«менеджмент» кафедрасы



жүктеу 0.89 Mb.

бет6/7
Дата22.04.2017
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Мемлекеттік кәсіпорын.Мемлекеттік кәсіпорындарға. 

1)                   

шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; 

2)                   

орылымды  юасқару  құқығына  негізделген  (қазыналық  кәсіпорын) 

кәсіпорындар жатады. 

Мемлекеттік  кәсіпорынның  мүлкі  бөлінбейді  және  оны  салымдар  (үлестер, 

жарналар)  бойынша,  соның  ішінде  кәсіпорын  қызметкерлерінің  арасында  бөлуге 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 


 

40 


болмайды.  Мемлекеттік  кәсіпорындардың  фирмалық  атауында  оның  мүлкін 

меншіктенуші көрсетілуге тиіс. 

 

6.

 

Кәсіпкерлік мәдениет 



Техногендiк өркениет өзiнiң бiтiм-болмысында өзiнiң негiздерiн үнемi өзгертушi қоғам 

ретiнде  анықталады.  Мұнда  адамның  ең  басты  мақсаты  табысты  өзгертушiлiк  әрекет 

болып саналады. Адамның практикалық әрекетiнiң ең қалаулы салаларына бизнес пен 

кәсiпкерлiк жатқызылады.Қазiргi әлемде адам өзiнiң адамгершiлiк позициясын көбiне 

жоғары  iскерлiкпен,  қоғамдық  құндылықтарға  үлес  қосатындай  өз  еңбегiнiң 

нәтижесiнен көруге ұмтылады. Тiптi ол жеке тұрғыдан алғанда дәстүрлi этикаға сәйкес 

жағымды  қылықтарға  жатпайтын  құндылықтарды  өзiне  бекiте  алады,  басқаша 

айтқанда,  ол  қызғаншақ,  арсыз,  зұлым  адам  болғанымен,  өте  жақсы  маман  болуы 

мүмкiн. Жиырмасыншы ғасырда нарықтық құндылықтар алдыңғы орынға көтерiледi. 

Этиканың адамгершiлiк және еркiндiктi дұрыс пайдалану туралы iлiм екендiгi белгiлi. 

Қатаң  утилитаристiк  ойлаудың  құрсауындағы  адамдардың  пайымдауынша,  қоғам 

мақсаты  тек  пайда  табу  болып  табылатын  адамдардың  әлеуметтiк  бiрлестiгi  және 

қоғамдағы  әрбiр  адамның  жағдайы  оның  ненi  иемденетiндiгiмен  бағаланады.  Мұндай 

қоғамда,  әрине,  моральға  орын  жоқ,  өйткенi  мораль  көп  жағдайда  саналы  түрде 

шектелудi  талап  етедi.  Дегенмен  этикалық  әрекет  бүгiнгi  демократиялық  қоғамның 

өмiрiне  енуге  тиiс  жаңа  гуманизмнiң  құрамдас  бөлiгi.Кәсiпкерлiктiң  ''өсиеттерi'' 

негiзiндегi құндылықтың бағдарларды әдетте прагматикалық құндылықтар деп атайды. 

Бұрынғы  кеңес  адамдарына  тән  бұқаралық  санада  моральдық  тұрғыда  терiс 

қабылданады. Дегенмен прагматизмде алдына мақсат қоя алатын және а 

дамдармен  өзара  байланыса  отырып,  нақтылық  пен  жағдайларды  өзгерте  отырып, 

мақсатын iске асыра алатын белсендi, iскер адамдарға қойылатын талаптар кездеседi. 

Кейде пайда мен табыс табуға бағдар ұстанған сананың типiн ''реалистiк'' сана деп  

атайды. Мұндай адамда белсендiлiк, бастамашылдық, шешiм қабылдаушылық сияқты 

маңызды  қасиеттер  болады.  Кәсiпкерлiк  пен  бәсекелестiкте  осы  қасиеттермен  қоса 

тұлға автономиясы, мақсаттылық пен еркiндiк орын алады. ''Басқа үшiн емес, өзiм үшiн 

өмiр  сүргiм  келедi''  деген  формула  прагматикалық  дүниетанымның  өзегiн  құрайды. 

Алайда  эгоистiк  сананың  манифестациясына  жақындау  бұл  ойды  былайша  түзетуге 

болар  едi:  ''Бағынышты  болып  қызмет  еткiм  келмейдi,  өз-өзiме  қожа  болғым  келедi. 

Егер  шығыс  данышпанының  тәуелсiздiгi  өзiн  тыю  мен  шектеуге  негiзделсе,  ал 

бизнесменнiң тәуелсiздiгi иемденуге, байлықты көбейтуге негiзделедi. Бұл капиталдың  

ақшаныңбарлық  нәрсеге  айналу  қабiлетiнiң  арқасында  орындалады.Құндылықтар  мен 

нарық  арақатынасын  қарастырғанда  қазiргi  заманғы  iрi  психоаналитик  ойшыл  Э. 

Фроммның  персонификациялық  типологиясын  келтiру  орынды.  Ол  адамдардың 

құндылықтық  бағдарын  екiге  бөледi:  жемiстi  және  жемiстi  емес.  Бұл  жерде 

берiлгенұғымдарды  жекелеген  индивидтердiң  мiнез-құлқын  сипаттау  емес,  ''идеалды 

типтер'' деп түсiну қажет. Әдетте әрбiр тұлғаның бойындағы мiнез бұл бағдарлардың  

әрқайсының да жиынтығын бiлдiредi, бiрақ оның бiреуi басым болып келеді. 

 

 

Тақырып 7. 

Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері 

 

Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. 



Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.  

1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: 

мемлекеттік  қауіпсіздікті  талап  ету,  қоғамдағы  әлеуметтік  шиеленіс,  экономикадағы 

қолайсыз  жағдай:  өндірістің  төмендеуі,  инфляция,  жоғары  дәрежедегі  жұмыссыздық, 

құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

41 


өнімдердің  бәсеке  қабілеттігінің  жоқтағы,  инвестицияның  төмендеуі  т.б.  қоршаған 

ортаның нашарлауы.  

Мемлекеттің байыпты  міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-

ала себептерін анықтау және оны болдырмау.  

2.  Қолайлы  жағдайлар.  Бұл  экономикаға,  кәсіпкерлік  іске  қолайлы  ықпал 

жасайтын  адамдардың  барлық  іс  сферасындағы  жағымды  құбылыстарды  уақытында 

мемлекет  қолдауы  керек.  Қолайсыз  жағдайларды  бағалау  үшін  мемлекет  оны 

бағалайтын  критериелерін  білуі  керек.  Мысалы,  қолайсыз  жағдайлар:  инфляция, 

жұмыссыздық  соның  салдарынан  өндірістің  төмендеуі.  Мемлекет  бұл  жағдайларға 

араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.  

Жұмыссыздық  –  бұл  нарықтық  экономикаға  тән  элемент.  4-6%  жұмыссыздық 

бұл  табиғи  жұмыссыздық,  табиғи  деңгеге  жатады.  Мемлекеттің  араласуы  табиғи 

деңгейдегі  жұмыссыздық  асқан  жағдайда  басталады,  яғни  циклдық  жұмыссыздық 

өндірістің төмендеуімен байланысты. 

Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық 

деңгейіне келтіру.  

Инфляция  –  тауарға,  ақылы  қызметтерге  жалпы  баға  деңгейінің  өсуі.  Бұл 

экономикалық  құбылыс  жұмыссыздыққа  қарағанда  әлде  қайда  шытырман  қиын 

процесс.  Инфляция  бүкіл  дүниежүзілік  проблема,  себебі  тауар  мен  қызметке  баға 

ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал 

бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, 

Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65 

мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар 

өте  жоғары  деңгейде  болды.  Мемлекеттің  шаралары  инфляцияның  деңгейіне 

байланысты.  Инфляцияның  үш  түрі  бар:  1)  біркелкі,  егер  жыл  ішінде  баға  10%-тен 

аспаса;  2)  шоқырақтау  жыл  ішінде  бағаның  10%-тен  200%-ке  дейінгісі,  ал  3) 

гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.  

Инфляцияға  ұарсы  мемлекет  шаралары  тек  қана  инфляцияның  деңгейіне 

байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.  

Осыған  байланысты  инфляцияның  екі  типі  бар:  сұраныс  инфляциясы  және 

ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік дәрісі бар.  

3. Бюджет жетіспеушілігі – бұл мемлекет шығындарының кірістен артық болуы. 

Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің 

жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен 

күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш кешірімді болады, болашақ 

ұрпаққа  пайдалы  болады,  егер  инвестицияларды  елдің  өндіргіш  күштерін  нығайтуға 

жұмсаса,  ал  инвестиция  қазіргі  тұрмысты  реттеуге  жұмсалса  болашақ  ұрпаққа  обал 

болады. 


 

Тақырып № 8 

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел 

 

Нарық  жағдайында  тәуекел  кәсіпкерліктің  шешуші  элементі.  Тәуекелдің 



ерекшеліктері  кәсіпкерлік  істе  белгісіздік,  күтпегендік,  сенбеушілік  болжамдылық 

жетістікке  жетуге  кедергі  болуы  мүмкін.  «Кәсіпкерлік  іс  туралы»  заңда  жазылғандай 

кәсіпкерлік  іс  өз  тәуекелділігіне,  кәсіпорынның  ұйымдастыру  құқықтық  формасы 

шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.  

Нарық  жағдайында  тәуекелділікті  бәсеңдету  үшін  бірнеше  әдістер  бар: 

кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау 

алдындағы  мүмкін  болатын  қиындықтарды  жете  білу;  өндірілетін  өнімге  сұранысты 

болжау;  тәуекелділікті  жобаға  қатынасушылардың  өзара  бөлісуі;  сақтандыру; 

болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау. 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

42 


Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің 

жалпы концептуалды моделін.  

Тәуекелділіктің  бірнеше  түрі  бар:  өндірістік,  коммерциялық,  қаржылық, 

инвестициялық, нарықтық.  

Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл 

тәуекелге  өнімнің  өнімнің  белгіленген  көлемінің  өзгеруі  және  өткізу  қарқыны, 

материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің 

кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.  

Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде 

пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде 

кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.  

Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық 

келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен 

пайда болуы, т.б. 

Инвестициялық  тәуекел  –  бұл  кәсіпорынның  өзінің  және  сатып  алған  құнды 

қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.  

Нарықтық  тәуекел  –  бұл  ұлттық  ақша  бірлігінің  нарықтағы  процент 

ставкасының  немесе  шет  ел  келісім  серіктестіктерінің  валюта  курсының  өзгеруімен 

байланысты.  

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым 

көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.  

Тәуекелді талдаудың схемасы: 

1.

Нақты  тәуекел  түрлерінің  ішкі  және  сыртқы  факторларының  ықпалдарын 



айқындау. 

2.

Айқындалған факторларды талдау. 



3.

Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:  

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;  

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау. 

4.

Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау. 



5.

Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау. 

6.

Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау. 



Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау. 

1.

 



Материалдық  зиян  –  бұл  жобада  қаралмаған  өндірістік  шығындар,  немесе 

тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту. 



2.

 

Еңбек  зияны  –  жұмыс  уақытын  жою,  кехдейсоқ  немесе  болжамсыз 

себептермен болған жағдайда. 

3.

 

Қаржылық  зиян  –  бұл  тікелей  ақшалай  зиянмен  байланысты:  төлемдер, 

айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б. 

4.

 

Уақытты  жою  –  бұл  егер  кәсіпкерлік  іс  жобалы  уақыттан  кейін  қалатын 

болса пайда болады.  

5.

 

Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, 

қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар. 

6.

 

Саяси  факторларға  байланысты:  іскерлік  белсенділіктің  бәсеңдеуі,  еңбек 

және  орындау  тәртібінің  деңгейінің  бәсеңдеуі,  төлем  мен  өзара  есептесудің  бұзылуы, 

салық ставкасының тұрақсыздығы т.б. 

 

Тақырып № 9 

Кәсіпкерлік қызметтің инфрақұрылымы 



 

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік 

саясаты  жоғары  қосымша  құны  бар  жаңа  жоғары  технологиялық  өндірістерді  құруға 

ұмтылған  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  арқылы  орта  классты  қалыптастыруға 

бағытталған.  

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

43 


Қойылған  мақсатты  орындау  үшін  Қазақстан  Республикасының  индустриалды- 

инновациялық  даму  страегиясын  жүзеге  асырудың  бір  кезеңі  ретінде  кәсіпкерлікті 

қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.  

Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы 

жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.  

Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :  

• мемлекеттік және мемлекет қолдауымен құрылған мекемелер ;  

• үкіметтік емес мекемелер ;  

• коммер циялық мекемелер кіреді .  

Функционалды  бағытына  қарай  инфрақұрылымның  институттық  құрылымы  былай 

анықталады :  

•  бизнестің  қалыптасуы,  әрекет  етуі  және  дамуы  кзеңінде  көрсетілетін  мемлекеттік 

қолдау ;  

• қаржылық қолдау ;  

• ақпараттық - талдау жағынан қолдау ;  

• кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау ;  

• материал ды -техни калық жағынан қолдау .  

Ұйымдастыру  және  функционалдық  құрылымдарды  салыстыра  отырып  біз 

инфрақұрылым  институттарының  Қазақстандағы  кәсіпкерлікті  дамыту  процессіне 

қатысу матрицасын құрастыра аламыз.  

Әрбір  кәсіпкерлікті  дамытуға  жәрдем  беретін  мекемелердің  өзіндік  артықшылықтары 

мен  кемшіліктері  болады.  Олардың  барлығы  әр  түрлі  факторларға  байланысты. 

Кәсіпкерлерге  тиісті  шешімдер  қабылданған  кезде  кейбір  мекемелер  әлеуметтік 

мақсаттарға  аса  назар  аударады,  ал  басқалардың  басшылары  бәлкім  жеке  басының 

қамын ойлайды.  

Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер  

Қазақстан  Респуликасының  Индустрия  және  Сауда  Министрлігі  -  жеке  кәсіпкерлікті 

дамытуға  және  тиісті  саясатты  жүргізуге  жауапты  жоғарғы  мемлекеттік  орган. 

Министрлік  орталық  атқарушы  органдарына  тиісті  және  ел  Президенті  мен  Үкімет 

алдында есеп береді.  

ИжСМ  құрамына  кіретін 



Кәсіпкерлікті  дамыту  Департаменті  кәсіпкерлікті  қолдау 

және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен 

қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.  

Департамент  қызметін  реттейтін  негізгі  құжаттарда  оның  негізгі  мақсаттары  былай 

белгіленген:  

• кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;  

• кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау;  

• инвестицияларды тартуға бағытталған шараларды жүргізу;  

•  Департамент  құзырына  кіретін  сұрақтар  бойынша  мемлекеттік  органдарының 

қызметін үйлестіру.  

Жоғарыда  айтылған  функцияларға  қоса  Департамент  кәсіпкерлікті  дамытуға  кедергі 

болатын  кейбір  шенеуниктердің  заңға  қайшы  әрекеттеріне  қатысты  түскен  арыз  бен 

өтініштерді  қарастырып,  және  сол  арыз  бойынша  қажетті  шаралардың  орындалуын 

қадағалауға міндетті  

Қазақстан  Республикасының  кәсіпкерлікті  қолдау  саласындағы  мемлекеттік 

құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, 



облыстық және 

Алматы  мен  Астана  қалалары  Әкімдерінің  аппараттары.  Кәсіпкерлікті  дамыту 

және  қолдау  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыру  үшін  Әкімшіліктердің 

жанынан 

Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. 

Олардың құрамына 



Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан 

бастап  ҚР  үкіметінің  2004  ж.  4  қазанындағы  №  1022  қаулысымен  жергілікті 

мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының типтік құрылымы енгізілген).  

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

44 


Облыстық 

Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (сол сияқты Алматы мен 

Астананың  қалалық  Департаменттері)  өз  құзыры  аясында 



шағын  және  орташа 

кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті.  

Алға  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  Департаментке  мемлекеттік  саясатты  жүргізуге 

тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:  

• кәсіпкерлік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға 

қатысу ;  

• жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;  

•  қоғамдық  ұйымдармен  және  басқа  да  мемлекеттік  немесе  үкіметтік  емес 

құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;  

• белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың атынан түскен хаттар, арыз бен өтініштерді 

қарастыру.  

Кәсіпкерлікті  қолдау  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асырудың  соңғы 

буыны  болып  жергілікті  атқару  органдары  –  яғни, 



облыстық  және  Алматы  мен 

Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін 

Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі 

бөлімдер  кәсіпкерліке  тиісті  мәселелермен  шұғылдану  керек.  Аймақтық  атқарушы 

органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi 

бюджеттер  бойынша  жоспарлалған  және  қаржыландырылатын  шаралар  мен 

бағдарламалардың  жүзеге  асыруға  тиісті  функциялар  тапсырылады.  Сонымен, 

атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын 

құрудағы негізгі буын болып табылады.  

Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән 

икемділігін,  ұтқырлығы  мен  нарықтық  объективтілігін  инновациялық  экономикадағы 

өз  орнын  табуға  жұмсауы  керектігін  түсінеді.  Кәсіпкерлердің  бастамаларын  жүзеге 

асыруға  қолайлы  жағдай  жасау  және  Президент  қойған  мақсаттарды  іске  асыру 

мақсатында  Үкімет  жергілікті  органдарда  әкім  аппаратының  жанынан 

Кәсіпкерлер 

істері  жөніндегі  Комиссия  құру  арқылы  кәсіпкерлермен  «кері  байланыс» 

ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:  

• шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуды тежейтін мәселелерді зерттеу;  

• жергілікті және аймақтық атқарушы билік органдарына тиісті ұсыныстарды әзірлеу.  

Әрбір  кәсіпкер  кәсіпкерлік  жөніндегі  комиссияға  хабарласа  алады,  ол  үшін  өз 

облысында  орналасқан  кез  келген  қоғамдық  ұйым  немесе  заңды  тұлғалар  ұйымына 

келсе  болғаны.  Әдетте  комиссияда  бірнеше  облыстық  ассоциация  немесе 

бірлестіктердің өз орындары болады.  

Кәсіпкерлермен  осындай  «кері  байланыс»  ұйымдастыру  үшін  орталық  атқарушы 

органдар деңгейінде 



Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер 

кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:  

• кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу;  

• нарықтық экономиканың дамуын ынталандыруға жағдай туғызу;  

•  Қазақстан  Республикасында  әрекет  ететін  іскерлерді,  іскерлік  ассоциациялар  мен 

одақтарды біріктіру;  

•  кәсіпкерлік  саласындағы  маңызды  мемлекеттік  мәселелерді  шешу  үшін  қажетті 

ұсыныстар дайындау.  

Президент  жанындағы  Кәсіпкерлер  кеңесі  кәсіпкерлік  саласындағы  мемлекеттік 

саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті 

қаржылай,  ақпараттық-талдау  және  матриалдық-техникалық  жағынан  қолдау 

функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар 

арқылы,  көптеген  жергілікті  және  аймақтық  деңгейде  қабылданған  бағдарламалар 

арқылы,  және  соған  лайықтап  мемлекеттік  капиталы  қатысуымен  арнайы  құрылған 

мекемелер  арқылы  жүзеге  асырады.  Жоғарыда  аталған  міндеттерді  атқаратын 

мекемелер қатарына кіретіндер:  

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 



 

45 


«Инжиниринг  және  технологиялардың  трансферті  орталығы»  АҚ.  Орталықтың 

негізгі  мақсаты  Қазақстан  экономикасының  нақты  сектор  салаларының  жаңа 

технологиялар  трансферті  және  республикадағы  инновациялық  іс-әрекетті  белсендіру 

арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады ;  



"Kaznex"  экспортты  дамыту  және  ілгерілеті  к  орпорациясы»  АҚ  -  үкiметке 

мемлекеттiк  саясатты,  соның  iшiнде  кәсiпкерлiктi  дамытуға  қатысты,  құру  саласында 

ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;  

«Даму»  Шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ  -  қаржылық,  консалтингтік 

қызметтерді  ұсыну  интеграторы  және  операторы  рөлінде  ШОБ-ң,  сонымен  бірге 

Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;  

«Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды тарту 

және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау көрсетеді ;  



«Қазақстанның  инвестициялық  қоры»  -  жаңа  және  алдыңғы  қатарлы 

технологияларды  қолданып,  шикізат  пен  материалдарды  тереңдетіп  қайта  өңдейтін 

кәсіпорындардың  жарғылық  капиталына  инвестиция  құю  арқылы  қаржылай  қолдау 

көрсету;  



«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді;  

Технопарктер,  бизнес-инкубаторлар,  өндірістік  аймақтар  –  қалыптасу  және  даму 

кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау;  



 

 

 

 

Тақырып № 10 Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі 

 

Қазқстан Республикасының азаматтық заңдылықтарына сәйкес жұмысқа 



жарамды жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары

азаматтық алмаған тұлғалар, шетелдік ұйымдар кәсіпкерлікпен айналысуға хұқылы. Өз 

уставының ережелерін орындай отырып, коммерциялық емес ұйымдар да 

кәсіпкерлікпен шұғылданады. ҚР Конституциясына сәйкес әрбір кәсіпкер өз қабілеті 

мен білімін заңмен тыйым салынбаған мүмкін кәсіпкерлік іс-әрекеттерде толық 

пайдалануына құқықтары бар. Бұл конституциялық қағида алғашқы рет еліміздің 

негізгі заңында бекітіліп, экономикалық еркіндіктің және азаматтардың заңды 

кәсіпкерлікпен шұғылдануының кепілдігі бола алады. Сонымен, жасы он сегізге толған 

жеке тұлға бекітілген заңға байланысты жеке өзі немесе заңды тұлға арқылы 

кәсіпкерлік қызметпен айналысуға хұқылы. Азаматтық заңдылыққа сәйкес кейбір 

азаматтарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеуі мүмкін. Заңды тұлға 

ұйымдастырылмаған жағдайда тәртіп бойынша жеке азамат кәсіпкерлік іспен 

шұғылдану үшін жеке кәсіпкердің куәлігін алуға міндетті. ҚР МК сәйкес заңды тұлға 

дегеніміз - өз жеке меншігінде мүлкі бар, өз атынан мүлік басқа да, міндеттері мен 

хұқы бар сот алдында, жауапты ұйымдар. Заңды тұлғалар белгіленген тәртіпке сай 

мемлекеттік реестрде тіркелгеннен бастап, өзінің статусына (атағына) ие. 

Кәсіпкерлердің хұқына байланысты жеке және ұжымдық кәсіпкерлер (кәсіпкерлік 

ұйымдар)болады. Заңдық шарттарға байланысты кәсіпкерлердің мынадай құқықтары 

бар: заң бойынша рұқсат етілген кез келген кәсіпкерлік түрімен айналысуға болады; кез 

келген ұйымдық – құқықтық формалары бойынша кәсіпкерлік ісін құруға болады; 

кәсіпкерлікті жүзеге асыруға қажет кез келген мүлікке иелік жасауына болады; мүлік 

саны мен көлемі шектелмеген. Мүліктік жауапкершілік меншік иесінің өзіне жүктеледі, 

сонымен бірге өз ісін жоспарлап, бизнес – жоспар дайындауға да құқылы; өз бетімен 

тұтынушыларды таңдауға, өндіріс факторларын, жеткізушілерді таңдауға, 

заңдылықтарға байланысты кәсіпкерлік келесем шарт жасауға; өз бетімен 

жұмысшылардың еңбекақысын белгілеуге, еңбек заңына қайшы келмейтін әртүрлі 

Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым 


 

46 


қосымша ақыларды белгілеуге құқылы, тек қана бұл жағдайлар құжаттарда көрсетілуі 

тиіс; жалдаған жұмысшыларға қосымша демалыс беруге; еңбек заңына сәйкес 

жұмысшыларды келісім шарт арқылы жалдауға, жұмысқа алуға; белгіленген тәртіпке 

сай сыртқы экономикалық, сыртқы сауда қызметімен айналысуға, кез келгенбанктен өз 

есеп шотын ашуға; ҚР билік ұйымдары қабылдаған заңдарға сай қаржылық – несиелік, 

мүліктік – материалдық, басқа да мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға; өнім 

өндіруге, қызмет көрсету, басқа да жұмыстар орындау үшін мемлекеттен тапсырыс 

алуға, зейнеткерлік, медициналық, әлеуметтік қамсыздандыруға, өз құқықтарын 

қорғауға. Жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлер сияқты жоғарыда айтылғандармен бірге, 

басқа да құқықтары бар: өздері сенім білдірген серіктермен бірге толық серіктестікке 

қатыса алады; белгіленген тәртіпке сай арбитражды басқарушы (ішкі, сыртқы, конкурс 

бойынша) бола алады; бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады; аудиторлық 

қызметпен шұғылдана алады. Кәсіпкерлердің міндеті: белгіленген уақытта салық 

органына, мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорларды тіркелу; бекітілген 

заңдылықтарға байланысты белгіленген мөлшерде және уақытында салық төлеу; салық 

органына табыс туралы декларацияны және басқа да мәліметтерді мезгілінде тапсырып 

отыру; белгілі заңдылықтар мен нормативті актілерге байланысты бухгалтерлік есеп – 

қисап жүргізіп отыру және қаржылық – шаруашылық есеп дайындау және оның төрт 

жыл бойы сақтауын қамтамасыз ету; бухгалтерлік есепте салық органдарының 

тексеруімен анықталған төмендетіп төленген немесе жасырылған салықтар бойынша 

түзетулер енгізу; салық туралы заңдар бұзылған жағдайда салық органының 

талаптарын бұлжытпай орындау; ҚР Салық кодексіне сәйкес басқа да салықтық 

міндеттемелерді орындау; Заңдарға сйәкес лицензия алғанда тек қана орындалуы 

мүмкін істерге рұқсат алу; өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтер белгіленген 

стандарттарға сай сертификатталған болуы керек; өндіріс және іс-әрекеттер қоршаған 

ортаға, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне, тұтынушыларға ешқандай зиян 

келтірмеуі тиіс; қажетті санитарлық – гигиеналық, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі 

жағдайлары сақталуы тиіс; кәсіби жұмысшылармен немесе ұйымдармен келісімшарт 

жасап, оны белгіленген уақытында орныдау; тарау нарығында жасанды монополияға, 

бәсекелестікке жол бермеу, нарықта үстемдігін көрсетпеу, бәсекелестікті шектейтін 

келісімдер жасамау; монополиялық баға белгілеу, мемлекет тарапынан баға реттеу 

заңдылықтарын сақтау; белгіленген тәртіп бойынша шығындар мен табысьарды 

есептеп отыру; келісімдер мен кәсіпкерлік келісім шарттарды заңдылықтарға сәйкес 

жүргізу; өз тауарларына ғана тән қасиеттерін жарнамалау; әдептілікке жатпайтын, 

жалған, өтірік, жасырын жарнамаларға жол бермеу; қаржылық – шаруашылық қызметі 

туралы мемлекеттік огандарға белгіленген мерзімде және толық статистикалық есеп 

беріп отыру. Табысты, алдағы қатарлы кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттер болуы 

қажет деген сұраққа бірден ешкім де жауап бермейді. Бірақ, табысты кәсіпкерлердің 

даму тарихы арқылы белгілі бір қорытынды жасауға болады. Сонымен, табысты, 

өркендеуші кәсіпкерлердің мынандай қасиеттері болуы тиіс: өз ісін адал жүргізуі, 

білімді болуы, мақсаткер, ынталы болуы, басшылық ісіне икемді болу, басқалардың 

пікірін сыйлау, үнемі оқып, өзін әруақытта жетілдіру, тәуекел етуге дайын болу, 

сыртқы орталық кедергілерін жеңе білу, көздеген мақсатына жету жолында табанды 

болу, жоғары жауапкершілік, еңбекқор болу, қажетті әріптестерді өзіне тарта білу, ақыл 

– 

ойының коммерциялық қаржылық қорының болуы, заңды түрде өзіне қажеттіні ала 



білу. 

 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал