Меніңше, бұл салаға біржола тәртіп орнату қажет. Біз бұл салаға тым салғырт қа рап жүрміз



жүктеу 0.76 Mb.

бет4/7
Дата16.01.2017
өлшемі0.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

 дайындаған Серік ЖұМАБАЕв

Оңтүстік астананың емдеу 

орындары Бірыңғай ұлттық 

денсаулық сақтау жүйесі 

бойынша жұмыс кестесіне 

көшірілді. Қр денсаулық сақтау 

министрлігінен жаңа жобаны 

жүзеге асыру үшін Алматы 

қаласына 10 миллиард теңгеге 

жуық қаржы қарастырылған 

болса, бүгінде оның 20 пайызы 

игеріле бастаған. Бұл туралы 

жуырда Алматыда өткен 

баспасөз мәслихатында белгілі 

болды. 

Жаңа  жүйені  тәжірибеге  енгізу  үшін 

қала емханалары арасында медициналық 

қызмет  түрлері  мен  мемлекеттік  тап сы­

рыс ты  орындау  бойынша  байқаулар 

ұйым  дастырылып, соның қорытындысына 

сәйкес, кепілді көлем аясында науқастарға 

тегін  медициналық  көмек  көрсететін  ем­

деу  орындары  анықталды.  алматы  қа­

лалық  денсаулық  сақтау  басқармасының 

бастығы  еркін  Дүрімбетовтің  айтуынша, 

стационарлық  қызметтер  үшін  төлемақы 

республика қазынасынан бөлінетін қаржы 

есебінен  жүзеге  асырылады.  нақты  айт­

қанда,  ем  алушының  тұрғылықты  жеріне 

қарамастан, тіркеуден өткен ме дициналық 

мекемелерге  көрсетілген  қызметі  үшін 

қаржы аударылатын болады. 



Еркін дүріМБЕтОв, 

Алматы қалалық денсаулық сақтау 

басқармасының бастығы:

–  Науқастың  медициналық  қызмет 

түрлерін  қалаған  емханасы  мен  ауру-

ханасынан алуды таңдау еркіндігі бойынша 

қазір  қалада  тұрғындарды  қайта  тіркеу 

жүргізіліп жатыр. Ол ақпан айының 1-іне 

дейін  созылады.  Егер  азамат  осы  уақыт 

аралығында  белгілі  бір  себептерге  бай-

ланысты тіркеуден өте алмай қалған жағ-

дайда қалаған емдеу орнына жыл соңына 

дейін тіркеле алады. Алайда емдеу орнын 

ауыстырған тұрғын дәрігерді үйіне шақыра 

алмайды.  Себебі  учаскелік  дәрігерлердің 

өзіне  берілген  аумағында  шақыртулары 

көп болатындықтан, олар дың қаланың бір 

шетінен  екінші  шетіне  баруға  мүмкіндігі 

жоқ. 

алайда  алматы  қаласынан  тыс  елді 

мекендерде  тұратын  азаматтар  оңтүстік 

астананың  емханаларына  тіркеуге  тұра 

алмайды.  олар  қажетті  медициналық 

көмекті өзінің тұрғылықты жерінде орна­

ласқан  емханалардан  ғана  алуға  мүм­

кіндіктері  бар.  тіпті  болмаған  жағдайда 

шаһар  емханаларында  арнайы  ақылы 

бөлімдер қарастырылған. сонымен қатар 

жаңа жүйенің жүкті әйелдер мен балаларға 

қатысы  жоқ.  Дәлірек  айтқанда,  олар  тір­

кеуде  тұрған  аумағынан  тыс  кез  келген 

ем ханаларда  ем  қабылдауға  құқылы. 

Денсаулық сақтау мамандарының пікі рін­

ше,  жаңа  жүйе  тұрғындарға  көр се тіле тін 

медициналық  қызмет  сапасы  мен  дә­

рігерлердің  кәсіби  біліктілігін  арттыруға, 

ден саулық  сақтау  ұйымдары  арасында 

бә се келестікті  қалыптастыруға  ықпал  ет­

пек. 

Жансая ӘБдіБЕкОвА

«Солтүстік Қазақстан 

облысының кеденшілері аса ірі 

көлемдегі есірткі затын ресейге 

алып өтпек болған тәжікстан 

азаматын ұстады» деп 

хабарлады кедендік бақылау 

департаментінің баспасөз 

қызметі. Жиһаз фабрикасында 

заң кеңесшісі болып істейтін ол 

5 келі героинді жүк салған 

сөмкесіне жасырған екен.

тоғыз  адам  мінген  көлік  «Жаңажол» 

кеден  бекеті  арқылы  өтпек  болады.  тек­

серіс  барысында  жолаушылардың  ішінде 

үш  бірдей  сөмке  арқалаған  тәжік  жігіті 

күдік тудырған екен. сөмкелерін ашқанда, 

біреуінің  ішінен  ақ  түсті  ұнтақ  табылады. 

«сөмкенің іші арнайы жаб дықталыпты. екі 

бөлікке  бөліп,  біреуіне  есірткі  затын  жа­

сырыпты. тексеріс оның 5 келі героин еке­

нін  анықтады»  деп  хабарлады  бас пасөз 

қызметі.


49  жасар  тәжікстан  азаматы  есірткіні 

ресейге  апарып  сатпақшы  болғанын  жа­

сырмады.  аталмыш  факті  бойынша  қр 

қылмыстық  кодексінің  259,  250­бап­

тарымен қылмыстық іс қозғалды. 

Ербақыт АМАнтАйұЛЫ,

Солтүстік Қазақстан облысы

Заң кеңесшісі 

героинмен 

ұсталды

Қаңтардың он бесі күні 

Семейдің Аймауытов көшесіндегі 

«Бочка» дүкеніне қарақшылық 

шабуыл жасалды. Медициналық 

маска киген үш жігіт атылатын 

қарумен дүкенге басып кіріп

сатушыдан ақша талап еткен. 

Осы кезде қосалқы бөлмеден 

шыққан қарауылға күдіктілер оқ 

жаудырып, оқиға орнынан 

іздерін жасырады. 

Бұл кезде дүкеннің қосалқы бөлмесінде 

үш жастағы бүлдіршін де болған. сәбидің 

періштесі  қақса  керек,  тапаншадан  атыл­

ған оқ дүкен қарауылшысы, яғни қыздың 

әкесі  тілеуханның  сол  аяғын  екі  жерден 

жарақаттаған.  мұндай  сұмдықты  тек 

кинодан ғана көрген ол болған жайтқа әлі 

сенбейді.  «тек  күліп  қана  еске  алғаннан 

басқа шара жоқ», – дейді ол.

есесіне,  жұбайының  жүрегі  жаралы. 

әлі күнге өз­өзіне келе алмаған құралай: 

«тапаншаны төбеме кезеп, кеңірдегімнен 

қылқындырғанда,  сасқанымнан  оларға 

«сәлеметсіз бе» деппін. «тіпті үш жастағы 

қызым  мен  күйеуіме  қарамастан,  көрші 

үйде тұратын дүкен иелеріне қалай жүгіріп 

барғанымды білмеймін», – дейді.

оқиға  орнына  төрт  минутта  жеткен 

тәртіп  сақшылары  бірнеше  сағатта  үш 

бірдей күдіктіні қолға түсірді. артынан осы 

қылмысқа  тікелей  қатысы  бар  олардың 

тағы бір сыбайластары құрықталды. тергеу 

барысында  олардың  барлығы  кәмелет 

жасына толмаған, қаладағы мектептердің 

10­11­сынып  оқушылары  екені  анық­

талды.  семей  қалалық  ішкі  істер  бас­

қармасы  Затон  аудандық  полиция  бөлімі 

бас ты ғының  орынбасары  Болат  төлештің 

айтуын ша, күдіктілерден айғақ зат ретінде 

газды  пистолеттен  жасалған  оқтық  қару 

тәркіленген. 

қазір қолға түскен күдіктілерге қатысты 

қр  қылмыстық  кодексінің  179­бабы 

2­тармағы  бойынша  іс  қозғалып,  тергеу 

жүріп  жатыр.  егер  қылмыстары  толықтай 

дәлелденсе,  олар  5  жылдан  10  жылға 

дейін  бас  бостандықтарынан  айырылуы 

мүмкін. 

Әлем МӘдИ, 

Семей 

а

бай 



омаро

В (к


олла

ж)

нұрғиса елеуБекоВ (фото)



Жеті қазынаның бірі деп итті 

қадірлеген қазекем қаптесердің 

әзірейілі – мысықтың да 

маңызын жоққа шығармаған. 

алайда  соңғы  жылдары  бұлардың 

саны  шамадан  тыс  көбейіп,  бір  кездері 

өздерін  қолға  үйреткен  адамның  тіршілік 

аясын  тарылта  бастады.  қаңғыбас  ит, 

кезбе  мысық  кейбір  кесірлі  дерттерді, 

әсіресе, аса қауіпті құтыру вирусын тасы­

малдайды.  облыста  өткен  жылы  12  млн 

теңге  қаржыға  16  мыңнан  астам  ит,  мы­

сықтың  жаны  жаһаннамға  жіберілген. 

олар бір жылдың ішінде екі мың адамды 

тістеп,  тырнап  үлгеріпті.  Өкінішке  қарай, 

алғашқы  құрбандықтар  да  жоқ  емес. 

таяуда  Зеленов  ауданының  рубежка 

ауылын да  алты  жасар  бүлдіршін  құтыру 

дертінен көз жұмды.

2009  жылдың  жазында  қарақалпақ­

станнан  қоныс  аударған  оралман  отба­

сында  орын  алған  қайғылы  жағдай 

ата­ананың  бейқамдығымен,  жауап  сыз ­

ды    ғы мен,  керек  десеңіз,  надан дығымен 

жаныңды  түршіктіреді.  қайтыс  болған 

қыздың  әкесінің  айтуынша,  сол  жылдың 

3  тамызы  күні  көше  кезген  бұралқы 

мы сық  қызының  сұқ  саусағын  тістеп 

алған.  Жарақатын  ауырсынған  бала­

ның  қыңқылына  үй  іші  мән  бермеген. 

«мысықты  мұхаммед  пайғамбар  да 

жақсы көрген» деген әкенің таяз түсінігіне 

бәрі тоқтаған. сөйтіп, бес ай бойы ешбір 

ем­дом  алмаған  кішкентай  қыз  Жаңа 

жылдың  алдында  дерті  әбден  меңдеп 

жатып қалған. 

оқиғаның  мән­жайын  білмек  болып 

хабарласқанымызда, облыстық санэпид­

қада  ғалау  департаменті  директорының 

орынбасары  алтын  орынғалиевадан 

төмен дегідей жауап алдық:

–  ауыздан  сілекей  ағу,  жарықтан 

қорқу, тоңу, терінің, бұлшық еттің тырысуы 

секілді құтыру белгілері айқын білінгенде 

ғана ата­ана дәрігерге жүгірген. Бірақ бәрі 

де  кеш  болды.  қыз  бала  орал  қалалық 

жұқпалы  аурулар  ауруханасына  жеткі­

зілгеннен  кейін  төрт  сағаттан  соң  қайтыс 

болды.  марқұмның  отбасы  мүшелері, 

олармен  қатынаста  болған  дәрігерлер 

вирусқа  қарсы  егіліп  жатыр.  рубежка 

ауылы  тұрғындары  арасында  ақпараттық 

түсінік жұмыстары жүргізілді. ауыл әкіміне 

иесіз  ит­мысықты  жою  жөнінде  ұсыныс 

берілді. 



тоқтар кЕнЖЕҒАЛИЕв, 

Орал

Қамсыздық 

қайғы әкелді

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№5 (231) 



19.01.2010 жыл, сейсенбi

www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

өркениет

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Менің балам небәрі үш-ақ жаста. Соған қарамастан, ол телесериалдарды үзбей көреді. Теледидар қарап отырғанда 

өзін тіпті ешкімнің мазалағанын қаламайды. Бұл қаншалықты қауіпті құбылыс? Негізі, неше жастан бастап балаларға 

теледидар қарауға рұқсат ету керек? Сондай-ақ қай жастағы баланың күніне қанша сағат теледидар көруіне болады? 

Гүлнұр КөлБай, Кентау қаласы

Күн батареялары тек күндіз жұмыс істей ме? Олардың күннен алған қуаты қаншаға жетеді? 

айжан ТҰРСЫНБЕКҚЫЗЫ, Солтүстік Қазақстан облысы

талғам


«Балаға  ұсынылған  бейнелер  оны 

«бала  болу»  міндетінен  айырмаса,  онда 

теледидардан  еш  қауіп  жоқ»  деген  екен 

ағылшын  психосарапшысы  Дональд  Вин­

никотт. Бұдан шығар қорытынды, мәселе  

— бала ның экраннан не көретінінде емес, 

сол  көрген  нәрсесін  ол  қалай  қабыл­

дай тындығында.  Демек,  сіздің  балаңыз 

теле дидармен  достасып  үлгерсе,  сіз  енді 

оның көрген жайларын дұрыс қабылдауын 

қадағалауыңыз шарт. Балаңыз әзірге теле­

кейіпкерлердің  қимылын  ғана  қызық­

тайтын  жаста.  Кейіпкерге  еліктеу  әдетте 

балаларда  төрт  жастан  басталады.  Жеті 

жаста  ғана  бала  теледидардан  көргені 

мен өмірдегіні салыстырып, жігін ажырата 

алады. ал нені көріп, қай кезде үзіліс жасау 

керектігін бала 10­11 жасында айыра бас­

тайды.  Осыны  есепке  ала  отырып,  бала­

ға  тек  төрт  жастан  бастап  экран  алдында 

отыруға  рұқсат  беруге  болады.  4­10  жас 

аралығында  бала  шамамен  күні не  —  2,5 

сағат, 11­14 жаста — үш сағат толық, 15 жас­

тан ары оның төрт сағаттан артық қарауына 

болады. Жаңалықтарды 10 жасқа жетпеген 

баланың  еркін  көруінен  абай  болу  керек, 

себебі  онда  қайғылы  жағдайлар  да  орын 

алып  жатады.  ал  егер  кенеттен  көріп  қал­

са,  онда  балаңыздың  иы ғынан  құшақтап, 

оның қорғаны екеніңізді білдіріңіз.

айт

айын 


Д

егенім...

Бала қай жастан теледидар көре бастауы керек?

Күн  батареялары  алғаш  шыға  бастаған  кезде 

олардың  күші  өте  әлсіз  еді.  Қазіргі  таңда  күн 

батареялары  да  жаңа  технологиямен  жасалып, 

оның  құрылымы  да,  қызметі  де  дами  түсті. 

Күн  технологиясы  –  бұл  қуатты  күннен  алатын 

құрылғылар.  Соңғы  шыққан  күн  батареялары 

пластмасса  табақшаларға  өткізілген  төрт  бұрыш­

ты  тоқ  өткізгіш  спиральдардан  тұрады.  мұндай 

спиральдарды  «наноантенна»  деп  те  атайды. 

Оның  диаметрі  адамның  бір  тал  шашының  1/25 

бөлігіндей.  наноантенналар  күндіз  күннен  жерге 

бөлінген  инфрақызыл  қуатты  жұтады.  Олар  тіпті 

тек  күн  сәулесін  ғана  емес,  күндіз  күннің  сәулесі 

арқылы  қызған  жердің  жылуы  арқылы  да  қуат 

алады.  Сондықтан  мұндай  батареялар  түнде  де 

жұмыс  істейді.  Бүгінде  мұндай  күн  батареялары 

мен  жалпы  наноантенналарды  жасауда  ғалымдар 

тынбай  еңбектеніп,  нанотехнологияны  дамытуға 

тырысуда. мамандардың айтуынша, Орталық азия 

елдерінде бір жылда 300­ден астам ашық күнді ауа 

райы болады. Сондықтан мұндай батареяларды кең 

түрде қолданудың тиімділігі көп. егер күн батареясын 

тұрмыста қолданатын болсақ, электр қуатын қол­

дану жылына 70 пайызға төмендейді екен. Сондай­

ақ бұл құрылғылар көптеген инновациялық аумақта 

кең қолданысқа ие болады. 

БайҚау


шара

Күн батареясының қуаты түнде азайып қалмай ма?



Қазақстан Республикасы Мәде ниет 

және ақпарат министрлігі Ақпарат 

және мұрағат комитеті мен Оңтүстік 

Қазақ стан облысы әкімдігі, Алматы 

қалалық әкімдігі Мәдениет басқар­

масы, Алмалы ауданы әкімдігінің 

қолдауымен, «Нұр Отан» ХДП «Жас 

Отан» Жастар қанаты атқарушы 

хатшылығы жанындағы «Заңғар» 

шығармашылық бірлестігі, ОҚО 

Мәдениет басқармасы кино бейне 

орталығының ұйымдас тыруымен 

патриоттық тақырыпта түсірілген 

Отан, туған жер, салт­дәстүр туралы 

бейне клиптер арқылы көрермен­

дердің патриоттық сезімін ояту 

мақсатында бейнеклиптерге респуб­

ли калық байқау жарияланады.

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:

«Ұйықтап  жатқан  жүректі  ән  оятар, 

әннің терең мазмұнын мәні оятар» деп абай 

Құнанбаев  жырға  қосқандай,  өсіп  келе 

жатқан  жас  жеткіншектерге  патриот тық 

тәрбие  беріп,  отансүйгіштік  сезімдерге 

баулитын бейнеклиптер жоқтың қасы. Өз 

мәдениетіміз  бен  тарихымызды,  туған 

елімізді, жерімізді, Отанымызды насихат­

тайтын клиптерді дамыту. Жастарға саналы 

тәрбие беріп, әдептілікке үйрететін бейне­

клиптер санын көбейту.



Байқаудың міндеті:

— елімізде патриоттық тақырыпта түсі­

рілген бейнеклиптер арқылы әрбір Қазақ­

стан азаматының туған жерге деген сүйіс­

пеншілігін  арттыру  және  туған  жеріміз 

ту ралы тағылымы мол мәліметтер беру; 

– көрермендердің отансүйгіштік сезім­

дерін ояту;

–  тәрбиелік  мәні  бар  бейнеклиптерді 

жаңғырту;

Байқаудың шарттары мен талаптары:

–  бейнеклиптердің  түсірілу  сапасы 

жоғары болуы тиіс;

– бейнеклип мемлекеттік тілде (қазақ­

ша) және ұлтаралық қарым­қатынас тілінде 

(орысша) қабылданады;

– өзге республикаларда түсірілген бей­

неклиптер қабылданбайды;

–  байқауға  бұрын  қатысқан  бейне­

баяндар қабылданбайды;

–  бейнеклиптер  DVD+R  немесе  CD­R 

форматты дискіде жазылуы тиіс;

–  байқауға  қатысатын  бейнеклиптер 

патриоттық тақырыпта болуы шарт;

–  байқауға  қатысушы  үміткерлердің 

жасына шек қойылмайды және жұмыстары 

алдын ала жіберілуі тиіс;

–  алдын  ала  патриоттық  тақырыпта 

түсірілген  жұмыстар  кәсіби  мамандардан 

құрылған қазылар алқасының сарап тауы­

нан соң байқауға шақырылатын болады.

Байқауға қатысушылардың 

жұмыстарын бағалау:

Байқауға қатысқан жұмыстарды кәсіби 

білікті  мамандардан  құрылған  қазылар 

алқасы сараптауға салады.

Қазылар  алқасы  белгіленген  жүлделі 

орындарды  бермеуге  немесе  үміткерлер 

арасында бөлуге құқылы.

Байқауға қатысушы үміткерлердің жұ­

мыс тарын бағалауда:

– жоғары сапалы түсіріліміне;

– патриоттық тақырыпта түсірілген жұ­

мыстарына;

– шығарманың мәні мен оның жоғары 

деңгейде орындалу шеберлігіне және сапа­

сына баса назар аударылады.

Тақырыптық бағыты:

түсірілген  бейнеклиптердің  тақырып­

тық бағыты мынадай болуы тиіс: 

I. «Отан отбасынан басталады» номи­

нациясы  бойынша  салт­дәстүр,  тәр бие, 

өнеге­өсиетке негізделген бейне клиптер.

ІІ.  «Отанды  қорғау»  номинациясы 

бойынша әскери­патриоттық тәрбие бағы­

тындағы бейнеклиптер.

III. «Отаным – алтын бесігім» номи­

нациясы бойынша туған жер, Отан, ауыл, 

қала  т.б.  өз  еліне  деген  сүйіспеншіліктен 

туған бейнеклиптер.

IV.  «Отан  –  әуесқой  оператордың 

көзі мен»  номинациясы  бойынша  бейне­

клип  түсіруге  әуес  азаматтардың  жоғары­

дағы  үш  номинация  бойынша  түсірген 

бейне клип тері.

V.  «Отанға  махаббат»  номинациясы 

бойынша  композиторлардың  туған  жер, 

Отан, қала, ауылға деген ықыласынан туған 

музыкалық туындылар.

ЖүлдЕлЕР:

І  орын:  республикалық  телеарнадан 

бейне клип – 1 ай; 



ІІ  орын:  республикалық  телеарнадан 

бей не клип – 20 күн;



ІІІ  орын:  республикалық  телеарнадан 

бей не клип  10  күн  бойы  тегін  жарнама­

ланады. 

өті ніштерді қабылдауға қажетті 

құжаттар:

–  байқауға  катысушының  өмірбаяны 

(ме кен жайы, телефоны);

– шығармашылық мінездемесі.

Бейнеклиптер  2010  жылдың  наурыз 

айы ның 1­іне дейін төмендегі мекенжай ға 

жіберілуі тиіс. 

Байқауға қатысты анық-

тама лар мен мәліметтерді мына мекен-

жай  арқылы  білу ге  болады:  шым кент 

қаласы, а.Байтұрсынов көшесі, 25, индекс 

160021.

Телефон/факс: 8 /72 52/21­27­06.

Байқаудың  қорытындысы  үстіміздегі 

жыл дың  наурыз  айында  жарияланатын 

болады.

Отаным – 

жүрегімде!

Биыл  50  жылдық  мерейтойын  тойлағалы  отырған  оқу 

ордасы Барыс жылын «мемлекеттік тіл жылы» деп жариялады. 

Өңірді  қазақыландыруға  сүбелі  үлес  қосып  келе  жатқан  қара 

шаңырақтың  бұл  жолғы  бастамасы  да  қоғамнан  қызу  қолдау 

тапты.  Бұл  жолғы  да  деп  отырғанымыз,  бұған  дейін  «мәшһүр 

Жүсіп әлемімен сырласу» атты рухани­танымдық сайыс өткізіліп 

келген болатын. Кезінде университет ішінде өткізілген ол сайыс 

бүгінгі таңда қанатын кеңге жайған.

«Қазақша  кітап  оқиық!»  акциясы  тек  қана  университет 

қабырғасында  ғана  емес,  енді  облыс  көлемінде  ұйым­

дас тырылмақшы.  Осы  бағытта  плакаттар  мен  кітапшалар 

шығарылып,  таратылу  үстінде.  шара  аясында  оқырмандар 

ай  сайын  бас  қосып,  оқыған  кітаптары  жайлы  пікір  алысатын 

болады. 

Кітап  оқу  акцияларының  тарихы  аҚш­тан  бастау  алатынын 

көпшілік қауым біле бермес. «Бір ел – бір кітап» жобасы көптеген 

елдерге  (Испания,  латын  америкасы  елдері  және  Корея)  кең 

тарағанын  да  айта  кеткен  жөн.  ал  қазақстандық  оқырмандар 

2007 жылы абайдың «Қара сөздерін», 2008 жылы м.Әуезовтің 

«Қилы заман» кітабын оқып, талқылаған болатын.

Ерлан аРЫН, 

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры: 

–  Тіл  үйретудің  ең  жеңіл  жолы  —  қазақша  кітап  оқыту. 

Қазақ әдебиетіндегі керемет туындыларды қай жаста да оқу­

ға болады. «Қазақша кітап оқиық!» акциясының ай сайынғы 

жоспарлары бар. Мысалы, осы қаңтар айында ұлттың ұстазы 

Абай  мен  данышпан  Шәкәрімнің  еңбектерін,  ақпанда 

М.Көпеев  пен  С.Торайғыровтың  кітаптарын  оқимыз.  Ақын­

жазушылардың өлеңдерін жатқа білу — басқа әңгіме, ал оны 

оқудың жөні бөлек. Бізде бір жаман ауру бар «атыңды білеміз, 

затыңды білмейміз» деген. Содан арылатын уақыт жетті.

Оңғар ҚаБдЕН, 

Кереку

– Бүгінде «Шалқар» қандай бағытта 

жұмыс істеп жатыр? Кейбіреулер ай-

тып жүргендей, ретро-радиоға айна-

лып кеткен жоқсыздар ма?

– Қазіргі «шалқарды» мазмұны ұлттық, 

түр­сипаты  нағыз  қазіргі  заманғы  радио 

деуге  толық  негіз  бар.  Өйткені  мұндағы 

хабарлардың  барлығы  дерлік  ұлттық 

құндылықтарды,  салт­дәстүрлеріміз  бен 

халқымыздың ұлт болып ұйысуына ерекше 

ықпал еткен ақындық­жыраулық дәстүр­

лерді  насихаттауда.  Сондай­ақ  бесік 

жырындай болып ғасырлар тұңғиығынан 

жеткен  жауһарларымызды  халық  сана­

сында  қайта  жаңғыртуға,  ұшқан  құстың 

қанаты талар кең­байтақ қазақ даласының 

табиғаты,  оның  шежіреге  толы  тарихы 

жайлы  ғибратты  әңгіме,  ұлты мыздың 

өзіне  ғана  тән  болмыс­бітімі  мен  әдет­

ғұрпы  жайлы  толымды  ойлар  өрбітуге 

негізделген.

Осыған дейін «шалқар» шал­кемпірдің 

радиосы  деген  түсінік  қалыптасып  келді. 

алайда  бүгінгі  «шалқар»  ұзын  сонар 

әңгімеге құрылып, іш пыстыратын хабар­

лардан ғана тұратын ескі сарындағы, қасаң 

радио  емес.  Ұлтымыздың  үнбайрағы 

«шалқар»  радиосы  «ғасырлардың  көзі» 

болып  қана  қоймай,  нағыз  халық  үшін 

қызмет ететін, заман ағымына сай, қоғам 

көшіне үн қоса алатын, үлкеннің де, кішінің 

де,  жастың  да,  жасамыстың  да  сүйіп 

тыңдайтын радиосына айналған. Әрине, 

жастардың радиосы дегенде, бұл ұлттық 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал