Менің Қалам — менің мақтанышым



жүктеу 40.97 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі40.97 Kb.

МЕНІҢ ҚАЛАМ — менің мақтанышым 

онда жетістіктер бар, кемшілік те жоқ емес 



БІЗ АЙТПАСАҚ, БАСҚА КІМ?.. 

Өзінің қала атанып, мәртебе алғанына 45 жыл то-

луын биыл атап өткелі отырған Жазқазған респуб-

лика тарихының белесінен қарағанда жас қалалар-

дың қатарына жатады. Оның өткен қиын-қыстау 

жолын, гүлденген кезеңін, бақытты болашағын сөз 

еткенде біз ең алдымен Қаныш Сәтбаев есімін еске 

аламыз. Бейнелеп, Маяковский стилімен айтқанда: 

Жезқазған десек, Сәтбаев дегеніміз, Сәтбаев десек, 

Жезқазған тұрады есте. Бұл екі есімді бір-бірінен 

бөліп қарауға ешкімнің де қақысы жоқ. Ғұлама 

ғалым Қаныш Имантайұлының жарқын мүсінінің 

менің сүйікті қаламның қақ төрінде асқақтап тұруы 

заңды да. Ол біз үшін — жезқазғандықтар үшін мақ-

таныш. 

Жезқазған мыс балқымасының алғаш алынуының 



70 жылдығы, Қ.И. Сәтбаевтың 100 жылдығы бірінен 

соң бірі салтанатпен тойланды. Бұл екі үлкен 

мерекені де Жезқазған өңірінің барлық жұртшы-

лығы риясыз пәк көңілмен, ақ жүрекпен ақтарыла 

тойлады. Тойшы халық сонау отызыншы жылдары 

данышпан ғалым асқан көрегендікпен айтқан: «Же-

зқазған болашақта дүние жүзіндегі мысқа ең бай 

өлкелердің қатарына қосылады, тіпті көп кешікпей 

Американың белгілі мысты аймақтарының 

көпшілігі-ақ бірінші орынның жүлдесін Жезқазға-

нға амалсыздан береді» деген сөздерінің шынайы 

шындығына тағы бір көз жеткізді. 

Иә, Жезқазған әлемге аты танылған қала. Ол 

бүгінде көркейді, гүлденді, өсті, өркендеді. Қазіргі 

алмағайып қиын-қыстау кезде де Жезқазғанның 

жұмысы да, тұрмысы да еліміздің басқа аймақтары-

мен салыстырғанда оқ бойы озып тұр. Жезқазған-

ның саф алтындай сары мысының арқасында қала 

халқы айлығын да, шайлығын да, зейнетақысын да, 

тіпті күнкөрістік жәрдемақысын да алып отыр. 

Мүмкін олардың көлемі аз, берілу мерзімі 

кешеуілдейтін шығар, бұл — басқа әңгіме. 

Шүкір деп айтсақ, қаламыздың өндірістік, комму-

налдық, шаруашылық жағдайы да біршама тұрақ-

танып келеді. «Самсунг» фирмасының басшылығын-

дағы «Қазақмыс» корпорациясы әлемдік рынокта 

мыстың бағасы бұрын-соңды болып көрмеген 

төменгі көрсеткішке дейін арзандағанына қарамас-

тан өндіріске жаңа технология енгізудің, еңбек 

ұйымдастырудың  ж а ң а әдістерін қолдану 

нәтижесінде қалыпты жұмыс істеп тұр. Әлгінде ай-

тқанымыздай, қаламыздың жұмысының да, тұрмы-

сының да бірқалыпты болып отырғаны туған қала-

мыздың ең іргелі кәсіпорны — 

«Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамының, 

ондағы мыс өндіріп жатқан майталмандар еңбегінің 

жемісі екенін түсінуге тиістіміз. 

Жезқазған тазалығы жағынан да республиканың 

басқа кез-келген өзі тектес қалаларымен теңдесе 

алады. Қазір қала халқы ауызекі айтып 

жүргеніндей, кезінде бұрынғы облыс әкімі Қажы-

мұрат Нағыманов қайта қалпына келтірген комму-

налдық саладағы жетістіктер одан әрі сәтті жалға-

сын табуда. Бұл салада арнайы штабты басқарып, 

оның жұмысын жүйелі үйлестіріп отырған қала 

әкімі Жұмамәди Ибаділдин мен оның бірінші орын-

басары Қанат Балмағанбетовтың күнделікті тыным-

сыз еңбектерін ерекше атап өткен орынды. Біз бұл 

есімі аталған қала басшыларын үйде отырып теле-

дидардан да, түзде жүріп қала көшелерінен де 

жұмыс үстінде жиі көреміз. Қазақы тілмен айтқан-

да «Жарғақ құлағы жастыққа тимей» осы қаланың 

сәулеті мен дәулеті үшін жанын салып жүрген жай-

саң жігіттер, білікті басшылар — олар. 

Халқымызда «Тәні саудың — жаны сау» деген 

қанатты сөз бар. Ал, тән саулығы алдымен таза-

лыққа байланысты. Қаламызда су құбырлары айыр-

басталғаннан кейін ыстық судың бұрынғы лайы 

кетіп мөлдірлігі артты. Мұның өзі қазіргі қиын-қыс-

тау кезде — ашығын айтқанда апта сайын моншаға 

баруға әркімнің қалтасы көтермейтін шақта үйде 

шомылуға мүмкіндік жасады. Атап өту керек, соңғы 

бір-екі жылда жазда да ыстық су үзілген жоқ. Осы 

«үзілген жоқ» дегеннен шығады, электр жарығының 

да бұрынғыдай жиі сөніп қалуы сиреп келеді. Түнгі 

мезгілде көшелердегі жарық жарқырап тұрса, жар-

намалар көз тұндырса, құба-құп болар еді. Ал, те-

ледидардан күнделікті көріп отырғанымыздай, 

Шымкент, Қарағанды сияқты, былайынша айтқан-

да Жезқазғанды он орап алатын іргелі қалалардың 

өзімен салыстырғанда Жезқазғанда электр жарығы-

ның тұрақтанып келе жатқанына шынында да 

шүкіршілік етеміз. 

Қаламызда тазалық бейсенбісі, жалпы қалалық 

сенбіліктердің де ұйымшылдықпен өтуі дәстүрге, 

тіпті оны айтасыз өмір заңына айналды. Жалпы 

қала халқы да бұл жұмысқа — өздерінің сүйікті 

қаласы Жезқазғанды гүлдендіруге, сәулеттендіруге 

жаппай атсалысуда. Бір қуанарлығы сол, халық бұл 

маңызды іске өз ниетімен, өз пейілімен араласуда. 

Осындай істердің нәтижесі деп түсіну керек, қала-

мыз қонақтарға ұялмай көрсетуге болатындай таза, 

көрікті болып келеді. 

Әрине, «Біткен іске — сыншы көп». Соның бірі 

ретінде емес, осы қаланың құрметті азаматы, жана-

шыр тұрғыны ретінде айтар болсақ, көңілге кірбің 

түсіретін жағдайлар да жоқ емес. 

«Ағаш көркі — жапырақ» дей отырып қаламызды 

көгалдандыру мәселесіне тоқталсақ, ең алдымен 

кезінде осы қаланың білікті басшысы — қалалық 

партия комитетінің бірінші хатшысы Ошақбай 

Асылбеков ағамыздың сіңірген еңбегі, осы туралы 

оның өз қаламынан туған «Кеңгірдің арғы жағы, 

бергі жағы» атты естелігі тілге оралады. Рас, ағаш 

отырғызу жағынан көрсеткіш ол кездегімен салыс-

тырғанда деңгейлес шығар. Ал, бірақ күтімі жағы-

нан қозыкөш артта қалдық. Сол күтімнің жоқтығы-

нан Кеңгір көлінің жағасына, қаланың көрікті 

көшелеріне отырғызылған ағаштардың біразы қурап 

кеткені шындық. Ағашты егуін егеміз-ау, оған қам-

қорлығымыз ешқандай сын көтермейді. Суарылма-

ған ағаштардың өмірі қысқа. Бұл да өзінің оң 

шешімін күтіп тұрған күрделі мәселе. 

Дәулетімізге сәулетіміз сай ма? Сары мыстың ар-

қасында Жезқазған дәулетті қалалар қатарынан са-

налады. Сәулеті жағынан ше? Әй, қайдам! Өз басым 

оны алдыңғы қатарда дей алмаймын. Арттамыз. 

Қаланың көрікті көшелерінің бірі — Сәкен Сейфул-

лин бақжолы уақыт оздырмай қолға алмасақ, азып-

тозып кеткелі тұр. «Сарыжайлау» кинотеатрының 

төрінде тұрған көсем десек көсем, шешен десек ше-

шен, күрескер де қайраткер, «асау тұлпар, қызыл 

сұңқар», әрі батыр, әрі ақын ағамыз Сәкеннің мүсіні 

көзге тым қораш та оғаш көрінеді. Бір кезде осы бақ-

жолда орналасқан ғарышкерлер галереясының да, 

Құрмет тақтасының да ізі бар, өзі жоқ. Кіші-гірім 

баққа бергісіз бақжол бойындағы ертегі қалашығы 

ескіріп біткен. Күнмен шағылысып, көздің жауын 

алатын фонтанның шөлмегінен су ақпағалы қанша 

уақыт. Бірқатар қала тұрғындарының «біз ауыз суға 

Жезқазғандағы орталық көшелердің бірі 

зар болып отырғанда сіз фонтанды айтасыз» деуі 

мүмкін. Шындығында да вокзал маңындағы, Комби-

натский поселкелеріндегі бірқатар тұрғындар ауыз-

суды алыстан тасып ішеді. Келесі бір кезегін күтіп 

тұрған проблема бұл. 

Сөз арасында Сәкен ағамызға орнатылған 

ескерткіштің көңілге қонымсыздығын айттық. Қала 

көркінің бір елеулі көрсеткіші ескерткіштер десек, 

бұл біздің қаламызда әлі де жеткіліксіздеу сияқты. 

Қолда бары күтімді қажет етіп тұр. Ал, ұлт-азаттық 

қозғалысының көсемдері бейнеленген қала сыртын-

дағы ескертіштің қалы мүшкіл. Қала сырты түгіл, 

оның ішіндегі «Ұлы Отан соғысының құрбандары 

құрметіне орнатылған ескерткішке жаужүректер 

қол салып жатқанда даладағы ескерткіш туралы ай-

тудың тіпті де қисыны жоқ. Мен бұл жерде «қала-

ның кіреберісі» деген сөз тіркесін әдейі қолданбай, 

қала сыртындағы ескерткіштер деп отырмын. Қала-

ның халық тұратын аумағынан тыс жерде орнаты-

лғандықтан оны қала сырты демегенде не дейді?! 

Әлгінде айттық, бұл өзі ұлт-азаттық қозғалысы-

ның қаһарман күрескерлеріне орнатылған 

ескерткіш. Ал бұл бұдан 83 жыл бұрынғы сол ұлт-

азаттық көтерілісі болмаса, кешегі Кеңестік дәуірдің 

де, бүгінгі егеменді елдігіміздің де аспаннан түскен-

дей бола қалуы неғайбыл. Ендеше, біз тарихи маңы-

зы бар азаттық ардагерлерін неге сыртқа тебеміз, 

төбемізге неге көтермейміз?! Қастерлегеніміз, 

құрметтегеніміз, тарихи тағылым алғанымыз сол 

болсын, ескерткіш қала әкімшілігі ғимараты алдын-

дағы күні кеше алып тасталған Лениннің ескерткі-

шінің орнына орнатылып, сол көшенің атын «Азат-

тық алаңы» деп атаса... 

Бізде салынып бітпеген сақалды құрылыстар қан-

шама десеңізші. Әкімшілік ғимараты жанындағы 

осындай бір тұрғын үй құрылысы біраз жыл 

қаңқасы қалқиып тұрды да ақыры бұзылды, тып-

типыл жоқ болды. Ленин даңғылындағы 9 қабат 

үйдің жанындағы бес қабатты үй де құрылысы 

бітпей қаңырап тұр. Менің пікірімше осындай құры-

лысы аяқталмаған тұрғын үйлерді баспана сұрап, 

кеңсе жағалап жүргендерге ұзақ мерзімді несиеге 

беру керек. Құрылыс құнын олардың жалақысынан 

ұстау, процентпен аз-аздан төлету арқылы өндіріп 

алуға әбден болатын сияқты. Бұл — менің пікірім. 

Ал, шаруашылық жүргізуден тәжірибесі мол, осы 

заманға сай ой толғайтын «жаңа қазақтар» бәлкім 

ондай алыс-берістің тиімді әдіс-айласын да табар. 

Өзіміздің сүйікті қаламыз туралы сөз еткенде, 

онда жетістіктер де көп, кемшіліктер де, өзінің оң 

шешімін күтіп тұрған проблемалар да жоқ емес. Біз 

бүгін көтеріп отырған көкейтесті мәселелерді шешу-

ге соншалықты бас қатырудың да, шаш етектен қар-

жы-қаражаттың да қажеті жоқ, тек ынта-ықылас 

болса жетеді. Мен кемшілікті біреуді кінәлау, ол 

кемшілікті жоюды «мен білемін» деген пиғылмен 

осындайда көрініп қалайыншы деген жалған ниет-

пен айтып отырғаным жоқ. Осы қаланың қарапай-

ым тұрғыны ретінде, менің Жезқазғаным — «өз 

үйім, өлең төсегім» болғандықтан сүйікті қалам 

гүлденген үстіне гүлдене берсе екен деген пәк 

сезіммен айтып отырмын. Өйткені, менің қалам — 

менің мақтанышым! 



Көбейсін ЕҢСЕБАЕВ, 

Жезқазған қаласының құрметті азаматы. 

Азия Транзит.-1999.-10-16 маусым.-4 бет 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал