Меніңше, бұл салаға біржола тәртіп орнату қажет. Біз бұл салаға тым салғырт қа рап жүрміз



жүктеу 0.76 Mb.

бет5/7
Дата16.01.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Жанар ОРаЗЫМБЕТҚЫЗЫ, 

«Шалқар» радиосы бас 

редакторының орынбасары:

Тікелей эфирде айтылған 

сөз – атылған оқ

Бүгінгі радио қалың бұқараның 

өмірінде ерекше маңызға ие. 

Көше де де, көлікте де, үйде де 

еш қиындықсыз тыңдауға мүм-

кін дік молынан жетеді. алай-

да әуені жаныңызға жақса 

да, хабарларының салмақ-

тылығы талғамыңызға сай 

келмей, толқыннан толқынға 

ауысып жүргеніңіз бар. Бірақ 

соңғы уақытта көпшілік радио-

сының құлағын «106,5 ҒМ» 

толқынына жиі ауыстыра 

баста ды. Бұл – таза қазақша 

хабар тарататын жалқы радио, 

ұлттың үнбайрағы «Шалқар» 

арнасы. Жас ұрпақтың санасына 

сыналай енген, дәл қазіргі 

уақытта өзге коммерциялық 

радиолармен бақталаса ала-

тын қазақы радиоарнаның 

жұмы сы жайында «Шалқар» 

радиосы бас редакторының 

орынбасары, журналист Жанар 

Оразымбетқызымен аз-кем 

сұхбаттасқан едік...

арнаны  даңғаза  музыка,  жеңіл­желпі 

әңгіме,  сайқымазақ  сұхбатқа  айналдыру 

деген  сөз  емес.  радио  –  тәрбие  құралы. 

Оған сөз жоқ. Бүгінгі жастар өзіне керекті 

барлық  ақпаратты  да  радиодан  алады, 

жаны  қалаған  музыканы  да  радиодан 

тыңдайды. Өйткені радио жұрттың бәріне 

қолжетімді ақпарат құралы емес пе?! 

–  Жастар  демекші...  «Шалқар»  ра-

дио сының  жастар  тәрбиесіне  қосып 

жатқан үлесі жайында не айтар едіңіз?

– Қазір радио көп, ақпарат көздері де 

сан алуан, жұрттың көпшілігіне ғаламтор 

қолжетімді  болатындай  жағдайға  жетіп 

қалдық. Сол себепті ешкімге өз радиоңды 

зорлап тыңдата алмайсың. «тыңдаушысыз 

сөз  жетім»  демекші,  егер  тыңдарманың 

болмаса,  сенің  айтып  жатқаныңды  естір 

құлақ  болмаса,  қаншама  журналистің 

еңбегінің  зая  кеткені  емес  пе?!  Әрине, 

«шалқар»  радиосын  жанына  серік  етіп, 

үзбей тыңдайтын тыңдармандар жетерлік. 

ел  алдында  жүрген  ақын­жазушы  аға­

ларымыз, саясаттанушылар, қоғам, өнер, 

мәдениет қайраткерлері хабарласып, үне­

мі  өздерінің  «шалқарға»  деген  жақсы 

ниеттерін  білдіріп,  алғыс  айтып  жатады. 

Бұл,  әлбетте,  біздің  журналистеріміздің 

ізденісінің  жемісі  болса  керек.  Дегенмен 

болашақ жастардікі ғой. Біздің ұлт болып 

қалайық,  қазақ  болайық,  ұлттық  құнды­

лықтарымызды  ұлықтайық  деп  жар 

салғанымыз жастардың құлағына жетпесе, 

оларды тыңдата алмасақ, жастарды тарта 

алмасақ,  онда  істеп  жатқан  тірлігіміздің 

бәрі бекер емес пе?! Осы жерде тағы бір 

нәрсе бар. Бүгінгі жасты құрғақ ұранмен, 

қызыл сөзбен ұйыта алмайсың. Қазіргідей 

заман күн сайын мың құбылып, көз ілеспес 

жылдамдықпен өтіп бара жатқан уақыттың 

көшіне әзер ілесіп отырған кезде бұрын­

ғыдай ұзын сонар, ақылгөйсіген әңгімеге 

құрылған хабарларды, оның үстіне ешқан­

дай  эмоциясы  жоқ,  алдын  ала  таспаға 

түсіріліп  алынған  хабарларды  тыңдату 

қиын.  Сол  себепті  біз  мейлінше  тікелей 

эфирлердегі хабарлардың санын арттыруға 

тырыстық. 



– Радио ақпарат пен әуеннен тұра-

ды. Қазіргі уақытта «Шалқар» радио-

сының  ұстанып  отырған  музы калық 

саясаты қандай?

–  «шалқар»  ұлттық  бағыттағы  радио 

болғандықтан, біздің ең басты мақсатымыз 

–  халық  әндері  мен  халық  компо­

зиторларының  шығармаларын  кеңінен 

насихаттау.  Дей  тұрғанмен,  жаңа  айтып 

өткен мәселеге қайта оралғым келіп отыр, 

«шалқардың»  аудиториясы  өте  кең.  Сол 

себепті  біздің  музыкалық  эфиріміз  тек 

дәстүрлі  әндер  мен  күйлерден  тұратын 

болса, біз өзімізді тыңдауға құлықты жас 

тыңдармандарымызды жоғалтып алуымыз 

мүмкін.  Үнемі  дәстүрлі  ән­күйді  ғана 

тыңдай  беру  жұртты  жалықтыратыны  да 

жасырын емес. тіптен бұрынырақта жазы­

лып, Қазақ радиосының «алтын қорына» 

алынған  әндердің  көпшілігінің  сапасы 

төмен  болса,  кейбір  орындаушылардың 

орындауындағы  әндер,  әннің  өңделуі 

бүгінгі  тыңдарманның  талғамынан  шыға 

бермейді. Сол себепті кейде 50­70 жыл­

дар  әндерінің  жаңа  өңдеумен  жасалған 

нұсқасын беруге тура келеді. алайда бұл 

бұрынырақта  шырқалып,  қорымызда 

сақталған  ән­күйлерден  мүлде  бас  тарту 

деген  сөз  емес.  Ол  –  біздің  өнеріміздің, 

музыкамыздың тарихы. Оны ұрпақ сана­

сында үнемі жаңғыртып отыру қажет. Бірақ 

айта кету керек, көшеден келген, ешқандай 

музыкалық талаптарға сай келмейтін, мән­

мағынасы,  мазмұны  жоқ  әнсымақтарға 

біздің толқынымыздан орын жоқ. 



– Тыңдарманның тікелей толқында 

жүретін  бағдарламаларға  ықыласы 

ерек ше.  Бүгінгі  радиожурналистер 

көп ші ліктің  осы  сенімін  ақтап  отыр 

ма?

– тікелей эфир жанып тұрған от деуге 

болады.  тікелей  эфир  –  журналистің 

шеберлігінің,  оның  бүкіл  болмысының, 

ұстамдылығының,  қиыннан  қиыстырып, 

сөз тауып кететін кәсіпқойлығының сынға 

түсетін  сәті.  мен  тікелей  эфир  жүргізу 

шеберлігі  ұзақ  жылдар  бойы  үздіксіз 

ізденістің,  тәжірибенің  арқасында  ғана 

келетін нәрсе дейтін едім. Жалпы, «мик­

рофонның  мысы»  деген  болады.  табан 

аудармай  радиода  қызмет  еткен  он 

жылдан аса уақыт ішінде мен ел алдында 

жүрген ағаларымыз бен азуын айға білеп, 

үлкен­үлкен  мекемелердің  тұтқасын 

ұстаған  әкім,  кәсіпкер,  «бастық»  көкеле­

ріміздің  талайымен  тікелей  хабар  жүр­

гіздім. Солардың көпшілігі тікелей эфирден 

жүрексінетінін жасырмайды. тіптен хабар 

барысында тізесі дірілдеп, екі сөздің басын 

қосып  айта  алмай,  асып­сасып  қалатын 

кездері де аз емес. ал журналистер үшін 

де тікелей эфирге етін үйрету оңайға түсе 

қоймайды.  Жас  журналистердің  өз  бо­

йындағы  қорқынышын  жеңуі  үшін  де 

бірталай  уақыт  қажет  болады.  Өйткені 

тікелей  эфир  –  не  болса  соны  жосылта 

сөйлеп, қызыл тілге ерік беру емес, ол – 

үлкен  жауапкершілік.  алайда  тікелей 

эфирдегі  хабарларға  деген  халық  ынта­

сының  соншалықты  зор  екендігіне  қара­

мастан,  жасыратыны  жоқ,  оның  жүр­

гізушілерінің еңбегі елене бермейді. тіптен 

қалам  ұстағандарға  арналған  толып 

жатқан сый­сияпат, құрмет­марапаттардың 

ішінде тікелей эфир жүргізушісіне арналған 

бірде­бір аталым жоқ екен. 

– Бұл құлаққағыс па, әлде наз ба?

– ара­тұра әлдеқандай бір сыйлыққа, 

марапатқа  ұсыну  керек  болса,  бұған 

тікелей  эфир  жүргізетін  журналист 

ілікпейді. Себебі тікелей эфирде айтылған 

сөз  –  атылған  оқпен  тең!  Ол  еш  жерде 

жазылып  алынбайды.  ешқандай  қорда 

сақталмайды.  Сол  айтылған  жерінде 

қалады. Оны саралап, салмақтап, жүргі­

зушінің шеберлігіне, ойының тереңдігіне, 

тікелей эфирде өзін­өзі ұстап, тыңдарманды 

өзіне  ұйыта  білу  қабілетіне  баға  беріп, 

бағамдап  жатқан  ешкім  жоқ.  Бұл  айт­

қанымды  наз  деп  қабылдасаңыз  да, 

құлаққағыс десеңіз де – еркіңіз... 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Индира ҒаНИҚЫЗЫ

Кезінде жаңалықтарды бір ер адам, бір әйел адам болып 

екі дауыспен алмасып оқитын. Ер дауыспен жаңалық 

оқитын Аманжан Еңсебаев, Ласкер Сейітов, Омархан 

Қалмырзаев сынды дикторлардың дені бүкіл қазақ даласын 

өз үнімен әлдилеп келген Әнуарбек Байжанбаевтың 

шәкірттері болды. Сол кісілермен қоян­қолтық жұмыс 

істедім. Мен кесте бойынша көбіне Омархан ағамен 

шығатынмын. Ол кісі кейде таңғы эфирге келмей қалатын. 

Кім білсін, бәлкім, мені жалғыз өзі шығып, төселсін, эфирге 

бойын үйретсін дей ме екен?«Әй, қыз, сен өзің қатыра сал. 

Сен деген бәлесің ғой. Ағаң үйден шыға беріп, арықтан 

өтемін деп, тайып жығылып...» – дей салатын.

 Сондай күндердің бірінде мені үйінде отырып, мұқият 

тыңдаған Омархан аға жұмысқа келген соң мені қасына 

отырғызып алып: «Жанаржан, сенің дауысың – құлаққа 

жағымды, кәдімгі қазақи қоңыр дауыс. Жаңалықты 

осы дауысыңмен бір адамға әңгіме айтып отырғандай 

етіп жеткізсең жетіп жатыр. Рас, сені алты миллион адам 

тыңдап отырған болуы мүмкін қазір. Бірақ сені олар үлкен 

ғимаратта бәрі бірге отырып тыңдап отырған жоқ қой. 

Олардың әрқайсысы жеке тыңдап отыр емес пе? Сондықтан 

радиодан айтатын әр сөзіңді тек бір адамға ғана қаратып 

айтсаң болғаны. Радио арқылы бір адамға арнап айтқан 

сөзің миллиондардың жүрегіне жетеді. Айғайлап, ұрандап 

сөйлеудің еш қажеті жоқ», – деп ақылын айтқан еді. Ұстаз 

ағаның осы сөздері әркез менің жадымда тұрады. Қазіргі 

кезде Омархан ағаның осы әңгімесін жұмысқа жаңадан 

келген жас журналистерге құлаққағыс ретінде айтып 

отыратын болдым. 

БІР СӘТ

Қазақша кітап оқиық!

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар 

мемлекеттік университетінде «Қазақша кітап 

оқиық!» акциясы басталды. Осынау игілікті 

бастаманы көтерген — аталмыш оқу ордасының 

ректоры Ерлан арын.

«Көк жәшіктің» сырты бүтін, іші түтін

былай  қойғанда,  қаншама  уақытының  бос 

өтетіні  тағы  бар.  түрік,  кәріс  сериалдарын 

былай қойғанда, ресейдің жеңіл­желпі реалити 

шоулары – өз алдына бөлек әңгіме. Осы күндері 

«нтК»  арнасынан  күнделікті  берілетін  «Дом­2» 

хабары  да  қазақ  көрерменінің  ойын  онға, 

санасын  санға  бөлуге  айналды.  Кезінде  гитлер: 

«шығысты  жаулау  үшін  оларға  ертеден  кешке 

дейін  үздіксіз  даңғырлаған  музыка  беріп,  кітап 

оқып,  рухани  баюға  мүмкіндік  бермеу  керек», 

–  деген  екен.  Сериал,  даңғаза  музыка  сияқты 

жеңіл­желпі дүниелердің мән­мағынасын түсін­

бестен,  таңның  атысынан  кештің  батысына 

дейін жұрттың соған жаппай бой ұруы санасын 

жоғалту емей, немене?! 

Қазіргі  буын  классикалық  туындылардан 

едәуір  алшақтап  кетті.  Әйтпесе  қазақ  жазба 

әдебиетінің  небір  гүлденген  кезеңі  өтті,  бүгінгі 

ұрпаққа  көптеген  асыл  мұра  қалды.  мәселен, 

мұхтар  Әуезовтің  «абай  жолы»  эпопеясы, 

міржақып  Дулатовтың  «ақбілегі»,  Сәкен  Сей­

фул линнің  «тар  жол,  тайғақ  кешу»  романы, 

айта  берсек,  өте  көп.  Бұл  туындылар  адамды 

рухани  байыта  отырып,  төл  тарихымыздан  сыр 

шертеді.  алайда  қазіргі  таңда  осындай  кемел 

шығармаларды  ресейдің  арзанқол  детек­

тивтеріне  айырбастап  алғандар  қаншама!  Бұл 

да  –  адамның  рухани  азғындауына  бірден­бір 

себеп. Фариза Оңғарсынованың:



Қадір қалмай талант пен өнерде түк, 

Өмір кетіп барады өлеңдетіп.

Адамдар жүр жердегі адам құнын

Жылдан­жылға  өздері  төмендетіп,  –  деген 

жыр  жолдарынан  кейін  бұл  мәселеге  бөгде  сөз 

алып­қосудың өзі қиын, тіпті артық та... 

Әсем ӘлМҰхаНБЕТҚЫЗЫ 

Өкінішке  қарай,  біз  осындай  телехикаялар­

дың  зардабын  әлі  түсінбей  келеміз.  Соңғы 

уақытта  латын  америкасы  телехикаяларының 

дәуірі бітіп, түрік, кәріс хикаялары қазақстандық 

арналарды жаулап алды. түрік телехикаяларын 

көре  отырып,  «түркияда  адам  өмірінің  құны 

соншалықты  төмен  бе»  деген  ойға  қаласыз. 

Әйтеуір,  бір­бірімен  жауласқан  адам.  адам 

өмірін қию құдды бір жәндікті өлтірумен бірдей. 

Одан  қалса,  кәріс  телехикаялары  тағы  бар. 

Дағдарыс  кезінде  өзінің  тұрмыстық  мәселелері 

басынан  асып  жатқан  қыз­келіншектер  (кейінгі 

кезде  телехикаяларды  көруден  ер  адамдар 

да  қалыспайтын  болды)  кино  кейіпкерінің  де 

барлық  ауыртпалығы  өз  мойнына  түскендей 

әсерде жүреді. «міне, басталады» дегенде ішкен 

астан бастап, бар жұмыс айдалада қалады. Сол 

мария  мен  альбертоға  телехикая  уақыты  ғана 

бөлінсе жақсы ғой. Біткеннен кейін де сериалдың 

жыры  бітпейді.  Бәрінің  жабыла  келіп  болжам 

жасайтыны – «келесі серияда не болады» деген 

мәселе. Осының өзінен­ақ мән­мағынасыз, ұзын 

сонар  телехикаяларды  көп  көретін  адамның 

шынайы өмірден қан шалықты алшақтап кететінін 

аңғару қиын емес. айналасында болып жатқан 

дүниелерді  ұмытып,  телехикая  кейіпкерлерінің 

тағдырымен әлек болып кетеді. рухани тоқырауды 



Жасөспірімдерге арналған аргентина телехикаялары көрермендерді 

әдепсіз әдеттерге тәрбиелеуде. «Ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, бұл 

хикаялардағы оқушы қыздардың бесіктен белі шықпастан интимдік 

қарым-қатынасқа түсуі күнделікті өмірдегі қалыпты жағдай ретінде 

көрсетіледі. Жас жеткіншектердің сана-сезімін улап, кері әсерін тигізетін 

аталмыш көріністер халықтық психология мен ұлттық менталитетімізге 

мүлде кереғар. Соларға еліктеушілік салдарынан жастардың көбі бұрыс 

жолға түсуі әбден мүмкін.

н

ұрғис



а 

елеу


Бе

КОВ


 (фо

то)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№5 (231) 



19.01.2010 жыл, сейсенбі                   

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

дАТ!

АлАш АзАмАты



АлАш-АқпАрАТ

Қанипа БІТІБАЕВА, 

ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі:

–  Сіз  жиырмадан  астам  кітап, 

жетпіске жуық ғылыми мақалалардың 

авторысыз. КСРО Мемлекеттік сыйлы-

ғы ның  лауреаты  атанған  тұңғыш  қа-

зақ мұғалімісіз. Әрі бүкіл саналы ғұмы-

рын  қазақтың  әдебиеті  мен  тіліне 

арна ған ұстазсыз. Осы ретте айтыңыз-

шы,  сізді  ең  алдымен  не  толған-

дырады?

–  Толғандыратын,  ойландыратын, 

қуан татын дүниелерім өте көп. Ең алдымен 

қазақстанның  қарышты  қадамдарына 

қуанамын. Елімізді бүкіл дүниежүзі танып, 

ЕқЫҰ-ға  жетекшілік  етіп  отырмыз.  Бұл  – 

үлкен  қуаныш,  мақтаныш.  Алайда  мұны -

мен  бірге  толғанатын  да  дүниелер  бар. 

Конституциямызда «қазақстанның мемле-

кет           тік тілі – қазақ тілі» деп жазылған. Алай-

да ол өз дәрежесінде орындалып отырған 

жоқ.  Сондай-ақ  таяуда  Мұғалімдердің 

білімін  жетілдіру  институтында  халықара-

лық  конференция  өтті.  Оған  жан-жақтан 

білікті  мамандар  қатысты.  қаншама  мұ-

ғалім дер  баяндама  жасады.  Бір  байқаға-

ным,  мұғалімдер  ізденіс  үстінде  екен. 

Мемлекеттік тілді өз дәрежесінде көтеруде 

олар  аянып  отырған  жоқ.  Бес-он  тиын 

алып  жүріп,  үлкен  жауапкершілікпен  жұ-

мыс  істеп  отырғанына  қуандым.  Ал  кө-

ңілім   нің  толмайтыны,  таяуда  ақпарат  құ-

рал дары  қазақстан  коррупция  жөнінен, 

қыл мыс  жөнінен  басқа  мемлекеттердің 

алдына  шығып  кеткені  жөнінде  хабар 

таратты. Бұған қалай жүрегің ауырмайды? 

шенеуніктер Елбасы сеніп тапсырған қыз-

меттерін адал орындамай, елдің несібесін, 

ырзығын жеп жатыр. қазір жоғарғы эша-

лон да  отырған  шенеуніктерге,  облыс, 

аудан дарды  басқарып  отырған  әкімқара-

ларға  сенімсіздікпен  қарайтын  болдым. 

Кейде  жылап  жүрген  халықты  көргенде 

барлығына  солар  кінәлі  болып  көрінеді. 

Ішкі  істер  органдары,  судьялар,  про-

курорлар  туралы  да  халықтың  көңілі 

алабөтен. Елбасымыз бізде сот мөлдір әрі 

әділ болуы керек дейді, ал халықтың ара-

сында оларға деген жағымсыз қауесеттер 

өте  көп.  Оны мен  қоса  елімізде  ұрлық-

қарлық көбейді. Жастардың ара сында аты 

жаман  дерттер  –  нашақорлық  пен  СпИд 

секілді  аурулар  белең  алды.  Осылардың 

барлығы адамның жүрегін ауыртады. Мен 

әже  ретінде,  ана  ретінде,  ұстаз  ретінде 

айтар едім, егер Елбасымыз жемқорлыққа 

қарсы қатаң бақылау жүргізбегенде, мем-

лекеттік  қыз мет керлердің  көпшілігі  ха-

лықты қанай беруді қоймас еді. 

–  Еліміздегі  ана  тілінің  қолданылу 

аясына көңіліңіз тола ма? Қазақ тілінің 

мәртебесін  көтеру  үшін  не  істеуіміз 

керек?  Әрі  мектеп  оқушыларына  ана 

тілін  жетік  меңгерту  үшін  қандай 

ұсыныстар айтар едіңіз?

–  қазақ  тілінің  мәртебесі  өсіп,  өзге 

тілдермен  тең  болуы  үшін  ең  алдымен 

мектептердегі қазақ тілі пәнінің сағат санын 

көбейту  керек.  Себебі  аптасына  бір  сағат 

қана қазақ тілін оқып, қалған уақытының 

бәрін  орыс  тілі  мен  ағылшын  тіліне 

жұмсайтын  оқушы  тілді  үйрене  алмайды. 

Бұл әсіресе өзге ұлт мектептеріне қатысты. 

Тілдік  орта  қалыптаспайынша,  қазақ  тілі 

«өгей» қалпында қала береді. Ал бір жағы-

нан тілді жақсы үйрету мұғалімнің шебер-

лігіне байланысты. Егер оқытушы сабақты 

алдын  ала  жоспарлап,  қатып  қалған  дог-

ма лар  мен  қағидалардан  сәл  ауытқып, 

оқушыларын  қызықтыра  білсе,  жалық-

тырып  алмаса,  міне,  сонда  ғана  ана  тілі 

мен  әдебиетін  сүйетін  ұрпақ  тәрбиелеп 

шығара  алады.  Біздің  бүгін  алдымызға 

қоя тын негізгі мақсатымыз – тілді қадірлеп, 

мәдениетті  дамыта  білетін,  біздің  жолы-

мыз ды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп 

әкететін  азаматтар  дайындау.  Ол  үшін  біз 

тілімізді – ұлттық қазына, ал әдебиетімізді 

өнер деп оқытуымыз қажет.

–  Сіз  «Қазақ  әдебиетін  оқытудың 

әдістемесі  мен  технологиясы»  атты 

оқулықтың  авторысыз.  Бұл  еңбек  – 

әдебиетті  мектепте  оқытудағы  негізгі 

оқулықтардың бірі.  Енді осы оқулық-

тың  өзектілігі  мен  маңыздылығына 

тоқ тала кетсеңіз...

–  Мен  100-ден  аса  мақала  мен  32 

кітаптың және оқулықтардың авторымын. 

«қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі мен 

технологиясы»  атты  оқулығым  негізінен 

жо ғары  оқу  орнына  арналған.  Белгілі 

ғалым дар  Ә.қоңыратбаев  пен  қ.Көшім-

баевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесі» атты 

оқулықтарынан  кейін  араға  30  жылдан 

астам  уақыт  салып  барып  жарық  көрген 

бұл  оқулықты  бүгінде  республиканың 

барлық оқу орындары, ұстаздары пайдала-

нып  келеді.  Білім  және  ғылым  ми-

нистрлігінің  қолдауымен  екінші  рет  қайта 

басылуындағы  басты  себебі  де  оның 

ұстаздардың сұраныстарына жауап беруін-

де,  маңыздылығында  деп  ойлаймын. 

Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет 

жанрларын  оқыту  жалпылама  қарас-

тырылса,  бұл  оқулықта  лириканы  оқыту, 

эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық 

шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле 

отырып, оқытудың инновациялық техноло-

гиясы ұсынылады. Сонымен қатар мұғалім-

дерге  ерекше  қиындық  туғызатын  «Абай 

жолы» эпопеясын оқыту технологиясы мен 

әдістемесі  де  жан-жақты  сөз  болады. 

Батырлар жырын оқыту, публицистикалық 

шығармаларды,  эпистолярлық  жанрдағы 

дүниелерді, соның ішінде әр алуан хаттар-

ды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік 

үлгілермен берілген. Сондай-ақ оқулықта 

тіл дамыту жан-жақты қарастырылған. Бұл 

оқулықтың ұстаздар қауымынан, студент-

тер мен оқытушылар тарапынан кең қолдау 

табуының  басты  себебі  де  оқулықтың 

практикалық  мәні  мен  сұранысында  дер 

едім.  Мектеп  оқулығының  құндылығы 

оқу шыға  нанымды  мысалдармен  өріліп, 

әрі  қонымды,  әрі  түсінікті  жазылуында 

болса  керек.  Осы  ретте  менен  еліміздің 

түкпір-түкпірінен  «апай,  кітабыңыз  бар 

ма» деп сұрап жатады. Егер ол оқулықтар 

керексіз  болса,  осылайша  іздемес  еді. 

демек,  менің  кітабым  көпшілікке  керек. 

Өйткені  мен  орындықта  отырып  қиялда-

нып, орыс журналдарынан көшіріп басып 

алып  отырған  жоқпын.  Немесе  ғылыми 

атақ алу үшін диссертация ретінде жазған 

емеспін. Мен қайнаған «цехтің» ортасында 

отырып  жазамын.  Бала  алдында  сабақ 

беріп  отырып,  олардың  психологиясына 

байланысты не керек екендігін білгенімнен 

болашақта керек қой деп жазамын. 



–  Сіз  Абай  мен  Мұхтар  Әуезов 

шығармаларын мектеп оқушыларына 

дәріптеп келе жатқан ұстазсыз. Жалпы 

«Абай  жолы»  эпопеясын  мектеп  оқу-

шы лары  тұрмақ,  ересек  адамдар дың 

өзі  қайта-қайта  оқып,  кейде  түсінбей 

жатады.  Осы  ретте  екі  бірдей  жазу-

шының туындыларын мектеп оқушы-

ларына  жан-жақты  талдап  түсіндіру 

қиын емес пе?

–  Ешқандай  да  қиын  болған  жоқ. 

Балалардың  бағын  ашқан,  балаларды 

дұрыс  жолға  салған  –  «Абай  жолы». 

Авторлық сыныбымның бірінші шәкірттері 

қазір  филология  ғылымының  докторы 

атанып отыр. Менің 17 жастан бастап Абай 

мен Мұхтарды зерттеп жүрген шәкірттерім 

көп.  Бұл  жерде  тек  оқыта  білу  керек  дер 

едім.  Мен  41  жыл  мұғалім  болдым.  41 

жыл ішінде «Абай жолын» оқымаған бала 

есігімнен  шыққан  жоқ.  Өйткені  әдептілік, 

имандылық,  инабаттылық,  мейірімділік, 

қайырымдылық  секілді  құндылықтардың 

барлығы  «Абай  жолы»  романында  тұнып 

тұр.  Оны  неге  балаларға  ұғындырмасқа?! 

Абай  айтады  «Үш-ақ  нәрсе  адамның 

қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы 

жүрек»  деп.  демек,  қазақтың  бойында 

жүректің  жылуы,  махаббат,  ар-намыс, 

қайрат-жігер деген сезімдері бар. Халқы-

мыздың осы асыл қасиеттерін бүгінгі ұрпақ 

бойына сіңіру мұғалімдердің басты талабы 

болуы тиіс.




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал