Меніңше, бұл салаға біржола тәртіп орнату қажет. Біз бұл салаға тым салғырт қа рап жүрміз



жүктеу 0.76 Mb.

бет6/7
Дата16.01.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

–  Сіз  осыдан  біраз  бұрын  педаго-

гикалық  инновациялар  банкін  құру 

жөнінде  бастама  көтердіңіз.  Осы 

жайлы  толығырақ  айтсаңыз.  Оның 

қажеттігі неде?

– педагогикалық инновациялар банкін 

құру  қажет.  Егер  бұл  жүзеге  асса,  ұлттық 

педагогикамыз тағы бір қырынан танылар 

еді. Тек бұған қолдаушы керек, іліп әкетіп 

жүзеге  асыратын  жанашыр  жан  қажет. 

Тағы  бір  айтарым  ұстаздар  арасындағы 

үзілмей  келе  жатқан  сабақтастық  жайлы. 

Біз  өзіміздің  ғана  емес,  өзіміздің  алды-

мызда  кім  бар,  бізден  кейін  өсіп  келе 

жатқан  жас  мұғалімдер  қандай,  оларға 

көмек  жасап  жүрміз  бе,  болмаса  өзімізді 

мақтап-марапаттаумен  шектелеміз  бе 

деген  ойды  ешқашан  естен  шығармауға 

тиістіміз.  Мәселен,  авторлық  бағдарла-

малар  жасап,  соны  таныта  алмай  жүрген 

ізденімпаз  әріптестеріміз  де  арамызда  аз 

емес.  қазақ  педагогикасы,  қазақстандық 

ұстаздар  кешегі  КСрО  заманында  да 

ешкімнен  сорлы  болған  жоқ.  Тәуелсіз  ел 

болған кезде де сол биігінен көрініп келеді. 

Біз  ендігі  жерде  сол  қазақ  педагогикасын 

әлемдік деңгейге көтеруіміз, өз қолтаңба-

мызды  танытуымыз  керек.  Мен  көбіне 

ойлаған  идеямды  қайтсем  жүзеге  асыра-

мын  деп  жүремін.  Бүгінгі  техника  мен 

технология  заманы  мұғалімнің  жұмысын 

жеңілдетіп жүр. Оқулық ретінде ұсынылған 

33  кітабымды  да  қолыммен  жазып, 

машинкаға  басып,  баспаға  тапсырдым. 

Егер бүгінгі заманның жас мұғалімі болсам, 

ондай  100  оқулық  жазар  едім.  Біздің 

кейбір азаматтар мұғалімдер туралы теріс 

пікірлер білдіріп жатады. шынында солай 

ма? Жоқ. Әрине, іштерінде салғырт, салақ-

тары бар шығар. Менімен бірге істейтін бір 

тәрбиеші  сіңілім  «Тәрбие  өнері»  деген 

кітап  жазып,  авторлық  бағдарламалар 

байқауында  екінші  орын  алды.  Сонымен 

шаруа  бітті,  оны  қайтадан  қолға  алып, 

қозғаған адам болған жоқ. Сол тәрбиешінің 

айлық  жалақысы  қанша  дейсіз  ғой?  Он 

жеті  мың  теңге.  Менің  жоғарыда  педаго-

гикалық  инновациялар  банкін  құру  керек 

деуімнің бір себебі осында жатыр. 

–  Мәскеуге  барған  кезіңізде  КСРО 

оқу  министрлігіне  кіріп,  Абай  мен 

Мұхтарды неге мектептеріңізде оқыт-

пай сыздар  депсіз.  Осы  жөнінде  толы-

ғырақ  айтып  беріңізші.  Бұлай  деп 

айтуыңызға не себеп болды?

–  Мен  тек  ол  кезде  ғана  емес,  өмір 

бойы  қазақ  тілі  үшін  күресіп  келе  жатқан 

адаммын.  1990  жылы  КСрО  Мемлекеттік 

сыйлығының  лауреаты  атанып,  Мәскеуге 

бардым.  Әдебиетті  тереңдетіп  оқытатын 

ең  үздік  деген  он  шақты  гимназияны 

аралап  көрдім.  Сонда  осы  мектептердің 

оқушылары  тұрмақ,  мұғалімдерінің  өзі 

Абай  мен  Мұхтарды  білмейтіндігіне  әрі 

таңғалдым, әрі намыстандым. Министрлік-

ке  кездесуге  барған  кезде,  сол  ашудың 

екпінімен:  «Менің  білімі  ең  нашар  деген 

оқушым пушкин мен лермонтовты жатқа 

білгенде,  сіздердің  мұғалімдеріңіздің  өзі 

Абайдың  кім  екенін  білмейтіні  қалай? 

қазақ қана емес, өзге «бауырлас» елдердің 

әдебиетінен де түк білмейсіздер, балаларға 

білімді қалай бермексіздер?» – деп айтып 

салдым.


–  12  жылдық  білім  беру  жүйесі 

жайлы не дейсіз?

– Біз қазір нарық заманында өмір сүріп 

отырмыз. Ал нарық заңы – қатал заң. Біз 

жаңа заманның, өркениеттің талаптарына 

сай болуымыз керек. қиындықтарға төтеп 

беріп,  әлемдегі  дамыған  елу  елдің 

қатарына  кіру  жолында  12  жылдық  білім 

беру – біз үшін аса қажетті дүние. Бұл ретте 

біз  балаға  көп  күш  түсірмей,  жақсы  білім 

бере аламыз. Ал қазіргі қалыптасқан білім 

жүйесі ең алдымен оқушылардың жүйке-

сіне  де,  ағзасына  да  көптеген  зиян 

келтіреді.  Ойлап  қараңыз,  тәулігіне  алты 

сағат  мектеп  партасында  отырып,  түстен 

кейін тағы сонша уақытын үй тапсырмасын 

орындауға  жұмсап,  миына  көп  салмақ 

түсіретін  балалардан  күні  ертең  дені  сау, 

толыққанды азамат шыға ма? Бір жағынан, 

көзінің  де  көру  қабілеті  төмендейді, 

омырт   қасына зақым түседі. Ал 12 жылдық 

білім жүйесіне көшкеннен кейін бала апта-

сына бес күн оқиды және сабақ ұзақтығы 

қазіргідей  45  минут  емес,  30-35  минут 

қана болады. Сонымен қатар 12 жылдық 

білім жүйесі мұғалімдерге деген сұранысты 

арттырады.  Оқу  жүктемесі  18  сағат  емес, 

14  сағаттық  апталық  жүктемеге  ауысады. 

Күні  бойғы  жазу-сызудан  сәл  де  болса 

арқа-басы жеңілдеген мұғалімдер ендігіде 

отбасына  да  көбірек  көңіл  бөле  алады. 

Сондықтан жаңа нәрседен үрікпей, жақсы 

жақтарын  байқап,  тиімді  пайдалана  біл-

сек, өзімізге көп пайда келтіреріміз анық.

– Оқушылардың білім деңгейін тест 

арқылы тексеру әдісіне әркім әрқалай 

жауап беріп жатады. Біреулер мақтаса, 

енді  біреулер  даттап  жатады.  Сіздің 

пікіріңіз?..

–  Тест  әдісіне  мен  өзімнің  қарсы 

екенімді жасырған емеспін, жасырмаймын 

да.  Тест  дегеніміз  –  күнделікті  сабақтарда 

белгілі  бір  тақырып  аяқталған  кезде 

қорытынды бақылау жұмыстарының құра-

мы  на  кіруі  тиіс  әдіс.  Ал  жүздеген  сұраққа 

бас-аяғы  төрт-бес  сағаттың  ішінде  жауап 

беріп  үлгеру  мүмкін  еместігі  өз  алдына, 

соңғы кезде осы бір әдісті мектеп бітіруші-

лердің  білімін  бағалау  үшін  қолданамыз 

деп біз білім деңгейін мүлдем төмендетіп 

алдық. Бәлкім, менің бұл сөзіме қарсылық 

білдіретіндер  табылып  қалар.  Әсіресе 

осыдан біраз жыл бұрынғы тест қорытын-

дысы  бойынша  көрсеткіштердің  жоғары 

болғандығын  дәлелге  келтіріп,  тестің 

дұрыстығын,  тиімділігін  жақтай тындар 

көп теп  кездесетінін  білемін.  Бірақ  менің 

ойымша,  оқушылардың  білім  деңгейі  еш 

жоғарылаған  жоқ.  Керісінше  мектеп 

мұғалімдерінің  «қулық»  деңгейі  жоғары-

лады. Соңғы уақыттарда басқа пәндердің 

барлығын  жинап  қойып,  тек  қана  тест 

алынатын төрт пәнді оқытуға барынша күш 

салып  жатқан  мектептердің  саны  көбейіп 

кетті.  Мектеп  орта  білім  беру  орнынан 

институтқа  дайындық  курсына  айналып 

жатыр.  Сонда  болашағымыз  қандай  бол-

мақ?  Көпшілік  мұғалімдер  үшін  баланың 

білімінен  гөрі,  «Алтын  белгіге»  ұсынған 

оқушыларының  қайтсе  де  осы  атақты 

ақтап  шығуы  қажет  сияқты.  Неғұрлым 

«Алтын  белгі»  көп  болса,  соғұрлым  мек-

тептің  де,  мұғалімнің  де  беделі  көтеріле 

түседі.  Ал  бұл  бедел  су  бетіндегі  жеңіл 

көбік  сияқты,  «уф»  десең,  ұшып  кетеді. 

Сондықтан  да  бірыңғай  тестілеу  дегенді 

тоқтатып, баланың білім деңгейін тексеру-

дің жаңа жолдарын іздестіру қажет.



–  Қазіргі  кезде  мектеп  оқушы-

ларының  арасында  қылмыс  өршіп 

кетті.  Мұның  барлығына  көк  жәшік 

пен  компьютер  кінәлі  екендігі  белгілі. 

Әйтсе  де,  балаларымыздың  терең 

білім  алып,  кітап  оқуын,  өздігімен 

ізденуін, бір сөзбен айтқанда, сабаққа 

деген  қызығушылығын  арттыратын-

дай әдіс-тәсілдер жоқ па?

–  Бізде  бір  жаман  әдет  бар.  Бала 

қылмыс  жасаса  да,  қазақстанда  мем-

лекеттік тіл өз дәрежесіне жетпей тұрса да, 

оның  барлығына  мұғалімдерді  кінәлап 

жатамыз.  Әрине,  мұғалімнің  тарихи  мис-

сиясын  ешкім  жоғалтып  отырған  жоқ. 

Алайда  жаһандану  келді.  Компьютер  мен 

теледидарға  телміріп  өскен  жас  ұрпақ 

сондағы  түрлі  «трюктарды»  өмірде  қол-

дануға  үйреніп  жатыр.  қазір  ақпарат 

құралдарын  ашып  қарасаңыз,  жастардың 

қолымен жасалған қылмыстарды көргенде 

жаныңыз түршігеді. Бұл жерде ең алдымен 

ата-ана кінәлі. Мұғалімдер онсыз да тиын-

тебен  алса  да,  оқушылардың  сабаққа 

деген  қызығушылығын  арттыруға  тыры-

сып-ақ  жатыр.  дегенмен  оқушылар дың 

бар лығын  өздігінен  ізденуге  түсіру  деген 

оңай шаруа емес. Ол үшін үлкен жұмыстар 

қажет. Енді оны қозғамай-ақ қояйық. Бұл 

ретте мен ата-аналарға риза емеспін. Егер 

ерлі-зайыпты  дүниеге  нәресте  әкелді  ме, 

оның адам болып өсуіне ең бірінші өздері 

мүдделі  болуы  тиіс.  шетелдерде  солай. 

Мәселен,  біз  бір  отбасында  он  бала  бол-

дық. Әкем мүгедек, шешем ауру болса да, 

ешқайсымыз  бұзық  болмадық.  Өйткені 

әкеміз  адам  болуға  тәрбиеледі,  үнемі 

«ұрлық  жасама»,  «өтірік  айтпа»  деген 

сөздерді  құлағымызға  құйып  отыратын. 

демек,  мұның  барлығы  жанұядағы  тәр-

биеге байланысты. 

Сұхбаттасқан 

Серік ЖұМАБАЕВ

Балаларымыз 

тек өзімізде 

емделуі керек 

ДАТыМ!

Нағыз  мұғалімдерді  дайындайтын  жоғары  оқу  орындарының  жоқтығы 

да  оқушылардың  білім  алуына  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Бүгінгі  таңда  жұмыс 

істеп  жатқан  институт,  университеттердің  басым  бөлігі  ақша  жинау  үшін  ғана 

жанталасады.  Оларды  бітіргендердің  мұғалім  болып  жатқандары  шамалы. 

Көпшілігінің  айтар  сылтауы:    жалақы  аз.  Мен  бұған  былай  деп  жауап  қайтарар 

едім.  Жалақының  аздығы  түк  те  етпейді,  ең  бастысы  балаға  деген  жүрек  жылуы 

жетерлік  болуы  тиіс.  Ал  жалған  бедел  алысқа  апармайды.  Есік  көзінде  тұрып  та 

бедел  жинауға  болады,  төрде  қасқайып  отырып  та  құрметтен  жұрдай  болуың 

мүмкін.  Ең  алдымен  осыны  ойлауымыз  керек.  Өйткені  мұғалімі  азған  елдің 

ертеңі жоқ екені айтпаса да түсінікті. Ол заманның мұғалімдері елдің бетке ұстар 

сауаттылары  еді  ғой,  қазіргі  кездегі  мектепте  жас  мұғалімдердің  70  пайызы  – 

кешегі амалсыздан жүргендер, жалақысы аз, ал Үкімет талабы көп. Қазір идеяға 

ешкім сенбейді, себебі менталитет прагматикаға бағытталған. Кім көп айлық алса, 

сол мамандық –«престиж». Бұрынғы кезде «пәленшенің папасы – дәрігер» немесе 

«мұғалім»  десе,  «о-о-о,  интеллигенттер  жанұясынан  шыққан  екен»  дейтін  және 

«коммерсант», «спекулянт» десе, намыс көретін. Қазір «мамам – дәрігер» немесе 

«мұғалім»  дегеннен  гөрі,  «папам  –  кәсіпкер,  Қытайдан  екі  камаз  зат  әкеледі» 

дегенді мақтана айтады. Сондықтан мұғалімдердің беделін көтеру керек. Мысалы, 

мұғалімнің айлығын тым болмаса 80-90 мың қылса, көп жағдай өзгерер еді.

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Таулы аймақтарда қар көше ме?

Алматыда үш айда 74 мың адам ауырды

Өткен  демалыс  күндерінің  бірінде  Алматы  тауларында  қар  көшкіні 

болды деп естідім. Оның нақты қай жерде болғаны және салдары жөнінде 

толық мәлімет берсеңіздер екен. 

 Гүлсім МұРАТҚыЗы, Алматы облысы

Еліміздің  Төтенше  жағдайлар  ми-

нистрлігі таратқан мәліметке сүйен сек, 

оқиға қаңтардың 17-сі күні түскі екілер 

шамасында  болған.  Кіші  Алматы  өзе-

нінің  Алматы  облысы  Талғар  ауда-

нындағы  тұсында  тіркелген,  жалпы 

аумағы  5000  текше  метрді  құрайтын 

көшкін  кезінде  екі  адам  қардың  ас-

тында қалып қойған. Іздестіру-құтқару 

шараларының нәтижесінде түрлі дене 

жарақатын  алған  1977  жылы  туған 

М.Белісбаева  есімді  азаматша  жақын 

жердегі  ауруханаға  жөнелтілсе,  67 

жастағы  азаматтың  өмірін  құтқарып 

қалу  мүмкін  болмапты.  Айта  кетейік, 

синоптиктердің  бол жауын ша,  алдағы 

күндері  қардың  мөлшерден  тыс  көп 

түсуі  салдарынан  шығыс  қазақстан, 

Оңтүстік  қазақстан  және  Алматы 

облыстарының  таулы  аймақтарында 

тағы  да  қар  көшуі  мүмкін.  Осыған 

байланысты  төтеншелік  мамандар 

тұрғындарға таулы жерлерге шықпауға 

кеңес береді. 

Өткен жылдың соңында дәрігерлер тұмаудың соңғы жеті жылда тұңғыш рет қайталанып 

отырғанын айтып дабыл қаққан еді. Қазір қаладағы эпидемиологиялық жағдай қандай?

 Әсем БЕКАСыЛҚыЗы, Алматы қаласы

Медицина  мамандарының  айтуынша,  өткір 

рес пираторлық  жұқпалы  инфекцияға  шалдық-

қан дар  қатарының  биылғы  қыста  күрт  өсуіне 

қаладағы күн райының құбылмалылығы себепкер 

болған. Алматы қалалық денсаулық сақтау бас-

қар  масы  мамандарының  мәліметіне  сүйенсек, 

өткен  жылдың  қазан  айынан  бүгінге  дейін  өткір 

респираторлық  инфекцияны  74  мың  тұрғын 

жұқтырса, қарапайым маусымдық тұмаудың бес 

дерегі  тіркеліпті.  қазіргі  уақытта  қалада  эпиде-

миологиялық  жағдай  бірқалыпты.  дегенмен 

дәрі герлер  ауа  температурасының  тұрақсызды-

ғына  байланысты  тыныс  жолдарының  жұқпалы 

аурулары мен тұмауға шалдыққандар қатарының 

әлі  де  болса  көбейетінін  айтуда.  Айта  кетейік, 

эпидемиологиялық  жағдайдың  ушығуына  және 

әлемді дүр сілкіндірген A/H1N1 қатерлі вирусы-

ның  алдын  алуға  байланысты  қала  емханалары 

күшейтілген  жұмыс  тәртібіне  көшірілген.  Сол 

сияқты,  ауруға  шалдыққандарға  берілетін  дәрі-

герлік  қағаздың  мерзімі  де  ұзартылды.  Яғни 

бүгінге дейін өткір жұқпалы инфекциямен ауыр-

ған  адамға  үш  күнге  беріліп  келген  дәрігерлік 

қағаздың мерзімі бес күнге дейін созылды. 

Педагогикалық 

инновациялар банкін 

құру қажет

Қазақстанда жыл сайын 

жүрегінде ақауы бар 3000-5000 

тарта нәресте дүниеге келеді. 

Олардың бар болғаны 10-15 

пайызы ғана бір жасқа дейін өмір 

сүреді. Бұған себеп, елімізде 

12 келіге дейін жететін балалар-

дың жүрегіне операция жасай-

тын емханалар жоқ. Бұл туралы 

кеше Алматыда өткен баспасөз 

мәслихатында кардиохирург 

дәрігерлер мәлім етті. 

дәрігерлердің  сөзіне  қарағанда,  12 

келі салмақты бала тек бір жасқа толғанда 

ғана жинайды. Ал жүрегі ауыратын бала-

ның  жасқа  толмай  сал  болып  қалуы 

немесе  шетінеп  кетуі  мүмкін.  Бізде  іштегі 

нәрес тенің денсаулығын анықтап отыруға 

мүм кіндік  беретін  кардиохирургтар  мен 

пер зентханалар  арасында  тұрақты  бай-

ланыс жоқ. Соның салдарынан кейде ба-

лалар дың  жүрек  ауруы  кеш  анықталып 

жатады.  «Бізде  әрбір  перзентханада  кар-

дио хирург  мамандар  болуы  керек.  Олар 

сәбилердің 

денсаулығын 

уақытында 

анық  тап отыруы қажет», – дейді баспасөз 

жиынына қатыс қан кардиохирург дәрігер 

Нұржан  дос майылов.  Мамандардың  ай-

туынша, дей  тұрғанмен, бұрынғыға қара-

ғанда  бұл  салада  қазір  аздап  болса  да 

алға  ілгері леушілік  байқалады.  Мәсе лен, 

отандық  дәрігерлер  2008  жылы  жүрекке 

20  опера ция  жасаса,  өткен  жылы  88 

операцияны  сәтті  аяқтаған.  Оның  ішінде 

27  операция  емшектегі  балаға  жасалды. 

Кардиохирург-дәрігер  құралай  Баталова 

жуық  арада  7  келі  балаға  операцияны 

сәтті өткізді. Бұл да – бұрын болмаған же-

тістік. Отандық кардиохирур гтарды шетел-

ге оқыту дәстүрі де жолға қойылып келеді. 

Мәселен,  жа қында  ғана  Сызғанов  атын-

дағы  хирур гиялық  орта лық тың  жеті  ма-

маны Италия дан тәжіри беден өтіп келді. 



Арыстан СЕйДАЛин, 

ҚР  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  бас 

кардиохирургі: 

–  Жыл  сайын  біз  операцияның  санын 

арттырып келеміз. Биыл 500 адамға квота 

алып отырмыз. Оның ішінде 300 операция 

балаларға  жасалады.  Бұл  –  бұрын  бол-

маған  жетістігіміз.  Алла  бұйырт са,  бола-

шақта біз барлық баланы шетелге жібер-

мей, өзімізде қарайтын боламыз. 

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ 

ұлттық техникалық универси те-

тінің студенттері енді Қазақ-

станда бұрын болмаған жаңа 

техникалық құралдар арқылы 

білім алатын болды. Қашықтық-

тан білім алып, жедел ақпарат 

алмасуға мүмкіндік беретін 

мұндай жабдықтарды аталған 

жоғары оқу орнына Оңтүстік 

Кореяның KOICA компаниясы 

сыйға тартып отыр. Оны таныс-

тыруға арналған салтанат ты 

жиын кеше Алматыда өтті.

Айта кету керек, өткен жылдың қараша 

айында  аталған  жоғары  оқу  ордасының 

жанынан  қазақстан-Корей  ақпараттық-

ком муникациялық технологиялар орталы-

ғы  ашылған  болатын.  Ол  қр  Білім  және 

ғылым  министрлігі,  KOICA  халықаралық 

ынтымақтастық  жөніндегі  агенттігі  және 

қ.Сәтбаев  атындағы  қазҰТУ  арасындағы 

үшжақты  келісім  арқылы  жүзеге  асты. 

Орталықты  құруға  тараптар  бірлесіп 

барлығы 6 млн Ақш долларын жұмсады. 

Корея республикасы ұсынған озық үлгідегі 

қондырғылар  мен  техникалық  құрал-

жабдықтар осы орталыққа орналас тырыл-

ды.  Мамандардың  айтуынша,  елімізде 

бұрын-соңды  болмаған  мұндай  үлгідегі 

қондырғы  тек  студенттерге  ғана  емес, 

оқытушы-ғалымдар, мемлекеттік қызмет-

кер лер,  бизнес  өкілдеріне  де  жаңаша 

білім алып, алыс жерлермен ақпарат ал-

масу ға мол мүмкіндік береді. Салтанатты 

жиында сөз алған университеттің ректоры 

Жексенбек Әділовтің айтуынша, орталықта 

төрт  бағдарлама  бойынша  жұмыс  істеу 

жоспарланып  отыр.  Алдағы  уақытта  бағ-

дарламаның қатары арта беретін бо лады. 

«Бұл орталықта 17 дәрісхана, 300-ге жуық 

компьютер  бар.  Орталық  ең  біріншіден 

адам ресурстарын дамытуға бағытталған. 

дәлірек айтқанда, ақпараттық қауіпсіздік, 

дизайн саласында мамандар дайындайды. 

Онда  оқу  орнының  соңғы  курс  студент-

терінің  де  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  бар. 

Біз осындай көмек көрсетіп отырған KOICA 

компаниясына үлкен алғысымызды білді-

ре міз», – дейді ректор. 

нұрмұхаммед МАМыРБЕКОВ

Оңтүстік Корея 

студенттерімізге 

сый жасады


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№5 (231) 



19.01.2010 жыл, сейсенбi

www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz



Әзиз ЖҰМАДІЛ

дода


Телжан КүДеров

бокс


дос

та

стық к



убогы

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

30 қаңтарда Белоруссия астанасы Минскіде шайбалы хоккейден 

Құрлықтық хоккей лигасы жұлдыздарының екінші дәстүрлі 

кездесуі өтетіні белгілі. Өткен жылы осы ойында астаналық 

«Барыстың» капитаны, канадалық Кэвин Даллмэн ойнаған еді. 

Биыл «ҚХЛ жұлдыздарының ойынына» «барыстықтардан» 

қатысатын біреу бар ма?

ермек СЫрЛЫБАев, Ақмола облысы

айта кетейік, «қХЛ жұлдыздары ойынына» қатысатын қос команданың 

алғашқы бестіктерін жанкүйерлер дауыс беру арқылы 15-қаңтарға дейін 

анықтап  қойды.  Нәтижесінде  бәрінен  жоғары  дауыс  жинаған  «барыс» 

капитаны кэвин даллмэн бұл ойынға 100 пайыз қатысатын болды. бүгінде 

«қХЛ жұлдыздары ойынына» қатысатын хоккейшілерді анықтаудың екінші 

кезеңі  өтіп  жатыр.  ол  қаңтардың  22-сіне  дейін  созылады.  айта  кетейік, 

екінші кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталмыш ойынға 

қатысатын қос команданың екінші бестігін анықтайтын болады. одан кейін 

аталмыш ойынға қатысатын қалған хоккейшілерді лига кеңесі анықтайды. 

Ең көп дауысқа ие болған – даллмэн

ұЛттық құрама

коНькимЕН жүгіру

ЕрЕжЕсіз төбЕЛЕс

фристайЛ

Футболдан өткен жылы әлемнің ең үздік футболшысы атанған Лионель Месси «Барселона» клубының 

сапында мергендігімен де көзге түсуде. Жақында Аргентина саңлағы «Барселона» сапындағы 100-голын 

соғыпты. Мессидің 100-тарихи голы қай клубтың қақпасында тулағанын білуге бола ма?

Дидар НҰрМАғАМБеТов, Қарағанды облысы

мессидің тарихи голы қай клубтың  

қақпасында тулады

Лионель месси өзінің «барселона» клубы сапындағы 

100-голын  «севилья»  клубының  қақпасына  соқты. 

4:0  есебімен  «барселона»  жеңіске  жеткен  бұл  ойында 

аргентина жұлдызы бір голмен шектелген жоқ. «севилья» 

клубының  қақпасының  торын  екі  рет  бүлк  еткізді.  Яғни 

осы матчта ол 100 және 101-голдарын соқты. бұл оның 

каталония  клубының  сапындағы  188-ойыны  екен.  осы 

матчтарда  жасы  22-ден  асқан  аргентина  аяқдопшысы 

испания примересінде 68 рет, король кубогында 10 рет, 

Чемпиондар лигасында 19 рет гол соғып, испания супер-

кубогы мен клубтық әлем чемпионатының әрқай сысында 

екі  голдан  енгізіпті.  «мессиден  жәбір  көрген  команда» 

деп  «атлетико»  клубын  атауға  болатын  сияқты.  себебі 

Лионель «қызыл-ала жолақтылардың» қақпасына он доп 

тоғытқан.

жалпы,  Лионель  месси  –  «барселона»  клубының  100 

гол соққан ең жас футболшысы. аталмыш клуб тарихында 

ешкім де 22 жасында осынша гол соқпаған. бұған дейін бұл 

рекорд мариано мартинаға тиесілі болған. ол 100-голын 

24 жастан асқанда (24 жас, 3 ай) соққан көрінеді.

Алексей Яшин 

командасының  

алғашқы бестігі:

Қақпашы: георгий гелашвили 

(«Локомотив») — 55 048 

дауыс.

Қорғаушылар: сергей зубов 

(«ска») — 103 136, илья 

Никулин («ак барс») —  

101 261.


Шабуылшылар: алексей 

морозов («ак барс») —  

105 433, александр радулов 

(«салават Юлаев») —  

104 004, максим сушинский 

(«ска») — 99 344.



Яромир Ягр 


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал