Мәннан Тұрғанбаев XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының мұңын жоқтап, ұлт-азаттық қоз



жүктеу 271.93 Kb.

бет1/2
Дата08.03.2017
өлшемі271.93 Kb.
  1   2

Мәннан Тұрғанбаев XX ғасырдың бас кезінде 

қазақ халқының мұңын жоқтап,  ұлт-азаттық қоз-

ғалысын жаңа да салалы сатыға көтерген, елін 

әлемдік өркениет қатарына шығаруға бар білімін, 

күш жігерін жұмсаған  ұлттық интеллигенция 

өкілдерінің көрнекті қайраткері. Ол жөнінде ұзақ 

жылдар бойы ешнәрсе жазылмай, айтылмай кел-

се де, тарихшы, әдебиетші мамандар Мәннанның 

кім екенін жақсы білетін. Өкінішке орай, көпшілік 

қауым оны біле бермейтін еді, есімі  ұмыт  қалған 

жағдайға душар болды. Еліміз тәуелсіздік алған-

нан бері халқына қайта оралған арыстар қатарын-

да М.Тұрғанбаевтың есімі аталса да, ол туралы 

мерзімді баспасөзде шыққан мақалалардан басқа 

әзірше жеке зерттеу кітабы жоқ. 

Белгілі  қаламгер және  қоғам  қайраткері Секең 

ағамыздың Мәннан туралы жазған кітабы осы 

олқылықтың орнын толтырар алғашқы дүние. 

Қолжазбада,  қысқаша болса да, Мәннанның 

өмір жолы, өскен ортасы, атқарған  қызметі 

баяндалады. Оқырман үшін осының бәрі бір жерге 

жинақталған тың деректер. 



Қайдар Алдажұманов 

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология 

институты директорының орынбасары. 



Өмірдерек 

Сейітмұхамет Тәбәрікұлы 

1928 жылы 17 наурызда Семей 

облысының  Қайнар ауылын-

да дүниеге келген. (Бұрынғы 

әкімшілік атауда:  Қарқаралы 

уезі, Семей губерниясы, Абы-

ралы болысы, №2-«Сарыапан 

ауылында). 

Екі жоғарғы оқу орнын 

бітірген. Мамандығы-тарих-

шы, ғалым-зоотехник. Партия, кеңес  қызметінде 

жүріп журналистік мамандық алған.Ұзақ жылдар 

Абай, Ақсуат, Аякөз, Шұбартау ауылдарында ком-

сомол, партия комитеттерінің хатшысы болып 

қызмет істеген. 

1973 жылдан Ново-Шульба аудандық кеңестің 

төрағасы. 

1988 жылдан бері еңбек демалысында Респуб-

ликалық дәрежедегі дербес зейнеткер. 

1988 жылдан бері  қалам  қайраткері. 

1997 жылы - «Жанақ ақын» (Алматы, «Сөзстан» 

баспасынан). 



1998 жылы - «Замана ағысы» атты (Алматы, 

«Өлке» баспаханасынан) екі кітабы жарық көріп, 

оқырмандар жылы  қабылдады. 

Бүгінде шығармашылық жұмыспен «Замана 

Зердесі» атты ғұмырбаяндық роман-эссе жазумен 

шұғылдануда. 

Жергілікті баспасөзде бірнешеленген, пробле-

малық мәселелер көтерген (ойтүрткі, көзқарас) 

мақалалары басылған. Бірнеше әндердің авторы-

сазгер, әншілік өнерімен де ел ішінде көпке 

мәлім,  қазыналы  қария. 

Журналистер  қауымымен етене жақындасуы 

Секеңнің  қаламгерлік шеберлігін шыңдай түсіп, 

өмірдің әр саласына лайық, тарихи деректі 

әңгімелерге  қоса, саяси, әлеуметтік, тұрмыстық 

мәселелердегі проблемаларды көтерген іргелі 

материалдарын оқырман  қауымға  ұсына білді. 

Мәселен, Әуезов әлемінен «Жақсыдан шарапат», 

«Мұхтар сүйген бір сұлу» және «ақтаңдақтар»: 

Алаш арыстары: «Ахбайдың Жақыбы», «Рсымбе-

тов Садық» жәйлі №3804 «а», іс мақалаларымен 

«Мәннан Тұрғанбаев» туралы еңбегін атауға бо-

лады. Таяуда «Семей таңы» газетінде жарық 

көрген «Жер тағдыры толғандырады» деген 

көлемді мақаласы оқырмандардан  қызу  қолдау 

табуда. 


490035. Семей  қаласы 35. Ертіс-17

ж

 162 пәтер-



де тұрады. Жұбайы мұғалима,  қазірде зейнеткер, 

үш  ұл, үш  қыз өсіріп, немерелерді  қуаныштаған 

бақытты әулеттің - отағасының ойлар мүддесі: 

елдің,  ұлттың,  ұрпақтың бақытты болашағы. 

Ұлттық, сана, елдік намыс үшін барын аямай 

жұмсау - мұрсаты! 



«Қазақ халқының кейбір данышпан 

перзенттері мен көсемдері тарихтың 

қарғыс атқан тұзағында тұншықты, 

ұлттың амандығы үшін олар тарих-

тың тәлкегіне көнуге мәжбүр болды» 

Н.НАЗАРБАЕВ 

«Тарих толқынында» 

МӘННАН ТҰРҒАНБАЕВ 

Биыл, XX ғасырдың соңғы желтоқсанында қазақ 

баспасөзі қара шаңырағының бірі - Семей өңірінің 

рухани байлығының көзі, «Семей таңы» газетіне 

80 жыл толмақ. Осыған орай Шығыс аймағында 

тарайтын бұл басылым «80 жылдық қарсаңында» 

атты айдарын ашып, той дүбірін ертелете қаққан-

дай... 

Алайда алғашқы осы Ата газеттің негізін қалап, 

тұңғыш редакторы болған Мәннан Тұрғанбаев ту-

ралы әлі күнге терең монографиялық еңбектер 

мен ғылыми зерттеулердің болмауы, тіпті, саяси 

мемлекеттік қайраткер ретіндегі портретінің ашы-

лып көрсетілмеуі, тарихтан өзінің әділ бағасын 

алмауы таң  қалдырады, әрі түсініксіз жай. Алаш 

қозғалысының белсенді  қайраткері,  қоғамдық 

әмбе саяси ағарту  қызметінде үнемі Әлихан 

Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, 

Жүсіпбек Аймауытовтардың ең сенімді серігі, 

сталиндік  қуғын-сүргінге түсіп,  қызыл  қырғын-

ның құрбаны болған есіл ер өмірден де, тарихтан 



да лайықты еншісін,  ұрпақ бағасын әлі ала ал-

май келеді. Мәселен, өзі тұңғыш редакторы бол-

ған «Семей таңы» газеті редакциясында ескерткіш 

мәрмәр тақта  қойылмауы, туған ауылы  Қайнар 

елді мекенінде «Зұлмат құрбандарына»  қойылған 

ескерткіш  қабырғадағы тізімге де ілінбеуі, Семей 

қаласында тым  құрыса бір көшенің аты берілмеуі 

сияқты әттеген-ойлар бұған айғақ болады. Жал-

пы егеменді еліміздің әрбір таңы жаңа тарихы-

мен арайлап атып, рухани байлығымыздың ал-

тын  қоры толыға түскені жөн. Былтырғы жылы 

тамызда Абайдың мемелекеттік тарихи-мәдени 

және әдеби мемориалдық-қорық, мұражайы 

қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен Мәннан 

Тұрғанбаевтың мәдени ағарту саласындағы еңбегі 

туралы тақырыпта кеш өткен еді. Оған негізінен 

«Семей таңы» газетінің 25 санындағы Мәннан 

ақсақалдың немересі, химия ғылымдарының кан-

дидаты Сәуле Мұратқызының «Атамыздың 

бейітін тапқандаймыз...» атты мақаласы себеп 

болды.  Қалай десек те, «Осының өзі Семей 

жұртшылығына ғана емес, мұқым  қазақ еліне 

қажет ізгілік бастауы болғай»,-деп тілеген еді, жи-

ылған зиялы  қауым сол кезде. 

Таяуда Семей  қаласының әкімі М. Шәйжү-

нісовтың атына «Әділет»  қоғамының төрағасы, 

академик М.  Қозыбаев  қол  қойып, арнайы жол-

даған хаты жәйлі хабардар болдым. Онда 

«Құрметті Маркен Жақияұлы! Биыл Семей қала-

сында «Семей таңы» газетінің 80 жылдығы ата-

лып өтпек. Осыған байланысты газеттің тұңғыш 

редакторы, көрнекті ағартушы, баспагер-журна-



лист, Алаш  қозғалысының белсенді  қайраткері 

Мәннан Тұрғанбаевтың есімін мәңгі есте  қалды-

ру шараларын  қарастыруды өтінеміз»,-деп өтініш 

жасалыпты. 

«1920 жылы Орынборда шыққан «Ұшқын», 

«Қазақстан» газеттерінде  қызмет істеген, Алаш 

қозғалысының белсенді қайраткері 1937 жылы 24 

қаңтарда халық жауы деген желеумен  ұсталып, 

НКВД үштігінің үкімімен Семей түрмесінде атыл-

ған. Ол 1963 жылы 14 декабрьде ақталса да, Алаш-

ордаға  қызмет еткені үшін аты еш жерде айтыл-

май келді. Оның творчестволық мұрасы бай. Осы-

ған сәйкес «Әділет» тарихи ағарту  қоғамы Семей 

қаласы әкімінен  М ә н н а н Тұрғанбаев атына 

Семейдің үлкен көшелерінің бірін беруді сұрай-

ды»,-деп жазылған екен. 

Мәннан Тұрғанбаев 1886 жылы бұрынғы  Қар-

қаралы уезі, Семей губерниясы, Абыралы болы-

сы №2 Сарыапан ауылында дүниеге келіпті. Ата-

мекені - Мәмбет қыстауы. Руы - Қара Кесек,  Қам-

бар тегінен. Әкесі ерте өліп, Шәден деген әкесінің 

інісінің тәрбиесінде өскен Мәннан 10 жастан ас-

қанша ауыл молдасынан дәріс алып, арапша сау-

атын ашқан. 1900 жылы Семей шаһарына келіп, 

6 жыл бойы медреседе оқиды. 1906-1909 жылдар 

аралығында елге оралып, ауыл балаларына мұға-

лім болады. 1909 жылы Уфа  қаласына кетіп, он-

дағы әйгілі Ғалия медресесіне окуға түседі. 1915 

жылы оны ойдағыдай тәмамдап, туған еліне ора-

лады. Алайда әлі де болса білімін жетілдіре түсуді 

мақсат тұтады. 1915-1917 жылдары Түркия еліндегі 

Каир мұсылман рухани академиясы мен Стам-



бул Университетінде мұғалімдік  қысқа мерзімді 

курстарды оқып бітіреді. 

Мәннанның бұдан былайғы  қызметі Семей 

шаһарында облыстық,  қазақ комитетінің белді 

мүшесі ретінде алуан түрлі жұмыс-міндетгер ат-

қаруға арналды. Сол уақытта  ұлт  қамын ойлап 

шарқ  ұрған Алашорданың Семей облыстық 

комитетінің үні болған «Сарыарқа» газеті шыға 

бастайды. Газеттің жауапты шығарушысы - Алаш-

тың ардақты азаматы Халел Ғаббасұлы, оның 

белсенді серіктері Мәннан Тұрғанбаев пен 

Жүсіпбек Аймауытов болған. «Сарыарқа» газеті 

Алашорда өкіметін  құру,  қазақ мемлекетінің 

негізін қалау тәрізді проблемалық мәселелерді жиі 

көтереді. Алашорданың Семей тобының саяси 

бағдарламасы да осы газетте жарық көрген. Қазақ 

қайраткерлерінің іс-қимыл әрекеттерінен де олар-

дың жазған мақалалары арқылы тікелей танысуға 

болады. Мысалы, «Сарыарқаның» 1917 жылғы 15 

шілдесіндегі №5 санында Мәннан Тұрғанбаевтың 

«Орыс пен  қазақ» арасы деген мақаласы басы-

лыпты. 


Онда Өскеменнің оңтүстік жағындағы Шар 

өзенінің бойындағы мұжықтардың «Қазақтан 

зиян шегіп жатырмыз» деген арыздары жаңбыр-

дай жауған соң, П.Колтсов пен екеумізді 6-ыншы 

күнде орыс пен  қазақ дауын бітіріп ажырастыру 

үшін областной қазақ комитеті мен орыс комитеті 

шығарды. 

Ұзын аққан Шардың бойын өрлей жүріп мұжық 

пен қазақ арасындағы дауларын сұрадық. Мұжық 

қалаларының (деревня  ұғымында-С.А.Д.Қ.) көбі 



«дауымыз жоқ» дейді. Арыз берген қалаларға келіп 

қарасақ, сөздің көбі жалған екен: пішен аман, 

желінген жоқ, жалғыз-ақ өксікті: 16-ыншы жылы 

қазақ жерін ойып алып, мұжықтарға беруге уағда 

қылған землемерлер биыл бере алмай қалғандық-

тан мұжықтар алмақ болса да  қазақтар бермейді, 

қонып отырады,  қыстауларын бұзбайды. Бұл 

орындарға  қазақтар ерегісіп отырған жоқ. Не жаз 

қонарға, не қыс қорасын аударып саларға жер жоқ 

болған соң отыр екен. Және де  қазақ мұжықтар-

ға  қисынсыз көп кесіп берген жайлау шабынды, 

күзеуден айырылған, ірге салар жер таба алмай, 

тау араларында шошайған  қораға ғана ие болып 

қалған. 


Мұжықтар жерді көп алып отырса да, мал 

өсірген  қазақтан  қара озып асып кеткені көрін-

бейді. Бәрі де: «Жеріміз жаман, ең көп алған жылы 

десятинасынан 35-40 пұт қана аламыз», - деп зар-

лайды. Шар бойындағы мұжықтардың бәрі бір 

жылда, бір тұрмыста - айырмасы жоқ. Сол үшін 

бәріне үлгі етіп Таувин  қаласы жайынан жаза-

мын. 


Делбегетей тауының күн батыс жағында Шар-

дың жағасында Таувин деген мұжық  қаласы бар. 

Бұл қаланың орнағанына 30 жылдай болған. Әуел-

де бұған арналып кесілген жер: Теріскен, Тума, 

Ұзынжол, Итқара, Шар екен. Жоғарғы жағында 

Суықбұлақ деген жерден жоғары бір «неміс ор-

найды» деп бөліп  қойған. Немістен кісі келіп 

көрген соң, жерді  ұнатпай,  қайтып ол орынға 

келмеген. Таувиндер бірнеше жыл отырып байқа-

ған соң жеріміз жаман деп көшуге айналған. Та-

10 


увин мұжықтарының «қайта көшеміз» дегені пе-

реселен мекемесіне өте батып, не  қылса да тоқ-

тату  қамына кіріскен; неміске арналған Орта 

Қарауыл, Салақбай, Шұңқырсу деген жерлерді 

Таувиндерге беріп, көшуден тоқтатқан. 

Таувин  қаласы - 63 үй.Иемденген жері 17670 

десятине. Үй басына бөлгенде 280 жарым деся-

тинедей келеді. Бір үйде 4 еркек бар деп есеп 

қылсақ, ер басы 70 десятине жерге ие болған бо-

лады. Мұжық басы 15 десятине жер беріледі де-

ген сөз  қайда? 

Бұл жердің бәрі - Делбегетей болысы 8-інші 

ауылдың жері. Олар 100 үй. Іргесін батыра үйіріп 

шабар шалғыны жоқ. Таувиндер бізге 8-інші ауыл-

ды шақты: «Жерімізге баса  қонып, егін пішені-

мізді жеп  қойды» деп. Біз барып  қазақтарды 

тексеріп  қарасақ, егін-пішен аман, жерге 

өздерінен сұрап  қонған болып шықты. Таувин-

дер  ұялып  қалды, отырған орындарынан  қоныс 

берді. 


Мұжықтарда бір жаман мінез, әдет болған: 

бұрын малы жоғалса, мал ауысып оттаса,  қазақ-

тарды тарпа бассалып алады екен. Сол жаман 

әдетін  қалдырғысы келмей, әлі де болса да аңсап, 

өте сағынатын көрінеді. Мұжық пен  Қазақ ара-

сындағы дау жанжалды тексеруге барған бір орыс, 

бір  қазақ екеуіміздің білгеніміз осы. «Сондықтан 

қазақты шағып, «қырғалы, жойғалы жатыр, зор-

лық  қылады деген мұжықтардың телеграммала-

рын, арыздарына әкімшілік басында тұрған адам-

дар тезінен сене  қалмай, толғап, тексеріп орын-

дау керек» деймін. 

11 


Еліміз бодандықтың бұғауында жүрген кезінде 

өз бетімен талпынып оқып, білім алған, оны 

мектебі, медресесі жоқ қазақтың игілігіне жұмсап, 

қызмет еткен Алаш арыстарының еңбегі, шын 

мәнінде, үлкен ерлік еді. Әдебиеттің де, 

мәдениеттің де қайнар бастауларында тұрып, өсіп, 

өрбіп, дамуына алғаш көмектескен, жол ашқан 

өрен тұлғалар,  қайран сабаздар ісін ешқашан ес-

тен шығармай, аялап, асқақтата беру - бүгінгі 

ұрпақтың басты парызы. 

Мәннан Тұрғанбаев - Семей өңірінде Совет 

өкіметін орнату ісіне де аса білімдарлық таны-

тып, білікті-белсенділікпен  қатысқан, жас кадр-

ларды даярлауға аянбай еңбек сіңірген тума та-

лант, ірі саяси қайраткерлеріміздің бірі. Мәселен, 

Семейде ақ пен  қызылдың  қан төгіскен аласапы-

ран күндері, яғни Кеңес үкіметінің алғашқы ор-

натылған кезінде «Қазақ тілі» газетінің шығары-

луы және оның тұңғыш редакторы Мәннан 

Тұрғанбаевтың болуы  қандай ерлік десеңізші! 

«...Мәннан ағай осы «Қазақ тілін»  құрастырып 

қаз тұрғызған, содан кем еңбегін сіңірмеген, 

«Қазақ тілін» жетектеп жүргізіп, ел  қатарына 

қосысқан азаматтарымыздың бірі - Жүсіпбек. 

Бұлардан соң «Қазақ тіліне» еңбегі аз сіңбеген 

Мұхтар Әуезұлы»,-деп жазады белгілі ғалым  Қай-

ым Мұхаметқанов. Ал, бұл жәйлі газет ардагері, 

марқұм Мақсұн  Қордабаев: «Қазақ тілі» газетінің 

тұңғыш редакторы Мәннан Тұрғанбаев өте сау-

атты жөне іскер азамат еді. Ол губерниялық, 

партия, Совет жөне  қоғам жұмысына белсене 

араласқан адам. «Қазақ тілі» бесжылдығына бай-

14 


ланысты сыртына оның есімі атап жазылған ал-

тын сағатты сыйға алғаны әлі есімде»,-дейді. 

Міне, әзірге, әйгілі баспагер-журналист, 

әдебиетші-ұстаз Мәннан Тұрғанбаев өмірінің бір 

қыры туралы әңгімеміздің төркіні осындай. Алда 

әлі талай оның жанқиярлық еңбегіне  қатысты 

монографиялық туындылар, ғылыми зерттеулер 

жарық көретініне сенемін. 



Қайран Сабаздар-ай! 

Сол кезде «Қазақ тілі» 2000 дана болып тарап, 

жұмасына екі рет шығып тұрыпты. (обл. архиві 

415  қор ісі). 

Қазіргі Жаң а Семейде , Ертістің сол  ж а қ 

бөлігінде  Қаражан, Исабек байлармен  қолы ашық, 

көкірегі көрікті, көңілі ояу Мұхаметхан сынды 

дәулет пен сәулет иелері тұрған (меценат). Олар-

дың Алаш арыстары мен  қазақтың оқыған жас-

тары, өнерпаздарымен байланысы үзілмеген. 

Еңселі, кең үй-жәйлары әрдайым  қонақжай, сау-

ықшыл, «жақсы жайсаңдар» бір сәт бас  қосатын, 

кеңесетін  қолайлы орынға айналады. Әміреге ән 

салдырып, өздері өнерлерін ортаға салған. Мән-

нан мандолин ойнаған, Ғайни әнін тамылжыта 

сүйіп орындаған... 

Әсіресе, Мұхаметхан үйімен Мұхтар Әуезов жиі 

араласып, аға-інідей сыйласады. Бұл жәйлі  Қай-

ым Мұхаметханов өз жазбаларында кең тоқталып, 

Мұхтармен таныстығы, одан алған әсер, тағлым 

жәйлі мол мағлұмат береді: «Біздің үйді өз үйіндей 

көріп, әр қашан жақын жолдастарымен бірге емін-

еркін келіп, бас қосып, сұхбаттасып тұратын бол-

ған». «Әкеміз саяси, әлеуметтік мәселелерден тыс 

қалмаған. Алаш партиясының тілегінде болған». 

Қайым Мұхаметханов, «Семей таңы», 23.ІХ.97 ж. 

Мәннанның Мұхтардан мүшел жасқа жуық 

үлкендігі, жан-жақты білімдарлығы, сыпайы 

мінез, мол мәдениетшілігі, әрі  қаланың  қоғам-

дық жүмысына белсене араласқан  қабілеттілігі 

оларды бір-біріне етене жақындастырып,  қалтқы-

16 


сыз сыйластырған. Мәннан Тұрғанбаев «Сары 

арқа» газетінде редактордың көмекшісі ретінде 

Санкт-Петербургтегі 2,5 айлық журналистер оқу 

курсынан өтіп, мамандығын жетілдіре түсіп, әде-

биетпен де шұғылданған, әдебиет  қайрат-

керлерімен де тығыз байланыста болған. Әсіресе, 

Жүсіпбек Аймауытовпен, Нығымет Нұрмақовпен, 

Мұхтар Әуезовпен,  Қаныш Сәтпаевпен, Әлімхан 

Ермековтермен серіктес, әріптес, ниеттес болып, 

өте жақын араласқан. Шешуі  қажет болған 

мәселелерді бас  қосып, ақылдаса отырып шеш-

кен. Мәселен, «Жас алаш» газетінде (26.11.91ж). 

Д. Досжанов былай дейді: «1921 жылдың қыс ай-

ында Ысқақов пен Сәрсеновтың үйінде, кімнің 

пікірі бойынша жиналғанымыз есімде жоқ, 

Семейдегі  қазақ  қызметкерлері, партияда бары 

және жоғы аралас, алашорда көсемдері болып, 

бас  қосқанымыз бар. Алашордадан Дулатов, 

Ғаббасов, Тұрғанбаев  қатынасты. Өзгесі жадым-

да  қалмапты»-деп Мұхтар Әуезовтің сөзін 

келтіреді. 

"Қазақ тілі" газетінің (қазіргі "Семей таңы") 

1921 жылғы 22 тамыздағы № 136 санында жария-

ланған "Бияш" тақырыпты мақала— некролог. 

Авторлары Жүсіпбек пен Мәннан. 

Жүсіпбек Аймауытов пен Мәннан Тұрғанба-

ев - жазушы,  қоғам  қайраткерлері, тек Семей 

өңіріне ғана емес,  Қ а з а қ с т а н н ы ң түпкір— 

түпкіріне аттары белгілі әрі ағартушы—ұстаз, 

көрнекті  қайраткер Биахмет Сәрсеновпен  қыз-

меттес, жолдастық, достық  қарым—қатыныста 

болған жандар, бір мақсат, бір мүдде бастарын 



қосқан күллі Алаштың белді азаматтары—дейді 

Аран Еспенбетов ("Семей таңы" 17.05.1997

 ж

 ). 


Б И Я Ш 

Өткен шілденің 17-де Орынбор  қаласында 

Қазақстан оқу комиссариатының мүшесі Биахмет 

Шегедекұлы (Сәрсенов) оба ауруынан  қаза бол-

ды. 

Биахметтің руы найман, болысы Нарын, уйезі 



Зайсан, губерниясы Семей. Жасы 36-да болатын. 

Биахметті Семей, Ақмола қазақтары жақсы біледі, 

басқа жерлер де оны білетін шығар, өйткені ол 

қызметке жүйріктігімен көзге түсіп, ауызға ілінетін 

санаулы  қазақ, азаматтарының ішінде маңдай 

жігіттің бірі еді. 

Ол Семейдегі учительская семинарияны бітіріп, 

алғашқы кезде ел ішінде аульная школада бала 

оқытып соңынан әкімшілік ісіне кіріскен. 17-ші 

жылы революциядан кейін қазақ азаматтары әлеу 

мет жұмысына араласып кетті. Бияш та солар-

дың ішінде областной  қазақ комитетіне мүше 

болып, Павлодар үйезінде комитеттер сайлады. 

Соңғы Алашорда земство болған замандарда Бияш 

көрнекті орында  қызмет етті. Семейге 1920-шы 

жылы совет үкіметі орнаған соң, Бияш Орынбор-

ға кетті. Онда алғашқы уақытта, соғыс комиссар-

иатының саяси білім беретін жұмысын басқарып 

жүріп, артынан оқу комиссариатына шығып еді. 

Ол басқа  қызметтермен  қатар, Семейде ашылған 

мұғалімдер курсында,  қазақ семинариясында, 

Орынбор курстерінде оқытушы болып жүрді. 

18 


Әлеумет ісіне  қатысқандықтан айыпталып. Кол-

чак тұсында, соңғы, совет үкіметі тұсында абақ-

тыға да жатып шықты. 

Бияш қазақша айтқанда сегіз қырлы, өнерлі жігіт 

еді. Алған орысша біліміне  қарағанда шын мағы-

насымен педагог (тәрбиеші) еді. Оқушының  қылп 

еткенін сезіп, ұғым ыңғайына құйылуға, тесіп қой-

ғандай көкейіне  қондыруға ол сықылды шебер 

оқытушы, ол сықылды психолог  қазақ оқытушы-

ларынан кем. Оның оқытылуынан  ұғылмайтын, 

көңілге күдікті ешнәрсе қалмайтын. Егер бала оқыту 

жолында  қызмет еткен болса, белгілі жақсы 

тәрбиеші болар еді. 

Төңкеріс заманға душар болып, әлеумет ісіне 

оқығаны аздықтан қазақтың ана жұмысы да, мына 

жұмысы да Бияшты керек қылды, сүйреді. Оның 

араласпаған  қызметі болмады.  Қандай жұмысқа 

кіріссе де тереңнен біліп, тез бітіретін Бияш бола-

тын. 

Ол әкімшілік іске өте жетік, тағанды,  құнтақ-



ты болатын.  Қол астындағы  қызметкерлерді бір 

жағынан тілімен, бір жағынан  қырымен өзіне 

мойынұсындырып, жүгіртіп  қоюға онан шебер 

өтпейтін. Сондықтан оның жұмысы өрге дома-

лайтын,  қиын істі оңай бітіретін. 

Ол орны толмайтын дипломат (елші) еді. Бір 

көрген кісінің сырын тез біле  қойып, ыңғайы-

мен жүріп, өзінің мақсұтты жұмысын орындатуға, 

өз сырын кісіге жуырда білдірмеуге, бір көрген 

адамды  ұршықтай айналдырып алуға,  қисыны 

келген жерде сескендіріп  қоюға онан жетік кісі 

қазақ оқығандарының арасында жоқ деуге бола-

19 


ды. Бұл жағынан Бияш  қиын-қыстау  қияға сала-

тын, дәнекер болатын өзгеше жаралған жан еді. 

Ондай кісі  қазақтан кем шығады, Бияштың орны 

үңірейіп  қалды. 

Ол ақылды еді. Оның ақылы сағым  қуатын 

қаңғыбас  құрғақ ақыл емес, нағыз өмірге, іске 

арналған (практически) ақыл еді. Оңай мен қиын-

ды, пайда мен зиянды салыстырып, ең керекті, 

пайдалы болатын нәрсені ғана істеуге, оны тез 

орындауға шебер болатын. Кісіге сөзін де, есесін 

де жібермейтін, асып соқпайтын тапбасар еді. 

Өзінің дұрыс тапқан жолына біреуді  ұғындырып 

түсіндіруге, дәлелге негізді, сөзге  ұста болатын. 

Оның тағы бір  қасиеті — нашарға, мұқтаж 

шәкіртке, жолдас арасында жүрегі  қайырымды, 

қолы ашық болатын. Жарлы шәкірттерге жанын 

салып болысып: «Байғұстар бірдеме алып қалсын, 

оқуынан  қалмасын...» деп ылғи біреуді орналас-

тырып, бірдеме тауып беріп,  құрақ  ұшып жүруші 

еді. Досшыл, жолдасшыл, еркөңіл еді. Жолдасы 

үшін, ел үшін,  қатерлі жерде жалғыз  қалуға жа-

райтын, жанын  қиюға шыдайтын ер еді. 

Еш нәрседен тауы шағылып тез  қайтпайтын, 

қажымайтын қуатты, пысық еді. Бияш  қысқаша 

айтқанда алмас  қылыштай,  қырағы  қаршығадай 

жігіт еді. 

Бияштың  қызметі, Бияштың адамшылығы, 

мінезі,  қалжыңы жолдастары арасында көпке 

шейін  ұмытылмас, жоқтатар. Оны іздемеске бол 

майды. Оқу комиссариатының  қандай ісі бол-

сын бір өзі басқарып бара жатыр еді. Әкімшілік 

жұмыста арқасы босағандай болып Ахаң (Ахмет) 

20 


Бияшқа сеніп отырушы еді. Енді... 

Жүрген ортаның бетіне тез түсінгіштікпен, сая-

си мәселеге ортақшыл жолдастардан артық бол-

маса кем түспейтін. Сондықтан оны ортақшыл 

партиясында жоқ деп білмейтін кісі ойламайтын. 

Төңкеріс заманында талай жігіттер шығын 

болды.Тағы талайлар шығындалар. Бірақ Бияш 

сықылды жігіттен айрыла беру аса шымбайға ба-

тарлық  қайғы, өкінішті  қаза. 

Марқұмның арттағыларына сабырлық берсін. 

Сол сияқты, «Тарихи тұлғалар» деген Смағұл 

Садуақасұлы жәйлі еңбегінде Д.  Қамзабекұлы-

ның: «Әліптемеде С.Садуақасұлы  қазақ көркем-

сөзінің әлі ержете  қоймағандығын, алайда бұл 

салада болашағынан мол үміт күттірер Болғам-

байұлы, Әлімбекұлы,  Қауызжанұлы, Ғаббас-

ұлы, Аймауытұлы, Әуезұлы, Кемеңгерұлы, 

Тұрғанбайұлы, Жәнібекұлы сынды жас талант-

тар бақтарын сынап жүргендігін, 1917 жылдың 

соңынан шыға бастаған «Абай» журналы, Алла 

жазса, олардың бұғанасын бекітіп,  қанатын 

қатайтуға жәрдем беруді көздеп отырғанын ха-

бардар етеді» -деп жазғанын оқуға болады. Мұнда 

да Мәннанның есімін әдебиет алыптары,  қазақ 

әдебиеті классигі Мұхтармен бірге атайды. М. 

Әуезов,  Қ. Сәтбаевтар Мәннанмен бірге  ұстаз 

болып дәріс оқыған. 1919 жылдың 26 мамырын-

да, Мәннан Пед. Курстің меңгерушісі болып 

істеп жүрген кезде оның өз  қолымен жазылып, 

мөрі басылған  құжатты Семей архивінен оқуға 

болады. Осы бір  құжат арқылы, курсте кімдер 

21 


оқып кімдер дәріс бергендігі жәйлі нақты дерек 

аламыз. Мәселен, Курс оқушыларының тізімінде: 

«Табыл Әбішев - 16 жаста, Рымбек Бейсенбаев - 22 

жаста, Сұлтанбек Ибрагимов - 23 жаста, Байсүгір 

Тойғанбаев - 26, Ғалиакбар Төребаев - 21, Дүйсен-

бай Есенжолов - 20, Гауһарбек Балтақаев - 16, Таңба 

Жиенғалиев - 23, Иса Биназаров - 25,  Қадыр Сады-

қов - 16.т.б.». Тізімге Курс меңгерушісі Тұрғанба-

евпен іс жүргізуші Мұстанбаев қол қойыпты. Енді 

бір  құжатта Курс мұғалімдерінің  қандай пәндер-

ден сабақ беретіндігі, мәселен, Мәннан Тұрған-

баевтың есептен, гигиенадан, ислам тарихынан, 

дін ілімінен; Сейітбатал Мұстафиннің  қырғыз 

(қазақ) тілінен, физикадан;  Қаныш Имантаев-

тың - географиядан, жалпы тарихтан, зоология 

мен анатомиядан дәріс оқитындығы көрсетіліпті. 

Қазақ автономиясы жариялануына байланыс-

ты 1920 жылы, жалпы  қазақ  қеңестерінің I-

съезіне Семейден Мәннан Тұрғанбаев та делегат 

болып сайланады. Орынбор  қаласында 4-қазан-

да ашылған осы съезге  қатысады. Съезде «Қазақ-

стан» газетасы туралы мәселе қаралады. Онда бы-

лай делінген: «Орынборда  қазақ автономиясы 

атынан шығатын екі газета бар: 1-орысша тілде 

қазақ хабарлары, 2-қазақша тілде «Ұшқын». 

Міне, осыларды һәм газета сықылды басқа 

нәрселерді  қарап отыратын төңкеріс комитетінің 

комиссиясы болатұғын. Осы комиссиялар жал-

пы топ мүшелерінен 10 шақты кісіні шақырып, 

топ тарқағанша газетаны шығарып тұруға тапсыр-

ды. Ол кісілер мыналар: 

І.Байтұрсынов. 2.Сералин. З.Садуақасов. 

22 


4.Тұрғанбаев. 5.Әлібеков...һәм басқалар. 

Міне осы кісілер өзара сөйлесіп, топ біткенше 

жазылатын мақалаларды мынадай  қылып бөлісіп 

алды: 


1. Топтың барысы туралы - Байтұрсынов пен 

Жәнібеков. 

2. Топтың шығарған  қаулылары һәм жобасы 

туралы - Тұрғанбаев. 

3. Жер мәселесі туралы - Сералин. 

4. Сот істері туралы - Әлібеков. 

5. Ғылым һәм шаруашылық туралы - Садуақа-

сов. 


6. Хабарлар туралы - Айсарин. 

Қалғандары жалпы жазып тұрады. 

Осы кісілер өздерінің істеген жиылысында га-

зетаны «Ұшқын» деген атын өзгертуге керек де-

ген мәселе  қойылды. Себебі: жалпы  қазақ авто-

н о м и я с ы н ы ң кіндігінен шығатын газетаға 

«Ұшқын» деген ат лайықсыз. Сондықтан бұдан 

былай «Қазақстан» болсын деген  қаулыға келді. 

Топ уақытында «Қазақстан» күніне бір рет шы-

ғып тұрады. Хабаршы: «Шұға», «Ұшқын» газеті 

15.Х.1920 жыл. 

Мәннан Тұрғанбаевтың іскерлігі, білімділігі 

қазақ халқы арасына кең тараған. Әсіресе, көзі 

ашық, көкірегі ояу,  ұлтжанды азаматтар ардақ 

тұтқан.  Қазақтарда да меценаттар болған. Со-

лардың бірі Талдықорған облысынан - Есенкүл 

бай. Ол «қазақша жақсы роман жазғанға бәйге 

беремін» деп «Айқаптың» 1911 жылғы бір санында 

жарнама жариялап, сол журналдың 1914 жылғы 

бір нөмерінде. Сол жарнама бойынша 5-6 

23 


романның  қолжазбасы түсті. Соларды Семейге 

қаратсам деймін, өйткені бұларды  қарап, дұрыс 

батасын беретін азаматтар - Ахмет Байтұрсынов, 

Әлихан  Б ө к е й х а н о в , Міржақып Дулатов, 

Жүсіпбек Аймауытов, Мәннан Тұрғанбаев Семей-

де отыр деп тағы хабарлаған. 

Ол уақытта (1917-1921 жж.) Ғалия медресесін 

және Университет бітірген  қазақтың оқыған жас-

тарының ең берісі ауылда мектеп ашып, бала 

оқытқан. Кейбірі бұрын қазақта жоқ әліппе, қира-

ғат оқулықтарын жазып, оларды өз  қаражаттары-

мен бастырып шығарған. Кейін әдебиетке дербес 

қолтаңбаларымен келген, бірқатары ғылымипе-

дагогикалық  қызметпен айналысқан, сөйтіп ел 

аузында есімдері  қалған Мағжан Жұмабаев, Мән-

нан Тұрғанбаев, Бейімбет Майлин, Біләл Суле-

ев, Нұғман Манаев, Жақып Айманов, Әбдірахман 

Мұстафин және басқа көптеген адамдар «Ғалия» 

медресесінің шәкірттері. «Жалпы 1906 жылдан 

1920 жылға дейін бұл медреседе білім алған 1500 

шәкірттер ішінен сегіз ұлттың сөзін сөйлейтін аса 

көп жазушылар, журналистер, ғалымдар,  қоғам 

қайраткерлері шыққан» («Ана тілі», 1997ж. С. Бай-

менше) 


Бұл жайында, белгілі әдебиетші, жазушы Ғалым 

Ахмедов ақсақал өзінің «Алаш Алаш болғанда» 

деген еңбегінде былай жазыпты: « ... Бұл медресені 

сөз етіп отырғанымыз, осында көптеген  қазақ, 

жастары да оқыған көрінеді. Олар жайында жи-

нақталған мәлімет жоқ. Мен де бұл жұмысты зерт-

теген емеспін, тек жазып жүрген жұмысыма бай-

ланысты керекті материалдарды архивтерден, ескі 

24 


заң журналдардан  қарастырғанымда кездескен-

дерін жазып ала бердім.  Қазақ әдебиетінің орын 

бастауына (Бейімбет  М а й л и н ,  Ж и е н ғ а л и 

Тіленбергенов, Мәннан Тұрғанбаев) ат салыс-

қан... Менің әржерден теріп алған адамдарым 

мыналар: 48. Тұрғанбаев Мәннан - 1915 жылы 

бітіріп куәлік алған, мұғалім болған, әдебиетші..». 

Кеңес өкіметі Алаш  қозғалысына  қатынасқан-

дардың бәріне кешірім жасағанына  қарамастан, 

Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиет 

пен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына 

өлшеусіз үлес қосқан ұлттық демократиялық ин-

теллегенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен 

Алашордаға жетекшілік жасаған  қайраткерлер, 

түгелге дерлік жалған жаламен «халық жауы» ата-

лып, сталиндік жүйенің  құрбандары болды. Ала-

шорда дегенде  з ә р е м і з  ұ ш қ а н д а й тәрбие 

жүргізіліп, Алаш  қозғалысы тарихы 60 жылдан 

астам ресми өкімет тарапынан тыйым салынған 

тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» болып келді. 

Мәннан Тұрғанбаев осындай жан-жақты терең 

білімді, өнерлі, ғалым, зиялықпен халқына 

сіңірген адал еңбегі еш кеткендей өз бағасын ал-

май келгенін мойындамасқа болмайды. 1924 жыл-

га дейін Семейге губерниялық оқу бөлімінде ин-

спектор болып істеп жүргенде Мәннан оқу-ағар-

ту жұмысына, балалар тәрбиесіне ерекше көп 

көңіл бөледі. Әсіресе, Шыңғыстау, Абыралы, 

Дегелең, Бесқарағай жерлеріндегі мектептердің 

дамуына көп ықпалды көмек жасайды. Жиі-жиі 

ел аралап, өз көзімен көргенін жоғарғы орындар 

назарына жазбаша түрде жеткізіп,  қойған тілек-

25 


терінің орындалуына мұқият зер салып отырған. 

1919 жылы Семейде 1-ші рет басылып шыққан 

Ахмет Байтұрсыновтың жаңа алфавиті бойынша 

сабақ жүруді  қадағалаған. Өзі де ана тілінен бас-

тауыш класқа арнап оқулық жазған. Семейге оқу 

үшін  қырдан келген ынталы, талантты  қазақ ба-

лаларына көп септігін тигізген, тікелей  қол  ұшы 

көмек беріп тұрған, оқудан  қол үзбеулерін бақы-

лауына алған. Мысалы, Педагогика ғылымының 

докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 

Қазақ ҒА-ның мүшесі, белгілі ғұлама-ғалым, 

марқұм Ахмади Ысқақовтың айтуынша Мәннан 

оны өз атына міңгестіріп алып, мектепке орна-

ластырған, және де, Ғабдырәсіл Смағұлов (Се-

мей  қалалық аткомын, 20 жыл облыстық кәсіп-

керлер одағын басқарған, фабрика жетекшісі болған) 

сынды елден келген баланы 2 құжаты жетпесе де оқуға 

түсіргенін, болашақ ғұмырына сара бағыт ашқанын 

толғана, тебірене әңгімелеген еді. Тәшкенге жетектеп 

апарып оқуға түсірген жиені Жүнісбек Нұрмағанбет 

ұлы да оқып жетіліп, Мәскеуде  қызмет істеген, тау-

кен инженері, ғалым атанады. 

Сол сияқты, Жаңа Семейде 35 жылдан артық банк 

мекемесі меңгерушісі болған, «Октябрь революция-

сы» орденінің иегері Жолдасбаев Жылқыбай да оқуға 

түсуіне Мәннанның шарапаты тигенін еске алатын. 

Мұндай, мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бұдан, 

Мәннан Тұрғанбаевтың жүрегі үлкен, кісіге мейрімді, 

айтулы педагог (ұстаз), аса сауатты әрі парасатты ұлт 

мүддесін көздеген өз заманынан оза туған жан 

екендігіне көз жеткіземіз. 

1925-1926 оқу жылының басында Тұрғанбаев 

26 


қызметі ауысып,  Қарқаралы пед.техникумында 

дәріс береді. Онда да оқушылардың ерекше 

құрметіне, асқан ілтипатына бөленеді. Мұны, Ұлы 

Отан Соғысының екінші топтағы мүгедек-

ардагері,  Қарағандылық еңбек зейнеткері Ахмет-

бек Әріновтың «Орталық  Қазақстан» газетінде жа-

рық көрген «Тұлпардың тұяғы» атты мақаласы-

нан анық аңғаруға болады: «Қарқаралы пед. тех-

никумының шәкірті, түлегі кейінде Ғұлама ғалым 

академик Ахмади Ысқақовпен жайласа отырып 

сұхбаттасқанымызда, тереңнен толғайтын арда-

гер азаматтың былай дегені бар еді: «менің дәл 

бүгінгідегідей дәрежеге көтерілуіме әуел бастағы 

білім  ұрығын бойыма еккен  ұстаздарымның сол 

білім мен ғылымның іргетасын, негізін мықты 

етіп, берік етіп  қалағанынан деп білемін. Бұл 

дүниеде  қалдырар  ұрпақтарым өз игілігіне жара-

тар сол де болса жемісін дерлік табыстарына ең 

алдымен сол аяулы  ұстаздарым иелік етуі керек 

дер едім», -деп толғаған. Солардың арасынан 

Әлімхан Ермековты,  Қояншы-Тоғай баласының 

түлектері  Р а қ ы м б а й  С а п а қ о в т ы ,  И м а м 

Әлімбековты, Семейлік Мәннан Тұрғанбаев пен 

Қарқаралылық (Ыбыраш Бөкейхановты, сол 

кездегі аудандық ағарту бөлімінде хатшы болып 

істеген  ұстаз  Қалиақбарды (кішкентай болған соң 

«Жұдырық» деп атайтын) аса бір ізетпен еске алып 

отыратынын айтты. Ал, Семейден кейінірек кел-

ген Мәннан Тұрғанбаев деген мұғаліміміз ерек-

ше  қасиеттерге ие, аса терең білімді,  ұстаздық 

өнерді бойына ана сүтімен дарытқан дерлік, шын 

мәнісіндегі ғажайып  ұстаз еді ғой.  Қояншы-То-

27 


ғай жігіттері Рақымбай Сапақов пен Имам 

Әлімбетовтерге сол елдің атақты Дия Қажы, ақын-

молда жиі келіп тұратын. Дия  Қажы бес Бошан-

ның бірі Машат  ұрпақтарынан тарайтын Керней 

Жарылғап батырдың Жәнібек деген баласының 

шөбересі ғой. Сол Дия  қажының жоғарыда өзін 

атаған зиялылар біздің  ұстаздарымыз бас  қосып 

әңгіме-дүкен  құрып отырғанда әлгі Мәннан 

мұғалімге арнап айтқан  ұзақ өлеңнің: 

«Мәннан абын (арабша  ұлы дегені) Тұрғанбай, 

Сөз сөйлейді толғанбай. 

Күле сөйлеп айтқаны, 

Дәл төбеңнен  ұрғандай, 

-деген жолдары күні бүгін есімде... 

Осы арада мен де сөзге араласып: 

«Аға, Мәннанды мен де білемін. Жасырақ 

кезімде біздің үйге, әкеме келіп жүретін... Мен-

де, тіпті, фотосуретіде бар,-дедім. 

Бұл сөзіме Ахаң (Ахмади Ысқақұлы) балаша 

қуанды.  Ұстазының жастау кезіндегі суреті екенін 

айтып, үлкен олжаға кездесіп, жоғалтқан асылын 

тапқандай,  ұстазының өзімен кездескендей бо-

лып, шектен тыс  қуанды»,-деп жазған екен, Ах-

метбек ақсақал. Мәннанның арғы аталары: 

Қабан-батыр, Жарылғас-«пірадар» болған, 

мешіт ашып бала оқытқан көпке  қамқор болға-

ны жәйлі де Ахаңнан естіген еді. 

Мәннан Тұрғанбаев жәйлі деректер іздей жүріп, 

Семей зиялы қауымының қарт тарланы, оқу ағарту 

ісінің озат майталманы, аса  қадірменді  ұстаз Фа-

зыл Киікбаевпен сұхбаттасу сәті түскен болатын. 

28 


Өкініштісі сол  қазыналы  қарияның жасы тоқсан-

нан асқан шағында келуіміз еді: Фазкең,  ұзын 

бойлы, сидаң, биязы, кең мінез қалпында, ақыл-

естен жаңылмаған, көкірегінен көрікті ой тер-

беп, өз үйінде (Шәкәрім, 14/103 пәтерінде) жас-

тай  қосылып, мәңгілікке отасқан, жан-жұбайы 

Алма жеңгеміздің  қамқор демеуімен әңгімеміз 

желі тартты. 

-Бұл ағаларыңа, Күршімнен оқу іздеп келіп, 

жастай серік болып келемін ғой деп аққұба өңі 

жадырап, жұмсақ жәйлі мінез, кең пейілді таңға-

жайып өнегесін танытқан, Бекзат жеңгеміз ал-

ғаш сөзге  қонақ беріп, әңгімемізді келістіре же-

текке алды.-Ағаларың меннен 15 жас үлкен бол-

са да, жасы 81-ге келгенінше  қызметін тастама-

ды, әлі де үйде омырылып отыруды жақтырмай-

ды, «дүкеннен нан мен сүт әкелейін, зейнетақым-

ды алуға барайыншы»-деп тұрғаны. Бұл кісі де 

асылдың сынығы, текті атадан туған, әрі өмірі 

шыңдаған, шыныққан жандардың бірі. Енем 

қолымда болып, сол кісіден де көп әңгіме  қанық-

қан едім. Әкесі мен атамыздың атасы Оспан ірі 

бай болған. Үлкен атасы Киікбай Қажылыққа бар-

ған. Өз әкесі Тәнеке елге билік айтқан, болыс-

тыққа да сайланған, еліне беделді адамдар екен. 

Кеңес өкіметінің  қудалауға алған кезінде, бұл 

әулет те жан-жаққа тарап, бой тасалап, ауыз ба-

ғып, бұйығылықты талайларына шарасыз енші-

леген тәрізді. Ақсақалдың әлде жалқаулығы, әлде 

сақтығынан ба екен, ешбір жазған-сызған  қағазы 

жоқ. Тек  қабілетін күйттеп, бір сыдырғы, «қор-

жын аумас» күй кешті, таза кәрілікке жетті. 

29 


Білгенін ауызша айтар, жадысы дұрыс сияқты деп 

жеңгей, Фазкеңді жеңіл киіндіріп, біздің де кел-

ген «бұйімтайымыз» жәйлі ескертіп, жетектеп-

демеуімен, бізге таяу  қойылған креслоға жайғас-

тырды. Фазкең жазбай танып, бұдан бұрын Абай 

мұражайында өткен Мәннан Тұрғанбаев кешіне 

бара алмағаны, шақыру алғандығына ризалығын 

білдіріп, рахмет айтудан сөз бастады. 

-Қолға алган шараларың  қайырлы болсын! 

Мәннанды өз замандастарынан білмейтін, бұл Се-

мей мен  Қарқаралыда кісі жоқ еді. 

Қайран Заман-ай! Бүгінде көбі таусылып, 

өмірден өтіп кетті-ау! Сейітжан шырағым, тал-

пынып кітап жазып, тарихты зерделей зерттеп, 

іздене, сұрап жүріп мұндай іске кіріскенін 

еңбектің төресі деп білемін. Әлеумет үшін,  ұрпақ 

үшін еңбек ету  қашанда асылдықты  қажетсінеді. 

Біздің  Қарқаралы елінде ерте оқыған, білімдар: 

Ақбайдың Жақыбы деген өжет кісі болды. Жар-

ылғап атадан шыққан мықты бай, болыс Ақай-

дың Хасені онымен бақтас, омыраулы «кеудем 

соқ» әйгілі кісі еді. Екеуін де ел іші «күштіге» ба-

лайтын кез. Екеуінің арасында, кездейсоқ, айтыс-

тартыс тұрып  қалса керек. Сонда, Ақбайдың Жа-

қыбы, (мамандығы Заңгер)  қарсы келген Хасенге: 

-Әй, Хасен, сенікі бос әуре, талас даурықты тоқтат! 

Сен сөзіңді ғылыммен байланыстыра дәлелдемеген 

соң  құрғақ былшылды  қойып, тек отырған жөн!-деп 

білімдарлығымен күштінің мысын басқан екен. Сол 

сияқты, қашанда білім, ғылым ізденуді қалайды. Сонда, 

сөзде баянды, еңбегің жанып, көп жасаңдар. Ал, ме-

нен не сұрамақ едің? 

30 


-Аға, сіз Мәннанды  қай кезде көріп, тәлім ал-

дыңыз? Несімен ерекшеленетін еді сіз үшін? 

-Мәннан 1925-1928 жыл аралығында  Қарқа-

ралыда  қызмет істеді. Мәннан жарықтық, тұла 

бойы толы парасаттылығымен педагогикалық 

жұртты ауызына  қаратып, өзіне меңгеріп алатын 

қасиетті кісі еді. Аса ақылды, мол мейірімді, жаны 

жайсаң ерекше жанның талап кеңесін алып,  қам-

қорлығын көрген едім. Әрқашан оны дұғамнан 

да тастамаймын! Мына келістерің, «адалдықтың 

бір белгісі екен». Сендерге де, алғысымнан басқа 

не айтамын,  қарт көңіліме  қуаныш сыйладың-

дар. Әйтпесе мен кімнен артықпын,  қанша көп 

білер дейсің?! Мәннан туралы жазылғандар да 

баршылық болар, іздегенге табылар да! 

Бәлкім, жазылмаса жазылмай  қалған Мәннан-

ның,  Қарқаралы  қаласындағы  Құнанбай сал-

дырған мешітпен байланысы болар.  Құнанбай 

мешітінің бас имамы  Қамбар азаматы Оралбек 

молда да көп оқыған, тахуа, беделді адам бола-

тын. Мәннан үнемі Мешітте болып, діни сабақ 

өткізетін. Менің санамда Мәннан Абай, Ахмет 

Байтұрсыновтардың білімін дамытушы. Мәннан 

«тіл туралы» аса құнды пікірлер қосып, «Тіл  құра-

лы» деген еңбек жазған адам. Ол Абайша толға-

нып, оның тіліндегі ерекшеліктерді теріп, оны ба-

ғалау керектігін дәлелдеді.  Қазақ тілі граммати-

касы туралы, оны тіл танытудағы байлық кеніші 

деп бағалады. Әсіресе, етістік, бірлестік мағына-

сын  қалай пайдалану  қажеттігі жайлы тоқталды. 

«Сөйлеу», «Тіл  қату» ерекшеліктерін талдай 

келіп, адами тіл мен «хайуани тіл» жөнінде кең 

31 


толғам жасайды. Сөзді ғылым тілінде сөйлеу шарт-

тары, әділеттілік, «ақыл тілде» сөйлеудің талап-

тарын ерекшеледі. 

Мәннан Тұрғанбаевтың тағы бір ерекшелігі, әм 

білімділігі, ғалымдылығы дін мәселесінде, дін 

білімі, оның дұрыстығын дәлелдеп, оның шын-

дығын, тәрбиелік маңызын уағыздайды.«Алланың 

өзі де рас, сөзі де рас»,-дейтін Абай мен Мәннан 

жақын үндескендейтін. Мәннан «Пайғамбар За-

маны» атты кітап жазған. Ол кітап « Айқап» жур-

налының 1915 ж. шыққан он бірінші және он 

екінші нөмірлерінің бірінші бетінен бастап ба-

сылып шыққан. 

С. Торайғыров, М. Тұрғанбаевтың «Пайғамбар 

Заманы» деген кітабына  қысқаша сын бастырған. 

(«Айқап», «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакци-

ясы. Алматы, 1995, 355 - бет). Мәннан дін саба-

ғын еңгізіп, одан сабақ берді.  Құнанбай мешітін 

практикалық дәріс берудің орталығына айнал-

дырды.  Қазақстанның шалғай мешеу түпкірінде 

салынған  Құнанбай мешітінің маңызын көтеріп, 

мешіт жұмысына ерекше мән берді.  Қарқаралы-

дағы ертеде салынған Андрей мешітімен талас-

тыра,  Құнанбай салдырған  м ұ с ы л м а н д а р 

мешітінің бой көтеруі халқының ілгері мүддесін 

көздегендік, діни дұрыстығына көз жеткізу ниетін 

жоғары бағалады. Дін сабағынан дәріс бергенде 

әр дін бойынша, оны  қолданатын мемлекеттер 

тарихы жәйлі де жан-жақты, тереңнен байланыс-

тырып, оқушылардың кокірек көзін кең аша 

түсетін, жарықтық! 

-Сіз, Мәннанан дін сабағын оқыған болдыңыз 

32 


ғой?-деген сұрағыма, Фазкең: -Мен, жасымнан 

ауылда, арнайы молдадан дін оқуын оқыдым. Ал-

дымен, арабша хат таныдық. Мәннаннан дін са-

бағынан дәріс алған кезде,  Құранды тереңдей 

түсініп, дін негізіне бойладық.  О н ы ң өзі 

басқыштап күрделене беретін. Мәселен Мұхта-

сар, нақу, пікхайдан, тутхатуми,  қырық хадис, Би-

дан...сияқты болып келетін. Мәннанның кезінде, 

жасым 25-ке жеткен, өзім де дәріс бере бастаған 

албырт шағым болатын. Көбіне-көп Мәннаннан 

білмегенімді сұрап, консультация алып, ақыл-

кеңесіне ден  қоюшы едім. Мәннанның жүзі 

жылы (иман жүзді), пейілі кең:-«Міне, осылай, 

қ арағым»-де п биаз ы  с ы з ы л ы п ,  ж а л ы қ п а й 

түсіндіретін.  Ұстаздық туа  қонған дарыны болуы 

керек, нағыз ағартушы, кісілігі де, кішіпейілдігі 

де мол, парасат-пайымның адамы еді, жарықтық 

Абай мен Ахметтердің сөз саптаулары, пайым-

дауларын өзінше талдап түсіндіретін, ғалымдығы 

да сүйсіндіретін. Шындықты ашып, ислам (дін) 

мәселесіне, оның тәрбиелік, танымдық маңызы-

на көз жеткізетін. Мәннанан Мұхамадия Оспа-

нов деген талапты жас, бізбен ауылдас азамат 

оқыды. Ол да оны ерекше дәріктейтін-ді. Бәлкім, 

Мәннанның ықпалы болды ма, Мұхамадия Ала-

шорда үкіметінің белсенді жақтаушыларының бірі 

еді. 

Бірде, ол Мәннанға барып: 



-Сізден көмек сұрап келдім десе керек. Сонда, 

Мәннан: 


-Сұра, сұрай ғой. Ал, нендей көмек болды 

екен?-деп жылы жүзбен  құп алады. 

33 


Сонда, Мұхамадия алдымен, сұрағының төр-

кінін баяндайды: 

-Бір топ  қарқаралықтарды  Қытайға жер ауда-

рады екен. Он шақты белсенділер, оларды  ұрып-

соғып жүргенін көріп, жігіттер: «Бұларың не, бұлар 

оқымаған,  қараңғы, жазықсыз жандар ғой, 

жәбірлемей, жөнімен сөйлессеңдерші» - дегеніне, 

әулекі-белсенділер шам алып, «сенің өзінді  қоса 

жер аударамыз» ендеше деп  қоқан-лоқы жасаға-

нынан сескенген жәйынан сыр ашады, ендігі жер-

де не істеу керек? деген сауалымен келген екен. 

«-Сізден, сұрайтыным - ақыл» - депті. 

-Ел ішінде, аласапыран жәй-күй етек ала бас-

тады ғой. 

Әзірше, ізденбей, үндемей, сөз қумай, жәйімен, 

ақырын күтіп, өкіметтің аңдызын аңдай білу 

керек шығар-деп Мәннан ақыл  қосса керек. 

Міне, менің «Мәннан жайлы айтарым да, 

білетінім де осы көлемде» - деп Фазкең естелігін 

еркін отырып тыңдата бергісі келсе де, шарша-

тып алмауды ойладық та: 

-Рахмет ағасы! Тың деректер айттыңыз. Ой-

ланып, есіңізге жинақтап түсіре бергейсіз. Сәтін 

салса, тағы бір соғармыз - дегенімізге, ол: 

-Пәлі, мұндай әңгімеге кісі шаршамас болар, 

қайта жастық шаққа ойша оралтса да, адамға 

жәйлі, ізгілік жолындағы өмірге сыр шертуден 

қажыр-қайрат тапқандай, бір жасап, сергіп  қала-

ды емес пе?! Ертеңнің кеш болуы, сұрайтының 

болса, айта ғой, ойыма түсе  қалғанын айтып 

қалайын - деп күлімсірей, шын ықлас, ақ пейіл 

білдірді. 

34 


-Онда, аға есіңізге түсіріңізші. Мәннанға ар-

нап Дия  Қажы өлең шығарған көрінеді-деп Ах-

мадидан естіп, білген бір шумақты айтқанымда: 

-Ой, Секен, болған мұндай өлең. Бірақ, есімде 

жоқ. Тек, Дия  Қажыға арналған бір өлең шу-

мағы тіліме оралғандай, тұратұр... 

-Ассалаумағалейкум, Дия  Қажы, 

Адамды аздырады ардың азы. 

Алты ай жаз Асылбекке отын шауып, 

Ақыңыз  қанша болды, айтшы  Қажы?! 

-деп, оның да басына  қысым түскен шақта, 

Асылбек деген кеңес сотының да теріс әрекетін 

ажуалай, Дия  Қажыны мұқата айтылған осы бір 

өлеңді, бәлкім Мәннан айтқан болар деп  қос-

тай жөнелді. Десе дегендей-ақ, Мәннанға арнал-

ған ел аузында, жармалық ақынның шығарғаны 

екен дейтін, мына бір шумақ өлең жолы да Мән-

нанның биік өресін, ерекше қасиетін паш еткен-

дей. 

Мінбеге шығар болса Тұрғанбаев, 



Сөйлейді балғаменен  ұрғандай ғып. 

Алды-артын түгел орап сөз айтады, 

Белсендіні орнынан тұрмастай ғып... 

Бүгінде жасы сексен беске жеткен, Семей 

тұрғыны  қадірменді  қария Нұрланов  Қапан: 

- Мәннанның болашақты болжап жас буынға 

қамқор шарапат шуағын молынан шашқанының 

мен де куәсімін. Абыралы сыртындағы нөмір 2 

ауылда Мәмбет  қыстауында мектеп-мешіт ашып, 

35 


бақ берді.  Қарқаралыдан арнайы жіберген сары 

орыс жігітін осы ауылда екі жыл  ұстап, балаларға 

орыс тілін үйреткізді. Орысша сауат ашуына 

Мәннанға мектебіміз  қарызды-деген еді. 

1928 жылы Мәннан Тұрғанбаев Семейге  қайта 

оралды. Облыстық соттың орынбасары,  қалалық 

оқу бөлімінің инспекторы болады. Өзіне жүктел-

ген міндетке барынша адал, әрі жанын аямай 

қызмет істейді. Бірақ, бұл кезеңнің бет алысын 

алдын ала сезіп, секем алған сақтыққа Мәннан-

ның көңіліне алаң түсіре бастаған, үрейлі шақ 

әсері еді. 

1925 жылы  Қазақстанға саяси жетекші болып 

келген Ф.И.Голощекин өзінің ыңғайына келме-

ген қазақтың тұлғалы азаматтарын қақпайға алып, 

қуғынға  ұшыратқан теріс пиғыл танытты. Сол 

себепті Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов 

сынды тастүлектер елден жырақ кетіп  қалды. 

Голощекин жаңа теория шығарып «Қазан 

төңкерісі»  Қазақстанға соқпай бір бүйірден өтіп 

кеткен екен. Сондықтан, «Кіші  Қазан» төңкерісін 

жасау керек деп, 1927 жылы егістік, шабындық 

жерлерді қайта бөлу, 1928 жылы «Жартылай фео-

дал байлардың» мал-мүлкін тәркілеу,  қожа-мол-

даларға тыйым салған науқандар қыза түскен. Осы 

науқандардың ізін ала, 1929 жылы «Кулактарды 

тап ретінде жою негізінде елді жаппай колхоз-

дастыру» шаралары  қауырт  қолға алынды. 

Ешбір дайындықсыз  қызу жүргізілген осы нау-

қандардың кезінде халық шаруашылығы  қатты 

күйзелді.  Қолдан жасалған жаппай жұттың сал-

дарынан отырған жерлерінде аштан өлетін бол-

36 


ған соң, амалсыздан тамақ (корм) іздеген халық, 

ата-мекенінен безіп, беттері ауған жаққа  қарай 

тоз-тоз боп, босып кетуге, рия бойына  қаңғуға 

мәжбүр болды. Өйткені, колхоздардың еккен 

астығы үкіметтің берген жоспарын орындауға 

да жетпейтін еді, ал Голощекин (астық үшін 

күрес-социализм үшін күрес) - деп жоғарыдан елді 

қысымға алды. Ал мал басы күрт азайды - аш-

тықтан, күтімсіздіктен, індеттен  қырылды, көпте-

ген мал басы сойылып,  ұқсатылмай итжемеде қал-

ды. Бұл бір зұлмат-сұрапыл опат әкелді. Жұрт 

жарық дүниеден үміт үзіп, аш-арықтан  қырыла 

бастады. Өмір үшін босқын болып Ресейге, 

Қытайға, Монғолияға кетіп, сіңе бастады. Әр 

жерде үкімет саясатына  қарсы көтеріліс, толқу 

қозғалыстар бұрқ етіп басталып, аяусыз басы-

лып жатты. Осы науқандардың тұсында, әсіресе 

бұрынғы Алаш партиясы мен  қозғалысының 

жетекшілеріне, алғашқы саяси сот процесстері 

өтті. 1930 жылдың 4 сәуірінде ОГПУ-дің сот кол-

легиясының үкімі мен 35 адамға әр түрлі жаза 

кесілді. Ахмет Байтұрсынов бастаған 10 адамға 

өлім жазасы бұйырылып, кейін ол үкім 10 жыл-

дық мерзімге концлагерде отырумен алмасты-

рылды. Солардың бірі - Мәннан Тұрғанбаев та 

Семейде  қамауға алынып,  Қапал түрмесіне айда-

лады. 1932 жылы Ахмет Байтұрсыновпен  қатар 

ұсталған Мәннан Тұрғанбаев, Жұмағали Тілеулин, 

Даниял Ысқақов, Мұхтар Әуезов, Әлімхан Ерме-

ков сияқты біраз адамдар шартты жазамен неме-

се айыптары дәлелденбеген соң түрмеден боса-

тылады. 


37 

Түрмеден босағаны мен, шайлыққан жүрегі 

Мәннанды осы кезеңнің кезенген кесапатынан 

шеттеуді, кеңшілікке жылыстауды қалайды. Се-

мейге оралған бетте аш-жалаңаш, әр босағада 

жүрген от басын жиып алады. Дереу, Алтай 

өлкесіндегі Ойрат автономиялық облысындағы 

Турата атты ауылға көшіп жетеді. 

Сол Туратаның жеті жылдық мектебінде ма-

мандығы бойынша мұғалім болып  қызметке ор-

наласады... төрт жылдай шет жайлайды. 

Мәннанның  Қапал түрмесінде отырған (4/ІV-

1930-30/ІV-1932 ж.) екі жыл астам мерзімде оның 

от басы Семейде жайлаған аштық, апатының 

шеңгеліне ілінеді: әйелі мен Есен атты  қыз бала-

сы  қайтыс болады, анасы —Қалыш пен  ұлы -

Мұрат, немере туысы Әбділманның үйін пана-

лайды екен. Мәннан басына бостандық алып 

келісімен,  қаладағы облыстық, оқу бөліміндегі та-

ныс жолдастары бірден  қызметке шақырады. От-

басы (жанұясының) ауыр жағдайы, көңіл  қимас, 

өзін сыйлайтын дос-жолдастардың  қалауымен 

келген бетте  қызмет алып,  қаржы мәселесін 

шешеді. Семей облыстық, мемлекеттік архивіндегі 

мына  құжаттар бұған айғақ. 

38 


Приказ № 20 

по личному составу ВК ОблОНО 



от 15. V. 1932 г. 

§1 


т.Турганбаева Маннана - зачислить на должность 

ответисполнителя сектора кадров по курсовым ме-

роприятиям с 15 мая с/г. Зарплатой 240 руб. в месяц. 

ВК Зав.ОблОНО п/п АКИМОВ 

Екі жыл бойы  Қапал түрмесінің  қараңғы сыз 

подвалында күн сәулесін көрмей кешкен күй 

оның көз жанары мен денсаулығына тигізген кері 

әсері мен ел ішіндегі күйзеліс, от басы тауқыметі 

қатты ойлантады. Кәрі шешесі мен жас баласы, 

жетім інісіне пана, өзіне серік болар жар іздейді, 

тездетіп бой тасалайтын, ел ауып жатқан ішкі Ре-

сей жаққа, орыс арасына көшуге тас-түйін 

бекінеді. Кешікпей, басы бос бой жеткен Сағын-

дық атты Уәли дегеннің қызына үйленеді.  Қысыл 

таяң шақта  қосылған жұбайы Сағындық Мән-

нанның  ұйғарымына  қарсылық пікір білдірмей, 

«Қайда жүрсеңіз де етегіңізден  ұстаған адал 

серігіңіз болуға әзірмін» дегенді айтады. Ендігі 

жерде Семейде бөгелуге болмайтын болғандық-

тан жұмысынан арыз беріп босану, көшу  қамын 

жасайды. Сөйтіп, не бәрі екі айға жуық ОблОНО 

-да  қызмет істеп өз еркімен босап, бұйрық ала-

ды. 

39 


ПРИКАЗ №39 

от 9 июля 1932 г. 

т.Турганбаев М. - методист ОблОНО 

с 19 мая с/г считать уволенным от занимаемой 

должности по собственному желанию. 

Зав.ОблОНО - Х.ЕСЕНБАЕВ 

(опись 248 фонда) 

Мәннан 1923-1924 жылдарда инспектор болып 

қызмет істеген ГубОНО-1932 жылы Шығыс 

Қазақстан облысы  құрылып, Семей оның  қарау-

ына өткендігінен ВКОблОНО-болып өзгеріске 

түскен. Семей облыстық мемлекеттік архивіндегі 

құжаттар Мәннанның жиырмасыншы жылдардың 

бас шамасында Семей мен Алаш  қаласы оқу 

орындарында мұғалімдік  қызметте істегендігін 

айғақтайды. Оның Мұхтар Әуезов, Сәтбаев 

Әбікей сынды  ұлы тұлғалармен  қатар жүріп, бір 

салада  қызметтес болғандығына көз жетеді. Мә-

селен, 15.Х.1924 жылғы  қала оқу орындарының 

оқытушылар тізімі бойынша барлығы 185 

мұғалімдер жөнінде нақты дерек бар. Осы тізімнің: 

9. Ауэзов Мухтар Омарханович - б/п - серед-

няк. 


70. Кокумбаев Шаркер - б/п - служащий 

143. Сатпаев Абикей Зеинович - б/п - серед-

няк. 

154. Турганбаев Маннан - б/п - служащий. 



Міне бұл тізім-құжатқа жүгінсек, олардың 

әлуметтік күйі мен партиялығы жайында мағлұ-

мат аламыз. Демек, Мәннан Тұрғанбаевтың 

40 


партия  қатарында болмағандығын көреміз. Ал, 

Мұхтардың бұрын 1919-1923 ж. дейін партияда 

мүше болғандығын білетін оқырман, бұл оның 

өз ырқымен партия мүшелігінен бас тартқан 

кезіндегі  құжат екенін аңғартады. 

Мұхтар 1921 жылы Орынборға қызметке ауыс-

қан. Оның алдында 1920 жылдың желтоқсанын-

да Семей  қазақ автономиялық Кеңестік Респуб-

ликаның құрамына енген болатын. Ал 1921 жылы 

Мұхтар Семей губкомының атқару комитетінің 

төрағалығына сайланады.. Алайда,«Алаш Орда 

көсемі Әлихан Бөкейханов пен вице-премьері 

Әлімхан Ермековтермен байланысы бар» деп 

Мұхтардың басқан-тұрған ізіне аңду түскенді. 

Туған халқының  қасіреті мен  қайғысын көре 

білу Мұхтарды да болашағы туралы ойларға же-

телеген ді. Мұхтардың Орынборға келуі осы мақ-

сат жолындағы сапарының басы болатын. Бірақ, 

тап пен жікке бөлінудің ордасына айналған Орын-

бордан керегін таба алмаған қаламгер ендігі үмітін 

Тәшкентке артқан ды. Мұндағы қоғамдық өмірге 

аз-кем араласып та байқайды. Өзін мазалаған 

саяси-әлеуметтік шығармашылық ойларға тия-

нақты жауапты таба алмаған соң Мұхтар Пет-

роградқа бет алады. 1923 жылдың басында САКУ 

-де еркін тыңдаушы, «Шолпан» журналында қыз-

метке тұрады. Сол жылдың  қыркүйек айында 

Ленинград Университетінің  қоғамдық ғылымдар 

факультетіне тіл-әдебиет бөлімінің орыс-славян 

секциясына окуға түсіп, жыл аяғына дейін ғана 

оқып, шақыртумен Семейге келеді. Оқуын үзіп, 

Мәннан жетекшілік ететін мұғалімдер даярлай-

41 


тын курста және казпедтехникумда дәріс оқиды. 

Ұлылар қайта тоғысады. 

Бір кездерде «ұлтшылдық» әдебиеттің өкілдері 

саналып келген бұл  қайраткерлердің  қоғамдық, 

творчестволық еңбегі  қазақ халқының азаттық 

жолындағы ұлттық мүдделерімен байланыста өтті. 

Сапалы өмірін революциядан бұрын бастаған олар 

сол кездегі  қоғамдық дамудың мешеулігін,  қазақ 

халқының  қараңғылықтағы,  қанау астындағы 

аянышты өмірін, патша өкіметінің отаршылдық 

саясатының халықтың тұрмыс-тіршілігін ауырла-

тып, саяси  құқын тежеп отырғанын уақытында 

көре білді. Олар халықты ағарту, өнер-білімге тар-

ту жолында  қызмет етті. «Осы жолда бұлардың 

тапқан панасы -«Алаш Орда» болды. Біраз 

уақытын, еңбегін Алашорда үкіметі мен Алаш 

партиясын  құру, нығайту жолына жұмсаған олар 

көп кешікпей-ақ бұл бағыттың  қателігін, халық-

ты бақытқа, азаттыққа жеткізудің жолы бұл емес 

екенін түсінді. А.Байтұрсынов Әліби Жангелдин-

мен  б а й л а н ы с жасап, сол арқылы Совет 

өкіметімен келіс сөз жүргізді. В. И. Лениннің 

қабылдауында болды. Бүкіл-Россиялық Орталық 

атқару Комитеті 1919 жылы 4 апрельде Қазақстан-

дағы «Алаш» буржуазиялық-ұлтшылдық партия-

сы мен Алашорда үкіметінің басшыларына 

кешірім жасау туралы шешім  қабылдады. Міне, 

осыдан кейін Совет өкіметі жағына  қалтарыссыз 

шыққан  қаламгерлер ендігі еңбегін түгелдей жаңа 

социалисік  құрылысқа оның мақсат-мүдделеріне 

ыңғайлайды. Жаңа советтік әдебиет, мәдениет жа-

сау ісіне араласты. Алайда, жиырмасыншы жыл-

42 


дар ішінде біздің елімізде өрістеген таптық күрес 

жағдайында олардың өткендегі  қателері жиі еске 

алынып, оларға сенбестік мінездер көрсетіліп 

тұрды. Ал, отызыншы жылдары социалистік заң-

дылықтың бұзылуы салдарынан олар сол өткен 

қателері мен адасулары үшін жазаға тартылды»... 



(«Жүсіпбек Аймауытов», 4 бет 

С.Қирабаев, Алматы, 1990 ж) 

Мәннан Тұрғанбаев - осы  қатардағы аса ірі 

тұлғалардың бірі екеніне еш күмән келтіре ал-

майсыз. Ол - білімдар, журналист, сыншы, пуб-

лицист,  қайраткер ағартушы,  ұстаз-ғалым. Мән-

нанның оқулықтар жазғандығы, талай публи-

цистикалық мақалалар жазғаны мәлім. Оларды 

жинап кітап ету, зерттеу - ендігі күннің міндеттері. 

«Ештен де, кеш жақсы» демек, «осы шағын еңбек 

бастауы болсын» деген тілек үміт үкілейді.. 

Бұған мүмкіндік туған есіктер айқара ашыл-

ған шақ. Маселен, архив құжаттарын қарап оты-

рып: Мәннан Тұрғанбаевтың губерния ОНО ин-

спекторы кезінде  Қарқаралы уезін тексере барып, 

тексеру  қорытынды отчет жазған екен. Оқыту-

шылар техникумында оқитындар (тыңдаушылар) 

өңкей тақыр кедей балалары екендігін ескертіп 

оларға стипендия тағайындау мәселесін көтеріп, 

оңды шешімін табуына мұрындық болған. Сон-

дай-ақ 17.Х1.1924 ж. 

-Қазақ республикасы оқу ағарту халық ком-

миссариятының инспекторы Глазов деген азамат 

пен бірге Дегелең бойындағы  қазақ балалары 

43 


оқитын мектептерде болып,  Қожабек ауылында 

мектеп ашу  қажеттігін  Қарқаралы уездік оқу 

бөлімінен талап етіп, өзі  қадағалауға алған. 

Мұндай жазба талаптары көп көрінеді. Жетім ба-

лалар үшін Деткоммуна (детдом) ашу, үй-қаржы 

бөлу мәселесін алғаш көтерген де Мәннан Тұрған-

баев екендігіне иландырар  құжаттарды да көзіміз 

шалды.



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал