Меншік иесі: Ахмет Байтұрсынов атындағы



жүктеу 0.55 Mb.

бет1/5
Дата28.05.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5

C

M

Y



K

МЕНШІК ИЕСІ: 

Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті.   

Ректор Хусаин ВАЛИЕВ

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Төраға

Кенжеғали САҒАДИЕВ 

Диқан ҚАМЗАБЕК

Хусаин ВАЛИЕВ

Алмас ӘБСАДЫҚ

Гүлнар БЕРКЕНОВА

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор

Ақылбек ШАЯХМЕТ

8(705) 650-65-51

шығарушы редактор

Қымбат ДОСЖАНОВА

8(702) 514-14-03

менеджер-дизайнер

Айтолқын ҚАПАН

Журнал ҚР Мәдениет, 

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

№3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір рет шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді, 

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

2 (87) наурыз-сәуір 2017 жыл  

Ұлыс оң болсын! 

«Наурыз  –  қазақша  жыл  басы.  Бұрынғы  кезде 

һәр елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, 

қазан-қазан көже істеп, ауылдан-ауылға, үйден-

үйге  жүріп,  кәрі-жас,  қатын-қалаш  бәрі  де  мәз 

болып, көрісіп, араласып қалушы еді. 

...Ескі  жыл  бітіп,  жаңа  жыл  басталғанда:  “Жаңа 

жыл  қайырлы  болсын!  Жаңа  бақыт  нәсіп  бол-

сын!”  деп  құттықтасады,  ол  күнді  мейрам  қылып 

шаттықпен өткізеді». 

Ахмет Байтұрсынұлы



C

M

Y



K

                                                    

Наурыз нақыштары

Ұлыстың  ұлы  күніне  орай  Қостанайда 

«Бастаңғы» сауық кеші өтті. Көңілді шара-

ны  ұйымдастыру  туралы  алғаш  бастама 

көтерген Гүлден Молдахметова болатын. 

Ата  дәстүрді  жаңғыртқан  шара 

І.Омаров  атындағы  облыстық  қазақ  дра-

ма  театрының  жас  артистері  мен  өнерге 

жанашыр  жастардың  күшімен  өтті.  Әзіл-

қалжыңға құрылған көріністер көрерменді 

бірден  баурап  ала  жөнелді.  Өнерпаздар 

халқымыздың  ұмытыла  бастаған 

дәстүрлерін, рухани құндылықтарын еске 

салып отырды. 

Мерекелік  іс-шара  театр  сахнасында 

өтетін болғандықтан ұйымдастырушылар 

ойын-сауыққа қарай көбірек көңіл бөлген. 

Бас-аяғы  он  шақты  нөмір  жоспарланған 

болатын.  Осы  нөмірлерге  би,  ортеке-

мен  ойналған  күй,  дәстүрлі  ән,  қазақы  қалжың, 

классикалық музыка, поэзия, ұлттық киімдердің сән 

үлгілері топтамасы, қазақ күресінің үздік тәсілдерін 

көрсету,  эстрадалық  ән,  көрерменмен  жұмыс  және 

жайдарман  кірді.  Селт  еткізер  мен  ұйқыашар 

сыйлықтар таратылды. 

Облысымызға, одан қалды республикаға есімдері 

белгілі  қостанайлық  өнерлі  азаматтар  сахнаға 

шығып,  көрерменді  ду-думанға  бөледі.  Біржан 

Жүзбай    орындаған  қалжың  көрерменді  күлкіге 

қарық қылса, Айбек Сыздықовтың ортекені күймен 

ойнатуы  керемет  әсер  берді.  Талгат  Молдағалиев  

орындаған  "Молдабайдың  әні",  жас  әнші  Гүлбақыт 

Жаңбырбаеваның "Бұлбұлы" залды дүр сілкіндірді. 

Қазіргі жастар поэзиясында орны бөлек ақын Жан-

дос Жүсіпбековтің өлеңі де керемет әсерлі шықты. 

Гүлден  Молдахметованың  қолынан  шыққан  "Гүл-

көктем"  топтамасы  ұлттық  киімдеріміздің  әсемдігі 

мен  қазақ  қызының  сұлулығын  паш  еткені  сөзсіз. 

Нұрболат  Кадыровтың  қол  күресте  қарсылас  шақ 

келтірмеуі көрерменге күтпеген жағдай еді. Жайдар-

маншылар да барын салып өнер көрсетті. Көрермен 

ұлттық  нақыштағы  шоуға  қызу  қолдау  көрсетті. 

Осыншама тамашаның бәрі қоғамдық негізде өткенін 

айта  кетейік.  Соның  бір  жарқын  дәлелі,  көпшілікке 

таратылған  "тойдан  тобықтай"  сыяпаттардың  дені, 

шашу  бастамашылардың  қаражатына  алынса, 

бауырсақты  Маржан  Сапарғалиева  есімді  жана-

шыр  өз  үйінен  пісіріп  әкелген.  Облыстық  мәдениет 

басқармасының басшысы, аз ғана уақытта көптеген 

іс тындырып үлгірген жігерлі азамат Ерлан Қалмақов  

ұжымды, облыс өнерпаздарын ілтипатпен қолдады. 

Ал  сценариін  журналист,  ақын  Абылай  Мауданов 

жазды. Бастамашыл топ «Бастаңғыны» тек Наурызға 

теліп қоймай, алдағы уақытта әр мерекеде өткізуді 

ойластырып отыр. 

-Бастаңғының мақсаты – жас буынның талғамын 

көтеріп,  тәлім-тәрбие  беретін,  ұлттық  өнерімізді 

кеңінен  насихаттайтын  рухани  орталық  құру  еді. 

Идея  бірден  қолдау  тапты.  Бағдарлама  жастарға 

арналғандықтан,  оны  өткізудің  қызықты  формасын 

табу  қажет  болды.  Бірақ,  қайда  өткіземіз,  қалай 

өткіземіз,  кім  орын  береді,  демеуші  табыла  ма? 

Ақылы негізде өткізсек халық түсінбей қалмай ма? 

Міне,  осы  сұрақтарға  келгенде  маңдайымыз  тасқа 

тірелген-ді.  Әйтсе  де,  ықыласпен  іс  қылған  жерде 

алынбайтын асу жоқ екен. Ойласа келе жүгінгеніміз 

облыстық қазақ драма театры болды. Ұжым басшы-

сы Амангелді Досжанов ағамыз бірден қолдады, әрі 

қарай ұжыммен тізе қосып жұмысқа кірістік. Өйткені, 

уақыт  өте  тығыз  еді.  Жас  режиссер  Дос  Құбашпен 

кеңесе келе, Олжас Бегайдаров, Қуаныш Маратұлы, 

Ғабит бауырымыз басты рольдерге таңдалды,-деді 

ұйымдастырушылардың бірі Абылай Мауданов.

Қ. Мұратбекқызы

Суреттерді түсірген Мешіт ҒАЗИЗ.

Қайта оралған қазағымның       

          

 «Бастаңғысы»

4


C

M

Y



K

Наурыз  мейра-

мы  –  жер  бетінде 

ежелгі мерекелердің 

б і р і   б о л ы п 

есептеледі.  Нау-

рыз  табиғаттың 

жаңаратын  шағы 

жаңа  күн  ретінде 

бес мыңдаған жыл-

дар бойы тойланып 

келді.

Қазіргі  таңда 

"Наурыз  мейра-

мы"  көктем,  еңбек 

ж ә не   б і р л і к т і ң 

жалпыхалықтық 

м е й р а м ы н а 

а й н а л ғ а н.   Н а -

урыз  мейрамын 

т о й л а у   б ү к і л 

р е с п у б л и к а л ы қ 

сипатқа  ие  бол-

ды.    Еліміздің  130-

дан  астам  этнос 

өкілдері  осы  мей-

рамды  бәрі  бірге 

атап өтеді.

Ветеринария және мал шаруашылық технологиясы факультетінің оқытушылары және студенттерінің 

бастамасымен Наурыз мерекесі ұйымдастырылған болатын. Жалпы сценарий келесідей болды: студенттер 

қазақтың ұлттық костюмдерін киіп алып, өз өнерлерін көрсетті. Қатысушылардың біреуі өлең айтса, келесі 

біреуі билеп, сахнаның көркін қыздырды. Әр кафедрада керемет дастарқан жайылды . Мерекеде қазақ 

халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, 

ақсақалдар  жастарға  ізгі  ниетпен  ба-

таларын берді. 

Ветеринария және мал шаруашылық 

технологиясы  факультетінің  дека-

ны    А.Исабаев  оқытушылар  мен 

студенттерді  ежелгі  мерекемен 

құттықтап,  оларға  бақыт  пен  табыс 

тіледі.


-  Қазақстанда  тұрып  жатқан 

әртүрлі  этнос  өкілдері  үшін  бұл 

мереке  ыстық  әрі  елімізде  кең 

таралды.  Наурыз  мейрамы  біздің 

факультетімізде  қашанда  ерекше 

қарқынмен  өтеді.  Осы  жарқыраған 

мереке  барлықтарыңызға  көктемгі 

көңіл күй сыйлап, үйлеріңізді бақыт пен 

қуаныш жылытсын дегім келеді,- деді 

ветеринария және мал шаруашылық 

технологиясы факультетінің деканы  

А.Исабаев.

Ветеринария және мал шаруашылық технологиясының факультеті.

ҚМУ: азаматтық бірлік және патриоттық аймақ

Наурыз – думан, тамаша

5


C

M

Y



K

Мейірім бұлағы, шапағат шырағы -Ана

Адамзат  баласы  үшін  дүниедегі  ең  тәтті 

сезім  ананың  перзентіне  деген  махаббаты 

шығар. Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс. 

«Сенің табаныңа кірген шөңгір, менің маңдайыма 

қадалсын» дейтін сол аналар. «Жұмақтың кілті 

ананың  аяғының  астында»  деп  хадисте  бекер 

жазылмаған шығар. Асыл сөзді тізе берсек ана 

туралы небір теңеулер бар. Біздің кейіпкеріміз 

сол  теңеулердің  бәріне  лайықты  жан.  Ол 

115  жастағы  әже  -  Селтеткенова  Марпуға 

Бекмырзақызы.  

Қарт  ана  Марпуға  Селтеткенова  биылғы 

3-наурызда  115  жасқа  толды.  Көп  жасаған 

әжеміз  Қорған  облысы  Альменский  ауданында 

туған.  Әкесі  ертеректе  қайтыс  болып,  анасы 

балаларын  жетектеп  Челябіге  қоныс  ауда-

рып, туыстарын паналайды. Марпуға әжеміздің 

балалық шағы сонда өткен. Екі жылдық медресені 

бітірген.  Ол  кезде  медресе  латын  әліпбиінде 

оқытады  екен.  Кейін  тұрмысқа  шығып,  төрт 

баланы дүниеге әкеледі. Бірақ, төрт нәрестенің 

ғұмыры  қысқа  болды.  Бірінен  соң  бірі  шетінеп 

кетті. Ал жолдасы азаматтық соғысқа атта-

нып, қайтып оралмады. 

1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысына 

дейін Марпуға Бекмырзақызы Қостанайдың То-

былынан балық аулаумен айналысатын артелде 

жұмыс  істеді.  Қазақстанда  еңбек  ете  жүріп 

Мұқат Селтеткеновке тұрмысқа шықты. Әйелі 

қайтыс болған ағамыз екі қызына әке орнына-

әке,  ана  орнына  –ана  болған  еді.  Қайтадан 

шаңырақ көтерген соң бала тәрбиесімен Марпуға 

анамыз айналысты. Сонымен қатар алты құрсақ 

көтеріп,  сегіз  баланы  аяқтандырады.  Шағын 

отбасы  соғыс  уақытында  Қостанай  облысы 

Меңдіқара  ауданы  Көктерек  ауылында  тұрды. 

Жолдасы балық аулап, колхоз халқын асырады. 

Марпуға  анамыз  сауыншы  болды.  Майдангер-

лерге арнап қолғап-шұлық тоқыды. Таң бозарып 

атқаннан кеш батқанша колхоздың жұмысынан 

қолы  бір  босаған  емес.  Бала  тәрбиесіне  де 

үлгерді. 

Соғыстан кейінгі жылдардың да өз қиындықтары 

болды. Таршылық заманның тауқыметіне төтеп 

беру  үшін  талмай  еңбектенді,  тер  төкті. 

Жоқшылыққа  жасымай,  барға  тасымай  ба-

лаларын  жеткізуге  тырысты.  Ол  уақытта 

колхоз  жұмысшыларының  еңбек  өтілі  құжатқа 

жазылмаған.  Қолда  құжат  болмаған  соң  соғыс 

жылдарындағы  есіл  еңбекті  ешкімге  айтып 

дәлелдей алмайсың.  

Соңдарынан ерген алты баланың бесеуінің көзі 

тірі. Олар қазір Қазақстанның әр қалаларында, 

Алматы,  Ақтау,  Астана,  Өскеменде  және 

көршілес Челябіде тұрып жатыр. Марпуға анамыз 

Қостанай қаласында қызы Жібек Құрманованың 

қолында ғұмыр кешіп жатыр. Әжей балаларынан 

25  немере,  30  шөбере  және  бір  шөпшек  сүйіп 

отыр. Өмір бойы еңбек етіп, бала тәрбиелеген 

анамыз  бірнеше  мерейтойлық  медальдармен 

марапатталды. 

Жүз  жасаған  ананың  әжім  басқан  маңдайы 

талай қиын кезеңді басынан өткергенін дәлелдей 

түседі.  Самайдағы  ақ  шашы  да  өткен  күндер 

естелігін айтып сайрап тұрғандай. 



Қымбат ДОСЖАНОВА.

Ғасырдан да ұзақ ғұмыр

Ғасырдан да ұзақ ғұмыр

6


C

M

Y



K

Сіз білесіз бе?

Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Мысықты жақсы көретін  жандар мысық асыраса , оның денсаулыққа пайдасы 

орасан екен. Мысалы, Америка ғалымдары оны зерттеп шығарған.Тіпті мысықтың пырылының өзі қаншама емге, 

соның ішінде гастрит, асқазандағы тасты жойып, остеохандроз, тұмау ұйқысыздық ауруларынан арылтады.   

Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді. 

Мысық шаршағанды  басып , күйзелістен арылуға көмектеседі. Мысық үйдегі жағымсыз энергиямен  күресіп, 

үйдің атмосферасын тазартады. Қара түсті мысық өзге мысықтарға қарағанда адам бойындағы жағымсыз  

энергияны  өзіне көбірек сіңіріп алады. Ал ақ түсті мысық адамның жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді. Мысықтың 

мауығу кезінде шығаратын дыбысы науқасты  ультрадыбыспен емдеумен бірдей. Мысықтың  дыбысы жараның 

жазылып, сүйектің өсіп-жетілуіне әсер етеді.Сонымен қатар тегіс жүнді мысықтар бүйрек және бауыр аурула-

рын емдейді.Және де мысық асыраған жандар өз қатарластарынан он жыл артық өмір сүреді екен. Мысықтың 

тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі. 

Жалпы,  мысық  жүрек  қысылғанда,  іш  құрылысы  ауырғанда,  буын  сырқырағанда,  қатты  шаршағанда, 

тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі.

 Сондай-ақ, мысықтар  денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді.Мысықтар денсаулықты 

ем деп қана қоймай сонымен қатар ауа -райын болжай алады ,егер мысық  босағаны немесе ағаш тіреуді 

тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады ал егер мысық керіліп 

ұйқыға берілсе  онда ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады.



Айдана МАРАТ.

Мысық дертке дауа жануар

7


C

M

Y



K

Құтты шаңырақ

Отбасы  –  адамның  бойындағы  ар-ұятты, 

ақыл-ойды,  адамгершілік  қалыпты  тәрбиелейтін 

алғашқы қадам деуге де болады. Бүгіндері сондай 

алғашқы  қадамдарын жасаған жас отбасылары-

мыз баршылық. Сондай жанұялардың бірі – ҚМУ-

нің  4-курс  студенттері  Кенже  мен  Маржанның 

шаңырағы. Аз уақыт ішінде жарасымды жұп  көпке 

үлгі болып үлгерді. 

Кенже  мен  Маржан  Аманкелді  ауданының  ту-

масы. Екеуі Әнуар Боранбаев атындағы орта мек-

тепте бір сыныпта оқыған. Маржан бұл мектепке 5 

сыныпта көшіп келген. Бірнеше жыл бірге оқыған 

соң олар бірін-бірі жақсы танып-біледі. Ес жиып, 

жөн түзей бастаған шақта бозбаланың Маржанға 

деген алғашқы сезімдері пайда болады. Сол жылы 

олар Алматы қаласындағы  әдеби байқауға бірге  

барады.  Алматыда  болған  күндерде  үнемі  бірге 

жүреді. Сол кезден бастап екеуі бір-бірін ұнатып, 

ғашықтық лебіздерін білдіреді.

Мектепті  бітірген  соң  бір  оқу  орнын  таңдап, 

Қостанай  қаласындағы  Ахмет  Байтұрсынов 

атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университетіне 

оқуға түседі.  Сөйтіп, оқу аяқталған соң ажырап 

кетпес үшін екеуі үйленуге уәделеседі. Бір-бірлерін 

жақсылап танығын олар ата-аналарының батасын 

алады. 

Әуелі, жігіттің ата-анасы дәстүр бойынша бой-



жеткенге сырға салады. Ата-анасының ақ батасын 

алған соң Кенже қазір өзінің екінші үйіне айналған 

Қостанай  қаласындағы  қазақ  баспасөзінің  қара 

шаңырағы «Қостанай таңы» газетінің ұжымындағы 

жолы үлкен журналистердің батасын алу ниетімен 

қайта  сырға  салу  рәсімін  жасайды.    Айтулы 

салтанатта  өңірімізге  белгілі  тілшілер  Айтолқын 

Айқадамова  мен  Шұға  Қонқабаева  жеңгелері 

қалыңдықтың құлағына сырғасын салады. Сондай-

а қ , 


С ә л і м 

Меңдібаев,  Жанұзақ  Аязбеков  сынды  белді 

журналистердің ақ батасын алады. 

Жас  отбасы  ерте  үйленгеннің  ешқандай 

ауыртпашылық  еместігін,  тіпті  керісінше,  тиімді 

жақтарының  көп  екенін  айтады.  Олардың  ай-

туынша,  бір-бірлерін  танып  білгеннен  кейін 

үйленгендіктен,  отбасында  болған  кішігірім 

келіспеушіліктер тез шешіледі. 

Қос жұптың бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері 

де аз емес.  Кенженің облыстық «Қостанай таңы»  

газетінде  жұмыс істеп  жүргеніне  екі жылға  жуық 

уақыт  болған.  Сол  аралықта    Тәуелсіздіктің  25 

жылдығына  орай  берілген    «Қостанай  таңы» 

газетінің мәртебесі мен мерейін асырудағы еңбегі 

үшін  құрмет  марапатына  ие  болған.  Сонымен 

қатар,  халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  «Со-

рос Қазақстан» қорымен бірлесіп ұйымдастарған 

«Бюджет  ашықтығы мен есептілігі» байқауында 

«Үздік сарап» аталымы бойынша жеңіпаз атанған. 

  

Жарасты жұп



8

C

M

Y



K

Ал,  Маржан  қазіргі 

таңда  «Қазақстан-

Қ о с т а н а й » 

т е ле а р н а с ы н д а ғ ы  

«Сазды сәлем! Тобыл-

Торғай  толқындары» 

қ ұ т т ы қ т а у 

бағдарламасының 

жүргізушісі.  Сонымен 

қоса,университеттегі 

президенттік гранттың 

иегері. 

Жас шаңырақ иелері 

болашақта  бұдан 

да  биік  шыңдарды 

бағындыратындарына  

сенімді. Жас отбасыға 

ырыс-береке,  баянды 

бақыт тілейміз.

Қ ы з ы қ т ы 

оқиғалары: 



  М е к т е п т і 

бітірген  соң  біз 

Астана    қаласына 

о қ у ғ а   т ү с е м і з 

деп  жоспарладық. 

М е м л е к е т т і к 

с ы н а қ қ а   к і р м е с 

бұрын,  Маржанға 

б е с і н ш і   п ә н 

ретінде әдебиетті 

таңдауға  кеңес 

б е р д і м .   О л   ф и -

з и к а   т а ң д а ғ а н 

еді.  Өйткені,  бір 

ж ы л   т ы н ы м с ы з 

дайындалғанымен, 

есеп-қисап  қиын 

сәтте шешіле қоюы 

оңай емес. Сондықтан 

тестке  кірмес  бұрын 

со л а й   ү г і т т е д і м . 

Нәтижесінде,  өте 

жоғары  балл  алды. 

Ал, жасыратыны жоқ, 

менің  көрсеткішім 

көңіл  көншітпеді. 

О р т а   м е к т е п т і 

жақсы  оқығаныммен, 

сынақтан  сүріндім.  Кейін  мұны  да 

тағдырдың бір айдауына жоримын.  

ҰБТ-дан  кейін  мен  Астана  қаласындағы 

жоғары  оқу  орындарын  іздей  баста-

дым.  Сөйтсем,  Маржан  құжаттарын  

Қостанайдағы  пединститутқа  тапсырып 

қойыпты. Бұл жаңалықты естігеннен кейін 

көңілім түсіп кетті. Анама да ештеңе айта 

алмадым.  Сөйтіп  жүргенде  Қостанайда  

тұратын ағам анама хабарласып, мені осы 

жаққа оқуға шақырды. Қуанғаным соншалық, 

сол  күні  жолға 

шығып  кеттім.  

К е л г е н   с о ң 

и н с т и т у т қ а  

с п о р т 

факультетіне  

құжаттарымды 

тапсыруға  бар-

дым.  Спорттық 

к и і м і м 

болмағандықтан 

м е н і   о қ у ғ а 

қабылдамады.  

Ол  кезде  менің 

қалтамда    киім 

алуға  ақша  бол-

мады. 

  Содан  ҚМУ-

ға  оқуға  түсуге 

бел  байладым. 

Университет-

ке    келіп  заң 

факультетіне 

құжаттарымды 

т а п с ы р у ғ а 

келдім.  Алайда, 

құжат  тапсы-

ратын  уақыт 

өтіп кеткен екен.  

Ақыр  соңында  

журналистика 

м а м а н ды ғ ы н а 

түсуді  шештім. 

Шығармашылық 

к е з е ң н і ң 

аяқталуына  20  

минут  қалғанда 

барып,  бар  ой-

ымды жинақтап, 

ш ы ғ а р м а   ж а -

зып  шықтым. 

Сол  күндері  Маржан 

м е м ле к е т т і к 

г р а н т т ы ң 

нәтижесін  күтіп 

жүрген,  алайда, 

грантқа іліге алма-

ды. Содан Маржан-

нан  ҚМУ-ға тапсы-

руын сұрадым. Мар-

жан менің өтінішімді 

орындап, филология 

мамандығына  тап-

сырып,  оқуға  түсті.  Сондықтан ба, Мар-

жан  екеумізге  бірге  болу  тағдырымызға 

жазылған деп білемін.

Перизат ОҢАЙБЕК, 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың журна-

листика мамандығының 

2-курс студенті.

9


C

M

Y



K

Бәрекелді!

Қазақтың жаңа жылы әз Наурызда Қостанай 

қаласындағы Н.Островский атындағы орталық 

кітапхананың  жанынан  «Толқын»  шығармашыл 

жастар  студиясының  тұсауы  кесілді.  Жаңа 

жоба жастарды көркем әдебиет оқуға тартып, 

өлең  шығарып,  әңгіме  жазуға  баулиды  және 

мемлекеттік тілдің дамуына қолдау жасайды. 

Студияның  мақсаты  жазуға  икемі  бар,  та-

лабы  таудай  талантты  ұл-қыздардың  басын 

қосып,  шабыттан-

дыру.  Жас  өркеннің 

тырнақ  алды  туын-

дыларын  насихат-

тап,  оқырманға  та-

ныстыру.  Осылай-

ша,  тасада  жүрген 

е л е у с і з   е с і м д е р д і 

ж а р ы қ қ а   ш ы ғ а р у . 

Халқымызда  «Бола-

мын  деген  баланың 

бетін қақпа, белін бу» 

деген аталы сөз бар. 

Кітапхана  ұжымының 

бабадан қалған осы-

нау  асыл  сөзді  елеп, 

к і ш і   б у ы н ғ а   к ө ң і л 

бөлгені  қуанышты 

жағдай. 

О б л ы с т ы қ 

м ә д е н и е т 

б а с қ а р м а с ы н ы ң 

м ә д е н и е т 

ұйымдарымен  жұмыс 

бойынша  бөлімінің 

б а с   м а м а н ы   Р о з а 

О л ж а б а е в а   ж а ң а 

бастамаға  сәттілік 

тілеп,  жібек  лентаны  қиып,  студияны  салта-

натты  түрде  ашты.  Белгілі  ақын,  драматург 

Ақылбек  Шаяхмет,  ақын,  Қазақстан  Жазушы-

лар одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатов және 

Тобыл өңірінің мақтанышына айналған айтыскер 

Әлпия  Орманшина  жастарға  ақ  баталарын 

беріп, жанашырлық лебіздерін білдірді. Іс-шара 

аясында көрермендерге Наурыз көже ұсынылып, 

шашу шашылып, қазақтың салт-дәстүрін арқау 

еткен театрландырылған қойылым сахналанды.

-Студияны  «Толқын»  деп  атауымыз  тегін 

емес. Біздің мақсатымыз кіші буынның алдында 

темірқазық  жұлдызындай  жарқырап,  бағыт-

бағдар беріп жүрген аға буынның соңынан жа-

старды  ілестіру.  «Толқынды,  толқын  қуады» 

деген оймен жас талапкерлерге қолдау білдіруді 

жөн көрдік. Себебі, оқырмандар арасында өлең 

жазатын, шағын эссе, мөлтек сырын қара сөзбен 

әдемілеп,  әспеттеп  жеткізетін  өрендер  бар. 

Оларды  жігерлендіру,  әдебиетке  тарту  біздің 

парызымыз  деп  білеміз,-деді  Н.Островский 

атындағы орталық кітапхананың кітапханашысы 

Ботакөз Дүйсембаева.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал