х.Ерғалиев, М.Етекбаев, Н.Оразбеков 
т.б. қаламгерлердің ғылыми басылымдарда, республиканың 
бұқаралық ақпарат көздерінде жарияланған зерттеулерінде, 
естеліктерінде,  мақалаларында  Сүйінбайдың  ақындық 
әлеуеті,  айтыскерлік  шеберлігі,  жыршылық  дарыны  тал-
данып,  оның  Жетісу  өнер  мектебіндегі  өзіндік  өрнегі, 
ұстаздық болмыс-бітімі, өнеге-тәлімі, тыңнан қосқан бағыт-

180
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
бағдарлары қарастырылды. 
Осы  ретте  Сүйінбай  шығармашылығының  нағыз  жа-
нашыры,  ақынның  1975  жылдан  бері  басылым  көрген 
жинақтарының  құрастырушысы  марқұм  профессор 
С.Садырбаевтың еңбегін айырықша атап өткен жөн. Ол сана-
лы ғұмырын түпкі атасы Сүйінбайдың мұраларын жинауға, 
шығармашылық өмірбаянын толықтыруға, жүйелеп баспаға 
дайындауға,  олардың  алғы  сөзі  мен  ғылыми  түсініктерін 
жазуға,  арнайы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге  арнады. 
Тіпті, «Сөздің пірі – Сүйінбай» деректі фильмінің сценарийі 
де  ғалымның  қаламынан  туындағанын  оқырмандардың 
көпшілігі  біле  бермеуі  де  мүмкін.  Ғалымды  өзге 
зерттеушілерден ерекшелейтін тағы бір жайт, оның Сүйінбай 
өмір сүрген кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайларды, Жетісу 
өлкесінде өткен оқиғаларды, қазақы қоғам мен оған ықпал 
еткен  тұлғалар,  қайраткерлер  туралы  нақты  деректерді,  та-
рихи  мәліметтерді  өте  жетік  білетіндігінде  еді.  Сол  себеп-
тен  де  ақын  поэзиясын  талдау  барысында  әр  туындының 
түпнегізін болған оқиғалармен, кейіпкерлердің өмірімен са-
лыстыра зерттеп, мәтін тарихына аса мән берді. Сондықтан 
ғалымның  Сүйінбайтану  саласындағы  еңбектерінің  дені 
ақын  шығармашылығына  деген  сүйіспеншілігінен,  ұрпағы 
ретіндегі  азаматтық  ұстанымынан,  ұзақ  жылдардағы 
ізденістері мен тәжірибесінің негізінде туындап отырды. 
  Сүйінбайдың  әдеби  мұраларын  іргелі  түрде, 
монографиялық деңгейде зерттеу тек сексенінші жылдардың 
басында ғана қолға алынып, ұстаз-ғалым М.Үмбетаев 1981 
жылы  «Сүйінбай  Аронұлының  поэзиясы  және  оның  тари-
хи  негіздері»  деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация 
қорғады.  Сол  еңбектің  негізінде  1992  жылы  «Пірім  менің 
–  Сүйінбай»  атты  монографиялық  зерттеуі  басылым  көрді. 
Еңбекте  ақын  шығармаларының  жиналу,  зерттелу  тарихы, 
өмірбаяны,  өлең-толғауларының,  әсіресе  арнаулары  мен 
айтыстарының, жырларының тарихи сипаты, ХІХ ғасырдағы 

181
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
қазақ халқының әдеби-рухани болмысы, қазақ-қырғыз, қазақ-
қоқан,  қазақ-орыс  халықтары  арасындағы  саяси-мәдени 
қарым-қатынастар,  туындылардың  жанрлық,  құрылымдық 
ерекшеліктері, 
көркемдік 
қасиеттері, 
Сүйінбайдың 
Жетісу  ақындық  мектебін  қалыптастырудағы  рөлі,  қоғам 
қайраткері ретіндегі тұлғасы мұрағаттық деректердің, сирек 
қолжазбалардың, ел аузынан жиналған ауызша мәліметтердің 
негізінде  ғылыми  сарапталып,  байыпты  ой-пікірлер  ай-
тылды.  Кеңестік  кезеңнің  шарықтау  шегіне  жеткен  жыл-
дары  жазылса  да,  автордың  Сүйінбай  мұраларын  барынша 
қамтыған,  әдеби-көркемдік  сипатын  ашуға  мүмкіндігінше 
қол жеткізгендігін айқын аңғаруға болады.
Еліміз  тәуелсіздігін  жариялағаннан  бергі  кезеңде  де 
Сүйінбай  шығармашылығы  ғалымдардың  назарынан  сырт 
қалмады. Бұрын жарияланған жинақтары толықтырып қайта 
басылым көріп отырды және оларға қатысты тың ойлар ай-
тылып,  еркін,  жаңаша  пікірлер  қалыптаса  бастады.  Атап 
айтқанда, ақынның ХІХ ғасыр шеңберіндегі қазақ әдебиеті 
пен  мәдениетіне  қосқан  үлесін,  Жетісудағы  ақындық, 
айтыскерлік,  жыршылық,  әнші-күйшілік  мектептерінің 
негізін қалаушы ретіндегі орнын, қазақ айтысын халықаралық 
деңгейге, кеңес кезеңіне дейінгі әдебиетті биікке көтерудегі 
еңбегін  ғылыми  тұжырымдаған  зерттеулер,  мақалалар  жа-
зылды. «Қазақ әдебиетінің тарихы» онтомдығының 4-томы-
на  Сүйінбайдың  өмірі  мен  шығармашылығын  жан-жақты 
қамтыған ғылыми еңбек енгізілді. 
С.Садырбаев  ақынның  шығармашылығына  қатысты 
кейінгі  жылдары  жарияланып  келген  зерттеулермен  толық 
таныса  отырып,  тақырыптарды  төмендегідей  жүйеге 
түсіреді:  «Қара  сөздің  бұлбұлы  атанған  Сүйінбайдың 
ақындық  өнері  туралы  жазылған  ғылыми  еңбектерді  төрт 
топқа бөлуге болады: а) тарихи-әдеби еңбектер; ә) орта мек-
теп  пен  жоғары  оқу  орындарына  арналған  оқу  құралдары 
мен  оқулықтар;  б)  монографиялық  зерттеулер;  в)  әдеби-

182
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
сын  мақалалар»  [5:11].  Осы  ретте  кейінгі  ширек  ғасыр 
көлемінде  ақын  мұрасына  қызығушылық  танытып,  осы 
тақырыптарға қатысты ұжымдық жинақтарда, оқулықтарда, 
бұқаралық ақпарат беттерінде ғылыми-танымдық мақалалар 
жазып  жүргендердің  арасынан  Ж.Дәдебаев,  У.Қалижанов, 
Д.Қыдырәлі, 
Б.Сманов, 
Т.Тебегенов, 
М.Үмбетаев, 
С.Қазыбайұлы, Т.Омаров, Р.Әбдіғұлов, Г.Орда, С.Қамшыгер, 
Р.Каренов т.б. ғалым-зерттеушілердің аты-жөнін атап өткіміз 
келеді.
Алайда, бүгінгі күнге дейін жарияланып келген еңбектерге 
қарап,  дәстүрлі  жыраулық  поэзияны  жалғастырып,  сол 
арқылы  көне  түркілердің  «Бөрілі  байрақ»  ұранын  ХІХ 
ғасырдың соңындағы ұрпақтарына жеткізген, өзі өмір сүрген 
кезеңдегі  әдебиетті  өркендетуде,  халықаралық  белестерге 
көтеруде  аянбай  тер  төккен  Сүйінбай  Аронұлының  хатқа 
түсіп,  сақталып  қалған  әдеби  мұрасы  толық  жарияланып, 
әділ бағасын иеленді деуіміз қисынсыз, ғылыми негізсіз бо-
лар еді. Бұл пікірге айғақты дәлел боларлық бірнеше себеп-
тер бар.
Біріншіден,  ақынның  көзі  тірі  кезінде,  тіпті  Қазан 
төңкерісіне  дейінгі  жылдары  да  оның  шығармаларына 
жанашырлық  танытып,  жазып  алушылар  болмады.  Ал 
кеңестік  дәуірде  коммунистік  жүйенің  біржақты  саяси-
идеологиясының  шеңберінде  жинастырылып,  цензураның 
елегінен  өткендері  ғана  жарияланды.  Сүйінбайдың  көзін 
көріп, туындыларын жадында сақтап қалған ақын-жыршылар 
да  саяси  науқаннан  қаймығып,  хатқа  түсіру  кезінде  есте 
сақтағандарын толық жеткізбеді, үзілмей айтылған жағдайда 
да  жинаушылар  сақтық  жасап,  кейбір  шығармалардың 
жаңа қоғамға қажетсіз деп саналған бөліктерін, кейде тұтас 
күйінде жазып алудан бас тарты. Ал кейін басылым көрген 
өлең-толғауларының,  айтыстары  мен  жырларының  өзі  ре-
дакцияланып  отырғандықтан,  мәтіндер  мақсатты  түрде 
қысқартылды, кейбір сөздер, тармақтар, шумақтар өзгеріске 

183
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
түсірілді. Күмәнді болып көрінген өлеңдер, қағысулар басы-
лымдардан  алынып  тасталды,  жарияланған  айтыстарының, 
жырларының  көлемді  нұсқалары  ғылыми  айналымға 
енгізілмей  ұзақ  жылдары  Ғылыми  кітапхана  мен  институт 
қорларында жатып қалды. 
Екіншіден,  осы  аталған  шектеулер  зерттеушілерге  де 
қатысты  болғандықтан,  Сүйінбайдың  шығармашылығын 
таптық, 
партиялылық, 
интернационалдық 
тұрғыда 
қарастырылды.  Сол  себептен  де  ақынның  әдеби  мұралары 
тек  аталған  идеологиялық  шеңбердің,  тек  жарияланған 
мәтіндердің  аясында  ғана  қарастырылып,  жалпылама 
тұжырымдар жасалды. Мысалы, Сүйінбайтануға байланысты 
ғылыми еңбектермен толық танысып шығып, байқағанымыз, 
олардың  көпшілігінде  ақынның  би-болыстарға,  ауқатты 
байларға,  молда-қожаларға,  төре-манаптарға  айтқан  арнау-
лары, Тезек төремен өткен айтысы т.б. таптық көзқарастың 
негізінде талданған. Ал Қатағанмен болған жыр додасы ту-
ралы  зерттеулерде  жарияланып  жүрген  мәтіннің  үзіндісі 
ғана нысанаға алынғандықтан, шығарманың екі ақын қазақ-
қырғыз  халықтары  арасындағы  түрлі  қайшылықтарды, 
қоғамдық-әлеуметтік  жайттарды,  әсіресе  Кенесары-
Наурызбайға  қатысты  көтерген  мәселелерді  баяндай-
тын  тұстары  мүлде  қарастырылмаған.  Бұл  кемшіліктер 
ел  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  жазылған  еңбектерге  де 
қатысты.  Себебі  зерттеушілердің  көпшілігі  төте  жазу-
ды  (араб)  білмегендіктен,  Сүйінбайдың  оқырман  қауымға 
белгісіз  болып  келген  мұраларын,  Тезекпен,  Қатағанмен, 
Арыстанбекпен,  Майлықожамен,  Жантаймен,  Тұрсынай, 
Кескенкекіл,  Өзипа  қыздармен  айтыстарының  нұсқаларын, 
тіпті  жарияланған  мәтіндердің  қорлардағы  түпнұсқаларын 
оқып, текстологиялық сараптаулар жасамаған.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 
ғалымдары  ақын  мерейтойының  қарсаңында  осы 
олқылықтардың орнын толтырып, оның қазақ әдебиетіндегі, 

184
Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл 
жалпы  түркілік  руханияттағы  рөлін,  қоғам  қайраткері 
ретіндегі  тарихи  тұлғасын  жаңа  көзқараспен  жан-жақты 
ашатын  зерттеулер  мен  монографиялық  еңбектер  жазу 
мақсатында  ақынның  барлық  туындыларын  жиыстырып, 
текстологиялық  тұрғыда  зерттеуді  қолға  алды.  Соның 
нәтижесінде    алғаш  рет  «Сүйінбай  Аронұлы.  Толық 
шығармалар  жинағы»    ғылыми  басылымы  мен    1935  жыл-
дан бері Сүйінбай шығармашылығына қатысты жарияланған 
ғылыми  зерттеулердің,  мақалалардың,  естеліктердің 
топтамасының  негізінде  «Сүйінбай  Аронұлы:  Зерттеулер 
мен мақалалар» аталған еңбекті баспаға ұсынды. 
Әдебиеттанушылар    Сүйінбайтанудың  жаңа  кезеңі  енді 
ғана  басталды  деп  есептейді.  Сондықтан  келешекте  жазы-
латын  ғылыми  еңбектерде  ақынның  әдеби  мұрасы  толық 
қамтылып,  тың  көзқарастағы  іргелі  зерттеулер  жүргізіледі 
деген ойдамыз. 
Әдебиеттер:
1.  Сүйінбай  ақын  (Әдеби  мұралары)  /  Құраст. 
І.Жансүгіров, Ф.Ғабитова. – Алматы: Көркем әдебиет баспа-
сы, 1935. – 6 б.
2.  Қазақ  әдебиеті.  Қазақтың  ауыз  әдебиеті  мен  ХҮІІІ-
ХІХ ғасырдағы жазба әдебиеті. Орта мектептердің 8-класына 
арналған  оқу  құралы.  Алматы:  Қазақтың  біріккен  баспасы, 
1942. -283-б.
3.  Бегалин С. Жамбыл: Өмірбаяндық хикаят. – Алматы: 
Жалын, 1996. – 66-б.
4.  Ақындар:  Жамбыл  және  халық  ақындарының  твор-
чествосы  туралы  монография.  –  Алматы:  Қазмемкөркем 
әдебиет, 1956. – 104-б.
5.  Садырбаев  С.  Ақындық  өнердің  жарық  жұлдызы  // 
Бөрілі менің байрағым: Жыр толғау, айтыстар, естеліктер. – 
Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2009. –11-б.

185
С.Қасқабасов  - 75 жаста
Р.Әлмұханова
                
  САНАДАҒЫ СӘУЛЕ
Шын  ұстазға  шәкірт  болу  −    бақыт.  Маған  осы  бақыт 
бұйырған.    Өйткені,  мен  үш  шын  академикке  шәкіртпін. 
КазГУ-дің  журналистика  факультетін  бітірген  менің 
академиялық  институттың  аспирантурасына  келуіме    жол 
ашқан  академик,  марқұм    Шмидт  Мұсаұлы  Айталиев  еді.  
Ол кезде Ғылым академиясының филиалдары болатын, мен 
облыстық «Атырау» газетінде қызмет етіп жүрген жерімнен 
келуімнің  жолашары  осы  филиал    және    жоғары  оқу  ор-
нын қызыл дипломмен бітіргенім, дипломдық зерттеуімнің 
«Қазақстан коммунисі» журналына жарық көруі себеп болды. 
Мен осылайша   шын ғылымның ордасына келдім. Ол кезде 
Серік  Смайылұлы  Қирабаев    М.Әуезов  атындағы  Әдебиет 
және өнер институтының директоры болатын. Мен КазГУ-
де оқығандықтан, Серік Смайылұлымен тікелей таныстығым 
болған жоқ еді, директор кабинетіне кірген бойда қолымды 
беріп, амандастым да: − Ағай, мен Атырауда келдім, − дедім.  
– Біліп отырмын, − деді ол. Бес жыл Алматыда оқысам да, мән 
бермеген бір жай бар екен, оңтүстікте қыздар ер адамдарға қол 
беріп амандаспайды, Серік ағай  менің батыстан келгенімді 
осыдан аңғарған сияқты, жүзіндегі әдемі жымиыстың пайда 
болуының себебін кейін түсіндім.  Бірақ үлкен ұстаз менің 
туып-өскен өлкемнің дәстүрін бұздырған жоқ. Амандасудың 
бұл түрі «Қолымда сізге зиянын тигізер ештеңе жоқ» дегенді 
білдіруден туған. Оның үстіне батыста қыздар да еркін, тек 
келіндер ғана бұлай істемейді.   Журналистикада қызмет етіп 
жүргенімде де бұл халықаралық этикетті ұстанғанмын. Алай-
да,      кейінгі  өмірімде  кейбіреулердің  мұндайды  қолдамай, 
тіпті,  ақжарқын  көңіліңмен  ұсынып  тұрған  қолыңды  ал-
май  қойған  адам  кездескенде,  шын  ұстаздардың  қадірін 
білдім.  Атақ-даңқының  өзінен  кейбіреулер  именетін  Серік 

186
Смайылұлының алдына мен еркелеп кіретінмін. 
Мен  аспирантура  оқыған  1994−1997  жылдары  еліміздің 
экономикалық жағдайы қиын кез еді, бірақ мен туралы жақсы 
хабар  алған  соң,  С.Смайылұлы  аспиранттарға  арналған 
жатақханадан орын бергізді, шәкіртақымды да уақтылы алып 
жүрдім, еш қиындық көргенім жоқ. Осылайша мен ғылымға 
келдім. 
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтына 
қызметке орналасып, еңбек етіп жүргенімде 2001  жылдың 
қыркүйек  айында  директорлық  қызметке  академик  Сейіт 
Асқарұлы  Қасқабасов  келді.  Ол  кісінің  бұл  қызметке 
келуінің  өзіндік  сыры  бар,  институттың  ақсақалдары 
ғылымды көктететін нағыз ғалым ретінде  Сейіт Асқарұлын 
директорлық  қызметке  тағайындауды  сұрап,    министрлікке 
хат жазып, қалап алған. Иә, шын ғалымдар осындай таза бо-
лады.  Біз  шын  ғылымның  адамдарына  осылайша  қызығып 
өстік.
Нағыз  ғылымның  ордасы  −  М.О.Әуезов  атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институтындағы  қызмет  жолымда  кіші 
ғылыми  қызметкерліктен  бас  ғылыми  қызметкер  деңгейіне 
жеттім, ғылым докторы атандым. Маған «Қазақ фольклоры 
мен  антикалық  әдебиеттің  типологиясы»  атты  докторлық 
тақырыпты сеніп берген Сейіт Асқарұлы Қасқабасов еді. Өзі 
ғылыми кеңесшім болды. Директорлық қызметпен бірге фоль-
клортану  бөлімінің  меңгерушісі  болғандықтан,  ол  кісімен 
қоян-қолтық он жыл бірге жұмыс істедім. Бұл кісі де менің 
қол беріп амандасатын дәстүрімді бұзған жоқ, қашанда еркін 
пікірлесулерге жол ашатын. Бүгінде біз Астанада жүрсек те, 
қызмет орындарымыз әр басқа, дегенмен, өзімнің шын акаде-
миктерге шәкірт болғанымды мақтанышпен айтамын. Жеке 
басымның  даңғазасы  үшін  емес,  санама  сәуле  құйған  шын 
академиктер екенін айтып, олардың күнделікті   жағдайларға 
қатысты  және  ғылыми  кеңестердегі  әр  шешімді  сөздерін  
жастарға үлгі етемін. Астанадағы жаңа қызметімдегі жастар: 
С.Қасқабасов  - 75 жаста

187
«Апай,  сіз  бақыттысыз  ғой,  бізге  ондай  бақыт  бұйырмады, 
енді, ең болмаса, сондай үлкен адамдардан, шын академик-
терден үлгі алған сізге шәкірт   бола алсақ», − дегенді естудің 
өзі ғанибет. 
Еңбек  жолын  ұстаздықтан  бастаған  Сейіт  Асқарұлының 
ғылымда да шәкірт тәрбиелей білуінің үлгісі бар. Ең алды-
мен, Сейіт Асқарұлының өзі өте еңбекқор. Ішкі түйсігім ай-

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал