Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 2.83 Kb.

бет10/13
Дата08.01.2017
өлшемі2.83 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Литература:
1.  Abai  Kounanbaiouly.  Reflexions  en  prose,  poemes 
“Iskander” et “Masgoud”. –  Almaty: Raouan, 1994. – P.5-6.
2. Abai (Ibrahim) Kounanbaiouly. «La poésie est la reine des 

152
Халықаралық  байланыстар
mots... ». – Almaty: Evrasia, 1995. – Р.99-100.
3.  Шанталь  Лемерсье-Келькежей.  Абай  Кунанбаев,  про-
свещенный модернист // Мир Абая, 2004. – C.68-73.
4. Жоселин Перар, Маривонн Перро. Абай – экзистенци-
альный мыслитель // Мир Абая, 2004. – C.74-77.
5. Bennigsen A., Lemercier-Quelquejay Ch. Sultan Galiev. Le 
père de la révolution tiers-mondiste. – Paris, 1986. – Р.31-32.
6. Dictionnaire universel des littératures. 3 vol. – Paris: Presses 
Universitaires de France, vol. 2, 1994. – P.1867.
7. Albert    Fischler.  Influence  de  l’oeuvre  d’Abai  et  langue 
française // Абай мұрасы – тілдік өрістің негізі. Халықаралық 
ғылыми-теориялық  конференция  материалдары.  –  Алматы: 
Информ-А, 2005. – Б. 20-23. 

153
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
Г.Орда
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІН САҚТАП ҚАЛУДЫҢ 
АЛҒЫШАРТТАРЫ
Қазақта  «Тойдың  болғанынан,  боладысы  қызық»  де-
ген  аталы  сөз  бар.  Үстіміздегі  жылы  Қазақ  хандығының 
құрылғанына  550  жыл  толуын  мемлекеттік  дәрежеде  атап 
өтетініміз анықталғаннан бері ел еңсесі көтеріліп, рухы бір 
серпіліп  қалды.  Көзі  қарақты  жандардың  барлығы  бұл  той 
бұрынғы  тойлардан  өзгеше  екенін  ұғынып  қана  қоймай, 
оның қазақ халқына үлкен міндет жүктеп отырғанын терең 
сезінуде.  Сондықтан  да  мерзімді  басылым  беттерінде  өз 
алаңдаушылықтарын білдірген түрлі мазмұндағы мақалалар 
жарық  көруде.  Солардың  бірі  –  «Түркістан»  газетінде 
шыққан  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Тұрсын Жұртбайдың «Түркістан жұмхұрияты» және «Ала-
шорда» үкіметінің ұстанымы» атты мақаласы. Ағамыз осы 
мақаласымен замандастарына келелі ой тастап, олардың на-
мысын қайрай түскен. 
Мақала авторы «әр партия мен әр қайраткер өзінің ұстанған 
бағыты  үшін  ұлт  алдында  жауапкер»  екендігін  есімізге  са-
лады.  Осы  мәселеге  келетін  болсақ,  М.Әуезов  атындағы 
Әдебиет  және  өнер  институты  атқарып  жатқан  істердің 
барлығы  да  қазақтың  болашағы  үшін  жасалып  жатқанын 
баса айтуымызға негіз бар. Соңғы оншақты жылдың ішінде 
мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық 
көрген  10  томдық  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»,  3  томдық 
«Қазақ  өнерінің  тарихы»  және  50  томдық  Мұхтар  Әуезов 
шығармаларының  жинағы,  100  томдық  «Бабалар  сөзі»,  20 
томдық «Әдеби жәдігерлер», 34 томдық «Классикалық зерт-
теулер»,  «Ұлы  дала  тұлғалары»  сериясымен  жарық  көрген 
«Абай»,  «Жамбыл»,  «Күләш»,  «Құрманғазы»,  «Әбілхан 
Қастеев» тәрізді кешенді зерттеулер – ұлттық әдебиетіміздің 
бүгіні  мен  болашағынан  хабар  берер  дүниелер.  Бұл 

154
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
тұрғыда  автордың  әрбір  партия  ғана  емес,  әрбір  азаматқа 
үлкен  міндет  жүктеуі  орынды  болса,  жоғарыдағы  зертте-
улер  әдебиеттану  ғылымы  саласындағы  көріністер.  Бұл  – 
бүгінгі  замандастырымызға  болашақ  тарих  алдында  жауап 
беретіндігін ұқтыру. Әділ тарих қашан да шындық жағында. 
Сондықтан әрқайсымыз тарих алдында  арымыз таза болуын 
жадымызда ұстағанымыз жөн. 
Елді  алаңдатқан  қазақ  хандығының  550  жылдық  тойы 
өтетін жер жөнінде Т.Жұртбай Ұлытаудағы Едіге шоқысын 
ұсынады.  Аспанмен  тілдескен  ескерткіш  орнатуды  қазіргі 
таңдағы  әлемдік  дағдарыс  көтере  қояр  ма  екен?  Бұл  тұста 
Тұрсын ағам қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту үшін 
Үкіметтік комиссия құрылғанын, оған Үкімет басшысының 
орынбасары  Гүлшара  Әбдіхалықова  жетекшілік  ететінін, 
олардың негізгі шараларды анықтап қойғанын ұмытып кеткен 
тәрізді. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде тарихшылардың 
барлығы дерлік Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-Ра-
шиди»  атты  шығармасын  негізгі  дерек  ретінде  алып  жүр. 
Оған сүйенетін болсақ, той қорытындысының Шу мен Талас 
аралығындағы  Қозыбас  жерінде  өтетіндігін  құптауға  негіз 
бар. 
Жыл  бойы  өтетін  ғылыми-көпшілік,  ғылыми-танымдық 
шаралармен  бірге  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  кон-
ференциялар,  патриоттық  акциялар,  ойындар,  фестиваль-
дар,  көрмелер  өткізу  жоспарланып  отырғанын  жадымызға 
тоқитын  болсақ,  осы  шараларға  әрбір  ұлтжанды  (ұлтшыл) 
азамат  өзінің  қолынан  келген  үлесін  қосса,  нұр  үстіне  нұр 
болар  еді.  Ол  үшін  «Жау  кеткен  соң,  қылышымызды  тасқа 
шапқандай»  болмай,  «бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол 
шығарғанымыз» дұрыс болар. 
Бүгінгі  таңда  белең  ала  бастаған  «түрік  дүниясы»  де-
ген  идеяға  сақтықпен  қараған  автор  «Түркі  бірлігі  идея-
сы  мен  «Түркістан  жұмхұрияты»,  сондай-ақ  «Түркістан 
жұмхұрияты»  мен  «Алашорда  үкіметі»  мәселесі  –  бір 

155
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
мәселе  еместігін»  айта  келіп,  тәуелсіз  қазақ  еліне  «Ала-
шорда»  партиясының  ұстанымын  ұстауды  ұсынады.  Оның 
Ә.Бөкейханов  айтқандай  «Алаш  жұрты  қашан  өркениетті 
дамыған ел деңгейіне жеткенде» ұлы аңсар үшін бет бұруға 
болатынын  жадында  ұстауы  орынды.  Бүгінгі  тәуелсіз 
қазақ  жұрты  да  осы  мақсатты  ұстанып  отырғаны  белгілі. 
Елбасының  жар  құлағы  жастыққа  тимей  үш  тұғырлы  тілді 
насихаттап  жүргені  де  осы  мәселеден  туындағаны  анық. 
Кеңестік  дәуір  тұсындағыдай  орыс  тілімен  шектелуге  бол-
майтынын,  әлемдік  деңгейге  көтерілу  үшін  ағылшын  тілін 
жетік білуіміз керек екенін  жастарымыздың құлағына құйып 
жүргені  де  сондықтан.  Олай  болса,  Ә.Бөкейхановтың  бұл 
ұстанымы бүгінгі тұста да өз өзектілігін жоймағаны анық. 
Мақала  авторы  «Алаш»  партиясының  осыдан  бір  ғасыр 
бұрын  ұстанған  ұстанымдарын  тілге  тиек  етеді.  Біздің 
әңгімеміз  Алашшылдардың  қағидаларын  қаншалықты 
дәрежеде  жүзеге  асыра  алдық  деген  төңіректе  болу  керек. 
Себебі  мұндай  маңызды  мәселелер  науқандық  деңгейде 
қалып  қоймай,  тұрақты  да    мақсатты  түрде  жүзеге  асыры-
лып отыруы қажет. Ол не? Ол – Ә.Бөкейхановтың төмендегі 
ұстанымдары.  
Біріншісі – «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз 
бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, 
жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді»
– деген ұстанымы.
Міне  осы  ұстанымды  Егемен  қазақ  елінің  тәуелсіз  аза-
маттары  жүзеге  асыра  алды  ма?  Тәуелсіздікке  дейін  Ре-
сей  империясының  отарында  болғанымыз  белгілі.  Соңғы 
ширек  ғасырда  біз  ата-бабаларымыздың  білектің  күші, 
найзаның ұшымен қорғаған жерін сақтап қалуға қандай үлес 
қосудамыз.  Жаһандану  дәуірінде  өмір  сүріп  жатқан  біздің 
замандастарымыз  табиғаттың  бір  бөлшегі  болып  табыла-
тын жер мен суды, ауаны Алла тағаланың жаратқанын, оған 
екі  аяқты  пенделердің  әмірі  жүрмейтінін  ұмытып  кеткен 

156
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
тәрізді. Қолынан келгендер қонышынан басып қалағанынша 
жекешелендіріп  жатыр.  Ал  бұқара  халықтың  меншігінде 
түк жоқ. Тұрсын ағамның шырылдап отырғаны да осыдан. 
Олай  болса,  біз  Ә.Бөкейхановтың  бірінші  ұстанымын  шын 
мәнісінде жүзеге асыра алмай отырмыз. Мұны кім ойлау ке-
рек? Әрине билік басында отырған халықтың сенімді өкілдері, 
халық  қалаулылары.  Ендеше  алдыңғы  қатарлы  дамыған 
елдің қатарына қосылу үшін біз осыдан бір ғасыр бұрын жар 
құлағы жастыққа тимей халқым дегені үшін «халық жауы» 
атанған алашшылдардың негізгі ұстанымдарын жүзеге асы-
руымыз керек. 
Екіншісі  –    «Оның  әр  бір  түйір  тасы  әр  қазақтың 
өңіріне түйме болып қадалу керек». Бұл ұстаным жерасты, 
жерүсті  байлықтарымыздың  барлығы  дерлік  осы  жердің 
иесі  болып  саналатын  қазақ  халқының  игілігіне  жұмсалу 
керектігін  байқатады.  Бұл  бағытта  не  істеп  жатырмыз?  Ақ 
алтынның ортасында, қара алтынның үстінде отырған қазақ 
халқының  бүгінгі  әл  ауқаты  қандай?  Тәуелсіз  қазақ  елінің 
сын  көтере  алмайтын  бұқара  халқының  тұрмыс-тіршілігі 
қолында қаламынан басқа билігі жоқ Тұрсын ағамды емес, 
ел  тізгінін  ұстаған  шенеуніктерді  алаңдату  керек  еді.  Бізде 
қанша министрліктер бар. Әрбір министрліктің айналысатын 
өз саласы бар. Сондықтан мұндай өткір мәселелерді біздің 
министрлер  жадында  ұстап,  болашақ  алдында,  ар  алдында 
өз жауапкершіліктерін арттыра түссе нұр үстіне нұр болатын 
еді. 
Үшіншісі – «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн 
сол  мемлекеттің  азаматтарының  үстіне  тоқыма  болып 
киілуі».  Бұл тұрғыда не тындырып жатырмыз? 
«Қазіргі  таңда  ел  экономикасы  түзелді,  халықтың 
тұрмысы  қалыпқа  келді»  деп  жауырды  жаба  тоқуға  бо-
лады.  Себебі  халықтың  жағдайы  ХХ  ғасырдың  соңғы 
онжылдығымен  салыстырғанда  дұрысталды  ғой.  Деген-
мен  қазақ  халқының  басым  көпшілігі  елдімекендерде, 

157
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
дәлірек айтсақ, шалғай ауылдарда тұратыны белгілі. Ал сол 
бауырларымыздың жай-күйі қандай? ХХІ ғасырда өмір сүріп 
жатқан замандастарымыздың ауыз су мен «Ильич шамына» 
мұқтаж екені бүгінгі таңда ғасыр дертіне айналып отыр. 
Төртіншісі  –  «ұлттық  мәдениет  үстемдігі  сақталуы».  
Ұлттығымызды сақтап қалу жолында қандай шаралар жүзеге 
асырылуда? Бізде БАҚ құралдарын ұлттық мүддеге жұмсау 
жағы кемшін. Қазіргі таңда арзан күлкі мен ойын сауықтарға 
баса  көңіл  бөлуді  шығардық.  Ән  айтқанның  бәрін  қолдан 
жұлдызға  айналдырдық.  Оларды  жұлдыз  ауруымен  сырқат 
еткеніміз  сонша,  өздерін  жұлдыз  санайтындардың  жерге 
түскісі келмейді. Олардың тыңдарманы жерде өмір сүретінін 
ұмытып  кетпесе  болғаны.  Теле  жүргізушілердің  басым 
көпшілігі  –  әншілер  қауымы.  Күндізгі  не  болмаса  сыртқы 
бөлімде  оқып  журналистиканың  дипломын  алған  әншілер 
өздерін алдағанымен тұрмай, күллі халықты алдаусыратқысы 
келеді.  Сахнаның  киесі  болатыны  тәрізді,  әр  мамандықтың 
киесі  бар  екенін  олар  қайдан  білсін?  Сондықтан  да  біздің 
көрермен тілдік норманы сақтамайтын, ауызекі сөйлемдерді 
ғана қолданатын, сөздік қоры аз жұтаң жүргізушілерден не 
аларын білмей дал. 
Қазақта  «қариясы  бар  үйдің  қазынасы  бар»  деген  ата-
лы  сөз  бар.  Өмірдің  ащысы  мен  тұщысын  көрген,  халық 
университетінен  өткен  аталарымыз,  апаларымыз  жетерлік. 
Оншақты  баланы  тауып,  олардың  бәрін  аяқтандырған  ата-
аналардың  өмірлік  тәжірибесімен  бөлісудің  орнына  екі  ба-
ланы екі некеден тапқан әншілерді жұлдызды шаңырақ деп 
жарнамалауға көштік. Сонда өскелең ұрпақ кімнен, қандай 
өнеге алу керек? 
Бесіншісі  –  тәуелсіз  ғылымға,  ұлттық  салт-дәстүрге 
негізделген  заңға  сүйене  отырып,  Жапонияның  үлгісіндегі 
ұлттық-демократиялық мемлекет құру. 
Алаш  қайраткерлерінің  ұстанымын  жүзеге  асыра  ал-
май  жатқанымызға  жаны  күйзелген  автор  өзінің  мынадай 

158
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
ұсыныстарын білдірген. 
1.  «Қазір  дәстүрсіз  ұрпақ  қалыптасып  келеді.  Бұл  – 
үлкен рухани апат».
Дәстүрсіз  ұрпақтың  қалыптасуы  –  рухани  апат  екені 
рас.  Біз  кемшілікті  өзімізден  емес,  өзгеден  іздеуге  дайын 
тұрамыз.  Бұл  –  ең  оңай  жол.  Сіз  айтып  отырған  дәстүрсіз 
ұрпақ  қайдан  өсіп  шықты?  Ол  кешегі  кеңестік  дәуірде 
өмір  сүрген  атеистердің  балалары  мен  немерелері  екенін 
айтқымыз  келмейді.  Енді  келіп  жастарды  кінәлауға  дай-
ынбыз.  Менің  көзқарасыммен  қарағанда  қазіргі  жастарда 
имандылық басым. Сіз айтып отырған жастардың көпшілігі 
темекі  тартпайды,  арақ  ішпейді.  Осыдан  отызшақты  жыл 
бұрын арақ ішпейтін адам некен-саяқ болатын болса, қазір 
керісінше  ішетіндер  саны  азаюда.  Бұл  бүгінгі  өзіміз  өмір 
сүріп отырған тәуелсіз Қазақстанның жетістігі емес пе? Олай 
болса, жоқ, жаман деп аузымызды қу шөппен сүрте беруге 
болмайтын шығар. Жаман, жаман, – дей берсек, жақсысын 
бізге кім береді. Біздің міндет – Сіз айтып отырған жаман-
дармен күресу емес пе? 
Біз  –  жаңалыққа  жаны  құмар  халықпыз.  Қазіргі  таңда 
жаһандану  деген  шықты.  Оның  пайдасы  мен  зиянын 
салмақтап жатпай-ақ, жаһандануға жан ұшыра кірісіп кеттік. 
Ал, жаһанданудың негізгі саясаты – халықтың ұлты мен дінін 
ұмыттыру  екенінен  хабарымыз  жоқ.  Ұлттық  әдет-ғұрып, 
салт-дәстүрлерімізді  ұмытсақ,  ұлттығымыздың  жоғалғаны 
емес пе?... 
2.  «Тәуелсіз  экономика  мен  тәуелсіз  ғылым  жоқ.  Ал 
тәуелсіз ғылымсыз –  тәуелсіздік те, зиялы да, болашақ та 
жоқ».
«Оқы, оқы, және оқы» деген сөздің Құранда жазылғанын 
еске алатын болсақ, қай дәуірде де, қай қоғамда да ғылымға 
көңіл  бөлу  керектігі  түсінікті.  Ғылымсыз  елдің  болашағы 
жоқ екені кім-кімді де алаңдатары анық. Білім және ғылым 
министрі А.Сәрінжіповтің бастамасымен 2014-2015 оқу жы-

159
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
лында Ғылыми зерттеу институттарының жанынан «Ғылыми 
кадрларды»  дайындау  орталығы»  құрылып,  магистратура 
мен доктарантураға мемлекеттік грант бөлінді. Бұл – ғылым 
саласындағы жаңалық. Осы бастаманың аясында жастардың 
жатақхана мәселесі де шешілу тиіс еді. Ол ойда болған жоқ. 
Мұның өзі «үйі жоқтың күйі жоқ екенін» еске салады. 
Үлкен қалаларда білім алып, сонда жұмыс істеп жүрген 
жастардың  көпшілігі  шалғайдағы  ауылдардан  келгенін 
ескеретін болсақ, мұндай «ұсақ-түйекке» жоғарыдағылардың 
бастарын  ауыртқысы  келмейді.  «Бұдан  жаманымызда  да 
тойға  барғанбыз»  деп  өзін  жұбататын  біздің  қазаққа  Алла 
тағала төзім мен сабырды аямай молынан берген ғой.  
3.  «Ұлттық  ұйытқының,  мектептің,  соның  ішінде  ба-
стауыш мектептің ұлттық мәйегі ұйымаған».
Тәрбиенің  бесіктен  басталатыны  жөнінде  М.Әуезовтің 
«Ел  боламын  десең,  бесігіңді  түзе»  деп  айтқандай,  біз  де 
тәрбиені  бесіктен  бастауымыз  керек.    Ол  үшін  мектеп  жа-
сына  дейінгі  балаларымыз,  немерелеріміз,  шөберелерімізді 
не  қызықтыратынын  білеміз  бе?  Мектеп  жасындағы 
балалардың  интернет-клубтарға  барып,  атыс-шабыстан 
тұратын  ойындарды  ойнап  қарсыластарының  қанын  судай 
ағызып жатқанын білеміз, көріп жүрміз. Білсек те білмеген, 
көрсек те көрмеген болғымыз келеді. Жастар арасында өзіне-
өзі  қол  жұмсау  (суицид),  қанішерлікпен  бірін-бірі  бауыз-
дау тәрізді қылмыстарды өзіміз қарашекпен кигізіп жүрген 
кеңестік  дәуір  тұсында  көрмек  түгілі  естімейтінбіз.  Олай 
болса осындай қасіреттердің көбюінің себеп-салдарын іздеу, 
одан шығатын жолды, кесапатты болдырмаудың алдын алу 
керек емес пе? «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» 
деген  даналықты  ата-бабамыз  тегін  айтпаған  болар.  Қоғам 
дертіне  айналған  ауруға  шипа  іздеу,  бір-екі  адамның  емес, 
осы  қоғамда  өмір  сүріп  отырған  баршамыздың  міндетіміз. 
Осы бағытта кім, қандай ізгілікті жұмыстар атқаруда деген 
сауалға әрқайсымыз өзімізден, төңірегімізден жауап іздеуге 

160
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
тырысайық.
Қазіргі таңда министрлеріміз екі-үш жыл сайын ауысып 
отырады.  Олар  өздерінің  министрлігінің  жұмыстарымен 
енді  танысып,  жаңа  бастамаларды  көтермей  жатып  келесі 
қызметке  ауысып  кетеді.  Ескінің  бәріне  топырақ  шашуға 
болмайтындығы  жөнінде  кеңестік  дәуір  тұсындағы  білім 
саласындағы  басқару  жүйесіне  қатысты  мысал  келтіруге 
болады.  Мәселен  1944-1958  жылдары  –  Қазақ  ССР  Оқу 
министрінің орынбасары,  1958-1963 жылдары – Қазақ ССР 
Оқу  министрі  қызметін  атқарған  Әди  Шәріповтің  тұсында 
оқулықтар қалай жазылды? Мектеп оқулықтарының тұрақты 
авторлары сотталып кеткен соң, жас авторларды дайындауға 
бел  шеше  кіріскен  Ә.Шәріпов  сол  тұста  әдебиетке  белсе-
не  араласып  жүрген  З.Қабдолов,  А.Нұрқатов,  М.Базарбаев, 
С.Қирабаев,  Б.Сахариев  тәрізді  жастарды  оқулық  жазуға 
тартады.  Аға  буын  өкілдерінің  жаппай    қуғын-сүргінін 
көрген  бұл  буынға  заманның,  қоғамның  өзі  үлкен  міндет 
жүктеді.  Сондықтан  бұлардың  авторлығы  ұзақ  сақталып, 
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  тәуелсіздіктің  алғашқы 
ширегіндегі мектеп оқулықтарында қалды. 
Қазіргі  таңда  мектеп  оқулықтары  үнемі  сынға  ұшырап 
жатады.  Оның  басты  себебі  –  авторлардың  тәжірибесіздігі. 
Біз  мектеп  оқулығының  авторларын  тұрақтандыруда  Әди 
Шәріповтің  әдісін  қолданғанымыз  жөн.  Ә.Шәріповтің  өзі 
іріктеп алған, өзі тәрбиелеп шығарған авторлары не себепті 
50-60  жыл  мектеп  оқулығына  автор  болғанын  жадымызда 
ұстауымыз керек. Мектеп оқулығының авторларына жоғары 
талап  қойып,  оларды  мемлекеттік  үлкен  байқаудан  өткізу 
керек.  «Жүзден  жүйрік,  мыңнан  тұлпар»  шыққандар  ғана 
оқулық жазуға құқылы болғаны жөн.  
4. Автор: «Саудасы – ар мен иманы» – деп Абай айтқандай, 
дін – саясат пен бизнестің құралына айналды. Ұлттың өз 
дінін өзіне жиіркенішті көрсету ұстанымы жүргізіліп отыр 
(Дін туралы қабылданбай қалған ескі заң жобасы мен  жаңа 

161
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
заңның сұлбасы солай деуге негіз қалайды)», – дегенді алға 
тартады.
Осы тұрғыда «Біздің дініміз керемет, басқа діндердің керегі 
жоқ  демеген  жөн.  Біздің  дініміз  –  өзіміздің  дініміз.  Бірақ 
басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз, құрметтеуіміз 
қажет.  Сонда  мұсылманның  діні  де  құрметтелетін  болады. 
Дінге бас ұрып жүріп, біз оның теріс жағына түсіп кетпеуіміз 
керек»,  –  деген  Н.Әбішұлының  сөзін  еске  алатын  болсақ, 
қазіргі таңда Құдайға шүкір деп айтуға негіз бар. Дінімізге 
деген  оң  көзқарас  қалыптасты.  Ислам  дінінің  пайдалы 
жақтары  дұрыс  насихатталуда.  Имандылықтың  ізгіліктерін 
бойына  сіңірген  жанның  қатігездікке,  қанішерлікке, 
жауыздыққа  бармайтындығына  көзіміз  жетуде.  Бір  ғана 
мысал,  телевидениедегі  «Асыл  арна»  хабары  ислам  дінін 
жан-жақты  насихаттап,  оны  көпшілік  халыққа  түсіндіруде 
нәтижелі еңбек етуде.   
Автор  «Мен  дінім  үшін  шайтанмен  де  жұмыс  істеуге 
әзірмін» – деген Ә.Бөкейхановтың пікірін мысалға келтіреді. 
Біз  бұл  тұрғыда  Елбасының  жасап  жатқан  жұмыстарын 
жадымызда  ұстауымыз  керек.  Нұрсұлтан  Әбішұлы  көрші 
жатқан  елдермен  қатынасымызды  нығайтуда  қыруар  істер 
тындырып жатыр. 
5.  «Мемлекеттік  Тіл  –  мемлекеттік  қолданымнан 
шеттетіліп  отыр.  Мысал  керек  пе?  «Кітап  шығарудың 
қажеті қанша. Оны кім оқиды. Электрондық нұсқа бар» – 
дейтін министрлер мен ректорлар пайда болды». 
Мемлекеттік  тілге  келетін  болсақ,  оның  жай-күйі  қазақ 
жерін  мекен  еткен  халықтардың  бәріне  де  ортақ.  Бүгінде 
Қазақстандық  этностар  қазақ  тілінің  болашағы  бар  екенін 
сезіне бастады. Сондықтан қазіргі таңда қазақ тілінде еркін 
сөйлейтіндер  саны  күннен-күнге  көбеюде.  Елбасының: 
«Қазақ пен қазақ қазақша сөйлесіңдер, балаларыңның тілін 
қазақ  тілімен  ашыңдар»,  –  деп,  екі  қазақтың  бір-бірімен 
ана  тілінде  сөйлесуін  талап  еткеніне  қанша  уақыт  өтсе  де, 

162
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
біздің өз қандастарымыз одан қорытынды шығаруға асығар 
емес. Зал толы қаракөздер отырған жерде өзді-өздері орыс-
ша сөйлесетін басшыларды да, қосшыларды да көріп жүрміз. 
Арада  ширек  ғасыр  өтсе  де  кеңестік  жүйенің  санамызға 
шегелеп  тастаған  саясатынан  арыла  алмай  келеміз.  Бұл  – 
әрине, бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғамның дерті. «Үш 
тұғырлы» тіл» дегенді дұрыс түсінбегендер ана тілін білмей 
жатып  ағылшын  тілін  жетік  меңгеріп  алатынды  шығарды. 
Кеңестік дәуірде өмір сүрген Қадыр Мырза Әли ағамыздың 
«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген ұлағатты 
сөзін  жадымызда  тоқып  өстік.  Жеті  жұрттың  тілін  білген 
жақсы ғой, дегенмен ана тілі солардың бастау көзі болу ке-
рек емес пе? 
Электронды  оқулық  шығаруды  айтып  жүргендерді 
жаңалыққа  жаны  құмар  жандар  деп  қабылдауға 
болады. Мұндай 
  ұшқары  пікір  оның  авторының  кітап 
оқымайтындығын  аңғартады.  Қолмен  ұстап,  қаламмен 
түртіп  оқымаған  кітаптың  мазмұны  кімнің  есінде  қалмақ. 
Электронды  оқулықтың  өскелең  ұрпақты  жалқаулыққа, 
салғырттыққа баулитыны анық. Билік басында отырған ла-
уазымды  азаматтарға  «тисе  терекке,  тимесе  бұтаққа  деп» 
ойына  келгенін  айта  салуға  болмайтынын  өмір  көрсетіп 
отыр. Жаңалық ашу үшін «жеті рет өлшеп, бір рет кесу ке-
рек». Атқамінерлеріміздің билік басындағылардың айтқанын 
бастық айтты бітті деп, қолдай жөнелетіні –оларды халықтың 
болашағы емес, астындағы тағы қаттырақ алаңдататынының 
жарқын  көрінісі.  Бұған  бір  мысал  –  ғылым  жүйесіне  ен-
ген жаңа Заң. Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік 
білім беру жинақтау жүйесі туралы» Заңды Бельгия, Кана-
да,  Малайзия,  Нидерланды,  Сингапур,  Испания,  Швеция, 
Ұлыбритания, АҚШ секілді мемлекеттердің тәжірибелеріне 
сүйене  отырып  жасады.  Қазақстан  Республикасы  –  Болон 
үрдісiне орталық Азия бойынша бірінші мүше болған мемле-
кет.  2010 жылдың 11 наурызынан бері  жоғары бiлiм Болондық 

163
Қазақ  хандығының  құрылғанына 550 жыл
жүйе  бойынша  беріліп  келеді.  Мектеп  қабырғасында 
жүргенде  мұғалімдерінің  күнделікті  қадағалауында  болған 
оқушылар жоғары оқу орнына түскен соң, несиелік жүйені 
түсінбей  біраз  уақыттарын  өткізеді.  Бұл  жүйе  бойынша 
білім  алушылардың  өздері  ізденіп,  оқытушының  соңына 
түсіп  білмегендерін  сұрап  отыру  керек.  Ақылы  негізде 
оқығандықтан  оқытушылардан  білімді  талап  ету  керек. 
Жүйені  дұрыс  түсінбеген  білім  алушылар  «сен  тимесең, 
мен тиме бадыраң көз» болып жүргенде уақыттарын озды-
рып алады. Соның салдарынан қазіргі таңда жас мамандарға 
қаратыла  айтылатын  сын  шаш-етектен.  Не  нәрсенің  де  екі 
жағы  болатынын  жадымызда  ұстайтын  болсақ,  кез-келген 
жақсы  дүниенің  сондай  мөлшерде  жаман  жағы  да  болады. 
Біздің мақсат – оны зерттеп, пайдасы мен зиянын елеп-екшеу. 
Содан кейін ғана эксперимент арқылы тәжірибеге енгізу. Ол 
үшін біраз уақыт кететін болғандықтан «атың шықпаса жер 
өрте» дегендей, білім жүйесінде еуропалық үлгідегі жаңалық 
ашқан  жан  ретінде  тарихта  қалуға  асығамыз.  Жаңа  жүйеге 
көшу алдында бірсыпыра дайындықтардан өтуіміз керек еді. 
Мұндайды атам қазақ «Асыққан шайтанның ісі» деп атайды. 
6. Тұрсын ағамның: – «Мемлекет – өз ұлтынан ажырай 
бастады. Екеуінің ойы екі басқа. Енді олардың басы қайта 
біріге  ме,  жоқ  па?  Әй,  қайдам»,  –  деген  жанайқайы  көзі 
қарақты жандарға ой салары анық. Билік халықтан ажыраса, 
олардың билік басында ұзақ отыра алмайтындығы белгілі. 
Қазақ хандығының тарихы туралы сөз етіп отырмыз. Ке-
рей мен Жәнібектен бастап Кенесарыға дейінге аралықтағы 
хандарымыздың барлығы да халықпен санасып отырғандығы 
ханның  қараша  халқымен  ғана  хан  болатындығын  есімізге 
салу  керек.  Қазақ  халқы  қойдай  жуас  болғанмен,  жылқы 
мінезді екені бәрімізге белгілі. 1986 жылы мызғымас Одақтың 
өзіне сес көрсеткен қазақтың жауынгер халық екенін ешкім 
жоққа шығара алмайды. Шыдамның да, төзімнің де шегі бо-
лады.  Ол  таусылған  кезде  оған  ешкім,  ешнәрсе  бөгет  бола 
алмайтынын тарих талай дәлелдеген. 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал